Главная страница
Контакты

    Басты бет


Сабақтың тақырыбы : компьютердің негізгі құрылғылары. Пернетақта. Пернелер тобы. Сабақтың мақсаты

жүктеу 48.79 Kb.



жүктеу 48.79 Kb.
Дата14.04.2017
өлшемі48.79 Kb.

Сабақтың тақырыбы : компьютердің негізгі құрылғылары. Пернетақта. Пернелер тобы. Сабақтың мақсаты




Пән аты:   Информатика

Сынып:  5_____________

Күні__________________

Сабақтың тақырыбы : §6 . Компьютердің негізгі құрылғылары.Пернетақта. Пернелер тобы.



Сабақтың мақсаты :

Білімділігі : Пернетақтаның  жұмысымен таныстыру арқылы, оқушылардың компьютерді қолдана білу қабілеттерін арттыру.

Блок тақырыбы (Заголовок блока; block header) - блоктың басында орналасып, ол жайлы мәліметтер беретін және операциялық жүйеде қолданылатын арнайы жазба. Мысалы, блок тақырыбында оған кіретін логикалық жазбалар саны көрсетілуі мүмкін.

Оқушы Оқушы - белгілі бір іспен айналысатын адам. Бұл іс сабақ немесе адам қызығатын іс болуы мүмкін. Оқушы бір істі игерумен айналысады. Ол бұл істі жоғарғы деңгейге игергенге дейін оқушы деген атқа ие болады.

Компьютер Компьютер (ағылш. computer - «есептегіш»), ЭЕМ (электрондық есептеуіш машина) - есептеулерді жүргізуге, және ақпаратты алдын ала белгіленген алгоритм бойынша қабылдау, қайта өңдеу, сақтау және нәтиже шығару үшін арналған машина.

Мақсат - белгілі бір межеге қол жеткізуге бағытталған әрекеттің ой-санадағы көрінісі. Мақсат ойлау нәтижесінде болашақты алдын ала болжау арқылы туатын мұрат, ішкі қозғаушы күшті білдіреді. Мақсатқа жету үшін әр түрлі іс-әрекеттер мен қимылдар жасалады.



Тәрбиелігі : Әр оқушыны іскерлікке, нақтылыққа, ынтымақтылыққа тәрбиелеу .

Дамытушылығы : Оқушының әрбір сабаққа ынтасы мен қаблетін біріктіріп, пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Сабақтың түрі : жаңа сабақты меңгерту сабағы

Сабақтың көрнекілігі : компьютер, интерактивті тақта, презентация

Сабақтың барысы :     I.            Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды сабақ тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.



II.            Өтілгенді пысықтау

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру

Барлық компьютерлердің бір – бірінен айырмашылығы- олардың құрамына кіретін құрылғылар жиынының әртүрлі болуында.

Дербес компьютер 3 бөліктен тұрады.


  • ақпаратты шығару құрылғысы – монитордан

  • ақпаратты енгізу құрылғысы – пернетақтадан

  • жүйелік блокта орналасқан ақпаратты өңдеу және сақтау құрылғыларынан

Бұл құрылғылар міндетті болып табылады.

Ақпарат Ақпарат (лат. informatio - түсіндіру, мазмұндау) ұғымы күнделікті өмірден бастап техникалық салада пайдаланылатын көп мағыналы ұғым. Жалпы алғанда бұл ұғым шектеу, байланыс, бақылау, форма, инструкция, білiм, мағына, құрылым, бейнелеу, сезіну тағы басқа ұғымдармен тығыз байланысты.

Бұл құрылғылардың біреуінсіз компьютер жұмыс істей алмайды. Басқа барлық құрылғылар міндетті емес немесе қосымша болады.

Пернетақтадан басқа енгізу құрылғыларына тышқан, ойын джойстігі және басқалар жатады. Олардың көмегімен компьютерлік программалармен байланысамыз, бұйрық бере аламыз.

Компьютердің жүйелік блогында әртүрлі құрылғылардың негізгі жиыны орналасқан. Шын мәнінде, компьютер осының өзі. Мұнда аналық тақша, жедел жады, қатты дискі, процессор, дискжетектер, видеокарталар мен дыбыс карталары және тағы басқалар орналасқан.

Жүйелік блоктың құрамы

Аналық тақша – жүйелік блоктың басқа құрылғылар жалғанған негізгі бөлігі. Аналық тақша арқылы жүйелік блоктың құрылғылары өзара байланысып, ақпарат алмасу іске асады.

Процессор – жүйелік блоктың «миы». Көбіне оның жылдамдығына компьютердің жұмыс өнімділігі тәуелді

Жедел жады - компьютерде деректерді уақытша сақтау жады. Ол тек компьютер жұмыс істегенде ғана қолданылады. Жедел жады мектептегі сабақ тақтасына ұқсас. Сабақ жүріп жатқанда тақтаға жазып, одан ақпарат оқисың. Сабақ аяқталғанда барлық ақпарат тақтадан өшіріледі. Тақта жаңа сабаққа дайын. Компьютердің жедел жады да осылай. Компьютерлік программа жұмыс істеп тұрғанда, жедел жадыда оған қажетті ақпарат сақталады. Сендер программамен жұмыс істеуді тоқтатқанда немесе компьютерді өшіргенде, жедел жадыдағы ақпарат жойылады.

Қатты дискі – ақпаратты ұзақ уақыт сақтауға арналған құрылғы . Онда тұтынушының программалары мен файлдары сақталады.

Видеокарта – жүйелік блоктың ішінде орналасқан құрылғы. Видеокарта компьютердің жүйелік блогындағы бейнені мониторға шығаруға «дайындайды». Видеокартаға бейненің сапасы тәуелді.

Дыбыс картасы – компьютерде дыбыспен жұмыс жасау үшін қажет .

Желілік карта – окмпьютерді басқа компьютерлермен желі арқылы біріктіру үшін немесе Интернет желісіне қосылу үшін керек.

Пернетақта   (Клавиатура)           

     Пернетақта  - компютерге ақпарат енгізетін құрылғы.Онда  101 немесе  102  перне  болады .Таңбалық деректерді енгізу қызметін атқарады және негізгі енгізу құрылысы болып  табылады.



Пернетақтаның әрекетерінің прициптері:

1.Пернені басқанда  пернетақтаға  орнатылған арнайы микросхема идентификациялайтын скан-код жіберіледі.

2. Скан-код  микросхемаға  түседі, ол өз кезегінде процессорға бекітілген нөмірі бар түзу береді.

3. Үзуді алып, процессор ағымдағы жұмысын кейінге қалдырып, түзуге нөмірі бойынша түзуге қызмет жасайтын бағдарламаныңадресін табады.

4. Үзуді өңдегеннен кейін процессор аяқталмаған іске қайта оралады.

5.  Енгізілген (бірақ  өңделмеген) символдар пернетақтаның буферіне түседі де, оған арналған бағдарлама оларды алып кеткенше сақталады.

Символ (грекше symbolon - танымдық белгі, таңба, рәміз, пернелеу) лингвистика, логика, математика ғылымдарында таңба ұғымын береді; өнерде, философияда нәрсенің, құбылыстың қасиетін, сыр-сипатын бейнелеп, астарлап білдіретін әмбебап эстетикалық категория.



Шартты түрде пернетақтаны 5-бөлікті бөлуге болады:

 -басу пернетақтасы (алфавитті- цифрлық және таңбалық   ернелер)

 -функционал пернелер: F1-F12

 -арнайы операциялар пернелері: Enter, Esc, Tab6, Ctrl, Alt,  BackSpace

 -меңзерді басқару және редакциялау  пернетақтада.

 -сандық пернетақта.

   Функционалдық  пернелер-   Олар символдық пернелердің үстінде орналасқан. Олар  компютердің  күрделі операцияларын тез орындай. Әр түрлі программаларды әр түрлі  қызмет  атқарады.

       Символдық  пернелер – пернетақтаның  негізгі  бөлігі. Символ, цифр енгізуге болады.

       Нұсқаушы  немесе  меңзерді  экранда басқару пернесі. Меңзерді экранда жылжытуға арналған.

Жылжыту (Подкачка; paging, swapping) - виртуальдық жадтың беттерін немесе сегменттерін ауыстыру; осы сәтте жедел жадқа қажетті ақпаратты орналастыруды жасақтайтын жедел жад пен сыртқы жад арасындағы мәселелер тіркесін ауыстыру.

       Цифрлық-қосыма   NumLock  пернетата арқылы қосылып ажыратылады.



Enter - енгізу  пернесі – белгілі бір әрекетті аяқтағанда басылады.

Бос орын – символдарды бір-бірінен ажыратады.

←  немесе Backspace   пернесі  алдыңғы  символды өшіреді.



Shift  - бұл кіші әріптерді алкен етуге және керісінше орындауға болады.

Caps Lock  - алкен әріптер енгізіледі.

Delete - меңзердің оң жағында орналасқан символдарды өшіреді.

кейбір амалдарды орындау үшін пернелердің  комбинациясын пайдаланады.  Ctrl Alt 





ІҮ. Бақылау сұрақтары

  1. Компьютердің негізгі құрылғыларын атаңдар.

  2. Компьютердің негізгі құрылғысына тышқан неге кірмейді ?

  3. Компьютердің жүйелік блогы құрамына кіретін құрылғыларды атаңдар

  4. Мына құрылғылардың қайсысы компьютердің жүйелік блогы құрамына кіреді: тышқан, процессор, сандық видеокамера, ішкі жады, дискжетектер, аналық тақша ?

  5. Ақпаратты ұзақ уақыт сақтау үшін қолданылатын жады түрі қандай ?

  6. Компьютер өшірілгеннен кейін ақпарат жедел жадыда сақтала ма ?

  7. Компьютердің сыртқы  құрылғыларын ата?

  8. Енгізу-шығару құрылғыларын айтыңыз

  9. Пернетақтаның блоктарын айт.

  10. Негізгі пернелердің қызметі қандай?


Үйге тапсырма

§ 6. тақырыпты оқу, тестке жауап жазу

  • Сабақтың мақсаты
  • Тәрбиелігі
  • Сабақтың түрі
  • ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру
  • Жүйелік блоктың құрамы Аналық тақша
  • Процессор
  • Қатты дискі
  • Дыбыс картасы
  • Пернетақта (Клавиатура)
  • Пернетақтаның әрекетерінің прициптері
  • Шартты түрде пернетақтаны 5-бөлікті бөлуге болады
  • Символдық пернелер
  • Цифрлық-қосыма
  • Delete

  • жүктеу 48.79 Kb.