Главная страница
Контакты

    Басты бет


Сабақтың тақырыбы: Мәтінді пішімдеудің негізгі тәсілдері

жүктеу 0.59 Mb.



жүктеу 0.59 Mb.
бет1/3
Дата16.09.2017
өлшемі0.59 Mb.

Сабақтың тақырыбы: Мәтінді пішімдеудің негізгі тәсілдері


  1   2   3

Сабақ жоспары:17 «Бекітемін»

Оқу ісінің меңгерушісі

«_______» ___________20__ж

Пән аты : Информатика

Сынып : 6 «а, ә, б»

Сабақтың тақырыбы: Мәтінді пішімдеудің негізгі тәсілдері

Сабақтың мақсаты: Мәтіндік редакторда дайындалған құжаттарды пішімдеудің әдіс-тәсілдерін біле  алады;

Блок тақырыбы (Заголовок блока; block header) - блоктың басында орналасып, ол жайлы мәліметтер беретін және операциялық жүйеде қолданылатын арнайы жазба. Мысалы, блок тақырыбында оған кіретін логикалық жазбалар саны көрсетілуі мүмкін.

Мақсат - белгілі бір межеге қол жеткізуге бағытталған әрекеттің ой-санадағы көрінісі. Мақсат ойлау нәтижесінде болашақты алдын ала болжау арқылы туатын мұрат, ішкі қозғаушы күшті білдіреді. Мақсатқа жету үшін әр түрлі іс-әрекеттер мен қимылдар жасалады.

мәтінді редакциялауды үйрене алады; мәтінді өңдей алады. Оқушылар білуі тиіс: мәтіндік редактордың ортақ мүмкіндіктерін, мәтін элементтерін.

Оқушылар үйренуі тиіс :

  • Мәтіндік редакторда дайындалған құжаттарды пішімдеудің әдіс-тәсілдерін біле  алады (кейбіреуі).

  • мәтінді редакциялауды үйрене алады (барлығы);

  •  мәтінді өңдей алады(барлығы);

Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту.

Сабақтың әдісі: АКТ, СТО

Көрнекілігі: ДК, интерактивті тақта, ЭО, деңгейлік тапсырмалар.

Сабақтың барысы :

І Ұйымдастыру кезеңі

Қызығушылықты ояту.

Ұйымдастыру.

Оқушылармен амандасу, түгендеу

Тренинг: «Жақсы лебіз» ойыны

Оқушылар шаттық шеңберіне жиналады. Бір оқушы қасындағы көршісіне жақсы лебіз білдіреді.

Оқушы - белгілі бір іспен айналысатын адам. Бұл іс сабақ немесе адам қызығатын іс болуы мүмкін. Оқушы бір істі игерумен айналысады. Ол бұл істі жоғарғы деңгейге игергенге дейін оқушы деген атқа ие болады.

Екінші оқушы үшіншіге т.с.с

ІІ Сабақтың мақсаты мен міндеттерін қою

ІІІ Үй тапсырмасын тексеру

Миға шабуыл. «Аңшы» ойыны

Флипчарт арқылы әр түрлі аңдардың суреттерінің астында сұрақтар жасырылады. Оқушылар өздері қалаған аңдарын таңдай отырып, артында жасырылған сұрақтарға жауап береді

1.Мәтіндік редактор не үшін қолданылады?

 2. Мәтіндік редакторды қалай іске қосады?

 3.Мәтіндік редактордың кеңейтімі қалай жазылады?

 4. Мәтіндік процессор дегеніміз не?

5. Мәтіндік процессордың терезесі?

6. Құжатты құру, сақтау

7. Құжатты қарап шығу масштабын өзгертуге бола ма?

IV. Жаңа тақырыпты түсіндіру

ХХІ ғасыр жаңа ақпараттық технологиялар ғасыры.

Мәтіндік процессор (мәтіндер даярлау жүйесі) (текстовый процессор (система подготовки текстов); word processor) - мәтіндерді енгізу, сақтау, қарап шығу, түзету, пішімдеу және қағазға басып шығаруды қамтамасыз ететін программалық құралдар.

Ақпарат технологиясы (ағылш. information technology, қысқ. IT) - объектінің, процестің немесе құбылыстың күйі туралы жаңа ақпарат алу үшін мәліметтерді жинау, өңдеу, жеткізу тәсілдері мен құралдарының жиынтығын пайдаланатын процесс.

Қазіргі кезде компьютер адам өмірінің барлық саласында толық енгізілді. Сондықтан да келешек ұрпақтың, оқушылардың алдында тұрған ең негізгі міндеті - өмірге икемделгіш, заман ағымына сай ілесе алатын азамат болу. Соның бір жолы компьютер тілін үйрену болып табылады. Компьютерді білу – екінші сауаттылық. Мәтін теріліп және өңделіп болғаннан кейін пішімдеу, яғни рәсімдеуді өзгерту жүргізіледі.

Мәліметтер (данные; data) - автоматты құралдардың көмегімен, кей жағдайда адамның қатысуымен, өңдеуге I ыңғайлы түрде берілген мағлұмат. Мәліметтердің кірістік, шығыстық, басқару, проблемалық, сандық, мәтіндік, графикалық және т.б.

Пішімдеу – деп мәтіндік құжаттарды рәсімдеу бойынша жүргізілетін әртүрлі әрекеттерді айтады. Құжатқа пішімдеуді құжат құрғанға дейін де, сол сияқты одан кейінде жүргізуге болады.


Пішімдеу әрекеттерін орындай отырып:
• әр түрлі қаріптерді пайдалануға;
• Жұмыс өрісінің шекараларын өзгертуге, сол жақ, оң жақ, жоғары, төменгі өрістерін айқындауға;
• Беттегі мәтінді туралауға:
• жоларалық интервалды орнатуға және өзгертуге;
• мәтінді бағандарға бөлуге;
• мәтінді жиектеудің әр түрлі типтерін қолдауға;
• тізім, құйма және т. б.
Пішімдеу кезінде аспаптар панеліндегі батырмаларды да, меню командаларын да, пернелердің арнайы комбинацияларын да пайдалануға болады.
Пішімдеу операцияларын бүкіл мәтінмен де оның бөлімдері: символмен сөзбен, жолмен, абзацпен, бөліммен, бетпен де жүргізуге болады. Ол үшін пішімделетін бөлікті белгілеу керек.
Пішімдеудің бірнеше баптауын бірден өзгерту үшін Формат менюінен Шрифт командасын орындаймыз.
Пішімдеу панелі:
- стиль
- шрифт
- шрифтің размері
- жартылай қарайтылған
- курсив
- асты сызылған
- ортасы бойынша туралау
- оң жақ шеті бойынша туралау
- оң және сол жақ шеті бойынша туралау
- нөмірлеу
- маркер қою
- түспен бояу
- шрифт түсі
Форматтау режімдерінің ең жылдам әдісіне форматтау панелінің төмендегі батырмалары жатады:
– жартылай қалыңдатылған (полужирный),
– курсив,
– асты сызылған (подчеркнутый)
Форматтауға арналған пернелер комбинациялары
Пернелер
комбинациясы Форматтау
кезіндегі әрекеттері
 Курсив (К)
 
Асты сызылған (Ч)
 
Жартылай қарайтылған (Ж)
 ортасына
 Сол жақ шеті бойынша
 Оң жақ шету бойынша
 Ені бойынша (екі жақ шетінен)



Сергіту сәті: https://www.youtube.com/watch?v=Vwa5zBMF_WU видеоролик

VКомпьютерде тәжірибелік жұмыс орындау

Оқушылар деңгейлік тапсырмаларды орындайды.



 Рефлексия

Не үйрендім?

Не үйренгім келеді?






VІІ Үйге тапсырма

§ 17 мазмұндау, бақылау тапсырмасы (12), тест сұрақтарына жауап беру.

Бақылау - зерттеу не тексеру әдісі. Бақылау арнайы жоспар бойынша жүргізіледі. Жоспарда Бақылаудың мақсаты мен міндеттері, объектісі (сабақ, саяхат, лабораториядағы, шеберханадағы, оқу-тәжірибе учаскесіндегі оқушылардың жұмыстары), жүргізу әдісі мен жолдары дұрыс көрсетілуі тиіс.



Сабақ жоспары:18 «Бекітемін»

Оқу ісінің меңгерушісі

«_______» ___________20__ж

Пән аты : Информатика

Сынып : 6 «а, ә, б»

Сабақтың тақырыбы: Абзацтар, шегіністер және интервалдар

Сабақтың мақсаты:

Білімділік - Мәтіндік процессорда абзацтар, шегіністер, интервалдар туралы толық мағлұмат беру. Сабақтан алған теориялық білімдерін жүйелі түрде тәжірибе жүзінде көрсете білу дағдыларын қалыптастыру.

Дамытушылық – Жаңа ақпараттық технологиялық құралдар мен бағдарламалық жабдықтарды қолданып пәнге қызығушылығын арттыру, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.

Мағлұматты қорыту (Обобщение понятия; concept generalization) - тек қорытылған мағлұмат көлеміне кіретін объектілерге жататын нышандарды алып тастау жолымен аз көлемді мағлүматтан үлкен көлемді мағлүматқа өтуге мүмкіндік беретін логикалық операция.

Құрал (Инструмент; лат. instrumentum - құрал, қару) - 1)адам еңбегінің құралы немесе өнеркөсіптік кәсіпорын жағдайындағы жұмысқа арналған машинаның атқарушы механизмі.

Логика (гр. λογική - «талдауға құрылған», λόγος - «сөз», «сөйлем», «ойлау», «ақыл») - ойлау, оның формалары мен заңдылықтары туралы ғылым. Логика дәлелдеу мен теріске шығарудың белгілі бір әдіс-тәсілдері қаралатын ғылым теориялар жиынтығын құрайды.

Жабдық - бір нәрсеге керек механизмдер, тетіктер, әр түрлі құралғылар жинағы.



Тәрбиелік – Оқушылардың белсенділігін арттыру, жұмыс жасау мақсатында компьютерлік сауаттылыққа, өзара көмектесуге, өзін-өзі бағалауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту.

Сабақтың әдісі: АКТ, СТО

Көрнекілігі: ДК, интерактивті тақта, ЭО, деңгейлік тапсырмалар.

Сабақтың барысы :

І Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық ахуал:

Оқушылардың жылдам есептеу дағдыларын дамыта түсу мақсатында логикалық ойын өткізіледі.



  1. Екі  сиырдың мүйізі қанша? Екі сиырдың мүйізі төртеу.

  2. Бір мысықтың  аяғы қанша? Бір мысықта төрт аяқ бар.

  3. Бес қойдың басы нешеу? Бес қойдың басы бесеу.

  4. Үш адамның  қолы нешеу? Үш адамның қолы алтау. өте жақсы балалар жақсы жауап бердіңдер.

ІІ Сабақтың мақсаты мен міндеттерін қою

ІІІ Үй тапсырмасын тексеру

«Өзіңді тексер» тест тапсырмасын орындату



IV. Жаңа тақырыпты түсіндіру

Мәтінді абзацтар ішінде безендіруге арналған негізгі командалар жолақта  Абзац тобына шығарылған (1 Сурет)



http://kopilkaurokov.ru/uploads/user_file_567d4ee080986/6synypkaarnalgantolyksabakzhospary_1.jpeg

1 Сурет. Абзац тобы

Жол аралық интервал

Жол аралық интервал- ол абзац ішіндегі мәтінің жолдары арасындағы тігінен қашықтығы. Microsoft Word бағдарламасында үнсіз келісім бойынша дара интервал пайдаланылады.

Microsoft Office Word (күнделікті - MS Word, WinWord немесе жай ғана Word) - Macintosh компьютерлерінде және Windows, DOS ортасында жұмыс істейтін, қазіргі кезде кең таралған, ең қуатты мәтіндік процессорлардың бірі.

Бірақта құжаттың түріне байланысты оны өзгеруге болады.

Интервалды өзгерту үшін мына әрекеттерді орындаңыз:

1.   Басты қосымшада Абзац тобының төменгі бөлігіндегі, төменге бағытталған бағыттауыш түріндегі батырмаға шертіңіз;



http://kopilkaurokov.ru/uploads/user_file_567d4ee080986/6synypkaarnalgantolyksabakzhospary_2.jpeg

Word бағдарламасында интервалдың мынандай түрлері бар.

           Дара интервал – жолдың көптеген символдарының тәуелділігіне байланысты әрбір жолға арналған интервал.

Бағыттау (орыс. наведение) - күштерге (сүңгуір қайықтарға, авиациялык ұшу аппараттарына) немесе қаруға (ракеталарға) козғалыс параметрлері (бағыт, жылдамдық, биіктік жөне т.б.) арқылы берілетін басқару тәсілі.

Символ (грекше symbolon - танымдық белгі, таңба, рәміз, пернелеу) лингвистика, логика, математика ғылымдарында таңба ұғымын береді; өнерде, философияда нәрсенің, құбылыстың қасиетін, сыр-сипатын бейнелеп, астарлап білдіретін әмбебап эстетикалық категория.

Қаріп өлшемінде интервалдың үлкейту мөлшері  пайдаланылатын гарнитураға тәуелді болады.

           1,5 жолдар интервалы- дара интервалдан бір жарым есе үлкен;

           Қос интервал- дара интервалдан екі есе үлкен;

           Минимум интервалы- басқа интервалдар сәйкес келмейтін, үлкен өлшемдегі қаріптер немесе графикалар үшін;

           Дәл интервал- барлық жолдарға бірдей, бекітілген жол аралық интервал. Оның мәнін қолданушы өзі орнатады;

           Көбейткіш интервал-  көрсетілген көбейткішке сәйкес үлкейетін немесе кішірейетін жол аралық интервал. Мысалы, көбейткіштің 1,4 мәні - интервалды  40% - ға үлкейтуді білдіреді, ал 0,6 мәні- 40%- ға кішірейтуді білдіреді. 1,5 мәні бір жарымжық интервалды орнатуға эквивалентті.

Абзац терезесін шақырмай- ақ жиі қолданылатын интервалдарды өзгертуге болады. Ол үшін Басты қосымшада Абзац тобындағы Жол аралық интервал батырмасын пайдалануға болады (2 Сурет)

http://kopilkaurokov.ru/uploads/user_file_567d4ee080986/6synypkaarnalgantolyksabakzhospary_3.jpeg

2 Сурет Жоларалық интервал батырмасы   

Шегініс және шығыныңқылықтар (выступы)

Шегініс- беттің оң жақ немесе сол жақ өрісінің және мәтіндер арасындағы қашықтықтар. Шегіністі көлденең сызғыштардың көмегімен реттеуге болады.

Шегіністерді үш түрге бөлуге болады:

          Сол жақтан шегініс-  беттің сол жақ өрісіне қатысты барлық абзацтың күйін орнатады. Оны өзгертіу үшін сәйкес келетін маркерді пайдаланыңыз (3 Сурет)



http://kopilkaurokov.ru/uploads/user_file_567d4ee080986/6synypkaarnalgantolyksabakzhospary_4.jpeg

 

3 Сурет. Сол жақтан шегініс маркері

 

           Оң жақтан шегініс- беттің оң жақ өрісіне қатысты барлық абзацтың күйін орнатады. Оны өзгертіу үшін сәйкес келетін маркерді пайдаланыңыз (4 Сурет)



http://kopilkaurokov.ru/uploads/user_file_567d4ee080986/6synypkaarnalgantolyksabakzhospary_5.jpeg

 4 Сурет. Оң жақтан шегініс маркері

            Бірінші жолдың шегінісі-  абзацтың бірінші жолының күйін анықтайды. Оны өзгертіу үшін сәйкес келетін маркерді пайдаланыңыз (5 Сурет)

http://kopilkaurokov.ru/uploads/user_file_567d4ee080986/6synypkaarnalgantolyksabakzhospary_6.jpeg

5 Сурет.  Бірінші жолдың маркері

 Әдетте шығыныңқылықты (выступ) нөмірленге және маркерленген тізім жасау кезінде қолданады. Шығыныңқылықты орнату үшін сәйкес келетін маркерді пайдаланыңыз



http://kopilkaurokov.ru/uploads/user_file_567d4ee080986/6synypkaarnalgantolyksabakzhospary_7.jpeg

6 Сурет. Шығыныңқылық (выступ) маркері

V. Компьютерде тәжірибелік жұмыс орындау

Оқушылар деңгейлік тапсырмаларды орындайды.



VІ. Рефлексия


Не үйрендік? 

Неден жирендік?






VІІ Үйге тапсырма

§ 18 мазмұндау, тест сұрақтарына жауап беру.



Сабақ жоспары:19 «Бекітемін»

Оқу ісінің меңгерушісі

«_______» ___________20__ж

Пән аты : Информатика

Сынып : 6 «а, ә, б»

Сабақтың тақырыбы: Нөмерленген және таңбаланған тізімдер

Сабақтың мақсаты:

Білімділік - оқушыларға мәтінді маркерленген  және нөмірленген тізімдермен жазуды, беттерді бояуды, жақтаулармен жазуды үйрету

Дамытушылық – оқушыларды MS Word бағдарламасымен жұмыс жасауға дағдыландыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту

Тәрбиелік – оқушыларды ұқыптылыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу

Сабақтың түрі: саяхат сабақ

Сабақтың әдісі: АКТ, СТО

Көрнекілігі: ДК, бейнепроектор, үлестірмелі карточкалар, жауап парағы, презентация

Сабақтың барысы :

І Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасу, оларды түгендеу



ІІ Үй тапсырмасын тексеру

«Білгенге маржан» аялдамасы

 Сәйкестендіру тесті:



 1. MS Word редакторын іске қосу жолы

А. Мәтінді курсивпен жазады

2. Құжатты сақтау командасы

В. Файл – Создать (Құру)

3. Мәтінді пішімдеу деген не?

С. Пуск – Все программы – Microsoft Office – Microsoft Word

4. Жаңа құжат құру командасы

D. пернесі

5. Мәтінді редакциялау деген не?

E. Файл – Сохранить как.. (Сақтау)

6. MS Word-та абзац қай пернені басумен аяқталады?

F. Мәтіннің пішімін оның параметрлері арқылы қою

7.  - батырмасының қызметі қандай?

G. Өңдеу, енгізу, өшіру, орын ауыстыру, құжаттың мазмұнын түзету

Оқушыларға жауап парақтарын тарату, оқушылар тесттің жауаптарын бір-біріне беру арқылы өздері тексереді.

Жауабы:


1 – С

2 – Е


3 – Ғ

4 – В


5 – G

6 – D


7 –А

ІІІ «Білімді мыңды жығар» аялдамасы(жаңа сабақ)

Нөмірленген және маркерленген тізімдер

Бірнеше бөлімдерден, тараулардан тұратын құжаттарды көркемдеу барысында тізімдерді таңбалау және нөмірлеу қажеттігі туады.

Таңба (знак; character, symbol) - есептеуіш техникасында қолданылатын алфавиттің жеке символы. Арифметикалық амалдар таңбасы (знак арифметической операции; arithmetic operation character) - арифметикалық амалдарды анықтайтын алфавит белгісі (әдетте, +,-,*,/ ).

Маркерлер мен нөмірлерді Главная менюіндегі Маркерлер, Нөмірлер, Көпдеңгейлі батырмасын немесе құжаттың жанама менюіндегі Маркерлер, Нөмірлер командасын таңдағанда ашылған сұхбат терезесінің көмегімен қоюға болады.

Көпдеңгейлі астарлы беті құрылымы күрделірек құжатпен жұмыс жасағанда пайдаланылады. Нөмірленген астарлы бетінде нөмірлеу форматын таңдау және өзгерту мүмкіндігі бар.

Разметка страницы (Бетбелгі) режимінде Ориентация (Бағдарлау) батырмасын шерту арқылы қағаз бетінің кітаптық немесе альбомдық түрін таңдауға болады.

Мәтіннің беттерін және абзацтарын рәсімдеу кезінде өрнектеу, түсін өзгерту т.б. түрлі әдістер қолданылады. Бұл жағдайда абзацты белгілеп, Разметка страницы – Границы страниц командасын таңдау керек.

Жағдай - адам әрекетінің , жан-жануарлар тіршілігінің, табиғат пен қоғамдағы өзгерістің, оқиғаның, т.б. айналадағы ортаның ықпалына тәуелділігін білдіретін философиялық ұғым. Табиғаттағы, қоғамдағы белгілі бір өзгерісті тудырушы алғышарт есебінде де қарастырылады.

Экранда Границы и заливка (Шекаралар және құю) сұхбат терезесі ашылады. Граница (Шекера) астарлы бетінде мәтінді жиек, көлеңке, көлемді, басқа жиектемелердің бірін және сызықтың түрін, түсін, енін таңдай отырып, оның үлгісінен көріп, қажет емес шекараны үлгіде немесе сәйкес батырмада шерту арқылы іске қосып, немесе қайта алып тастау әрекеттерін орындап болған соң, ОК батырмасын шертеміз. Страница (Бет) астарлы бетінде дәл осы әрекеттерді орындауға және бір немесе бірнеше бетті Рисунок (Сурет) батырмасын шерткенде шығатын тізімнен таңдап алынған суретпен жиек қойып қоршау мүмкіндігі бар. Заливка (Бояу) астарлы бетінде мәтіннің белгіленген аймағына бояу параметрлерін бергеннен кейін ОК батырмасын шерткенде, таңдаған түске боялады.



IV. «Өзіңді тексер»  аялдамасы (жаңа сабақты бекіту)

Тапсырма Компьютермен тәжірибелік жұмыс

V. «Ойнайық та, ойлайық» аялдамасы (сергіту сәті)

  1. Баспа құрылғысы (принтер)

  2. Компьютер теледидары (монитор)

  3. Үлкен темір қорап (жүйелік блок)

  4. Функционалдық пернелер (F1- ден F12-дейін)

  5. Зиянкес бағдарлама (вирус)

  6. Файлдар жиыны (бума)

  7. Таңбалар мен сигналдар жиыны (ақпарат)

  8. Ақпараттық процесті зерттейтін ғылым (информатика)

  9. Информатика өлшем бірлігі (бит, байт)

  10. Сурет салуға арналған бағдарлама (Paint)

  11. Адам мен компьютер арасындағы байланыс (операциялық  жүйе немесе интерфейс)

  12. Компьютердің негізгі құрылғысы (жүйелік блок)

  13. Құжаттарды көшірмелеу құрылғысы (ксерокопия)

  14. Дербес компьютердің кішкентай құрылғысы (тышқан)

  15. Офистік бағдарламадағы мәтіндік редактор (Word)

  16. Дыбыс естілетін қорап (колонка)

  17. Мәлімент енгізу құрылғысы (пернетақта)

  18. Компьютердің маманы (программист)

  19. Бүкіләлемдік желі (интернет)

  20. Компьютерді вирустан қорғайтын бағдарлама (антивирус)

  21. Корзинаның қызметі ( жойылған файлдарды жинау)

  22. Ең ұзын перне (пробел)

VІ.

Файл (ағылш. File) - дерек сақтаудың негізгі бірлігі болып табылады.

Сабақты қорындылау

Үйге тапсырма §19 Өзіңтексер тест тапсырмасы



«Өлеңім-өнерім»  бір шумақ өлең құрастырады. Өлеңнің әр жолы ұйқас болып,  дұрыс құралған болу керек.

(Word мәтіндік бағдарламасы туралы)  (Paint графикалык бағдарламасы туралы)

Оқушыларды бағалау

Сабақ жоспары:20 «Бекітемін»

Оқу ісінің меңгерушісі

«_______» ___________20__ж

Пән аты : Информатика

Сынып : 6 «а, ә, б»

Сабақтың тақырыбы: Бағандар

Сабақтың мақсаты:

Білімділік - оқушыларға мәтінді бағандарға бөлуге үйрету

Дамытушылық – оқушыларды MS Word бағдарламасымен жұмыс жасауға дағдыландыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту

  1   2   3


жүктеу 0.59 Mb.