Главная страница
Контакты

    Басты бет


Заманауи білім

жүктеу 76.1 Kb.



жүктеу 76.1 Kb.
Дата15.03.2019
өлшемі76.1 Kb.

Заманауи білім


Заманауи білім Гулбану ЕСЕТОВА, Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан қаласы, Жаңа Иқан ауылы «Ұлықбек атындағы жалпы орта мектеп» КММ Информатика пәнінің мұғалімі MS Excel-ге берілгендерді енгізу және редакциялау. Формуланы енгізу және көшіру Сабақтың мақсаты: Білімділік: оқушылардың MS Excel бағдарламасы бойынша алған білімдерін нығайту, тиянақтау, бір жүйеге келтіріп қорыту, теориялық білімін практикамен ұштастыру.

Оқушы - белгілі бір іспен айналысатын адам. Бұл іс сабақ немесе адам қызығатын іс болуы мүмкін. Оқушы бір істі игерумен айналысады. Ол бұл істі жоғарғы деңгейге игергенге дейін оқушы деген атқа ие болады.

Мақсат - белгілі бір межеге қол жеткізуге бағытталған әрекеттің ой-санадағы көрінісі. Мақсат ойлау нәтижесінде болашақты алдын ала болжау арқылы туатын мұрат, ішкі қозғаушы күшті білдіреді. Мақсатқа жету үшін әр түрлі іс-әрекеттер мен қимылдар жасалады.

Дамытушылық: логикалық ойлау қабілеттерін, пәнге деген қызығушылығын арттыру, зерделеу қиялын ұштау, білімін шыңдау. Сондай – ақ ойын түрлері арқылы оқушылардың тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, шығармашылыққа баулу, өз ойларын тиянақты жеткізуін дамыту. Тәрбиелік: алға қойған мақсаттарына жетуге, шапшаңдыққа, өз бетінше тапсырмаларды орындап, нәтижеге жете білуге тәрбиелеу, өзін-өзі тәрбиелеуге дағдыландыру. Сабақтың түрі: сайыс сабақ. Сабақтың әдісі: түсіндіру, ойын әдісі. Пәнаралық байланысы: ағылшын тілі, әдебиет, орыс тілі, математика.

Логика (гр. λογική - «талдауға құрылған», λόγος - «сөз», «сөйлем», «ойлау», «ақыл») - ойлау, оның формалары мен заңдылықтары туралы ғылым. Логика дәлелдеу мен теріске шығарудың белгілі бір әдіс-тәсілдері қаралатын ғылым теориялар жиынтығын құрайды.

Математика (гр. μάθημα - ғылым, білім, оқу; μαθηματικός - білуге құштарлық) - әлдебір әлемнің сандық қатынастары мен кеңістіктік формаларын, пішіндерін өлшейтін, оның ішінде - структуралар, өзгерістер, белгісіздік жөніндегі ғылым.

Орыс тілі (өз атауы Русский язык) - орыс халқының ана тілі. Үнді-еуропа тілдерінің шығыс-славян тілдері тобына жатады. Орыс тілін зерттейтін ғылым русистика деп аталады.

Ағылшын тілі (ағылш. English, English language) - Үндіеуропа тілдері жанұясының батыс герман тобына жататын тіл. Ағылшын тілі ежелгі тіл болып есептеледі, ол қазіргі Ұлыбритания аумағын ежелде басып алған Англосаксондардың тілі, бірақ жауланған кельттердің тілдері де әсерін тигізген.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, компьютер, қанатты сөздер, тест тапсырмалары, электронды оқулық, компьютер құрылғыларының суреттері. Сабақтың барысы І. Ұйымдастыру кезеңі : а) оқушылармен сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу, оқушылар назарын сабаққа аудару. ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. ІІІ. Жаңа сабақ. Берілгендерді енгізу. Берілгендерді ұяшыққа енгізу үшін ұяшықты белгілеп, оған пернетақта көмегімен берілгендерді енгізу керек. Берілгендер ұяшықта және редакциялау жолында көрсетіледі. Берілгендерді енгізу кезінде формула жолының сол жақ бөлігінде үш батырма тұрады, олар: қызыл крест, жасыл белгі (“v”) және “=” белгісі немесе (8.5 – сурет). Егер қызыл кресті батырманы шертсеңіз, онда енгізу тоқтатылып, ұяшыққа енгендер - өшіріледі. Егер белгісінің батырмасын шертсеңіз, экранда Функция шеберлері (Мастера функция) диалогтік терезесі көрінеді 8.5 – сурeт. Формула жолы Енгізуді аяқтау үшін Enter – ді немесе курсорды бағыттаушы пернелердің біреуін басу керек. Берілгенді енгізу аяқталады және жұмыс істеп тұрған ұяшық келесіге ауысады. Кез келген электронды кестенің ұяшығына: Сан; Формула; Мәтіндік (алфавиттік сандар) ақпараттарды енгізіге болады.

Сан - мөлшерді сипаттайтын, санауда пайдаланылатын абстракт нәрсе.

Ақпарат (лат. informatio - түсіндіру, мазмұндау) ұғымы күнделікті өмірден бастап техникалық салада пайдаланылатын көп мағыналы ұғым. Жалпы алғанда бұл ұғым шектеу, байланыс, бақылау, форма, инструкция, білiм, мағына, құрылым, бейнелеу, сезіну тағы басқа ұғымдармен тығыз байланысты.

Сан. Үнсіз келісім бойынша сан ұяшықтың оң жақ шетіне тураланады. Санның мәндері бүтін (27), ондық бөлшек (569, 14), бөлшек (14) болуы мүмкін. Оларға арнайы символдар қосылуы мүмкін. , , , -, , т.с.с.

Символ (грекше symbolon - танымдық белгі, таңба, рәміз, пернелеу) лингвистика, логика, математика ғылымдарында таңба ұғымын береді; өнерде, философияда нәрсенің, құбылыстың қасиетін, сыр-сипатын бейнелеп, астарлап білдіретін әмбебап эстетикалық категория.

Ұяшыққа сыймайтын үлкен сан енгізілсе, онда Excel ұяшықты # # # # # # символдарымен толтырады, сондықтан санды толығымен көру үшін бағанды кеңейтуге тура келеді. Формулалар. Егер сіз “=” белгісімен басталатын символдар тізбегін терсеңіз, онда Excel оларды формула деп қабылдайды. Формула бір жолға барлық амалдар белгісі қолданылып және символдар тізбектеліп, бірінен кейін бірі жазылады. Мәтін. Егер сіз сан немесе формула емес символдар тізбегін терсеңіз, онда Excel оны мәтін, яғни символдық ақпарат ретінде қабылдайды. Excel-де сандардың бүтін бөлігінен бөлшек бөлігіне ажырату үшін көп жағдайда үтір қолданылады, бірақ қалауыңыз бойынша оны өзгертуіңізге болады. 1. «Білгірлер, тапқырлар» білім сайысы. (Сайыс саяхат түрінде өтетіндіктен оқушылар «Информатика әлеміне» «Ойшылдар», «Тапқырлар», «Құрал – жабдықтар», «Қиял – ғажайып» ауылдары арқылы еш кедергісіз өтіп жету керек.) І кезең. «Ойшылдар» ауылы. (Қазақ, орыс, ағылшын тілдерін қандай деңгейде білетіндіктерін тексеру үшін информатикалық термин сөздері жазылған карточкалар таратылып аудармасы сұралады. Әр жауапқа 10 ұпайдан беріледі). 1. Компьютер – компьютер, computer. 2. Басып шығарғыш – принтер, printer. 3. Модем – модем, modem. 4. Тышқан – мышка, mous.

Аударма - бір тілде бейнеленген мазмұнды екінші бір тілге әрі дәл әрі толық қайталай бейнелейтін тілдік қимыл.

Тышқан (ағылш. mouse - тышқан) - бейнебетте көрсетілген белгілі бір тілдесу элементтерін меңзеп, оларды бөлектеу үшін пайдаланушы қолданатын құрылғы.

ІІ кезең. «Тапқырлар» ауылы. (Оқушылардың білім деңгейін байқау мақсатында сайыскерлерге бірдей нұсқада тест сұрақтары үлестіріледі. Тест 10 сұрақтан тұрады. Әр жауапқа 20 ұпайдан беріледі. Тест сұрақтарына түгелдей жауап бере алмаған оқушылар ойыннан шығарылады). Тест 1. Компьютерге сандық және символдық ақпараттарды енгізетін құрылғы ...... деп аталады. а) Пернетақта ә) Тышқан б) Мәтіналғы 2. Информатикада неше санау жүйесі бар а) 2 ә) 4 б) 5 3. Компьютер қандай кодтарды қабылдайды а) Сегіздік ә) Он алтылы б) Екілік 4. Компьютерде бейнелік ақпаратты экранға шығаратын құрылғы ......... деп аталады. а) Пернетақта ә) Монитор б) Сканер 5. Microsoft Word қандай бағдарлама а) Текстік ә) Электрондық б) Графикалық 6.

Графика - (гр. graphein, тырнау, жазу, салу дегеннен) Жазуда қолданылатын таңбалардың (әріп және тыныс белгілерінін) жиынтығы. Жазу танбалары жүйесі мен тілдін фонетикалық жүйесінің ара қатынасын, байланысын білдіреді.

Microsoft Office Word (күнделікті - MS Word, WinWord немесе жай ғана Word) - Macintosh компьютерлерінде және Windows, DOS ортасында жұмыс істейтін, қазіргі кезде кең таралған, ең қуатты мәтіндік процессорлардың бірі.

Графикалық суреттерді салуға арналған бағдарлама ....................... деп аталады. а) Word ә) Excel б) Paint 7. Кез келген құрылған құжатты сақтау үшін қандай әрекеттерді орындаймыз а) Файл → Сақтау ә) Файл → Ашу б) Файл → Баспаға жіберу 8. Әуенді ойнатқыштар ............................... болып екіге бөлінеді а) Жазбаша, лазерлік ә) Әмбебап, лазерлік б) Әмбебап, қолданбалы 9. Компьютерге ақрпараттарды енгізу қызметін атқаратын құрылғы ......деп аталады. а) Монитор ә) Принтер б) Тінтуір 10. MICROSOFT фирмасын кім ашты а) Чарльз Беббидж ә) Билл Гейтс б) Фон Нейман ІІІ кезең.

Уи́льям Ге́нри Гейтс III (ағылш. William Henry Gates III; қазанның 28, 1955, Сиэтл), немесе Билл Гейтс (ағылш. Bill Gates) - АҚШ кәсіпкері әрі қоғам қайраткері, бағдарламалық қамсыздандыру саласының әлемдік көшбасшысы болып табылатын Microsoft Corporation компаниясының негізін қалаушысы (Пол Алленмен бірге) және бұрынғы президенті, негізгі акционері.

«Құрал-жабдықтар» ауылы. (Пәнге қатысты құрал-жабдықтардың суреті салынған карточканы суыру арқылы, ненің бейнесі, қандай қызмет атқаратынын баяндап беру. Әр жауапқа 30 ұпайдан есептеледі). ІV кезең. «Қиял-ғажайып» ауылы. («Мен басшы болсам...» тақырыбында 2 оқушы өз ойларын жеткізіп, осы ауыл тұрғындарын өзіне сендіру керек. Ұнаған жауапқа 40 ұпайдан есептеледі) 2. «Информатика әлеміне» шабуыл жасау сайысы. V кезең. «Ақпарат» қаласы. (Бұл кезеңде іріктеу кезеңінен өткен оқушыларға тақтадан сұрақтар шығады. Сол сұрақтарға оқушылар жауаптарын жазады. Жауап жазылған парақтар әділ – қазылар алқасына беріледі. Әділ – қазылар алқасына сұрақтар жауабымен алдын ала беріледі. Дұрыс жауапқа 50 ұпайдан ескеріледі. Жауабы дұрыс емес оқушылар ойыннан шығарылады). 1. Қай жылдан бастап компьютерлердің дүниежүзілік паркі 150 млн. дананы құрады (1990 жылы) 2. Дербес компьютерлер неше адам жұмыс істей алатын құрылғылар (Бір ғана адам жұмыс істеуге арналған құрылғылар) 3.

Дербес компьютер (қысқаша ДК) - компьютердің қазіргі уақытта ең кең тараған түрі болып табылады. Дербес компьютер бір мезгілде бір адамның пайдалануына арналған. Дербес компьютерлердің негізгі екі санаты бар: стационарлық және тасымалы компьютерлер.

Электронды есептеуіш машиналар электрондық шамдар негізінде қай жылдардан бастап жұмыс істейтін болды (1946 жылдардан бастап) 4. Информациялық процестерді жүзеге асыратын негізгі құрал (компьютер) 5. Бір жолға қанша символ жазуға болады (256) 6. Аталған байттар тізбегі (файл) 7. Қағаздағы көріністі дисплейге (экранға) түсіруші құрылғы (сканер) 8. Информатика дегеніміз не (ақпараттық процестерді зерттейтін ғылым) 9. Интернет дегеніміз не («Интернет» сөзі халықаралық желі дегенді білдіреді. Интернет – бұл дүниежүзіндегі компьютерлер мен серверлер жиынтығы) 10.

Сервер (ағылш. server) - файлдар, қалталар және компьютерлердің деректері сияқты деректерге ортақ қатынасуды, сондай-ақ желі пайдаланушыларына электрондық пошта қызметтерін қамтамасыз ететін компьютер.

Бит – бұл ............ (1 және 0 сандарымен бейнеленетін ақпарат саны) 11. Бір байт неден тұрады (8 бит) 12. Бір бит неден тұрады (0 немесе 1-ден) 13. ЭЕМ-да информацияның көлемі қандай өлшем бірлікпен өлшенеді (Бит) 14. Б.Гейтс алғашқы компьютерлік бағдарламасын неше жасында құрды (13 жас) 15. Alt F4 пернесінің қызметі (бағдарламадан шығу) VІ кезең. «Шеберлік» қаласы. (Бұл кезеңде біліммен қаруланып келе жатқан оқушыларға конвертке салынған 1 тапсырмадан беріледі. Соны интерактивті тақтаны пайдаланып орындау керек. Жақсы орындалған тапсырмаға 60 ұпайдан есептеледі) 1 – тапсырма. Paint графикалық редакторын іске қосып, бүріккіш құралын пайдаланып, гүлдің суретін сал. (Бастау → Бағдарламалар → Стандарттар → Paint) 2 – тапсырма. Word текстік редакторын іске қосып, «Еділбаев мектебі» сөзін бас әріптермен жаз. (Бастау → Бағдарламалар → Caps Lock) 3 – тапсырма. Жаңадан сақталған құжатты қай жерден ашуға болады. Сол әркеттерді орындап бер. (Менің құжаттарым) 4 – тапсырма. Excel бағдарламасын іске қосып, «сыныбы, үлгерімі, сапасы» деген сөздерді бағандарға орналастырып, соның диаграммасын шығар. (Бастау → Бағдарламалар → Excel электрондық кестесі; жазылған символдарды ерекшелеп алып, диаграмма шебері терезесінен қалаған диаграмма түрін таңдап аламыз) VІІ кезең. «Шешендік» қаласы. (Келесі кезеңде қалған 2 жұп оқушылар конверттегі қанатты сөздердің жалғасын табу шарт. Мұнда дұрыс жауапқа 70 ұпайдан тиесілі болады) 1. От ауызды, ........................................ (орақ тілді) 2. Білекті ......................................, Білімді мыңды жығады. (бірді жығады) 3. Әкесі қой баға білмесе, Баласы ..................................... . (қозы баға білмейді) 4. Отансыз адам, ................................................. . (бұлбұлсыз орман) 5. Бас екеу болмай, ................................................. . (мал екеу болмайды) 6. Анасынан қыз үйренеді, Атасынан .............................. . (ұл үйренеді) 7. Оқусыз білім жоқ, Білімсіз ................................. . (күнің жоқ) 8. Аталар сөзі, .......................... . (ақылдың көзі) VІІІ кезең. «Білімдік» қаласы. (Мұнда 2 оқушы қалу керек. 2 оқушыға «жүрекше» эксперименттік сұрақтары қойылады. Қай оқушының жауабы өте жақсы болса 90 ұпайдан беріледі) 1. Логиканың түрлерін атаңыз (конъюнкция, дизъюнкция, терістеу) 2. Негізгі логикалық операцияларды атап беріңіз (ЖӘНе, НЕМЕСЕ, ЕМЕС) 3. Ақпараттарды қандай құрылғылар тасымалдайды (Иілгіш дискілер, қатты дискілер, флешка) 4. Объектілерді көшіру және оны жылжыту.

Жылжыту (Подкачка; paging, swapping) - виртуальдық жадтың беттерін немесе сегменттерін ауыстыру; осы сәтте жедел жадқа қажетті ақпаратты орналастыруды жасақтайтын жедел жад пен сыртқы жад арасындағы мәселелер тіркесін ауыстыру.

Себет. Өшірілген құжаттарды қалпына келтіру (Кез келген сзді тінтуірдің көмегімен ерекшелеп алып, жылжытуға болады; Себет – бұл өшірілген құжаттар барып түсетін жер. Өшірілген құжаттарды қайта қалпына келтіру үшін Восстановить все объекты батырмасын басамыз) Енді алтындай әділ – қазылар алқасына сөз кезегі беріледі. IV. Қорытындылау: Әділ қазы алқаларына кезек беріліп, сайыс бойынша оқушылардың жинаған ұпайлары сарапталады. Осы ойындарға қатысып отырған оқушыларға да балл қойылады. Сайыстың қорытындысы айтылып, жеңімпаз оқушының есімі аталады. Жеңімпаз оқушы «Мақтау қағазымен» марапатталады. V. Үйге тапсырма: Электронды кестенің қосымша мүмкіндіктерін, қалай құруды және толтыруды үйде оқып, оқулықтың 100 – беттегі 8.2 – тапсырмасын орындау. VІ. Бағалау

  • Microsoft Word
  • Дербес компьютерлер

  • жүктеу 76.1 Kb.