Главная страница
Контакты

    Басты бет


Сабақтың мақсаты: 1-білімділік: Оқушыларды есептеу механизмдері мен құрылғыларының шығу тарихымен таныстыру

жүктеу 63.57 Kb.



жүктеу 63.57 Kb.
Дата29.03.2017
өлшемі63.57 Kb.

Сабақтың мақсаты: 1-білімділік: Оқушыларды есептеу механизмдері мен құрылғыларының шығу тарихымен таныстыру


Сабақтың тақырыбы: Есептеуіш техникасының даму тарихы



Сабақтың мақсаты:

1-білімділік: Оқушыларды есептеу механизмдері мен құрылғыларының шығу тарихымен таныстыру.

2- дамытушылық: Оқушылардың танымдық және шығармашылық қабілеттерін, ойларын дұрыс тұжырымдап сұрақтарға қорытынды жасай білу дағдыларын дамыту.

3- тәрбиелік:, есептеуіш техниканың даму тарихын білуге құштарлығын арттыру, еңбек сүйгіштікке, уақытты үнемді пайдалануға тәрбиелеу.

Оқушы - белгілі бір іспен айналысатын адам. Бұл іс сабақ немесе адам қызығатын іс болуы мүмкін. Оқушы бір істі игерумен айналысады. Ол бұл істі жоғарғы деңгейге игергенге дейін оқушы деген атқа ие болады.

Механизм (гр. mehane - құрал, мәшине) - бір немесе бірнеше қатты денелерді басқа қатты денелер арқылы қажетті қозғалысқа келтіретін денелер жүйесі. Механизм құрылымдық белгілері бойынша топсалы (иінтіректі), бағдартқышты, тісті, сыналы, бұрамалы, ыңғайландырғыш, арнайы, шыбық қысқыш, иілгіш буынды, гидравликалық, пневматикалық және электрлі құрылғылары бар және т.б.

Компьютер (ағылш. computer - «есептегіш»), ЭЕМ (электрондық есептеуіш машина) - есептеулерді жүргізуге, және ақпаратты алдын ала белгіленген алгоритм бойынша қабылдау, қайта өңдеу, сақтау және нәтиже шығару үшін арналған машина.


Сабақтың көрнекіліктері: карточкалар, есепшот, ДК, мультимедиалық проектор, презентация “ЕТ даму тарихы”
Сабақтың типі: жаңа материалды меңгерту

Сабақтың түрі: әңгіме- сабақ
Сабақта қолданылатын әдістер: алдын-ала тапсырма беру, ішінара іздеу, практикалық, сұрақ-жауап

Оқушылардың таным-әрекеттерін ұйымдастыру түрі: жеке-дара, топтық, фронтальді

Сабақтың жүру барысы:
І.

Мультимедиа (Multimedia) - компьютерде дыбысты, ақпаратты, тұрақты және қозғалыстағы бейнелерді біріктіріп көрсету үшін жинақталған компьютерлік технология. Ол ақпаратты кешенді түрде бейнелеуді - мәліметтерді мәтіндік, графикалық, бейне-, аудио- және мультипликациялық түрде шығаруды - жүзеге асырады.

Ұйымдастыру кезеңі. (2 минут)

ІҮ. Жаңа сабақты меңгеруге дайындық кезеңі (3 минут)



Ү. Жаңа сабақты түсіндіру (20 минут)

ҮІ. Жаттығу кезеңі (13 минут)

ҮІІ. Сабақты бекіту кезеңі (5 минут)

ҮІІІ. Үй тапсырмасын беру.(2 минут)


І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасып, жоқ оқушылардың себебін анықтау, бар оқушылардың назарын тарту, оқушылардың оқу құралдарын тексеру.

Құрал (Инструмент; лат. instrumentum - құрал, қару) - 1)адам еңбегінің құралы немесе өнеркөсіптік кәсіпорын жағдайындағы жұмысқа арналған машинаның атқарушы механизмі.



ІҮ. Жаңа сабақты меңгеруге дайындық кезеңі

  • жаңа сабақтың мақсатын айту.


Ү. Жаңа сабақты түсіндіру

Презентация көрсетіледі және ЕТ даму тарихына жасалған хронологиялық кесте жазып әр оқушының алдына беремін.


Есептеуіш техниканың даму тарихындағы негізгі даталар

Жылдар


Оқиғалар

Б.э.д. 3000 жылға жуық


Қытайда есептеу. Қытайлық есепшот (суан-пан), римдік есепшот (абак), орыс есепшоты

1642 жылы


Француз математигі Блез Паскальдың бірінші механикалық қосу машинасы

1694 жылы


Неміс математигі Готфрид Вильгельм Лейбниц ондық жүйеде жұмыс істейтін есептеуіш машинасын құрастырды.

1801 жылы


Француз өнертапқышы Жозеф Мари Жаккард тігін станоктарына арналған перфрациондық карта ойлап тапты.

1820 жылы


Арифмометрлер сериясының шығуның басы



ХІХ ғасырдың 30-шы жылдары


Ағылшын ғалымы Чарьлз Бэббидж программалық басқарумен жұмыс істейтін аналитикалық есептеуіш машина проектісін ұсынды.

1890 жылы


Американдық инженер Герман Холлерит табулятор-қосу машинасын құрастырды. Ол ең алғаш рет есептеуде электр қуатын қолданды.

1930 жылы


Американдық ғалым Валневар Були бірінші компьютер – дифференциалдық анализаторды құрастырды.

1942 жылы


АҚШ-та физика және математика ғылымдарының профессоры Джон Амонасов және оның аспиранты Клиффорд Берли екеуі электрондық лампаны қолдану арқылы есептеуіш машина құрастырды.

1944 жылы


Американдық ғалым Гавард Айнен “Марк-1” релелік компьютерін жасады.

1946 жылы


Американ математигі Джон фон Нейман машинада бағдарламаны сақтау идеясын ұсынды.

1946 жылы


АҚШ-та Джон Маугли және Джон Преспер Эккерт бірінші толық электрлік-цифрлық компьютер ENIAC жасады.

1948 жылы


Транзисторлар құрастырылды.

1949 жылы


Ағылшын ғалымы Марис Уилкс бағдарлама сақтайтын EDSAC компьютерін жасап бітірді.

1951 жылы


АҚШ-та UNIVAC ЭЕМ-нің бірінші сериялары шыға бастады

1951 жылы


С. А. Лебедевтің басшылығымен Киев қаласында МЭСМ (кіші электрондық есептеу машинасы) жасалды.

1952 жылы


БЭСМ-1 компьютердерін сынақтан өткізу басталды.

1964 жылы


Интегралдық схемалар көптеп шығарыла бастады.

1965 жылы


ДЕС фирмасы алғаш рет РДР-8 мини-компьютерлерін шығарды.

ХХ ғасырдың 70 жылдары


Үлкен интегралдық схемалар ойлап табылды.

1977 жылы


Apple фирмасы СтефенВозниак және Стивен Джобстардың бірінші микрокомпьютерін шығарды.

1980 жылы


Бір кремний кристалында процессор ойлап шығарды.

Кейбір слайдтарды қызықты әңгімелермен ұштастырамын.

Саусақты қолданып санауға байланысты: (слайд 2)

Белгілі орыс саяхатшысы Н. Н. Миклухо-Маклай Жаңа Гвинеяда жабайылардың саусақпен санау тәсілін былай деп жазады: “…Папуас санағанда саусақтарды бүге отырып, белгілі бір дыбыс шығарады. Мысалы, “бе, бе, бе,…” беске дейін санағаннан кейін, ол “ибон-бе” (қол) дейді. Содан кейін екінші қолының саусақтарын бүге отырып, тағы да “бе, бе, бе, ..”, “ибон-али” (екі қол) жеткенше қайталайды. Әрі қарай “бе, бе, бе, …” санау жалғасады, “самба – бе” және “самба-али” (бір аяқ, екі аяқ) жеткенге дейін санайды. Егер әрі қарай санау керек болса, басқа біреудің саусақтарын қолданады”.

Сұрақ: жоғарыда аталған құрылғылардың барлығы қалай жұмыс істейді? (адам басқарады, есептеуді механизациялаған құрылғылар) (слайд 8)(фронтальді)

Енді адамдар өзі адамның қатысуынсыз автоматты түрде есептейтін машина жасауды армандады. Осындай машинаның бірінші жобасын ұсынған Кембридж университетінің профессоры Чарльз Бэббидж болды. Ол 1820-1856 жылдар аралығында “Аналитикалық машинаның” программалық-басқару жүйесін құрумен айналысты. Ол өте күрделі механикалық құрылғы болғандықтан, оны қолдану мүмкін болмады. Кейбір ғалымдар Бэбидж еңбегін нәтижесіз деп таныды. Бірақ Чарльз Бэббидждің айтқан сөзі уақыт өте дәлелденді. Ол: “Қазіргі аз түсінікті және мүлдем керексіз нәрселер болашақ ұрпақтың қажетті азығына айналады. Бұл ғылыми білімнің заңдылығы”, - деген. Аналитикалық машина проектісінің негізгі идеяларын біздің ғасырдың ЭЕМ конструкторлары қолданды. Қазіргі компьютердің негізгі компоненттері аналитикалық машинада да болды:



  1. ҚОЙМА (қазіргі терминалогияда – ЖАДЫ) – берілген сандар мен аралық нәтижелер сақталады;

  2. ДИІРМЕН (арифметикалық құрылғы) – қоймадан алынған сандарға операциялар жасалады;

  3. КОНТОРА (басқару құрылғысы) – бағдарламаға сәйкес сандарға қолданылатын операциялардың ретін басқарады;

  4. ЕНГІЗУ БЛОГЫ берілгендерді енгізу;

  5. НӘТИЖЕНІ БАСУ.

С. А. Лебедевтің өміріне қысқаша тоқталамын. (алдын-ала бір оқушыға тапсырма беріледі) (слайд 17)
ҮІ. Жаттығу кезеңі

Кітаппен жұмыс жүргізу (34 беттегі және слайдтағы ақпаратты қолдана отырып, ЭЕМ буындарын, олардың бір-бірінен айырмашылығын көрсететін кесте ойластыру, оны компьютерде толтыру) 2 жұмысты проектор арқылы көрсетіп, салыстыру.

Ақпарат Ақпарат (лат. informatio - түсіндіру, мазмұндау) ұғымы күнделікті өмірден бастап техникалық салада пайдаланылатын көп мағыналы ұғым. Жалпы алғанда бұл ұғым шектеу, байланыс, бақылау, форма, инструкция, білiм, мағына, құрылым, бейнелеу, сезіну тағы басқа ұғымдармен тығыз байланысты.

(ішінара іздеу әдісін қолданамын, жеке-дара 1)

Карточкамен жұмыс (топпен, практикалық әдіс)

Қалдырылған сөзді тауып жаз.



  1. Көне есептеу құралы адамның ___________ болды.

  2. Б. э. д. Ү ғасырда Египетте, Грецияда, Римде _______________ кеңінен тарады.

  3. Есептеуіш машинасын құру тарихы француз философы, жазушысы, математигі және физигі ________ атымен байланысты.

Қалдырылған сөзді тауып жаз.



  1. Философ әрі математик Готфрид ___________ төрт арифметикалық амалды есептей алатын машинаны _______ жылы құрастырды.

    Математик - ғалым, өзінің ғылыми-зерттеу жұмыстарын негізінен математикаға: сандар теориясына, топологияға, абстрактті алгебраға, функционалдық талдауға және т.б. арнайды. Математиктер сирек жағдайда экономиканың, химияның және информатиканың проблемалаларымен айналысады.

    Арифметика Арифметика (грек. arіthmētіkē, arіthmos – сан) - сандар (бүтін және бөлшек) және оларға қолданылатын амалдар туралы ғылым (грекше arіthmetіke, arіthmos – сан).



  2. _______________ Лейбництің арифметикалық-механикалық машинасыныі идеясымен программалық басқару идеясын біріктіре отырып, «_______________________» деп аталатын машина жобасын ұсынды.

Қалдырылған сөзді тауып жаз.



  1. Беббидж уақыттан озды. Оның машинасымен ___________ мамандығы байланысты болды.

  2. 1884 жылы _______________халық санағын есептеуге арналған перфорациондық-есептеу машинасын құрастырды.

  3. АҚШ-та ___________ жылы Джон Моучли мен Джон Эккерттің ___________деген бірінші электрондық компьютер құрастырылды.

Топ жұмыстары дұрыс жауаппен салыстырылады.


ҮІІ. Сабақты бекіту

Викториналық сұрақтар: (топ арасында жарыс ұйымдастырылады, кім бірінші болып қол көтерсе, сол жауап береді) (топтық)??



  1. Алғашқы есептеу құрылғысы? (саусақтар)

  2. Шығыстағы ескі көне есептеуіш құрылғы? (Абак)

  3. Есептеу таяқшасын ойлап тапқан кім? )Непер)

  4. Аналитикалық есеп машинасының авторы? (Ч. Беббидж)

  5. Алғашқы программист? (Ада Лавлейс)

  6. Пернелі ЭЕМ прототиптің авторы? )Чебышев)

  7. С. А. Лебедевтің өмір сүрген жылдары? (1904-1974)

  8. І-буын ЭЕМ-нің элементтік базасы? (электрондық лампа)

  9. ІІ-буын ЭЕМ-нің элементтік базасы? (диод, транзисторлар)

  10. ІІІ-буын ЭЕМ элементтік базасы?

    Транзистор Транзистор (ағылш. transfer - тасымалдау және resistor - кедергіш) - электр тербелістерін күшейтуге, оларды тудыруға және түрлендіруге арналып жартылай өткізгіш кристалл негізінде жасалған электрондық құрал.

    (микросхемалар)

Оқушылардың білімін бағалау

ҮІІІ. Үй тапсырмасын беру.

ЕТ даму тарихына байланысты кроссворд құрастыру.



§ 2.1 оқу және төменде берілген сұрақтарға жауап іздеу, тапсырмаларды орындау.

  • Есептеуіш техниканың даму тарихындағы негізгі даталар
  • 1642 жылы Француз математигі Блез Паскальдың бірінші механикалық қосу машинасы 1694 жылы
  • ХІХ ғасырдың 30-шы жылдары
  • 1930 жылы Американдық ғалым Валневар Були бірінші компьютер – дифференциалдық анализаторды құрастырды. 1942 жылы
  • 1944 жылы Американдық ғалым Гавард Айнен “Марк-1” релелік компьютерін жасады. 1946 жылы
  • 1948 жылы Транзисторлар құрастырылды. 1949 жылы
  • 1951 жылы АҚШ-та UNIVAC ЭЕМ-нің бірінші сериялары шыға бастады 1951 жылы
  • 1952 жылы БЭСМ-1 компьютердерін сынақтан өткізу басталды. 1964 жылы
  • 1965 жылы ДЕС фирмасы алғаш рет РДР-8 мини-компьютерлерін шығарды. ХХ ғасырдың 70 жылдары
  • 1977 жылы Apple фирмасы СтефенВозниак және Стивен Джобстардың бірінші микрокомпьютерін шығарды. 1980 жылы

  • жүктеу 63.57 Kb.