Главная страница
Контакты

    Басты бет


Сабақтың тақырыбы: Қазіргі заманғы дербес компьютердің архитектурасының даму үрдісі. Сабақтың мақсаты

жүктеу 25.85 Kb.



жүктеу 25.85 Kb.
Дата14.03.2019
өлшемі25.85 Kb.

Сабақтың тақырыбы: Қазіргі заманғы дербес компьютердің архитектурасының даму үрдісі. Сабақтың мақсаты


Күні: 14.11.2015 Сыныбы: 8 «В» Сабақтың тақырыбы: Қазіргі заманғы дербес компьютердің архитектурасының даму үрдісі.

Блок тақырыбы (Заголовок блока; block header) - блоктың басында орналасып, ол жайлы мәліметтер беретін және операциялық жүйеде қолданылатын арнайы жазба. Мысалы, блок тақырыбында оған кіретін логикалық жазбалар саны көрсетілуі мүмкін.

Дербес компьютер (қысқаша ДК) - компьютердің қазіргі уақытта ең кең тараған түрі болып табылады. Дербес компьютер бір мезгілде бір адамның пайдалануына арналған. Дербес компьютерлердің негізгі екі санаты бар: стационарлық және тасымалы компьютерлер.

Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Дербес компьютерлер, дербес компьютер туралы жалпы мәлімет, дербес компьютерді жіктеу туралы білімдерін қалыптастыру.

Мәліметтер (данные; data) - автоматты құралдардың көмегімен, кей жағдайда адамның қатысуымен, өңдеуге I ыңғайлы түрде берілген мағлұмат. Мәліметтердің кірістік, шығыстық, басқару, проблемалық, сандық, мәтіндік, графикалық және т.б.

Тәрбиелігі: Жауапкершілікке баулу, дәлдікке үйрету. Дамытушылығы: Оқушының әрбір сабаққа ынтасы мен қабілетін біріктіріп пәнге деген қызығушылығын арттыру. Сабақтың түрі: аралас сабақ Сабақтың өту әдісі: сөздік, көрнекі, практикалық Сабақтың көрнекілігі: компьютерлер, топтамалар, тест сұрақтары т.б.б. Оқыту формалары: жеке, топтық және ұжымдық.

Жауапкершілік - адам бойындағы белгілі бір істі , өзіне тапсырылған міндетті орындап, жүзеге асыруынан байқалатын адамгершілік қасиет; тұлғаның қоғамда немесе ұжымда қабылданған әлеуметтік, өнегелі және кұқықтық нормалар мен ережелеріне, борыш сезіміне сәйкес өз қызметін бақылау қабілеттілігі.

Форма (Қалып; form) - 1) мәліметтерді ұсыну тәсілі; 2) мәліметтер базасын басқару жүйелеріңде (мысалы, Access-Te) - мәліметтер базасындағы ақпаратты (мәліметтерді) енгізу мен редакциялауға пайдаланылатын дисплей экранына көрнекі түрде ұсыну тәсілі.

Сабақтың өту барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру. (Практикум жұмыстарын талқылау) Өткен сабақтар бойынша қайталау сұрақтары: Компьютердің логикалық элементтері дегеніміз не Және, немесе, емес схемаларының ақиқаттық кестесін көрсет Компьютер үшін триггер қандай қызмет атқарады Триггер схемасын көрсет. Қосындылауыш деген не ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру. Біз 7 –сыныпта дербес компьютерлердің құрылымдарын және олардың атқаратын міндеттерімен таныстық. Енді ДК-дің жұмыс істеу принципін толығырақ қарастырайық. Біз осыған дейін компьютер дегеніміз – ақпараттарды жинау, өңдеу және беру үшін қолданылатын әмбебап электрондық машина деп айттық.

Логика (гр. λογική - «талдауға құрылған», λόγος - «сөз», «сөйлем», «ойлау», «ақыл») - ойлау, оның формалары мен заңдылықтары туралы ғылым. Логика дәлелдеу мен теріске шығарудың белгілі бір әдіс-тәсілдері қаралатын ғылым теориялар жиынтығын құрайды.

Қағида немесе принцип (лат. principim – принцип; негіз, алғы бастама) - белгілі білім жүйесінің түп-негізі, алғы бастамасы, абстрактылы түрдегі ең қысқа жалпылама мазмұны. Ғылыми танымда идея, теория, әдіс сияқты таным түрлерімен өзара байланыста тұжырымдалады.

Ақпарат (лат. informatio - түсіндіру, мазмұндау) ұғымы күнделікті өмірден бастап техникалық салада пайдаланылатын көп мағыналы ұғым. Жалпы алғанда бұл ұғым шектеу, байланыс, бақылау, форма, инструкция, білiм, мағына, құрылым, бейнелеу, сезіну тағы басқа ұғымдармен тығыз байланысты.

Олардың ішінде жеке жұмысқа арналған дербес компьютерлер кең тараған. Дербес компьютер – кез келген жұмыс орнына орнатуға болатын машина. ДК-дің минимум тізіміне мыналар жатады: Жүйелік блок; Монитор клавиатура Монитор – компьютердің программасы жұмыс істеген кезде шығаратын ақпараттарды бюейнелеуге арналған негізгі құрылғы. Принтер – компьютерге қосылған басып шығару құрылғысы.

Принтер (ағылш. printer) - мәтін мен кескіндерді қағазға немесе басқа да басып шығарылатын арқауларға шығаруға арналған құрылғы, ЭЕМ-ның ақпарат басып шығаруға арналған перифериялық құрылғыларының бір түрі.

Жылдамдығы және басып шығару сапасымен ерекшеленетін принтердің үш түрі кеңінен тараған: матрицалық, бүріккіш және лазерлік. Олардың ішіндегі ең қарапайымы және арзаны – матрицалық, ең жылдамы және сапалысы –лазерлік, ал бүріккіш принтерлер арзан принтерлердің ішіндегі ең сапалысы. Дискета – ақпаратты тасымалдаушы, оларда программалар мен мәліметтерді компьютерден тыс сақтауға болады. Компакт –дискі. CD-RRW, DVD-RRW - алтын түсті ( R – жазатын, RW қайта жазу) болып келеді. CD-R , DVD-R -ге ақпаратты тек бір рет қана жазуға, ал CD-RW, DVD-RW дискілеріне көп жазуға болады. Флеш-жадыбұл энергияға тәуелсіз, мәліметтерді микросұлбаларда жазуға және сақтауға мүмкіндік беретін жадының түрі.

ФЛЕШ-ЖАД (ағылшынша flesh - жарқыл) - электрлік жолмен жазылған мәліметтерді есте сақтай алатын микросұлба (чип) түрінде жасалған жад түрі. Мәліметтерді өшіру электр разряды арқылы орындалады да, оған қайта жаңасын жазып, ұзақ уақыт сақтауға болады.

Ол қазіргі заманғы компьютерлердің әрқайсысында болатын арнаулы USB - порт арқылы қосылады. Флэш жады жылдам жадыдан энергияға тәуелсіздігімен ерекшеленді, яғни энергияны өшіргеннен кейін де жадының ішіндегі мәлімет сақталады . Жаңа сабақты бекіту сұрақтары: Дербес компьютер құрамына қандай құрылғылар кіреді Процессор дегеніміз не Процессордың негізгі компоненттерін атаңыз Қазіргі компьютерлердің жұмыс істеу жылдамдығы қандай Мониторлардың қандай типтері бар Принтрелердің негізгі түрлері қандай Олардың негізгі ерекшеліктері қандай Үйге тапсырма: Қазіргі замандағы дербес компьютерлер оның құрамдас бөліктерінің түрлері. Тексерген :______________

  • Жауапкершілікке

  • жүктеу 25.85 Kb.