Главная страница
Контакты

    Басты бет


Сабақтың тақырыбы: Компьютердің кұрылымы. Мақсаты

жүктеу 69.73 Kb.



жүктеу 69.73 Kb.
Дата14.04.2017
өлшемі69.73 Kb.

Сабақтың тақырыбы: Компьютердің кұрылымы. Мақсаты



Еңбекшіқазақ ауданы «Абылай хан атындағы №4 орта мектеп»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі, информатика пәні мұғалімі Исаханова Еркинай Кайыпрахмановна



c:\users\3\desktop\фото мой.jpg
Сабақтың тақырыбы: Компьютердің кұрылымы.
Блок тақырыбы (Заголовок блока; block header) - блоктың басында орналасып, ол жайлы мәліметтер беретін және операциялық жүйеде қолданылатын арнайы жазба. Мысалы, блок тақырыбында оған кіретін логикалық жазбалар саны көрсетілуі мүмкін.
Мемлекет - белгілі бір аумаққа иелік етіп, сол жердегі халықтың еркін дамуына мүмкіндік беретін, қоғам табиғатынан туындайтын ортақ істерді атқаруға қажетті басқарудың жоғарғы дәрежеде ұйымдасқан жүйесі, саяси билік ұйымы.


Мақсаты:

Білімділік: Компьютердің құрылымына кіретін негізгі құрылғылар туралы жалпы түсінік және олардың атқаратын қызметтері туралы білімдерін жетілдіру.
Құрылым (лат. structura - түзіліс, орналасу, тәртіп) - объектінің тұтастығын, тепе-теңдігі мен негізгі қасиеттерінің сақталуын қамтамасыз ететін байланыстар мен қатынастар жиынтығы. Құрылым жүйе және элемент ұғымдарымен тығыз байланысты.

Тәрбиелік: Оқушыларды жан-жақты болуға, компьютерлік сауаттылыққа, жылдамдыққа, іздемпаздыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушыларға компьютердің құрырылымы туралы түсінік бере отырып, сабаққа деген қызығушылықтарын арттырып, ой - өрісін дамыту және жетілдіру.
Сабақтың типі : Аралас сабақ.

Оқытудың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, оқулықпен,компьютермен

жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: Оқулық кітап, компьютердің құрылымдары, интерактивті тақта, слайд.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, психологиялық сәт.

Оқушы - белгілі бір іспен айналысатын адам. Бұл іс сабақ немесе адам қызығатын іс болуы мүмкін. Оқушы бір істі игерумен айналысады. Ол бұл істі жоғарғы деңгейге игергенге дейін оқушы деген атқа ие болады.
Психология - адамның жеке бірлік ретіндегі психикасын, өзінің сан−алуан сезім, аффективтік, интеллектуалды, басқа да туа біткен функцияларымен бірге сыртқы ортамен өзара әрекетін зерттейтін ғылым, кей-кезде адам мінез-құлығын зерттеу деп те анықталады.


images (11).jpg Оқушылар бір - біріне жақсы тілек тілеу арқылы сабаққа деген қызығушылықтарын ояту.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Компьютердің қазіргі уақытта негізгі функциясы қандай?

Жұмыс қабілеті мен басқаруды қамтамасыз ететін программа ?

Алақан компьютері- компьютердің қандай түріне кіреді ?

Ноутбук компьютерлердің қай түріне жатады?

Нетбук дегеніміз не?

Үлкен дерек қорларын сақтау үшін қолданылатын компьютер:

ІІІ. Өткенді бекіту, байланыстыру.


  1. Көзден экранға дейін арақашықтық қанша болу керек?

  2. Информатика дегеніміз не?

  3. Қандай ақпарат біздің есімізде жақсы сақталады?

  4. 1 байт неше биттен тұрады?

ІV. Жаңа тақырыппен, мақсатымен таныстыру.

Компьютердің құрылымы.
V. Жаңа материялды меңгеру:

Алдыңғы тақырыпта біз ЭЕМ-ның түрлерін қарастырып шықтық. Бүгінгі күні дербес компьтерлер (ДК) көпшілік арасында кең тарады. Дербес компьютерлердің осылай аталу себебі – ол бір-ақ адам жұмыс істеуге арналған.

Мақсат - белгілі бір межеге қол жеткізуге бағытталған әрекеттің ой-санадағы көрінісі. Мақсат ойлау нәтижесінде болашақты алдын ала болжау арқылы туатын мұрат, ішкі қозғаушы күшті білдіреді. Мақсатқа жету үшін әр түрлі іс-әрекеттер мен қимылдар жасалады.
Ақпарат (лат. informatio - түсіндіру, мазмұндау) ұғымы күнделікті өмірден бастап техникалық салада пайдаланылатын көп мағыналы ұғым. Жалпы алғанда бұл ұғым шектеу, байланыс, бақылау, форма, инструкция, білiм, мағына, құрылым, бейнелеу, сезіну тағы басқа ұғымдармен тығыз байланысты.
Дербес компьютер (қысқаша ДК) - компьютердің қазіргі уақытта ең кең тараған түрі болып табылады. Дербес компьютер бір мезгілде бір адамның пайдалануына арналған. Дербес компьютерлердің негізгі екі санаты бар: стационарлық және тасымалы компьютерлер.

Дербес компьютерлердің түрлері өте көп, бірақ олардың құрылысында ұқсастық та бар.

Дербес компьютер негізгі 3 бөліктен тұрады.


  • Ақпаратты шығару құрылғысы - Монитор

  • Ақпаратты енгізу құрылғысы - Пернетақта

  • Жүйелік блокта орналасқан ақпаратты өңдеу және сақтау құрылғыларынан.

Монитор. Пернетақта. Жүйелік блок.

f:\компьютера для перентаци1\386088.pngf:\құрылығылар\a4tech_km-720.jpgf:\компьютера для перентаци1\modified-pc-case.png



Монитор.

Дисплей – компьютердің экранына ақпаратты шығаратын құрылғы. Сыртқы пішіні бойынша дисплей кәдімгі түрлі түсті теледидарға ұқсайды, сондықтан оны жиі телевизиялық техникадағыдай монитор деп те атайды.

Теледидар - телехабар бағдарламаларындағы бейне мен дыбыстық сүйемелдеудің радио сигналдарын күшейту мен түрлендіруге арналған теле, радиоқабылдағыш теледидар түрлі түсті, ақаласықара кескінді, стационарлы және тасымалды болып ажыратылады.
Дисплей – компьютердің «тілі». Ол дисплей көмегімен өзінің жұмысы туралы барлық қажетті ақпаратты беріп отырады.

Жүйелік блок - дербес компьютердің ең негізгі құрылғысы.

Жүйелік блоктың құрамы:


  1. Жүйелік (аналық ) тақша,

  2. процессор,

  3. жедел жады,

  4. қатты диск,

  5. видеокарта,

  6. дыбыс картасы

  7. желілік карта секілді көптеген маңызды құрылғылардан орналасады.

метеринская плата5 Аналық тақша жүйелік блоктың басқа құрылғылар жалғанған негізгі бөлігі.

Аналық тақша арқылы жүйелік блоктың құрылғылары өзара байланысып, ақпарат алмасу іске асады.



f:\компьютера для перентаци1\200px-sl3a2down.jpg Процессор – компьютердің ең басты бөлігі. Ол – компьютердің «миы». Ол бүкіл компьютердің жұмысын басқарады және бағдарламалардағы барлық командаларды (операцияларды) орындайды.
Команда (command, instruction) - 1) программалау тілдерінде - кез келген операцияны орындауды және оған керекті мәліметтерді (операндыны) бейнелейтін өрнек; компьютер атқаруға тиіс операция сипаты; 2) ақпаратты өңдеу процесіне байланысты атқару құрылғысында жүйенің белгілі бір операцияны орындауын талап ететін басқару сигналы; 3) программа орындау процесінің адымын анықтайтын ұйғарым.
Компьютердің кез-келген жұмысы болса да, процессордың қатысуымен орындалады. Іс жүзінде компьютердің орындайтын жұмысының бәрін оның бас микросхемасы – микро процессор атқарады. Қазіргі кезде ең көп тараған процессор (Pentium) «пентиум» деп аталады, сондықтан мұндай процессор орнатылған компьютерді де «Пентиум» деп атайды. Жиілік жоғарылаған сайын, компьютер де жақсырақ болады. Процессор жадпен бірге жұмыс істейді. Процессор микросхема ретінде ұсынылған және оперативті жадымен қатар аналық тақшада орналасады. Процессор бағдарламалар жұмысына қажетті есептеулерді орындайды. Процессордың жылдамдығы мегагерцпен (МГц) немесе (ГГц) өлшенетін оның ырғақтық жиілігімен анықталады.

f:\құрылығылар\15_1.jpg Жедел жады – бұл компьютердің ішкі жады. Жедел жад немесе оперативті жадтайтын құрылғы (ОЖҚ) – ол қажет ақпараттарды өзіне жылдам жазуға және одан оқуға мүмкіндік береді. Бірақ онда ақпараттар уақытша сақаталады, яғни компьютерді өшіргенше. Компьютердің ішкі жадының екі түрі бар: тұрақты жадтайтын құрылығы ТЖҚ – бұл компьютердің ішкі жады, ол компьютердің ішіне, құрастырушы фирмада орнатылады. Жедел (оперативті) жадтайтын құрылығы ЖЖҚ – ақпараттарды уақытша сақтауға арналған жад. Компьютердің жедел жадының көлемі шекті, сондықтан ЖЖҚ-дан ақпараттарды сыртқы жадқа (дискіге) көшіріп алу керек.

f:\құрылығылар\image001.gif Қатты диск ақпаратты ұзақ сақтауға арналған құрылғы. Онда тұтытушының программалары мен ақпараттары сақталады.

f:\құрылығылар\ecs-8600gt-front.jpg Видеокарта компьютердің жүйелік блогындағы бейнені мониторға шығаруға дайындайтын жүйелік блоктың ішінде орналасқан құрылғы. Видеокартаға бейненің сапасы тәуелді.

Дыбыс картасы компьютерде дыбыспен жұмыс жасау үшін қажет.

Желілік карта - компьютерді басқа компьютерлермен желі арқылы біріктіру үшін немесе Интернет желісіне қосылу үшін керек.

f:\құрылығылар\a4tech_km-720.jpgПернетақта – компьютерге ақпарат енгізуге арналған құрылғы. Ол әріптің және цифр пернелерінің көмегімен компьютерге кез келген ақпаратты енгізуге мүмкіндік береді. Қазіргі компьютерлердің пернетақтасында 101 немесе 107 перне, ал оң жақ

жоғарғы бұрышында жұмыс режимі туралы ақпарат беріп отыратын 3 жарық индикаторы орналасады.

Пернетақтадағы пернелер бірнеше блокқа бөлінеді:

символдық пернелер – пернетақтаның негізгі бөлігі болып табылады. Бұл пернелердің көмегімен кез келген алфавитті-цифрлық ақпаратты енгізуге болады.

Функционал пернелер, бұлар символдық пернелердің үстіндегі жолда орналасқан. Олар латынның F (F1, F2, …, F12) әрпімен белгілеген.

Функционал пернелер компьютердің күрделі операцияларын тез орындауға мүмкіндік береді. Әр түрлі жағдайларда олар әр түрлі міндеттер атқарады.

Индикатор (ағылш. Indicator) - құрылғының қалып-күйінің немесе есептеуіш жүйенің жұмыс процесі кезіндегі мәліметтердің өзгерісін немесе жеке программаның орындалуын қамтып көрсететін мәліметтер элементі; ақпаратты көзбен көруге қайта жаңғыртатын құрылғы; программалауда - мәні процестің нәтижелеріне немесе белгілі шарттардың орындалуына тәуелді телінетін айнымалы.
Символ (грекше symbolon - танымдық белгі, таңба, рәміз, пернелеу) лингвистика, логика, математика ғылымдарында таңба ұғымын береді; өнерде, философияда нәрсенің, құбылыстың қасиетін, сыр-сипатын бейнелеп, астарлап білдіретін әмбебап эстетикалық категория.
Жағдай - адам әрекетінің , жан-жануарлар тіршілігінің, табиғат пен қоғамдағы өзгерістің, оқиғаның, т.б. айналадағы ортаның ықпалына тәуелділігін білдіретін философиялық ұғым. Табиғаттағы, қоғамдағы белгілі бір өзгерісті тудырушы алғышарт есебінде де қарастырылады.

Нұсқаушы немесе курсорды экранда басқару пернелері.

Курсор дегеніміз: экранда (сызықша түрінде) жыпылықтап тұратын символ. Ол символдық пернені басқанда, символ пайда болатын орынды көрсетеді. Нұсқаушы пернелер символдық пернелердің төменгі оң жағында орналасқан, олардың үстінде бағдаршалар(стрелкалар) салынған. Олар курсорды экранда жылжытуға арналған;

Жылжыту (Подкачка; paging, swapping) - виртуальдық жадтың беттерін немесе сегменттерін ауыстыру; осы сәтте жедел жадқа қажетті ақпаратты орналастыруды жасақтайтын жедел жад пен сыртқы жад арасындағы мәселелер тіркесін ауыстыру.
цифрлық пернелер немесе қосымша пернетақта – пернетақтаның оң жағында орналасқан. Бұлардың көмегімен сандық ақпараттарды компьютерге енгізуге, сондай-ақ курсордың экранда қозғалуын басқаруға болады. пернесі пернетақтаның оң жақ қосымша бөлігінің жұмыс режимін ауыстырып қосады. Егер осы пернені бір рет басса, онда пернелерде көрсетілген цифрлар енгізіледі. Ал егер оны тағы бір мәрте басса, онда бұл пернелер курсорды экранда жылжыту бағытын басқарады.

Пернетақтада жоғарыда аталған пернелерден басқа, маңызды осылардан кем емес арнайы пернелер де бар. Оларға «Enter» (енгізу пернесі), «Delete»(жою пернесі), «Backspace» (артқа қарай өшіру), «Caps lock» (үлкен регистрді қосу) және т.б. пернелер жатады. Кейбір амалдарды орындау үшін, пернелердің комбинацияларын пайдалануға болады. Ол үшін екі: Ctrl және Alt арнайы пернелері бар. Мысалы, пернетақтаның регистрін ағылшын алфавитінен орыс алфавитіне ауыстыру үшін Alt Shift (кейде Ctrl Shift) пернелерін қатар басады.

VI. Білімін тексеру.


  1. Компьютердің негізгі құрылғыларын атаңдар.

  2. Жүйелік блоктың құрамына кіретін құрылғылар.

  3. Аналық тақша дегеніміз не?

  4. Жедел жады дегеніміз не?

  5. Дыбыс картасы не үшін қажет?

  6. Бейненің сапасы неге тәуелді?

  7. Қатты дискі неге арналған құрылғы?

  8. Бас әріптер режимін қосу үшін қай пернені қолданамыз?

  9. NomLock пернесінің қызметі қандай?

  10. Бір тілден басқа тілге ауыстыру үшін қай пернелерді пайдалануға болады?

VII. Білімін бекіту.

Практикалық жұмыс:

Пуск



Все программы



Стандартные



Блокнот


Блокнот программасын ашып, оқулықтан жүйелік блоктың құрылымын компьютерде теру.
VIIІ. Үйге тапсырма:

§6 мазмұндау, тест жауабын дәптерге жазу.

  • Сабақтың тақырыбы
  • Мақсаты: Білімділік
  • Тәрбиелік
  • Сабақтың типі
  • Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
  • ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
  • ІІІ. Өткенді бекіту, байланыстыру.
  • Компьютердің құрылымы. V. Жаңа материялды меңгеру
  • Монитор.
  • Жүйелік блоктың құрамы
  • Аналық тақша
  • Процессор
  • Видеокарта
  • Дыбыс картасы
  • §6 мазмұндау, тест жауабын дәптерге жазу.

  • жүктеу 69.73 Kb.