Сабақтың тақырыбы: Компьютердің сыртқы құрылғылары. Енгізу-шығару құрылғылары. Монитор. Пернетақталық тренажер
- Бағдарламалық
- Сабақтың типі
- Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі II. Үй тапсырмасын тексеру III. Жаңа сабақты түсіндіру
- ЕНГІЗУ-ШЫҒАРУ ҚҰРЫЛҒЫЛАРЫ 2.2.6.Тапсырма.
- Е нгізу құрылғылары Шығару құрылғылары
- МОНИТОР (ДИСПЛЕЙ) Монитор – ақпаратты
- Бейнелеу түсі бойынша Шығаратын ақпараты бойынша
- 2.2.9.Тапсырма.
- ДК-де жұмыс істеу алғашқы сабағынан бастап есте сақтау керек
- Пернетақтамен жұмыс істеу техникасы.
- Қағидағыдай тренажер бағдарламасы бес құрауыштан тұрады
- Мәтін енгізу жаттығуларының екі түрі болады
- IV. Жаңа тақырыпты бекіту 2.2.6, 2.2.7, 2.2.9, 2.2.10, 2.2.11
- 2.2.8, 2.2.12 - тапсырма 2)Оқушыларды бағалау
Мерзімі «___» _____________________ С ![]() Блок тақырыбы (Заголовок блока; block header) - блоктың басында орналасып, ол жайлы мәліметтер беретін және операциялық жүйеде қолданылатын арнайы жазба. Мысалы, блок тақырыбында оған кіретін логикалық жазбалар саны көрсетілуі мүмкін. Компьютер (ағылш. computer - «есептегіш»), ЭЕМ (электрондық есептеуіш машина) - есептеулерді жүргізуге, және ақпаратты алдын ала белгіленген алгоритм бойынша қабылдау, қайта өңдеу, сақтау және нәтиже шығару үшін арналған машина. Енгізу-шығару құрылғылары. Монитор. Пернетақта. Пернетақталық тренажер.
Бағдарламалық – ОЕТС, пернетақталық тренажер, WordPad мәтіндік редакторы дидактикалық (алфавитті-цифрлық пернелердің қызметін көрсету үшін). қамсыздандыру: Оқулық. Жұмыс дәптері. Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларды компьютердің сыртқы құрылғыларымен таныстыру. Енгізу-шығару құрылғыларын жалпы шолу. ДК-нің негізгі шығару құрылғысы – монитормен таныстыру. Пернетақтаның арналуы және таратылуымен таныстыру. Әр түрлі алфавитті цифрлық-ақпаратты енгізуді көрсету, пернетақтамен жұмыс істеу әдістерімен таныстыру. 2. Оқушылардың компьютердің ішкі құрылғыларына қандай құрылғылар жататынын, енгізу-шығару құрылғыларын, мониторлардың сипаттамаларын, арналуын, құрамдас бөліктерін, пернетақтаның міндетін білу қабілеттерін дамыту. Оқушы - белгілі бір іспен айналысатын адам. Бұл іс сабақ немесе адам қызығатын іс болуы мүмкін. Оқушы бір істі игерумен айналысады. Ол бұл істі жоғарғы деңгейге игергенге дейін оқушы деген атқа ие болады.
3. Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру. Сабақтың типі: Баяндау,көрсету, практикум Білім – білікке Оқушылар білуі тиіс: қойылатын талаптар: - компьютердің ішкі құрылғыларына қандай құрылғылар жататынын;
Оқушылар үйренуі тиіс:
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі II. Үй тапсырмасын тексеру III. Жаңа сабақты түсіндіру Сабақтың басында ЭЕМ-нің жалпы схемасын, оның ішкі құрылғыларын оқушылардың есіне түсіру керек. Содан кейін жаңа тақырыпты түсіндіруге ауысу керек. СЫРТҚЫ ҚҰРЫЛҒЫЛАР Дербес компьтердің сыртқы құрылғыларды оның интерфейстеріне қосылады, ол қосымша операцияларды орындауға арналған. Арнаулы бойынша сыртқы құрылғыларды төмендегідей бөлуге болады: -деректерді енгізу құрылғылары -деректерді шығару құрылғылары -деректерді сақтау құрылғылары -деректерді алмасу құрылғылары ЕНГІЗУ-ШЫҒАРУ ҚҰРЫЛҒЫЛАРЫ 2.2.6.Тапсырма. Қораптың ішінен табылған құрылғыларды орналастыруға көмектес. Ұсынылған құрылғыларды екі топқа бөлу керек. Е нгізу құрылғылары Шығару құрылғылары Маус Принтер Тәрте(джойстик) График салғыштар Жарық қаламұшы Дисплей Сканер Плоттер Пернетақта Өлшеу аспаптары Трекбол
Монитор – ақпаратты компьютер экранына шығару құрылғысы. Ақпарат (лат. informatio - түсіндіру, мазмұндау) ұғымы күнделікті өмірден бастап техникалық салада пайдаланылатын көп мағыналы ұғым. Жалпы алғанда бұл ұғым шектеу, байланыс, бақылау, форма, инструкция, білiм, мағына, құрылым, бейнелеу, сезіну тағы басқа ұғымдармен тығыз байланысты. Бұл жалғыз емес, бірақ негізгі шығару құрылғысы.
2.2.7.Тапсырма. Мониторларды жіктеу. Мониторларды екі белгілері бойынша жіктеу керек.
2.2.8.Тапсырма(Ү). Сұрақтарға жауап бер. Сұрақтарға жауап беруді оқулықпен өз бетімен жұмыс істеу үшін де, тақырыпты меңгеруін тексеру үшін де қолдануға болады.
2.2.9.Тапсырма. Монитордың сипаттамасын кестеге жаз. Тапсырма мұғалімнің көмегімен орындалады. Мұғалім немесе оқытушы - болашақ ұрпақтарды қоғамдық өмірге тез әрі жеңіл қосылу үшін және сол қоғамның сол мақсаттарды орындайтын адамдарды қамтамасыз ету қабілетін арттыру үшін тәрбиелеу мен оқыту қажеттілігі себебінен әлемдегі ең кең тараған мамандықтардың бірі.
![]() Неге экранның алдында ұзақ отыруға болмайды? Жауабы: Көз талады, электромагнитті және ультрадыбыс сәуле әсерін тигізеді. ПЕРНЕТАҚТА Пернетақта – компьютерді пернелік басқару құрылғысы. Таңбалық деректерді енгізу қызметін атқарады және негізгі енгізу құрылғысы болып табылады. Пернетақтаның әрекеттерінің принципі:
Арнайы пернетақталар деректерді енгізу процесінің тиімділігін арттыруға арналған. Бұл пернетақтаның пішінін,с пернелерінің таратылуын, жүйелік блокқа қосу әдісін өзгерту арқылы іске асырылады. Арнайы пішіні бар пернетақтаны эргономикалық пернетақта деп атайды. Оларды таңбалық ақпараттың өте көп мөлшерін енгізуге арналған жұмыс орнында пайдалану тиімді. Олар терушінің жұмысының өнімділігін арттырады және бүкіл жұмыс күні бойы аса қажытпайды. Стандарды пернетақталардың пернелерінің таратылуы аса тиімді емес. Олар баспа машиналарының бұрынғы үлгілері бойынша жасалған. Қазіргі кезде пернелердің таратылуы дұрыс үйлестірілген(жетілдірілген) пернетақталарды шығарудың техникалық мүмкіндігі бар. Мұндай құрылғылардың үлгілері де шығарылды. Бірақ бұл стандартты емес таратылуы бар пернетақталарды іс жүзінде енгізу әлі шешілген жоқ, өйткені онда жұмыс істеу үшін арнайы оқу қажет. Жүйелік блокқа қосу әдісі бойынша пернетақталарды өткізгіш сымды, өткізгыш сымсыз деп екіге бөледі. Қосу әдісі - кеннен (әркүйде қозғалмай жатқан) сынама алу әдісі. Сынама алынатын орындар белгіленіп, сол жерлердің бет қабатынан қосу арқылы бөлшекті сынама алынады. Алынған сынамаларды қосып олардан орташа сынама жасалады. Өткізгіш сымсыз пернетақталарда ақпарат инфрақызыл сәуле арқылы беріледі.
Пернетақтаның көмегімен алфавитті-цифрлық деректерді енгізеді және компьютердің жұмысын басқарады. Шартты түрде пернетақтаны 5-бөлікке бөлуге болады.
Мұндай жіктеуді қолдана отырып, мынаны ойға тұтады: пернелердің бірінші тобының көмегімен мәтін мен сандарды енгізеді, F1-F10 көмегімен бағдарламаларға белгілі бір функцияларды орындатады, ал үшінші топтың көмегімен машинаға қандай да бір тұтас басқару әсерін тигізеді (меңзер мен кадрларды жылжыту, бағдарлама жұмысын аяқтау және т,б,). NumLock қосылып тұрған кезде сандық пернетақтаның көмегімен цифрлар мен арифметикалық амалдардың белгілерін теруге болады, ал NumLock өшіріліп тұрғанда меңзерді басқаруға және редакциялауға болады. Жылжыту (Подкачка; paging, swapping) - виртуальдық жадтың беттерін немесе сегменттерін ауыстыру; осы сәтте жедел жадқа қажетті ақпаратты орналастыруды жасақтайтын жедел жад пен сыртқы жад арасындағы мәселелер тіркесін ауыстыру. Арифметика (грек. arіthmētіkē, arіthmos – сан) - сандар (бүтін және бөлшек) және оларға қолданылатын амалдар туралы ғылым (грекше arіthmetіke, arіthmos – сан).
Дегенмен, бұл жіктеу шартты, өйткені нақты жағдайда орындалатын бағдарламаға байланысты ке-келген перне дерлік функционалды да, арнайы да қызметтерді орындай алады, сонымен қатар бұлар бағдарламамен бұғатталуы мүмкін. Функционал - бір не бірнеше функцияға тәуелді болатын айнымалы шаманы білдіретін математикалық ұғым. Ол алғаш рет вариациялық есептеуде пайда болған. Берілген тұйық қисық сызықпен шектелген аудан, белгілі бір жол бойындағы күш өрісінің жұмысы, т.б. Сондықтан әрбір бағдарламаның сипатталуында пернетақтаның функцияларын түсіндіретін бөлім міндетті түрде болады.
Кейбір пернелер екілік ауыстырп-қосқыштың міндетін атқарады, бұл мыналар білдіреді: пернені басу әлдебір функцияны қосады, қайталап басу – оны өшіреді. Caps Lock пернесі әдетте жоғарғы және төменгі регистрлардың пернетақтасын ауыстырып-қосу қызметін атқарады. Драйверіне байланысты пернетақтаның пернелерінің біреуі немесе екеуі (мысалы, Shift Shift) орыс және латын алфавиттерінің ауыстырып –қосқышы болып хабарланады. Алфавитті-цифрлық символдың бейнесі бар пернені басқанда экранға меңзердің орнына сәйкес символ шығады және меңзер бір орынға оңға қарай жылжиды. Символ кіші әріп (Caps Lock өшірілген) немесе үлкен әріп (Caps Lock қосылған), латын немесе орыс әрпі (алфавитті ауыстырып қосқыштың жағдайына байланысты) болуы мүмкін. Егер Shift пернесін басып, оны жібермей отырып алфавитті-цифрлық символдарды тергенде регистр уақытша ауыстырылады. 0-9 дейінгі сандар алфавитті ауыстырып қосқышқа байланыссыз төменгі регистрден шығарылады. Кейбір пернелердің белгілеулері оң жақ пернетақтада (сандық немесе қосалқы) пернетақтада қайталанады. Олар сандық ақпаратты теруге арналған. Num Lock ауыстырып-қосқышымен бұл пернетақтаны 0-9 цифрларын, арифметикалық амалдардың негізгі белгілерін, ондық бөлшектердің бүтін және бөлшек бөліктерінің бөлгішін енгізу режиміне ауыстыруға болады. Бұдан басқа, мұнда кейбір басқару пернелері қайталанған. Кейбір арнайы пернелердің неғұрлым типтік функциялары. Enter – Енгізуді аяқтау сигналы. Меню пунктін таңдау. ОК батырмасын басу. Esc – Бағдарламаны аяқтау. Операцияны болдырмау немесе операциялар тізбегіне кері қайту. Cancel батырмасын басу. Fl – Экранға көмек сөз шығару (анықтама). Left – Меңзерді солға жылжыту (меңзер жақтауын). Up – Меңзерді (меңзер жақтауын) жоғары жылжыту. Down – Меңзерді (меңзер жақтауын) төмен жылжыту. Right – Меңзерді (меңзер жақтауын) оңға жылжыту. Home – Меңзерді жолдың басына ауыстыру. End – меңзерді жолдың соңына ауыстыру. PgUp – Бір «бетке» жоғары жылжыту. PgDn – Бір «бетке» төмен жылжыту. Ins – Редакторларда ақпарат енгізгенде кірістіру және орнын басу режимін ауыстырып қосу. Del – Меңзердің оң жағында орналасқан символды жою. Backspase – меңзердің сол жағындағы символды жою. Tab – Меңзерді бір басқару позициясынан басқасына ауыстыру. ДК-де жұмыс істеу алғашқы сабағынан бастап есте сақтау керек:
Бұл перне көбінесе операцияны болдырмайды.
Пернетақтамен жұмыс істеу техникасы. Жеке пернені басқанда күш қолданбай, жай ғана басу керек. Егер сендер жеке пернені басып ұстаңдар, машина сендер оны көп рет бастыңдар деп түсінеді де, бірнеше бірдей белгі шығарады. Көптеген операцияларды орындау үшін екі (немесе үш) пернелерді қатар басып, мысалы, CTRL L, бұл сендерге алдымен CTRL пернесін басып, содан соң оны жібермей тұрып, L пернесін басып және жіберу керек екенін білдіреді. Содан кейін Ctrl-ды да жіберуге болады. Меңзер. Меңзер – экранда жыпылықтап тұратын белгі. Меңзер экранда алфавитті-цифрлық пернені басқанда символ қай жолға енгізілетінін көрсетеді. Символды енгізгеннен соң, меңзер оңға қарай бір қадам жылжиды. Меңзердің экранда пайда болуының мәні – алфавитті-цифрлық ақпаратты енгізуге шақыру. Enter пернесін басу арқылы ақпаратты енгізу аяқталады. Пернетақтаны көрсету
Пернетақта – бұл компьютерге символдық ақпаратты енгізу құрылғысы. 2.2.10.Тапсырма. Пернетақтаның негізгі блоктарының аты мен міндетін жаз. 1. Функционал пернелер күрделі операцияларды орындауға арналған; 2. Символдық пернелер алфавитті-цифрлық ақпаратты енгізуге арналған; 3. Цифрлық пернелер цифрлық ақпаратты енгізуге және меңзерді басқаруға арналған; 4. Орнату пернелері меңзерді экран бойы жылжытуға арналған. Тапсырма тақырыпты талқылау барысында орындалады және оның конспектісі болып табылады. 2.2.11.Тапсырма. Арнайы пернелердің қызмет кестесін толтыр.
2.2.12.Тапсырма(Ү). Сен пернелердің орналасуын есіңде сақтадың ба (қарамай жаз). Тапсырма оқушылардың өз бетімен орындауына арналған және білімін тексеру үшін ұсынылады.
Пернетақта тренажері:
Қағидағыдай тренажер бағдарламасы бес құрауыштан тұрады:
Есепке алынады:
Мәтін енгізу жаттығуларының екі түрі болады:
Әр оқушыға көмектесу және бақылау.
IV. Жаңа тақырыпты бекіту 2.2.6, 2.2.7, 2.2.9, 2.2.10, 2.2.11, – тапсырмаларды орындау V. Қорытындылау 1)Үйге тапсырма Компьютердің сыртқы құрылғылары. Енгізу-шығару құрылғылары. Монитор. Пернетақта. Пернетақталық тренажер. 2.2.8, 2.2.12 - тапсырма 2)Оқушыларды бағалау |