Главная страница
Контакты

    Басты бет


Сауда мекемесі үшін ақпараттық ЖҮйе қҰРУ

жүктеу 68.69 Kb.



жүктеу 68.69 Kb.
Дата19.03.2017
өлшемі68.69 Kb.

Сауда мекемесі үшін ақпараттық ЖҮйе қҰРУ


САУДА МЕКЕМЕСІ ҮШІН АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕ ҚҰРУ


А.Д. Даулетов

Ғылыми жетекші: п.ғ.к. С.Н. Ибраева



І. Жансүгіров атындағы мемлекеттік университеті

«ХХІ ғасыр – бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі, айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби біліктілігі мен мәдениеттілігіне мұқият қарайтын дәуір» деп Ел басымыз атап айтқандай қазіргі уақытта есептеу техникасы және әр түрлі ақпараттық технологиялар адам іс-әрекетінің барлық аймақтарында кең қолданылуда.

Ақпарат технологиясы Ақпарат технологиясы (ағылш. information technology, қысқ. IT) - объектінің, процестің немесе құбылыстың күйі туралы жаңа ақпарат алу үшін мәліметтерді жинау, өңдеу, жеткізу тәсілдері мен құралдарының жиынтығын пайдаланатын процесс.
Компьютер Компьютер (ағылш. computer - «есептегіш»), ЭЕМ (электрондық есептеуіш машина) - есептеулерді жүргізуге, және ақпаратты алдын ала белгіленген алгоритм бойынша қабылдау, қайта өңдеу, сақтау және нәтиже шығару үшін арналған машина.
Электрондық есептеуіш машинасын қолдану адамның жұмыс уақытын үнемді пайдаланудың көптеген артықшылықтары бар. Тәжірибе жүзінде ЭЕМ және түрлі ақпараттық тех­нологиялар қолданылмайтын бірде-бір аймақ жоқ. Есептеу техникасын және ақпараттық технологияларды қолданудың негізгі артықшылығы – ол уақыт шығынын қысқарту, қате жіберу мүмкіндігін азайту және еңбек процесінің жалпы өнімділігін арттыру.

Қазіргі бәсекелестік кезеңде интернет желі­сінің басты міндеті қажетті серіктестер іздеуде көмек көрсету және онымен қарқынды коммуникациялық байланысты ұйымдастыру үшін өте керекті құрал болып табылады.

Қатынасу, тілдесу (communication) - қатысушының екеуіне де ақпараттың түсініктілік шарты орындалған кезде бір қатысушыдан екінші қатысушыға ақпаратты жеткізудің екі жақты процесі; екі немесе одан да көп адамдардың әлеуметтік-психологиялық өзара әрекет ету процесі.
Құрал (Инструмент; лат. instrumentum - құрал, қару) - 1)адам еңбегінің құралы немесе өнеркөсіптік кәсіпорын жағдайындағы жұмысқа арналған машинаның атқарушы механизмі.
Интернет (оқылуы [интэрнэ́т]; ағылш. Internet - International Network) - компьютерлік серверлердің бүкіләлемдік желісі.
Соңғы жасалған зерттеулердің қорытындысы интернет-технологияны пайдалану нақты үнемділік пен пайда әкелетінін көрсеттіп отыр.

Қазіргі заманғы интернет әлемнің әр түкпіріндегі адамдармен араласуға, кез-келген қажетті ақпаратты тез әрі қолайлы түрде іздеп табуға, бүкіл әлемге ха­бар­лағысы келген деректі көпшілік үшін жариялауға мүмкіндік беретін ба­рын­ша күрделі әрі жоғары технологиялық жүйе болып табылады. Желі арқылы қарапайым қыз­метті жариялап немесе қарапайым тауарларды сатуға және сатып алуға бо­ла­ды.

Тауар - қоғамда айырбастау, сатып алу-сату жолымен бөлінетін, құны бар еңбек өнімі, яғни материалдық-заттық пішіндегі өндірістік-экономикалық қызметтің кез келген өнімі, қажеттілікті қанағаттандыратын және базарға жұрттың назарын аудару, сатып алу, пайдалану не тұтыну мақсатымен ұсынылатын нәрселер, яғни сатып алу-сату, сатушы мен сатып алушы арасындағы нарықтық қатынастар нысаны.
Кейбір тауарларды тек сатып қана қоймай, желі арқылы жеткізуге де болады. Қазіргі кезде халыққа қызмет көрсететін сауда мекемелері көп. Бірақ, заман жаппай компьютерленіп, ақ­параттанудыру желі арқылы тиімді болып жатқандықтан, заман ағымына сай жиһаз мекемесіне желі арқылы тарайтын ақпараттық жүйе құру өте маңызды болып тұр. Оның маңыздылығы сол – адамның талғамын кеңейтетін, уақытын ұтымды пайдалануға көмек көрсететін заманға сай ақпаратық жүйе. Бірақ, еліміз жаңа көшке ілі­н­іп жатқандықтан мұндай жүйелер жоқтың қасы. Сондықтан жиһаз мекеме ісі үшін ақпараттық жүйе құру өте маңызды жұмыс екендігі талас тудырмайды.

Қазіргі таңдағы web-технологияның маңызы өте зор.Осыдан біраз жылдар бұрын компьютер арқылы ақпарат жіберуді тек тәжірбиелі қолданушылар ғана білген болса, қазірде әлемдік желіні пайдалану ком­пьютердің өзі қандай танымал болса, дәл солай танымал бола бастаған. Қазіргі таңда компьютер комуникацияларын пайдалану үшін аса білімді қажет етпейді. Кез-келген қарапайым қолданушыға түсінікті және еш қиындықсыз ин­тер­нет желісін пайдалануы веб технологияның жетістігі десе болады. Себебі интернет желісіндегі ақпараттар белгілі бір технология негізінде құрылады. Қарапайым тілмен түсіндірсек, кітапханадағы кітаптар жік-жігімен қалай рет­теліп, қол жеткізгенге оңай орналастырылса, интернетте де дәл солай реттеліп, web порталдар, web сайттар, web парақтар түрінде келеді.

Кітапхана Кітапхана - мәдени-ағартушылық мекеме. Кітапхана баспасөз шығармаларын жинау, сақтау, насихаттаумен, оқырмандарға баспасөз шығармаларын берумен, мәдени-ағарту және ғылыми-көпшілік жұмыстарын ұйымдастырумен шұғылданады.

Сауда мекемесіне электрондық ақпараттық жүйе жасау керек. Электрондық сауда – бұл әлемдік интернет желісі арқылы виртуалды дүкендер, жиһаз салоны және тағы басқа жаңа сапамен түрлі қызмет көрсететін биз­нес­тің жаңа түрі. Ол тауар өңдіруші компаниядан немесе жаңа қызмет ұсыну­шыдан еш делдалдың көмегінсіз, тікелей байланысқа кіреді, сонымен бірге, сол қыз­мет туралы әдеттегіден көбірек ақпарат біліп, алдын-ала шешім қабылдауға мүм­кіндік береді. Сатушы үшін қолайлы, себебі, тауар туралы және компания туралы ақпаратты тек орналасқан аймақ емес, жалпы Қазақстан немесе одан да басқа мемлекеттер көлемінде бизнесті дамы­т­ып, өсуге үлкен мүмкіншіліктері бар.

Бизнес (ағылш. busіness - кәсіпкерлік, сауда-саттық) - пайда табуға бағытталған әрекеттің, экономикалық қызметтің бір түрі; жеке кәсіпкердің не фирманың іскерлік қызметі..
Мемлекет - белгілі бір аумаққа иелік етіп, сол жердегі халықтың еркін дамуына мүмкіндік беретін, қоғам табиғатынан туындайтын ортақ істерді атқаруға қажетті басқарудың жоғарғы дәрежеде ұйымдасқан жүйесі, саяси билік ұйымы.
Тіпті, кішкентай компаниялар да әлемдік масш­табта бизнеспен айналысуына болады. Сонымен бірге, тапсырыс берушінің ой­ын, талабын тікелей біліп отыра алады. Қорыта келгенде, электронды бизнес қыз­­­­мет көрсетудің ең тиімді, қаржыны үнем­дей­тін және өсуге икемді заманға сай бизнестің жаңа түрі.Ал, клиенттер үшін де бұл жүйенің тиімділігі баршылық. Оларға, тауарды бас­қа да ұсынушылардың ұсынысымен салыстырып, ұтымды, ыңғайлы таңдау жа­­с­ауға мүмкіндіктері бар. Сонымен бірге, берген сұраныстарына тез жауап, ақ­па­рат ала алады. Интернет арқылы бизнес жасаудың тиімділігінің негізгі үш факторы бар: баға, уақыт және тікелей қарым-қатынас. Ақпараттық жүйенің функционалдық құрылымын жасау.
Функционал - бір не бірнеше функцияға тәуелді болатын айнымалы шаманы білдіретін математикалық ұғым. Ол алғаш рет вариациялық есептеуде пайда болған. Берілген тұйық қисық сызықпен шектелген аудан, белгілі бір жол бойындағы күш өрісінің жұмысы, т.б.
Құрылым (лат. structura - түзіліс, орналасу, тәртіп) - объектінің тұтастығын, тепе-теңдігі мен негізгі қасиеттерінің сақталуын қамтамасыз ететін байланыстар мен қатынастар жиынтығы. Құрылым жүйе және элемент ұғымдарымен тығыз байланысты.
«Ақ ниет жиһаз салонының» web-сайттың функционалдық құрылымы 1-суретте көрсе­тілген.


Тұтынушылар беті

Администратор беті

Негізгі бет

Каталог

Тапсырыс беру

Жеңілдіктер

Байланыстар

Сайт жайлы

Іздеу

Тіркелу

Арнайы ұсыныс

Тауарлар енгізу

Жаңа тауарлар енгізу

Тапсырыстарды реттеу

1 – сурет. Жиһаз салонының функционалдық құрылымы


Жоғарыдағы сұлбаға қарап, клиент пен администратор бөлімінің қандай қызмет алатындығы және қандай қызметтер көрсететіндігі туралы көруге бола­ды. Жиһаз дүкен жүйесінің құрылымы

Жиһаз салоны үшін құрылған ақпараттық жүйе Web-сайттың жалпы құры­лы­мы келесі компоненттерден тұрады:



  1. сайтты басқару бөлім - администратор бөлім;

  2. тұтынушы бөлім;

  3. мәліметтер базасы.

Админстра­тор

Тұтынушы

Мәліметтер базасы

Басқару бөлімі

Тұтынушы бөлімі

2- сурет. Жиһаз дүкенінің құрылымдық схемасы

Басқару бөлімі мен тұтынушы бөлімі бұл парақтар құрып, мәліметтер базасы мен парақтар арасында ақпарат алмасуға мүмкіншілік беретін скриптер жиыны.

Мәліметтер (данные; data) - автоматты құралдардың көмегімен, кей жағдайда адамның қатысуымен, өңдеуге I ыңғайлы түрде берілген мағлұмат. Мәліметтердің кірістік, шығыстық, басқару, проблемалық, сандық, мәтіндік, графикалық және т.б.

Басқару бөлімі – бұл жиһаз дүкенінің параметрлерін күйге келтіру жұмысына жауапты болатын скриптер бөлшегі. Ол мәліметтер базасымен өте тығыз бай­лан­ыста болады және сол мәліметтер базасын күйге келтіруге мүмкіндік береді. Басқару бөлімі сонымен бірге сайттың дизайн жұмыстарын да күйге келтіріп отырады. Басқару бөлімінің ең басты, маңызды жұмысы болып, тұтынушыларға берілетін ақпараттар ағынын әр уақытта жаңалап отыру болып табылады.

Тұтынушы бөлімі – бұл тұтынушыларға көрінетін беттерге жауапты бөлім. Бұл парақтарда тұтынушыға керек ақпараттар және тұтынушыға ұсынылатын өнімдер ту­ралы толық мәліметтер болады. Сонымен қатар тұтынушы бөлімі қоржынмен жұ­мыс­ жасайды. Бұл бөлімнің дизайні клиенттің назарын аударатындай сәнді болу керек.

Жиһаз салонының мәліметтер базасы – бұл осы сайттың ең маңызды бөлігі. Себебі мұнда жиһаз дүкенін құрайтын мәліметтердің барлығы осында сақталады. Мәліметтердің барлығы серверде сақталады, ал ол серверге басқару бөлімі мен клиенттік бөлім дәнекер сұраныстар тілі-MySQL арқылы қарым-қатынас жа­сай­ды.

Жалпы интернет арқылы ақпараттандыратын және сауда жасайтын кез-келген фирмалардың жұмыс істеу тәсілі әртүрлі болуы мүмкін, бірақ, бәрінің мақсаты бір болады.

Мақсат - белгілі бір межеге қол жеткізуге бағытталған әрекеттің ой-санадағы көрінісі. Мақсат ойлау нәтижесінде болашақты алдын ала болжау арқылы туатын мұрат, ішкі қозғаушы күшті білдіреді. Мақсатқа жету үшін әр түрлі іс-әрекеттер мен қимылдар жасалады.
Фирма (итал. firma - қойылған қол) - пайда алу мақсатымен ресурстарды тауарлар өндіру немесе қызметтер көрсету үшін пайдаланатын, бір немесе бірнеше кәсіпкер иеленетін және басқаратын ұйым; заңи тұлға құқықтарын пайдаланатын шаруашылық, өнеркәсіптік, сауда кәсіпорны; бір текті немесе сабақтас кәсіпорындар бірлестігі; ұжымдық немесе жеке кәсіпкерлердің ең кең таралған ортақ атауы.
Олардың барлығы да нақты анықталған осындай үш бөлім­нен тұрады.

Жүйенің программалық модульдерінің өзара байланысу сұлбасын құру

Жалпы, жиһаз дүкенінің басты бетіне кіргенде, мұнда клиентке тү­сі­нікті түрде көрсетілген өзара байланысқан жүйге келіп тоқталамыз. Осы негіз­гі бет арқылы қалған беттерге қарым-қатынас жасай аламыз.

Негізгі бет – браузерге жиһаз дүкеннің адресін тергенде, ең алдымен осы бетке ке­л­еміз. Осы бет арқылы қалған модульдерге қарым-қатынас жасаймыз. Бұл бетте негізгі меню модулі, іздестіру, тіркелу, каталог және тағы басқа тұтынушыға ақ­пар­ат беретін бөлімдерден құралған. Негізгі бетке кіргеннен кейін меню мо­ду­лі­не жүгінеміз.

Меню модуль – бұл негізгі бет, сайт туралы, жеткізу және тө­лем деген басқа беттермен байланыстыратын меню.

Іздестіру модулі – тұтынушы жиһаз дүкеніне қандай да бір жиһаз туралы ақпарат алу үшін кіреді, сол жиһазды іздестіру бөлімінің көмегімен жүзеге асырады.

Каталог – бұл бөлімде жиһаздар түріне байланысты топ-топ болып бө­лі­ніп, топталып көрсетілген.

Арнайы ұсыныстар – клиенттің назарына жаңа шыққан жиһаздар ту­ра­лы ақпарат беру үшін арнайы-ұсыныстар бөлімі жұмыс жасайды.

Қоржын – тұтынушы жоғарыдағы бөлімдердің барлығын қарап, өзіне керек тауарға таңдау жасағаннан кейін, оған қол жеткізу үшін қоржынға керекті жиһаздарды салады.

Тапсырысты растау – тұтынушы қоржындағы тауарды өзіне жеткізіп беру үшін, өзі туралы ақпараттарды дұрыс, толығымен беру қажет. Тек сол жағдайда ғана тауар өз иесіне жете алады.

Төлем және жеткізу – тұтынушы өзі туралы ақпаратты толығымен қалдырған соң, тұтынушы үшін қалай ақша төлеу керек екендігі туралы және қалай жет­кіз­і­летіні туралы ақпарат беріледі.

Сайт туралы – мұнда клиент сайттың не мақсатта жұмыс жасайтыны ту­ра­лы және администратор арқылы ақпарат ала алады.

Сілтемелер – клиенттер назарына сайт туралы қосымша ақпарат алу мақсатында басқа да іздестіру жүйесіне сілтеме береді.

Сілтеме (Ссылка; the reference, link) - 1) қандай да бір объектіге арналған нұсқағыш; 2) тілдің сипатталган элементін белгілеуге пайдаланылатын тілдік құрылма; 3) хабарланған объектіні ұқсастыру.

Басқару бөліміне өту модулі – бұл бөлім тек сайт құрушы адамдарға ғана арналған бөлім. Бұл бөлімге жаңа ақпарат кіргізу немесе сайт дизайнын өзгерту мақсатында кіреді.

Ақпараттық қоғамда жұмыс істейтін әрбір кәсіпкер бүгінгі күн талабына сай қызмет көрсету үшін тиімді ақпараттық технологияларды, бағдарламаларды пайдалана білуі керек. «Ақ ниет» жиһаз орталығының қызмет көрсету бағдарламасын құруда web – технологияның маңыздылығы мен деңгейі анықталды; жүйенің программалық модулінің байланысу схемасы; қолданушылар үшін навигациялық схемасы және жүйенің негізгі модулінің схемасы жасалды; Web-сайт HTML, PHP, MySQL программалық құралдарын пайдаланып, клиент-серверлік технологияда орындалды және CSS, JavaScript тілдері қолданылды.

Навигация (лат. navіgatіon, navіgo - кемеде жүземін) - 1) теңізде жүзу, кеме қатынасы; 2) мұхит, теңіз, көл, бөген және өзендегі табиғат жағдайына байланысты кеме қатынасы болатын уақыт кезеңі.
JavaScript (/ˈdʒɑːvɑːˌskrɪpt/) - объектіге бағытталған скрипттік (немесе сценарийлер) бағдарламалау тілі. ECMAScript тілінің диалекті болып табылады. ECMA-262 спецификациясының Conformance бөліміне сәйкес ECMAScript спецификациясының жүзеге асқан өнімі.
Denwer жүйесі орнатылып, Joomla ашық кодпен сайтты басқару жүйесі мен VirtueMart электронды коммерциялық жүйелері пайдаланылды.




ӘДЕБИЕТТЕР


  1. Б. Досыбаев. Интернет көшінен кеш қалмайық //Егемен Қазақстан, 2002 жыл. – 27 шілде

  2. Абрамов С.А., Зима Е.В. Начала информатики. -М.: Наука, 1989. -256 с.

  3. Александр Колесников. Іnternet для пользователя. - Киев: BHV, 2000.

  4. Аррантс С.Е. Web-сервер, Web-сайт. - СПб.: Питер, 1997.

  5. Джой Крейнаж, Джой Хебрейкен. Энциклопедия Интернет. - М., 1999.

  6. Пек С. Web-сервер Web-сайт. - Киев: Наукова думка, 1997.

  • ӘДЕБИЕТТЕР

  • жүктеу 68.69 Kb.