Главная страница
Контакты

    Басты бет


Телеконтентті дамытудағы сандық технологияның жаңа мүмкіндіктері Телевизия басты кемшілігі уақытқа тәуелділігінен қалай арылды?

жүктеу 103.47 Kb.



жүктеу 103.47 Kb.
Дата08.04.2017
өлшемі103.47 Kb.

Телеконтентті дамытудағы сандық технологияның жаңа мүмкіндіктері Телевизия басты кемшілігі уақытқа тәуелділігінен қалай арылды?



Бейсенқұлов А.А.

ЕҰУ, доцент, Журналистика және саясаттану факультеті


Телерадиожурналистика және қоғаммен байланыс
кафедрасының меңгерушісі,

Астана, Қазақстан


Телеконтентті дамытудағы сандық технологияның жаңа мүмкіндіктері
Телевизия басты кемшілігі - уақытқа тәуелділігінен қалай арылды?

Күні кешеге дейін телебағдарламалардың эфирге тарауы кестеде белгіленген уақытқа тәуелді болып келді. Жаңа кеңжолақты байланыс мүмкіндігі мен video-shift технологиясы осы тәуелділіктің тамырына балта шапты. Барлық телеарналар өз эфирінен тараған дүниелерді іле шала интернет жүйесі арқылы таратуға көшті, сөйтіп уақытқа қарамай, қалаған бағдарламаңызды қолайлы уақытта көретін, тіпті, қажетіне қарай жазып алатын, көшіріп сақтап қоятын мүмкіндіктерге жол ашылды.

Интернет (оқылуы [интэрнэ́т]; ағылш. Internet - International Network) - компьютерлік серверлердің бүкіләлемдік желісі.
Бұл телеарна өнімін көрушілердің қатарын көбейтті, аудиториясын кеңітті. Сонымен қатар, бұрынғы географиялық шектеу, яғни эфирге хабар тарайтын аймақпен шектелуді де жойды. Осыдан келіп, Интернет таралатын жер шарының кез-келген нүктесінде қалаған хабарыңды қолайлы уақытта көре алатындай мүмкіндік туды.

Ғылыми-техникалық жетістіктер осылай кез-келген адамның тәулігіне 24 сағат бойы, аптаның 7 күнінде ақпараттың құрсауында болып, «Желідегі өмірге лайық, кез-келген жерде, кез-келген уақытта өзіне қажетті сандық ақпараттың тұтынушысына айналды»[1, 18-б.].

Ақпарат Ақпарат (лат. informatio - түсіндіру, мазмұндау) ұғымы күнделікті өмірден бастап техникалық салада пайдаланылатын көп мағыналы ұғым. Жалпы алғанда бұл ұғым шектеу, байланыс, бақылау, форма, инструкция, білiм, мағына, құрылым, бейнелеу, сезіну тағы басқа ұғымдармен тығыз байланысты.
Бұл тұжырым «үш «А»: Anything, Anywhere, Anytime» принципі деп те айтылып жүр.
“Санат” - баспа. 1990 ж. қыркүйек айында қазіргі әл-Фараби атынд. Қазақ ұлттық ун-тінің жанындағы баспа кабинетінің негізінде “Қазақ университеті” деген атпен құрылды. 1993 жылдан “ Санат” баспасы деп аталады.
Телеконтенттің жаңа мүмкіндіктері телевизияның басты ақпарат тарату көзі ретінде орнығуына да мүмкіндік берді. Бүгінші ақпаратты тұтынушы үшін көп мүмкіндіктер ашылғанына қарамастан, телеаудитория ішінара өзгергенімен, үлкен құлдырауға түскен жоқ, өзінің жарнамаға тартымдылығын жоғалтпады.
Жарнама, реклама (франц. reclame, лат. reclamo - жар саламын) - тауарлардың, қызмет көрсетудің тұтынушылық қасиеті туралы ақпарат беру және оған деген сұранысты көбейту мақсатында таратылатын хабарлама; белгілі бір адамдар, ұйымдар, әдебиет пен өнер шығармалары туралы хабар таратып, оларды әйгілеу.
Телеарналардағы конвергенттік (лат. convergo — «жақындастырамын») өзгерістер жаңа технологиялармен емін-еркін кірігуіне алып келді, одан теленарық та, телекөрермен де ұтты.

Таяу жылдары да телевизия ең маңызды, әрі жетекші ақпарат арнасы ретінде нығая түседі. Әрине, әр түрлі форматтар жетілетін, қатарға көптеген жаңа арналар қосылатын болады. Ғалымдар телеконтент таяу 10 жылда 5-6 есеге ұлғаятындығын болжап отыр.

Ғалым (араб.: عالِم‎ - а́лим) - сөзі арабтың а́лим: (дінді) оқыған, оқымысты адамдарына арнап қолданылатын сөзі.
Бүгінгі жетекші, орнықты телекомпаниялардың үлес салмағы мен аудиториясы 6-7%-ға дейін түседі. Өйткені, қымбат өнімді өндіру тиімсіз болып қалады да, олардың орнын шағын, жедел өзгеретін, нарыққа бейімді телеарналар басатын болады. Жарнама нарығы да үлкен компаниялар жағында емес, қаражат көрермен сұранысына қарай жеңіл, ірі шағын телеконтент өндірушілерге құйылатын болады.

Қазақстанда қолға алынып жатқан сандық эфирді жетілдіру, толық көшу саясаты телеконтенттің саны мен сапасына да оң ықпал етеді. Интернет арқылы хабар тарататын нишалық, кабельдік және спутниктік шағын өнім өндірушілер қатары көбейеді деген болжам бар. Өзгерістер заманындағы телеөндірістің болашағы зор, ол өзінің дамуында соңғы технологиялық мүмкіндіктерді кеңінен қолданатын болады.

Мобильді болашақ телекөрерменнің көзайымы ма?

Телеөндірістен мобильді құрылғылар да берік орын алып үлгерді. «Екінші экран» (second screen) технологиясының дамуы, телевизияның интербелсенділік мүмкіндіктерін қалыптастырып қана қойған жоқ, сонымен бірге, оған жаңа жолдарды ашып берді, одан әрі аудиториясын кеңітті, көрерменді тек көруші ғана емес, сонымен қатар пікір қалдырушы, бағалаушы ретінде жаңа функцияларды орнықтырды. Сарапшылар бүгінгі жас жапондықтардың телеконтентті екінші экраннан көретіндігін аңғарған және бұл құбылыс таяу уақытта кең тарайтындығын болжап отыр. Nielsen зерттеуі бойынша, 2013 жылы американдықтардың 46%-ы телеконтентті теледидардан басқа құралдар арқылы көрген[2]. Осыдан келіп, рейтинг анықтайтын әлемдік ірі компания «кіші экран» нәтижелерін де ескеретін болды. Дәстүрлі үй төріндегі теледидардан гөрі жас ұрпақ үшін мобильді смартфон мен планшет әлдеқайда қолайлырақ тәрізді. Телеконтентті онлайнда тікелей эфирде көру, болмаса кейінірек компьютер, планшет не смартфоннан көру қызметі тек жетіле түседі.

Мән және құбылыс - дүниедегі объектілер мен процестердің қажетті жақтарын, танымның сатыларын бейнелейтін философиялық категориялар.
Теледидар - телехабар бағдарламаларындағы бейне мен дыбыстық сүйемелдеудің радио сигналдарын күшейту мен түрлендіруге арналған теле, радиоқабылдағыш теледидар түрлі түсті, ақаласықара кескінді, стационарлы және тасымалды болып ажыратылады.
Компьютер (ағылш. computer - «есептегіш»), ЭЕМ (электрондық есептеуіш машина) - есептеулерді жүргізуге, және ақпаратты алдын ала белгіленген алгоритм бойынша қабылдау, қайта өңдеу, сақтау және нәтиже шығару үшін арналған машина.
Бұл телевизиялық аудиторияны өлшеу мүмкіндігін де кеңітеді.

Ғалымдар осыдан келіп, БАҚ-тың бағы мобильді құралдарда, шағын экрандар арқылы ақпарат таратуға баса назар аудару керек деген тұжырым жасауда. Өйткені, жаңа гаджеттердің сатылымы жоғары қарқын алды, оған жастар жаппай бейімділік танытуда, олар арқылы тұтынатын қызметтердің саны мен мазмұны сағат сайын өсуде. Осыдан келіп, «360 градусқа» стратегиясы дүниеге келді, яғни, контент барлық каналдар: газет, радио, ТВ және Интернет арқылы таралғаны жөн дейді. «Төрт платформа» мен «бес экран» тұжырымдары жарық көрді. Атақты американ дизайнері Марио Гарсиа «медиакомпаниялар смартфон, планшет, интернет-сайт және газет сияқты платформаларда контент таратуы және ерекшелігі мен жеделдігіне қарай ақпараттың тереңдігі әрқилы болу керек»[3] дейді.

Қарқын (Темп) - тапсырманың орындалуының немесе операцияның, құбылыстың қарқындык дамуының шапшандыгы (кейде тазалығы). Әскери істе Қарқынның мынадай түрлері болады: лап қою қарқынны; шабуыл қарқынны; десант түсіру қарқынны; теңіз десантын түсіру қарқынны, атыс қарқынны т.б.
Стратегия гр. strategia - әскер кіргізу - қоғамдық, саяси күреске басшылық өнері, оны жүргізудің қоғам (кәсіпорын, партия) дамуының нақты кезеңінің нақты жағдайларынан туындайтын жалпы жоспары, белгілі бір мақсатқа қол жеткізуге бағытталған қаражат пен ресурстарды пайдалану тәсілі.
Платформа Платформа (фр. plate – жайпақ, forme - форма) - геологияда қозғалмалығы біршама аз, жазық немесе үстірт тәрізді бедерлі, екі жікқабатты құрылымдық қабаттан – іргетастан және шөгінді тыстан тұратын жер қыртысының кең ауқымды атырабы.
Американдық сарапшы Кен Доктор: БАҚ «бес экран» концепциясына бағынып, компьютер (не ноутбук), смартфон, планшет, интернетке шыға алатын телевизор және автокөліктегі мультимедиялық құралға бейімделу керек»[4],-дейді. Тіпті «алтыншы экран» – голограмма дүниеге келсе, таңғалмаңыз дегенді айтады. Ойды The Boston Globe газетінің вице-президенті Джефф Мориарти былай қорытындылайды: «БАҚ-тың міндеті – ақпараттың кез-келген форм-фактордан, қол сағаттан бастап қабырғадағы алып панельдерге дейін, қолайлы тұтыну мүмкіндігін қамтамасыз ету»[5].
Вице-президент (лат. vice - жоғарғы) - Президенттің орынбасары, президенттен соң екінші тұлға. Белгілі бір ұйымдардың вице-президентті мен кейбір мемлекеттерде бар, мемлекеттің вице-президенті лауазымымен айырмасын ажырата білген дұрыс.

Осылайша телеконтентті альтернативті көздерден алу кең қанат жаюда. SmartTV ақылы теледидарларының сатылымы артуда, ол енді интернет арқылы көптеген жаңа сервистерді пайдалануға жол ашады. TV Everywhere («Телевизия барлық жерде») концепциясы бойынша кабельді операторлар ақылы контент ауқымын кеңітуде. Әлемдік тәжірибеде Hulu жобасы өте танымал, тез дамып келеді. Ол веб-сайт және жазылу қызметі арқылы NBC, Fox, ABC, TBS, басқа да студиялар мен компаниялардың үздік телешоу, фильмдерін көрсетеді, әрі, түсірілім барысын ашып көрсетеді, әр қырынан қызықты қосымша ақпарат береді. Жаңа қызмет түрлері дүниеге келіп, жетіле түсуде. Олардың бәрі қазақстандық нарыққа жете қойған жоқ. Дегенмен, ондай мүмкіндік туатын күн де алыс емес. Мобильді смартфондардың жетілуі тек телеконтентті көріп қана қоймай, жоғары сапалы видео түсіруге және ustream технологиясымен тікелей жоғары сапада хабар таратуға да мүмкіндік берді.



Қарқыны күшті әлеметтік желіге қалай ілесеміз?

Қазір ақпарат кеңістігін әлеуметтік желілер билеп тұр.

Кеңістік - философия, математика және физика секілді салаларды пайдаланылатын күрделі ұғым. Күнделікті өмірде іс-қимыл алаңы, барлық нәрселерді қамтитын ортақ ыдыс, әлдебір жүйе жай-жапсары сезініп түсініледі.
Әлеуметтану Әлеуметтану - қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы ғылым. Әлеуметтану фактілерді, үдерістерді, қатынастарды, жеке тұлғалардың, әлеуметтану топтардың қызметін, олардың рөлін, мәртебесі мен әлеуметтану мінез-құлқын, олардың ұйымдарының институты.
Facebook-тың тұрақты тұтынушыларының өзі миллиардтан асты. Оның ізін басқан қаншама жаңа әлеуметтік желілер, жаңа қызметтер дүниеге келді, дегенмен, қарқын бәсеңситін емес. Әлеуметтік желі аудиториясы сағат сайын өсуде және олар өндірген контент геометриялық прогрессиямен көбеюде.

Күнделікті тіршіліктегі тілдесім, жақыныңмен ой бөлісу, дос тұту, ішкі сырыңды ақтару сияқты интимді психикалық құбылыстар ашық та шашық әлемдік ғаламторға шықты, осындай адамның жаратылысымен бірге қалыптасқан дағдылар жеке басына деген уақыт тапшылығынан жаңа кеңістіктен орын тапты — әлеуметтік желі феноменін психолог мамандар осылай тұжырымдайды.

Геометрия (көне грекше: γεωμετρία; көне грекше: γῆ - жер и көне грекше: μετρέω - «өлшеу») - математиканың кеңістіктік пішіндер (формалар) мен қатынастарды, сондай-ақ, оларға ұқсас басқа да пішіндер мен қатынастарды зерттейтін саласы.
Психика (гр. psychikos - ішкі сезім, көңіл-күй) жинақтайтын рухани бірлестігі. Психика биологиялық эволюцияның жемісі және жалғасы. Психика сыртқы құбылыстар мен заттардың көрінісін белсенді және озық түрде бейнелейді.
Тапшылық-Дефицит (латын. deficit - жетімсіздік, жетіспеушілік)- микроэкономикада әлдебір ресурстың (оның ішінде тұтыну ресурсының) жетіспеушілігі, тапшылығы; макроэкономикада шығыстың кірістен асып түсуі, оның ішінде валютаның, қаржының, тауар мен ақшаның теңдестірілмегендігі; сұранымның ұсынымнан асып түсуі.
Адамның сеніміне, үміті мен көңіл-қошына негізделген бұл сезімдерге қарсы шығып та қажеті жоқ, онымен күреспеу керек. Жаңа мүмкіндіктерді тиімді пайдалана білу қажет!

БАҚ-тың бағы да әлеуметтік желілермен тізе қосып жұмыс істеуде. Қазір қай телеарнаны алмаңыз жеке веб-сайты және негізгі әлеуметтік желілерде аккаунты ашылған. Көбісінде әлеуметтік желімен тікелей жұмыс істейтін штаттық қызметкерлері (SMM) бар, олар күнделікті жаңалықтарын таратумен қоса, желідегі сұрақтарға, пікірлерге жауап беріп, аудиториямен байланысқа шығады.

Қызметкер, жұмыскер - жұмысты еңбек шарты (келісімшарт) негізінде орындаушы, кәсіпорынның, ұйымның, мекеменің ішкі еңбек тәртібіне бағынушы адам. Еңбек заңнамасына сәйкес азаматтық-құқықтық шарттардың кез келгені бойынша (мердігерлік шарт, тапсырма, авторлық шарт бойынша) жұмыс атқарушы адам қызметкер болып саналмайды.
Ал, түптеп келгенде, ықпалдастыққа шақырады, яғни, телеарна контентін ары қарай таратуға, оң имиджін орнықтыруға, танымалдығын арттыруға қызмет етеді. Көзге көріне бермейтін осы қызметтің артында үлкен міндет тұр. Телевизия тәжірибесінде эфирдегі хабардың төмен рейтинг көрсетуі, ал, кейін екінші тынысқа ие болып, әлеуметтік желідегі резонансы жер жарғандығын дәлелдейтін мысалдар көп. Желі кейде тыныш, кейде осындай жарылыс эффектісін береді. Мұның себеп-салдары ғылымда енді зерттеле бастады.

Әлеуметтік желілер құбылысының медиатанымға, оның ішінде психологияға жаңа импульс беріп отырғанының себебі, осы зерттеулердің қажеттігінен шығар. Ортағасырлық философ Рене Декарт «Ойлаймын — яғни, өмір сүредемін!

Психология - адамның жеке бірлік ретіндегі психикасын, өзінің сан−алуан сезім, аффективтік, интеллектуалды, басқа да туа біткен функцияларымен бірге сыртқы ортамен өзара әрекетін зерттейтін ғылым, кей-кезде адам мінез-құлығын зерттеу деп те анықталады.
Рене Декарт(фр. René Descartes [ʁəˈne deˈkaʁt], лат. Renatus Cartesius; (1596-1650жж.) - француз ғалымы, философ, математик, физик және физиолог. Ол қазіргі заман математикасының дамуына зор үлес қосып, Геометриялық координаттар жүйесін формулаға айналдыруы арқылы "аналитикалық геометрияның атасы" деп аталды.
» деп жар салып еді. Оны нейропсихолог, хирург Антонио Дамасио қате санап, «Адам сезімімен өмір сүреді»(Чувствую – живу)[6],- деп түзетеді.
Сезім - адамдардың бір-бірімен қатынас жасау қажеттігінен туындайтын және біртіндеп дамып қалыптасып отыратын жан қуаты. Мәселен, достық, адалдық сезімдері, адамда бірден қалыптаса қоймайтын белгілері.
Ал, әлеуметтік желідегілер «Желіде болуға міндеттіміз, Пікір айтады екенбіз, өмір сүрудеміз» деп жаңғыртып алыпты. Осылайша, желі қоғамдық пікір қалыптастырып, ескі дағдыларды жаңғыртып, шын мәніндегі адамның шығармашылық еркіндігі мен қиялына ерік беруде. Кез-келген адам автор болып, ойын ашық жеткізе алады, пікір саналуандығы орнықты, демократия құндылықтарын қорғауға көп болып жұмыла аламыз — бұл әлеуметтік желі қағидаттарының бір парасы ғана. «Араб көктемі» сияқты құбылыстардың бұл үрдістің саяси салдары болуы да ықтимал дегенді дәлелдеп берді. Кейбір сәуегейлер, медиа осы қарқынымен әлемдік даму формациясын да өзгерте алады деген пікір білдіруде.

Жаңа медиа күш алып келеді, ол ақпарат саласына көп жаңашылдық алып келді және өзінің мүмкіндіктерін сарқа тауысқан жоқ. Оның ықпалымен журналистика да күрделі өзгерістерге ұшырауда. Бір анығы, жаңа ақпараттық кеңістіктің де өзегі видеоконтент, шынайы кескін болып табылады. Бұл тележурналистер, оператор, режиссерлер үшін қосымша мүмкіндік.



Телехабардың жаңа авторлары кімдер?

Жаңа медиа жаңа авторларды дүниеге әкеліп қойған жоқ, журналистік кәсіпті де екіге жарды. Кәсіби журналист редакцияда жұмыс істеп, соның аясында ақпараттық саясатын жүргізсе, кей авторлар «біз еркін, тәуелсіз журналиспіз, шындықты біз ғана жеткізе аламыз» деп жатады. Кәсіби емес журналистер қатары көп болғанымен, олар өзіне журналистиканың қоғам алдындағы әлеуметтік жауапкершілігін толық ала алмайтын шығар, екеуі қатар дамып, бірін-бірі толықтырып отырады деген құлаққа кіреді.

Жауапкершілік - адам бойындағы белгілі бір істі , өзіне тапсырылған міндетті орындап, жүзеге асыруынан байқалатын адамгершілік қасиет; тұлғаның қоғамда немесе ұжымда қабылданған әлеуметтік, өнегелі және кұқықтық нормалар мен ережелеріне, борыш сезіміне сәйкес өз қызметін бақылау қабілеттілігі.

Уақыттың жаңалығы сол аутсорсинг, краудсорсинг деген ұғымдар дүниеге келді. Ірі телекомпаниялар кейбір тележобаларды продакшн студияларға беріп, қаржыландырады да, дайын өнім ретінде эфирге шығарады.

Атақты британдық телерадиохабар тарату компаниясы BBC Лондонда «Тұтынушылар ньюсрумын» ашып қойды, яғни, кез-келген адам өзінің жаңалығын, идеясы мен жобасын ұсына алады. BBC UGC hub-ында еңбек ететін Silvia Costeltoe былай дейді: «Көпшіліктің даналығы құнды, оны журналистикамен сабақтастырып, біз құнды мәлімет, пікірлерді жинақтай аламыз. Ақпаратты тексеріп барып қана эфирге шығарамыз. Әлеуметтік желі кәсіби қызметпен сабақтасқанда ғана дұрыс нәтиже береді»(Costeltoe, 2011). Al Jazeera телеарнасы да қарапайым көрермендер ұсынған материалдарды тиімді пайдаланудың үлгісін танытты. Нидерланд қоғамдық телевизиясы NOS Net жаңалықтарында краудсорсинг тәсілімен көрермендерді партнер ретінде қатыстырады, сол арқылы әртүрлі пікір эфирге тарайды. Сөйтіп, Wiki форматы телевизияда да кең қанат жаюда. Деректі фильм жасауда да көрермендерді кең қатыстыру тәжірибесі өмірге жолдама алды.

Web 2.0 дегеніміз тұтынушылардың өздерінің қатысуымен дамытылатын жобалар мен қызметтер болып табылады, оған блогтарды, wiki, әлеуметтік желілер және басқаларды жатқызып жүр.

Блог (ағылш. blog, web log дегеннен, «желі журналы не оқиға күнделігі») - үнемі үстелінетін ұзын емес жазбалардан, суреттерден, таспалардан тұратын мәнді мағлұматы бар торап.
Мысалы, телеарналарда «Мен репортермін», «Өзім режиссермін» деген сипаттағы бейнесюжеттер мен топтамалар жиі шығып жүр, жоғары рейтинг жинауда. Ал, ең танымал ресурс youtube.com жобасы болып табылады, күн емес, минут сайын оған әртүрлі сипаттағы бейнеақпарат құйылып жатады және кей сюжеттер миллиондаған аудитория жинайды.
Бейнеақпарат (Видеоинформация) - түрлі-түсті кескіндер түрінде берілетін ақпарат (фотографиялар, суреттер және т.б.).
Онда ең жедел жаңалықтан бастап, танымдық та, ойын-сауықтық та кез-келген ақпаратты табу мүмкіндігі зор. Қазақстандық бейнехостингтердің де өз аудиториясы қалыптасып үлгерді, бірақ ауқымы өте шектеулі, сыртқа таралуы мен танымалдығы жоққа тән.

ТЕЛЕЖУРНАЛИСТКЕ РОБОТ КӨМЕКШІ БОЛА МА?

Робот жасау технологиясы дамыған Жапон елінде мынадай тәжірибе орын алды. Танымал тележүргізушінің робот бейнесі жасалып, ол жаңалықтар топтамасын эфирге алып шықты. Кей көрермен тіпті өзгерісті аңғармай да қалды. Сөйтіп, телеөндірісте де роботтандыру дәуірінің есігі ашылды.

Дәуір - халықаралық дәрежеде келісілген бірегей жержылнамалық шкаланың иерархиялық бағыныштылық тұрғысынан төртінші дәрежелі бірлігі немесе бөлімшесі.

2014 жылы 17 наурызда Калифорнияда болған жер сілкінісі туралы ақпаратты 3 минуттан соң компьютер таратты. L.A. Times газетінде жұмыс істейтін журналист Кен Швенке жазған Quakebot бағдарламасы сейсмоқадағалау орталығындағы мағлұматтарды тіркеп, екшеп, соның негізінде мәтін түзіп, твиттерге, ақпараттық ленталарға жеткізген[6].

Ал, компьютерлік Automated Insights бағдарламасы орасан мағлұматтарды сүзіп, секундына 2000 мәтін жазуға қауқарлы екен, ол 2014 жылы миллиард мақаланы даярлап берген, 500 мың твит әзірлеген.

Мағлұматты қорыту (Обобщение понятия; concept generalization) - тек қорытылған мағлұмат көлеміне кіретін объектілерге жататын нышандарды алып тастау жолымен аз көлемді мағлүматтан үлкен көлемді мағлүматқа өтуге мүмкіндік беретін логикалық операция.
Секунд - (лат. secunda dіvіsіo - екінші бөліну) (бастапқыда градустың, одан кейін сағаттың) - 1) уақыттың жүйелік бірлігі; СИ жүйесіндегі өлшем бірлігі. Белгіленуі - С; 1 с - Cs атомының (өлшемдер мен салмақтар бойынша 13-Бас конференцияның резолюциясы бойынша, 1967) аса жұқа екі деңгейінің арасынан өткен сәуле шығаруының 9 192 631 770 периодына тең.
Samsung, Yahoo сияқты алыптардың өзі жарнама, болмаса твит мәтінін жазуға компьютерді кең қолданатын болған. Forbes журналы робот-журналисті жылдық есебін әзірлеуге «жұмсаған», Big Ten Network спорт жаңалықтарын роботқа жазғызатын көрінеді.

Сарапшылар таяу 10-15 жылда жаңалықтардың 90%-ына дейін компьютерде өңделетіндігін алға тартып отыр. Бұл деген журналист жұмыссыз қалып, олардың орнын робот басады дегенді білдірмейді. Сандық өндірістің қарқынды дамуы арқасында өңделетін ақпараттың мөлшері артады және ол машиналарға беріледі. Түптеп келгенде, робот журналистке көмекші болады, ақпараттық тасқынды өзіне қабылдап, сүзгі функциясын атқарады да, жартылай дайын өнімді журналистке бір қарап, тұтынушысына жеткізу қолайлы болады.

Робот қана емес, дрондар мен сенсорлар да телеөндірісті жандандыра түседі. Ұшатын шағын құралдар арқылы күрделі бейнетүсірілімдер жасалады, мысалы, 3D панорама, жете алмайтын нысандардан репортаж, экстрим, ғарыштық бейне кең қолданысқа енеді деген болжам бар. Мысалы, Небраски университеті арнайы жоба[7] әзірлеп, бірнеше сағатта дрон түсірген бейне негізінде Түркиядағы археологиялық қазба орнынан 3D-модельді көпшілікке ұсына алды.

Археология - тарих ғылымының ежелгі дәуір мен орта ғасырдағы адамзат қоғамы дамуының заңдылықтары мен негізгі кезеңдерін зерттейтін саласы.

Технологиялық ілгерілеу осы қарқынмен жетіле беретін болса, түрлі сенсорларды да экологиялық, ауа-райы, басқа да ақпараттарды алып, автоматты түрде тарататындай нәтижеге қол жеткіземіз. Батыс елдерінде ғылыми-техникалық және қаржылық ақпаратты өңдеумен айналысатын дата журналистика, немесе мағлұматтар журналистикасы деген жеке сала дамып келеді. Ақпараттың шынайылығын тексеруде де робот көмекке келе алады. Тилбург университеті (Нидерланд) ғалымдары тәжірибе жасап, оқырманның робот жазған мәтіндерге шексіз сенгендігіне куә болған, олар мәтінді робот жазғандығына қарамастан, жоғары бағалаған.

Телеконтент мазмұнының құндылығын қалай сақтаймыз?

Технологиялық өзгерістер ақпарат алмасуды жеделдетіп, қолайлы жасағанымен, әрі арзандатқанымен оның тұтынушысы да, өндірушісі де адам болып қалады. Яғни, ол адамның әр түрлі сұраныстарына, қажеттіліктеріне қызмет етеді. Олардың күнделікті әдет, дағдысы, таңдауы өзгергенімен ақпараттың құндылығы, маңызы мен мәні өзгермейді. Журналистика да осы биік мұраттарды атқаруда өзінің рөлін күшейте түседі, жаңа медиамен, заманауи медиатұтынушымен бірлесіп алға қадам басады. Роботтар сияқты кез-келген технология, гаджет журналистке көмекші құрал. Өмір шындығын жазу, пікірлер саналуандығын қамтамасыз ету, білім мен ізгілікті тарату — журналистиканың асыл мұраты болып қала береді, ол осы бағытта дамып, жетіле түседі. Сарапшылар таяу жылдары мәтін режиссурасы, дыбыс инфографикасы, эмоцияны монтаждау сияқты жаңа құбылыстар күтіп тұрғанын айтады. Журналист өзгеріске қашан да бейім, ол қоғамдық өзгерістердің, жаңарудың көшбасшысы.


Дереккөздері:

1. Москвина Ж. О. Мобильные газеты как сегмент системы СМИ стран Западной Европы : автореф. дис. ... канд. филол. наук: 10.01.10; Моск. гос. ун-т. – М., 2012.



2. The State of The News Media 2013, Annual report. Pew Research Center. -URL: http://stateofthemedia.org/2013/

3. Рудерман И. «У вас нет и 45 секунд, чтобы соблазнить меня». Интервью с автором макета новых «Московских новостей» известным дизайнером Марио Гарсиа. – URL: http://mn.ru/society/20110327/300677559.html

4. Пять прогнозов Кена Доктора: что изменит медиа до неузнаваемости. – URL: http://fmf.ria.ru/news/20120702/368121711.html

5. Мориарти Д. Будущее цифровых СМИ состоит в онлайновой адаптации контента. – URL: http://ria.ru/media/20120619/676727084.html

6. Damasio A., Descartes' Error: Emotion, Reason, and the Human Brain. Vintage Books, London, 2006.

7. The First News Report on the L.A. Earthquake Was Written by a Robot – URL: http://www.slate.com/blogs/future_tense/2014/03/17/quakebot_los_angeles_times_robot_journalist_writes_article_on_la_earthquake.html



8. Дежурный набор журналиста: дроны, сенсоры и роботы – URL: http://mediakritika.by/article/2578/dezhurnyy-nabor-zhurnalista-drony-sensory-i-roboty




  • Телеконтентті дамытудағы сандық технологияның жаңа мүмкіндіктері Телевизия басты кемшілігі - уақытқа тәуелділігінен қалай арылды
  • Мобильді болашақ телекөрерменнің көзайымы ма
  • Қарқыны күшті әлеметтік желіге қалай ілесеміз
  • Телехабардың жаңа авторлары кімдер
  • ТЕЛЕЖУРНАЛИСТКЕ РОБОТ КӨМЕКШІ БОЛА МА
  • Телеконтент мазмұнының құндылығын қалай сақтаймыз

  • жүктеу 103.47 Kb.