Главная страница
Контакты

    Басты бет


Сабақтың тақырыбы: Дербес компьютер. Компьютермен танысу. Компьютердің құрылымы

жүктеу 42.25 Kb.



жүктеу 42.25 Kb.
Дата14.04.2017
өлшемі42.25 Kb.

Сабақтың тақырыбы: Дербес компьютер. Компьютермен танысу. Компьютердің құрылымы



7сынып

7 сабақ

Сынып
















Күні













ДОЖЖО:_______________

Сабақтың тақырыбы: Дербес компьютер.
Блок тақырыбы (Заголовок блока; block header) - блоктың басында орналасып, ол жайлы мәліметтер беретін және операциялық жүйеде қолданылатын арнайы жазба. Мысалы, блок тақырыбында оған кіретін логикалық жазбалар саны көрсетілуі мүмкін.
Сабақ - бір пәнді оқытуға арналған оқу сағаты; мектептегі оқу жұмысын ұйымдастырудың негізгі түрі.
Дербес компьютер Дербес компьютер (қысқаша ДК) - компьютердің қазіргі уақытта ең кең тараған түрі болып табылады. Дербес компьютер бір мезгілде бір адамның пайдалануына арналған. Дербес компьютерлердің негізгі екі санаты бар: стационарлық және тасымалы компьютерлер.
Компьютермен танысу.Компьютердің құрылымы.

Сабақтың мақсаты: Ақпараттық құрылғымен таныстыру.

Ақпарат Ақпарат (лат. informatio - түсіндіру, мазмұндау) ұғымы күнделікті өмірден бастап техникалық салада пайдаланылатын көп мағыналы ұғым. Жалпы алғанда бұл ұғым шектеу, байланыс, бақылау, форма, инструкция, білiм, мағына, құрылым, бейнелеу, сезіну тағы басқа ұғымдармен тығыз байланысты.



Білімділік: Оқушыларды ДК – мен, оның негізгі блоктарымен және олардың міндетімен таныстыру. ЭЕМ – нің мүмкіндіктерін көрсету. Компьютердің негізгі құрылғылары – процессормен, ЖЖҚ – мен, ТЖҚ – мен таныстыру.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикасын, мәдениеттілігін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, тиянақтылыққа, жүйелілікке тәрбиелеу

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, оқулық, жұмыс дәптері, электронды оқулықтар.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру

  2. Үйге берілген тапсырманы тексеру

  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру

  4. Сабақты бекіту

  5. Үйге тапсырма


Өткен материалды қайталау сұрақтары:

  • Бірінші электронды – есептеуіш машина қалай аталған?

  • «Марк - 1» машинасы қандай элементтерде жасалды?

  • Бұрынғы Кеңестер Одағында бірінші ЭЕМ қай жылдары жасалды? Оны кім жасады?

  • ЭЕМ буындарын атаңдар. Олардың бір – бірінен айырмашылығы неде?

  • Қазіргі дербес компьютерлер қай буынға жатады


Жаңа түсініктер:

«Компьютер» сөзі «есептеуіш» дегенді білдіреді, яғни есептеуге арналған құрылғы. Компьютер – деректерді бағдарламалап өңдеуге арналған электрондық құрылғы. Қазіргі компьютерлер тек есептеп қана қоймай, цифрлық емес (мәтіндер, дыбыстар, графика және т. б.) ақпаратты өңдейді, әр түрлі технологиялық процестерді, деректер базасын және басқаларды басқарады. Информатика сабағында IBM PC типті ДК - лерді оқып үйренеді, олар осындай дербес компьютерлерді алғашқы шығарған американдық компанияның атымен аталған (IBM фирмасының ДК – лері). Бұл типті компьютерлерді дүние жүзінде жүздеген өндірушілер шығарады. Олар өзара өнімділігімен, жадының сыйымдылығымен және бірқатар функционал мүмкіндіктерімен ерекшеленеді. ДК – нің басқа типтері де бар, мысалы, Apple фирмасының Macintosh ДК – сі. Бірақ ДК – лердің барлық типтерінің ақпарат өңдеу және адаммен қарым – қатынас жасауының негізгі принциптері бірдей.

Функционал - бір не бірнеше функцияға тәуелді болатын айнымалы шаманы білдіретін математикалық ұғым. Ол алғаш рет вариациялық есептеуде пайда болған. Берілген тұйық қисық сызықпен шектелген аудан, белгілі бір жол бойындағы күш өрісінің жұмысы, т.б.
Қағида немесе принцип (лат. principim – принцип; негіз, алғы бастама) - белгілі білім жүйесінің түп-негізі, алғы бастамасы, абстрактылы түрдегі ең қысқа жалпылама мазмұны. Ғылыми танымда идея, теория, әдіс сияқты таным түрлерімен өзара байланыста тұжырымдалады.
Дербес компьютер өнеркәсіп бұйымы ретінде өзара жалғастырушы кабельдермен байланыстырылған бірнеше блоктардан (құрылғылардан) тұрады. Блоктардың номенклатурасы (тізімі) әр түрлі болуы мүмкін, бірақ кез келген компьютер жұмыс істеуі үшін,үш блоктан тұратын жинақ керек (компьютердің негізгі жинағы). Басқа құрылғылардың барлығы қосымша деп аталады. Оларға принтер, дыбыс колонкалары,құлақкалка, микрофон, модем, сканер, манипулятор: «маус», трекбол, терте (джойстик) жатады.
Манипулятор (французша manіpulateur; латынша manіpulus - уыс, manus - қол) - 1) кеңістіктегі нысанды (бұйым, дайындама, зат) өңдеуде, орнын өзгертуде, т.б. адам қолының қимылына ұқсас қозғалыс функцияларын атқаратын жұмыс органымен жабдықталған механизм.
Компьютердің аталған негізгі жинағының басты элементі – жүйелік блок. ДК жүйелік блогы – компьютердің негізгі тораптары орналасқан тік төртбұрышты қорапша, онда: микропроцессоры мен жедел жады және т.б. бар аналық тақша, адаптерлер, коректендіру блогы, иілгіш және қатқыл дискідегі жинақтауыштар, контроллер, ажыратпалар орналастырылған.

ДК (дербес компьютер деп аталынуы – бір – ақ адам қолданады) қазіргі кезде көпшілік арасында кең тарай бастады. Кез – келген компьютерлер бірнеше құрылғыдан тұрады.

Монитор, жүйелік блок, пернетақта, мультимедиа колонкасы, модем, маус.

Микропроцессор - жүйелік тақтаның ең маңызды құраласы, ол деректерді тікелей өңдейді, атап айтқанда, бөлектелген деректермен арифметикалық және логикалық амалдарды орындайды. Микропроцессор - бір немесе бірнеше үлкен интегралды кестеде орындалған, берілісті өңдейтін бағдарламалық құрылғы; көліктердің автоматты басқару агрегатында қолданылады.
Мультимедиа (Multimedia) - компьютерде дыбысты, ақпаратты, тұрақты және қозғалыстағы бейнелерді біріктіріп көрсету үшін жинақталған компьютерлік технология. Ол ақпаратты кешенді түрде бейнелеуді - мәліметтерді мәтіндік, графикалық, бейне-, аудио- және мультипликациялық түрде шығаруды - жүзеге асырады.

Бұл құрылғылардың ең негізгісі Монитор, жүйелік блок, пернетақта.



Компьютердің барлық құрылғылары оның артындағы ажыратып қосқыштар арқылы ажыратылады. Компьютердің процессоры мен жедел жадысынан басқалары оның сыртқы құрылғылары болып табылады. Олар: монитор, пернетақта, принтер, маус, модем. Әрбір сыртқы құрылғы процессормен арнайы блоктар – адаптер немесе контролер арқылы жалғасады. Контролер немесе адаптердің міндеті – процессордан келіп түскен ақпаратты құрылғылардың жұмысын басқаратын сәйкес сигналдарға айнадыру.

Жүйелік блок – мұнда компьютердің негізгі құрылғылары орналасқан. Компьютерді қосып, өшіру батырмасы, дискжетек, компакт – дискіні оқитын CD – ROM орналастырылған. Жүйелік блоктың ішінде аналық плата, процессор, CD – ROM, бейнетақташа, дыбыс тақташасы мен т.б. бар.

Процессор – компьютердің ең басты бөлігі. Ол компьютердің «миы». Ол бүкіл компьютердің жұмысын басқарады және бағдарламалардағы барлық командаларды орындайды.
Сигнал (лат. signum - белгі) - берілген хабарды тасымалдайтын(алып жүретін) физикалық процесс.
Команда Команда (command, instruction) - 1) программалау тілдерінде - кез келген операцияны орындауды және оған керекті мәліметтерді (операндыны) бейнелейтін өрнек; компьютер атқаруға тиіс операция сипаты; 2) ақпаратты өңдеу процесіне байланысты атқару құрылғысында жүйенің белгілі бір операцияны орындауын талап ететін басқару сигналы; 3) программа орындау процесінің адымын анықтайтын ұйғарым.
Іс жүзінде компьютердің орындайтын жұмысының бәрін оның бас микросхемасы – микропроцессор атқарады. Қазіргі кезде ең көп тараған «пентиум» процессоры. Сондықтан компьютер де пентиум деп аталады. Процессор жадпен жұмыс істейді. Жад микросхемасынан процессор өзіне қажетті ақпаратты алады.

Жедел жад – бұл компьютердің ішкі жады. Жедел жад немесе оперативті жадтайтын құрылғы (ОЖҚ) – ол қажет ақпараттарды өзіне жылдам жазуға және одан оқуға мүмкіндік береді. Бірақ онда ақпараттар уақытша сақталады, яғни компьютерді өшіргенше. Егер компьютерді өшірсе онда жедел жадтағы барлық ақпарат өшеді. Компьютердің ішкіжадысының екі түрі бар: тұрақты жадтайтын құрылғы ТЖҚ (ПЗУ) – бұл компьютердің ішкі жады, Компьютерді іске қосқанда алдымен ТЖҚ – дан алынады. Жедел жадтайтын құрылғы ЖЖҚ (ОЗУ) – ақпаратты уақытша сақтайтын жад. Енгізу құрылғылары: пернетақта, маус, джойстик, өлшеу аспаптары, сканер.
Аспаптар (саймандар) панелі (Панель инструментов; toolbar) - 1) Windows жүйесінің әрекеттерді орындау батырмалары орналасқан басқару тақтасы; құрамында опцияның іске қосылғанын (қосылмағанын) көрсететін, әр түрлі әрекеттерді атқаратын көптеген жалаушалар мен қанатбелгілер болады.
Шығару құрылғысы – принтер, дисплей, графопроектор.

Дисплей - компьютердің экранына ақпаратты шығаратын құрылғы. Дисплей электрондық – сәулелі түтікшеден (ЭСТ) (электронная лучевая трубка ЭЛТ), қоректендіру блогынан және сәулелі басқарушы электрондық блоктан тұрады. Монитор түрлі түсті монохромды болады.

Тапсырмалар: Жұмыс дәптеріндегі 2.2.1, 2, 3, 4, 5 тапсырмаларды орындау.
Сабақты бекіту сұрақтары:

  1. Компьютердің негізгі құрылғыларын ата.

  2. Компьютердің жадының қандай түрлерін білесіңдер?

  3. Тұрақты жад пен жедел жадтың айырмашылығын атаңдар.

  4. Ақпаратты енгізу – шығару құрылғыларын атаңдар.

  5. Жадтың сыртқы тасуыштарын сипатта.

  6. Монитордың ажырату қабілеті дегеніміз не?


Үйге тапсырма: 2.2. тақырыпты оқу, компьютер құрылғыларына байланысты сөзжұмбақ, ребус құрастыру.


  • Сабақтың түрі
  • Өткен материалды қайталау сұрақтары
  • Монитор, жүйелік блок, пернетақта, мультимедиа
  • Монитор, жүйелік блок, пернетақта.
  • Процессор
  • Тапсырмалар

  • жүктеу 42.25 Kb.