Главная страница
Контакты

    Басты бет


Сабақтың тақырыбы: Қарапайым графикалық редакторы. Сурет салу, ашу, сақтау

жүктеу 40.23 Kb.



жүктеу 40.23 Kb.
Дата16.09.2017
өлшемі40.23 Kb.

Сабақтың тақырыбы: Қарапайым графикалық редакторы. Сурет салу, ашу, сақтау



Күні: 07.12.2015ж.

Сыныбы: 5

Пәні: Информатика

Сабақтың тақырыбы: Қарапайым графикалық редакторы. Сурет салу, ашу, сақтау

Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: PAINT графикалық редакторын бағыттауды, қосуды, сурет салу және сақтауды үйрету;

Блок тақырыбы (Заголовок блока; block header) - блоктың басында орналасып, ол жайлы мәліметтер беретін және операциялық жүйеде қолданылатын арнайы жазба. Мысалы, блок тақырыбында оған кіретін логикалық жазбалар саны көрсетілуі мүмкін.
Сурет, бөлмедегі сурет. Сурет әртүрлі бояулармен: акварельмен (қағазға немесе картон), майлы бояумен (холстқа, картонға, ағашқа), пастельмен (ерекше түрлі-түсті қарындаштармен қағазға немесе картонға) салынады.

ә) дамытушылық: Оқушыларды PAINT графикалық редакторын толық меңгеруіне көмек бере отырып, сабақ үстінде жылдам, әрі тиянақты жұмыс істеу қабілеттерін дамыту.
б) тәрбиелік: Оқушылардың өткен сабақтан алған білімдерін тиянақтай отырып, жауапкершілікке, шапшаңдыққа, ақпараттық мәдениетке тәрбиелеу.
Оқушылар үйренуі тиіс: PAINT графикалық редакторын ашуды, сурет салуды, сурет өлшемін орнатуды, сақтауды, түстер политрасын іске қосуды, қылқалам, қарындаш,
сызық, масштаб құралдарын қолдануды.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың көрнекілігі: Компьютер, интерактивті тақта, слайд, практикалық жұмыс парағы.
Пән аралық байланыс: бейнелеу, ағылшын тілі.
Оқушы - белгілі бір іспен айналысатын адам. Бұл іс сабақ немесе адам қызығатын іс болуы мүмкін. Оқушы бір істі игерумен айналысады. Ол бұл істі жоғарғы деңгейге игергенге дейін оқушы деген атқа ие болады.
Жауапкершілік - адам бойындағы белгілі бір істі , өзіне тапсырылған міндетті орындап, жүзеге асыруынан байқалатын адамгершілік қасиет; тұлғаның қоғамда немесе ұжымда қабылданған әлеуметтік, өнегелі және кұқықтық нормалар мен ережелеріне, борыш сезіміне сәйкес өз қызметін бақылау қабілеттілігі.
Құрал (Инструмент; лат. instrumentum - құрал, қару) - 1)адам еңбегінің құралы немесе өнеркөсіптік кәсіпорын жағдайындағы жұмысқа арналған машинаның атқарушы механизмі.
Ақпарат Ақпарат (лат. informatio - түсіндіру, мазмұндау) ұғымы күнделікті өмірден бастап техникалық салада пайдаланылатын көп мағыналы ұғым. Жалпы алғанда бұл ұғым шектеу, байланыс, бақылау, форма, инструкция, білiм, мағына, құрылым, бейнелеу, сезіну тағы басқа ұғымдармен тығыз байланысты.
Ағылшын тілі Ағылшын тілі (ағылш. English, English language) - Үндіеуропа тілдері жанұясының батыс герман тобына жататын тіл. Ағылшын тілі ежелгі тіл болып есептеледі, ол қазіргі Ұлыбритания аумағын ежелде басып алған Англосаксондардың тілі, бірақ жауланған кельттердің тілдері де әсерін тигізген.

Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық:
Сурет салам – гүл саламын,
«Гүлге толып тұрса алаңым».
Сурет салам күн саламын,
«Күндей күліп тұрса маңым».
Сурет салам – қала салам,
«Болсын барлық баласы аман».
Сурет салам – Адам салам,
«Қорған болсын маған, саған».
(Жарайсыңдар балалар, олай болса топқа бөлінеміз. Топқа дербес компьютердің негізгі және қосымша құрылғылары болып екі топқа бөлінеміз.
Дербес компьютер Дербес компьютер (қысқаша ДК) - компьютердің қазіргі уақытта ең кең тараған түрі болып табылады. Дербес компьютер бір мезгілде бір адамның пайдалануына арналған. Дербес компьютерлердің негізгі екі санаты бар: стационарлық және тасымалы компьютерлер.
Бүгін кезекші кім, сыныпта кім жоқ, үйге қандай тапсырма берілді?)
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. Өткенді қайталау.
1. Қандай техника қауіпсіздік ережелерін білеміз?
Ереже - дәстүрлі халық құқығының қайнар көзі, нормативтік-құқықтық қағидалар. Ежелгі дәуірде және орта ғасырларда жөн-жосық, ата-баба жолы деп аталған. Ережелер сырт пішімі жағынан мақал-мәтелге, қанатты сөзге ұқсас болғанымен, нақтылығымен, дәйектілігімен ерекшеленеді.

2. Техника қауіпсіздік ережесін неше білікке бөлеміз?
3. Ақпарат дегеніміз не?
4. Ақпараттың қабылдау қасиеттері қандай?
5. Нысан дегеніміз не? Мысал келтіріңдер.
6. Жиын дегеніміз не? Мысал келтіріңдер.
7. Ақпаратты қалай қайда сақтаймыз.
8. Ерте заманда адамадар ақпаратты қалай сақтаған?
Өткен сабақты қорыту:
Сөзжұмбақ арқылы өткен сабақты қорыту және жаңа тақырыпты сөзжұмбақ арқылы ашып алу.

1 P a g e U p

3
2 C a p s L o c k
S h i f t
4 E n d
5 D e l e t e

Сұрақтар: (ерекшелігі: жауаптары тек қана ағылшын әріптерімен жазылады.

Әріп-дыбыстың графикалық таңбасы. Әріп дыбысты белгілегенімен, әріп пен дыбыстың арасында табиғи байланыс жоқ. Әріп - шартты таңба. Әліпбиде қанша әріп болуы тілдегі дыбыстың санына байланысты. Бірақ дыбыс пен әріп саны бірдей бола бермейді.
Барлық сұрақтар пернетақтаның пернелеріне байланысты қойылады).

1. Меңзерді бір бетке жоғары жылжыту пернесі. (PageUp)
2. Бұл пернені бір рет бассаңыз біріңғай үлкен әріптер, екінші рет басылса біріңғай кіші әріптер теріледі. Бұл қандай перне? (CapsLock)
3. Енгізу пернесі. Бұл пернемен әріпті қатар бассаңыз үлкен әріппен, басылмаса кіші әріппен жазылатын пернесі. (Shift)
4. Меңзерді жолдың соңына ауыстыру пернесі. (End)
5. Бұл перне меңзердің оң жағында тұрған символды өшіреді. Қандай перне? (Delete)

(Жарайсыңдар өте жақсы балалар, үй тапсырмасы өте жақсы дайындалып келіпісіңдер. Жарайды олай болса, дәптерлерімізді ашып, бүгінгі күннің жадын жазып, бүгінгі өтетін тақырыбымыз «PAINT графикалық редакторы. Сурет салу, сақтау және ашу», жазып аламыз).


ІІІ. Жаңа сабақ:
Мұғалім сөзі: Балалар біз қай ғасырда өмір сүріп жатырмыз? (ХХІ ғасыр) 1 ғасырда неше жыл бар? (100 жыл). Балалар 50 жылда ел жаңа дегендей әр жылдың, ғасырдың өз жаңалығы, жетістігі бар. ХХІ ғасыр – ақпарат заманы болғандықтан адамзатқа компьютерлік сауаттылық қажет. Ал бұл сауатылықтың алғашқы баспалдағы мектептен басталады. (Мұндай сабақтардың оқушылардың информатикадан алған білімдерін жетілдіріп, суреттер салу, пән аралық байланысты нығайтуға тигізер пайдасы зор.) PAINT графикалық редакторы сурет салуға арналған арнайы программа, PAINT графикалық редакторында сурет саламыз және сол салған суретті өңдейде аламыз.
Компьютерде графикалық ақпаратты құру құралдарына жататындар:
- Енгізу құрылғылары (сканер, тышқан, графикалық планшет және т.б.
ГРАФИКАЛЫҚ ПЛАНШЕТ (Графический планшет; graphic tablet) - жиектік кескіндерді нүктелеп енгізу қүрылғысы. Графикалық планшет сызуға арналған қаламмен жасақталып, компьютерге қосылған жазық тақта болып келеді.
);
- Графикамен жұмыс істеуге арналған программалар (графикалық редакторлар);
Графикалық редактор – графикалық бейнелерді құруға және өзгертуге арналған арнайы программа.
Paint (ағылшынша сурет, сурет салу) – бұл расторлық (нүктелерден тұратын) бейнелермен жұмыс істеуге арналған графикалық редактор.
Пиксель – расторлық бейненің ең кішкентай элементі.
PAINT графикалық редакторының іске қосу әрекетінің тізбегі.
Қазақшасы:
Бастау (Мәзір) - Барлық бағдарламалар – Стандарттық - PAINT графикалық редакторын таңдау
1. көшіріп, қою;
2. суретті бұру, көлемін өзгерту;
3. құрал саймандар;
4. қыл қаламдар;
5. әр түрлі фигуралар;
6. жіңішкерту, қалыңдату;
7. түстер қатары;
Сақтау жолы: Файлдың пішімін таңдау жолы. Палитраның түсін өзгерту терезесі
Дүйсенбіде доп ойнадық далада,
Сейсенбіде серуен құрдық далада.
Сәрсенбіде сурет салдық сәндетіп,
Бейсенбіде би биледік әндетіп.
Жұма күні жидек тердік қыратта,
Сенбі күні кино көрдік клубта.
Жексенбіде үйде болдық демалдық,
Осылайша өте шықты бір апта.
IV. Қосымша тапсырма: А, В, С деңгей тапсырмаларын орындаймыз.
ДЕҢГЕЙ (Уровень; layer, level) - абстракциялы дерексіздік дәреже; иерархиялық құрылым қабаты; осы желімен орындалатын белгілі бір мәселелер кешенін сипаттайтын есептеуіш желі қүрылымының логикалық қабаты,

Практикалық жұмыс №1
А деңгейі:
1. PAINT графикалық редакторының іске қосыңдар
2. Сүйікті ойыншығыңның суретін салыңдар.
3. Салған ойыншығыңның түсін бояңдар.
4. Суретті ойыншық.bmp деген атпен сақтаңдар.
В деңгейі:
1. А деңгейінің тапсырмасын орындаңдар.
2. Қар бүріккіштер бейнесін қосыңдар.
С деңгейі:
1. В деңгейінің тапсырмасын орындаңдар.
2. Суретке мәтін қосыңдар.
3. Суретті ойыншық деген атпен «jpeg»
пішінде сақтаңдар.
Практикалық жұмыс №2
А деңгейі:
1. PAINT графикалық редакторының іске қосамыз.
2. Аққаланың суретін саламыз.
3. Салған суреттің мөлшерін үлкейтеміз.
4. Ашық көкке аққаланы, басындағысын қызылға, мұрынын сары түске бояймыз.
5. Суретті аққала деген атпен «bmp» пішінде сақтаңдар.
В деңгейі:
1. А деңгейінің тапсырмасын орындаңдар.
2. Аққаланың қасына шыршаның суретін саламыз.
3. Шыршаның түсін бояп, әдемілеп ойыншықтарын саламыз.
4. Суретті жаңа жыл деген атпен «bmp» пішінде сақтаңдар.
С деңгейі:
1. А деңгейінің тапсырмасын орындаңдар.
2. «Жаңа жылқы жылы жақсылыққа жеткізсін» мәтінін
жазамыз.
3. Суреттің астына аты жөніңді сыныбыңды жазып
қойыңдар.
4. Суретті құттықтау деген атпен «jpeg» пішінде сақтаңдар.
Енді балалар шаршап қалған шығармыз, олай болса көз жаттығуын жасап алайық.
Көз жаттығуы:
 Бір нүктеге 2-3 минут көз алмай қарап тұрамыз.
 Көзіміздің қарашығын жоғары, төмен, оңға, солға қозғалту арқылы көзімізді жаттықтырып аламыз.
V. Шығармашылық тапсырма.
№1 «Қарақшы» тапсырмасы
а) Қарақшының суретін саламыз.
1. Дөңгелек, төртбұрыш, түзу сызық фигураларын пайдалана отырып сурретті саламыз.
2. Таңдап алып, салып отырған фигуралардың барлығын қанық түспен бояймыз.
ә) Қарақшы суретінің көшірмесін жасаймыз.
б) Көшірмесінің көлемін үлкейтеміз.
№2 «Суретші» тапсырмасы
Бұл суретті үшбұрыш, төртбұрыш, түзу сызық фигураларының көмегімен саламыз.
VI. Сабақты қорытындылау: Сонымен «PAINT графикалық редакторы. Сурет салу, сақтау және ашу» тақырыбы бойынша не білгенімізді, үйренгенімізді тақтаға топтастырамыз.
Бүгінгі сабақтан алған әсерлерің.
Семантикалық кесте
Сабақтан алған әсерің, не үйрендің? Сабақ барысында не ұнады? Есте сақтаймын
VIІ. Оқушыларды бағалау.
VIІІ. Үйге тапсырма. Қарапайым графикалық редакторы. Сурет салу, ашу, сақтау

  • Оқушылардың

  • жүктеу 40.23 Kb.