Главная страница
Контакты

    Басты бет


Сатушы немесе Сауда-саттықты ұйымдастырушы

жүктеу 211.78 Kb.



жүктеу 211.78 Kb.
бет2/2
Дата02.04.2017
өлшемі211.78 Kb.

Сатушы немесе Сауда-саттықты ұйымдастырушы


1   2

Өткізілетін Ашық екі сатылы конкурс туралы ақпарат Сатушының: www.railways.kz. веб-сайтына орналастырылған.

Өткізілетін сауда-саттықтарға байланысты өтініш берушілердің құқықтары бұзылған жағдайда олардың өтініштері үшін электронды поштаның адресі мен телефон нөмірі:

Активтерді басқару департаментінің директоры

Рахымбеков Асқар Нұриденұлы

8-7172-60-35-01, Rakhimbekov_A@railways.kz

Компания туралы ақпарат.

Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша заңды тұлға ретінде тіркелген «Транстелеком» акционерлік қоғамы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі 991140001226, мемлекеттік тіркеу туралы 2012 жылғы 17 сәуірдегі № 42964-1901АҚ куәлігі.

Мемлекеттік тіркеу - тіркеуші органның заңи тұлғалардың немесе шетелдік кәсіпорындардың құрылу фактісін, меншік құқықтары мен басқа да құқықтарды, шарттарды, т. б. есепке алу рәсімі. Қазақстанда меншік құқығы, шаруашылықты жүргізу құқығы, жедел басқару құқығы, жерді жылдан астам мерзімге пайдалану құқығы, кепілзаттар, ипотекалар, ренталар, жылжымайтын мүлікке құқықтар міндетті түрде тіркеуден өткізіледі. Тіркеу тәртібі, рәсімі, ақысы әрбір жағдайда заңдармен белгіленеді.



Орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Қонаев көшесі, 10 үй.

Қызмет түрлері:

1) заңды және жеке тұлғаларға жергілікті, қалааралық, халықаралық байланыстардың, деректерді тарату және/немесе бейнеконференцбайланыс, Интернет желісіне қол жеткізу, байланыс арналарын жалдау, жылжымалы радиотелефон байланысы, ұялы байланыс, жылжымалы радиобайланыс трафигін өткізу және желілерді қосу, желілердің және басқа телекоммуникациялық қызметтердің бос сыйымдылықтары есебінен жеке радиошақыру (радиожиілік спектрін қолданып және қолданбай) бойынша ақылы қызмет көрсету;

Телекоммуникациялар (ағылш. Telecommunications) - негізі ақпарат тарату құралдары мен әдістері болып табылатын әрекет аймағы. Телекоммуникациялар немесе коммуникациялар мемлекетгің инфрақұрылымның маңызды белігіне жатады.

Радиобайланыс - радиотолқын көмегімен ақпарат алмасу. Радиобайланыс жүйесінің ақпарат беруші жағында радиотаратқыштан және таратушы антенналардан тұратын радиотарату құрылғысы, ал қабылдаушы жағында қабылдау антенналары мен радиоқабылдагыштан тұратын радиоқабылдау құрылғысы орналасады.

Ұялы байланыс Ұялы байланыс - ☀мобильді радиобайланыстың ұялы желіге негізделген бір түрі☂.

2) темір жол көлігі өтпебөліктері жолағында да және басқа да рұқсат етілген жерлерде де магистральды желі операторларының келсімімен талшықты-оптикалық және мыстан жасалған кабель байланыс желісін, жерсеріктік және радиорелелік телекоммуникация жүйелерін құру және пайдалану;

3) темір жол көлігі ұйымдарының (сондай-ақ темір жол саласымен байланысты басқа ұйымдардың) технологиялық байланыстың біріктірілген қызметтеріне қажеттілігін қанағаттандыру үшін байланыстың аналогты және сандық желілерінің басқа операторларының бөлінген және өзара байланысқан байланыс желілерін (бұдан әрі – «Транстелеком» байланыс желілері) құру және пайдалану;

4) құрлыс-құрастыру жұмыстары оның ішінде:

жердегі арнайы жұмыстар;

арнайы құрлыс және құрастыру жұмыстары;

күрделі жөндеу және бұрынғы қалпына келтіру, оның ішінде жабдықтар мен құрылымдарды, оның ішінде найзағайдан қорғауды өңдеу және қорғау бойынша жұмыстар жататын сыртқы және ішкі инженерлік желілер мен жүйелер құрылғысы;

Инженер - инженерлік іспен айналысатын, ғылыми білімін, математиканы және өнертапқыштығын қолданып, техникалық, қоғамдық және коммерциялық проблемалардың шешімін табумен айналысатын маман. Инженерлер материалдарды (заттар), құрылымдарды және жүйелерді олардың тиімділігі, заңға сәйкестігі, қауіпсіздік мәселесі және бағасы себепті туындайтын шектеулерді ескере отырып жобалайды.

Жабдық - бір нәрсеге керек механизмдер, тетіктер, әр түрлі құралғылар жинағы.

Құрылым (лат. structura - түзіліс, орналасу, тәртіп) - объектінің тұтастығын, тепе-теңдігі мен негізгі қасиеттерінің сақталуын қамтамасыз ететін байланыстар мен қатынастар жиынтығы. Құрылым жүйе және элемент ұғымдарымен тығыз байланысты.

технологиялық жабдықты құрастыру және іске қосу-баптау жұмыстары;

жалпы республикалық магистралдық, халықаралық, қалааралық және жергілікті байланыс желілері құрылысы және пайдалану бойынша жұмыстар;

5) заңнамада белгіленген тәртіппен мүлікті жалға беру (алу) сенімді басқару;

6) байланыс қызметтерін тұтынушыларды тарату бойынша маркетингтік және операторлық қызметті жүргізу және тұтынушылардың «Транстелеком» байланыс желілерінің бос сыйымдылығын пайдалану процесін басқару (Қоғамның қызметін қамтамасыз ету үшін таза кіріс алу мақсатында);

Маркетинг (ағылш. marketіng - рынок‚ базар‚ өткізу‚ сауда) - кәсіпорынның (фирманың, бірлестіктің‚ т.б.) тауар өндіру-өткізу және сауда жасау қызметін ұйымдастыру мен басқару жүйесі. Маркетинг нарық дамуының жай-күйі мен келешегін зерделеуге негізделеді, тұтыну мен өндіріс өніміне (тауарға‚ көрсетілетін қызметке) сұранымды қалыптастырады, табыс алу мақсатымен рынокта тауарлардың өткізілуін тездетуге бағытталады. Маркетинг - сұранымды жан-жақты зерделеп‚ болжау‚ жарнаманы пайдалану‚ өндірісті ынталандыру‚ сақтау мен тасымалдаудың осы заманғы тәсілдерін‚ тауарлардың тұтынушыға жетуіне жәрдемдесетін тех. және басқа түрлерін қолдану негізінде кәсіпорынның жаңа өнімді әзірлеу‚ өндіру мен өткізу жөніндегі ұйымдық-техникалық‚ қаржы‚ коммерциялық және басқа қызмет түрлері жатады.

Мақсат - белгілі бір межеге қол жеткізуге бағытталған әрекеттің ой-санадағы көрінісі. Мақсат ойлау нәтижесінде болашақты алдын ала болжау арқылы туатын мұрат, ішкі қозғаушы күшті білдіреді. Мақсатқа жету үшін әр түрлі іс-әрекеттер мен қимылдар жасалады.

7) жаңа техника мен технологиялар құру, материалдар мен жабдықтарды жеткізу, инвестицияларды тарту және бірлескен жұмыстарды орындау мәселелері бойынша қазақстандық және шетелдік ұйымдармен өзара әрекеттесу;

8) радио және сымдық байланыс, теледидар, ақпаратты өңдеу және тарату, бейнеконференцбайланыс құралдарын және басқа техникалық жабдықтарды өндіру және сату;

9) зерттеу қызметі, оның ішінде инженерлік-геодезиялық жұмыстар, инженерлік-геологиялық және инженерлік-гидрогеологиялық жұмыстар;

10) жобалау қызметі, оның ішінде қалақұрлысы жобалауы (тарихи және мәдени ескерткіштерді ғылыми-қалпына келтіру жұмыстарынан басқа, тарихи мәні бар құрылыс аудандарын қалақұрылысымен қалпына келтіру үшін жобалау құқығымен) және жоспарлауы;

Жоспарлау (Планирование; scheduling) - уақыт бойынша процестерді реттеу, процестердің арасындағы ұтымды байланыстар мен олардың ортасын ұйымдастыру. Тәжірибені жоспарлау - параметрлер мөлшеріне байланысты тәжірибені рационалды ұйымдастыруды қамтамасыз ететін математикалық статистика бөлімі.

Теледидар - телехабар бағдарламаларындағы бейне мен дыбыстық сүйемелдеудің радио сигналдарын күшейту мен түрлендіруге арналған теле, радиоқабылдағыш теледидар түрлі түсті, ақаласықара кескінді, стационарлы және тасымалды болып ажыратылады.

Ескерткіш– кең мағынасында - елдің, халықтың мәдени мұрасының жалпылама атауы. Тарих және мәдениет ескерткіштерінің жиынтығы мұражайлық, көрмелік маңызы бар заттар мен жылжымайтын ескерткіштерді (құрылыстарды, ғимараттарды, т.б.)

11) бірінші, екінші және үшінші дәрежелі жауапкершіліктегі ғимараттар мен құрлыстар үшін сәулет жобалауы (тарихи және мәдени ескерткіштерді ғылыми-қалпына келтіру жұмыстарынан басқа, тарихи мәні бар құрылыс аудандарын қалақұрылысымен қалпына келтіру үшін жобалау құқығымен);

12) құрылыс жобалауы (ғимараттар мен құрлыстарды күрделі жөндеу және (немесе) қайта қалпына келтіру, сондай-ақ құрылымдарды күшейту үшін жобалау құқығымен) және инженерлік жүйелер мен желілерді жобалау, құрылымдау, еңбекті қорғау, коррозияға қарсы қорғау құрылғысы, найзағайдан қорғау құрылғысы бойынша жобаның арнайы бөлімдерін әзірлеу;

Жоба - жасалуға, қайта құрылуға, қалпына келтірілуге, салынуға тиісті кәсіпорындар мен ғимараттардың, қондырғылар мен жабдықтардың, аппараттардың, т.б. макеттері, есептеулері және принципті дәлелдері көрсетілген техникалық құжаттар жиынтығы.

Коррозия (лат. corrosio - «жегіде»)- қоршаған ортаның әсерінен метал бетінің бүлінуі. Бұл кез келген материалдың қиратулары (металдар, ағаш, керамика, полимер). Себебі: конструкциялық материалдардың термодинамиялық орнықсыздығы.

13) технологиялық жобалау (құрылыс жобасының технологиялық бөлігін әзірлеу): тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы ғимараттар мен құрлыстар, көлік, байланыс және коммуникациялар инфрақұрылымы объектілері, өндіретін өнеркәсіптерден басқа кәсіпорындардан ауылшаруашылық объектілері);

14) өнеркәсіп, қойма, әкімшілік ғимараттары мен құрлыстардағы, қонақ үйлердегі, курорттық, емдеу-сауықтыру, сауда және спорт кешендеріндегі, биржалардағы, банктердегі пайдаланушылардың барлық санаттары үшін халықаралық, қалааралық жергілікті байланыс желілерін, сондай-ақ мемлекеттік құрлымдардың мұқтаждықтары үшін байланыс желілерін және т.б. техникалық қызмет көрсету;

15) сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыру және заңды, сондай-ақ жеке тұлғалармен эеономикалық ынтымақтастықты дамытулы, тауарлар, жұмыстар және қызметтердің импортын, экспортын жүзеге асыру;

Санаторий (лат. sano - емдеймін, айықтырамын) - науқасты негізінен табиғи шипалы емдермен (минералды су, емдік балшық, климат), физиотерапия, диета, емдік дене шынықтырумен және режиммен емдейтін емдеу-сауықтыру мекемесі.

Экономика (гр. Οικονομία - үй шаруашылығын жүргізу өнері) - материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастар.

16) Қазақстан Республикасы заңнамасымен тыйым салынбаған басқа да қызмет.



Компанияның меншік иесі және Сауда-саттықты ұйымдастырушы.

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы, адресі: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Қонаев көшесі, 6 үй.



Өндірістік-экономикалық ерекшеліктері мен сипаттамалары.

Рентабельділік көрсеткіштері

Көрсеткіш

Есептеу формуласы

2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

2014 ж.

1 жарты жылдығы

Өнімнің рентабельділігі, %

Жалпы табыс /Өзіндік құны

0,42

0,33

0,54

0,57

Сату (айналым) рентабельділігі, %

Жалпы табыс / Сатудан кіріс

0,02

0,05

0,04

0,1

Меншікті капиталдың рентабельділігі, %

Жалпы табыс / Меншікті капитал

0,19

0,12

0,04

0,06

Барлық капиталдың рентабельділігі, %

Жалпы табыс / Теңгерім жиынтығы

0,01

0,03

0,01

0,02


«Бірлескен кіріс туралы» есептерден 2011-2013 жылдардағы және 2014 жылдың бірінші жартыжылдығындағы көрсеткіштер динамикасы

/мың. теңге/



Көрсеткіштер атауы

2011

2012

2013

2014 жылдың

1-жарты-жылдығы

Өнімді сатудан және көрсетілген қызметтерден кіріс

11 122 326

17 285 054

15 808 155

8 743 420

Сатылған тауарлар мен қызметтердің өзіндік құны

-7 838 296

-13 003 140

-10 261 798

-5 584 311

Жалпы табыс

3 284 030

4 281 914

5 546 357

3 159 109

Жалпы және әкімшілік шығыстар

-2 077 289

-1 841 225

-2 306 747

-928 508

Өзге кірістер

608 066

75 693

130 422

129 882

Бағамдық айырмашылықтан шығын

-123 557

-221 335

-206 086

3 404

Қаржылық кірістер

3 071

55 170

27 318

128 136

Резервті құру және үмітсіз борышты есептен шығару бойынша шығыстар










-106 579

Негізгі құралдардың құнсыздануы бойынша шығыстар










-48 557

Қаржыландыруға арналған шығыстар

-1 341 750

-1 358 394

-1 529 845

-1 198 572

Салық салғанға дейінгі пайда (шығын)

352 571

991 823

1 661 419

1 138 315

КПН бойынша шығыстар/үнем

-139 774

-191 569

-1 103 099

-224 738

Кезеңдегі жиынтық кіріс (шығын)

212 797

800 254

558 320

913 577

Өзге жиынтық пайда (шығын), барлығы соның ішінде




49 953

10 161




Зейнеткерлік бағдарлама міндеттемелерінің белгіленген төлемдермен қайта бағалануы




49 953

10 161




Кезең үшін жалпы жиынтық кіріс (шығын)

212 797

850 207

568 481

913 577

Компанияның өндірістік базасымен танысу.

Осы хабарламаны алған және танысқан және сауда-саттыққа қатысу ниеті бар тұлғалар сауда-саттыққа қатысуға арналған өтініштерді қабылдау аяқталған күнге дейін кез келген жұмыс күні 10:00-ден 18:00-ге дейін Компаниямен және оның өндірістік қуаттарымен танысуға құқылы. Көрсетілген күннен кейін мұндай құқыққа тек сауда-саттыққа қатысуға белгіленген тәртіппен өтініш берген тұлғалар ғана ие болады. Сауда-саттыққа қатысуға арналған өтініштерді қараған және мұндай тұлғаларды ашық екі кезеңді конкурс тәсілімен өткізілетін сауда-саттықтың екінші кезеңіне қатысуға рұқсат беру немесе бермеу туралы шешімдер қабылданғ,аннан кейін Компанияны қарау мен танысу құқығына тек сауда-саттыққа қатысу мәртебесі бар тұлғалар ғана ие болады.

Компаниямен танысу ниеті бар тұлға Компания атына тиісті өтініш береді. Компания өтінішті алғаннан кейін 2 жұмыс күні ішінде өтініш берушіге рұқсат хат береді, соңғысы оны көрсету бойынша оның өндірістік қуаттарын барып көруге құқылы. Өтініш берушілерді Компаниямен таныстыру Компанияның қызметкері болып табылатын және оның бірінші басшысы немесе ол уәкілеттік берген тұлға тағайындаған ілесіп жүруші тұлғаның қатысуымен жүргізіледі.

Компанияны барып көруші тұлғалар өздеріне құпиялық жөнінде міндеттеме қабылдауға міндетті (тиісті шартқа қол қою жолымен) және алынған мәліметтерді, құжаттарды және/немесе ақпаратты Сауда-саттыққа қатысудан басқа қандай да бір мақсаттарға пайдалануға құқылы емес.

Қызметкер, жұмыскер - жұмысты еңбек шарты (келісімшарт) негізінде орындаушы, кәсіпорынның, ұйымның, мекеменің ішкі еңбек тәртібіне бағынушы адам. Еңбек заңнамасына сәйкес азаматтық-құқықтық шарттардың кез келгені бойынша (мердігерлік шарт, тапсырма, авторлық шарт бойынша) жұмыс атқарушы адам қызметкер болып саналмайды.

Мәліметтер (данные; data) - автоматты құралдардың көмегімен, кей жағдайда адамның қатысуымен, өңдеуге I ыңғайлы түрде берілген мағлұмат. Мәліметтердің кірістік, шығыстық, басқару, проблемалық, сандық, мәтіндік, графикалық және т.б.

Компанияның бірінші басшысының шешімі бойынша Компанияның өндірістік қуаттарының немесе жайларының бір бөлігі өндірістік қауіпсіздік немесе коммерциялық құпия тұрғысы бойынша барып көру үшін жабық болуы мүмкін.

Мұндай міндеттемелерді бұзатын тұлғалар құпиялылық бойынша міндеттемелерді бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына және құпиялылық туралы шарттың талаптарына сәйкес жауапкершілік көтереді.

Акциялар бойынша құжаттама пакетін алу тәсілі.

Акциялар бойынша құжаттама пакеті, соның ішінде Акцияларды сату-сатып алу шартының жобасын сатушының Makarin_A@railways.kz электрондық адресіне немесе Астана қаласы, Қонаев көшесі 6, 1611 кабинеті адресі бойынша тиісті сұрауды жіберу арқылы алуға болады.



Сауда-саттыққа қатысуға арналған шектеулер.

Сауда-саттыққа қатысуға үміткер тұлғалар келесі талаптарға сай келуі тиіс:

жеке тұлға Қазақстан Республкасының азаматы;

заңды тұлға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған және қатынаста, олардың акциялары (қатысу үлестері) тура және/немесе жанама Қазақстан Республикасының жеке және/немесе заңды тұлғаларына жататын.

Компанияға қатысты (саудаға қатысушының аудиторлық қаржылық есебіне сәйкес 2014 жылғы 30 маусымдағы жағдайы бойынша саудаға қатысушылардың меншікті капиталы кредиторлар алдында Компания міндеттемелері соммасы 49% кем емес болуы тиіс) Сатушының міндеттемесін қабылдауға ынтымақты мүмкіндікке ие болу;

Аудитор (лат. auditor - тыңдаушы, тексеруші) - аудиторлық қызметпен айналысушы маман. Онымен жоғары экономикалық және заң білімі бар, мамандығы бойынша кемінде бес жыл жұмыс істеген және тиісті аттестациядан өткен адам айналыса алады.

салықтық борыштың болмауы;

таратылу немесе банкроттық кезеңінде болмауы тиіс.

Банкроттық - кәсіпорындардың төлем қабілетсіздігі салдарынан өз жұмысын мәжбүрлі тоқтатуы. Әдетте, фирманың банкроттығы, көбінесе, олардың шығыны кірісінен асып кетуі салдарынан туындайды. Мұндай жағдайда борышқор тек соттың шешімі бойынша ғана банкрот деп танылады.

Осы талапқа сәйкестікті растау ретінде өтініш иесі-заңды тұлға таратылу немесе банкроттық кезеңінде емес екендігін растайтын сенім хатын ұсынуы тиіс;

қаржылық-шаруашылық қызметі заңнамамен белгіленген тәртіпте тоқтатылған тұлға болмауы тиіс. Осы талапқа сәйкестікті растау ретінде өтініш иесі-заңды тұлға оның қаржылық-шаруашылық қызметі заңнамамен белгіленген тәртіпте тоқтатылмағандығы туралы сенім хатты ұсынуы тиіс.



Екі кезеңді ашық конкурсты өткізу тәртібі:

Конкурсқа қатысуға арналған өтінімдері бар пакеттерді ашу екі кезеңді ашық конкурсқа өтінімдерді беруге арналған мерзім аяқталған күні жүргізіледі.

Екі кезеңді ашық конкурсқа өтінімдерді беруге арналған мерзім аяқталған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде Комиссия ұсынылған материалдарды қарайды және өтініш иелеріне байқалған сәйкессіздіктер туралы телефондық байланыс, электрондық почта немесе байланыстың өзге құралдары арқылы хабарлайды.

Екі кезеңді ашық конкурсқа өтінімдерді беруге арналған мерзім аяқталғаннан кейін 7 жұмыс күні ішінде өтінім берген қатысушы байқалған сәйкессіздіктерді жояды. Бұл ретте, алдын ала ұсыныстың мазмұнын және/немесе талаптарын өзгертетін мәліметтердің және құжаттардың берілуіне жол берілмейді. Комиссия 10 жұмыс күні ішінде байқалған сәйкессіздіктерді жою үшін екі кезеңді ашық конкурсқа қатысуға арналған (кемшіліктері жойылған) өтінімдерді және оған қоса берілген алдын ала ұсыныстарды қарайды.

Екі кезеңді ашық конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді қарау нәтижелері бойынша Комиссия аталған өтінімдерді ұсынған тұлғаларға екі кезеңді ашық конкурстың екінші кезеңіне қатысуға рұқсат беру және екі кезеңді ашық конкурсқа қатысушы мәртебесін беру туралы шешім қабылдайды.

Екі кезеңді ашық конкурсқа қатысушының екі кезеңді ашық конкурстың екінші кезеңіне өзі немесе өзінің уәкілетті тұлғалары арқылы қатысуына құқы бар.

Сауда-саттыққа қатысу өтінімдерін Комиссия қараған соң, 15 жұмыс күнінен кешіктірмей, Комиссия Сауда-саттықты ұйымдастырушымен әзірленген Екі кезеңді ашық конкурстың екінші кезеңі туралы хабарламаның мазмұнын бекітеді, оған аталған бағалау критерийлеріне сәйкес Конкурстың ұсыныстарға қойылатын ең кіші талаптар көрсетіле отырып, Конкурстың ұсыныстардың мазмұны және бағалау критерийлері кіреді. аталған ең кіші талаптар Екі кезеңді ашық конкурсқа қатысушылардан келіп түсен Екі кезеңді ашық конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерде (алдын ала ұсыныстарды қоса алғанда) бекітілген көрсеткіштерден төмен болмауы тиіс.

Конкурстық ұсыныстарды беру үшін мерзімі, орны, уақыты және ұсыну тәсілі көрсетілген Екі кезеңді ашық конкурстың екінші кезеңі туралы хабарлама Комиссиямен бекітілгеннен кейін 2 жұмыс күні ішінде Сауда-саттықты ұйымдастырушымен Екі кезеңді ашық конкурсқа қатысушыларға алғаны туралы хабарламасы бар тапсырыстық почталық жөнелтіммен, сондай-ақ электрондық почта немесе факсимильдік байланыс арқылы жіберіледі

Конкурстық ұсыныс Екі кезеңді ашық конкурсқа қатысушыларға мөр басылған конвертте жіберіледі. Конкурстық ұсыныс тігілген, беттері немесе парақтары нөмірленген, соңғы беті немесе парағы Екі кезеңді ашық конкурсқа қатысушының қолымен және мөрімен (жеке тұлға үшін, егер ондай болса) расталған болуы тиіс.

Конкурстық ұсынысқа қосымшалар (тігілген, беттері немесе парақтары нөмірленген, соңғы беті немесе парағы Қатысушының қолымен және мөрімен (жеке тұлға үшін, егер ондай болса) расталған болуы тиіс) жеке қоса беріледі.

Конкурстық ұсынысы бар мөрленген конверттің бет жағында Екі кезеңді ашық конкурсқа қатысушы мыналарды көрсетуі керек:

Екі кезеңді ашық конкурсқа қатысушының толық атауы және почталық адресі;

Актив бойынша Құжаттама пакетінде және Сауда-саттық хабарламада көрсетілген осы тәріздес мәліметтерге сай болуы тиіс Сауда-саттықты ұйымдастырушының және Компанияның толық атауы және почталық адресі;

Екі кезеңді ашық конкурсқа қатысушы үшін Екі кезеңді ашық конкурсқа қатысушының Конкурстық ұсынысы ұсынылатын Активтің атауы;

Сауда-саттық туралы хабарламаға сәйкес Конкурстық ұсыныстарды қабылдауды аяқтау уақытын және күнін көрсете отырып, «ДЕЙІН АШЫЛМАСЫН» жазбасы;

белгіленген мерзім аяқталғаннан кейін ұсынылған Конкурстық ұсынысы бар конверт, ашылмайды және қатысушыға қайтарылады.

Тиісінше ресімделген Конкурстық ұсыныс Сауда-саттық туралы хабарламада көрсетілген адрес бойынша Екі кезеңді ашық конкурсқа қатысушымен Конкурстық ұсыныстарды беру үшін Екі кезеңді ашық конкурстың екінші кезеңі туралы хабарламада көрсетілген мерзім ішінде жіберіледі немесе ұсынылады.

Екі кезеңді ашық конкурстың әрбір қатысушысы бір ғана Конкурстық ұсынысты беруге құқы бар. Конкурстық ұсыныстарды беру мерзімі аяқталғанға дейін Екі кезеңді ашық конкурстың қатысушысы бұрын жіберілген Конкурстық ұсынысты кері қайтарып алуға немесе оған өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізуге құқы бар.

Сауда-саттықты ұйымдастырушы Конкурстық ұсыныстарды қабылдауды және оларды Конкурстық ұсыныстарды тиісті тіркеу журналында тіркеуді жүзеге асырады.

Сауда-саттықты ұйымдастырушы Конкурстық ұсыныстарды беру мерзімі аяқталғаннан кейін 30 минуттан аспайтын мерзімде Екі кезеңді ашық конкурстың екінші кезеңі туралы хабарламада белгіленген мерзімде Конкурстық ұсыныстары бар конверттерді ашуды жүргізеді, оған Екі кезеңді ашық конкурсқа қатысушылардың немесе олардың уәкілетті өкілдерінің қатысуға құқы бар. Әрбір Конкурстық ұсыныс ашылғанан кейін Сауда-саттықты ұйымдастырушының өкілдері Конкурстық ұсынысы бар конверттегі материалдар мен құжаттардың тізбесін жариялайды.

Сауда-саттықты ұйымдастырушымен Конкурстық ұсыныстар ашылған күннен бастап 1 жұмыс күні ішінде Конкурстық ұсыныстары бар конверттерді ашу хаттамасы жасалады, оның көшірмесі Конкурстық ұсыныс берген қатысушыларға олардың сұрауы бойынша 1 жұмыс күні ішінде беріледі. Егер Конкурстық ұсыныстарды беру мерзімі аяқталғаннан кейін Сауда-саттықты ұйымдастырушымен 2-ден кем Конкурстық ұсыныс алынған болса, онда Екі кезеңді ашық конкурс өтпеді деп саналады, бұл жайында Конкурстық ұсыныстары бар конверттерді ашу туралы тиісті хаттамада белгі жасалады.

Конкурстық ұсыныстары бар конверттерді ашу хаттамасы жасалғаннан кейін 1 жұмыс күні ішінде Сауда-саттықты ұйымдастырушы Конкурстық ұсыныстарды және Конкурстық ұсыныстары бар конверттерді ашу хаттамасының көшірмесін Комиссия хатшысына береді.

Комиссия хатшысы Конкурстық ұсыныстарды алған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде Комиссия оларды қарауды жүргізеді және тиісті қорытындылар жасайды. Бұл мерзім Комиссия шешімімен бір рет ұзартылуы мүмкін, бірақ 10 жұмыс күнінен аспайтын мерзімге.

Комиссия Конкурстық ұсыныста көрсетілген немесе сауда саттыққа қатысу туралы өтінімдерді қарау кезінде алынған Қатысушының қаржылық, ұйымдық және басқарушылық және өзге мүмкіндіктері тәрізді Қатысушылар туралы мәліметтерді ескере отырып, Конкурстық ұсыныстарды қарау нәтижелері бойынша Екі кезеңді ашық конкурстың жеңімпазын анықтайды.

Бұл ретте Конкурстық ұсыныс Екі кезеңді ашық конкурстың екінші кезеңі туралы тиісті хабарламада бекітілген критерийлерге сай келуі тиіс. Конкурстық ұсыныстарды бағалау критерийлеріне сәйкес ең төменгі талаптарға жауап бермейтін Конкурстық ұсыныстар Комиссиямен кейін қайтарылады, бұл жайында

Екі кезеңді ашық конкурстың нәтижелері туралы хаттамада тиісті белгі жасалады. Егер нәтижесінде 2-ден кем кері қайтарылмаған Конкурстық ұсыныстар қалса, Екі кезеңді ашық конкурс өтпеді деп саналады.

Комиссияның шешімі Екі кезеңді ашық конкурстың нәтижелері туралы хаттамамен ресімделеді, оған Комиссия отырысына қатысқан Комиссия мүшелерімен және ашық конкурс қорытындыларын шығарған күнгі отырысқа төрағалық етушімен қол қойылады.

Комиссия мүшесі өзінің ерекше пікірін жазбаша баяндауға және Екі кезеңді ашық конкурстың нәтижелері туралы хаттамаға қосуға құқы бар, бұл жайында ең соңғы бетінде белгі жасалады.

Екі кезеңді ашық конкурстың нәтижелері туралы хаттаманың қол қойылған көшірмесі қатысушыға тиісті сұрау берілгеннен кейін 3 жұмыс күні ішінде беріледі.

Екі кезеңді ашық конкурстың жеңімпазымен шартқа Екі кезеңді ашық конкурстың нәтижелері туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап 20 жұмыс күні ішінде қойылады.



Екі кезеңді ашық конкурсты өткізу туралы қосымша ақпаратты 8 (7172) 603-520 телефоны бойынша алуға болады.
1   2

  • Компани я туралы ақпарат .
  • Орналасқан жері
  • Компанияның меншік иесі және Сауда-саттықты ұйымдастырушы.
  • Өндірістік-экономикалық ерекшеліктері мен сипаттамалары. Р ентабель ділік көрсеткіштері
  • Көрсеткіш Есептеу ф ормула сы 2011 жыл
  • «Бірлескен кіріс туралы» есептерден 2011-2013 жылдардағы және 2014 жылдың бірінші жартыжылдығындағы көрсеткіштер динамикасы
  • Көрсеткіштер атауы 2011 2012
  • Жалпы табыс 3 284 030 4 281 914
  • Салық салғанға дейінгі пайда (шығын) 352 571 991 823
  • Кезеңдегі жиынтық кіріс (шығын) 212 797 800 254
  • Өзге жиынтық пайда (шығын), барлығы соның ішінде 49 953
  • Кезең үшін жалпы жиынтық кіріс (шығын) 212 797 850 207
  • Акциялар бойынша құжаттама пакетін алу тәсілі
  • Сауда-саттыққа қатысуға арналған шектеулер
  • Екі кезеңді ашық конкурсты өткізу тәртібі
  • Екі кезеңді ашық конкурсты өткізу туралы қосымша ақпаратты 8 (7172) 603-520 телефоны бойынша алуға болады

  • жүктеу 211.78 Kb.