Главная страница
Контакты

    Басты бет


Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2009 жылғы

жүктеу 0.51 Mb.



жүктеу 0.51 Mb.
бет1/3
Дата12.04.2017
өлшемі0.51 Mb.

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2009 жылғы


  1   2   3













Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің

2009 жылғы________

№ ___ қаулысымен

бекітілді







«Шығыс Қазақстан облысының энергетика

және коммуналдық шаруашылық басқармасы»

мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған

стратегиялық жоспары

Мазмұны
1.

Коммуналдық шаруашылық. Облысты электрэнергиясымен жалпы белгіленген қуаты 1916 мВт, қолдағы бары 1953 мВт, нақты өндіретіні 1465 мВт болатын 8 жылу электростанциясы (КарМАЭС 1,2, ЖЭО - 2,3, ЖЭО - ПВС, Жезқазған, Балқаш, Тентек ЖЭО) 82% қамтамасыз етеді.

Миссиясы және пайымдауы

2. Ағымдағы ахуалды талдау 3. Қызметтің стратегиялық бағыттары, мақсаттары, міндеттері және мақсатты индикаторлар

4.

Стратегия гр. strategia - әскер кіргізу - қоғамдық, саяси күреске басшылық өнері, оны жүргізудің қоғам (кәсіпорын, партия) дамуының нақты кезеңінің нақты жағдайларынан туындайтын жалпы жоспары, белгілі бір мақсатқа қол жеткізуге бағытталған қаражат пен ресурстарды пайдалану тәсілі.

Индикаторлар (латынша: indico – нұсқаймын, анықтаймын) - белгілі бір геологиялық, топырақтық, гидрологиялық, климаттық жағдайларға тән әр-текті табиғи объектілер (өсімдіктер, қазба организмдер, кейбір минералдар және т.б.).

Мақсат - белгілі бір межеге қол жеткізуге бағытталған әрекеттің ой-санадағы көрінісі. Мақсат ойлау нәтижесінде болашақты алдын ала болжау арқылы туатын мұрат, ішкі қозғаушы күшті білдіреді. Мақсатқа жету үшін әр түрлі іс-әрекеттер мен қимылдар жасалады.

Функционалдық мүмкіндіктер және ықтимал қауіптер

5. Нормативтік құқықтық актілер 6. Бюджеттік бағдарламалар




  1. Миссиясы және пайымдауы

Шығыс Қазақстан облысы энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының (бұдан әрі – Басқарма) миссиясы – ол энергоресурстарда энергетикалық қауіпсіздікті және отын-энергетикалық секторды дамыту арқылы өңір экономикасының өсіп келе жатқан қажеттіліктерін қамтамасыз етуге ықпалдасу, облыстың тұрғын үй-коммуналдық кешенін дамытуға ықпалдасу.

Басқарма - Мемлекеттік атқару және билік жүргізу органдарының құрамындағы әкімшілік бөлімше; Кәсіпорынның, ұйымның қызметіне алқа түрінде басшылық жасайтын, белгілі бір мерзімге сайланатын орган. Оны әдетте, ұжым мүшелерінің жалпы жиналысы сайлаған төраға басқарады; Ұжым басшысы.

Экономика (гр. Οικονομία - үй шаруашылығын жүргізу өнері) - материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастар.

Пайымдауы – энергия қауіпсіздігін және энергия үнемдеу принциптерін іске асыруға кепіл беретін өңірдің дамыған отын-энергетикалық секторы;

Қағида немесе принцип (лат. principim – принцип; негіз, алғы бастама) - белгілі білім жүйесінің түп-негізі, алғы бастамасы, абстрактылы түрдегі ең қысқа жалпылама мазмұны. Ғылыми танымда идея, теория, әдіс сияқты таным түрлерімен өзара байланыста тұжырымдалады.

өңір халқының қажеттіліктерін қанағаттандыратын коммуналдық шаруашылықтың тиімді және дамыған жүйесі.
2. Ағымдағы ахуалды талдау
2.1. Энергетика

2008 жылы Шығыс Қазақстан облысында 7,27 млрд. кВт сағат электр энергиясы өндірілді, ол өткен жылғы деңгейден 6,8%-ға төмен. Бұқтырма су қоймасының су толымдығының азаюы себебінен су электр станциясы электр энергия өндіруді төмендетті.

2008 жылы электр энергия желісіне 6,89 млрд. кВт сағат жіберілді, ол өткен жылғы деңгейден 7 %-ға төмен.

Электр энергиясын тұтыну облыс бойынша 2008 жылы 5 %-ға өсті және 8,14 млрд. кВт.сағатты құрады.

Облыс бойынша электр энергиясын тұтыну көлемі электр энергия өндіру көлемінен 1282 млрд. теңгеге асып түсті, ол 2007 жылғыдан 45 %-ға көп. Облыс аталған мерзімде 887,7 млн. кВт сағат алынды немесе 2007 жылдан 71 %-ға көп, облыстан 1724 млн. кВт сағат немесе өткен жылғы деңгейден 40 %-ға жоғары.

Энергетика кәсіпорындары бойынша 2008 жылы негізгі капиталға инвестиция салу 4,79 млрд. теңгені құрады немесе 2007 жылғы деңгейге 182%.

АЭС компаниясының кәсіпорындары бойынша өткен жылы 1,93 млрд. теңге көлемінде инвестиция салынды немесе өткен жылғы деңгейден 46 %-ға көп.

2008 жылғы шілдеде Риддер жылу энергетикалық орталығында турбина іске қосылды, ол станциядағы электр энергиясының жылдық өндірімін 105 млн. кВт сағатқа ұлғайтуға мүмкіндік берді.

2008 жыл ішінде Өскемен жылу энергетикалық орталығында көмір үйіндісін қайта жаңарту жобасы іске асырылды, өрт станциясы және өртке қарсы сыртқы су құбыры салынды, жылумеханикалық және энерготехникалық жабдықтарды қайта жаңарту бойынша жұмыстар орындалды.

Өскемен жылу желілері жылуды Өскемен жылу энергетикалық орталығынан сол жағалауға Жібек маталар комбинаты ауданына аудару жобасының шеңберінде құрылысты аяқтап, Абай даңғылындағы төмендеткіш-жоғарылатқыш сорғы станциясын пайдалануға қосты.

«Казцинк» акционерлік қоғамы Бұқтырма су электр станциясы-Риддер ВЛ-110 кВ электр беріліс желісінің құрылысына 781 млн.

Жоба - жасалуға, қайта құрылуға, қалпына келтірілуге, салынуға тиісті кәсіпорындар мен ғимараттардың, қондырғылар мен жабдықтардың, аппараттардың, т.б. макеттері, есептеулері және принципті дәлелдері көрсетілген техникалық құжаттар жиынтығы.

Жабдық - бір нәрсеге керек механизмдер, тетіктер, әр түрлі құралғылар жинағы.

Акционерлік қоғам - капиталды орталықтандырудың және ірі кәсіпорындарды ұйымдастырудың негізгі формасы. Акционерлік қоғамдар капиталдың алғашқы қорлану кезеңінде пайда болған. Акционерлік қоғам ашық және жабық болып екі түрге бөлінеді.

теңге көлемінде ақша қаражатын игерді.

2008 жылы республикалық бюджеттен бөлінген 1597 млн. теңге сомасындағы қаражатқа 2007 жылы басталған Семей қаласының қолданыстағы қуаттары мен жылу желілерін жаңғырту бойынша жұмыстар аяқталды.

Қала Қала, шаһар - тұрғындары өнеркәсіп, сауда, қызмет көрсету орындарында және ғылыми, мәдени, басқару мекемелерінде жұмыс жасайтын, халқы тығыз орналасқан ірі елді мекен. Әдетте қала Тұрғындар районы, Өнеркәсіп районы, Сауда районы, кейбірінде Әкімшілік басқару районы секілді негізгі райондарға бөлінеді.

2008 жылғы игеру 1, 554 млн. теңгені немесе 2,7 %-ды құрады.

Семей қаласының жылумен қамту жүйесін жаңғырту бойынша 2009-2011 жылдарға арналған жобаны іске асыруға 14 млрд. теңге сомасындағы қаражатты бөлу мәселесі Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігімен, Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігімен пысықталды.

Ресурстар (французша ressourse - құрал-жабдық, мүмкіндік), босалқы қорлар - табыс, ақшалай және басқа қаражат, құндылықтар мен олардың көздері.

Бүгінгі таңда энергетика саласында белгілі проблемалар бар. Бұл – электр энергиясының тапшылығы, ол бүгіннің өзінде 1 млрд. кВт сағаттан артықты құрайды, өз нормативтік ресурсын өндіріп болған негізгі қордың мүлдем тозуы да облыстың энергиямен сенімді қамтылуына алаңдатушылық туғызады.

Бұған қоса жаңа энергетикалық қуаттарды (Бұлақ су электр станциясының құрылысы, Өскемен су электр станциясының турбогенераторын жинақтау) қосу бойынша белгіленген басым инвестициялық жобаларды орындау мерзімі түрлі себептермен тоқтатылуда. Тозу пайызы Су электр станциясында – 30-68 %, Жылу электр орталығында – 65-70 %-ды, өңірлік электр желілерінде – 60-70 %-ды құраған қолданыстағы энергетикалық қуаттарды жаңғырту және жөндеу қаржыландырудың жоқтығын желеу етіп өте баяу жүргізілуде.

Аудандағы 335 шақырым иесіз желілердің болуы энергиямен тұрақсыз жабдықтаудың себебі болып табылады. Бұл проблема Семей, Риддер қалаларында, Аягөз, Зырян аудандарында өте қиын болып тұр.

Мамандандырылған ұйымдарға балансқа беру тәртібіне сәйкес оларды техникалық жөнделген қалыпқа келтіру қажет, оған шамамен 1 млрд. теңгеден артық қаражат керек, сондай-ақ жылжымайтын мүлік орталығында коммуналдық меншік ретінде тіркеу де белгілі қаражатты талап етеді.

Меншік - жеке адамдарға немесе ұжымдарға тиесілі өндіріс құрал-жабдығы мен өнімдері, қаражат.

Бекітілген тізбеге сәйкес облыста 499-дан астам энергиямен үздіксіз жабдықтау объектілері бар. Апаттық броньннің қажетті деңгейін алу үшін қолданыстағы заңға сәйкес апаттық броньді төлеуге банктік кепіл және екі еселік қорек болуы керек. Алайда, осы талаптар орындалмайды. Объектілердің шамамен 50 %-да екінші қорек көзі жоқ, әсіресе бұл бюджеттік сала объектілеріне қатысты.

Облыста электр байланысы тартылмаған 17 ауылдық мекен бар, Үкіметтің тапсырмасына сәйкес тұрғындар саны 50 адамнан асатын 5 ауылдық елді мекенге электр байланысын тарту қажет, ал тұрғындар саны 50 адамнан кем 12 ауылға энергияның баламалы көздері (ЭБК және т.б.) есебінен электр байланысын тарту қажет.

5 ауылды электрлендіру шамамен 700 млн. теңгеден асады. Осы 5 ауылды электрлендіруге 2009 жылы облыстық бюджет есебінен жобалау-сметалық құжаттама әзірлеу қажет. Алайда қаражат бөлу мәселесі бүгінге дейін шешімін тапқан жоқ.

Жаңа қуаттарды қолдану бойынша белгіленген инвестициялық жобаларды іске асыруды жеделдету қажет – бұл Бұлақ су электр станциясы құрылысына техникалық-экономикалық негіздеме келісуін қысқа мерзімде аяқтау, Өскемен жылу электр орталығында 2010 жылы пайдалануға берумен турбогенератор жинақтауды бастау, Күршім су электр станциясы құрылысын концессияға тапсыру.

Энергетикалық кешеннің қолданыстағы қуаттарын жаңғырту және қайта жаңарту бойынша жұмысты жоспарлы түрде бастау.

Электр энергия тапшылығының жағдайында оны тиімді пайдалану және үнемдеу өзекті мәселеге айналып отыр.

Жағдай - адам әрекетінің , жан-жануарлар тіршілігінің, табиғат пен қоғамдағы өзгерістің, оқиғаның, т.б. айналадағы ортаның ықпалына тәуелділігін білдіретін философиялық ұғым. Табиғаттағы, қоғамдағы белгілі бір өзгерісті тудырушы алғышарт есебінде де қарастырылады.

Энергия үнемдеу бойынша өңірлік бағдарламаны әзірлеу және іске асыру жұмыстарын жүзеге асыру қажет. Облыс тұрғындарының арасында энергия үнемдеу саясатын түсіндіру бойынша кең ауқымды жұмыс ұйымдастыру қажет.

«Иесіз желілерді» мамандандырылған кәсіпорындар балансына тапсыру рәсімін орындау, бюджеттік ұйымдар объектілерінде екінші қорек көздерін қалпына келтіру қажет.

Үздіксіз қамтамасыз ететін объектілер бойынша екінші қоректің болуына мониторинг жүргізу, бюджеттік сала объектілерінде екінші қоректің құрылысы және қалпына келтіру жұмыстарының көлемін және құнын анықтау, қаржыландыру бойынша ұсыныстар жасау.

2009-2010 жылдары тұрғындар саны 50 адамнан асатын 5 ауылдық елді мекенді электрлендіру.

2011 жылға дейін тұрғындар саны 50 адамнан кем тұратын электр байланысы тартылмаған 12 ауылдық елді мекенді энергияның баламалы көздерін (шағын СЭС, желдік қондырғылар және т.б.) пайдалану есебінен электрлендіру.

2.2. Телекоммуникациялар

Облысішілік, қалааралық және халықаралық байланыс Өскемен және Семей қалаларының автоматтық халықаралық телефон станциялары арқылы жүзеге асырылады.

Телекоммуникациялар (ағылш. Telecommunications) - негізі ақпарат тарату құралдары мен әдістері болып табылатын әрекет аймағы. Телекоммуникациялар немесе коммуникациялар мемлекетгің инфрақұрылымның маңызды белігіне жатады.

Станциялық жабдық, телекоммуникациялық желілер ұқсас жабдықты цифрлыққа ауыстыру жолымен жаңғыртылды, бұл байланыс сапасын жақсартып, көрсетілетін қызметтер санын кеңейтті. Өскемен және Семей қалаларында сымсыз жабдық қолданылуда, бұл облыс орталығында телефон орнатуға кезекке тұруды жойып, қызмет көрсетудің тоқтаусыз әдісіне ауысуға мүмкіндік береді.

«Қазақтелеком» ШҚ ТОД жоспарына сәйкес тұрғындар саны 50 адамнан кем телефон байланысы тартылмаған 35 ауылдық елді мекеннің 11 ауылдық елді мекеніне телефон байланысы тартылды. Қалған 24 ауылға телефон орнату 2009 жылы жалғасатын болады.

Облыс бойынша өткен жылы қосымша 28 440 телефон орнатылды, қазіргі күні жалпы саны 350 138-ді құрайды. Облыста телефон орнату деңгейі 97,5 %-ды құрайды.

2008 жылы ШҚ ТОД облыстың 26 ауылында сандық АТС-ті жаңғыртып, орнатты, бұл байланыс сапасын біршама жақсартты.

2010-2012 жылдары желілерді дамыту мен жаңғырту бойынша мынадай іс-шаралар жүргізу жоспарлануда.

WiFi кең алапты сымсыз желілерінің құрылысы жалғасатын болады. Бұл технология қоғамдық орындарда: қалалардың әуежайларында, вокзалдарында, кітапханаларында, емханаларында, қонақ үйлерінде, сауда-көңіл көтеру орындарында, гипермаркеттерде, оқу орындарында, кафе және мейрамханаларда Интернетпен сымсыз қолдануға мүмкіндік береді.

ШҚ ОТД қызметі әлеуметтік және үкіметтік міндеттерді шешуге бағытталатын болады: мемлекеттік органдар мен мектептерде интернет байланысын орнату, әлеуметтік қорлар үшін бірыңғай көлік желілерін салу және Қазақстан Республикасында ақпараттық және сандық теңсіздікті төмендету бойынша компания алдына қойылған мақсаттарға жетуге ықпал жасайтын «электрондық үкімет» құру бойынша мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға қолдау көрсету.

Мейрамхана - қызмет көрсету деңгейі бойынша люкс, симпозиум қатысушыларына, банк және офис қызметкерлеріне арналады. Егер де бизнес-ланч үш тағамнан құралса, тұтынушылар төрт курстан тұратын жинақты тандайды: бірінші курс - салқын және ыстық басытқылардың бірнеше варианттары; екінші курс - көжелер; үшінші курс - негізгі ыстық тағамдар және төртінші - десерт.

Ақпарат (лат. informatio - түсіндіру, мазмұндау) ұғымы күнделікті өмірден бастап техникалық салада пайдаланылатын көп мағыналы ұғым. Жалпы алғанда бұл ұғым шектеу, байланыс, бақылау, форма, инструкция, білiм, мағына, құрылым, бейнелеу, сезіну тағы басқа ұғымдармен тығыз байланысты.

Әлеуметтану Әлеуметтану - қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы ғылым. Әлеуметтану фактілерді, үдерістерді, қатынастарды, жеке тұлғалардың, әлеуметтану топтардың қызметін, олардың рөлін, мәртебесі мен әлеуметтану мінез-құлқын, олардың ұйымдарының институты.

Өскемен және Семей қалаларының байланыстарын NGN (NGN New Generаtion Networks – жаңа ұрпақ желілері) жаңа ұрпақ желілеріне ауыстырумен жаңғыртуды аяқтау жоспарлануда, ол моральдік ескірген ұқсас телефон станцияларының 32 мың абонентін қазіргі заманғы сандық телефон станцияларына ауыстыруға, сондай-ақ 20 мың жаңа абонентті телекоммуникация желісіне қосуға, кейіннен қазіргі заманғы жоғары технологиялық сандық теледидарды енгізуге мүмкіндік береді.

Абонент (фр. abonner - жазылу) - абонементті пайдаланатын тұлға (адамдар тобы, мекеме, ұйым). Байланыс Абоненттің телефон, телеграф станциялары және радиоторап қызметін, есептеу техникасының абоненті - есептеу жүйесі қызметін пайдалануға құқығы бар.

Теледидар - телехабар бағдарламаларындағы бейне мен дыбыстық сүйемелдеудің радио сигналдарын күшейту мен түрлендіруге арналған теле, радиоқабылдағыш теледидар түрлі түсті, ақаласықара кескінді, стационарлы және тасымалды болып ажыратылады.

140-тан астам ауылдық елді мекенді радиоқолдану технологиясы арқылы телефон орнатып, 15,5 мың телефон орнату жоспарлануда.

2.3. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықта қазіргі күні 4129 көп пәтерлі тұрғын үй (6582 мың ш.м.) күрделі жөндеуді қажет етеді, оған 14,8 млрд. теңге қажет.

Көп қабатты тұрғын үйлердегі лифт шаруашылығы да қанағаттанарлықсыз жағдайда. Облыста 1098 лифт бар, оның ішінде қазіргі уақытта 330 лифттің нормативтік пайдалану мерзімі өтіп (25 жылдан астам), күрделі жөндеуді қажет етуде. Лифттерді жөндеуге болжанған шығыстар 738,6 млн. теңгені құрайды.

2007-2008 жылдары 54 лифт бюджет және демеуші қаржысының есебінен жөнделді.

Лифттер коммуналдық меншікке берілген жағдайда ғана бюджеттік қаражаттың бөлінуі мүмкін болады. Алайда, көптеген үйлерде лифт шаруашылығы тұрғын үй иелерінің үлес меншігінде тұру себебінен қиыншылық тудыруда және осыған сәйкес лифттерді жөндеу және пайдалану тұрғындардың өздерінің жарналарының есебінен жүргізілуі тиіс.

2008 жылы Басқарма қалалар мен аудандардың әкімдіктерімен бірлесіп жылу көздері мен инженерлік инфроқұрылым объектілеріне түгендеу жүргізді.

Инженер - инженерлік іспен айналысатын, ғылыми білімін, математиканы және өнертапқыштығын қолданып, техникалық, қоғамдық және коммерциялық проблемалардың шешімін табумен айналысатын маман. Инженерлер материалдарды (заттар), құрылымдарды және жүйелерді олардың тиімділігі, заңға сәйкестігі, қауіпсіздік мәселесі және бағасы себепті туындайтын шектеулерді ескере отырып жобалайды.

Жүргізілген талдау қазан жабдықтарының орташа тозу пайызы – 70 %, жылу желілері – 65 %, су құбыры және канализация желілері – 85 % және тазарту имараттары мен канализация-сорғылық станциясы – 75 % және 70 %-ды құрайтындығын көрсетті.

Канализация - қабылдап алып, тазартқыш ғимараттарға жеткізетін инженерлік құрылыстар, жабдықтар мен санитариялық шаралар кешені. Ағынды суларды елді мекендер аумағынан әкететін жер асты құбырлар жүйесі канализациялық желі деп аталады.

Шығыс Қазақстан облысының 2009- 2013 жылдарға арналған инженерлік инфроқұрылым объектілерін жаңғырту бағдарламасының жобасы әзірленіп, ҚР Премьер-Министрінің Кеңсесіне келісімге жіберілді.

Бекітілген тарифтердің іс жүзіндегі шығындарға сәйкес келмеу себебінен облыстың коммуналдық кәсіпорындары залалды және де инженерлік желілер мен жабдықтарды қалпына келтіруге қаражаттары жоқ. Тіршілікті қамтамасыз ету жүйесінде жаңа технологиялар енгізу бойынша жұмыстар жүргізілмейді.

Сондай-ақ, арнайы техника сатып алу бөлігінде материалдық-техникалық базаны нығайту коммуналдық кәсіпорындардың қалыпты жұмыс істеуінің маңызды мәселелерінің бірі болып табылады. Қалалар мен аудандар әкімдіктерінің арнайы техникаға өтінімдерін талдай келе, аса қажеттілік ассенизаторлық машиналарға, экскаваторларға, мамандандырылған апаттық машиналарға бар екендігі анықталды.

Аталған техниканы сатып алу үшін болжанған сома 950 млн. теңгені құрайды.

Облыста соңғы үш жылда газ шаруашылығында аса ауыр жағдай қалыптасты. Қазіргі уақытта облыс аумағында 635 газ таратушы қондырғы бар, оның 328 жұмыс істемейді.

Аумақ - құрлық бетінің өзіне тән табиғи, сондай-ақ адамның карекеті нәтижесінде жасалған қасиетгері мен ресурстары бар бөлігі. Ресурстардың ерекше түрлерінің болуымен - орналасуымен (ауданымен), географиялық орнының ерекшелігімен, табиғи ландшафтының өзіндік типтерімен, шаруашылыққа игерілу дәрежесімен, "қоғам қарекетінің кеңістіктік базисі" рөлін атқару қабілеттілігімен сипатталады.

Қалаларда ұзақ уақыт бойы орталықтандырылған газбен қамту болмағандықтан тұрғындардың негізгі бөлігі электр пешін пайдалануға ауысты. Газ таратушы қондырғылардың басым бөлігінің техникалық құжаттамаларын қайта куәландыруға және қалпына келтіру қажет болғандықтан жағдай шиеленісіп тұр, кері жағдайда оларды пайдалану тоқтатылатын болады. Барлық газ таратушы қондырғылары жеке меншіктің қолында және жөндеу жұмыстары мен қайта куәландыруға бюджет қаражатын бөлу мүмкін емес. Осы жағдайдан шығудың бір түрі – ол қалаларда газ шаруашылығына қызмет көрсететін мамандандырылған коммуналдық кәсіпорын ашу болып табылады.

Облыстың ауылдық елді мекендерінде халық баллон газын пайдаланады. Қазіргі уақытта бір баллонның құны 27 литр – 1400 теңгені, 50 литр – 2800 теңгені құрайды.

Аумақты көріктендіру және көгалдандыру бойынша нақты жұмыстар жүргізілді.

2008 жылы 182344 ағаш көшеті және 53,3 мың погон метр бұта отырғызылды, 118 мың шаршы метр гүлзар жасалды.

Баллон (французша ballon, италянша pallone - доп) - қолдану мақсатына байланысты металдан, полимерден, резинадан, матадан, шыныдан, т.б. материалдардан жасалатын газ өткізбейтін қабық не ыдыс. Мысалы, автомобиль баллоны (камера) резинадан жасалады.

Шаршы метр (белгіленуі: m² - халықарылық, м² - қазақша) - SI жүйесіндегі қабырғалары бір метрге тең болатын шаршының көлемі.

Соңғы екі жылда көп пәтерлі тұрғын үйлердің аулаларын көріктендіру бойынша үлкен жұмыстар жүргізілді.

Мәселен, 2008 жылы аула аумақтарын көріктендіруге қалалық бюджеттен: Өскемен қаласы бойынша – 63,9 млн. теңге, Семей қаласы бойынша – 53 млн. теңге бөлінді. 2007 жылы облыстық және жергілікті бюджеттерден: Өскемен қаласы бойынша – 127,6 млн. теңге, Семей қаласы бойынша – 45 млн. теңге бөлінді.

Бөлінген қаражатқа Өскемен және Семей қалаларында 222 аула аумағы көріктендірілді (асфальтобетон жабындарын жөндеу, шағын сәулет нысандарын орнату).

Соңғы 5 жылда бірінші рет «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалымен бірлесіп қалалар мен аудандар аумақтарын көріктендіруде «Үздік қала», «Үздік ауылдық елді мекен» екі номинациясы бойынша облыстық байқау-конкурс өткізілді. Жеңімпаздарды марапаттауға облыстық бюджеттен 15,0 млн. теңге бөлінді.

Аудандар үшін көріктендірудің проблемалы мәселелерінің бірі – қатты тұрмыс қалдықтарына арналған орындарды ұстау. Қатты тұрмыс қалдықтарын жинайтын және шығаратын арнайы кәсіпорын жоқ. Арнайы арналған орындар негізінде аудан орталықтарында ғана бар. Қалған елді мекендерде қатты тұрмыс қалдықтарын үйетін ұйымдастырылған қоқыс жинайтын орын бар, онда шаруа қожалықтары қоқысты үю мен қалпына келтіруді жүргізіп тұрады.

Осы мәселені шешу үшін үйінділерді заңдастыру қажет және қатты тұрмыс қалдықтарын жинайтын және қызмет көрсететін коммуналдық кәсіпорын құру керек. Осы мәселенің шешімі жалпы өңірде санитарлық жағдай мен экологиялық жағдайды жақсартуға мүмкіндік береді.

Қожалар (парсыша: «хваджа» خواجه - қожайын, мырза, ие‎) - Орталық Азияда ислам дінін таратуда белсенділік танытқан әулеттер. Қожалар арғы тегі бойынша Мұхаммед пайғамбардан кейінгі халифалар Әбу Бәкр ас Сыдық (632 – 634), Омар (634 – 644), Оспан (644 – 656) және Әли Әбу Талиб (656 – 661) ұрпағы болып есептеледі.

Санитария (лат. sanіtas - денсаулық) - санитарлық-гигиеналық және жұқпалы ауруларға қарсы шараларды белгілеп, оны жүзеге асыратын денсаулық сақтау саласы. Санитария қала, елді мекендердің тазалығын зерттеп, нақты гигиен.

Облыста кондоминиумның 5000 объектісі бар, 386 меншік пәтер иелерінің кооперативі жұмыс істейді.

Жүргізілген жұмыстардың талдауы қазіргі күні тұрғын үйлерді ұстау сапасы көптеген меншік пәтер иелерінің кооперативтерінде қажетті деңгейде емес екендігін көрсетті, ол жөнінде тұрғындар тарапынан білдірілген көптеген шағымдар айғақ бола алады.

Олардың басшыларына мемлекеттік органдар тарапында заңға сәйкес қандайда бір жауапкершілікке тартуға заңмен рұқсат етілмейді, жүргізілген түсіндіру жұмыстары түбегейлі өзгерістер әкелмейді.

Жауапкершілік - адам бойындағы белгілі бір істі , өзіне тапсырылған міндетті орындап, жүзеге асыруынан байқалатын адамгершілік қасиет; тұлғаның қоғамда немесе ұжымда қабылданған әлеуметтік, өнегелі және кұқықтық нормалар мен ережелеріне, борыш сезіміне сәйкес өз қызметін бақылау қабілеттілігі.

Осыған байланысты қалалар мен аудандардың әкімдеріне орындарда көп пәтерлі тұрғын үй қорына қызмет көрсету бойынша коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар ашу жөніндегі мәселені қарауы қажет.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мәселелерді шешуде мемлекет тарапынан бірінші оң адымдар жасалуда.

2008 жылы тұрғын үй жәрдемақысы есебінен кондоминиум объектілерінің 32 үйінің жалпы мүлкіне 34,0 млн. теңге сомаға жөндеу жүргізілді.

Облыс халқын сапалы коммуналдық қызметтермен қамтылуын жақсарту және коммуналдық кәсіпорындардың қалыпты жұмыс істеуі үшін мыналар қажет:

1) елді мекендердің сыртқы келбетін жақсарту мақсатында көріктендіру мен көгалдандыруға бағытталған іс шаралардың өсу динамикасын қамтамасыз ету;

Бағыттау (орыс. наведение) - күштерге (сүңгуір қайықтарға, авиациялык ұшу аппараттарына) немесе қаруға (ракеталарға) козғалыс параметрлері (бағыт, жылдамдық, биіктік жөне т.б.) арқылы берілетін басқару тәсілі.

3) 2) Шығыс Қазақстан облысының 2009-2013 жылдарға арналған инженерлік инфрақұрылым объектілерін жаңғырту бағдарламасының жобасын бекітіп, оны іске асыруға республикалық бюджеттен қаражат бөлу туралы мәселені қарастыру;

4) коммуналдық кәсіпорындардың жұмыстарын жақсарту мақсатында бөлшектенген эксплуатациялаушы ұйымдарды ірілендіру жөніндегі мәселені қарау және арнайы техника сатып алу бөлігінде материалдық-техникалық базаны нығайту мәселесін пысықтау, сондай ақ өндірісте ресурс үнемдеуші жаңа технологияларды қолдану бойынша мәселені қарау;

5) газ шаруашылығына қызмет көрсететін мамандандырылған коммуналдық кәсіпорындар және көп пәтерлі тұрғын үй қорына қызмет көрсету бойынша көп салалы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындар ашу мәселесін қарау.

2.4. Сумен қамтамасыз ету

Облыстың 834 елді мекенінің барлық 10 қаласында, 3 қала типті кентте және 217 ауылдық елді мекенінде орталықтандырылған сумен қамту қызмет етеді.

Орталықтандырылған сумен қамту қызметімен қамтылу деңгейі 1128,6 мың адамды құрайды немесе 75,5% сапалы ауыз суға қол жеткізді.

Ауыз су - органолептикалық қасиеттері (иісі, дәмі, мөлдірлігі, т.б.) және химиялық құрамы адам организмі үшін қауіпсіз болып табылатын табиғи су. Адам денсаулығы ауыз судың сапасына тікелей тәуелді. Осыған байланысты ауыз суға мемлекеттік санитарлық талаптар қойылады.

Облыс халқының құбыр суымен қамтылуының ең аз пайызы аудандар бойынша: Бесқарағай – 17,7%, Ұлан – 37,1%, Күршім – 35,4% және Көкпекті – 35,5%.

Сонымен бірге, жалпы тұрғындар санынан 350 мың адам немесе 24 % – суды қоғамдық құдықтардан, ұңғымалардан және жер үсті көздерінен, сондай-ақ тасып жеткізілетін суды 0,2 % пайдаланады. Су тасушы ұйымдар есебінен тасып жеткізілетін суды пайдалану тұрғындар саны 3,0 мыңнан асатын 8 елді мекенге жеткізіледі: Аягөз ауданының Мәдениет, Бидайық ауылдары; Бородулиха ауданының 41 разъезі, Дүйсекен ст.разъезі, Ауыл станциясы, Березовка шипажайы; Семей қаласы маңындағы Жазық ауылы; Катонқарағай ауданының Приморское ауылы.

Тұрғындарды сумен жабдықтауды шешу жолдары 2003-2010 жылдарға арналған «Ауыз су» өңірлік бағдарламасында көрініс тапқан. Бағдарлама қызметінің 6 жылы ішінде жөндеу-қалпына келтіру және құрылыс жұмыстарын қамтамасыз ету бойынша мақсатты бағытталған жұмыстар жүргізілді, оған бюджеттен 8,1 млрд. теңге бөлініп, игерілді, 118 жоба бойынша жұмыстар орындалды, 99,5 шақырым жаңа ауыз сумен қамту жүйесі салынып, 347 шақырымы қалпына келтірілді, сумен қамтудың 85 объектісі толығымен аяқталды, жалпы саны 250 мың адамнан асатын тұрғындардың сумен қамтылу жағдайы жақсарды.

2003 жылдан бастап халықтың орталықтандырылған құбыр суымен қамтылуы 4,7 %-ға артты және бүгінде өткен жылғы 75,3%-ға қарағанда 75,5%-ды құрайды.

Бұған қоса, 2002 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитетімен республикалық бюджет есебінен Белағаш топтық су құбырына 1, 2-ші кезектегі қайта жаңарту жүргізілуде.

Республикалық бюджет - бюджет жүйесінің дербес бөлігі; мемлекеттік бюджет жүйесінің құрамына кіреді. Жалпы республикалық маңызы бар экономикалық, әлеуметтік және несиелік даму саласындағы шаралардың қаржыландырылуын қажет қаражатпен қамтамасыз етеді.

Ауыл шаруашылығы Ауыл шаруашылығы - материалдық өндірістің ең маңызды түрлерінің бірі. Ауыл шаруашылығы халықты азық-түлікпен және өнеркәсіпті шикізаттың кейбір түрлерімен қамтамасыз етумен айналысады. Ауыл шаруашылығы екі үлкен саладан, яғни өсімдік шаруашылығынан және мал шаруашылығынан тұрады.

1-ші кезектегі қайта жаңарту бойынша жұмыстар жалпы саны 4 мыңнан артық адам тұратын 6 елді мекенді қамтумен аяқталды, екінші кезектегі құрылыс жұмыстары жоспарлануда.

  1   2   3

  • «Шығыс Қазақстан облысының энергетика және коммуналдық шаруашылық
  • Миссиясы және пайымдауы Шығыс Қазақстан облысы энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының (бұдан әрі – Басқарма
  • 2. Ағымдағы ахуалды талдау
  • Ауыл шаруашылығы

  • жүктеу 0.51 Mb.