Главная страница
Контакты

    Басты бет


Тақырыбы: «Озық ойлы дарындылар»

жүктеу 57.89 Kb.



жүктеу 57.89 Kb.
Дата13.04.2017
өлшемі57.89 Kb.

Тақырыбы: «Озық ойлы дарындылар»


Тақырыбы: «Озық ойлы дарындылар»

Мақсаты: оқушылардың ойлауын, компьютерлік сауаттылығы мен іскерлігін, танымдық қабілетін, логикалық сауаттылығын дамыта отырып, олардың пәнге деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру.

Оқушы - белгілі бір іспен айналысатын адам. Бұл іс сабақ немесе адам қызығатын іс болуы мүмкін. Оқушы бір істі игерумен айналысады. Ол бұл істі жоғарғы деңгейге игергенге дейін оқушы деген атқа ие болады.
Логика (гр. λογική - «талдауға құрылған», λόγος - «сөз», «сөйлем», «ойлау», «ақыл») - ойлау, оның формалары мен заңдылықтары туралы ғылым. Логика дәлелдеу мен теріске шығарудың белгілі бір әдіс-тәсілдері қаралатын ғылым теориялар жиынтығын құрайды.

Білімділік: оқушылардың лидерлік қасиетін ұштап, аналитикалық қабілетін ашу, интеллектуалдық деңгейін

арттыру.
Дамытушылық: логикалық ойлауын, танымдық қызығушылығын, оқушылардың ақыл - ойын жан - жақты дамыту.


Тәрбиелік: пәнге, білімге, шығармашылыққа, ойын еркін жеткізе білуге, топта бірлесе жұмыс істеуге тәртіптілікке,

ұқыптылыққа тәрбиелеу.


Түрі: сайыс
Әдіс - тәсілдері: топтастыру, сұрақ - жауап, ойын элементтері, баяндау әдісі.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, компьютер, слайдтар.
Жүру барысы: Сәлеметсіздер ме құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі біздің «Озық ойлы дарындылар» сайысымызға қош келдіңіздер!
Армысыздар осында жиналғандар
Сіздерді қызықтырар небір сыр бар
Рұқсат берсе, біздерге көрермендер
Кешімізді басталық қатысушылар - дей келе сайысымыздың шарттарымен таныстырып өтейін.
«Озық ойлы дарындылар» сайысына 8-9 сынып оқушыларынан құралған «Компьютер» және «Интернет» атты 2 команда қатысады. Сайыс 6 кезеңмен өткізіледі.
І-кезең. «Білгір болсаң, тауып көр»
ІІ -кезең. «Адасқан әріптер».
ІІІ -кезең. «Кім жылдам?».
ІV -кезең. «Шын жүйрікте шаршау жоқ».
V-кезең. «Үш тілде сөйлейік»

VІ-кезең «Құпия жәшік»


Информатиканың сырлары
Қызықтырды біздерді
Ойынға бірге қатысуға
Шақырамыз сіздерді - дей отырып, топтың білім мен тапқырлығына баға беретін әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар.
Ендеше 8-9 сынып оқушылары арасында өткелі отырған «Озық ойлы дарындылар» сайысын бастайық.
І. Кезең. «Білгір болсаң, тауып көр»сұрақ жауап бөлімі.

Бұл бөлімде 2 топқа сұрақ бірдей қойылады. Қай топтың мүшелері бірінші болып қол көтереді, сол топ сұрақтардың жауабын береді. Егер сұрақтың жауабынан қателессе онда келесі топтарға жауап беруге мүмкіншілік бар. Әр дұрыс жауапқа 10 ұпайдан беріледі.


1. Ақпараттық процестерді зерттейтін ғылым не деп аталады? (Информатика)
2. Көбейтілуге және басқа программаларға жұғуға қабілетті шағын компьютерлік программа қалай аталады? (Вирус)

3. Microsoft Word мәтіндік редакторды қалай іске қосуға болады?

Ақпарат Ақпарат (лат. informatio - түсіндіру, мазмұндау) ұғымы күнделікті өмірден бастап техникалық салада пайдаланылатын көп мағыналы ұғым. Жалпы алғанда бұл ұғым шектеу, байланыс, бақылау, форма, инструкция, білiм, мағына, құрылым, бейнелеу, сезіну тағы басқа ұғымдармен тығыз байланысты.
Microsoft Office Word (күнделікті - MS Word, WinWord немесе жай ғана Word) - Macintosh компьютерлерінде және Windows, DOS ортасында жұмыс істейтін, қазіргі кезде кең таралған, ең қуатты мәтіндік процессорлардың бірі.
(Пуск-Программы-MS Office-MS Word)

4. Компьютер іске қосылғаннан кейін әр түрлі объектілер орналасқан экранды не деп атайды? (Жұмыс столы)
5. Компьютер мен көздің ара қашықтығы қанша см болуға тиіс. (60-70 см)

6. Cурет салуға арналған редактор. (Paint)

7. Тышқанның негізгі батырмасы. (Сол жағы)
8. Электронды есептеуіш машинаның даму буындары нешеге бөлінеді? (4 буынға)
9. Дүниежүзілік компьютерлер арасындағы байланыс ортасы (интернет)
10. Интернетке қосылу үшін қажетті құрылғы.

Интернет (оқылуы [интэрнэ́т]; ағылш. Internet - International Network) - компьютерлік серверлердің бүкіләлемдік желісі.
(Модем)
Бұл жарыс біткен жоқ кетпейік,
Келесі бөлімге беттейік.
Бәріміз бірігіп, бас қосып,
Адасқан әріпті реттейік.
ІІ. кезең. «Адасқан әріптер». Бұл турда оқушыларға әріп орындары ауысып кеткен сөздер беріледі. Әр топ әріптерді орындарына қою арқылы компьютер құрылғыларының аттары мен информатика пәніне қатысты термин сөздер шығару керек. Әр дұрыс жауапқа 10 ұпайдан беріледі(ал орындау уақыты 1минут) Топтарға 6 сұрақтан берілген.

«Компьютер» тобы

«Интернет» тобы

1. РЕТЬЮПОМК - компьютер

1. НИРПЕРТ - принтер

2. ВРЕДАЙР - драйвер

2. ЧЕСВИНТЕР - винчестер

3. ДЕМОМ - модем

3. КРАСЕН - сканер

4. ЛАЙФ - файл

4. АНИШ - шина

5. РОТИНОМ - монитор

5. СОРЕСЦПРО - процессор

6. АТЕКИСД – дискета

6. ТОРП – порт

7. НИРЕТТЕН-интернет

7. ЛОНАККО-колонка

8.НЕРЕПҚАТАТ-пернетақта

8. ЛУТЬМАИДЕМ-мультимедиа

9. LEETDE-delete

9. RETEN-enter

10. ОЛИКЙАБТ-килобайт

10.ТЙАГАБМЕ-мегабайт

Сайысымыздың ІІІ кезеңі «Кім жылдам».
Бұл кезеңде оқушылар берілген мәтінді 3 минуттың ішінде компьютерге жазып болуы тиіс бірінші аяқтаған командаға жоғары 10 ұпай беріледі:
«Компьютер», «Интернет» тобына:

2015 жыл - ұлттық тарихымызды ұлықтау және бүгінгі биіктерімізді бағалау тұрғысынан мерейлі белестер жылы. Қазақ хандығының 550 жылдығын, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Конституциямыздың 20 жылдығын, Ұлы Жеңістің 70 жылдығын атап өтеміз.

Тарих Тарих (көне грек. ἱστορία -сұрастыру, зерттеу) - адамзат баласының өткенін зерттейтін қоғамдық ғылым.
Қазақ хандығы Қазақ хандығы - бүгінгі Қазақстан Республикасы мен көрші аймақтардың территориясында 1465-1847 жылдар аралығында өмір сүрген мемлекет. Қазақ хандығы Еділден Жайыққа дейінгі территорияны, Сырдария мен Амудария өзендерінің аралығын, Хорасан жерін қамтыған.
Қазақстан халқы Ассамблеясы - 1995 жылғы 1 наурызда Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен құрылған Мемлекет басшысы жанындағы консультативті-кеңесші орган. Ел Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясын құру идеясын алғаш рет 1992 жылы Тәуелсіздіктің бірінші жылына арналған Қазақстан халқының бірінші форумында жариялады.
Біз 2015 жылды Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы деп жарияладық. Елдің тұтастығы мен бірлігі, татулығы мен тыныштығы ең басты назарда.


«Жарыс заңы ежелден,
Жеңімпазды анықтау.
Жеңімпаз болу шарты сол
Еңбектену жалықпау»- дей отырып, сайысымыздың келесі кезеңіне көшеміз
ІV. кезең. «Шын жүйрікте шаршау жоқ». Ойынның шарты: Әр командаға 10 сұрақтан қойылады. Сұраққа “иә” не “жоқ” деп жауап беру керек. Әр дұрыс жауап 10 ұпай деп саналады.
І топ: 1. «Ақпарат» сөзі латын тілінен аударғанда түсіндіру, баяндау, мәлімет дегенді білдіреді. (ия)
2. Баспаға шығару құрылғысы пернетақта деп аталады. (жоқ)
3. Адам ақпаратты сақтай алмайды. (жоқ)
4. Ең алғашқы ЭЕМ 1946 жылы АҚШ - та пайда болды.(ия)
5. Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі килобайт деп аталады. (жоқ)
6. Компьютер ақпараттық процестерді жүзеге асыратын құрал.(ия)
7. Тышқан ақпаратты сақтауға арналған құрылғы. (жоқ)
8. Пернетақта компьютерге ақпаратты енгізу құрылғысы. (ия)
9. Қазіргі компьютерлердің пернетақтасында 80 перне болады. (жоқ)
10. Delete алдыңғы символды өшіру пернесі (жоқ)
ІІ топ: 1. «Информатика» пәні ЭЕМ - нің көмегімен ақпараттарды жинау, сақтау, өңдеу заңдылықтарын зерттейтін ғылым. (ия)
2. 1 Килобайт 1024 байтқа тең. (ия)
3. Дисплей компьютер экранына ақпаратты шығарушы құрылғы (ия)
4. Сканер ақпаратты енгізу құрылғысы. (ия)
5. Электронды есептеуіш техниканың даму тарихы бірнеше буындарға бөлінеді.
Компьютер (ағылш. computer - «есептегіш»), ЭЕМ (электрондық есептеуіш машина) - есептеулерді жүргізуге, және ақпаратты алдын ала белгіленген алгоритм бойынша қабылдау, қайта өңдеу, сақтау және нәтиже шығару үшін арналған машина.
(ия)
6. ЭЕМ - нің дамуының ІІІ буынында электрондық шамдар пайдаланылды. (жоқ)
7. Бит, байт ақпараттың өлшем бірліктері. (ия)
8. Пернетақта, сканер ДК - дің сыртқы құрылғыларына жатады. (ия)
9. Принтер - ақпаратты қағазға басып шығаратын құрылғы. (ия)
10. 1846 жылы Бэббидж машинасына программа жазған Ада Лавлейс. (ия)

V. кезең. «Үш тілде сөйлейік» Жұмбақтарды шешу. І топ



1. Кемірушіге ұқсайды,
Құйрығы ұзын, түсі сұр.
Білгіш болсаң жауап бер,
Осы заттың аты не? (тышқан, мышка, mouse)

2. Үш тілі бар,
Тықылдаған үні бар. (сағат, часы, clock)


4. Қабат - қабат қаттама,
Ақылың болса аттама. (кітап, книга, book)

3. Шәкіртке жаншыр,
Мейірман кім, жаны асыл (ұстаз, учитель, teacher )

5. Жазу жаза жалықпаған,
Жаза - жаза арықтаған. (Бор, мел, swept)

ІІ-топ.

1. Білімнен мол сый - асы,
Балғындардың ұясы. (мектеп, школа, school)

3.. Қарап тұрсаң өзіңе,
Сурет түсер көзіңе,
Ол суретін ұқсайды,
Тура сенің өзіңе. (Айна,зеркало, mirror )

2. Әдемі түнде,
Мен жүрсем, жүреді бірге. (Ай,луна, moon)

4.Үш көзді батыр,
Жолды аңдып жатыр. (Бағдаршам,светофор, traffic-light )

5. Ақ көбелек қонды,
Құстар енді тонды. (Қар, снег, snow)


VІ-кезең. «Құпия жәшік» сұрағы. Екі жәшіктің ішінде бөлек - бөлек информатика пәніне қатысты заттар тұр, бұл заттар екі топқа қойылатын сұрақтардың жауабы болып табылады, егер осы «Құпия жәшік»- тің ішінде не тұрғанын тапса онда 10 ұпаймен бағалаймыз? (2 минут уақыт беріледі)
«Компьютер» тобына
1694 жылы атақты неміс математигі Лейбниц Паскальдің идеясын дамытып, өзінің механикалық есептеу машинасын арифмометрді құрастырды. Дөңгелек орнына цилиндрді қолданғанда, бұл құрал күрделі қосу мен алу амалдарымен қоса көбейту, бөлу амалдарын квадраттау амалдарын орындайтын болды.
Математик - ғалым, өзінің ғылыми-зерттеу жұмыстарын негізінен математикаға: сандар теориясына, топологияға, абстрактті алгебраға, функционалдық талдауға және т.б. арнайды. Математиктер сирек жағдайда экономиканың, химияның және информатиканың проблемалаларымен айналысады.
Цилиндр (көне грекше: κύλινδρος - білік, цилиндр) цилиндр немесе цилиндрлік бет - берілген бағытқа параллель және бағыттауыш сызық арқылы өтетін кеңістіктің жасаушы түзулерінің жиыны; тұйық цилиндрлік бетпен және өзара параллель екі жазықтықпен (Цилиндр табандары) шектелген дене .
Осы арифмометрдің негізін ала отырып орыс өнер тапқыштары П. Л. Чебышев пен В. Т. Однер қандай есептеу құралын жасады? Бұл жәшіктің ішінде қандай құрал? (калькулятор)
«Интернет» тобына
Бұл металмен қапталған, оның салмағы небәрі 15 грамм және диаметрі 12 см. Оған шамамен 600-700 Мб ақпарат жазуға болады. Оның жұмыс бетін зақымданудан сақтайтын арнайы қабығы бар және ол арнайы орауышта сақталады. (Компакт-диск)

Сонымен бүгінгі сайысымыз өз мәресіне де келіп жетті. Келесі кезек, бүгінгі сайысымыздың жеңімпазы кім екенін анықтау үшін, сөз кезегі әділқазылар алқасына беріледі.


Осыменен бұл ойынды тамамдасақ
Бұл жайды айтамыз ба жаман болсақ,
Үйрендік білмегенді осы жолы,
Тағы үйренеміз аман болсақ
Шыңымыз биік болар, білім қусақ
Осымен «Озық ойлы дарындылар» атты сайысын «Білім марапатқа жету үшін емес, парасатқа жету үшін керек» деген керемет сөзін есімізге берік ұстанып, сайысымызды аяқтаймыз. Жеңімпаздар марапатталады! Сау болыңыздар!

  • Microsoft Word

  • жүктеу 57.89 Kb.