Главная страница
Контакты

    Басты бет


Сабақтың тақырыбы Операциялық жүйенің негізгі нысандары мен оны басқару Сабақтың мақсаты

жүктеу 36.56 Kb.



жүктеу 36.56 Kb.
Дата20.03.2017
өлшемі36.56 Kb.

Сабақтың тақырыбы Операциялық жүйенің негізгі нысандары мен оны басқару Сабақтың мақсаты



Сабақтың тақырыбы Операциялық жүйенің негізгі нысандары мен оны басқару

Сабақтың мақсаты : оқушыларда Windows ОЖ-ның пайдаланушы интерфейсі туралы түсінік қалыптастыру, Windows терезесі құрылымдық элементтерімен, қызметімен таныстыру, терезелер түрлерін баптауды үйрету.

Блок тақырыбы (Заголовок блока; block header) - блоктың басында орналасып, ол жайлы мәліметтер беретін және операциялық жүйеде қолданылатын арнайы жазба. Мысалы, блок тақырыбында оған кіретін логикалық жазбалар саны көрсетілуі мүмкін.

Интерфейс (Interface-inter-өзара, і face-бет жағы) - 1) программалаушылардың кәсіптік тілінде - өзара әрекеттесу "жазықтығы", пайдаланушы мен компьютердің қарым-қатынасы, яғни екі жүйенің немесе адам мен компьютердің өзара мәліметтер алмасуын жасақтайтын аппараттық-программалық құралдардың жиынтығы; 2) есептеуіш жүйе құрылғыларының не (немесе) программалардың өзара әсерлесуін жасақтайтын құралдар мен ережелер жиынтығы; есептеуіш жүйедегі құрылғыларды үйлестіру немесе жүйелер арасында үйлестіруге пайдаланылатын үйлестіргіш техникалық және программалық құралдар жиынтығы; жүйелердің, құрылғылардың немесе программалардың екі арасын бөлу шекарасы; екі қызметтік құрылғының және олардың қосылу, алмасу сигналдары және т.б. сипаттамаларымен анықталған шекарасы; 3) ішкі программаға басқаруды беру мен бастапқы программаға қайту процедурасы туралы сипаттамалар мен келісімдер жиынтығы.

Пайдаланушы (Пользователь; user, subscriber) - 1) асқа жүйенің ресурстарын пайдаланатын программа немесе жүйе; 2) терминал(пернетақта мен экран) арқылы электрондық машинамен бірлесіп әрекет жасайтын адам.

Құрылым (лат. structura - түзіліс, орналасу, тәртіп) - объектінің тұтастығын, тепе-теңдігі мен негізгі қасиеттерінің сақталуын қамтамасыз ететін байланыстар мен қатынастар жиынтығы. Құрылым жүйе және элемент ұғымдарымен тығыз байланысты.



Оқушылар білуі тиіс : жұмыс үстелі, тапсырмалар тақтасы, тапсырмалар тақтасының таңбалары, бас меню Windows ОЖ-ның терезелері құрылымын, қызметін.

Таңба (знак; character, symbol) - есептеуіш техникасында қолданылатын алфавиттің жеке символы. Арифметикалық амалдар таңбасы (знак арифметической операции; arithmetic operation character) - арифметикалық амалдарды анықтайтын алфавит белгісі (әдетте, +,-,*,/ ).



Оқушылар үйренуі тиіс : Windows ОЖ іске қосуды, тапсырмалар тақтьасының таңбаларын пайдалануды, терезелерді басқаруды, бумалар баптауды.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың көрнекілігі: компьютер, оқулық, жұмыс дәптері

Сабақтың барысы:

І)Ұйымдастыру кезеңі

ІІ)Үй тапсырмасын тексеру

ІІІ)Жаңа сабақ

IV) Компьютерде орындалатын өзіндік жұмыс

V)Сабақты қорытыңдылау

VІ)Үй тапсырмасы

І.

Компьютер Компьютер (ағылш. computer - «есептегіш»), ЭЕМ (электрондық есептеуіш машина) - есептеулерді жүргізуге, және ақпаратты алдын ала белгіленген алгоритм бойынша қабылдау, қайта өңдеу, сақтау және нәтиже шығару үшін арналған машина.

Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды түгендеп, сабаққа дайындықтарын тексеру.



ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

 Сұрақтар :

Компьютер қандай программалық жабдықтамасыз жұмыс істей алмайды ?

ОЖ-ның жүктелуі қай кезде орындалады?

ОЖ-ға дегенімзі не?

ОЖ-ға мысал келтір.

Компьютерлеріңде қандай ОЖ орнатылған ?

ІІІ. Жаңа сабақ

Жаңа тақырыпты түсіндіру – мазмұнын экранда паралель көрсетіп отыру арқылы жүргізіледі.

Windows операциялық жүйесі жүктелгеннен кейін экранда Жұмыс үстелі пайда болады.

Жұмыс үстелі

          Жұмыс үстелінің сыртқы түрін тұтынушының өзі жеке таңдайды. Әдетте Жұмыс үстелінде Компьютер, Желі, Қоржын, Басқару тақтасы сияқты нысандардың белгішелеріЕсептер тақтасы мен Бастау батырмасы орналасады.

Интернет Интернет (оқылуы [интэрнэ́т]; ағылш. Internet - International Network) - компьютерлік серверлердің бүкіләлемдік желісі.

           Бастау батырмасын басқаннан кейін программаларды іске қосуға, құжат ашуға, жүйенің баптауын өзгертуге, анықтамалық мәлімет алуға, қажетті файлды табуға және т.б.

Файл (ағылш. File) - дерек сақтаудың негізгі бірлігі болып табылады.

мүмкіндіктер беретін Windows-тің Бас мәзірі ашылады.

            Бас мәзірдің негізгі бұйрықтары :

            Бас мәзір екі – сол және оң жақ бөліктен тұрады.

            Сол жақ бөлігінде жақында жұмыс жасаған программалар тізімі орналасады. Тізімнен төмен 2 бұйрық көрсетіледі:

·         Барлық программалар – компьютерде орнатылған программалардың тізімін шығарып, оларды орындауға мүмкіндік береді.

·         Іздеу терезесі – файлдарды, бумаларды немесе пошталық хабарламаларды іздеуге мүмкіндік жасайды.

Бас мәзірдің оң жақ бөлігінде мынадай бұйрықтар бар :

·         Тұтынушы – дербес буманы ашу;

·         Құжаттар – құжаттар топтамасы ашылады;

·         Бейне – бейнелер топтамасы ашылады;

·         Музыка – музыкалық жазбалар топтамасы ашылады;

·         Компьютер – компьютердің параметрлерін баптау ;

·         Басқару тақтасы – компьютердің параметрлерін баптау ;

·         Құрылғылар мен принтерлер – компьютерге қосылған құрылғыларды баптауға арналған терезе;

·         Үнсіз келісім программалары – Интернетте жұмыс істеуге арналған және басқа программалар тізімі ;

·         Анықтама және қолдау анықтама жүйесін шақыруға мүмкіндік береді.

 Есептер тақтасы

             Кез келген қосымшаны іске қосқанда Есептер тақтасында ашылған қосымшаның белгішесі бейнеленген батырма пайда болады. Сонымен, барлық жұмыс істеп тұрған қосымшалар батырма түрінде есептер тақтасында көрсетіледі.

           Барлық жұмыс істеп тұрған қосымшалардың батырмаларынан басқа есептер тақтасында тез іске қосу тақтасы да бар. Онда іске қосуға болатын программалардың белгішелері орналасқан.

          Есептер тақтасының оң жақ бөлігінде программамен қай тілде жұмыс істеуге болатынын таңдауға мүмкіндік беретін тілдер тақтасы бар. Үнсіз келісім бойынша орыс және ағылшын тілдері орнатылған. Тілді Басқару тақтасы арқылы ауыстыруға болады. Есіптер тақтасы сағатпен аяқталады.

          «Бастау» батырмасының Есептер тақтасы мен Бас мәзірінің сырт бейнесі былай бапталады. Алдымен тышқанның оң жақ батырмасымен Есептер тақтасының кез келген бос жерін басу керек. Контекстік мәзір пайда болады. Бұл мәзірдің Қасиеттер бұйрығын таңдаңдар. Есептер тақтасын өздерің таңдағандай етіп баптауға болатын терезе пайда болады.



ІV Компьютерде орындалатын өзіндік жұмыс

         Оқушылар деңгейлік тапсырма бойынша жұмыс істейді. Әр деңгейдің тапсырмасы жұмыстың әртүрлі дағдыларын қалыптастырады.

Оқушы Оқушы - белгілі бір іспен айналысатын адам. Бұл іс сабақ немесе адам қызығатын іс болуы мүмкін. Оқушы бір істі игерумен айналысады. Ол бұл істі жоғарғы деңгейге игергенге дейін оқушы деген атқа ие болады.

ДЕҢГЕЙ (Уровень; layer, level) - абстракциялы дерексіздік дәреже; иерархиялық құрылым қабаты; осы желімен орындалатын белгілі бір мәселелер кешенін сипаттайтын есептеуіш желі қүрылымының логикалық қабаты,

Кітаптағы 74-беттегі А, В, С деңгейлік тапсырмаларды орындау.



V Қорытындылау

      Мұғалім оқушылардың жұмысын бағалайды.



VІ Үйге тапсырма

        § 9, 76-беттегі тест тапсырмаларымен сұрақтарға жауап беру.

  • Оқушылар білуі тиіс
  • Оқушылар үйренуі тиіс
  • Сабақтың көрнекілігі
  • ІІІ)Жаңа сабақ IV) Компьютерде
  • Компьютер, Желі
  • ІV Компьютерде орындалатын өзіндік жұмыс
  • V Қорытындылау

  • жүктеу 36.56 Kb.