Главная страница
Контакты

    Басты бет


Сабақтың тақырыбы: Қазіргі заманғы дербес компьютердің архитектурасының даму үрдісі. Сабақтың мақсаты

жүктеу 46.96 Kb.



жүктеу 46.96 Kb.
Дата04.04.2018
өлшемі46.96 Kb.

Сабақтың тақырыбы: Қазіргі заманғы дербес компьютердің архитектурасының даму үрдісі. Сабақтың мақсаты


Алматы облысы Ақсу ауданы Құрақсу ауылы Қ.Мұқашев атындағы негізгі орта мектебі м.д.ш.о.к.м.м информатика пәні мұғалімі Оспанова Асель Жолболдина Сабақтың тақырыбы:  Қазіргі заманғы дербес компьютердің архитектурасының даму үрдісі.

Дербес компьютер (қысқаша ДК) - компьютердің қазіргі уақытта ең кең тараған түрі болып табылады. Дербес компьютер бір мезгілде бір адамның пайдалануына арналған. Дербес компьютерлердің негізгі екі санаты бар: стационарлық және тасымалы компьютерлер.

Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Дербес компьютерлер, дербес компьютер туралы жалпы мәлімет, дербес компьютерді жіктеу туралы білімдерін қалыптастыру.

Мәліметтер (данные; data) - автоматты құралдардың көмегімен, кей жағдайда адамның қатысуымен, өңдеуге I ыңғайлы түрде берілген мағлұмат. Мәліметтердің кірістік, шығыстық, басқару, проблемалық, сандық, мәтіндік, графикалық және т.б.

Тәрбиелігі: Компьютерлік сауатылыққа баулу, ұқыптылыққа, жауапкершілікке үйрету.

Жауапкершілік - адам бойындағы белгілі бір істі , өзіне тапсырылған міндетті орындап, жүзеге асыруынан байқалатын адамгершілік қасиет; тұлғаның қоғамда немесе ұжымда қабылданған әлеуметтік, өнегелі және кұқықтық нормалар мен ережелеріне, борыш сезіміне сәйкес өз қызметін бақылау қабілеттілігі.

Дамытушылығы: Оқушының әрбір сабаққа ынтасы мен қабілетін біріктіріп, пәнге деген қызығушылығын арттыру. Сабақтың түрі: аралас сабақ Сабақтың өту әдісі: сөздік, көрнекі, практикалық Сабақтың көрнекілігі: компьютерлер, топтамалар, тест сұрақтары т.б.б. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. 1) Психологиялық ахуал орнату 2) Оқушылармен амандасу, түгендеу 3) Оқушылардың назарын сабаққа аудару ІІ.

Оқушы - белгілі бір іспен айналысатын адам. Бұл іс сабақ немесе адам қызығатын іс болуы мүмкін. Оқушы бір істі игерумен айналысады. Ол бұл істі жоғарғы деңгейге игергенге дейін оқушы деген атқа ие болады.

Психология - адамның жеке бірлік ретіндегі психикасын, өзінің сан−алуан сезім, аффективтік, интеллектуалды, басқа да туа біткен функцияларымен бірге сыртқы ортамен өзара әрекетін зерттейтін ғылым, кей-кезде адам мінез-құлығын зерттеу деп те анықталады.

Үйге берілген тапсырманы тексеру. 1. Пікір дегеніміз не 2. Логика дегеніміз не 3.Пікірлер алгебрасы нені зерттейді 4. Пікір сұраулы сөйлем түрінде өрнектелуі мүмкін бе ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру. Компьютердің негізгі компоненттері (процессор, жедел жады және сыртқы құрылымдар) өзара қалай байланысты Қазіргі барлық дербес компьютерлердің ортақ принципті (негізді) сұлбасы, яғни архитектурасы бар.

Құрылымдар, конструкциялар (лат. constructіo - құрастыру, жасау), техникада - машина мен ғимараттардың немесе тораптар құрылысы мен жұмысының сұлбасы, сондай-ақ, машинаның, ғимараттың, тораптың өзі және олардың бөлшектері.

Дербес компьютерлердің архитектурасы – бұл қолданушы мен программашының көмегімен тапсырмаларды орындайтын аппараттық және программалық құралдар жинағы. Архитектура сыртқы және ішкі болып бөлінеді. (яғни ЭЕМ бөліктерінен тұрады). Дербес компьютерлердің архитектурасының негізіне магистральды-модульдік принцип жатады. Модульдік принцип компьютердің қажетті конфигурациясын жинақтауға, оларды модернизациялауға (жинақтауға) мүмкіндік береді. Модульдік ұйымдастыру ақпарат алмасудың магистральдық (шиндік) принципіне сүйенеді.

Қағида немесе принцип (лат. principim – принцип; негіз, алғы бастама) - белгілі білім жүйесінің түп-негізі, алғы бастамасы, абстрактылы түрдегі ең қысқа жалпылама мазмұны. Ғылыми танымда идея, теория, әдіс сияқты таным түрлерімен өзара байланыста тұжырымдалады.

Ақпарат (лат. informatio - түсіндіру, мазмұндау) ұғымы күнделікті өмірден бастап техникалық салада пайдаланылатын көп мағыналы ұғым. Жалпы алғанда бұл ұғым шектеу, байланыс, бақылау, форма, инструкция, білiм, мағына, құрылым, бейнелеу, сезіну тағы басқа ұғымдармен тығыз байланысты.

Құрылғылар арасында ақпаратпен алмасу үш көпразрядты (көпдәрежелі) шиналар (мәліметтер шинасы, адрес шинасы және басқару шинасы) арқылы жасалады. Магистраль- бұл процессор, жедел жады және сыртқы құрылғылар арасындағы ақпараттық байланыс. Магистраль компьютердің барлық компоненттері (процессор, жедел жады және ақпараттарды енгізу мен шығару құрылғылары) параллель қосылатын сымдар жиынтығы. Ол мәліметтер шинасы, адрес шинасы және басқару шинасынан тұрады. Мәліметтер шинасы мәліметтерді беруге немесе қабылдауға арналған. Шинаға бір мезгілде түскен сигналдар көбейген сайын мәліметтер көбірек беріледі және ол тезірек жұмыс істейді.

Сигнал (лат. signum - белгі) - берілген хабарды тасымалдайтын(алып жүретін) физикалық процесс.

Мәліметтер шинасының разрядтылығын (дәрежесін) автомагистральдағы қозғалыс жолдарының санымен салыстыруға болады. Адрес шинасы мәліметтер жіберілетін немесе одан алынатын жады ұяшықтарының адрестерін беруге арналған. Егер мәліметтер шинасын автомагистральмен салыстырсақ, онда адрес шинасын үйлер және көшелердің нөмірлерімен (қатарымен) салыстыруға болады. Басқару шинасы басқару сигналдарын, яғни жадыны басқару, мәліметтер алмасуды басқару, т.с.с. беруге арналған. Біз 7 –сыныпта дербес компьютерлердің құрылымдарын және олардың атқаратын міндеттерімен таныстық. Енді ДК-дің жұмыс істеу принципін толығырақ қарастырайық. Біз осыған дейін компьютер дегеніміз – ақпараттарды жинау, өңдеу және беру үшін қолданылатын әмбебап электрондық машина деп айттық. Олардың ішінде жеке жұмысқа арналған дербес компьютерлер кең тараған. Дербес компьютер – кез келген жұмыс орнына орнатуға болатын машина. ДК-дің минимум тізіміне мыналар жатады: Жүйелік блок; Монитор клавиатура Тасымал компьютерлер – жеңіл, ықшам, жұқа экранды ДК. Оны ноутбук деп те атайды. Тасымал компьютерлер – батареямен жұмыс істейтіндіктен оны адам өзімен бірге алып жүре алады. Тасымал компьютердің дербес компьютерден айырмашылығы оның микропроцессоры, экраны және клавиатурасы бір корпуста орналасқан. Жұмыс істеп болғаннан кейін экранды клавиатураға жақындату арқылы оны кітап сияқты жинауға болады. Қалта компьютерлер – оны жиі сандық көмекші деп атайды. Олар батареямен қоректенеді және тасымалкомпьютеріне қарағанда өте ықшам болады. Қалта компьютерлер дербес және тасымал компьютерлер сияқты қуатты болмаса да, оны телефон нөмірлерін , мекенжайды, ойындарды сақтау үшін қолдануға болады.

Микропроцессор - жүйелік тақтаның ең маңызды құраласы, ол деректерді тікелей өңдейді, атап айтқанда, бөлектелген деректермен арифметикалық және логикалық амалдарды орындайды. Микропроцессор - бір немесе бірнеше үлкен интегралды кестеде орындалған, берілісті өңдейтін бағдарламалық құрылғы; көліктердің автоматты басқару агрегатында қолданылады.

Қалта компьютері (орыс. Карманный персональный компьютер, коммуникатор, КПК, ағылш. Personal Digital Assistant, PDA - «жеке санды хатшы», және Handheld computer) - кең ауқымды мүмкіндіктері бар ықшам есептеу құрылғысы.

Компьютердің маңызды элементтерінің бірі – монитор. (дисплей) . Монитор – компьютердің программасы жұмыс істеген кезде шығаратын ақпараттарды бейнелеуге арналған негізгі құрылғы. Принтер – компьютерге қосылған басып шығару құрылғысы. Жылдамдығы және басып шығару сапасымен ерекшеленетін принтердің үш түрі кеңінен тараған: матрицалық, бүріккіш және лазерлік.

Принтер (ағылш. printer) - мәтін мен кескіндерді қағазға немесе басқа да басып шығарылатын арқауларға шығаруға арналған құрылғы, ЭЕМ-ның ақпарат басып шығаруға арналған перифериялық құрылғыларының бір түрі.

Олардың ішіндегі ең қарапайымы және арзаны – матрицалық, ең жылдамы және сапалысы –лазерлік, ал бүріккіш принтерлер арзан принтерлердің ішіндегі ең сапалысы. Дискета – ақпаратты тасымалдаушы, оларда программалар мен мәліметтерді компьютерден тыс сақтауға болады. Компакт –дискі. CD-RRW, DVD-RRW - алтын түсті ( R – жазатын, RW қайта жазу) болып келеді. CD-R , DVD-R -ге ақпаратты тек бір рет қана жазуға, ал CD-RW, DVD-RW дискілеріне көп жазуға болады. Флеш-жады – бұл энергияға тәуелсіз, мәліметтерді микросұлбаларда жазуға және сақтауға мүмкіндік беретін жадының түрі. Ол қазіргі заманғы компьютерлердің әрқайсысында болатын арнаулы USB - порт арқылы қосылады. Флэш жады жылдам жадыдан энергияға тәуелсіздігімен ерекшеленді, яғни энергияны өшіргеннен кейін де жадының ішіндегі мәлімет сақталады. - Жаңа сабақты бекіту сұрақтары: Дербес компьютер құрамына қандай құрылғылар кіреді Процессор дегеніміз не Процессордың негізгі компоненттерін атаңыз Қазіргі компьютерлердің жұмыс істеу жылдамдығы қандай Мониторлардың қандай типтері бар Принтрелердің негізгі түрлері қандай Олардың негізгі ерекшеліктері қандай Сабақты қорытындылау: Жаңа материалды пысықтау, оқушылардың меңгерген білімдерін талдау, бағалау. Үйге тапсырма: Қазіргі заманғы дербес компьютердің архитектурасының даму үрдісі.

  • Психологиялық
  • Қалта компьютерлер

  • жүктеу 46.96 Kb.