Главная страница
Контакты

    Басты бет


Сабақтың мақсаты: Білімділік мақсаты: Оқушыларды дербес пайдаланылат компьютердің архитектурасымен, оның

жүктеу 49.85 Kb.



жүктеу 49.85 Kb.
Дата25.03.2017
өлшемі49.85 Kb.

Сабақтың мақсаты: Білімділік мақсаты: Оқушыларды дербес пайдаланылат компьютердің архитектурасымен, оның



Сабақтың тақырыбы: Дербес компьютер құрылғылары және олардың жұмыс істеуі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік мақсаты: Оқушыларды дербес пайдаланылат компьютердің архитектурасымен, оның

құрылғыларының міндеттерімен таныстыру. Дербес компьютердің құрылымымен, программалық басқару принципімен таныстыру.

Құрылым (лат. structura - түзіліс, орналасу, тәртіп) - объектінің тұтастығын, тепе-теңдігі мен негізгі қасиеттерінің сақталуын қамтамасыз ететін байланыстар мен қатынастар жиынтығы. Құрылым жүйе және элемент ұғымдарымен тығыз байланысты.
Дербес компьютер (қысқаша ДК) - компьютердің қазіргі уақытта ең кең тараған түрі болып табылады. Дербес компьютер бір мезгілде бір адамның пайдалануына арналған. Дербес компьютерлердің негізгі екі санаты бар: стационарлық және тасымалы компьютерлер.



Тәрбиелік мақсаты: Бір кезеңнің ЭЕМ-дерін басқа кезеңнің ЭЕМ-дерінен олардың техникалық

сипаттамалары мен құрылымы арқылы ажырата білуге үйрету. Қазіргі дербес компьютерлердің қолданылу аясы мен мақсаты туралы түсініктерін кеңейту.



Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың тақырыпқа деген қызығушылығын арттыру.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақты оқыту әдісі: Практикум элементтері бар түсіндірмелі- көрнекіліктер

Сабақтың көрнекілігі: Компьютер, тақта, компьютерлік презентация, интерактивті тақта, ойындар, карточкалар.
Пайдаланылған әдебиеттер:

1.

Әдебиет (араб.: асыл сөз‎) - сөз өнері, әлеуметтік мәні бар шығармалар жиынтығы.
Информатика 8-сынып

2. Информатика 8-сынып әдістемелік нұсқау

3. Информатика 8-сынып практикум

4. Интернет сайттары: www.azerbayev.kz

www.klyaksa.net


Сабақтың жүрісі:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасы (сұрақ-жауап)

III. Жаңа сабақ

IV. Зерделік тапсырмалар орындау

V. Сабақты қорытындылау және оқушыларды бағалау

VI. Үй тапсырмасы



  1. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасу, түгендеу.
ІІ. Үй тапсырмасы (сұрақ-жауап) . Сабақ ойын түрінде өтеді. Ойын шарты:

Ойын шарты: Әлемнің астаналарына бару үшін ақша жинап әуе билетін сатып аламыз.

Егер 50-60 мың жинасақ Елордамыз Астанаға жол тартамыз

70-80 мың жинасақ Ресей Астанасына жол тартамыз

90-100 мың жинасақ Түркия астанасына жол тартамыз.

45 минут ішінде сұрақтарға жауап беру арқылы ақша жинаймыз .
Әр сұраққа жауап 10000 теңгемен бағаланады.


    1. Есептеуіш машиналар неше топқа бөлінеді?

    2. Үлкен ЭЕМ-дер не үшін қолданылады?

    3. Микро ЭЕМ-дер нені орындайды?

    4. Мини ЭЕМ-дер не үшін қолданылады?

    5. Дербес компьютерлер не үшін арналған?

    6. Дербес компьтер кең таралуына себепші болған сипаттамаларын ата?

    7. Қазіргі уақытта кеңінен қолданылатын дербес компьютер?

    8. Дербес компьютер дегеніміз не?


III. Жаңа сабақ
Дербес компьютер құрылғылары және оның жұмыс істеуі

Дербес компьютер – кез-келген жұмысты орнатуға болатын машина.

Дербес компьютерлер соңғы 20 жылда қарқындап дамып келеді. Олар “пайдаланушы” деп аталатын бір адамның жұмыс істеуіне арналған.





Дербес компьютердің құрауыштары.

Төменде қазіргі дербес компьютерлердің құрамына кіретін негізгі құрауыштар аталған.



  • жүйелік тақша

  • процессор

  • жад

  • қатқыл диск

  • CD-ROM, CD-R немесе DVD-ROM жинақтауыштар

  • бейнеадаптер

  • монитор (дисплей)




Жүйелік тақша – жүйенің ядросы.

Дербес компьютердің басты бөлшегі – қалғандарының

барлығы онымен жалғастырылған және жүйедегі

құрылғылардың бәрін нақты сол басқарады.



Процессор – компьютердің қозғалтқышы.

Бұл жүйедегі ең маңызды микросхема, өйткені

дәл осы микросхема программалық жасауының

командаларын орындайды.



Жедел жад – процессор өңдеу кезінде пайдаланатын

барлық бағдарламалар мен деректер жазылатын негізгі

жад. Компьютерді ажыратқанда жедел жадтағының

бәрі өшеді, ал компьютерді қосқанда – барлық

бағдарламалар мен деректерді процессордың өңдеуі

үшін жедел жадқа қайта жүктейді.




Қатқыл диск – жүйедегі ең басты ақпарат тасушы.

Онда қазіргі кезде жедел жадта жоқ бағдарламалар

мен деректер сақталады. Қатқыл диск бір емес,

сырты магнитпен қоршалған айналмалы бірнеше

дискілерден тұрады.

Ақпарат (лат. informatio - түсіндіру, мазмұндау) ұғымы күнделікті өмірден бастап техникалық салада пайдаланылатын көп мағыналы ұғым. Жалпы алғанда бұл ұғым шектеу, байланыс, бақылау, форма, инструкция, білiм, мағына, құрылым, бейнелеу, сезіну тағы басқа ұғымдармен тығыз байланысты.
Қатқыл диск (немесе винчестер; ағылш. Hard Disk Drive, HDD) - дерек жазуға және сақтауға арналған құрылғы.
Компьютерді өшіргенде

қатқыл дискідегі ақпарат ешқайда жоғалмайды.



CD-ROM жинақтауыштары – компакт-дискідегі

мәліметтерді оқу үшін қолданылады.

Компакт-дискілерде барлық мәлімет  иілгіш

дискілердегідей магнитті емес, оптикалық 

принциппен сақталады. Дискідегі барлық

мәлімет лазерлік сәуленің көмегімен оқылады.

CD-ROM дискжетегінің негізгі параметрі

– оқу жылдамдығы. Қазіргі заманғы CD-ROM

дискжетектерінің оқу жылдамдығы 40х – 52х.



Бейнеадаптер (видеокарта) – мониторда

көрінетін ақпарат бейнесін басқару қызметін

атқарады. Процессордан немесе оперативті 

жадтан мониторға келіп түсетін ақпаратты

өңдеу үшін қолданылатын ішкі құрылғы.

Аналық тақша қосқыштарының біріне

орнатылады.

Монитор (дисплей) – компьютердің экранына

ақпаратты шығаратын құрылғы. Сыртқы пішіні

бойынша дисплей кәдімгі түрлі түсті теледидарға

ұқсайды, сондықтан оны жиі телевизиялық

техникадағыдай монитор деп те атайды. 

        Дисплей – компьютердің «тілі». Ол дисплей

көмегімен өзінің жұмысы туралы барлық

қажетті ақпаратты беріп отырады.

Жүйелік блогы құрылысы:


  1. қоректендіру блогі

  2. видеокарта

  1. порттар

  2. процессор




  1. Дискеталарға арналған дискжетек




  1. винчестер




  1. оперативті жад




  1. аналық плата т.б

Процессор түрлері:



1. Pentium, Pentium-II,
Pentium-III, Pentium 4
Celeron (тұрмыста)
Xeon (серверлерге)
Pentium M (ноутбуктер үшін)
Pentium D, Core 2 Duo (2 ядро)
Core 2 Quad (4 ядро)
2.K7, Athlon XP,  Duron
Athlon 64
Sempron (тұрмыстық компьютерлер мен ноутбуктер үшін)
Turion (ноутбуктер үшін)
Opteron (серверлер үшін)
Athlon 64 X2 (2 ядро)

Компьютер 2 жадыдан тұрады: ішкі(оперативті, тұрақты) және сыртқы(винчестер

, дискета,

лазерлік дисклер, (CD, DVD)

,стримерлер






IV.

Ноутбук (ағылш. notebook - блокнот) – дербес компьютердің құрамы, пернетақта, монитор,қалталы компьютер және қуат көзінің батареясының ықшамдалған түрдегі жиынтығы. Ноутбуктардың басты ерекшеліктері жеңіл салмақтылығыда және көлемінің ықшамдылығында.
Зерделік тапсырмалар орындау. «Теңіздегі шабуыл» ойыны. Ойын шарты:

Жоғарыдағы торкөздерде 1 бірлік,  1 екілік, 1 үштік, 1 төрттік торкөзді жұлдызшалар жасырылған. Жұлдызшалар нәтижесі 1 цифр.Оқушылар кезекпен адрестерін айту арқылы жұлдызшаларды іздейді. Қай оқушы жұлдызшаларға дәл түссе сұраққа жауап береді.

Оқушы - белгілі бір іспен айналысатын адам. Бұл іс сабақ немесе адам қызығатын іс болуы мүмкін. Оқушы бір істі игерумен айналысады. Ол бұл істі жоғарғы деңгейге игергенге дейін оқушы деген атқа ие болады.
Әрбір сұрақ 10000 теңгемен бағаланады.

Нәтижесінде торкөз ішінде 5 цифры шығады.

Келесі ойын: «Кім жылдам?» Шарты: Берілген торкөздегі әріптердер дербес компьютер құрылғыларын тауып, сызу. Әр сөз құны 5000 теңге.



V.Сабақты қорытындылау және оқушыларды бағалау
VI. Үй тапсырмасы.

Дербес компьютерлер және оның құрылғылары.

  • Дербес компьютердің құрылымымен
  • Дамытушылық мақсаты
  • Сабақтың көрнекілігі
  • Ұйымдастыру кезеңі Оқушылармен амандасу, түгендеу. ІІ. Үй тапсырмасы
  • III. Жаңа сабақ Дербес компьютер құрылғылары және оның жұмыс істеуі
  • Дербес компьютердің құрауыштары.
  • П роцессор
  • Ж едел жад
  • Қатқыл диск
  • Б ейнеадаптер (видеокарта)
  • М онитор (дисплей)
  • 1. Pentium, Pentium-II, Pentium-III, Pentium 4 Celeron
  • Turion
  • Зерделік тапсырмалар орындау. «Теңіздегі шабуыл»
  • «Кім жылдам» Шарты

  • жүктеу 49.85 Kb.