Главная страница
Контакты

    Басты бет


Сабақтың тақырыбы : Есептеуіш техникасының даму тарихы Сабақтың мақсаты

жүктеу 45.17 Kb.



жүктеу 45.17 Kb.
Дата29.03.2017
өлшемі45.17 Kb.

Сабақтың тақырыбы : Есептеуіш техникасының даму тарихы Сабақтың мақсаты



Алтынсарин атындағы орта мектеп кмм

«Есептеуіш техниканың даму тарихы»

(ашық сабақ 6 а сыныбы )

Информатика пән мұғалімі: Сайтақынова Т

Класы: 6 а
Сабақтың тақырыбы
: Есептеуіш техникасының даму тарихы
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Оқушыларға есептеуіш техникасының даму тарихымен оның құрылуының негізгі принциптерімен танысу, ЭЕМ - нің қоғам өміріндегі рөлін түсіну;
2. Дамытушылық: Өз ойын ашық, еркін айтуға, АКТ қолдану арқылы ақпаратты таңдай білуге үйрету,ойлау қабілетін дамыту;
Оқушы - белгілі бір іспен айналысатын адам. Бұл іс сабақ немесе адам қызығатын іс болуы мүмкін. Оқушы бір істі игерумен айналысады. Ол бұл істі жоғарғы деңгейге игергенге дейін оқушы деген атқа ие болады.
Ақпарат (лат. informatio - түсіндіру, мазмұндау) ұғымы күнделікті өмірден бастап техникалық салада пайдаланылатын көп мағыналы ұғым. Жалпы алғанда бұл ұғым шектеу, байланыс, бақылау, форма, инструкция, білiм, мағына, құрылым, бейнелеу, сезіну тағы басқа ұғымдармен тығыз байланысты.

3. Тәрбиелік: Оқушыларды ынтымақтастыққа, тиянақтылыққа, пікір алмасуға, өзін - өзі бағалауға үйрету.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдіс - тәсілдері: түсіндіру, үйрету, сұрақ - жауап
Көрнекіліктері: компьютерлер, проектор, слайд,
Сабақтың барысы;
Компьютер (ағылш. computer - «есептегіш»), ЭЕМ (электрондық есептеуіш машина) - есептеулерді жүргізуге, және ақпаратты алдын ала белгіленген алгоритм бойынша қабылдау, қайта өңдеу, сақтау және нәтиже шығару үшін арналған машина.


I. Ұйымдастыру бөлімі
II. Құпия сандар ( өткен сабақтардан қайталау)

III. Жаңа сабақ (слайд арқылы тусіндіру)
IV. Жаңа сабақты бекіту (қарлы кесек ойыны )
V. Үйге тапсырма §
VI. Бағалау


I. Ұйымдастыру бөлімі
Мұғалім әрекеті:

Оқушылармен амандастым.
«Жүректен – жүрекке» психологиялық тренинг .
Оқушыларды 4 адамнан тұратын 4 топқа бөлдім.
Оқушы әрекеті:
Мұғаліммен амандасады.
Жүректен - жүрекке тренингі арқылы бір - біріне деген жылы лебіздерін білдіреді.
III. Жаңа сабақ (слайд арқылы тусіндіру)
Механикалық құралдардың даму кезеңі:

1642 жылы Блез Паскаль ойлап тапқан он разрядты сандармен арифметикалық амалдарды механикалық түрде орындайтын машина.е1673 ж. Г.И.

Арифметика (грек. arіthmētіkē, arіthmos – сан) - сандар (бүтін және бөлшек) және оларға қолданылатын амалдар туралы ғылым (грекше arіthmetіke, arіthmos – сан).
Психология - адамның жеке бірлік ретіндегі психикасын, өзінің сан−алуан сезім, аффективтік, интеллектуалды, басқа да туа біткен функцияларымен бірге сыртқы ортамен өзара әрекетін зерттейтін ғылым, кей-кезде адам мінез-құлығын зерттеу деп те анықталады.
Құрал (Инструмент; лат. instrumentum - құрал, қару) - 1)адам еңбегінің құралы немесе өнеркөсіптік кәсіпорын жағдайындағы жұмысқа арналған машинаның атқарушы механизмі.
Блез Паскаль Блез Паскаль (фр. Blaise Pascal, Маусымның 19, 1623 жыл-Тамыздың 19, 1662 жыл) - XVII-ғасырда өмір сүрген француз математигі және физигі, пәлсапашы, әдебиетшісі. Математикалық анализ, ықтималдық теориясының, кескіндік геометрияның негізін салушылардың бірі, гидростатиканың негізгі заңының ауторы.
Лейбниц алғашқы арифмометрді құрастырды. Арифмометрлер кең тарады және бірнеше рет жетілдірілді. Оған мысал: Томас арифмометрі (томас-машина), Болле машинасы, Орднер арифмометрі т.б. арифмометр пайда болуымен байланысты есепші мамандығы пайда болды. 1969ж. ССРО-да арифмометрді шығару ең жоғары деңгейге жетті (300 мың арифмометр). 20-ғасырдың 70-ші жылдары арифмометрді элементтік базасы интегралдық схемаға негізделген калькулятор ығыстырды.

19-ғасырдың бірінші жартысында Чарльз Бэббидж әмбебап есептеуіш (аналитикалық) машина құрастыруға талаптанды. Бұл машина перфокартада жазылған бағдарламаны қолдануы керек еді. Бэббидж бағдарламалық басқару принципін қолданып, кез-келген алгоритмді шешуге арналған аналитикалық машинаны құрудың негізгі идеясын зерттеп дайындады.

Алгоритм, алгорифм (ағылшынша: algorіthm, algorіsmus - Әл-Хорезмидің атынан шыққан) - бастапқы берілген мәліметтермен бір мәнде анықталатын нәтиже алу үшін қай амалды (жұмысты) қандай ретпен орындау қажеттігін белгілейтін есептерді (мәселелерді) шешу (математикалық есеп-қисаптар орындау, техникалық объектілерді жобалау, ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізу т.б.)
Қағида немесе принцип (лат. principim – принцип; негіз, алғы бастама) - белгілі білім жүйесінің түп-негізі, алғы бастамасы, абстрактылы түрдегі ең қысқа жалпылама мазмұны. Ғылыми танымда идея, теория, әдіс сияқты таным түрлерімен өзара байланыста тұжырымдалады.
Бұл жаккардтың тоқыма станогы сияқты, нағыз механикалық машина болуы тиісі еді. Бірақ сол кездегі техниканың дамуы жеткілікті дәрежеде болмауы бұл жобаның іске асуына мүмкіндік жасамады.

Есептеу техникасы - ақпаратты өңдеу мен есептеудің математикалық процестерін механикаландыру және автоматтандыру үшін қолданылатын техника және математикалық құрал- жабдықтар жиынтығы.

Есептеуге арналған алғашқы құралдар пайда болардың алдында ежелгі адамдар есепті қол саусақтары, тастар мен есептеу таяқшалары арқылы жүргізді.



Ең алғашқы есептеу құралы

Ең ерте есептеу құралы- есепшот. Деректер бойынша есепшот біздің дәуірімізге дейінгі 2 мыңжылдықтың соңында ежелгі Қытайда пайда болған.

Механикаландыру (Механизация) - қолмен істелетін жұмыстарды машиналармен, механизмдермен ауыстыру.
Жабдық - бір нәрсеге керек механизмдер, тетіктер, әр түрлі құралғылар жинағы.
Математика (гр. μάθημα - ғылым, білім, оқу; μαθηματικός - білуге құштарлық) - әлдебір әлемнің сандық қатынастары мен кеңістіктік формаларын, пішіндерін өлшейтін, оның ішінде - структуралар, өзгерістер, белгісіздік жөніндегі ғылым.
Дәуір - халықаралық дәрежеде келісілген бірегей жержылнамалық шкаланың иерархиялық бағыныштылық тұрғысынан төртінші дәрежелі бірлігі немесе бөлімшесі.
Есептеу амалдары тақтадағы әрбір жолда орналасқан ұсақ тастар мен дөңгелек сүйектерді жылжыту арқылы жүргізілген. Бұл санау құралын гректер мен Батыс Еуропалықтар «абак» деп, қытайлықтар «суанпан»,жапондықтар «серобян» деп атаған. Есепшоттың қазіргі түрлері 18 ғасырда пайда болды.



«Паскалина»

1642 ж француз математигі Блез Паскаль 19 жасында дүние жүзінде бірінші рет «қосу машинасы» деген атпен белгілі, жетектер мен дөңгелектерден тұратын механикалық есептеу машинасын құрастырды. Паскальдің машинасында көп мәнді сандарды қосу мүмкін болды.

Арифмометр

1694 жылы неміс математигі Лейбниц қазіргі калькуляторлың негізін салған арифмометрді ойлап тапты. Ол- Паскаль идеясын жетілдіру барысында пайда болған механикалық есептеу машинасы.

Есептеу машинасы Есептеу машинасы - күрделі математикалық және қисындық есептерді шешуге арналған есептеу қондырғыларының кешені.
Дөңгеліктің орнына мұнда цифрлар жазылған цилиндір қолданылады. Бұл құрал күрделі қосу мен алу есептеулерін жүргізуімен қатар, сандарды бөлу көбейту, тіпті квадрат түбірін табу амалдарын да орындайтын болды. Лейбництен кейін де арифмометр бірнеше рет жетілдіруден өтті.



Бэббидждің аналитикалық машинасы

Адамның қатысуынсыз есептеулерді орындайтын машинаны ойлап табу идеясын 1833 жылы ағылшын математигі Чарльз Бэббидж өз жобасында баяндады. Оның ұсынысы бойынша ақпаратты енгізу мен шығару перфокарта атты қатты қағаздағы тесіктер арқылы жүзеге асырылды. Беббидж идеясы 19 ғасырда жүзеге асырыла бастады.



Стол калькуляторлары

1900 жылдары механикалық калькуляторлар, кассалық аппараттар мен есептеуіш машиналары өндірісі кезінде электр қозғалтқыштарын пайдалана басталды. Алғаш төрт амалды стол калькуляторлары 1930 жылдары шығарыла басталды.



ЭЕМ-нің екінші буыны (1950-60 жж.)

ЭЕМ негізгі бөлігі- электронды шамдар емес, жартылай өткізгіш диодтар мен транзисторлар.

Перфокарта, перфорациялық карта (лат. perforo - тесемін және карта) - белгілі тәртіп бойынша тесіктер (перфорация) тесу арқылы әр түрлі ақпарат түсіруге арналған қалың қағаз (пластмасса). Перфокартаның бетіне вертикаль бағаналар мен горизонталь қатарларға бөлінетін цифрлық тор түсірілген.
Транзистор (ағылш. transfer - тасымалдау және resistor - кедергіш) - электр тербелістерін күшейтуге, оларды тудыруға және түрлендіруге арналып жартылай өткізгіш кристалл негізінде жасалған электрондық құрал.
Фортран, Алгол, Кобол программалау тілдері пайдалана бастады.Буын ЭЕМ-дері- «РАЗДАН-2», «IВМ-7090», «Минск-22,-32», «Урал- 14,-16», «БЭСМ-3,-4,-6», «М-220, -222»



ЭЕМ-нің үшінші буыны (1950 ж.)

Үшінші буын - интегралды схема негізінде құрылған ЭЕМ-дер. Олар бір мезгілде бірнеше программаларды қатар орындауға мүмкіндік берді.

Компьютерлерді шығару үлкен өндірістік сипат алып, IBM компаниясы бұл салада көсбасшылыққа ие болды. Бұл ЭЕМ- дерінің қуаты секундына 500 мың- 2 миллион операциялар құраса, жады 8 Мб- тан 192 Мб-қа дейін жетті.

Секунд - (лат. secunda dіvіsіo - екінші бөліну) (бастапқыда градустың, одан кейін сағаттың) - 1) уақыттың жүйелік бірлігі; СИ жүйесіндегі өлшем бірлігі. Белгіленуі - С; 1 с - Cs атомының (өлшемдер мен салмақтар бойынша 13-Бас конференцияның резолюциясы бойынша, 1967) аса жұқа екі деңгейінің арасынан өткен сәуле шығаруының 9 192 631 770 периодына тең.


ЭЕМ-нің үшінші буыны (1960 ж.)

Үшінші буын - интегралды схема негізінде құрылған ЭЕМ-дер. Олар бір мезгілде бірнеше программаларды қатар орындауға мүмкіндік берді.

Компьютерлерді шығару үлкен өндірістік сипат алып, IBM компаниясы бұл салада көсбасшылыққа ие болды. Бұл ЭЕМ- дерінің қуаты секундына 500 мың- 2 миллион операциялар құраса, жады 8 Мб- тан 192 Мб-қа дейін жетті.

ЭЕМ-нің төртінші буыны (1970 ж.)

Негізі- үлкен интегралды схемалар. ЭЕМ-дердің жылдамдығы секундына ондаған миллион операциялар, жады жүздеген Мб-қа жетті.

Микропроцессорлар (1971ж. Intel), микро- ЭЕМ мен дербес ЭЕМ пайда болды.

Алғаш компьютер атауын 4-буын ЭЕМ-деріне берді.



ЭЕМ-нің бесінші буыны

5- буын ЭЕМ-дері- бұл болашақ ЭЕМ-дер.

Алғаш рет Жапонияда 1982 жылы қолға алынды.

ЭЕМ-дер жасанды интеллект негізінде жұмыс істейді.

Жапония Жапония (жап. 日本) (“Күншығыс елі”) - Шығыс Азия жағалауларына жақын маңдағы Тынық мұхит аралдарында орналасқан мемлекет. Ел 6852 аралдардан тұрады. Ең үлкендері: Хоккайдо, Хонсю, Сикоку, Кюсю. Жер аумағы 372,2 мың км2.
Жасанды интеллект (ЖИ, ағылш. Artificial intelligence, AI) - интеллектуалды компьютерлік бағдарламалар мен машиналар жасау технологиясы әрі ғылым.



Қазірдің өзінде компьютерлер ақпаратты адам дауысы, қолжазбасы немесе қағаз басылымдарынан оқи алады

ІІІ. Жаңа сабақты бекіту (қарлы кесек ойыны ) сұрақ – жауап.

  • Ең алғашқы есеп шот.........?

  • Есеп шот не ушін қажет болды ?

  • Аналитикалық машинаны ойлап тапқан ғалым...........?

  • ENIAC электронды есептеуіш машинасы не ушін қолданды

  • «Паскалина» қай ғалымның еңбегі ?

  • Бейне сурақтар............?

  • Пернетақта бұл....?

  • Тасымал компьютер дегеніміз не?

  • ДК дегеніміз?

V. Үйге тапсырма §6 оқу


VI. Бағалау ; жаңа сабақты бекіту кезеңіндегі сұрақтарға жаксы жауап берген оқушыға қойылады.

  • Класы: 6 а Сабақтың тақырыбы : Есептеуіш техникасының даму тарихы
  • 2. Дамытушылық
  • 3. Тәрбиелік
  • Көрнекіліктері: компьютерлер
  • I. Ұйымдастыру бөлімі II. Құпия сандар
  • V. Үйге тапсырма § VI. Бағалау I. Ұйымдастыру бөлімі Мұғалім әрекеті: Оқушылармен амандастым. «Жүректен – жүрекке» психологиялық
  • Оқушы әрекеті
  • Механикалық құралдардың
  • Есептеу техникасы
  • Ең алғашқы есептеу құралы
  • «Паскалина» 1642
  • Бэббидждің аналитикалық машинасы
  • ЭЕМ-нің екінші буыны (1950-60 жж.)
  • ЭЕМ-нің үшінші буыны (1950 ж.)
  • ЭЕМ-нің үшінші буыны (1960 ж.)
  • ЭЕМ-нің төртінші буыны (1970 ж.)
  • ЭЕМ-нің бесінші буыны
  • ІІІ. Жаңа сабақты бекіту (қарлы кесек ойыны ) сұрақ – жауап. Ең алғашқы есеп шот......... Есеп шот не ушін қажет болды
  • Бейне сурақтар............ Пернетақта бұл.... Тасымал компьютер дегеніміз не ДК дегеніміз

  • жүктеу 45.17 Kb.