Главная страница
Контакты

    Басты бет


Сабақтың түрі: аралас сабақ, баяндау арқылы түсіндіру Сабақтың типі: практикалық

жүктеу 0.52 Mb.



жүктеу 0.52 Mb.
Дата21.02.2020
өлшемі0.52 Mb.

Сабақтың түрі: аралас сабақ, баяндау арқылы түсіндіру Сабақтың типі: практикалық



Сабақтың тақырыбы: Негізгі түсініктер мен әрекеттер. MICROSOFT WORD-ты

іске қосу. Мәтіндік құжат құру

1.Білімділік: WORD мәтіндік процессоры, негізгі түсініктер мен әрекеттер, MICROSOFT WORD-ты іске қосу, мәтіндік құжат құру туралы білімдерін қалыптастыру;

2.Тәрбиелік: Жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу;

3.Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ, баяндау арқылы түсіндіру

Сабақтың типі: практикалық

Сабақтың көрнекілігі: Оқулық, компьютер, интерактивті тақта

Сабақтың өту барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі.

II.Үйге берілген тапсырманы тексеру.

Өткен сабақтар бойынша қайталау сұрақтары:


  1. Мәтінді компьютерде өңдеудің артықшылығы неде ?

  2. Мәтін дегеніміз не ?

  3. Мәтіндік құжат деген не ?

  4. Мәтіннің қандай түрлерін білесіндер ?

  5. Мәтіннің әр түрлі мысалдарын келтіріңдер?

  6. Гипермәтін деген не?

  7. Кәдімгі мәтін қандай объектілерден тұрады?

  8. Абзац деген не?

III. Жаңа тақырыпты түсіндіру .

 Microsoft Word-ты іске қосу үшін келесі әрекеттер тізбегін орындау қажет. Пуск – Программы – Microsoft Word



1. Тақырыптық қатар. Бұнда бағдарламаның аты, файл аты, басқару белгілері

орналасқан.

2. Меню қатары. Бұл қатарда Файл, Главная, Вставка, Разметка страницы, Ссылки, Вид, Рассылки, Рецензирование командалары бар.Әр команда бірнеше командалар тобынан тұрады.

3. Стандартты саймандар қатары. Онда әртүрлі команданы меншіктейтін белгілер орналасқан.

4. Форматтау саймандар қатары.

5.Жұмыстық қатар-негізгі жұмыс орындалатын аудан. Мұнда жұмыс парағы орналасады. Осы ауданда сонымен қатар мынадай екі сайман бар. Олар:

1.Көлденең және тік сызғыш (Линейка)-Парақтың жоғарғы, төменгі, сол жақ, оң жақтарынан қалдыратын орындарды өзгертуге мүмкіндік береді.

2. Көлденең және тік айналу сызығы-құжаттың экран бетінде көрінбейтін жоғарғы немесе төменгі, оң немесе сол бөлігін қарау.

6. Қалып-күй қатары-жалпы жұмыс жағдайы көрсетіледі.

Меңзердің сол жағындағы мәтінді өшіру үшін Backspace батырмасын қолданады. Delete батырмасын қолданғанда меңзердің оң жағында орналасқан мәтін өшіріледі. Мәтіндік редокторларда мәтіннің бүтін блоктарын да өшіруге болады. Ол үшін алдымен жоюға тиіс блокты белгілеу керек. Маустың батырмасын блоктың басында шертіңдер де оны жібермей нұсқағышты блоктың аяғына жылжытыңдар. Немесе Shift батырмасын басулы қалпында ұстап меңзерді басқару батырмасында шертіңдер. Мәтінді белгілегеннен кейін Delete пернесін басыңдар.

Word құжаты бетімен орын ауыстыруды басқару үшін арнайы пернелер комбинациялары қолданылады. Кестеде құжат бетімен орын ауыстыруды жылдамдату үшін қолданылатын пернелер комбинациясы көрсетілген.

Сонымен қатар құжат бойынша орын ауыстыру үшін сырғытпаны немесе айналдыру жолақтарын қолдануға болады.

Егер айналдыру жолағындағы сырғытпада шертіп оны босатпай жылжытса онда мәтін белгілі бір ара-қашықтықта дейін жылжиды.

Айналдыру жолағының қарайған жеріне шерту арқылы беттер бойынша парақтауға болады.

Құжатты сақтау -Файл-Сохранить немесе Файл- Сохранить как командаларын орындау қажет.



Жаңа құжат құру үшін - Файл-Создать командаларын орындау қажет.



Бұрыннан бар құжатты ашу үшін : Файл- Открыть командасын орындау қажет



1-тапсырма

MS WORD бағдарламасын ашыңыз.

Қазақшаға келтіріңіз.

Өзің туралы мағлұмат жазып, оны сақтаңыз.

Жұмысыңды мұғалімге көрсет.

2-тапсырма

MS WORD бағдарламасын ашыңыз.

Жаңа құжат ашыңыз.

«Менің сыныбым» атты шығарма жазып, оны сақта.

Жұмысыңды мұғалімге көрсет.



IV. Сабақты бекіту.

Жаңа сабақты бекіту сұрақтары:

1. Жаңа WORD құжаты қалай құрылады?

2. Қалып-күй қатарының құрылымы мен негізгі мүмкіндіктерін сипаттаңыз.

3. WORD-та құжатты қалай сақтауға болады?

4. Форматтау тақтасынының құралдарының қызметін ата

V. Үйге тапсырма беру.

9-бөлім. WORD мәтіндік процессоры.

9.1-тақырып.

Негізгі түсініктер мен әрекеттер.



MICROSOFT WORD-ты іске қосу. Мәтіндік құжат құру.

VI.Сабақты қорытындылап, оқушыларды бағалау.

  • Файл-Сохранить немесе Файл- Сохранить как
  • Файл-Создать
  • «Менің сыныбым»
  • V. Үйге тапсырма беру.
  • VI.Сабақты қорытындылап, оқушыларды бағалау.

  • жүктеу 0.52 Mb.