Главная страница
Контакты

    Басты бет


Сабақтың тақырыбы: Операциялық жүйе ұғымы және оның атқаратын функциясы. Сабақтың мақсаты

жүктеу 59.85 Kb.



жүктеу 59.85 Kb.
Дата26.04.2017
өлшемі59.85 Kb.

Сабақтың тақырыбы: Операциялық жүйе ұғымы және оның атқаратын функциясы. Сабақтың мақсаты



Пән аты: Информатика

Сыныбы: 7 (І-ІІ топ)

Сабақтың тақырыбы: Операциялық жүйе ұғымы және оның атқаратын функциясы.

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Оқушылардың операциялық жүйе және оның түрлерін типті операциялық жүйе туралы және оның баптауды, файлдар мен қапшықтарды іздеу туралы білімдерін қалыптастыру.

Тәрбиелігі: Жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу.

Дамытушылығы: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту.
Блок тақырыбы (Заголовок блока; block header) - блоктың басында орналасып, ол жайлы мәліметтер беретін және операциялық жүйеде қолданылатын арнайы жазба. Мысалы, блок тақырыбында оған кіретін логикалық жазбалар саны көрсетілуі мүмкін.
Оқушы - белгілі бір іспен айналысатын адам. Бұл іс сабақ немесе адам қызығатын іс болуы мүмкін. Оқушы бір істі игерумен айналысады. Ол бұл істі жоғарғы деңгейге игергенге дейін оқушы деген атқа ие болады.
Файл (ағылш. File) - дерек сақтаудың негізгі бірлігі болып табылады.
Есте сақтау - жадында түту. Ес үрдістерінің бірі, жаңадан түсіп жатқан ақпаратты жадыға енгізуді белгілейді. Есте сақтау динамикасын психодиагностикалау әдістемесі - адамның есте сақтауының динамикалық сипаттарын анықтауға көмектесетін психодиагностикалық әдістемелер, көбіне бұл әдістемелер адам қаншалықты тез есте сақтайтынын және ақпаратты өндеуін анықтайды.
Пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың өту әдісі: сөздік, көрнекі, практикалық

Сабақтың көрнекілігі: компьютер

Оқыту формалары: жеке, топтық және ұжымдық.
Сабақтың өту барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Операциялық жүйе дегеніміз не?

Операциялық жүйе компьютердің барлық құрылғыларының жұмысын және програмалық жасауының жұмысын басқарук үшін қажет екенін білесіңдер.

Форма (Қалып; form) - 1) мәліметтерді ұсыну тәсілі; 2) мәліметтер базасын басқару жүйелеріңде (мысалы, Access-Te) - мәліметтер базасындағы ақпаратты (мәліметтерді) енгізу мен редакциялауға пайдаланылатын дисплей экранына көрнекі түрде ұсыну тәсілі.
Компьютер Компьютер (ағылш. computer - «есептегіш»), ЭЕМ (электрондық есептеуіш машина) - есептеулерді жүргізуге, және ақпаратты алдын ала белгіленген алгоритм бойынша қабылдау, қайта өңдеу, сақтау және нәтиже шығару үшін арналған машина.
Ол компьютер мен адамның арасындағы байланысты қамтамасыз етеді, демек, Операциялық жүйе - бұл компьютердің іске қосқан кезде жүктелетін және барлық құрылғылардың жұмысын басқаратын арнайы программа. Операциялық жүйе – ол есептеу процестері мен компьютерді басқару және пайдаланушы мен аппаратураны байланыстыратын жинақталған программа. Операциялық жүйе адам мен компьютердің электрондық құрауыштары және қолданбалы программалар арасында келістіруші қызметін атқарады. Ол адамның программаларды іске қосуына, барлық мүмкін деректерді оларға беруге және олардан алуға, программа жұмысын басқаруға, компьютердің және оған қосылған құрылғылардың параметрлерін өзгертуге, ресурстарды қайта бөліп беруге мүмкіндік береді.
Аппаратура (ағылш. Hardware, equipment) - компьютердің техникалық құралдары мен физикалық жабдықтары; (механикалық, электрлік және электрондык құрылғылар) яғни компьютердің құрамындағы құрылғылар: мысалы, пернетақта, монитор және т.б.
Пайдаланушы (Пользователь; user, subscriber) - 1) асқа жүйенің ресурстарын пайдаланатын программа немесе жүйе; 2) терминал(пернетақта мен экран) арқылы электрондық машинамен бірлесіп әрекет жасайтын адам.
Ресурстар (французша ressourse - құрал-жабдық, мүмкіндік), босалқы қорлар - табыс, ақшалай және басқа қаражат, құндылықтар мен олардың көздері.
Дербес компьютерде жұмыс істеу, шынында, оның операциялық жүйесімен жұмыс істеу болып табылады.

Біз үшін компьютермен қарым-қатынас жасаудың қолайлы әдісі –операциялық жүйе қамтамасыз ететін интерфейс маңызды.

Операциялық жүйелерді жіктеу.

Дербес компьютерге арналған операциялық жүйелер бірнеше параметрлері бойынша ерекшеленеді. Атап айтқанда, ОЖ-лер:



Бұдан басқа операциялық жүйенің командалық немсее графикалық (немесе екеуі бір міндетті) көп терезелі интерфесі болы мүмкін.
Графика - (гр. graphein, тырнау, жазу, салу дегеннен) Жазуда қолданылатын таңбалардың (әріп және тыныс белгілерінін) жиынтығы. Жазу танбалары жүйесі мен тілдін фонетикалық жүйесінің ара қатынасын, байланысын білдіреді.


Бір міндетті операциялық жүйелер қай кезде де адамның компьютерде тек бір ғана іспен шұғылдануынағ яғни тек бір ғана мәселені шешуіне мүмкіндік береді.

Көпміндетті жүйелер бірнеше программаны қатар іске қосуға мүмкіндік береді.

Бір адам ғана пайдаланатын операциялық жүйелер компьютерде тек бір ғана адамның жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.

Бірнеше адам пайдаланатын жүйеде әр бір пайдаланушы өз ақпаратына пароль енгізіп, тек өзінің ғана аша алатын ақпаратына шыға алады.

Әрбір ОЖ үш міндетті бөліктен тұрады:

І. Ядро – командалық интерпретатор, программалық тілден «темір» тіліне аударатын аудармашы, машина кодасының тілі.

Интерпретатор - (Interpreter (лат. Interpretatio) - түсіндіру, түсінікті тілге аудару) - деңгейі жоғары программалау тілінде (алгоритмдік тілде) жазылған программаның алғашқы нұсқасын машина тіліне аударып орындай алатын арнайы программа; программаның бастапқы мәтініне талдау жасайтын және программаны (жүктемелеулік модульге алдын ала түрлендірмей) жеке-жеке оператор бойынша орындайтын аудармалауыш; есептеу процесі кезінде бастапқы программаны жеке-жеке оператор бойынша аудармалайтын және орындайтын қызмет көрсеткіш программа (аудармалауыш-орындауыш). Компьютер жадына енгізілген программа мәтінін интерпретатор жолма- жол қалыпта машиналық кодқа аударады. Программаның алғашқы нұсқасының кезекті бөлігі машиналық тілге аударылғаннан кейін дереу орындалады. Содан кейін келесі бөлігі аударылып, одан әрі процесс қайталанады. Бейсик, Java тіліндегі программалар интерпретатор көмегімен аударылып атқарылады.
Аударма - бір тілде бейнеленген мазмұнды екінші бір тілге әрі дәл әрі толық қайталай бейнелейтін тілдік қимыл.


ІІ.Драйвер- компьютер құрамына кіретін әртүрлі құрылғыларды басқаруға сәйкес келеді, мысалы, принтер драйвері, сканер драйвері, жүйелік картаның драйвері.

ІІІ. Интерфейс - пайдаланушы компьютермен байланысып, қарым-қатынаста болатын ыңғайлы қабық.

Операциялық жүйелер топтамасы

Дербес компьютер үшін операциялық жүйелердің бірнеше әр түрлі жұптары даярланған: Microsoft MS DOS фирмасының операциялық жүйесі Windows (95,98,ME,NT,2000, XP, Vista ), Linex Apple фирмасының дербес компьютерлерінде MAC OS операциялық жүйесінің әр түрлі версиясы қолданылады.

Microsoft Corporation (/maɪkrəˌsɒft/) - дүниежүзіндегі ең ірі компаниялардың бірі. Бағдарламалық қамсыздандыру өндірісінің және сервер мен жеке компьютерлер үшін интернет технологияларды құруы мен қызметін көрсететін АҚШ-та тіркелген көпұлтаралық компания.
Серверде көбіне Windows NT/XP және UNIX операциялық жүйелері пайдаланылады.

Операциялық жүйе топтамасының маңызды белгілерінің бірі ЭЕМ ресурстарын басқару ерекшелігі болып табылады. Бұл бәрінен бұрын көпмақсаттылықты қолдау. Бір мезгілде орындалатын процестердің санына байланысты операциялық жүйелер екі топқа бөлінеді:


    1. біртапсырмалы

    2. көптапсырмалы

Біртапсырмалы операциялық жүйелердің пайдаланушыға бір программаны жүктеуге мүмкіндік береді.

Көптапсырмалы операциялық жүйелер пайдаланушыға бір мезгілде бірнеше программаны жүктеуге мүмкіндік береді.

Топтаманың келесі белгісіне көпқолданушы режимді қолдау жатады. Оның екі түрі белгілі.


  1. Бірпайдаланушы

  2. көппайдаланушы

Бірпайдаланушы операциялық жүйелер компьютерде бір ғана пайдаланушыға жұмыс жасауға мүмкіндік береді.

Көппайдаланушы операциялық жүйе қуатты компьютердің көмегімен бір мезгілде бірнеше пайдаланушының жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.

Сонымен қатар операциялық жүйелердің командалық және / немесе графикалық интерфейсі бар.

Графикалық интерфейсті операциялық жүйелерде командаларды пайдаланушы тышқанның көмегімен енгізе алады, ал командалық жол режімінде командаларды клавиатураның көмегімен енгізеді.

Біз қазіргі кезде кең тараған Windows операциялық жүйесімен танысуды жалғастырамыз. Windows сөзі ағылшын тілінен аударғанда «терезелер» деген ұғым береді.

Команда Команда (command, instruction) - 1) программалау тілдерінде - кез келген операцияны орындауды және оған керекті мәліметтерді (операндыны) бейнелейтін өрнек; компьютер атқаруға тиіс операция сипаты; 2) ақпаратты өңдеу процесіне байланысты атқару құрылғысында жүйенің белгілі бір операцияны орындауын талап ететін басқару сигналы; 3) программа орындау процесінің адымын анықтайтын ұйғарым.
Ағылшын тілі Ағылшын тілі (ағылш. English, English language) - Үндіеуропа тілдері жанұясының батыс герман тобына жататын тіл. Ағылшын тілі ежелгі тіл болып есептеледі, ол қазіргі Ұлыбритания аумағын ежелде басып алған Англосаксондардың тілі, бірақ жауланған кельттердің тілдері де әсерін тигізген.

Windows –графикалық (терезелі) операциялық жүйе. Экранда график түрінде ОЖ-ні басқару элементтері бейнеленген және пайдаланушы оның қосымшаларындағы қажетті элементті тышқанның көмегімен таңдай алады.



Операциялық жүйелерді баптау

Windows операциялық жүйелерінің сипаттамаларын кез келген компьютерде өзгертуге болады. Пайдаланушының көрсетуімен сипаттамаларды өзгерту операциялық жүйелерді баптау деп аталады.

Шартты түрде баптауды үш топқа бөлуге болады:


  1. Буманың терезесінің параметрлерін баптау;

  2. негізгі менюді баптау;

  3. басқару тақтасының көмегімен жүйені жалпы баптау.

Бума терезесінің параметрлерін баптауды Түрі-Параметрлер ... командасы бойынша орындауға болады. Осыдан кейін экранда екі немесе үш қосымша беттен тұратын диалогтік терезе ашылады.

Бума (Папка) қосымша бетінен сіз бір бумадан екінші бумаға өту үшін экранда буманы «алмастыру» режимін таңдаудың батырмалар жұбын көресіз.

Қарап шығу (Просмотр) қосымша бетінде көрінбейтін файлдарды бейнелеуге тыйым салуға болады және ол бума терезесі басында файлдың (буманың) толық адресін бейгнелейтін жалаушларды қосады және өшіреді.

Келесі Параметрлер қосымша беті файлдардың жаңа типтерін (жаңа кеңейтулер) қосуға мүмкіндік береді.

Мұнай мен газ қорларын көлемдік есептеу параметрлері. Мұнай кенорнының қорын есептеу параметрлері: Ғ - мұнайлы алаптың ауданы, M2; һ - қойнауқаттың тиімді қалыңдығы, м; j - тиімді кеуектілік; m - мұнаймен қанығу; b - қайтарым коэффиценті; a - мұнайдың меншікті салмағы; һ - қойнауқаттық мұнайдың есептеу коэффиценті.

Негізгі менюді және Тапсырмалар тақтасын баптауды Негізгі меню (Баптау – Тапсырмалар тақтасы) немесе Тапсырмалар тақтасы (Панель задач) контекстік менюінің Қасиеттер командаларының көмегімен орындайды. Екі команда да екі қосымша беттен тұрады, солардың көмегімен қажетті параметрлерді өзгертуге болатын бір ғана диалогтік терезені шақырады.

Жалпы (Общие) қосымша беті келесі режімдерді қосатын 5 жалаушадан тұрады:



  1. Барлық терезелердің үстінен орналастыру (Расположить поверх всех окон)- тапсырмалар тақтасы қосымшалардың барлық терезелерінің үстінде орналасады;

  2. Экраннан автоматты түрде өшіру (Автоматически убирать с экрана ) – тапсырмалар тақтасы оның орнына тышқанды көшіргеннен кейін ғана пайда болады;

  3. Негізгі менюдегі ұсақ белгілер (мелкие значки в главном меню) – негізгі меню ұсақ белгіленіп, олар өте аз орын алады;

  4. Сағатты бейнелеу (Отображать часы) – Тапсырмалар тақтасына сағат индикаторы орнатылады;
    Индикатор (ағылш. Indicator) - құрылғының қалып-күйінің немесе есептеуіш жүйенің жұмыс процесі кезіндегі мәліметтердің өзгерісін немесе жеке программаның орындалуын қамтып көрсететін мәліметтер элементі; ақпаратты көзбен көруге қайта жаңғыртатын құрылғы; программалауда - мәні процестің нәтижелеріне немесе белгілі шарттардың орындалуына тәуелді телінетін айнымалы.


  5. Қысқартылған менюді пайдалану (Использовать сокращенные меню) – менюді ашқанда соңғы пайдаланған командалар пайда болады.

Қосымша (Дополнительно) қосымша бетінің көмегімен қосуға, өшіруге, апаруға және негізгі меню пунктеріне жаңа ат қоюға болады.

Жүйені жалпы баптау Басқару тақтасы арнайы бумасының көмегімен орындалады.



Басқару тақтасы бумасының терезсінде сіз мына жазулар мен көптеген белгілерді көресіз. Экран, Шрифтер, Күні мен уақыт, Клавиатура, Тышқан (Экран, Шрифты, Дата и время, Клавиатура, Мышь) және т.б.

IV. Сабақты бекіту.

  1. Операциялық жүйе дегеніміз не?

  2. Операциялық жүйе не үшін қажет?

  3. Интерфейс деген не?

  4. Операциялық жүйелер қалай жіктеледі?

  5. Бір міндетті және көп міндетті операциялық жүйелердің айырмашылығы қандай?

  6. Басқару тақтасы бумасының міндеті мен атқаратын қызметін айтыңыз.

  7. Windows жұмыс үстелінің фондық суретін қалай орнатуға болады?

Үйге тапсырма: Операциялық жүйе ұғымы және оның атқаратын функциясы.

Сабақты қорытындылау: Жаңа материалды пысықтау, оқушылардың меңгерген білімдерін талдау, бағалау.

  • Тәрбиелігі
  • Сабақтың түрі
  • Сабақтың өту барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру. ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
  • Операциялық жүйелерді жіктеу.
  • Бір міндетті операциялық жүйелер
  • Әрбір ОЖ үш міндетті бөліктен тұрады: І. Ядро
  • ІІ.Драйвер
  • Операциялық жүйелер топтамасы
  • Операциялық жүйелерді баптау
  • Үйге тапсырма: Операциялық жүйе ұғымы және оның атқаратын функциясы. Сабақты қорытындылау

  • жүктеу 59.85 Kb.