Главная страница
Контакты

    Басты бет


Уранды геологиялық барлау, өндіру және қайта өңдеу кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары

жүктеу 1.63 Mb.



жүктеу 1.63 Mb.
бет1/5
Дата05.04.2017
өлшемі1.63 Mb.

Уранды геологиялық барлау, өндіру және қайта өңдеу кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары


  1   2   3   4   5


Қазақстан Республикасы

Инвестициялар және даму министрі міндетін атқарушының

2014 жылғы « 26» желтоқсандағы

№ 297


бұйрығымен бекітілген

Уранды геологиялық барлау, өндіру және қайта өңдеу кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары

1.

Қағида немесе принцип (лат. principim – принцип; негіз, алғы бастама) - белгілі білім жүйесінің түп-негізі, алғы бастамасы, абстрактылы түрдегі ең қысқа жалпылама мазмұны. Ғылыми танымда идея, теория, әдіс сияқты таным түрлерімен өзара байланыста тұжырымдалады.

Геология (гео... және logos - ілім) - Жердің қыртысын және ішкі қабаттарын, олардың құрамын, құрылысын, қозғалысын, даму тарихын, кен байлықтарының пайда болу, орналасу заңдылықтарын зерттейтін жаратылыстану ғылымдарының кешені.

Жалпы ережелер

1. Осы Уранды геологиялық барлау, өндіру және қайта өңдеу кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 12-2-бабының 14) тармақшасына сәйкес әзірленген және уранды геологиялық барлау, өндіру және қайта өңдеу кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті ұйымдастыру және қамтамасыз ету тәртібін айқындайды.

2. Қағидаларда атом өнеркәсібінің геологиялық барлау, геофизикалық, тау кендерін өндіру, қайта өңдеу ұйымдарында, жобалау, ғылыми-зерттеу ұйымдарына, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау және өндірістік бақылау органдарында, сондай-ақ геологиялық барлаудың, тау, бұрғылау, технологиялық, электрлік-техникалық және механизациялау және автоматтандыру құралдарының басқа да жабдықтарының барлық түріндегі дайындаушы – зауыттарда қолданылады.

Бақылау - зерттеу не тексеру әдісі. Бақылау арнайы жоспар бойынша жүргізіледі. Жоспарда Бақылаудың мақсаты мен міндеттері, объектісі (сабақ, саяхат, лабораториядағы, шеберханадағы, оқу-тәжірибе учаскесіндегі оқушылардың жұмыстары), жүргізу әдісі мен жолдары дұрыс көрсетілуі тиіс.

Геофизика - Жердің ішкі құрылысын, физикалық қасиеттерін және оның қатты, сұйық, газ қабаттарында өтетін құбылыстарды зерттейтін ғылымдар жиынтығы. Геофизиканың негізгі салалары соңғы төрт ғасыр ішінде дамып келеді.

Фабрика (лат. fabrіca - шеберхана) - машиналар жүйесін қолдануға негізделген өнеркәсіп орны. Фабрика мен зауыттың арасында экон. тұрғыдан айырма жоқ. Дегенмен, фабрика негізінен жеңіл және тамақ өнеркәсібінің тауарларын дайындайтын кәсіпорын.

Мемлекет - белгілі бір аумаққа иелік етіп, сол жердегі халықтың еркін дамуына мүмкіндік беретін, қоғам табиғатынан туындайтын ортақ істерді атқаруға қажетті басқарудың жоғарғы дәрежеде ұйымдасқан жүйесі, саяси билік ұйымы.

3. Осы Қағидаларда мынадай негізгі түсініктер, терминдер және анықтамалар қолданылады:

1) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган – өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді, мемлекеттік саясатты әзірлеуді және іске асыруды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

2) айдаушы ұңғымалар - бұл ұңғымалар арқылы кен қыртысына жұмыс ерітіндісі жіберіледі;

Ұңғыма - тау жыныстарында немесе пайдалы қазбаларда механикалық немесе өзге әдістермен бұрғыланған тау-кен қазындысы. Тереңдігі 5 м-ден асатын, диаметрі 75 мм-ден жоғары цилиндр пішінді болып келеді. Ұңғыманың кіреберісін ауызы, ал түбін үңгубет деп атайды.

Ерітінділер- кем дегенде екі құрамдас бөліктерден тұратын құрамы өзгермелі гомогенді (біртекті) жүйелер. Ерітінділер газ тәрізді, сұйық және қатты болуы мүмкін. Олардың ішінде жан-жақты зерттелгені және жиі қолданылатыны сұйық, әсіресе, сулы ерітінділер.

3) арнайы ұңғымалар - барраждық, геофизикалық, гидрогеологиялық, жоюшы және басқа мақсаттағы ұңғылар;

Гидрогеология - жер астындағы сулардың тегін, ағысын, физика-химиялық қасиеттерін және олардың жер бетіне шығуын зерттейтін геология ғылымының бір саласы. Ол жер асты суларының пайда болуын, таралуын, алмасуын, физикалық қасиеттерін, химиялық құрамының қалыптасуын, жер бетіне шығу жолдарын, қозғалысын, режимін, тау жыныстары арасындағы орналасу пішіндерін, қорының шамасын, ластануын, пайдалану тәсілдерін зерттейді. Гидрогеология геологияның бір саласы болып табылатындықтан, жер асты суларын тау жыныстарымен, Жер қыртысының даму тарихымен тығыз байланыста зерттейді. Гидрогеология жер асты суларын кәсіпорындар мен қалаларды, басқа елді мекендерді, демалыс және емдеу орындарын, мал жайылымдарын сумен қамтамасыз етуге, жер суғаруға, суландыруға пайдаланудың, судан әр түрлі тұздарды және өндірістік маңызы бар химиялық элементтерді ажыратып алудың жолдарын белгілейді. Күрделі гидротехникалық және мелиоративтік құрылыстар салғанда, кен өндіруде, шахта қазғанда жер асты суының тигізетін әсерін анықтайды. Зерттейтін мәселелеріне байланысты Гидрогеологияның мынадай негізгі салалары бар: жалпы Гидрогеология, жер асты суының алмасуы (гидрогеодинамика), аймақтық Гидрогеология, жер асты суын іздеу мен барлау әдістері, кен орындары Гидрогеологиясы, гидрогеохимия, мелиоративтік Гидрогеология, минералдық сулары туралы ілім, мұнай Гидрогеологиясы, Гидрогеология Жер туралы ғылымдармен, олардың ішінде ең алдымен геодинамикамен, геохимиямен, геофизикамен, гидрологиямен, сондай-ақ физика, химия, математикамен тығыз байланысты.

4) аналық ерітінді - пайдалы компоненттері алынған және сілтісіздендіру реагенттермен күшейткеннен кейін жұмыс ерітіндісі ретінде қолданылатын технологиялық ерітінді;

5) атом энергиясын пайдалану нысандары – ядролық қондырғылар, орналастыру бекеттері; қолдану шегінен жоғары деңгейдегі иондық сәуле шашу көздері, медицина, білім беру, зерттеу, коммерциялық, ауылшаруашылық және өнеркәсіптік, оның ішінде тау-кен өндіруші, қайта өңдеу ұйымдарды қоса отырып, сондай-ақ иондық сәуле шашу көздерін қолданатын басқа да ұйымдар;

Медицина (лат. medicina: medicus - дәрігерлік, емдік) - адамдардың денсаулығын сақтау мен нығайту, сырқаттарды емдеу мен аурудың алдын алу, денсаулық және жұмысқа қабілеттілік жағдайында, адамзат қоғамында ұзақ өмір сүруге жетуді көздейтін тәжірибелік іс-әрекеттің және ғылыми білімдердің жүйесі.

ДЕҢГЕЙ (Уровень; layer, level) - абстракциялы дерексіздік дәреже; иерархиялық құрылым қабаты; осы желімен орындалатын белгілі бір мәселелер кешенін сипаттайтын есептеуіш желі қүрылымының логикалық қабаты,

Мақсат - белгілі бір межеге қол жеткізуге бағытталған әрекеттің ой-санадағы көрінісі. Мақсат ойлау нәтижесінде болашақты алдын ала болжау арқылы туатын мұрат, ішкі қозғаушы күшті білдіреді. Мақсатқа жету үшін әр түрлі іс-әрекеттер мен қимылдар жасалады.

Білім беру Білім беру - тиісті оқу орны арқылы ғылыми мағлұмат беріп, адамның танымын, білімін, дағдысын, дүниеге көзқарасын жетілдіру процесі; қоғам мүшелерінің мәдениетін дамытудың негізгі шарты; мақсаты - қоғам мүшелерінің адамгершілік, интектуалды, мәдени дамуында және олардың денесінің дамуында, кәсіптік біліктілігінде жоғары деңгейге қол жеткізу болып табылатын тәрбие мен оқытудың үздіксіз процесі; жүйеге келтірілген білім, іскерлік дағды және ойлау тәсілдері көлемін меңгеру процесі мен нәтижесі. Білімділіктің басты өлшемі - білімнің жүйелілігі, ойлаудың жүйелілігі мен логикалылығы.

6) бақылаушы ұңғымалар - сілтісіздендіру процесс немесе сілтісіздендіру жыныстарындағы жер асты суларының (ерітінділердің) тәртібін үздіксіз немесе мерзімді бақылауға арналған ұңғымалар;

7) геотехнология - жер қойнауындағы қатты пайдалы қазбаларға жылулық, массаалмасу, химиялық және гидродинамикалық процестерді қолдану арқылы оларды жылжымалы жағдайға келтіру және пайда болған сұйық немесе газ тәрізді пайдалы қазбаларды жер бетіне жақын қабатқа тасымалдау технологиясы;

Сұйықтық - сұйық агрегаттық күйдегі зат, газ бен қатты күйлердің арасындағы аралықты алып жатыр. Сұйықтықтың басқа агрегаттық күйлерден басты айырмашылығы - көлемін түрақты түрде сақтай отырып жанама күштердің әсерінен өзінің формасын шексіз түрде өзгерте алуы.

Су - сутегі мен оттегінің қалыпты жағдайларда тұрақтылығын сақтайтын қарапайым химиялық қосылысы. Ауыз су, тіршілік көзі, ол Жер шарының 3 / 4 бөлігін алады, тірі ағзалардың 60-70%-ы, ал өсімдіктердің 90 % -ы судан тұрады.

Пайдалы қазбалар - техниканың қазіргі жағдайында халық шаруашылығына табиғи күйінде немесе байытқаннан кейін пайдаланғанда жеткілікті экономикалық нәтиже бере алатын жер қойнында кездесетін табиғи минералдық заттар.

8) жабдық - кәсіпорындар пайдаланатын негізгі өнеркәсіптік-өндірістік қорлардың бөлігі: машиналар, аппараттар, ұстындар, өткізгіш құбырлар, электротехникалық және жылу техникалық жабдықтар;

Жабдық - бір нәрсеге керек механизмдер, тетіктер, әр түрлі құралғылар жинағы.

9) жер асты өндіру тәсілі - пайдалы рудаларды химиялық реагенттермен әрекеттестіріп, рудалардың пайдалы құрамдарын сұйықтарға айналдыру арқылы, жер астындағы пайдалы қазбаларды өндірудің геотехнологиялық тәсілі;

10) жер асты өндіру тәсілінің ұңғымалық әзірлеу жүйесі – бұрғыланған жер үстінің бұрғылау ұңғымалары арқылы жер асты өнімі тәсілімен кен орындарын ашу, дайындау және пайдалануды көздейтін жүйе;

11) жер асты сілтісіздендірудің немесе жер асты топтап сілтісіздендірудің өндіру кешені - сілтісіздендіру процесін жүзеге асыру, өнімдік ерітінділерді айдауды және оларды одан әрі өңдеу үшін тасымалдау үшін жұмыс ерітінділерін беруді қамтамасыз ететін жерасты және жер беті құрылыстары мен техникалық құрылғылар кешені;

12) жер асты ұңғылап сілтісіздендірудің пайдалану учаскесі – жер асты сілтісіздендіру процесін геотехнологиялық тәртіптермен бақылау және басқару қондырғыларымен, өзіндік желілік жүйелері бар технологиялық блоктар тобы. Учаскелердің мөлшері кен қабаттарының морфологиялық, геохимиялық немесе тектоникалық (жағдаяттық) ерекшеліктеріне байланысты анықталады;

Геохимия - Жердің химиялық құрамын, элементтердің көшу не таралу заңдылықтарын, атомдардың табиғи процестер кезіндегі орналасу мен көшу тәсілдерін зерттейтін ғылым. Геохимия терминін 1838 ж. неміс химигі Х.Ф.

Морфология (гр. morf - түр, тұлға, logos - сөз, ілім) - дербес сөздердің грамматикалық мағыналарын тексеретін, грамматикалық сөз тұлғалардың қызметі мен қалыптасу, даму заңдылықтарын зерттейтін тіл ғылымының бір саласы.

13) жер асты ұңғылап сілтісіздендірудің пайдалану блогы – бірыңғай гидротехникалық тәртіппен біртекті ұңғымалар өндірісінде өңделген және бір мезгілде пайдалануға берілген аралас қарапайым ұяшықтарының тобынан тұратын өнімдік қабат бөлігі;

14) жерасты ұңғымалық сілтісіздендірудің пайдалану ұяшықтары – қорлары бір айдау ұңғымасымен өңделетін өнімдік қабаттың бір бөлігі;

15) жерасты ұңғылап сілтілеу полигоны – жұмысы өнімдік ерітінділердің бірыңғай өндіруші жиынтығына үйлестірілетін технологиялық учаскелердің тобы;

Гидротехника (гр. һуdor - су және техника) - су ресурстарын зерттеу, суды шаруашылықтың әртүрлі салаларында пайдалану, су тасқынынан қорғайтын инженерлік құрылыс салу мәселелерімен шұғылданатын ғылым мен техника саласы.

Жиынтық - геологияда: жарылымдармен шектеле отырып, бірқалыпты қатпарланған қат-қабаттар тобының немесе қатпарлардың бір бағытта ғана еңістенген осьтік жазықтықтарының бірлестігі.

16) жер асты сілтісіздендіру ұңғымалары - кен қыртысын ашуға және жер қойнауынан өнімді ерітінділерді бөліп алуға арналған ұңғымалар. Атқаратын қызметіне қарай олар технологиялық (айдаушы және сорушы), бақылаушы, тексеруші және арнайы ұңғылар болып бөлінеді;

17) желонка – ұңғымадағы сұйықтықтарды немесе бұрғылау қалдықтарын шығаруға арналған цилиндр тәрізді ыдыс.

Ыдыс , тара – тауарларды сақтауға‚ буып-түюге, орауға, тоғанақтауға және тасымалдауға арналған сыйымдылық. Оның құны тауардың құнына кіреді. Алайда көп айналымды (қайтарылма) ыдыс дейтін де болады. Құжаттарды және ыдыс айналымының телімін дұрыс ресімдеу кезінде мәміле жасасқанда төленген қосылған құн салығының бір бөлігін қайтаруға болады.

Желонканың төменгі жағында қақпақшасы бар, ал жоғары жағында арқанды ілуге арналған ілгіші бар;

18) жұмыс (сілтісіздендіру) ерітіндісі - ерітуге жарамды реагенттің пайдалы жиынтығы бар, және өнімді деңгейжиектер немесе үймелеп сілтілеу үйінділеріне айдауға арналған технологиялық ерітінді;

19) королёк – кішкентай шар түріндегі қымбат металдың құймасы, сондай-ақ қатып қалған металдың тамшысы түріндегі үлкен емес шар;



20) «коуш» – тросты (арқанды, жіпті) егелуден қорғайтын металл жапсырма;

21) қайтарма ерітінді - пайдалы компоненті өнеркәсіптік мөлшерінен төмен, бірақ (сілтісіздендіру реагенттерді қосқаннан кейін) өнімді деңгейжиектерге немесе сілтісіздендіру ретінде үйілмелі сілтісіздендіру штабелінің қайтадан беруге арналған жұтаң өнімді ерітінді;

22) қышқылдандыру (нығайтуға дейін) торабы - қайтарма және аналық ерітінділерді толық нығайтуға арналған құрылыстар мен техникалық құралдар жиынтығы;

23) техникалық қызмет көрсету мен жөндеу жүйесі – берілген тізбектелген және мерзімділігімен техникалық қызметі көрсету мен жөндеуді жоспарлау, даярлау, іске асыратын ұйымдастырушылық және техникалық іс-шаралар кешені;

24) тастанды ерітінді - әртүрлі себептермен жұмыс ерітіндісін жасауға жарамайтын аналық немесе өнеркәсіптік емес (жұтаң) өнімді ерітінді. Зиянды қоспаларынан тиісті тазартылғаннан кейін ғана төгінді ерітінді гидрографиялық желіге жөнелтілуі мүмкін;

25) өнімдік ерітінді - жұмыс ерітіндісінің сілтісіздендіру тау-кен жыныстарының массасымен физика-химиялық әрекеттесуі нәтижесінде қалыптасқан және шоғырлануында өнеркәсіптікке немесе оның ең аз мөлшеріне тең пайдалы компонент (компоненттер) құрайтын ерітінді;

26) сілтісіздендіру, қышқылдық немесе сілтілі – көп құрамдас қатты шикізатты іріктеп әрекеттесетін реагентпен еріту;

Шикізат Шикізат бұрын еңбек әрекетіне түскен және одан әрі өнделуге тиіс еңбек заттары (мысалы, қазылған кеніш, қырқылған жүн); әдетте, шикізат қайсыбір өнеркәсіп саласына: жеңіл, тамақ, т.б. арналған деп ұғынылады; табиғи ресурстардың, негізінен, пайдалы қазбалардың өндірісте пайдаланылатын бөлігі.

27) сорушы ұңғымалар - бұл ұңғымалар арқылы кен қабатынан жоғарыға өнімді ерітінді шығарылады;

28) судан сақтаушы қоспа - ұңғымаларды судан сақтау үшін қолданылатын су өтпейтін әрі химиялық тұрақты тұтқыр қоспа;

29) тексеруші ұңғымалар - пайдалы компонентті бөліп алу дәрежесін бақылау мен кеннің және сыйымды тау жыныстарының техногендік өзгерістерін зерттеу мақсатында өндірілетін кен қыртысының көрсетілген жерін ашуға арналған ұңғымалар;

30) технологиялық ерітінділер - реагенттердің және олардың сиымды ортамен әрекеттескендегі өнімдерінің сулы ерітіндісі. Олар жұмыс, өнімді, аналық, қайтарма, төгінді ерітінділер болып бөлінеді;

31) технологиялық процесс - белгілі бір мақсатта аппаратта (өзара байланыстырылған аппараттар, агрегаттар, машиналер және оларға ұқсас жабдықтар жүйесінде) жүргізілетін материальдық ортаның көрсеткіштерінің мөлшерін өзгерту және заттардың физикалық-химиялық немесе физикалық-механикалық өзгеруі;

Технологиялық процесс - бастапқы мәліметтен талап етілген нәтижеге жетудің реттелген, өзара байланысқан әрекеттер. Технологиялық процесс еңбек бұйымы күйінің өзгеруі мен анықталуына бағытталған әрекеттерді құрайтын, өндірістік процесстің бір бөлігі.

32) топтап сілтісіздендіру тәсілі – ерітіліп, жер бетіне жақындатылып және белгілі бір тәртіпте жинақталған рудалардан пайдалы қазбаларды сілтілеп өндіру тәсілі;

33) тұндырғыштар - технологиялық ерітінділер мен қатты шөгінділерді жинауға арналған жер бетіндегі немесе тереңдетілген көлемді құрылыстар;

34) ұңғыма құрылымы - ұңғының диаметрі мен тереңдігінің өзгерісін, шегендеу құбырларының типтік өлшемі мен ұзындығын, сүзгінің түрі мен ұзындығын, судан сақтаудың аралығын және тағы да басқаларды анықтайтын ұңғының сипаттамасы;

Диаметр (гр. diametr - поперечник) - тұйық фигуралардың диаметрі, оның ең үлкен хордасы, яғни шеңбердің орталығы арқылы өтетін хорда. Кейінірек диаметр ұғымы метрикалық кеңістіктегі нысандарға да қолданылатын болды.

Құрылым (лат. structura - түзіліс, орналасу, тәртіп) - объектінің тұтастығын, тепе-теңдігі мен негізгі қасиеттерінің сақталуын қамтамасыз ететін байланыстар мен қатынастар жиынтығы. Құрылым жүйе және элемент ұғымдарымен тығыз байланысты.

35) ұңғыма құрылысы - ұңғыманы бұрғылауға дайындау, бұрғылау мен оның орнықты қалпын сақтау, құбырлармен бекіту және сүзгілермен жабдықтау, судан қорғау және арнайы жұмыстар жүргізу мен игеру жөніндегі кешенді жұмыстарды атқару;

36) ұңғыманы бекіту - жағалай қойылатын пайдалану бағаналарын монтаждау;

37) ұңғыманы тығындау - ұңғыманың жекелеген аралықтарын оқшаулауға арналған жұмыс кешені;

38) ұңғымадағы судан сақтау - пайдаланылатын өнімді сулы қат-қабатты онымен шектес құбыр сыртындағы кеңістіктен оқшаулау;

39) ұңғыманы игеру - пайдалану бағанының қуысын, өнімді сулы қат-қабаттың сүзу аймағының сүзгісін және бастапқы кеңістігін соқта мен қатты фазадан жуатын сұйықпен және басқа құралдармен тазарту, сондай-ақ талап етілген гидротехникалық көрсеткіштермен сүзу аймағын құру: айырмашылығымен, сулы қабаттардан шығарылған қою сұйықтықтардың санымен, жапсырма бағананың тұмшалануы және беріктігі мен тазарту жөніндегі жұмыс кешені;

Бағана- тұрақты баспананың төбеге жабылған ағашын берік ұстап тұратын ұстын, тіреу (ағаш) діңгек. Қазақ түсінігінде үй тіреусіз, бақансыз болмауы керек. Яғни бағана ғұрыптық функция да аткарады. «Тіреусіз үй - көр» деген тұрақты сөз тіркесі осыған байланысты қалыптасса керек.

Кеңістік - философия, математика және физика секілді салаларды пайдаланылатын күрделі ұғым. Күнделікті өмірде іс-қимыл алаңы, барлық нәрселерді қамтитын ортақ ыдыс, әлдебір жүйе жай-жапсары сезініп түсініледі.

40) ұңғының техникалық жағдайы - ұңғының құрама бөліктерінің күйі, оның пайдалану сипаттамалары, пайдалану барысында туындайтын уақытша және жөнделмейтін ақаулар;

41) ұңғыма сүзгісінің және сүзгі маңы аймақтардың бітелуі - тесіктердің, түтіктердің және саңылаулардың механикалық, химиялық және газды шөгінділермен бітелуі салдарынан сүзгінің және өнімді сулы қат-қабаттың сүзгі маңы аймақтарының сүзгіштік қабілетінің төмендеуі;

Ақау (Дефект) - су шаруашылығы саласында, гидротехникалық имараттарды пайдалану барысында орын алатын кемістіктер.

Газ(фр. gas, гр. chaos – бей-берекет) - заттың атомдары мен молекулалары бір-бірімен әлсіз байланысқандықтан, кез келген бағытта еркін қозғалатын және өзіне берілген көлемге толық жайылып орналасатын агрегаттық күйі.

Уақыт - өлшемдер жүйесінің оқиғаларды реттеу, олардың ұзақтығын және араларындағы интервалдарын сипаттауда, және нәрселердің қозғалысын сипаттауда пайдаланатын маңызды мүшесі. Уақыт мифология, философия және ғылымның әр салада пайдалану үшін қарама-қайшылысыз сипаттау, зерттеу нысаны болып, талай-талай ұлы ғалымдарды өмірге әкелген.

Жағдай - адам әрекетінің , жан-жануарлар тіршілігінің, табиғат пен қоғамдағы өзгерістің, оқиғаның, т.б. айналадағы ортаның ықпалына тәуелділігін білдіретін философиялық ұғым. Табиғаттағы, қоғамдағы белгілі бір өзгерісті тудырушы алғышарт есебінде де қарастырылады.

Саңылау - радиорелейлік байланыста көрші екі станция арасындағы антенналар биіктігінде горизонтальны тікелей көру сызығымен сол аралықтағы жер бедерінің ең биік нүктесі арасындағы биіктік(вертикаль қашықтық ).

42) ұңғыма сүзгісін және сүзгі маңындағы аймақты тазарту - бітелу процесінің зардаптарын жою;

43) уранды қайта өңдеу кешені - өнімді ерітіндіден түпкілікті өнім алғанға дейін өңдеу жұмыстарын жүргізетін техникалық құралдар мен құрылыстар кешені;

44) үймелеп сілтісіздендіру үйіндісі - технологиялық ерітінділерді айдау мен соруға арналған құбыржол жүйесімен жабдықталған, жер бетіне белгілі қалыппен орналастырылған геометриялық шектеулі кен массасы;

Геометрия Геометрия (көне грекше: γεωμετρία; көне грекше: γῆ - жер и көне грекше: μετρέω - «өлшеу») - математиканың кеңістіктік пішіндер (формалар) мен қатынастарды, сондай-ақ, оларға ұқсас басқа да пішіндер мен қатынастарды зерттейтін саласы.

45) үймелеп сілтісіздендіру үйіндісінің алаңы - технологиялық ерітінділердің алаңнан тыс кетуіне кедергі болатын, судан оқшаулайтын қабаттардан қатталған, үймелеп сілтілеу үйіндісін жиыстыруға және өнімді ерітінділерді жинауға арналған, үстіңгі бетте орналасқан геометриялық шектеулі алаң;

46) үймелеп сілтісіздендіру учаскесі - коммуникациялар жүйесімен және сілтісіздендіру процестерінің дайындау, өңдеу, бақылау және басқару қондырғыларымен біріктірілген, бір немесе бірнеше үймелеп сілтісіздендіру үйінділерінен тұратын тау-кен массасының белгілі ретпен жинақтау кешені.

Алаң - қоғамдық құрылыстардың орталығындағы, қала немесе кент көшелерінің құрамына кіретін біртұтас сәулеттік ашық жер. Көлемі мен пайдалану шарты бойынша, қаланың орт. алаңы, театр алаңы, стадион алаңы, құрылыс алаңы т.б.

Қатынасу, тілдесу (communication) - қатысушының екеуіне де ақпараттың түсініктілік шарты орындалған кезде бір қатысушыдан екінші қатысушыға ақпаратты жеткізудің екі жақты процесі; екі немесе одан да көп адамдардың әлеуметтік-психологиялық өзара әрекет ету процесі.

4. Әрбір ұйым Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау саласының заңнамасында белгіленген тәртіппен әзірленген және келісілген құжаттамалық жобасы (бұдан әрі - жоба), сондай-ақ маркшейдерлік және геологиялық құжаттамалары болуы қажет.

5. Жобадан және осы Қағидалардың талаптарынан шығатын ақаулары және ңа және қайта жабдықталған нысандарды іске қосу кезінде, ақаулары немесе олқылықтар бар жаңа және қайта реконструцияланған объектілерді пайдалануға қабылдауға жол берілмейді.

6. Уранды геологиялық барлау, өндіру және қайта өңдеумен айналысатын әрбір ұйымда мынадай:

1) өндірістік бақылау туралы ережелер;

2) аварияларды жою жоспары;

3) технологиялық регламенттер әзірленіп, ұйымның техникалық басшысы бекітуі тиіс.

7. Ұйымдарда өндіріс аумағы бойынша жұмыс орындарына қауіпсіз бару және өрт немесе авариялық жағдай кезінде қауіпсіз жерге шығу жоспары дайындалып, оны әрбір қызметкерге таныстырып және кірер ауыздың, барлық цехтардың (учаскелердің) көрінетін жеріне іліп қою қажет.

Қызметкер, жұмыскер - жұмысты еңбек шарты (келісімшарт) негізінде орындаушы, кәсіпорынның, ұйымның, мекеменің ішкі еңбек тәртібіне бағынушы адам. Еңбек заңнамасына сәйкес азаматтық-құқықтық шарттардың кез келгені бойынша (мердігерлік шарт, тапсырма, авторлық шарт бойынша) жұмыс атқарушы адам қызметкер болып саналмайды.

Аумақ - құрлық бетінің өзіне тән табиғи, сондай-ақ адамның карекеті нәтижесінде жасалған қасиетгері мен ресурстары бар бөлігі. Ресурстардың ерекше түрлерінің болуымен - орналасуымен (ауданымен), географиялық орнының ерекшелігімен, табиғи ландшафтының өзіндік типтерімен, шаруашылыққа игерілу дәрежесімен, "қоғам қарекетінің кеңістіктік базисі" рөлін атқару қабілеттілігімен сипатталады.

8. Ұйымның аумағында, өндірістік ғимараттар мен құрылыстарда онда орналасқан жабдықтарға қызмет көрсетуге қатысы жоқ адамдар ілесіп жүруші адамсыз болуға жол берілмейді.

9. Ұйым қызметкері байқаған осы Қағидалардың барлық бұзылуылары туралы, сондай-ақ құрылыстардың, жабдықтардың және механизмдердің ақаулары туралы өзінің тікелей басшысына, егер ол болмаған жағдайда – жоғары тұрған басшыға тез арада хабарлауға тиіс.

10. Таукендерін тесіп өту және өндіру жұмыстарына, топтау сілтілеу қабаттарын құру жұмыстарына ауысым сайын жазбаша рұқсатнамалар беріледі.

11. Уранды геологиялық барлаумен, өндірумен және өңдеумен айналысатын әрбір ұйымда арнайы киім, арнайы аяқ киім, сақтандыру белдіктері, қорғаныс көзәйнектері, қолғаптар, диэлектрикалық резеңке етіктер, бес саусақты қолғаптар, ауыз-мұрынға киетін шаң ұстағыштар, құтқару құралдары (кеудешелер, белдіктер және тағы басқалар) және басқа да жеке және ұжымдық қорғаныс құралдарының нормалары болуы тиіс.

Сақтандыру - сақтандыру ұйымдары (сақтандырушылар) мен жеке заңды тұлғалар арасындағы, сондай-ақ сақтандыру ұйымдарының өздерінің арасындағы жеке және заңды тұлғалардың мүліктік мүдделерін қорғау жөніндегі құқықтық қатынастар.

Әрбір жекелеген жағдайда қорғаныс құралдарын таңдау ос өндіріс процестің немесе атқарылатын жұмыс түрі үшін қауіпсіздік талаптарын ескере отырып, жүзеге асырылуы тиіс.

  1   2   3   4   5

  • Уранды геологиялық

  • жүктеу 1.63 Mb.