Главная страница
Контакты

    Басты бет


Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру, мағынаны ашу, өз бетімен жұмыс

жүктеу 57.89 Kb.



жүктеу 57.89 Kb.
Дата05.06.2018
өлшемі57.89 Kb.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру, мағынаны ашу, өз бетімен жұмыс


Сабақтың мақсаты: Білімділік: Visual Basic-те бағдарламалау негіздері туралы түсінік беру. Visual basic-те бағдарламалау негіздерін іске қосу жолдарын көрсету, жүйелі жұмыс жасауға үйрету. Visual Basic-те бағдарламалау негіздері терезесі мен қосымша беттерімен таныстыру. Дамытушылық: Оқушылардың білімін арттыру, VB ортасымен қолдануға үйрету.
Оқушы - белгілі бір іспен айналысатын адам. Бұл іс сабақ немесе адам қызығатын іс болуы мүмкін. Оқушы бір істі игерумен айналысады. Ол бұл істі жоғарғы деңгейге игергенге дейін оқушы деген атқа ие болады.
Тәрбиелік: Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын, бейімділігін ояту, істеген жұмысынан қорытынды ала білуге, шапшандыққа машықтандыру.   Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру, мағынаны ашу, өз бетімен жұмыс. Көрнекіліктер: компьютер, интерактивті тақта, тапсырмалар, электрондық оқулық, флипчарт. Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу, жоқ балаларды белгілеу. ІІ. Өтілген сабақты қайталау (Үй тапсырмасы): ІІІ. Жаңа сабақ түсіндіру кезеңі: Біз сіздермен алдыңғы сабақтарымызда Microsoft Access бағдарламасында мәліметтер қорын құруды үйрендік. Бүгінгі сабақта біз «Visual Basic бағдарламалау ортасының негіздері» тақырыбы жайлы түсінік аламыз. Visual Basic бағдарламалау тілі.
Блок тақырыбы (Заголовок блока; block header) - блоктың басында орналасып, ол жайлы мәліметтер беретін және операциялық жүйеде қолданылатын арнайы жазба. Мысалы, блок тақырыбында оған кіретін логикалық жазбалар саны көрсетілуі мүмкін.
Microsoft Corporation (/maɪkrəˌsɒft/) - дүниежүзіндегі ең ірі компаниялардың бірі. Бағдарламалық қамсыздандыру өндірісінің және сервер мен жеке компьютерлер үшін интернет технологияларды құруы мен қызметін көрсететін АҚШ-та тіркелген көпұлтаралық компания.
Бала - әке-шешенің перзенті, ұрпағы. Жыныс ерекшелігіне қарай ұл, қыз, жас шамасына қарай: нәресте, сәби, бөбек, балдырған, жеткіншек, жасөспірім болып жіктеледі. Ұл-қыздың жарық дүниеге келген сәтінен бастап кәмелетке толғанға дейінгі кезеңі Бала ұғымына сияды.
Компьютер (ағылш. computer - «есептегіш»), ЭЕМ (электрондық есептеуіш машина) - есептеулерді жүргізуге, және ақпаратты алдын ала белгіленген алгоритм бойынша қабылдау, қайта өңдеу, сақтау және нәтиже шығару үшін арналған машина.
Мәліметтер (данные; data) - автоматты құралдардың көмегімен, кей жағдайда адамның қатысуымен, өңдеуге I ыңғайлы түрде берілген мағлұмат. Мәліметтердің кірістік, шығыстық, басқару, проблемалық, сандық, мәтіндік, графикалық және т.б.
Бағдарламалау тілі (орыс. язык программирования; гр. programme - нұсқау, хабарлау) - хабарларды есептеуіш машиналардың көмегімен сұрыптайтын жасанды тілдер тобы.
Visual Basic алгоритмдеу негіздерін игеруге және Windows бағдарламасы ерекшеліктерін оқып-үйренуге өте сай келеді, сондай-ақ кез келген қолданбалар жасау үшін барлық мүмкіндігі бар. Visual Basic-ті іске қосу үшін мына амалдарды орындаймыз Пуск— Visual Basic 6.0. Visual Basic –ті іске қосқанда экранда Project Wizart жобаларының менеджері өзінің Новый проект (New Project) терезесімен пайда болады. Терезе үш қосымша беттен тұрады: Новый (New) –Жаңа жобалар, Существующий (Existing) – Қолданыстағы жобалар, Файлы (Recent) –Жақында пайдаланылған жобалар.
Жоба - жасалуға, қайта құрылуға, қалпына келтірілуге, салынуға тиісті кәсіпорындар мен ғимараттардың, қондырғылар мен жабдықтардың, аппараттардың, т.б. макеттері, есептеулері және принципті дәлелдері көрсетілген техникалық құжаттар жиынтығы.
New қосымша бетінде жаңа қолданба үшін шаблон таңдайсындар. Existing қосымша бетінде қолданыстағы жобаны таңдауға болады. Бұл сендердің немесе басқа біреудің бұрын дискіге жазылған жобасы болуы мүмкін. Visual Basic- пен жұмыс істеуді кез келген қосымшамен жұмыстануға болады, ал бүгінгі сабағымызда біз жаңа жобаны бастап отырмыз, сондықтан Новый (New) қосымша бетіндегі Standart EXE таңбашасын екі рет шертеміз. Экранда Progect1- Microsoft Visual Basic жаңа жобасының ашылады оның атын кез келген уақытта өзгертуге болады. Бұл терезеде мыналар бар: ол-терезелер, менюлер, инструменттер панельдері, олар-даярламаның жинақталған ортасы деп аталады. IDE (даярламаның жинақталған ортасы) – Visual Basic-ті негізгі құраушылардың бірі, онда даярланып жатқан қолданбалардың құрауыштары құрастырылады және бағдарламаланады.   IDE бірнеше элементтерден тұрады: • Басты меню; • Инструменттер панелі; • Жоба терезесі; • Қасиеттер терезесі; • Пішін макетінің терезесі;
Пішін (Форма) - қарапайым орташа күрделі, күрделі, өте күрделі тікбүрышты, үшбүрышты, көпбү- рышты, цилиндрлі, жайылмалы қорамалы болып келеді.
• Элементтер панелі; • Пішіндер конструкторы; • Объектілерді қарау терезесі Басты меню деп Visual Basic терезесінің жоғарғы жағында орналасқан мәтін жолын айтады. Сол жақта файл меню тұр.
Файл (ағылш. File) - дерек сақтаудың негізгі бірлігі болып табылады.
Ол қолданбаларыңды құрайтын файлдармен жұмыс істеуге арналған. Онда жобаларды жасауға, ашуға, басуға және сақтауға болады. Инструменттер панелі-басты менюдің тура астында Visual Basic инструменттер панелі болуы тиіс. Егер ол онда жоқ болса View – Toolbars – Standard командасын орындаңдар. Инструменттер панельдерінде Басты менюдің жиі қолданылатын неғұрлым қажетті командалары бар. Инструменттер панельдерінің артықшылығы – тышқанды бір рет шерту арқылы командаларға қарапайым түрде қол жеткізу.Әдетте экранда бір инструменттер панелі болады. Жоба терезесі—қолданбаны құрайтын барлық объектілер жобаға бірігеді.Жоба терезесі экранның оң жақ бөлігінде, инструменттер панелі астында орналасады. Объектіде тышқанның оң жақ батырмасын шерткенде контекстік меню ашылады. Бұл менюде осы объектіге қатысты командалар бар. Контекстік меню тікелей активті объектімен жасалатын операциялардың орындалуын тездетеді. Бұл мүмкіндікке дағдыланыңдар, өйткені ол уақытты үнемдейді. Қасиеттер терезесі-объектінің сипаттамаларынөошемі,түсі,экрандағы жағдайынемесе объектінің күйін белгіленетін объект атрибуты. Visual Basic-тегі барлық объектілердің атрибуттары бар. Мысалы пішін белгілі бір өлшемге, фон түсіне, өз тақырыбына т.б. ие. Мұның бәрі пішіннің қасиеттері. Пішіндегі батырманың өзіндік қасиеттер жиынтығы – өлшемі,түсі, жазбасы бар. Бағдарламамен жұмыс істеу барысы электрондық оқулықта демонстрация түрінде көрсетіледі (практикалық жұмыс №1). «Сәлем Visual Basic» программасын құру Жұмысты орындау реті: 1.  Visual Basic ортасын іске қосыңдар. 2.  Пішінге екі басқару элементін орналастырыңдар. Бірінші басқару элементі – TextBox мәтіндік өрісін, екінші – CommandButton басқару батырмасын орнатыңдар. 3.
Басқару элементі (Элемент управления; control) - программа жүмысын басқаруға және ақпаратты еңгізу мен шығаруға арналған пайдаланушының графиктік интерфейсінің құралы. Қазіргі кезде алуан түрлі Басқару элементінің жиыны пайдаланылады.
  Осы басқару элементтерінің келесі қасиеттерін орнатыңдар:   Объект Объект аты Қасиеті Орнату Пішін Form1 Caption Сәлем Visual Basic Мәтін өрісі Text1 Text (бос) Басқару батырмасы Command1 Caption ОК 4.  Command1 басқару элементі үшін Click процедурасын таңдап (Command1 басқару элементін екі рет тышқанмен шертеміз), келесі программалық кодты жазамыз: Text1.Text= “Сәлем Visual Basic”   5.  Қосымшаны іске қосып (F5 басамыз), ОК батырмасын басыңдар. Мәтін өрісінде “Сәлем Visual Basic” хабарламасы шығуы керек.     IV. Бекіту. Оқушыларға ІІ деңгейлік тапсырма беріледі. Берілген тапсырмаларды тәжірибелік жұмыс түрінде компьютерде орындау. І деңгей тапсырма Практикалық жұмыс №1 Мақсаты: Пішін объектісімен таныстыру, онымен жұмыс жасауды үйрету. Пішін қасиеттерін баптау.   Жұмыстың орындалу реті: 1.     Visual Basic ортасын іске қосыңдар. 2.     Пішін қасиетін келесідей өзгертеміз:   Объект Объект аты Қасиеті Орнату Пішін Form1 Caption Менің бірінші қосымшам   3.     Пішінді екі рет шертіп, программалық код терезесіне көшеміз. Мұнда Click процедурасын таңдап, келесі программалық жолдарды тереміз:   Form1.Print Пішінді шерту   4.     Қосымшаны іске қосып (F5 басамыз), пішінді тышқанмен шерткенде пішінде «Пішінді шерту» деген хабарлама пайда болады.
Хабарлама (Донесение) - жоғары тұрған командирге (бастыққа, штабқа) белгілі бір мәліметтерді хабарлау мақсатына арналған жауынгерлік немесе қызметтік есеп-ақпарат құжаты. Соғыс жағдайында төмендегідей хабарламалар даярланады: жауынгерлік, барлау, байланыс бойынша, инженерлік және химиялық қамтамасыз ету, тыл бойынша және басқа.
Пішінді әрбір шерткен сайын осы хабарлама шығады.       5.     Жобаны сақтап қойыңдар.  Өзіндік жұмыс. Пішіннің Font (Қаріп) қасиетін өзгерту арқылы терезе бетіне шығатын хабарламаның шрифтін, көлемін өзгертіңдер. Қосымшаны қайта іске қосыңдар. Бір оқушы интерактивті тақтада орындайды. Оқушылар! ІІ деңгей тапсырманы Activstudio Edition V3 бағдарламасы арқылы орындаймыз.    V. Сабақты қорытындылау: Бүгінгі сабаққа белсенді қатысып және жауап беріп отырған оқушыларға баға қою. VІ. Үй тапсырмасы.

  • Microsoft

  • жүктеу 57.89 Kb.