Главная страница
Контакты

    Басты бет


Сабақтың тақырыбы : Компьютерлік графика түрлері. Векторлық графикада жұмыс. Сабақтың мақсаты : Білімділік

жүктеу 42.59 Kb.



жүктеу 42.59 Kb.
Дата14.04.2017
өлшемі42.59 Kb.

Сабақтың тақырыбы : Компьютерлік графика түрлері. Векторлық графикада жұмыс. Сабақтың мақсаты : Білімділік



БҚО.Теректі ауданы.Подстепный қазақ жалпы орта білім беретін мектебі.

Информатика мұғалімі Айткалиева Баян Сабыргалиевна.

Сабақтың тақырыбы: Компьютерлік графика түрлері.

Компьютерлік графика - 2011 жылы Алматы қаласы «Дәуір» баспасында басылып шыққан кітап. Кітап авторы/құрастырушысы - Б. Н. Нұрмаханов, Д. Д. Әбілдабекова, У. Т. Қарымсақов. Беттер саны - 200.

Векторлық графикада жұмыс.


Сабақтың мақсаты:
Білімділік: графика туралы түсінік беру. Компьютерлік графиканың негізгі бағыттары туралы жалпы түсінік беру. Қолдану салалары. Оның түрлері.

Дамытушылық: Графикалық редактор ұғымымен таныстыра отырып оқушылардың дүниетанымдарын, ой - өрістерін, пәнге деген қызығушылықтарын дамыту.

Оқушы - белгілі бір іспен айналысатын адам. Бұл іс сабақ немесе адам қызығатын іс болуы мүмкін. Оқушы бір істі игерумен айналысады. Ол бұл істі жоғарғы деңгейге игергенге дейін оқушы деген атқа ие болады.


Тәрбиелік: Эстетикалық талғамдарын қалыптастыру, шапшаңдыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіре баяндау әдісі, сұрақ - жауап әдісі.
Сабақтың көрнекілігі: кеспе қағаздар, компьютер, слайдтар.
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Үй тапсырмасын қайталау.

3. Жаңа сабақты түсіндіру.
4. Практикалық жұмыс

5. Сергіту сәті. Бекіту тапсырмалары


6. Оқушыларды бағалау
7. Үйге тапсырмасын беру.
2.Модель дегеніміз не? Нысанның қарапайым көшірмесі, ол заттың кішірейтілген түрі.Модель неше түрі бар? Математикалық- нысан кішірейуі не үлкейуі мүмкін, бірақ сыртқы көрінісі жаңаша көрсетілідеі, ақпараттық-нысан қандай да тілде сипатталуы.олар кесте,сызба, сөздік.Адам нысан болса оның модельдерін атаңыз?фото, манекен, скульптура, анкета.
3.Компьютерлік графика жаңа тақырып.
Компьютерлік графика – әр түрлі кескіндерді (суреттерді, сызбаларды, мультипликацияларды) компьютердің көмегімен алуды қарастыратын информатиканың маңызды саласы.

Кескін (изображение; display image pict (picture) - 1) ақпаратты бейнелеу, мәліметтерді көзге көрінетіндей ұсыну; көзбен көру бетіне бір уақытта шығаруға болатын шығу мен сегменттер примитивтерінің жиынтығы; 2) apple фирмасының macintosh компьютерлеріне арналған мәліметтердің көлемін кішірейтіп тығыздауға мүмкіндік беретін, қозғалмайтын мультимедиа-кескіндерге арналған пішім.

Дербес компьютерді пайдаланушылардың қатарында компьютерлік графикамен айналысатындардың саны күн санап артып келеді. Қазіргі кез - келген мекемеде кей уақытта газеттер мен журналдарға жарнамаларға тапсырыс беру немесе жарнамалық парақшалар мен буклеттер басып шығару қажеттілігі туындайды. Олардың кейбіреулері осындай жұмыстарды арнайы дизайнерлік бюролар мен жарнамалық агенттіктерге тапсырса, кейбіреулері қолда бар программалық құралдарын пайдаланып, өз күштерімен жасауға тырысады.

Буклет(бүктеме) (Booklet, folder, leaflet) - параллель беттестіру арқылы бірнеше бетке қатталған бір параққа басылган құжат.

Жарнама, реклама (франц. reclame, лат. reclamo - жар саламын) - тауарлардың, қызмет көрсетудің тұтынушылық қасиеті туралы ақпарат беру және оған деген сұранысты көбейту мақсатында таратылатын хабарлама; белгілі бір адамдар, ұйымдар, әдебиет пен өнер шығармалары туралы хабар таратып, оларды әйгілеу.

Құрал (Инструмент; лат. instrumentum - құрал, қару) - 1)адам еңбегінің құралы немесе өнеркөсіптік кәсіпорын жағдайындағы жұмысқа арналған машинаның атқарушы механизмі.


Қазіргі компьютерлік графика қолданылу әдісі бойынша мынадай негізгі салаларға бөлінеді:
Ғылыми графика. Алғашқы компьютерлер тек ғылыми және өндірістік есептерді шығару үшін қолданылды. Есептерден шыққан нәтижелерді дұрыс түсіну үшін оларды графикалық тұрғыда өңдеп, графиктер, сызбалар тұрғызған. Машинадағы алғашқы графиктерді символдық режимде басып шығаратын.

Символ (грекше symbolon - танымдық белгі, таңба, рәміз, пернелеу) лингвистика, логика, математика ғылымдарында таңба ұғымын береді; өнерде, философияда нәрсенің, құбылыстың қасиетін, сыр-сипатын бейнелеп, астарлап білдіретін әмбебап эстетикалық категория.

Кейін сызбалар мен графиктерді қағазға қаламұштың көмегімен сызатын арнайы құрылғылар – график салғыштар (плоттерлер) пайда болды.

Іскерлік графика – қандай да бір мекеме жұмысының көрсеткіштерін көрнекі түрде ұсыну үшін қолданылатын компьютерлік графиканың маңызды саласы. Іскерлік графиканың көмегімен жоспар көрсеткіштерін, есеп құжаттарын, статистикалық есептерді және т. б. объектілерді көрнекі түрде ұсынуға болады. Іскерлік графиканың программалық жабдықтары электронды кестелердің құрамында болады.

Көркем графика-графикалық кескін жасау және редакциялау үшін, мысалы, баспа өнімдерін, жарнама безендіру, фотосуреттерді бояу және өңдеу, мультфильмдер, бейне сабақтар, компьютерлік ойындар жасау үшін қолданылады.

Компьютерлік ойын - ойнауға арналған компьютерлік бағдарлама. Оларға сондай-ақ видеоойындар мен мобильді ойындар да жатады.

Жалпы компьютерлік графика мынадай түрлерге бөлінеді:екі өлшемді графика: яғни растрлық, векторлық, фракталдық және үш өлшемді графика 3D.

Растрлық кескін дегеніміз – түрлі түсті нүктелердің (пиксельдердің) жиынтығы. Олардың саны бейненің өлшемі мен шешімі арқылы анықталады.  Растрлық графикада кескіндер түрлі-түсті нүктелердің жиынтығынан тұрады. Растрлық кескінді құрайтын әрбір пиксельдің өз орны мен түсі болады және әр пиксельге компьютер жадында бір ұяшық қажет.

Бағытталған кесінді A B → }} деп A - “бас нүктесінен” бастап екінші B - “соңғы”нүктесіне дейінгі түзу бойындағы нүктелер жиыны.

Жиынтық - геологияда: жарылымдармен шектеле отырып, бірқалыпты қатпарланған қат-қабаттар тобының немесе қатпарлардың бір бағытта ғана еңістенген осьтік жазықтықтарының бірлестігі.

Компьютерлік жад Компьютерлік жады (сыртқы немесе қосалқы жады, ақпараттарды сақтауға арналған құрал, сақтағыш құрал) - белгілі бір уақытта есептеуде қолданылатын, ақпарат сақтауға арналған физикалық құрылғы немесе орта болатын, есептегіш машина бөлігі.

Растрлық кескіннің сапасы сол кескіннің өлшеміне (тігінен және көлденең орналасқан пиксельдердің саны) және әр пиксельді бояуға қажетті түстердің санына тәуелді болады .Өңдеу редакторлары: Adobe Photoshop, Corel PhotoPaint

Векторлық кескіндер, бұл - сызық, доға, шеңбер және тікбұрыш сияқты геометриялық объектілер жинағынан тұратын кескіндер. Бұл жерде вектор дегеніміз - осы объектілерді сипаттайтын мәліметтер жиынтығы.

Геометрия (көне грекше: γεωμετρία; көне грекше: γῆ - жер и көне грекше: μετρέω - «өлшеу») - математиканың кеңістіктік пішіндер (формалар) мен қатынастарды, сондай-ақ, оларға ұқсас басқа да пішіндер мен қатынастарды зерттейтін саласы.

Ақпарат Ақпарат (лат. informatio - түсіндіру, мазмұндау) ұғымы күнделікті өмірден бастап техникалық салада пайдаланылатын көп мағыналы ұғым. Жалпы алғанда бұл ұғым шектеу, байланыс, бақылау, форма, инструкция, білiм, мағына, құрылым, бейнелеу, сезіну тағы басқа ұғымдармен тығыз байланысты.

Векторлық графиканың басты артықшылығы оған кескін сапасын жоғалтпай өзгеріс енгізуге, оңай кішірейтуге және үлкейтуге болатындығы. Векторлық кескіндер СorelDRAW, Adobe illustrator секілді векторлық графикалық редакторларда жасалады.



Фракталды графиканың жасалу әдісі сурет салуға немесе безендіруге емес,програмалауға негізделеді. Егер растрлық графикада растр (пиксель), ал векторлық графикада сызық базалық элемент болып табылса, фракталдық графикада математикалық формуланың өзі базалық элемент болып табылады, бұл компьютердің жадында ешқандай объект сақталмайды, кескін тек қана теңдік бойынша салынады деген сөз .

Математика Математика (гр. μάθημα - ғылым, білім, оқу; μαθηματικός - білуге құштарлық) - әлдебір әлемнің сандық қатынастары мен кеңістіктік формаларын, пішіндерін өлшейтін, оның ішінде - структуралар, өзгерістер, белгісіздік жөніндегі ғылым.




3D графика - инженер - конструкторлардың, архитекторлардың, жаңа техниканы ойлап шығарушы өнертапқыштардың жұмысында қолданылады. Компьютерлік графиканың бұл түрі САПР – дың (систем автоматизации проектирования - жобалауды автоматтандыру жүйесі) міндетті элементі болып табылады. 3 графика құралдарын пайдалана отырып жазықтықтағы кескіндерді (проекциялар, сызбалар) ғана емес, кеңістіктегі үшөлшемді кескіндерді де жасауға болады.

Кеңістік - философия, математика және физика секілді салаларды пайдаланылатын күрделі ұғым. Күнделікті өмірде іс-қимыл алаңы, барлық нәрселерді қамтитын ортақ ыдыс, әлдебір жүйе жай-жапсары сезініп түсініледі.



4.Бекіту тапсырмасы. Практикалық тапсырма№1

Сергіту сәті. Практикалық тапсырма №2

5. Бағалау
6. Үйге тапсырма.§19, 98-101б
тест орындау 101-103б
Келесі сабақта әр оқушы берілген шығармашылық жұмыстың жобасын графикалық редакторда салып, қорғау үшін мына тақырыптардың бірін таңдау.
1. «Менің бөлмем» сызбасын жасап келу. 2. Графика түрлері.Шығу тарихын жазып келу.

  • Сабақтың тақырыбы
  • Сабақтың мақсаты
  • Дамытушылық
  • Тәрбиелік

  • жүктеу 42.59 Kb.