Главная страница
Контакты

    Басты бет


Суханберлиева жансая амангельдиевна

жүктеу 0.57 Mb.



жүктеу 0.57 Mb.
бет2/5
Дата18.03.2017
өлшемі0.57 Mb.

Суханберлиева жансая амангельдиевна


1   2   3   4   5

Зерттеу болжамы: Егер, жоғары оқу орнында педагогикалық пәндерді оқытуда оқу үдерісіне сәйкес ақпаратты-қатынастық технологиясын пайдаланудың ғылыми-педагогикалық негіздемесі жасалса, онда бүгінгі қоғамға қажетті білікті және бәсекеге қабілетті мұғалім мамандарын даярлау қазіргі білім беру саласындағы қоғамдық сұранысты қанағаттандыратын болады.

Зерттеудің жетекші идеясы. Қазіргі заманғы даму процесіне сай қоғамның талабы мен сұраныстарын қанағаттандыруын болашақ мұғалімдерді даярлау үшін ақпаратты-қатынастық технологияны пайдаланудың дидактикалық шарттар жүйесі орындалуы керек.
Сұраныс - нарықтық экономиканың аса маңызды санаттарының бірі, нарықта ұсынылған игіліктерге (тауарларға, көрсетілетін қызметтерге) төлем кабілеті бар қажеттіліктерді көрсетеді, яғни тұтынушы белгілі бір бағамен және белгілі бір уақыт кезеңінде сатып алуға келісетін тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің көлемі, мөлшері.
Ол оқыту технологиясына өзгеріс енгізуді, апап айтсақ педагогикалық пәндер мазмұнына толықтырулар енгізуді, белсенді технологиялар көмегімен қолдануды қажет етеді. Болашақ мұғалімдерді даярлауда ақпаратты-қатынастық технологияларға негізделген арнайы курстар жүргізуді қажет, оқытудың жаңашыл ақпаратты-қатынастық технологиясы жалпы білімдік, базалық педагогикалық пәндерді оқыту толығымен қамтуы тиіс. Ақпаратты-қатынастық технологияларды қолдану арқылы болашақ мұғалімдері дайындаумен қатар, мұғалімдердің болашақ кәсіби қызметінде ақпаратты-қатынастық технологияларды еркін қолдана алатын дәрежеге жеткізуге болады.

Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері: Зерттеу мәселесіне қатысты қазақстандық және шетелдік педагогтардың ғылыми еңбектері. Таным теориясы, жүйелілік, тұлғалық-бағдарлық, іс-әрекет теориялары, интерактивтің оқыту технологиялар теориясы, студенттердің өзіндік жұмыстарына байланысты психологиялық-педагогикалық және ақыл-ой әрекетін қалыптастырудың сатылық теориясы, ғылым мен практиканы интерпретациялау теориясы, жоғары оқу орындарының тұтас үдеріс теориясы.

Зерттеу көздері: Білім беру аумағындағы ресми құжаттар мен нормативтік материалдар, зерттеу проблемасы бойынша отандық және шетел (философ, педагог, психолог) ғалымдарының, студенттердің өзіндік-жұмыстары мен ақпаратты-қатынастық саласындағы диссертациялық зерттеу еңбектері, жоғары оқу орындарының мемлекеттік білім беру стандарты,типтік және жұмыс оқу жоспарлары мен бағдарламалары, компьютерлік оқыту бағдарламалары, педагогикалық және әдістемелік пәндердің оқулықтар мен оқу құралдары, оқытушылардың қазіргі ақпаратты-қатынастық технологияларды пайдалана отырып жинақтаған озық тәжірибелері.

Зерттеу әдістері: Жұмыстың зерттелу барысында бірін-бірі толықтырып отыратын теориялық, педагогикалық-психологиялық ғылыми әдебиеттерге талдау, жаңа педагогикалық тәжірибелерді жинақтау және зерттеу, жоғары оқу орындарының оқу-тәрбие үдерісінің құжаттарына талдау жасау, бақылау, студенттердің іс-әрекет нәтижелерін талдауда логикалық (салыстыру, талдап қорыту, топтау) әдістерін математикалық статистика сияқты әдістер пайдаланылады.
Логика (гр. λογική - «талдауға құрылған», λόγος - «сөз», «сөйлем», «ойлау», «ақыл») - ойлау, оның формалары мен заңдылықтары туралы ғылым. Логика дәлелдеу мен теріске шығарудың белгілі бір әдіс-тәсілдері қаралатын ғылым теориялар жиынтығын құрайды.
Математикалық статистика - математиканың бір саласы, бақылау немесе өлшеу арқылы анықталып, сандар түрінде тізілген деректерді жүйеге келтіру, өңдеу және солар бойынша тиісті ғылыми және практикалық қорытындылар шығару жайындағы ғылым.


Зерттеу кезеңдері:

Бірінші кезең: (2010-2011 жж) – зерттеудің теориялық негізін анықтау, ақпаратты–қатынастық технологияға байланысты психологиялық – педагогикалық, ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді зерттеу, теориялық тұрғыда талдау, зерттеудің ғылыми аппаратын анықтау жүзеге асырылады.

Екінші кезең: (2011-2012 ж) – оқу жоспарлары, бағдарламалары, педагогикалық, оқу әдістемелік құралдар талданды, зерттелініп отырған проблема сұрақтары нақтылады, тәжірибелік – эксперименттік жұмыс мазмұны негізделді. «Білім берудегі ақпаратты-қатынастық технологиялар» атты арнайы курсы құрастырылды.Ұсынылып отырған ақпаратты-қатынастық технологиялар негізінде болашақ мұғалім даярлаудың дидактикалық шарттарының тиімділігін анықтау мақсатында тәжірибе-эксперименттік жұмыс жүргізіліп, нәтижелері қорытындалды.

Зерттеу базасы: Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті алынды.
Қызылорда Мемлекеттік Университеті, Қорқыт Ата атындағы - жоғары оқу орны. 1937 ж. құрылған. Университеттегі 11 факультет, 47 кафедрада 61 мамандық және жаратылыстану, гуманитарлық, білім беру, инженер-техник мұнай-газ, экономика бағыттағы 40-тан астам салалық мамандықтар бойынша мамандар даярланады.
Экспериментке «Педагогика және психология» мамандығы бойынша оқитын 80 студент қатысты.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәнділігі.

Жоғары оқу орындарында педагогикалық пәндерді оқытуда ақпаратты-қатынастық оқыту технологияларының ғылыми-педагогикалық негіздері айқындалды, студенттерге педагогикалық пәндерді оқытудағы ақпаратты-қатынастық технологиясын пайдаланудың педагогикалық шарттары нақтыланып, тексеруден өткізілді.

Жоғары оқу орны студенттеріне ақпаратты-қатынастық технологияны пайдалану

барысындағы студенттердің өзіндік жұмыстарының құрылымдық мазмұндық моделі

құрастырылды.

«Білім берудегі ақпаратты-қатынастық технология» атты арнайы курс бағдарламасы жасалып, оқу процесіне енгізіліп, эксперимент өтті.



Зерттеудің практикалық мәнділігі. Зерттеу жұмысы нәтижесінде жоғары оқу орыны студенттеріне педагогикалық пәндерді меңгертуге ақпаратты-қатынастық оқыту технологиясын қолдануға байланысты жинақталған ғылыми-әдістемелік материалдарды педагогикалық үдерісте пайдалануға болады. Жоғары оқу орындарында болашақ мұғалімдерді ақпаратты-қатынастық технологиялар негізінде даярлау мақсатында:

  • «Педагогикалық пәндерді оқытуда ақпаратты-қатынастық технологияларды қолдану» атты оқытушыларға арналған семинар;

  • «Білім берудегі ақпаратты-қатынастық технологиялар» атты арнайы курс;

  • Ақпаратты-қатынастық технологиялар жағдайындағы студенттердің өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру жолдары анықталады.

Қорғауға ұсынылатын қағидалар:

Жоғары оқу орындарында педагогикалық пәндерді оқытуда ақпаратты-қатынастық технологиясының ғылыми педагогикалық негіздері. Білікті маман жеке тұлғасының қалыптасуы тұжырымдамасы.

Болашақ мұғалімдерді даярлауда ақпаратты-қатынастық технологияларды пайдаланудың тиімділігін арттыру үшін. Оларды студенттерге үйрету мақсатында арнайы курс ұйымдастырылып,онда оқулықтармен қамтамасыз етіліп, сол арқылы аудиторияға, аудиториядан тыс кезеңде ақпаратты-қатынастық технологияларды пайдалануға мүмкіндік жасауы қажет.

Педагогикалық пәндерді оқытуда ақпаратты-қатынастық технологиясын пайдаланудың тиімді жолдары мен әдістері.

Пәндердің ақпаратты-дидактикалық кешендегі, компьютерлік оқыту бағдарлама курстан толық белгілі бір тақырыбын қамтып, студент жұмысын даралауға ықпал етеді.

Зерттеу нәтижелерінің дәлелдігі мен негізділігі: автордың педагогикалық зерттеуінің ғылыми негізімен, зерттеу проблемасын жан-жақты әдіснамалық және теориялық талдаумен, педагогикалық зертеудің логикасымен, зерттеу тақырыбына сәйкес өзара байланыстағы әдіс-тәсілдердің нақты қолданылғанымен, эксперимент бағдарламасының педагогикалық мақсатқа сәйкестілігімен, олардың тиімділігін эксперимент жүзінде бастапқы және соңғы нәтижелердің қорытындылануымен қамтамасыз етілді.

Зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізу және практикаға ендіру.

Зерттеу нәтижелері бойынша 3 ғылыми мақала жарияланды. 1.Ж.Суханберлиева.Магистранттарды дарлауда біздің жаңа бағытымыз.// «Қазіргі кезеңде жаңа формация педагогтарын даярлау: жағдайы, тәжірибесі, перспективалары» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдары (2011 жыл 27 мамыр),- Қызылорда: Қорқыт Ата атындағы ҚМУ, 2011

2.Ж.Суханберлиева. Қызылорда мемлекеттік университетінің 75-жылдығына арналған конференция жинағына басылымға берілді.-2 мақала

Диссертация құрылымы мен көлемі. Диссертация кіріспеден екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен құралған. Кіріспеде зерттеу тақырыбының өзектілігі негізделіп, ғылыми аппараты: зерттеу проблемасы, мақсаты, нысаны, пәні, міндеттері, ғылыми болжамы, жетекші идеясы, әдіснамалық және теориялық негіздері, әдістері мен негізгі кезеңдері беріліп, ғылыми жаңалығы мен теориялық мәнділігі, практикалық құндылығы, қорғауға ұсынылатын қағидалар айқындалып, зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізу мен практикаға ендіру туралы мәліметтер берілді.

Әдебиет (араб.: асыл сөз‎) - сөз өнері, әлеуметтік мәні бар шығармалар жиынтығы.
Мәліметтер (данные; data) - автоматты құралдардың көмегімен, кей жағдайда адамның қатысуымен, өңдеуге I ыңғайлы түрде берілген мағлұмат. Мәліметтердің кірістік, шығыстық, басқару, проблемалық, сандық, мәтіндік, графикалық және т.б.


«Педагогикалық пәндерді оқыту үдерісінде ақпаратты-қатынастық технологияларды пайдаланудың ғылыми–теориялық негіздері» деп аталатын бірінші бөлімде ақпаратты - қатынастық технология ұғымы айқындалды, болашақ мұғалімдерді даярлауда ақпаратты-қатынастық технологияларды пайдаланудың дидактикалық шарттары жасалып, теориялық тұрғыда негізделді.
Ұғым - объективті нағыздық нәрселерін және олардың қасиеттерін көрсететін абстрактілі ойлау формаларының бірі. Ұғым туралы мәселені талдауды "белгі" ұғымын қарастырудан бастайық.


«Оқыту үдерісіндегі ақпаратты-қатынастық технологияны пайдаланудың әдістемесі» деп аталатын екінші бөлімде педагогика психология мамандығы студенттерінің ақпаратты-қатынастық технологияны пайдалануын сауалнама жүргізу, тестілеу арқылы анықталып, оны жақсарту жолдары ұсынылды: болашақ мұғалімдерді даярлаудағы ақпаратты-қатынастық технологияларды қолдану мазмұны арнайы курстар арқылы ашылды. Эксперименталды және бақылау топтарының нәтижелері, тәжірибелік- эксперименттік жұмыс қорытындылары талданды.

Қорытындыда диссертациялық зерттеудің негізгі нәтижелері келтіріліп, болашақ мұғалімдерді даярлауда ақпаратты-қатынастық технологияларды пайдаланудың дидактикалық шарттарының тиімділігі көрсетілді.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімінде зерттеу барысында қарастырылған философиялық педагогикалық, психологиялық және әдістемелік әдебиеттер қамтылды.

Кіріспе бөлімінде зерттеу жұмысына жалпылай сипаттама беріледі, тақырыптың көкейкестілігі дәлелденіп, зерттеудің басты мақсаты мен міндеттері, зерттеудің әдіснамалық негізі анықталды; оның ғылыми болжамы мен жаңалығы, теориялық және тәжірибелік мәнділігі ғылыми тұрғыда негізделеді; қорғауға ұсынылған негізгі қағидалар, нәтижелердің дәлдігі мен негізділігі ашып көрсетіледі.

«Педагогикалық пәндерді оқыту үдерісінде ақпаратты-қатынастық технологияларды пайдаланудың ғылыми-теориялық негіздері» атты бірінші бөлімде қазіргі жоғары оқу орындарындағы білім берудің Қазақстандағы және әлемдік тәжірибедегі даму беталыстарына тарихи-педагогикалық талдау жасалып, студенттердің өзіндік жұмыстарындағы құзіреттілік-іс-әрекеттік теориялары жан-жақты қарастырылып, теориялық-әдіснамалық түрде дәлелденді; зерттеудің проблемалық мәселелерін анықтау мақсатында қазіргі ғылыми білімдегі «студенттердің өзіндік жұмысын қазіргі жаңа ақпаратты-қатынастық технология негізінде ұйымдастыру» ұғымдарына берілетін анықтамаға талдау жасалынып, оның педагогикалық мәні мен маңызы нақтыланды.

«Жаңа ақпаратты-қатынастық технология жағдайында студенттердің өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру барысындағы тәжірибелік-эксперимент» атты екінші бөлімде екі жыл қатарынан (2010–2012 жж.) студенттердің өзіндік жұмыстарын ұйымдастырудың жаңа тұрғыдан қойылған зерттеу мәселесінің мақсаты, міндеттері, мазмұны мен шарттарын тәжірибеден өткізу мақсатында студенттермен және оқытушылармен педагогикалық эксперимент жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, жаңа ақпаратты-қатынастық технологияны пайдалана отырып, дәріс, семинар, тәжірибелік және зертханалық сабақтар өткізу, студенттердің өзіндік жұмыстарында интерактивтік оқыту әдістері мен компьютерлік оқыту бағдарламаларын, автоматты оқыту жүйелерін, жаңа ақпаратты технологияларды қолдану арқылы болашақ мамандардың дербестік және құзіреттілік-іс-әрекеттік қабілеттерін жетілдіру мүмкіндіктері мен қолданылатын әдістемелер сарапқа салынды; жаңа ақпаратты технологияларды пайдалану арқылы студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастыру тәсілдері (педагогикалық пәндерді оқыту жүйесін негізге ала отырып) тәжірибелік-эксперимент кезеңдері, оның нәтижелерінің толық мазмұны көрініс тапты
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Қазақстан Респуликасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» жолдауында жаңа кезеңнің негізгі міндеттерінің бірі «...осы заманғы білім беру, «парасатты экономиканың» негіздерін қалыптастыру, жаңа технологияларды пайдалану мамандарды дайындау сапасын көтеруге басты себеп болатын, инновациялық экономиканы дамыту» деп атап көрсетілген, сондықтан да еліміздегі әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге байланысты білім беру жүйесіне қойылған жаңа талаптарға сай студенттердің белсенділік пен дербестік қабілеттерінің жетілуіне әсер ететін жаңа ақпаратты технологияларды қолдану, оның әлемдік білім кеңістігіне енуіне жол ашуда. Осы орайда ЖОО оқу процесіндегі студенттердің өзіндік жұмысының орны, мәні мен мағынасын жаңа тұрғыдан ашу үшін психологиялық және педагогикалық әдебиеттерді талдауды талап етеді.

Мағына - сөздердің ұғыммен байланысты мәні, мазмұны. Сөз мағынасының қалыптасуына ұғымнан басқа да жәйттер себеп болады, ол адамның дүниеге көзқарасын, көңіл-күйін білдіреді. Сөз ұғымы тұтас, дербес болғанымен, мағынасы әлдеқайда кең әрі бірнешеу болуы мүмкін.
Осы орайда, біздің зерттеу проблемамыздың әдіснамалық негізіне тұлғалық-бағдарлық, құзіреттілік-іс-әрекеттік оқу іс-әрекет теориялары алынды.

Ғылыми әдебиеттерді талдау нәтижесі бұл мәселені тарихи тұрғыдан қарастырғанда XX ғасырдың 50-ші жылдарында Б.П. Есипов жалпы білім беретін мектептердің оқушыларына қатысты өзіндік жұмыстарға: «адамның өз көзқарасы мен өз пікірінің болуы, өз бетімен ойлай, дұрыс шешім қабылдай білуі, өз көзқарасын дәлелдей білуі» деген анықтама берген. Сонымен бірге педагог ғалымдар оқушының өз бетімен белсенділігін арттырудың жолдары мен тәсілдерін (И.Я. Лернер, Р.Г. Лемберг және т.б.), білім беру жүйесін басқару әдістерін (Т.М. Шамова және т.б.) өз еңбектерінде қарастырғандарын анықтадық.

ХХ ғасырдың 30–70-ші жылдардарындағы бірқатар психолог ғалымдардың (Л.С. Выготский, А.Н. Леонтьев, В.А. Петровский, К.А. Абульханова-Славская және т.б.) осы проблема бойынша әрекеттің психология негіздері, психика мен әрекет туралы (С.Л.

Психика (гр. psychikos - ішкі сезім, көңіл-күй) жинақтайтын рухани бірлестігі. Психика биологиялық эволюцияның жемісі және жалғасы. Психика сыртқы құбылыстар мен заттардың көрінісін белсенді және озық түрде бейнелейді.
 Рубинштейн), студенттің мінез-құлқы, рухани зияткерлігі, қарым-қатынас этикасы, ойлау қабілеті, көзқарасы, ынтасы, танымдық деңгейі және де басқа тұлғалық қасиеттері (Б.Г.
Мінез-құлық - адамның тұрақты психикалық ерекшеліктерінің жиынтығы. Мінез-құлық тірі организмнің барлығына ортақ қасиет. Оның басты белгісі – тіршілік иесінің қимыл-қозғалысының түрлі деңгейдегі көріністері.
Ананьев және т.б.) зерттеулерінде талдау тапқан «жоғары оқу орны тұлғаның психикасына, оның тұлға болып қалыптасуы мен жетілуіне қатты әсер етеді» деген тұжырымдамаларын қолдаймыз. Өйткені, тұлғаның бейімделуі ортаға байланысты, демек тұлға сол ортаға бейім болуы үшін, өзінің құзіреттілік қабілеттерін жетілдіріп, өзін-өзі тәрбиелеуі қажет. Оқушының өзіндік жұмыс түсінігіне берілген әртүрлі көзқарастар және осы түсініктердің (Захарова Е.В.): мотив, шығармашылық бастауы, басшылық, белгілі бір әрекетті орындау құралы, оны ұйымдастыру түрлері тұлғаның өзіне байланысты болады, яғни, бір жағынан, өзіндік жұмыстың сыртқы сипаты (педагогикалық басқару, оқу тапсырмалар жүйесі, дидактикалық құрал және т.б.), екінші жағынан алғанда, өзіндік ізденіс барысындағы субъектінің ішкі (мотив, шығармашылық сипат, іс-әрекет тәсілі мен мазмұны, өзін-өзі басқару) сипаты көрінініс табатындығында. Сондықтан зерттеуімізде студенттердің өзіндік жұмыстары оқу процесін жаңа ақпаратты-қатынастық технология қолдану негізінде оқытушымен басқарылатын студенттің мақсатты бағытталған субъективтік әрекетінің жиынтығы ретінде дербестік әрекетте сипатталады.
Бағыттау (орыс. наведение) - күштерге (сүңгуір қайықтарға, авиациялык ұшу аппараттарына) немесе қаруға (ракеталарға) козғалыс параметрлері (бағыт, жылдамдық, биіктік жөне т.б.) арқылы берілетін басқару тәсілі.
Дербестік – ол тұлғаның өзіндік жұмыстарды рефлексивтік қабілетін қалыптастыру негізінде орындау мүмкіндігін анықтайтын интегралды қасиеті.

Біз зерттеуімізде тұлғаның дербестік рефлексивтік жетілуіне бағытталған өзіндік жұмыстардың сыртқы мәнін қарастыру барысында тұлғалық-бағдарлы, құзіреттілік-іс-әрекеттік теорияларына, сонымен бірге басқа да теориялар мен жекеленген оқыту технологияларымен тығыз байланыстығына сүйендік. Ол біздің зертеу проблемамыздағы студенттің дербес оқу әрекетінің ішкі мәнінің толықтығын жаңа тұрғыдан көрсетеді. Бұл жерде біз әсіресе құзіреттілік-іс-әрекеттік тәсілге (А.В. Хуторской, В.В. Сериков, В.А. Болотов және т.б.) мән бергеніміз жөн.

XX ғасырдың 80-ші жылдарында тұлғалық бағдар мен педагогикалық технологияларды жетілдіру (И.С. Якиманская, Т.Б. Сериков және т.б.), білім беру технологиясындағы ғылым мен практиканың алатын орны (В.В. Гузеев және т.б.), іс-әрекеттік, қарым-қатынас ерекшеліктері (А.В. Хуторской, Б.С. Гершунский, В.В. Давыдов, П.М. Эрдниев, С.В. Кульневич және т.б.) мәселелеріне көптеген ғалымдардың зерттеулері арналған. Сол сияқты, компьютерлік технология мен коммуникация өмірді танудың күшті құралы болып табылатындығын жоғарыда аталған бірқатар ғалымдар дәлелдеген.

Қатынасу, тілдесу (communication) - қатысушының екеуіне де ақпараттың түсініктілік шарты орындалған кезде бір қатысушыдан екінші қатысушыға ақпаратты жеткізудің екі жақты процесі; екі немесе одан да көп адамдардың әлеуметтік-психологиялық өзара әрекет ету процесі.
Компьютерлік технология (Компьютерная технология; computer technology) - компьютерлік өңдеу базасындагы ақпараттық технология.
Ендеше бүгінгі күні осы теорияларға сүйене отырып, студенттердің өзіндік жұмысын жаңа сипатта ұйымдастыруды және компьютерлік технология мен коммуникацияны біздің еліміздің оқу орындарының практикасына енгізуді (Интернет, мультимедиялар, электрондық сөздіктер, электрондық оқулықтар және т.б.) талап етіп жатқанын байқадық. Өйткені олардың бүгінгі күнде ЖОО-да студенттердің өзіндік жұмыстарын ұйымдастыруда өте маңызды рөл атқаратындығына көзіміз жетті. Тұлғалық-бағдарлық, құзіреттілік-іс-әрекеттік тәсілдер студенттердің өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру барысында өз бетімен білім алуға, өзіндік жетілуге жағдай жасауды ұсынады. Осыдан келіп, біз студенттердің өзіндік жұмыстарын танымдық әрекеттің ерекше түрі деп қарастырамыз. Осы орайда құзіреттіліктің дәстүрлі білім түрінен айырмасы неде десек, ол практикалық-бағдарлық, теориялық білімін өмірдегі тәжірибеге, қалай тез жүзеге асыратындығында, іс-әрекеттік сипатта болатындығында. Сондықтан олар теориялық және қолданбалы білім жүйесінен басқа, когнитивтік, рефлексивтік және операциялық-технологиялық компоненттерден тұрады. Біздің ойымызша, құзіреттілік–іс-әрекеттік білім жүйесінің жиынтығы, оның құрылымына эмоциялық және мотивациялық компоненттер кіреді.
Эмоция (фр. emotion, лат. enoveo - толғану) - адам мен жануарлардың сыртқы және ішкі тітіркендіргіштер әсеріне реакциясы; қоршаған ортамен қарым-қатынас негізінде пайда болатын көңіл-күй.
Сонымен бірге оқыту процесінде студенттің жеке психологиялық сипаттамаларын (мотивация, бейімделу, қабілеттілік, коммуникативтік, когнитивтік стиль және т.б.) арнайы ұйымдастыруды қажет етеді.

Осыған орай зерттеу мақсатымызға байланысты психологикалық-педагогикалық әдебиеттерді талдау негізінде студенттерге күнделікті өмірге қажетті қазіргі студент-тұлғаға тән төмендегідей педагогикалық қасиеттердің жиынтығы керек екенін айқындадық: білім, икемдік, дағды, ой-әрекет тәсілі, тұлғаның өзін-өзі басқару механизмі, эмоциялық-әдептілік ортасы.

Механизм (гр. mehane - құрал, мәшине) - бір немесе бірнеше қатты денелерді басқа қатты денелер арқылы қажетті қозғалысқа келтіретін денелер жүйесі. Механизм құрылымдық белгілері бойынша топсалы (иінтіректі), бағдартқышты, тісті, сыналы, бұрамалы, ыңғайландырғыш, арнайы, шыбық қысқыш, иілгіш буынды, гидравликалық, пневматикалық және электрлі құрылғылары бар және т.б.
Қазіргі ақпаратты қоғам және педагогикалық жүйе жағдайында дербестік проблемасы жаңа деңгейден көрінеді. Біздің Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде «Педагогика және психология» мамандығының 3,4 курс студенттеріне жүргізілген анықтау эксперименті, студенттердің өзіндік жұмыстары олардың 14%-нің ұғыну түсініктерін есте сақтауларына, 64% − материалды немқұрайды ұғынуға, 12% − СӨЖ-ге деген талпыныстарының жоқтығын анықтадық.

Сонымен осы қасиеттерге байланысты студенттердің өздігінен жұмыс істеу мүмкіндіктерін анықтап, оларды дамытуға ықпал ету, құзіретілікке, эвристикалық мәселелерді шешуге үйрету, қоғамдық белсенді, біліми тұрғыда жетілген тұлғаны тәрбиелеп шығару міндеті ЖОО алдына қойылған. Өйткені бүгінгі күні ақпаратты технологиялардың көптігі мен студенттердің оны қабылдауға дайын еместіктері студенттердің өзіндік жұмыстарын (СӨЖ) ұйымдастыру проблемасына жаңа тұрғыда қарау қажеттігі туындайды. Демек, студеттердің өзіндік жұмыстарының сапалығы оны ұйымдастыруға, білімнің мазмұны мен сипатына ғана емес, оның жаңа технологияларды жылдам қабылдау икемдігіне, оны орындау нәтижесіне тікелей байланысты.

Осы орайда СӨЖ бір жағынан, оқу процесіндегі студенттің дербес әрекетін басқару және ұйымдастырудың педагогикалық құралы ретінде көрініс тапса, екінші жағынан, оқу және ғылыми танымның ерекше түрін білдіреді.

Осыған орай СӨЖ туралы жазған ғалымдардың еңбектерін зерделей келе, өзіндік жұмыстың мәні толық ашылмай, нәтижесінде субъектілік әрекет көрініс таппайтыны байқалды. Сондықтан жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, «студенттердің өзіндік жұмыстарын қазіргі жаңа ақпаратты-қатынастық технология негізінде ұйымдастыру» ұғымы туралы біз өзіміздің анықтамамызды ұсынамыз: бүгінгі күні студенттердің өзіндік жұмысы - ол тұлғаның бүкіл өмір бойына үздіксіз және өз бетімен білім алу барысындағы икемдік, дағды, белсенділік және құзыреттілік қабілеттерін жетілдіруге ықпал ететін, өмір ағынына сай өзгерістерге бейімділігін қалыптастыратын іс-әрекет. Осы ұғымымыздың мазмұны - ол студенттердің жаңа ақпаратты-қатынастық технология жағдайындағы құзіреттлігін қалыптастыру, бәсекеге қабілеттілігін жетілдіру.

Жоғарыда айтылған теориялық материалды негізге алып, біз студенттердің өзіндік жұмыстарын жүйе ретінде қарастырып, оны ақпаратты-қатынастық технология жағдайында ұйымдастырудың жүйесін құрастыру мақсатында, біз, алдымен ақпаратты-қатынастық технология жағдайындағы студенттердің өзіндік жұмыстарын ұйымдастырудың құрылымдық-мазмұндық моделін жасадық. (1 кесте).


1-кесте. Ақпаратты-қатынастық технологияны пайдалану барысындағы студенттердің өзіндік жұмыстарының құрылымдық мазмұндық моделі.




Компоненттер:

педагогикалық-ұйымдастырушылық шарты

технологиялық-процессуалдық шарт

дидактикалық-құзіреттілік шарты

Критерилері:


ЖАТ қолдану меңгеруге деген қызығушылығы

Ақпаратты технология

лардан білім тірегінің болуы



ЖАТ-тан

практикалык икемдік пен дағдының болуы



Көрсеткіштері:

- кәсіби әрекетіндегі ЖАТ мәнін, таңдап алған мамандығының әлеуметтік-қоғамдық маңызын тусінуі

- ЖАТ қолдану мен меңгеруге деген ынтасы,

- ЖАТ әсіби әрекетінде қолдану проблемасына деген қызығушылығы;

- ЖАТ арқылы білімін үнемі жетілдіріп отыруға деген талпынысы;

- бугінгі күні ЖАТ қажеттілігін түсінуі;

- шығармашылық потен

циалын ЖАТ арқылы жүзеге асыруға деген ниеті;


- ЖАТ жөнінде негізгі білімінің болуы;

- кәсіби әрекетте ЖАТ қолданудың әдіс-тәсілдерін,

мүмкіндіктерін білуі;

- ақпаратты материалдарды өңдеу тәсілдерін білуі;

- ЖА Т шығармашылық кажеттіліктерін жүзеге асыру үшін қолдана білу;


-ЖА Т қолдана отырып әртүрлі ақпаратты өндеу және керек ақпаратты таңдап ала білу;

- ЖАТ арқылы алынған ақпаратты оқу әрекетінде қолдана білу;

- болашақ кәсбіи жетілуінде ЖАТ қоллану арқылы табысты жетістіктерге жету.


Деңгейлері:


Төмен: студенттің өзіндік жұмысты ұйымдастырудағы белсенділік қәбілеттері төмен;

өз бетімен жұмыс ісгеу жақтарын білмейді; жаңа ақпаратты технологиялар туралы білімі таяз; оны оқу және кәсіби әрекетінде қолдану дағдысы жоқ, өзі туралы көзқарасы қалыптаспаған. Бұл деңгейдің көрсеткіштері барлық тапсырманы үстіртін орындау, шешім қабылдау барысында ең оңай тәсілді тандау, шығармашылық қабылетін көрсете білмеу.

Орта: тұлғалық-белсенділік, құзіреттілік-іс -әрекетік қасиеттері бар болғанымен өзіндік жұмыстарды ЖАТ жағдайында сырттан көмек күтеді, танымдық іс-әрекет пен өз бетімен жұмыс істеу дағдысын және жаңа ақпаратты қабылдай білу мен меңгеру керектігін түсінеді, бірақ жоғары нәтижесінде емес. Студенттің ЖАТ туралы түсінігі бар болғанымен, оны оқу әрекетінде қолдана алмайды. Көрсеткіштері: студенттің тапсырманы оқу-кәсіби әрекетінде алынған білім, икемдік пен дағдыны пайдалана отырып ЖАТ арқылы өз бетімен орындауға талпыныс.

Жоғары: тұлғалық-белсенділік, құзіреттілік-іс-әрекеттік қасиеттері жоғары; ЖАТ арқылы өз бетімен жұмыс істеудің жағымды жақтары қалыптасқан; құзіреттілік қасиеттердің пайдасы мен мәнін ұғынып, өзіндік жұмыстарын орындау барысында қолдана біледі, белсенді –қабілетті жеке тұлға. Көрсеткіштері: студенттің барлық шығармашылық әрекетке белсенді қатысуы, іс-әрекеті барысында дербестік қабілеті, жаңа білімді іздеуге, өзін-өзі жетілдіруге деген талпынысы анық байқалады.


1   2   3   4   5

  • Зерттеудің жетекші идеясы.
  • Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері
  • Зерттеу кезеңдері: Бірінші кезең
  • Зерттеу базасы
  • Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәнділігі.
  • Зерттеудің практикалық мәнділігі.
  • Қорғауға ұсынылатын қағидалар
  • Зерттеу нәтижелерінің дәлелдігі мен негізділігі
  • Зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізу және практикаға ендіру
  • Диссертация құрылымы мен көлемі.
  • «Педагогикалық пәндерді оқыту үдерісінде ақпаратты-қатынастық технологияларды пайдаланудың ғылыми–теориялық негіздері»
  • «Оқыту үдерісіндегі ақпаратты-қатынастық технологияны пайдаланудың әдістемесі»
  • Педагогикалық пәндерді оқыту үдерісінде ақпаратты-қатынастық технологияларды пайдаланудың ғылыми-теориялық негіздері»
  • біз өзіміздің анықтамамызды ұсынамыз
  • Компоненттер: педагогикалық-ұйымдастырушылық шарты технологиялық-процессуалдық шарт

  • жүктеу 0.57 Mb.