Главная страница
Контакты

    Басты бет


Сабақтың тақырыбы: Paint графикалық редакторының құралдары. Сабақтың мақсаты

жүктеу 137.6 Kb.



жүктеу 137.6 Kb.
Дата23.03.2017
өлшемі137.6 Kb.

Сабақтың тақырыбы: Paint графикалық редакторының құралдары. Сабақтың мақсаты



ШҚО,Аягөз ауданы

«К.Бозтаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп» КММ

Информатика пән мұғалімі Туманбаева Ардақ Бақытбекқызы

Класс: 8 б

Сабақтың тақырыбы: Paint графикалық редакторының құралдары.

Блок тақырыбы (Заголовок блока; block header) - блоктың басында орналасып, ол жайлы мәліметтер беретін және операциялық жүйеде қолданылатын арнайы жазба. Мысалы, блок тақырыбында оған кіретін логикалық жазбалар саны көрсетілуі мүмкін.

Графика - (гр. graphein, тырнау, жазу, салу дегеннен) Жазуда қолданылатын таңбалардың (әріп және тыныс белгілерінін) жиынтығы. Жазу танбалары жүйесі мен тілдін фонетикалық жүйесінің ара қатынасын, байланысын білдіреді.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларды графикалық редактормен жұмыс істеуге үйрету. Әр түрлі графикалық фигураларды салу дағдыларын қалыптастыру.

Тәрбиелік: Оқушыларды тәрбиелікке, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа үйрету. Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық-абстракциясын дамыту.

Сабақтың түрі: Практикалық сабақ

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: интерактивті тақта, компьютер,оқулық,жұмыс дәптері, тест тапсырмалары.

Пәнаралық байланыс: тарих, қазақ әдебиеті, сурет.

Оқушы - белгілі бір іспен айналысатын адам. Бұл іс сабақ немесе адам қызығатын іс болуы мүмкін. Оқушы бір істі игерумен айналысады. Ол бұл істі жоғарғы деңгейге игергенге дейін оқушы деген атқа ие болады.

Компьютер (ағылш. computer - «есептегіш»), ЭЕМ (электрондық есептеуіш машина) - есептеулерді жүргізуге, және ақпаратты алдын ала белгіленген алгоритм бойынша қабылдау, қайта өңдеу, сақтау және нәтиже шығару үшін арналған машина.

Мақсат - белгілі бір межеге қол жеткізуге бағытталған әрекеттің ой-санадағы көрінісі. Мақсат ойлау нәтижесінде болашақты алдын ала болжау арқылы туатын мұрат, ішкі қозғаушы күшті білдіреді. Мақсатқа жету үшін әр түрлі іс-әрекеттер мен қимылдар жасалады.

Тарих (көне грек. ἱστορία -сұрастыру, зерттеу) - адамзат баласының өткенін зерттейтін қоғамдық ғылым.

Сабақтың өту барысы:

1.Оқушыларды ұйымдастыру

2.Үйге берілген тапсырманы тексеру

а) иа, жоқ

б) тест

3.Жаңа тақырыпты түсіндіру



4.Сабақты бекіту

5. бағалау

6.Үйге тапсырма беру

Салеметсіндерме, балалар!Сабақты бастамас бұрын мен сендерге мынандай сұрақ қояйын деп тұрмын;

1.Хан деп кімді айтқан? (билеуші)

2. Қазақ хандарынан қандай хандарды білесіңдер?

Биыл ерекше ел көлемінде атап өтілген қандай атаулы тарихи оқиғаларды білесіңдер? (қазақ хандығына 550 жыл)

Міне, балалар біздің бүгінгі сабағымыз осы қазақ хандығымен байланысты өтейін деп отыр.Біз бүгін сабағымызда уақыт жиегімен тарих бетіне, оның ішінде қазақ хандығының құрылу жолына тоқталып өтеміз.

Қазақ хандығы - бүгінгі Қазақстан Республикасы мен көрші аймақтардың территориясында 1465-1847 жылдар аралығында өмір сүрген мемлекет. Қазақ хандығы Еділден Жайыққа дейінгі территорияны, Сырдария мен Амудария өзендерінің аралығын, Хорасан жерін қамтыған.

Ол тарихи кезеңдердің әр түрлі тапсырмалары бар, сол тапсырмаларды орндау арқылы тарихқа көз жүгіртеміз.Сонымен,

1. XV ғасыр

2015 жылы Керей мен Жәнібек Шу мен Талас өзендерінің арасындағы аймаққа орналасып, қазақтың туын көкке көтергеніне 550 жыл толады. Қазақ хандығын тұрғызды. Қазақ тарихындағы жаңа беттің ашылып, қазақ ұлтының қалыптасуы еді. Ел болып қалыптасқалы түбегейлі өзгерістерге ұшырап, елеулі оқиғаларға толы болды. Хандық күшейген сайын халық саны да артып, жер көлеміде ұлғайды. 

1465-1466 ж Қазақ хандығы құрылды

.Қазақтың алғашқы ханы болып Керей жарияланды (1458-1473 жж.). Одан кейін қазақ ханы болып Жәнібек сайланды (1473-1480 жж.).

Қазақ хандығының ханы - Қазақ Хандығының басшысы, Қазақ әскерінің бас қолбасшысы.

Бұлардың тұсында Жетісу халқы, 1462 жылы Моғолстан ханы Есенбұға өлгеннен кейін ондағы тартыстың күшеюіне байланысты, өзара ынтымақтықты нығайтуға үлес қосты. Әбілхайыр хандығынан көшіп келушілер Жәнібек пен Керейдің қазақ хандығын күшейте түсті




1.Компьютерлік графикада екі бағат бар:бейнелерді құру және бар бейнелерді өңдеу (иа)

2.Түсті таңдау үшін Түстер тобындаағы Палитраны қолданбаймыз (жок)

3.Барлық растрлық кескіндер символдардан тұрады (жок)

4.Графикалық редактор- графикалық бейнелерді құруға және өзгертуге арналған программа (иа)

5.Paint - бұл растрлық бейнелермен жұмыс істеуге арналған графикалық редактор (иа)

6.Компьютерде графикалық ақпараттарды құру құралдарына (сканер, тышқан, планшет ) (иа)

7.Барлық растрлық бейнелер нүктелерден - пиксельдерден тұрады (иа)

8. "Paint" сөзі ағылшын тілінен аударғанда жобалау деп аталады?

Кескін (изображение; display image pict (picture) - 1) ақпаратты бейнелеу, мәліметтерді көзге көрінетіндей ұсыну; көзбен көру бетіне бір уақытта шығаруға болатын шығу мен сегменттер примитивтерінің жиынтығы; 2) apple фирмасының macintosh компьютерлеріне арналған мәліметтердің көлемін кішірейтіп тығыздауға мүмкіндік беретін, қозғалмайтын мультимедиа-кескіндерге арналған пішім.

Ақпарат (лат. informatio - түсіндіру, мазмұндау) ұғымы күнделікті өмірден бастап техникалық салада пайдаланылатын көп мағыналы ұғым. Жалпы алғанда бұл ұғым шектеу, байланыс, бақылау, форма, инструкция, білiм, мағына, құрылым, бейнелеу, сезіну тағы басқа ұғымдармен тығыз байланысты.

Ағылшын тілі (ағылш. English, English language) - Үндіеуропа тілдері жанұясының батыс герман тобына жататын тіл. Ағылшын тілі ежелгі тіл болып есептеледі, ол қазіргі Ұлыбритания аумағын ежелде басып алған Англосаксондардың тілі, бірақ жауланған кельттердің тілдері де әсерін тигізген.

(жоқ)

9.Растрлық бейнені Paint стандарттық програмасында өңдеуге болады (иа)

10.Графиклық ақпаратпен жұмыс істеу үшін арнайы программалар - графикалық редакторлар қолданылады (иа)



2.XVI ғасыр

Қасым ханның тұсындағы Қазақ хандығы.1511-1518ж

16-17 ғғ. қазақ хандығы нығайып, оның шекарасы едәуір ұлғая түсті. Өз тұсында «жерді біріктіру» процесін жедел жүзеге асырып, көзге түскен хандардың бірі Жәнібектің ұлы Қасым. Қасым ханның (1511-1523 жж.) тұсында қазақ хандығының саяси және экономикалық жағдайы нығая түсті.

Жағдай - адам әрекетінің , жан-жануарлар тіршілігінің, табиғат пен қоғамдағы өзгерістің, оқиғаның, т.б. айналадағы ортаның ықпалына тәуелділігін білдіретін философиялық ұғым. Табиғаттағы, қоғамдағы белгілі бір өзгерісті тудырушы алғышарт есебінде де қарастырылады.

Экономика (гр. Οικονομία - үй шаруашылығын жүргізу өнері) - материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастар.

Ол билік құрған жылдары қазақ халқының қазіргі мекен тұрағы қалыптасты. «Қасым ханның қасқа жолы» деген әдет-ғұрып ережелері негізінде қазақ заңдары жасалынды.

Ереже - дәстүрлі халық құқығының қайнар көзі, нормативтік-құқықтық қағидалар. Ежелгі дәуірде және орта ғасырларда жөн-жосық, ата-баба жолы деп аталған. Ережелер сырт пішімі жағынан мақал-мәтелге, қанатты сөзге ұқсас болғанымен, нақтылығымен, дәйектілігімен ерекшеленеді.



1.. «Paint» бағдарламасында құжатты бірінші рет сақтағанда ........

А. Файл-Сақтау командасын орындау;

В. Тышқанның оң жақ батырмасы, Сақтау командасын орындау;

С. Файл - ....деп сақтау командасын орындау;

Д. Сақтау батырмасын шерту;
2.«Paint» графикалық редакторының іске қосылуы.

А. Іске қосу-Программалар-Стандартты- Paint

В. Іске қосу- Стандартты- Paint

С. Іске қосу-Программалар-Стандартты-Қызметші-Paint

Д. Іске қосу-Программалар- Paint

Е. Программалар-Стандартты- Paint

3. Алдыңғы саптың түсін өзгерту үшін не істеу керек?



А.Түстер тобындағы Негізгі тіркеме бетіндегі Цвет 1 батырмасын басып, түс таңдау.

В. Түстер тобындағы Негізгі тіркеме бетіндегі Цвет 2 батырмасын басып, түс таңдау

С.Тышқанның сол жақ батырмасымен Палитрадағы түсті шерту

Д. Esc пернесін басу арқылы

4.Палитраның неше түсі бар?

А.256


В.2

С.30

Д.қанша керек болса

5.Қандай бұйрықты орындап, палитрада жаңа түс құруға болады?

А.Түстер тобы- Түстерді өзгерту

В. Сурет - Түстерді қайтару

С.Саймандар - Түспен толтыру

Д.Файл -Құру

6.Палитра жаңа түстер құру үшін қандай негізгі 3 түс қолданылады?

А.Сары, сұр, қан қызыл

В. Көгілдір, қызыл, қара

С.Ақ, қызғылт сары, ақшыл көк



Д. Жасыл, қызыл, сары

7.Фонның түсін фигуралардың түсін өзгерту үшін?

А.Түстер тобындағы Негізгі тіркеме бетіндегі Цвет 1 батырмасын басып, түс таңдау.

В. Түстер тобындағы Негізгі тіркеме бетіндегі Цвет 2 батырмасын басып, түс таңдау

С.Тышқанның сол жақ батырмасымен Палитрадағы түсті шерту

Д. Esc пернесін басу арқылы

8. Графиктік редактор терезесінің меню құрамы:

А. Сурет, Параметрлер, Анықтама;

Мұнай мен газ қорларын көлемдік есептеу параметрлері. Мұнай кенорнының қорын есептеу параметрлері: Ғ - мұнайлы алаптың ауданы, M2; һ - қойнауқаттың тиімді қалыңдығы, м; j - тиімді кеуектілік; m - мұнаймен қанығу; b - қайтарым коэффиценті; a - мұнайдың меншікті салмағы; һ - қойнауқаттық мұнайдың есептеу коэффиценті.

В. Файл, Түр, Түзету, Сурет

С. Файл, Түзету, Түр, Сурет, Палитра;

Д. Файл, Түзету, Түр, Сурет, Параметрлер, Анықтама.

9. Paint файлының пішімі?

А..bmp

B.jpg

C.png

D..gif

10.Барлық растрлық кескіндер неден тұрады?

А.кішкене тіктөртбұрыштан

В.нүктелерден



С.сызықтардан

Д.Символдардан

3. XVII ғасыр

Жаңа сабақ



Тәуекел хан кезеңі (1680-1715ж)

1582 жылы Шығай хан қайтыс болғаннан кейін таққа Тәуекел (1582-1598 жж.) отырды. Тәуекел хан Бұхара ханы Абдолламен жасасқан шартты бұзып, қазақ және өзбек билеушілері арасындағы жаугершілік қайта қоздады Тәуке хан кезеңі


1680 ж. Жәңгірдің баласы Тәуке (1680-1718) хан болды. Оның тұсында «Жеті жарғы» деген заңдар жинапы құрастырылды. Жеті жарғы көшпелілердің ел билеу заңы болып табылады. Оның негізгі баптарының мазмұны: қанға қан алу, яғни біреудің кісісі өлтірілсе, оған ердің құнын төлеу (ер адамға 1000 қой, әйелге 500); ұрлық, қарақшылық, зорлық-зомбылыққа өлім жазасы кесіледі, жазаны ердің құнын төлеу арқылы жеңілдетуге болады;

Қарақшылық (ағылш. piracy; skyjacking; лат. pirata; гр. peirates - тонаушы, қарақшы (теңіз қарақшылығы), қылмыстық запдар және халықаралық құқық бойынша - күш қолдану немесе оны қолдану қаупін тудыра отырып, әзге мүлікті иелену мақсатында езен немесе теніз кемелеріне шабуыл жасау түрінде керінетін қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыс; ашык теңізде сауда, азаматтық кемелерді заңсыз басып алу, тонау немесе суға батыру.

денеге зақым келтірсе, оған сәйкес құн төленеді (бас бармақ 100 қой, шынашақ 20 қой); егер әйел ерін өлтірсе өлім жазасына кесіледі (егер ағайындары кешірім жасаса, құн төлеумен ғана құтылады, мұндай қылмысты екіқабат әйел жасаса жазадан босатылады); төре мен қожаның құны қарашадан 7 есе артық төленеді; егер ері әйелін өлтірсе, әйел құнын төлейді.

Paint терезе элементтерін құру

4.XVII ғасыр

І. Ресей құрамында

ІІ, а)Абылай ханның(1771-1781ж)

тұсында Қазақ хандығы


1742 жылы 20 тамызда Ор қаласында Ресей, жоңғар және қарақалпақ, қазақтардың Кіші, Орта және Ұлы жүздің өкілдері қатысқан келіссөз жүргізілді Қазақ жерін қалмақтардан толық тазарту мақсатымен Абылай бастапан қазақ жасақтары 1750 жылы жауды жоңғар қақпасы маңында оңдырмай соққы берді.

1755 жылы жоңғарлар бірнеше ұсақ иеліктерге бөлініп кетті. Осыдан кейін 1758 жылы Жоңғар мемлекеті құлады. 1758 ж. Цинь қытайлары Шығыс Түркістандағы қазіргі Синь-Цзянь жерін басып алды. Цинь империясының батыс шекарасы қазақ жерімен шектесті.

Қарақалпақтар (қарақ. Qaraqalpaqlar, қарақалпақлар) - түркі тілдес халық. Өзбекстан құрамындағы Қарақалпақ Республикасын мекендейді. Бұрынғы Кеңестер Одағындағы 424 мың қарақалпақтардың 94%-ы өз тілін ана тілім деп таныған (1989).

Мемлекет - белгілі бір аумаққа иелік етіп, сол жердегі халықтың еркін дамуына мүмкіндік беретін, қоғам табиғатынан туындайтын ортақ істерді атқаруға қажетті басқарудың жоғарғы дәрежеде ұйымдасқан жүйесі, саяси билік ұйымы.

Қала, шаһар - тұрғындары өнеркәсіп, сауда, қызмет көрсету орындарында және ғылыми, мәдени, басқару мекемелерінде жұмыс жасайтын, халқы тығыз орналасқан ірі елді мекен. Әдетте қала Тұрғындар районы, Өнеркәсіп районы, Сауда районы, кейбірінде Әкімшілік басқару районы секілді негізгі райондарға бөлінеді.

Жетісу қақпасы , Жоңғар қақпасы - батысында Жетісу Алатауы (Жоңғар Алатауы) , шығысында Бірліктау және Майлытау жоталарының аралығындағы тауаралық ойыс, табиғи өткел. Ол Балқаш - Алакөл ойысын Ебінұр көлі арқылы Жоңғар жазығымен жалғастырады.

Цинь империясы, Чинь (Шың) патшалығы (1644 - 1911) - Қытайдағы маньчжурлар әулеті билеген соңғы патшалық. Билеуші Нурцахи (Нұрхаш) (1559 - 1626) 16 ғ-дың аяғында Солт.-Шығыс Қытайда тұратын көшпелі маньчжур тайпаларын біріктіріп, Мин империясына қарсы күрес бастады.

Қытайлар дүркін-дүркін шабуыл жасап қазақтарға тыным бермеді. Абылай келісімге келу туралы Пекинге адамдар жіберді. Сөйтіп, Қытаймен сауда, экономикалық қатынас орнату жолдарын іздестірді. Ол Ресеймен де қарым-қатынас орнатты.



5.XIX ғасыр

ІІ б).Кеңесары көтерлісі (1837-1847)

Paint құрал -саймандарды құрау



Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс (1837-1847 жылдар аралығы) — қазақтардың патша үкіметіне қарсы барынша бұқаралық және ұзаққа созылған көтерілістерінің бірі болды. XIX ғасырдың 20 — 30-жылдарында отаршыл өкімет билігі мен қазақ халқының арасындағы қарым-қатынас елеулі түрде шиеленісе түсті. БіріншіденКіші жүз бен Орта жүздегі хан билігінің жойылуы сұлтандардың, билердің және батырлардың едәуір бөлігінің наразылығын туғызды. Екіншіден, патша үкіметі қазақ халқының ежелден келе жатқан дәстүрлі жерлерін әскери бекіністер салу үшін жаппай тартып ала бастады. Үшіншіден, бұрын Ресейге ешқандай алым-салық төлеп көрмеген қазақтарға ендігі жерде жасақ, түтін салығы, жол салығы сияқты алым-салық түрлері көбейе түсті, қазақ өз жерін өзі жалға алып, пайдаланатын күй кеше бастады. Төртіншіден, патша үкіметінің әскери отрядтары қазақ ауылдарына шабуыл жасап, күн көрсетпеді. Осының бәрі байырғы жергілікті халықты (номадтарды) қатты күйзеліске ұшыратты, олардың күн көрісін қиындатып жіберді.

Көтерілістің басты мақсаты қазақтардың патша үкіметі тартып алған ежелгі жерлерін өздеріне қайтарып алу, округтерді тарату, отаршылар енгізген алым-салықтарды жою еді.

Көтерілістің қозғаушы күші қатардағы қарапайым көшпелілер, сондай-ақ старшындар мен бибатырлар, тіпті сұлтандар да болды. Көтерісшілердің қалың қолына үшжүздің атақты батырлары жетекшілік етті.



6. XX ғасыр

ІІІ. Кеңес үкіметінің құрамында (1917-1991ж)

"Азаттық аңсаған Алаш азаматтары"

а) Алаш қозғалысы — 20 ғ-дың алғашқы ширегінде Ресей империясының отарлық билік жүйесіне қарсы бағытталған ұлт-азаттық қозғалыс.

Азамат [арабша азамат: 1. ұлылық, мәртебелілік; 2. тәкаппарлық; 3. кереметтілік; 4. ұлы мәртебелілік (сұлтандар титулы)] - 1. ел азаматы; 2. кәмелеттілік; 3. дара тұлға. Азамат ұғымын мемл. деңгейде қарастырғанда, ол қоғамның тең құқықты мүшесі мәніне ие болады.

Батыр (парсы тілінде njBӨM бәһадур - ержүрек, батыл, батыр) - әскери өнерді жақсы меңгерген, жау түсірер ерлігімен аты шыққан, қаһарман адамға берілетін құрметті атақ. Батыр атағы мирасқорлық жолымен берілмейді, оған әрбір адам жеке басының ерлігімен ие болады.

Алаш қозғалысы - 20 ғ-дың алғашқы ширегінде Ресей империясының отарлық билік жүйесіне қарсы бағытталған ұлт-азаттық қозғалыс.

Ғасырдың бас кезінде қазақ қоғамында мүлдем жаңа жағдай қалыптасты. Ресейлік әскери-монархиялық басқару жүйесі, қазақ жерінің орыс мемл-нің меншігі етіп жариялануы, осыған орай ішкі Ресейден қоныс аударушылар легінің күрт өсуі, қазақ бұқарасының зорлықпен егіншілікке жарамды жерлерден ығыстырылуы, дәстүрлі қазақ шаруашылығының терең дағдарысқа ұшырауы сол қалыптасқан жағдайдың нақты көріністері еді. Сол кездегі қазақ қоғамы дамуының күн тәртібінде қазақ халқының ұлт ретінде жоғалуы, не өзін-өзі сақтауы үшін күреске шығу мәселесі тұрды. Бірақ ендігі уақытта жеке батырлар бастаған қол түзіп, қару асынып көтеріліске шығу нәтиже бере қоймайтын еді. Қалыптасқан жаңа саяси ахуалға лайық жаңа күрес құралдары, әдіс-айла қажет болды, ең негізгісі халыққа оның алдында тұрған негізгі мақсат-мүдделерін түсіндіріп жеткізетін, сөйтіп оны заман талабына сай күрес құралдарымен қаруландырып, азаттық үшін қоғамдық қозғалысты бастап кете алатын мүлдем жаңа саяси-әлеум. күшке сұраныс үлкен еді. Ал ондай саяси күштің қалыптасып келе жатқанын 1905 — 07 жылдардағы оқиғалар көрсетіп берді. Ол күш — сан жағынан аз болғанымен, бірақ саяси күрес қазанында қайнап, тез ысыла бастаған ұлттық интеллигенция болатын.

А.Байтұрсынов.МДулатовӘ.Бөкейханов

Осы бірінші орыс революциясы жылдары ұлттық зиялылар кейін А.қ. атанған қоғамдық қозғалыстың негізін қалады. 1905 ж. Қоянды жәрмеңкесінде дүниеге келген Қарақаралы хұзырхаты (петициясы) оның бағдарламалық құжаты болатын.

Революция (лат. revolutіc - бетбұрыс, төңкеріс) - табиғат, қоғам өміріндегі, білім мен танымдағы сапалы өзгерістер. Білім мен танымдағы өзгерістер қатарына ғыл.-тех., мәдени, т.б. Революцияларды немесе бетбұрыстық мәні бар адамзат қол жеткізген табыстарды жатқызуға болады.

Қоянды жәрмеңкесі (1848-1930) - кезінде Орталық Қазақстанда өткізіліп отырған ең ірі маусымдық сауда орны болған.

Осы мезгілден бастап Ә.БөкейхановА.БайтұрсыновМ.Дулатов жетекшілік еткен ұлттық зиялылар жаңа өрлеу ала бастаған ұлт-азаттық қозғалысқа нысаналы сипат беру үшін газет шығару, азаттыққа үндеген кітаптар бастырып тарату,  Негізгі мақсаты — ұлттық бостандық болған А.қ. көрші түркі, мұсылман халықтарымен күш біріктіруге тырысты. Сөйтіп, 20 ғ-дың алғашқы жылдарынан бастау алатын Алаш ұлт-азаттық қозғалысы 30 жылдарға дейінгі тарихи кезеңді қамтыды. Кеңестік тоталитарлық билік алаштық атанған аға буын зиялылардың ең белсенді бөлігін, сондай-ақ олардың кеңестік-партиялық қызметтегі ізбасарларын қуғын-сүргінге ұшыратып, жауыздықпен жазалады. қ.

Тоталитаризм (лат. totalіs – тұтастай, түгелдей) – деспотизмнің бір түрі. Тоталитаризм орнаған мемлекетте қоғам өмірінің барлық саласы биліктің бақылауында болып, адам бостандығы мен конституциялық құқықтары жойылады, оппозиция мен өзге саяси ой өкілдері саяси қуғын-сүргінге ұшыратылады.

 

Тапсырма : Paint графикалық редакторын пайдаланып найзаның суретін салу

7.б)Ұлы Отан соғысы(1941-1945ж)




«Ұлы Отан соғысы» ұғымы 1941 жылғы шілденің 3-інде Сталиннің радио арқылы сөйлеген сөзінен кейін пайда болды. Сталин өз сөзінде «ұлы» және «отан» деген сөздерді бөлек-бөлек, бір-бірімен байланыстырмай қолданды.

Сталин Иосиф Виссарионович (рас тегі - Джугашвили/Жұғашвили, грузинше იოსებ ბესარიონის ძე ჯუღაშვილი - Ioseb Besarionis Dze Jughashvili)1878 ж. желтоқсанның 18 (е.м. 6) не 1879 ж. желтоқсанның 21 (е.м. 9) - 1953 жылы наурыздың 5) - кеңестік мемлекеттік, саяси және әскери қайраткері, 1922 жылдан бастап Кеңес Одағы Коммунистік партиясының Орталық Комитетінің бас хатшысы, Кеңестік Үкіметінің басқарушысы (1941 жылдан бастап КСРО Халық Комиссарлар Кеңесінің төрағасы, 1946 жылдан бастап КСРО министрлер кеңесінің төрағасы), Кеңес Одағы Генералиссимусы (1945).

«Ұлы Отан соғысы» сөз тіркесі көптеген басқа тілдерде де қолданылады
Шабуыл жасаспау туралы (23 тамыз 1939 ж) Совет Одағымен жасаған келісімді бұзып, фашистік Германия 1941 жылы 22 маусымда соғыс жарияламастан КСРО аумағына басып кірді. Ұлы Оотан соғысы осылай басталды.

Соғыстың сипаты - Германия тарапынан бұл соғыс агрессиялық, жаулап алушы, әділетсіз соғыс болды, ал Совет Одағы тарапынан әділетті өз жерін қорғаған, азаттық Отан соғысы болды.

1945 жылғы 2 қыркүйекте Жапония жеңілгендігі туралы шартқа қол қойды. Сөйтіп, екінші дүниежүзілік соғыс аяқталды.

Тапсырма: : Paint графикалық редакторын пайдаланып жебенің суретін салу

8)с) Желтоқсан Желтоқсан көтерілісі — 1986 жылы 17 — 19 желтоқсан


Желтоқсан оқиғаларына арналған Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік монументі

Көтерілістің басталуына Мәскеудегі орталықтың республика халқының пікірімен санаспастан Ресейдің Ульянов облысы партия коммитетінің 1-хатшысы Г.В.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні - тарихы тереңде жатқан елдің жаңа заманда өз алдына қайта егеменді ел болған күні. Тәуелсіздік күні мерекесі әр жылдың 16 желтоқсанында аталып өтеді. Бұл күн ұлттық, мемлекеттік деңгейдегі елеулі мереке болғандықтан 16-17-желтоқсан күндері күнтізбеде демалыс болып табылады.

Колбинді ҚКОК-нің 1-хатшысы етіп тағайындауы түрткі болды.

Қазақстан тәуелсіздігін алған соң Желтоқсан көтерілісі туралы шындық қалпына келтіріліп, бұл жөнінде “Желтоқсан. 1986. Алматы.” (құрастырылған Т.Өтегенов, Т.Зейнәбілов), “Желтоқсан құрбандарын жоқтау”, “Ер намысы — ел намысы” жинақтары, К.Тәбейдің “Мұзда жанған алау”, Т.Бейісқұловтың “Желтоқсан ызғары” кітаптары мен “Желтоқсан” (бас редакторы Х.Қожа-Ахмет) газеті жарық көрді, “Аллажар” (1991, реж. Т.Теменов), “Қызғыш құс” кинофильмдері түсірілді.  Оқиғаға қатысқандарды саяси тұрғыдан қуғындау басталды. 99 адам сотталды, 264 студент оқудан шығарылды. 1987 ж. жазда КОКП Ок қаулысы шығып, желтоқсан оқиғасы қазақ ұлтшылдығының көрінісі ретінде бағаланды.

Жинақ (Набор; set) - белгілі бір ақпараттық мазмұны бар логикалық байланыстағы объектілер жиыны.

Желтоқсан көтерілісі - 1986 жылы 17 - 18 желтоқсан аралығында Алматыда болған қазақ жастарының КСРО үкіметінің отаршылдық, әміршіл-әкімшіл жүйесіне қарсы наразылық іс-қимылдары. Бостандыққа, тәуелсіздікке ұмтылған қазақ халқы тарихындағы елеулі оқиға болып табылады.

Желтоқсан оқиғасы қоғамның саяси өмірін демократияландыруға серпін берді.

Осы күнге дейін мемлекет желтоқсан көтерілісінің тарихи маңызын жоғарлатуға зор үлес қосып келеді. Көтерілісінің құпиялары толығымен ашылған жоқ.



тапсырма: Paint графикалық редакторын пайдаланып қалқанның суретін салу

9, XXI ғасыр. Тәуелсіз Қазақстан



Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні — тарихы тереңде жатқан елдің жаңа заманда өз алдына қайта егеменді ел болған күні. Тәуелсіздік күні мерекесі әр жылдың 16-желтоқсанында аталып өтеді. Бұл күн ұлттық, мемлекеттік деңгейдегі елеулі мереке болғандықтан 16-17-желтоқсан күндері күнтізбеде демалыс болып табылады. Жыл сайын республика азаматтарының арасында мәдениет қайраткерлері, әлеуметтік саладағы ерекше қызметімен көзге түскен мамандар, әскери шенділер мен офицерлер, құқық қорғау саласының қызметкерлері және ел өміріндегі белсенді өзге де сала өкілдері елеулі еңбек еткендері үшін мемлекеттік марапаттармен (наградалар) марапатталады.

Қызметкер, жұмыскер - жұмысты еңбек шарты (келісімшарт) негізінде орындаушы, кәсіпорынның, ұйымның, мекеменің ішкі еңбек тәртібіне бағынушы адам. Еңбек заңнамасына сәйкес азаматтық-құқықтық шарттардың кез келгені бойынша (мердігерлік шарт, тапсырма, авторлық шарт бойынша) жұмыс атқарушы адам қызметкер болып саналмайды.

ДЕҢГЕЙ (Уровень; layer, level) - абстракциялы дерексіздік дәреже; иерархиялық құрылым қабаты; осы желімен орындалатын белгілі бір мәселелер кешенін сипаттайтын есептеуіш желі қүрылымының логикалық қабаты,

Әлеумет - қазақ халқының дәстүрлі түсінігінде жамағат, қауым, жұртшылық мағынасында қолданылған ұғым. Ол отбасынан, ағайын, туыс, жекжат-жұраттан бастап, ел-жұрт мағынасына дейін қамтиды. Мысалы, халық ауыз әдебиетінде жиі кездесетін “Алқалаған, әлеумет, Сөзіме құлақ салыңыз” дегенде әлеумет ұғымы ағайын мәніне жақын болса, “Әлеумет, көрдің, міне, жаңа заңды” (К. Әзірбаев)

16-желтоқсан күні Қазақстанның барлық жерлерінде мерекелік мәдени ойын-сауық іс-шаралары ұйымдастырылады. Кешке қарай үлкен орталықтардың аспаны отшашумен көмкеріледі. Тәуелсіздік тек Қазақстан тұрғындары үшін емес, сонымен бірге, шетелдердегі қазақ халқының өкілдері үшін де маңызы зор мереке.

5. Бағалау
6.Үйге тапсырма: §15

Аты-жөн:_____________________________________________________________
Сабақ не туралы болды?____________________________________________







Қиын,бирақ ненің қиындық тудыратының түсінуге тырыстым

Қиын, бірақ сабақты игерген сияқтымын

Қиын, соған қарамастан тапсырманы орындай алдым



Мүлде сенімсізбін

Мүлде сенімсізбін

Сенімсізбін

Сенімдімін

Өте сенімдімін

  • Жаңа сабақ
  • 4.XVII ғасыр І. Ресей құрамында ІІ, а)Абылай ханның(1771-1781ж)

  • жүктеу 137.6 Kb.