Главная страница
Контакты

    Басты бет


Сабақтың тақырыбы: Есептегіш техника кабинетіндегі қауіпсіздік техника ережесін сақтау. Сабақтың мақсаты

жүктеу 0.75 Mb.



жүктеу 0.75 Mb.
бет4/6
Дата14.04.2017
өлшемі0.75 Mb.

Сабақтың тақырыбы: Есептегіш техника кабинетіндегі қауіпсіздік техника ережесін сақтау. Сабақтың мақсаты


1   2   3   4   5   6

ІХ. Үйге тапсырма

Power Point құжаттарының құрылымы. Презентация.

Х. Сабақты қорытындылау

Жаңа материалды пысықтау, оқушылардың меңгерген білімдерін талдау, бағалау.



ХІ. Бағалау.

Бекітілді: Пәні: информатика

_______________________ Класы: 10 «б»

Күні: _________________



Жаратылыстану-математикалық бағыт

І. Сабақтың тақырыбы: Презентция құру. Графиктік объектілерді орнату.

ІІ. Сабақтың мақсаты:

А) Білімділігі: білімділікке, сауаттылыққа, ойлау ұшқырлығын дамыту

ә) Тәрбиелігі: икемділік қасиетімен шабытты болуға қалыптастыру

б) Дамытушылығы: оқушылардың ойлау қабілетімен қызығушылығын арттыру

ІІІ. Сабақтың түрі: Аралас сабақ

IV. Сабақтың көрнекілігі: компьютерлер, топтамалар, тест сұрақтары т.б.

V. Оқыту әдістері: сөздік, көрнекі, практикалық

VІ. Оқыту формалары: жеке, топтық және ұжымдық

VІІ. Пайдаланылған әдебиеттер: Н.Ермеков, М.Ермеков, С.Ноғайбаланова Информатика 10 сынып оқулығы, Балапанов Информатикадан 30 сабақ, Информатика негіздері журналы. Информатика негіздері журналы. О.Камардинов Bisual Basic ортасы, Ж.Динисламов Bisual Basic ортасы.

VІІІ. Сабақтың барысы:

а) ұйымдастыру

ә) сабақ сұрау

б) жаңа сабақ

в) бекіту

г) үйге тапсырма

д) үйге тапсырма

е) қорытынды



Жаңа сабақ

Жаңа презентацияны, (Word-та жаңа құжатты жасау сияқты) үш түрлі әдіспен жасауға болады.



  1. Мастер автосодержания көмегімен.

  2. Ұсынылған қалыптар негізінде.

  3. Бос презентацияны пайдаланып, яғни құжатты басынан бастап жасау.

Мастер автосодержания көмегімен презентацияны жасау. Роwer Рoint-ті қосқан кезде Мастер автосодержания бағдаршасында тышқанды басу келесі диалогтық терезені шақырылады.

Слайдты жасау процесі үш этаптан тұрады.

Бірінші этапта Вид презентации таңдау керек. Мұнда тиісті батырманы басқанда ашылатын алты блок ұсынылады. Әрбір блокта презентацияның бірнеше стандарты бар, сендер олардың тақырыбы сәйкесін таңдап аласындар. Шебермен жұмыс істеудің ыңғайсыздығы, біз таңдап алғанды алдын-ала көре алмаймыз. Бұдан басқа, егер сендер бір фирманың қызметкері болмасаңыз, ұсынылған презентацияның 54 варианты және тақырыптары: «Стратегияны ұсынамыз» , «Персоналды оқытамыз», «Қаржылық күйді шолу» және т.б. ұнамайды.

Үшінші этапта ең бірінші слайдтың көркемдеуі жүреді. Мұнда презентацияның аты беріледі, сонымен қатар барлық слайдтардың төменгі колонтитулы үшін мәтін енгізіледі. Готово батырмасында тышқанмен басу шеберге жұмыстың аяқталуы жайлы команданы береді, және ол жиналған ақпарат негізінде слайдтардың базалық жиынын жасайды. Енді слайдтардың аяққы көркемдеумен айналысуға болады, керекті деректерді енгізе отырып : мәтін, бейне, суреттер,сонымен қатар, керек кезде, форматтау параметрлерін ауыстыра отырып.

Автосодержание шебері көмегімен презентация жасау – бұл ең оңай, бірақ ең стандартталған әдісі. Бұл жағдайда шебер, Місrosoft Offiсе-тің көптеген шеберлері сияқты, белгілі бір сұрақтар қояды, сонымен қажет ақпаратты жинап және соның негізінде берілген тақырып бойынша слайдтар жиынын ұсынады. Алғаш пайдаланушы үшін бұл әдіс алғаш ең қарапайым және ыңғайлы көрінеді, себебі шебер оны презентация дайындаудың барлық сатылары арқылы өткізеді. Басқа жағынан, ол дербес барлық маңызды шешімдерді қабылдайды, іс жүзінде тәуелсіз шығармашылық үшін мүмкіндікті қалдырмайды.

Үлгітүр негізінде презентация жасаудың, мысалы Word-та үлгітүрді пайдаланудан басқаша болады. Power Point үлгітүрдің екі типін ұсынады:



  • презентациялар үлгітүрі;

  • көркемдеу үлгітүрі.

Презентация үлгітүрлері Word-тың стандарттты үлгітүрлеріне ұқсайды: олардың Сату жоспары, Бизнес-жоспар, Қаржылық күйді шолу және т.б.

Бизнес-жоспар - кәсіпорынның алдына қойған экономикалық мақсаты мен оны жүзеге асыру жолдары, міндеттері мен әдіс-тәсілдері баяндалған құжат. Бизнес жасау үшін нарықтық орта жан-жақты зерттеледі. Нарықтық ортаның ағымдағы жағдайы, болуы мүмкін өзгерістер мен кедергілер, жобаны іске асырудан түсетін табыс мөлшері, т.б.

атаулары бар. Пайдаланушы үлгітүр ұсынған мәтінді ала алады немесе оны авторлыққа ауыстыра алады. Көркемдеу үлгітүрлері профессионалды әрлендірушілермен жасалған және презентацияның барлық слайдтарына біркелкі көркемдеуді беру үшін қызмет етеді. Үлгітүрдің әрқайсысының белгілі бір түстік гаммасы, фоны және өзінің стилистикасы бар, әр түрлі графикалық элементтері бар. Презентациямен жұмыс кезінде көркемдеу үлгітүрін таңдауға зейін қою керек, себебі ол презентация тақырыбымен үйлеспеуінен басқа, мүнда енгізілген мәтін немесе графикалық объектілер жоғалып кетуі мүмкін.

Графикалық файлдарды ендіру.
Ағымдағы cлайдқа бейнесі бар файлды ендіру үшін, келесі әрекеттерді орындау керек :

  1. Слайдтың жұмыс аумағында тышқанның оң жақ батырмасын басыңыз.

  2. Фон менюі пунктін таңданыз.

  3. Исключить фон образца пунктінте жалаушаны алыңыз және оң жақтағы үшбұрышы тышқанмен шертіңіз.

  4. Способы заливки таңдаңыз.

  5. Способы заливки терезесінде Рисунок жапсырмасын таңдаңыз.

  6. Способы заливки терезесінің төменгі бөлігінде Рисунок пунктін таңдаңыз.

ІХ. Үйге тапсырма

Презентция құру. Графиктік объектілерді орнату.Интернет тақырыбына арналған презентация құру
Х. Сабақты қорытындылау

Жаңа материалды пысықтау, оқушылардың меңгерген білімдерін талдау, бағалау.



ХІ. Бағалау.

Бекітілді: Пәні: информатика

_______________________ Класы: 10 «А»

Күні: _________________



Жаратылыстану-математикалық бағыт

І. Сабақтың тақырыбы: Дыбысты қосу. Слайдтарды демонстрациялау.

ІІ. Сабақтың мақсаты:

А) Білімділігі: білімділікке, сауаттылыққа, ойлау ұшқырлығын дамыту

ә) Тәрбиелігі: икемділік қасиетімен шабытты болуға қалыптастыру

б) Дамытушылығы: оқушылардың ойлау қабілетімен қызығушылығын арттыру

ІІІ. Сабақтың түрі: Аралас сабақ

IV. Сабақтың көрнекілігі: компьютерлер, топтамалар, тест сұрақтары т.б.

V. Оқыту әдістері: сөздік, көрнекі, практикалық

VІ. Оқыту формалары: жеке, топтық және ұжымдық

VІІ. Пайдаланылған әдебиеттер: Н.Ермеков, М.Ермеков, С.Ноғайбаланова Информатика 10 сынып оқулығы, Балапанов Информатикадан 30 сабақ, Информатика негіздері журналы. Информатика негіздері журналы. О.Камардинов Bisual Basic ортасы, Ж.Динисламов Bisual Basic ортасы.

VІІІ. Сабақтың барысы:

а) ұйымдастыру

ә) сабақ сұрау

б) жаңа сабақ

в) бекіту

г) үйге тапсырма

д) үйге тапсырма

е) қорытынды


Жаңа сабақ

Дыбыспен жұмыс.

Егер презентация Интернетте ұсыну, компьютерде автономды көру және басқа да электронды жариялым үшін болса, оны дыбыстық көркемдеумен сүйемелдеуге болады. Бұл музыка, сөз, дыбыстық эффектілер болуы мүмкін. Әдетте дыбыстық эффектілерді жекелеген слайдтарға зейін аудару элементі ретінде пайдаланады, ал музыка шығармашылық тақырыпты ұсыну кезінде баяндаманың дербес элементі ретінде болады. Сөзді әдетте автономды көруге бағытталған презентацияны түсіндіру үшін пайдаланады. Сонымен қатар, сөздің жазбасын аудиториялық баяндама дайындау үшін де қолдануға болады.

Дыбыстық эффектілер бүтіндей слайдқа немесе оның объектілеріне аудиторияның көңілің аударту үшін ендіреді. Интернетте дыбысты жіберу белгілі бір қиыншылықтармен байланысты болуын көңілде ұстау керек, себебі дыбыстық файлдардың көлемі өте үлкен болуы мүмкін. Дыбыстық файлдардың арнайы пішімдерін, сапасын басқару мүмкіншілігімен қысудың жоғары дәрежесін қамтамасыз ететін, мысалы МРЗ пішімі қолдану ұсынылады. Ағымдағы слайдқа дыбыстық файлды ендіру үшін, келесі әрекеттерді орындау қажет:


  1. Встака – Фильмы и звук – Звук из файла менюі пунктін тандаңыз.

  2. Вставка звука терезесінде сендердің компьютерлерінде сақталған дыбыстық файлдардың біріне жол көрсетіңіз.

Слайдтарды демонстрациялау.

Слайдта объектілердің пайда болу ретін басқару үшін қажет:



  1. Показ слайдов – Настройка анимации командасын орындау.

  2. Тізімде объектіні таңдау және оның реті мен пайда болу уақытын, түр өзгертуін, дыбыстық сүйемелдеуін және т.с.с. анықтау керек.

  3. Берілген процедураны слайдтағы әрбір объекті үшін кезекпен қайталау.

Анимация эффектілерін беруде тиісті құралдар панелін пайдалануға болады:

Слайдтар алмасуын басқару және демонстрация кезінде арнайы эффектілердің тандалуы Показ слайдов – Смена слайдов командасының көмегімен орындалады.

Команда (command, instruction) - 1) программалау тілдерінде - кез келген операцияны орындауды және оған керекті мәліметтерді (операндыны) бейнелейтін өрнек; компьютер атқаруға тиіс операция сипаты; 2) ақпаратты өңдеу процесіне байланысты атқару құрылғысында жүйенің белгілі бір операцияны орындауын талап ететін басқару сигналы; 3) программа орындау процесінің адымын анықтайтын ұйғарым.

Презентацияның әрбір слайдты экранда белгілі бір уақыт бойы болады, оның ұзақтығын басқа слайдқа өткенде қолмен реттеуге болады немесе белгілі бір уақыт аралығында слайд алмасуын беріп алдын ала жасауға болады(Показ слайдов – Настройка времени командасы). Уақыт интервалдары жайлы ақпаратты алу үшін презентацияны слайдтарды сорттаушы режимінде ашу керек, ол жерде әрбір слайд астында оның экранда болу ұзақтылығы көрсетіледі. Слайдтарды көрсетудің үш әдісі бар:



  1. Слайдтар толық экранды режимде бейнеленетін, баяндамашымен басқарылатын көрсетуді өткізудің әдеттегі әдісі. Жетекші презентацияны қолмен немесе автоматты режимде өткізе алады, оны ескертулер немесе әрекеттер жазу үшін тоқтата және тіпті презентация кезінде сөздік сүйемелдеуді жаза алады. Бұл режим презентацияны үлкен экранда көрсету, желі арқылы жиналыс өткізу немесе презентацияны трансляциялау үшін ыңғайлы.

  2. Пайдаланушымен басқарылатын презентация кішкентай терезеде бейнеленеді (желі бойынша немесе Интернет арқылы бір пайдаланушы көру кезінде ), слайдтарды ауыстыру, редакциялау, көшіру және басу командалары бар. Бұл режимде басқа слайдқа өту айналдыру жолының немесе
    және
    батырмалары көмегімен жасалынады. Жұмыстың ыңғайлылығы үшін Web құралдар панелін шығаруға болады.

  3. Автоматты – презентация толығымен автоматты түрде толық экранда өтеді. Бұл режимді көрмелік стендте немесе жиналыста пайдалануға болады. Сонымен қатар көптеген меню мен командаларға тыйым салуға және циклдық көрсету режимін қосуға болады.

Әдісті таңдау үшін, Настройка презентации (Показ слайдов менюі) диалогтық терезесінде ауыстырып қосқышты тиісті күйге орнату керек. Слайдтартды көрсету процесін басқару үшін басқару батырмаларын да пайдалануға болады. Егер әрбір слайдқа бірдей батырмаларды орналастыру керек болса, оларды слайд үлгісінде орналастыру ұсынылады.
ІХ. Үйге тапсырма

Дыбысты қосу. Слайдтарды демонстрациялау.

Х. Сабақты қорытындылау

Жаңа материалды пысықтау, оқушылардың меңгерген білімдерін талдау, бағалау.



ХІ. Бағалау.

Бекітілді: Пәні: информатика

_______________________ Класы: 10 «А»

Күні: _________________



Жаратылыстану-математикалық бағыт

І. Сабақтың тақырыбы: Бақылау жұмысы

ІІ. Сабақтың мақсаты:

А) Білімділігі: білімділікке, сауаттылыққа, ойлау ұшқырлығын дамыту

ә) Тәрбиелігі: икемділік қасиетімен шабытты болуға қалыптастыру

б) Дамытушылығы: оқушылардың ойлау қабілетімен қызығушылығын арттыру

ІІІ. Сабақтың түрі: Аралас сабақ

IV. Сабақтың көрнекілігі: компьютерлер, топтамалар, тест сұрақтары т.б.

V. Оқыту әдістері: сөздік, көрнекі, практикалық

VІ. Оқыту формалары: жеке, топтық және ұжымдық

VІІ. Пайдаланылған әдебиеттер: Н.Ермеков, М.Ермеков, С.Ноғайбаланова Информатика 10 сынып оқулығы, Балапанов Информатикадан 30 сабақ, Информатика негіздері журналы. Информатика негіздері журналы. О.Камардинов Bisual Basic ортасы, Ж.Динисламов Bisual Basic ортасы.

VІІІ. Сабақтың барысы:

а) ұйымдастыру

ә) сабақ сұрау

б) жаңа сабақ

в) бекіту

г) үйге тапсырма

д) үйге тапсырма

е) қорытынды


Жаңа сабақ

Оқушылардан өтілген сабақтарды қалай түсінгендіктерін тексеру үшін бақылау жұмысын аламын. Яғни оқушыларды үш топқа бөліп 4 тақырыптан бөліп беріп, қысқаша түсінгендерін жазғызамын.



І топ.

1. Компьютердің программалық жабдықтары.

2. Windows 2000 қосымшаларындағы берілгендердің алмасуы.

3. Құрылымдық программалау.

4. Дыбысты қосу. Слайдтарды демонстрациялау.

ІІ топ


  1. Процедуралық программалау

  2. Power Point презентациясы.

  3. Әділ-нысаналық бағдарлау

  4. Программалау жүйесі.

ІІІ топ

  1. Программалдарды құрудағы модульдік қатынас

  2. Презентация құру. Графиктік объектілерді орнату.

  3. Power Point құжаттарының құрылымы.

  4. Операциялық жүйелер және олардың дамуы.


ІХ. Үйге тапсырма

Бақылау жұмысы

Х. Сабақты қорытындылау

Жаңа материалды пысықтау, оқушылардың меңгерген білімдерін талдау, бағалау.



ХІ. Бағалау.
САБАҚ ЖОСПАРЫ «Бекітемін»

----------------------------

Оқу ісінің меңгерушісі

Пән аты: Информатика

Класы: 10 «А», 10 «Б»

Сабақтың тақырыбы: Даярламаның жинақталған ортасы

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Білімділікке, сауаттылыққа, ойлау ұшқырлығын дамыту.

Тәрбиелігі: икемділік қасиетімен шабыты болуға қалыптастыру

Дамытушылығы: Оқушылардың ойлау қабілетімен қызуғышылығын арттыру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың өту әдісі: сөздік, көрнекі, практикалық

Сабақтың көрнекілігі: компьютерлер, топтамалар, тест сұрақтары, т.б.б.

Оқыту формалары: жеке, топтық және ұжымдық.

Пайдаланылған әдебиеттер:Н.Ермеков,М.Ермеков, С.Ноғайбаланова информатика 10 сынып оқулығы, Балапанов инфарматикадан 30 сабақ, информатика ортасы, Ж.Динисламов Bisual ортасы, Ж.Динисламов Basic Bisual Basic

Сабақтың барысы:

А) ұйымдастыру кезеңі

Б) сабақ сұрау

В) жаңа сабақ

Г) бекіту

Д) үйге тапсырма

Е) ) қорытынды

Үй тапсырмасын пысықтауға бірнеше сұрақтар қойылады.



Жаңа сабақ:

Біз Visual Basic 6 версиясын – осы кең тараған бағдарламалау тілінің соңғы жаңалықтарының бірін оқып – үйренуі бастаймыз.

Бағдарламалау тілі (орыс. язык программирования; гр. programme - нұсқау, хабарлау) - хабарларды есептеуіш машиналардың көмегімен сұрыптайтын жасанды тілдер тобы.

Visual Basic өзін инструменттердің үлкен жиынтығын пайдалана отырып, пішімдер мен графикалық объектілерді көрнекі құрастұруға болатын графикалық орта ретінде ұсынады.

Visual Basic бағдарламалау тілі дегеніміз – көпке таныс Basic стандартттық тілінің кеңейтілген версиясы.

Visual Basic – ті іске қосу Пуск – Программы - Visual Basic - Visual Basic6 командасымен жүзеге асырылады.

Visual Basic – ті іске қосқанда экранда Project Wizart жобаларының менеджері өзінің New Project терезесімен пайда болады.

Терезе үш қосымша беттен тұрады. New (Жаңа жоболар), Existing (Қолданыстағы жобалар), Recent (Жақында пайдаланылған жобалар).

New қосымша бетінде жаңа қолданба үшін шаблон таңдайсыңдар.

Existing қосымша бетінде қолданыстағы жобаны таңдауға болады.

Recent қосымша беті Existing қосымша бетне ұқсас, бірақ онда өздерің соңғы кездерде жұмыс істеген жобалар ғана түседі.

Visual Basic пен жұмыс істеуді кез келген қосымшамен бастауға болады. Алайда біз жаңа жобаны бастап отырмыз, сондықтан New қосымшабетіндегі Standard EXE таңбашасын екі мәрте шертіңдер, бұл Project Wizart жобалар менеджері жұмысын аяқтауға әкеледі. New Project терезесінде проектінің типі таңдалғаннан кейін экранға бірнеше терезелерден тұратын Visual Basic ортасы шығады. Visual Basic ортасы терезесін жұмысқа қажетті барлық құрал-саймандармен программа терезелері бір ортада болғандықтан жинақталған орта деп те атайды.

1. Экранның жоғарғы жағында негізгі немесе Бас мәзір деп аталатын мәзірлердің қатары орналасқан.

2. Бас мәзірдің төменгі жағында құрал-саймандар панелі орналасқан.

Құрал-саймандар (Шанцевый инструмент) - әскерлердің ұрыс кезінде жеке құрамның ор қазуға, фортификациялық құрылыстар, маневр жолдарын жасауға, көпір құрылысына және бөгеттер жасауға кажетті құралдар. Құрал-саймандар тасылуына байланысты жауынгерлердің пайдалануына қажетті үнемі өздерімен бірге алып жүретін шағын құралдар және әскери көліктік машиналармен алып жүретін көлемді құралдар (үлкен күректер, балта, лом, ара, киркомотыла) болып бөлінеді.

Бұл панельде Бас мәзірдің командаларын жылдам орындайтын батырмалар шоғырланған. Егер экранда құрал-саймандар панелі көрінбесе, онда оны View-ToolBars-Standard командасын орындау арқылы шығаруға болады.

3. Visual Basic компоненттері панелі

4. Үстіне Visual Basic компоненттерін орналастырып, терезелі қосымша жасау үшін қолданылатын қалып немесе форма терезесі орналасады.

5. Форманың астыңғы жағында орналасқан форма конструкторы

6. Форма макеті терезесі

7. Проектілер терезесі

8. Visual Basic компоненттерінің қасиеттерін өзгерту үшін қолданылатын Қасиеттер терезесі орналасқан.

Басты меню деп Visual Basic терезесінің жоғарғы жағында орналасқан мәтін жолын айтады. Сол жақта File меню тұр. Ол қолданбаларында құрайтын файлдармен жұмысістеуге арналған. Онда жобаларды жасауға, ашуға, басуға және сақтауға болады.

File менюінен кейін Editменюі келеді. Онда алмасу буферімен ойып алу, көшірмелеу және кірістру іспетті стандартты операциялар орындалады.

View менюінде әр түрлі құрауыштар мен инструментттерді қарау режимдері қосылады. Пішіндер мен бағдарламалық модульдерді, сондай – ақ даярлама процесін неғұрлым өнімді ететін алуан түрлі көмекші объектілерді қарауға болады.

Project менюі – жобаның жүрегі.

Format менюі командалары элементтер мен пішіндердің өлшемдері мен орналасуын ан.ықтайда.

Run менюі командалары қолданбалы іске қосады және тоқтатады, бағдарламаның орындалуын үзіп жібереді және қайтадан бастайды.

Tоols менюінен процедралар қосуға және олардың қасиеттеріне мән беруге болады.

Add-Ins-менюінде қондырма аталатын қосымша тиімді құралдар бар.

Wіndоws менюінде ашық терезелермен жұмыс бойынша таныс командалар.

Неlр менюі дегеніміз-Visuаі Basic бағдарламалау тілінің қайсыбір қызметтері немесе

құрауыштары ортасымен жұмыс істеу бойынша жөн сілтегіш арқылы шақырылатын командалар. Жаңа сабақты бекіту:

Қосымша жасауда қолданылған барлық формуаларды модельдер мен элементтерді көрсетіп тұратын арнайы терезені объектілер терезесі деп атайды. Бір формадан екінші формаға немесе бір модульден екінші модульге белгішесіне курсорды апарып, екі рет шертсе жеткілікті. Visual Basic-тің басқа терезелері сияқты Проектілер терезесін жылжытуға, оның формасын өзгертуге болады.

Жылжыту (Подкачка; paging, swapping) - виртуальдық жадтың беттерін немесе сегменттерін ауыстыру; осы сәтте жедел жадқа қажетті ақпаратты орналастыруды жасақтайтын жедел жад пен сыртқы жад арасындағы мәселелер тіркесін ауыстыру.

Сондй-ақ бұл терезеде тышқан құрылғысының оң жақ батырмасын басу арқылы бірден File мәзірінің командаларын орындауға болады.

View Code – программалық код терезесін шығарады.

View Object – форманы шығарады

Toggle Forders – форма бумасын ашады.
Жаңа сабақты бекіту:

Ол үшін балалрға жаңа сабақтан бірнеше сұрақтар қоя отырып сабақты аяқтаймын.



Үйге тапсырма: Даярламаның жинақталған ортасы

Сабақты қорытындылау: Жаңа материалды пысықтау, оқушылардың меңгерген білімдерін талдау, бағалау.

САБАҚ ЖОСПАРЫ

Бекітемін»

----------------------------

Оқу ісінің меңгерушісі



Пән аты: Информатика

Класы: 10 «Б»

Сабақтың тақырыбы: Пішін және басқару элементтері

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі:Білімділікке, сауаттылыыққа, ойлау ұшқырлығын дамыту.

Тәрбиелігі :Жауапкершілікке баулу, дәлдікке үйрету.

Дамытушылығы:Оқушының әрбір сабаққа ынтасымен қабілеттін біріктіріп, пәнге

деген қызығушылығын арттыру .



Сабaқтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың өту әдісі: сөздік, көрнекілік, практикалық

Сабақтың көрнекілігі: компьютерлер, топтамалар, тест сұрақтары т.б.б.

Оқыту формалары: жеке, топтық және ұжымдық

Сабақтың

Қоңырау соғылып сабақ басталған соң балаларды ұйымдастыра отырып сабақ ты бастаймын. Кезекшіден оқушыларды түгелдеп журналға белгілеп алып үй тапсырмасын бірнеше сұрақтар қою арқылы сұраймын.



  1. Бас мәір дегеніміз не?

  2. Бас мәзірдің қатарын айт

  3. Проектілер терезесі дегеніміз не?

Осы жауаптарды ала отырып оқушыларды бағалаймын.

Жaңа сабақ:

Егер экранда Форма көрінбесе, онда оны келесі командаларды орындап шығаруға болады:



  1. Бас менюден View-Object командасын орындау арқылы;

  2. Shift F7 функциональды клавишаларын басу арқылы;

  3. Project терезесіндегі сәйкес батырманы басу арқылы

Visual Basic ортасының Комоненттер панелінде келесі элементтер орналасқан:

  1. Pointer – панельдегі екпінді күйде тұрған компонент батырмасының түрін кәдімгі режимге ауыстыру үшін қолданылатын көрсеткіш.

  2. Label – текстік және сандық шамаларды шығару үшін қолданылатын компонент.

  3. Frame – формаға ішіне әртүрлі компоненттерді топтастырып орналастыру үшін қолданылатын компонент.

  4. CheckBox – формаға жанында жалаушасы бар жазу шығаратын компонент.

  5. ComboBox – формаға бірнеше қатарлардан тұратын жазулар құрастыруға болатын өріс шығару үшін қолданылатын компонент.

  6. HscrollBar – формаға жатық айналдыру белдеушесін шығаратын компонент

  7. Timer – формаға уақыт-өлшеуіш шығаратын компонент

  8. DirListBox – формаға таңдалған дискінің құрамына кіретін каталогтар тізімін шығаратын компонент.

  9. Shape – формаға әртүрлі геометриялық фигуралар шығаратын компонент

  10. Imageформаға әртүрлі типті бейнелік файлдардан суреттер шығаратын компонент.

    Геометрия (көне грекше: γεωμετρία; көне грекше: γῆ - жер и көне грекше: μετρέω - «өлшеу») - математиканың кеңістіктік пішіндер (формалар) мен қатынастарды, сондай-ақ, оларға ұқсас басқа да пішіндер мен қатынастарды зерттейтін саласы.



  11. OLE - Visual Basic ортасын Windows операциялық жүйесіне орнатылған басқа қолданбалы программаларымен байланыстыратын компонент.

  12. PictureBox –формаға графиктік өріс шығаратын компонент.

  13. TextBox – формаға текстік және сандық шамаларды енгізу және шығару үшін қолданылатын компонент.

  14. CommandButton – формаға командалық батырма орналастыру үшін қолданылатын компонент.

  15. OptionButton – формаға жанында ауыстырып қосқышы бар жазу шығаратын компонент

  16. ListBox – формаға бірнеше қатарлардан тұратн жазулар тізімін шығаратын компонент

  17. VscrollBar – формаға тік айналдыру белдеушесін шығаратын компонент

  18. DriveListBox – формаға компьютерге орнатылған дискілер тізімін шығаратын компонент

  19. FileListBox – формаға таңдалған каталогта орналасқан файлдар тізімін шығаратын компонент

  20. Line – формаға сызық салу үшін қолданылатын компонент

Data – формаға белгілі бір объектілерді деректер қоры сақталған mdb-типті файлдармен

  1. Бас мәзірден View-Properties Windows командасын орындау арқылы;

  2. Құрал-саймандар панелінен сәйкес батырманы шерту арқылы;

  3. F4 функциональды клавишын басу ақылы;

Форма және онда орнатылған компоненттер объектілер деп аталады. Олардың әрқайсысының өзіне тән қасиеттері, әдістері және оқиғалары болады.

осы ат арқылы таниды, сондықтан объектіге аттар ағылшынша қойған дұрыс.

Backcolor – форманың фонының түсін орнату түс мәндерін System немесе Palett тізімдерінен таңдауға болады.

Bolderstyle – форма жиегінің стильдерін орнату

Caption – форманың тақырыбын жазу

ControlBox – форманың өлшемдерін басқару батырмаларын орнату немесе алып тастау

Font – шрифт түрлерін орнату

Forecolor-формаға Print әдісімен шығатын текст түсін орнату, бұл қасиеттің мәні формада орналасқан басқа текстік объектілерге әсер етпейді.

Height, Top, Left, Width – форманың экранда орналасуын реттеу және оның өлшемдерін орнату үшін қолданылатын қасиеттер.

Пайдаланушының әрбір орындаған іс-әрекеті белгілі бір оқиғаны шақырады. VB-те әр оқиғаның өз аты болады, мысалы:

Initialize қосымшаны іске қосқанда пайда болады;

Load – қосымша жүктеліп жатқанда пайда болады;

Resize – қосымша жүктеліп болғаннан кейін пайда болады;

Deactivate – форма екпінсіз күйге өткенде пайда болады;

Activate – формаға екпінді күйге өткенде пайда болады;

Unload-форманы жапқанда пайда болады;

Terminate – форма жабылғаннан кейін пайда болады;

Change – текстік алаңға клавиатурадан символ енгізген сайын пайда болады;

Click – объектінің үстіне курсорды апарып тышқан құрылғысының сол жақ батырмасын шеріп, қайта жібергенде пайда болады;

Dbiclick – объектінің үсітне курсорды апарып тышқан құрылғысының батырмасын екі рет шерткенде ғана пайда болады

gotFocus – объект фокусқа кірген сәтте пайда болады;

LostFocus-объект фокустан шыққан сәтте пайда болады;

Paint – сурет салу

keyPress – объект белгіленген кезде кез-келген клавишты басқан сәтте пайда болады;

keyUp – объект белгіленген кезде кез-келген клавишты басып қайта жібергенде пайда болады;

MouseMove – объектінің үстіне курсорды апарғанда пайда болады;

MouseUp – объектінің үстіне курсорды апарып тышқан құрылғысының кез-келген батырмасын шертіп, қайта жіберген пайда болады;

MouseDown- объектінің үстіне курсорды апарып тышқан құрылғысының кез келген батырмасын шерткен сәтте пайда болады.

1   2   3   4   5   6


жүктеу 0.75 Mb.