Главная страница
Контакты

    Басты бет


Сабақтың мақсаты: а Оқшыларға операциялық жүйелер туралы мағлұмат беру

жүктеу 26.36 Kb.



жүктеу 26.36 Kb.
Дата16.09.2017
өлшемі26.36 Kb.

Сабақтың мақсаты: а Оқшыларға операциялық жүйелер туралы мағлұмат беру



Сабақтың тақырыбы: Операциялық жүйелер

Сабақтың мақсаты: а) Оқшыларға операциялық жүйелер туралы мағлұмат беру.

ә) ОЖ-нің даму тарихымен, жіктелу түрлерімен таныстыру.

б) ОЖ-нің жіктелу белгілері бойынша түрін анықтау.

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың көрнекілігі: тұсаукесер, интерактивті тақта, плакат, оқулық

Сабақтың барысы:

І - ұйымдастыру.

а) Оқушыларды түгелдеу

ә) Сабаққа дайындығын текреу.

б) Сабаққа назарларын аудары.



II. Үй тапсырмасын тексеру:  сұрақ-жауап арқылы сұрау

Бәйге 1

1) Компьютер жанындағы өсімдік



кактус

2) Баспаға шығару құрылғысы



принтер

3) Бос орын қалдыру пернесі



пробел

4) Функционалды пернелер нешеу?

Функционал - бір не бірнеше функцияға тәуелді болатын айнымалы шаманы білдіретін математикалық ұғым. Ол алғаш рет вариациялық есептеуде пайда болған. Берілген тұйық қисық сызықпен шектелген аудан, белгілі бір жол бойындағы күш өрісінің жұмысы, т.б.
Компьютер Компьютер (ағылш. computer - «есептегіш»), ЭЕМ (электрондық есептеуіш машина) - есептеулерді жүргізуге, және ақпаратты алдын ала белгіленген алгоритм бойынша қабылдау, қайта өңдеу, сақтау және нәтиже шығару үшін арналған машина.



12

5) Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі



Бит

Бәйге 2

1) Компьютердің негізгі негізгі құрылғыларын ата



пернетақта, монитор, жүйелік блок

2) Компьютердің миы



процессор

3) Информатика пәні нені зерттейді?

Ақпарат Ақпарат (лат. informatio - түсіндіру, мазмұндау) ұғымы күнделікті өмірден бастап техникалық салада пайдаланылатын көп мағыналы ұғым. Жалпы алғанда бұл ұғым шектеу, байланыс, бақылау, форма, инструкция, білiм, мағына, құрылым, бейнелеу, сезіну тағы басқа ұғымдармен тығыз байланысты.



ақпараттық процесстер

4) Жаңа жолға түсу пернесі



Enter

5) Деректерді сақтауға арналған құрылғы



Жад

Бәйге 3

1) Адам мен компьютер арасындағы қарым-қатынас



интерфейс

2) Windows дегеніміз не?



операциялық жүйе

3) Қағаздағы кескінді түсіріп, мониторға шығаруға мүмкіндік беретін құрылғы?



сканер

4) Компакт дискіні басқаша қалай атайды?



лазерлік диск

5) Ақпараттық процесстерді қандай әрекеттер жатады?



жеткізу, өңдеу, сақтау

ІІІ Жаңа сабақ

Операциялық жүйе компьютер іске қосылғанда шақырылады, компьютер жұмысын басқарады, құрылғыларын, аспаптарын тексереді-тестілейді, жедел жад пен дискідегі орынды бақылайды, қолданбалы программаларды орындайды.

Аспап - адамның күнделікті тіршілігінде қолданылатын құрал немесе машинаның белгілі бір жұмыс атқаратын тетігі. Аспаптың кесетін (кескіш, бұрама тескіш, кергі, фреза т.б.), жағатын (штамп, дөңгелетпе т.б.)



  • Операциялық жүйе – бұл компьютерді іске қосқанда жүктелетін және оның барлақ құрылғыларының жұмысын басқаратын арнайы бағдарлама (Ермеков, Қараев 8 кл. оқу құралы).

  • ОЖ – компьютердің аппараттық бөлігі мен қолданбалы бағдарламаларды, пайдаланушымен өзара әсерді басқаруды қамтамасыз ететін бағдарламалық орталардың жиынтығы

(К.М. Беркінбаев оқулық).

  • ОЖ – компьютер құрылғыларының үздіксіз жұмыс істеуін ұйымдастырушы және түрлі бұйрықтарды орындауы арқылы пайдаланушының машина жұмысын басқаруына жеңілдік келтіруші жүйелік бағдарламалар. (О.Камардинов оқу құралы)

Операциялық жүйелердің басты қызметі – бұл ресурстарды басқару, ол басқаратын негізгі ресурс – компьютер аппаратурасы

Операциялық жүйе құрамы.
Ресурстар (французша ressourse - құрал-жабдық, мүмкіндік), босалқы қорлар - табыс, ақшалай және басқа қаражат, құндылықтар мен олардың көздері.


  • командалық процессор – пернетақта арқылы түсетін қолданушының бұйрықтарын ашып оқиды және орындайды;

  • шеткі құрылғылар драйверлері – осы құрылғылардың жұмысының процессормен келістілігін программалы қамтамасыз етеді;
    Драйвер - (ағылш. drіver - жүргізуші) - компьютердің сыртқы құрылғылармен өзара әрекеттесуін басқаратын бағдарлама. Драйверлер компьютерді басқаратын операциялық жүйелердің (MS DOS, Wіndows, Unіcs, т.б.)


  • қосымша сервистік программалар (утилиттер) – қолданушының компьютермен байланыс үрдісін көпжақты әрі ыңғайлы етеді.

Демалыс сәті:

Қол саусақтарына арналған жаттығулар

  • Алақанды уқалау.

  • Қолды қысу

  • Білезіктен айналдыру

Көзге арналған жаттығулар

Ойлан тап

Берілген сөзден жаңа сөздер құрастыру қажет.

ИНФОРМАТИКА

БАҒДАРЛАМА



ПЕРНЕТАҚТА

Сабақты бекіту.

  1. Операциялық жүйе дегеніміз не?

  2. Операциялық жүйенің басты қызметін ата.

  3. Операциялық жүйенің құрамын ата.

  4. ОЖ-ді негізгі ерекшеліктеріне байланысты жіктеу.

Оқушыларды бағалау, үйге тапсырма

Бақылау жұмысқа дайындалып келу.

  • Сабақтың түрі
  • II. Үй тапсырмасын тексеру
  • Операциялық жүйелердің басты қызметі – бұл ресурстарды
  • Ойлан тап
  • Оқушыларды бағалау, үйге тапсырма

  • жүктеу 26.36 Kb.