Главная страница
Контакты

    Басты бет


Сабақтың тақырыбы: «Файлдар мен бумаларды іздеу»

жүктеу 321.12 Kb.



жүктеу 321.12 Kb.
бет1/2
Дата07.03.2020
өлшемі321.12 Kb.

Сабақтың тақырыбы: «Файлдар мен бумаларды іздеу»


  1   2

Күні: 07.12.11

Пәні: Информатика

Сыныбы: 8 «Б»

Пән мұғалімі: Көбекова Әйгерім

Сабақтың тақырыбы: «Файлдар мен бумаларды іздеу»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушыларға файлдар мен бумаларды іздеу әдістері мен тәсілдерін меңгерту.

Тәрбиелік: өз бетімен ізденуге баулу, оқушыларды тапқырлыққа, шапшаңдыққа баулу, ақпараттық сауаттылыққа тәрбиелеу.

Дамытушылық: оқушыларды ой-өрісін, таным белсенділігін, өз бетінше компьютерде практикалық жұмыстарды орындау дағдысын дамыту.

Сабақтың типі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндірмелі, практикалық жұмыстар, «Ойлан тап!» ойыны, сұрақ-жауап, техникалық диктант

Сабақтың көрнекілігі: техникалық диктант таратпалары, мультимедиалық проектор, компьютер

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

- сабақта оқушылармен сәлемдесу;

- сабаққа оқушылардың қатысуын кезекші арқылы түгелдеу.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

Операциялық жүйелер:



  • уақыт пен күнді баптау;

  • жұмыс үстелін баптау;

  • қыстырма бет (заставка) арқылы «Көлемдік мәтін» таңдап, «Жаңа жыл - 2012» сөзін жазу;

  • Жұмыс үстеліне өз атыңмен жаңа бума құру. Оның ішіне «Мектеп» деген атпен файл сақтау.

ІІІ. Жаңа сабаққа әзірлік кезеңі

«Ойлан тап!» ойыны. Оқушылар бағыт бойынша жасырылған сөзді тауып, анықтама береді.





  1. Бума(қапшық) дегеніміз не? – бұл объектілер бірлестігі.

  2. Файл дегеніміз не? – аты бар бірқатар байттар тізбегі.

  3. Іздеу.


ІҮ. Жаңа сабақ

Мынадай жағдайды елестетіңіз, сіз жақсы көретін кітабыңызды жоғалтып, оны еш жерден таба алмадыңыз. Бірақ сіз оны ата-анаңыздан сұрауыңызға болады, мүмкін анаңыз оны басқа жерге қойған шығар. Сол сияқты компьютерде де қандай да бір файлды жоғалтып алуға болады, бірақ компьютер оны қайда қоййғанын айта алмайды. Бұл жағдайда көмекке ІЗДЕУ (ПОИСК) немесе ТАБУ (НАЙТИ) командалары келеді.

Іздеу командасы компьютерде кез-келген файлды тез тауып бере алады. Ол үшін объектіні, оның атын, құрылу датасын, өлшемін білу керек. Іздеу терезесі 1-суретте көрсетілген.

Команданы шақыру үшін мына әрекеттерді орындау қажет:



  1. Жіберу батырмасына шертіңіз;

  2. Табу пунктін таңдаңыз;

  3. Файлдар және бумалар пунктін таңдаңыз;

  4. Файлдар және бумалар атын іздеу өрісінде файл атын немесе файл атының фрагментін енгізіңіз:

  5. Мәтінді іздеу өрісіне мәтін фрагментін енгізуге болады;

  6. Қайдан іздеу өрісінен іздеу жүргізілетін диск немесе басқа объекті таңдауға болады;

  7. Табу батырмасына шертіңіз.

Іздеу қосымша параметрлерін енгізу үшін Іздеу параметрлері жазуына шертуге болады, содан кейін терезеде жаңа элеменеттер пайда болады. Олардың көмегімен құру немесе соңғы өзгерту уақыты, өлшемі және тағы басқа бойынша іздеу салуға болады.

  1   2

  • Сабақтың мақсаты
  • Сабақтың типі
  • Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
  • ІІІ. Жаңа сабаққа әзірлік кезеңі
  • ІҮ. Жаңа сабақ

  • жүктеу 321.12 Kb.