Главная страница
Контакты

    Басты бет


Сабақтар топтамасына «Оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану»

жүктеу 117.21 Kb.



жүктеу 117.21 Kb.
Дата14.04.2017
өлшемі117.21 Kb.

Сабақтар топтамасына «Оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану»



Ундреева Нургуль Тыныштыкбаевна Мұғалім портфолиосы А есебі

№ 1 топ тыңдаушысы III (негізгі)деңгей

Қызылорда «Өрлеу» БАИ 22.04.

Мұғалім немесе оқытушы - болашақ ұрпақтарды қоғамдық өмірге тез әрі жеңіл қосылу үшін және сол қоғамның сол мақсаттарды орындайтын адамдарды қамтамасыз ету қабілетін арттыру үшін тәрбиелеу мен оқыту қажеттілігі себебінен әлемдегі ең кең тараған мамандықтардың бірі.

2014ж





Тізбектелген сабақтар топтамасына

«Оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды

пайдалану» модулі қалай және неге енгізілгені туралы рефлексивтік есеп
“Өзінің не істейтінін біліп,

не істеу керектігін айқындай

білген мұғалім – алдына

қойған мақсатына қол жеткізеді”

А.С.

Сабақ - бір пәнді оқытуға арналған оқу сағаты; мектептегі оқу жұмысын ұйымдастырудың негізгі түрі.

Макаренко
Елбасымыз «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты халыққа жолдауында оқушыларды қазіргі заманға сай жаңа технологиямен оқыту маңызды екенін атап көрсетті. Қазіргі ғылыми-техникалық прогресс кезеңінде бұл міндеттердің жүзеге асуы оқушылардың сөйлеу дағдысын дамытуына тікелей байланысты. Демек, оқыту барысындағы сөйлеу дағдысы жоғары, жаңа технологияны жетік меңгерген тұлғаны қалыптастыру – басты міндет. Коммуникативтілік білім беру мақсатына жетудегі шарттардың бірі болып табылады.

Оқушы - белгілі бір іспен айналысатын адам. Бұл іс сабақ немесе адам қызығатын іс болуы мүмкін. Оқушы бір істі игерумен айналысады. Ол бұл істі жоғарғы деңгейге игергенге дейін оқушы деген атқа ие болады.

Кезең - тау жотасы қырқаларының биік бөліктері мен кейбір төбелердің аралығында орналасқая ояң бөліктер. Олардың едәуір белігі тау жоталарының бір жағынан екінші жағына өтуге мүмкіндік туғызады. Кезең - тектоникалық немесе эрозиялық-денудациялық генезисті тау жотасы төбелерінің аралығындағы қырқалар; бар өрісіндегі жоғары қысымды екі атырап пен төмен кысымды екі атыраптың арасындағы кеңістік.

Мақсат - белгілі бір межеге қол жеткізуге бағытталған әрекеттің ой-санадағы көрінісі. Мақсат ойлау нәтижесінде болашақты алдын ала болжау арқылы туатын мұрат, ішкі қозғаушы күшті білдіреді. Мақсатқа жету үшін әр түрлі іс-әрекеттер мен қимылдар жасалады.

Білім беру - тиісті оқу орны арқылы ғылыми мағлұмат беріп, адамның танымын, білімін, дағдысын, дүниеге көзқарасын жетілдіру процесі; қоғам мүшелерінің мәдениетін дамытудың негізгі шарты; мақсаты - қоғам мүшелерінің адамгершілік, интектуалды, мәдени дамуында және олардың денесінің дамуында, кәсіптік біліктілігінде жоғары деңгейге қол жеткізу болып табылатын тәрбие мен оқытудың үздіксіз процесі; жүйеге келтірілген білім, іскерлік дағды және ойлау тәсілдері көлемін меңгеру процесі мен нәтижесі. Білімділіктің басты өлшемі - білімнің жүйелілігі, ойлаудың жүйелілігі мен логикалылығы.

Оқушылардың сөйлеу дағдысын дамыту барысында өздері игерген білімі негізінде пікір алысады, сөз жарыстырып, өзара сынға дайын болады, жеке фактілер мен бақылаулардан ой тұжырымдауға, талқылауға жетеді, өз бетінше шешім қабылдаудың жолдарын, әдістерін қарастырады.

АКТ - Мұғалімді ауыстыру немесе сабақ барысында оқушының көңіл –көтеру емес, мұғалімге оқу барысында көмек көрсетуге арналған педагогикалық құралы. (Нұсқаулық)



Мақсаты:

  • Оқыту мен оқуда АКТ-ны пайдалану оқу үрдісін жүйелі ұйымдастыру;

  • пәнаралық байланысты орнату;

  • пән бойынша білім-білік, икем дағдыларын дамыту;

  • уақытты тиімді қолдану;

  • өз жұмысыңды жүйелі жүргізуге жағдай жасау;

  • деректермен оқушыларды ақпараттандыру;

    Педагогика (гр. 'παῖς', paіda - бала, гр. 'ἄγω', gogos - жетектеуші) - жеке адамды тәрбиелеп, қалыптастыру үшін белгілі мақсатқа бағытталған жүйелі тәрбие мен білім беру туралы ғылым; тәрбиені, білім беруді және оқытуды зерттейтін теориялық және практикалық ғылымдардың жиыны.

    Жағдай - адам әрекетінің , жан-жануарлар тіршілігінің, табиғат пен қоғамдағы өзгерістің, оқиғаның, т.б. айналадағы ортаның ықпалына тәуелділігін білдіретін философиялық ұғым. Табиғаттағы, қоғамдағы белгілі бір өзгерісті тудырушы алғышарт есебінде де қарастырылады.

    Ақпарат (лат. informatio - түсіндіру, мазмұндау) ұғымы күнделікті өмірден бастап техникалық салада пайдаланылатын көп мағыналы ұғым. Жалпы алғанда бұл ұғым шектеу, байланыс, бақылау, форма, инструкция, білiм, мағына, құрылым, бейнелеу, сезіну тағы басқа ұғымдармен тығыз байланысты.



Ақпараттық-коммуникативтік технология жағдайындағы жалпы оқыту үрдісінің функциялары: оқыту, тәрбиелеу, дамыту, ақпараттық болжамдау және шығармашылық қабілеттерін дамытумен анықталады.

Оқытудың ақпараттық-коммуникативтік және интерактивтік технологиялары бағыттары:

а) электронды оқулықтар;

ә) телекоммуникациялық технологиялар;

б) мультимедиалық және гипермәтіндік технологиялар;

Телекоммуникациялар (ағылш. Telecommunications) - негізі ақпарат тарату құралдары мен әдістері болып табылатын әрекет аймағы. Телекоммуникациялар немесе коммуникациялар мемлекетгің инфрақұрылымның маңызды белігіне жатады.

Мультимедиа (Multimedia) - компьютерде дыбысты, ақпаратты, тұрақты және қозғалыстағы бейнелерді біріктіріп көрсету үшін жинақталған компьютерлік технология. Ол ақпаратты кешенді түрде бейнелеуді - мәліметтерді мәтіндік, графикалық, бейне-, аудио- және мультипликациялық түрде шығаруды - жүзеге асырады.

в) қашықтықтан оқыту (басқару) Интернет.

Ақпараттық-коммуникативтік технологияны оқу-тәрбие үрдісіне енгізуде мұғалім алдына жаңа бағыттағы мақсаттар қойылады:

• Өз пәні бойынша оқу-әдістемелік электронды кешендер құру, әдістемелік пәндік Web –сайттар ашу;

Әдістеме - педагогика ғылымының жеке пәндерден берілетін білім көлемі мен мазмұнын негіздеп, оны оқытудың тиімді әдістерін зерттейтін бір саласы. Тұтасынан алғандағы жас ұрпақты тәрбиелеу мен оқыту процесінің заңдылықтарын дидактика зерттейді.

• Жалпы компьютерлік желілерді пайдалану;

• Бағдарламалау ортасында инновациялық әдістерді пайдаланып, бағдарламалық сайттар, құралдар жасау. (мультимедиалық және гипермәтіндік технологиялар).

• Қашықтықтан оқыту (Internet желісі) барысында өздігінен қосымша білім алуды қамтамасыз ету.

Ақпараттық-коммуникативтік технология көмегімен сөйлеу дағдысын дамыту дегеніміз – оқушылардың компьютерлік технологияны оқу барысында тиімді пайдаланып, көптеген жаттығулар орындап, өзара ағылшын тілінде қарым-қатынас жасау болып табылады.

Компьютер (ағылш. computer - «есептегіш»), ЭЕМ (электрондық есептеуіш машина) - есептеулерді жүргізуге, және ақпаратты алдын ала белгіленген алгоритм бойынша қабылдау, қайта өңдеу, сақтау және нәтиже шығару үшін арналған машина.

Ағылшын тілі (ағылш. English, English language) - Үндіеуропа тілдері жанұясының батыс герман тобына жататын тіл. Ағылшын тілі ежелгі тіл болып есептеледі, ол қазіргі Ұлыбритания аумағын ежелде басып алған Англосаксондардың тілі, бірақ жауланған кельттердің тілдері де әсерін тигізген.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында белгіленгендей, білім беру жүйесін ақпараттандыру, мемлекеттік білім саясатының негізгі қағидаларын жүзеге асырудың маңызды бір механизмі болып табылады.

Механизм (гр. mehane - құрал, мәшине) - бір немесе бірнеше қатты денелерді басқа қатты денелер арқылы қажетті қозғалысқа келтіретін денелер жүйесі. Механизм құрылымдық белгілері бойынша топсалы (иінтіректі), бағдартқышты, тісті, сыналы, бұрамалы, ыңғайландырғыш, арнайы, шыбық қысқыш, иілгіш буынды, гидравликалық, пневматикалық және электрлі құрылғылары бар және т.б.

Мемлекет - белгілі бір аумаққа иелік етіп, сол жердегі халықтың еркін дамуына мүмкіндік беретін, қоғам табиғатынан туындайтын ортақ істерді атқаруға қажетті басқарудың жоғарғы дәрежеде ұйымдасқан жүйесі, саяси билік ұйымы.

Ақпараттық ортаны құруға негізделген білім берудің жаңа жүйесін қалыптастыру және педагогикалық практикаға жаңа ақпараттық құралдарды, сонымен қатар, басқа да жаңа технологияларды енгізу білім жүйесін дамытудағы стратегиялық тапсырма болып саналады .

Стратегия гр. strategia - әскер кіргізу - қоғамдық, саяси күреске басшылық өнері, оны жүргізудің қоғам (кәсіпорын, партия) дамуының нақты кезеңінің нақты жағдайларынан туындайтын жалпы жоспары, белгілі бір мақсатқа қол жеткізуге бағытталған қаражат пен ресурстарды пайдалану тәсілі.

Қазіргі кезде жаңа білім жүйесінде компьютердің пайда болып, жедел дамуының арқасында білімнің қарқынды дамығанын барлығы мойындайды. Менің тәжірибемде видеофильм, электрондық пошта (e-mail), мультимедиалық презентация, анимациялық суреттер және т.б.

Анимация (Animation) - ол қозғалыстың әр түрлі кезеңіне сәйкес кескіндер тізбегін экранда жылдамдата көрсету арқылы дене қозғалысы динамикасын бейнелеу тәсілі. Мультимедиа жүйесінде - қозғалыстың әр түрлі кезеңіне сәйкес кескіндер тізбегін жылдамдата көрсету арқылы қозғалыстағы объектіні экранда бейнелеу тәсілі.

көмегімен ағылшын тілінде монолог және диалог түрінде сөйлеу қабілетін қалыптастыратын жаттығуларды орындаумен айналыстым. Ал шетелде болмай-ақ, сол елдің тілінде сөйлей алу қабілетіне ие болу оңай шаруа емес. Сондықтан, мұғалімнің маңызды тапсырмаларының бірі ағылшын тілі сабағында жаңа технологиялардың түрлі амалдарын қолдана отырып, сөйлеу дағдысын дамыту болып табылады. Ағылшын тілін үйрету процессінде компьютер технологияларын қолдану сабақты қызықты жолмен өткізуге көмектеседі. Мысалы, анимациялық суреттер, видео-көріністер, кинодан үзінділер, презентациялар және т.б. әртүрлі дыбыстар арқылы көрсетіледі. Компьютер мониторындағы көріністер оқушының іс-қимылының арқасында өзгеріп отырады . Бұл динамикалық және оқушының бар ойын өзіне бағыттайды, сонымен қатар, оқу процессінде оқушының белсенділігі оянады. Нәтижесінде, оқушы ақпаратты оңай әрі тез қабылдайды және оқушының ынтасы мен қызығушылығы жоғарлап, ағылшын тілін меңгеруге ынтасы оянып, оқушылардың сөйлеу дағдыларын дамытуға ықпал жасайды.



Мектептерде де Ақпараттық-коммуникативтік технология мен жұмыс істеу өте пайдалы.

"Еңбек" - өзінің тұтынушылығын қамтамасыз етуге қажетті бүкіл заттар жиынтығын жасайтын адам әрекетінің негізгі формасы.

Өйткені нашар оқитын оқушының өзі компьютермен жұмыс істеуге қызығады, себебі балаға компьютер білмеген жерін көрсетіп, көмекке келеді.

Бала - әке-шешенің перзенті, ұрпағы. Жыныс ерекшелігіне қарай ұл, қыз, жас шамасына қарай: нәресте, сәби, бөбек, балдырған, жеткіншек, жасөспірім болып жіктеледі. Ұл-қыздың жарық дүниеге келген сәтінен бастап кәмелетке толғанға дейінгі кезеңі Бала ұғымына сияды.

Сонымен бірге оқушының сөйлеу дағдысын арттыра отырып білім нәтижесіне көзін жеткізеді. Заманға сай техникалық құралдарды ағылшын тілі сабақтарында қолдану – мұғалім жетістігіне апаратын тиімді жол.

Сабақтың параметрі

АКТ-ны қолданатын сабақ

Дәстүрлі сабақ

 ақпаратты беру 

оқушылар ақпаратты неғұрлым қаныққан, көрнекі түрде алады 

мұғалімнің түсіндіруі, оқулық бойынша параграфты өз беттерімен оқуы, кестелерді қолдануы

 жұмыс қарқыны

қарқыны әр оқушы өз қарқынымен жұмыс істейді, тапсырмалар мен мультимедиялық құралдар білім алушылардың жеке ерекшеліктерін, олардың сол уақыттағы білім мен дағды деңгейлерін есепке алады 

мұғалім сыныптағы оқушылардың көпшілігіне сәйкес келетін жұмыс қарқынын қолданады

 оқушымен кері байланыс 

түсіндіру кезінде, бекіту кезінде іске асады. 

ағымдық бақылау

. Ақпараттық-коммуникативтік технологияны пайдалануда сабақтың мынадай ерекшеліктері бар:

  • Мұғалім оқушыға сұрақ қойып, тез арада оқушы оған жауап береді;

  • Мұғалім тапсырманың дұрыстығын тексереді;

  • Оқушының компьютермен жұмыс барысында пайда болған қиындықтарды уақытында шешуге болады;

    Уақыт - өлшемдер жүйесінің оқиғаларды реттеу, олардың ұзақтығын және араларындағы интервалдарын сипаттауда, және нәрселердің қозғалысын сипаттауда пайдаланатын маңызды мүшесі. Уақыт мифология, философия және ғылымның әр салада пайдалану үшін қарама-қайшылысыз сипаттау, зерттеу нысаны болып, талай-талай ұлы ғалымдарды өмірге әкелген.



  • Кейбір амалдарды оқушы өз бетінше орындайды, компьютермен жұмыс істеуге үйренеді;

  • Сыныптағы оқушылардың барлығынан жауап алуға болады және алған білімдерін практикамен ұштастырады;

  • Білімі төмен оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуіне мүмкіндік береді;

Ағылшын тілі сабағын оқытудың жаңа компьютерлік жүйесі шартты белгілерден тұрады. Бұл арқылы оқушы нақтылыққа дағдыланады. Соның негізіне оқытудың мынадай ұтымды жақтарын атап көрсетуге болады. Олар мыналар: оқушылардың ойлану дәрежесіне, материалды қабылдау ерекшелігіне байланысты әрбір оқушы үшін жеке-жеке компьютерде бағдарлама құрып, дербес жұмыс жасауға болады; компьютер арқылы нашар оқитын балаларды оқытудың тиімділігі артады; компьютерді пайдалану уакытты үнемдейді; оқушының сабаққа деген қызығуын арттырады; білімді игертудегі барлық материлдың сан-алуан түрлілігі: бейнефрагменттер, аудиомәтіндер, сурет-сызбалар, диаграммалар т.б; тапсырмалардың әртүрлілігі; өз бетінше жұмыс істеу мүмкіндігі; коммуникативтік дағдыларын дамыту мүмкіндігі; тапсырманың нақты, әрі түсінікті берілуі; игерген жаңа білімді өз бетімен бекітіп, қорытындылауы; жоғарғы оқу орнына барғанда компьютермен еркін жұмыс істеу мүмкіндігі.

Мұғалімдік мамандық бұл - адамтану, адамның күрделі және қызықты, шым – шытырығы мол рухани жан дүниесіне үңіле білу. Педагогикалық шеберлік пен педагогикалық өнер ол даналықты жүректен ұға білу болып табылады. В.А. Сухамлинский айтқандай, мұғалім сандық технологияларды Ақпараттық-коммуникативтік технологияны қолдану арқылы оқушының жүрегінен шығуға болады екен.

Шульман мұғалімнің үш көмекшісі «Бас, қол, жүрек» деп атаған. Яғни, тұғырлы теориялық білім, тәжірибелік дағдылар, жылы жүрек осы үшеуі болғанда ғана сапалы оқыту мұғалім бейнесінен табылады. Бұл адам жағынан болса, ал техника жағынан көмекші ол - Ақпараттық-коммуникативтік технология деп есептер едім. Ақпараттық-коммуникативтік технологияны пәндік білімге ықпалдастыру мұғалімнің қарқынды дамуына қажет және де оқу мен оқыту үдерістерінің білікті көрсеткіші.

Сабақтағы жетістіктер:



  • Оқушылардың сыни тұрғыда ойлана білуі;

  • Падкаст арұылы бірінің пікірін бірі тыңдауы, бір – біріне көмектесе алуы, ата – ана, бала, мұғалім арасындағы байланыстың болуы;

  • Талантты және дарындылықты айқындауға, дамытуға, мүмкіндіктің болуы;

  • Басқалардың түрлі идеяларын түсіне отырып өз идеясын ортаға салуы;

  • Кері байланыс алудың мүмкіндігі.

Әр сабағымда сөз әрекетінің төрт түрі де қолданылды: тыңдау, сөйлеу, оқу, жазу. Әр сабақ төмендегілерді қамтиды: Ақпараттық-коммуникативтік технология үзіліссіз тілдік қарым-қатынас; бірнеше рет тыңдау мен оқып-білген материалды қайталаудың арқасында дағдыларды машықтандырғанға дейін меңгертілді; компьютер оқушының өзіндік жұмысын ұйымдастырды; оқушымен тікелей жұмысты іске асырады; компьютер оқытудың аудио және бейне құралдардың мүмкіндіктерін табысты байланыстырды. Сонымен қатар үй тапсырмасына интернет желісінен қарауға тапсырмалар бердім. Кейбір оқушыларымның үйнде интернет желісі болмағандықтан, мектеп әкімшілігімен келісіп сабақ берген сыныбының оқушыларына түстен кейінгі мезгілде мектеп интернет желісімен жұмыс жасауға рұқсат алып бердім.

c:\users\нургул\4\sam_0883.jpg

Өз жұмысымда сабағымның сапасын артып, оқушылардың сөйлеу дағдысының қызметін ұйымдастыруды белсенді түрде жүргіздім. Оқудағы негізгі міндетім оқушыларға әр түрлі жаттығуларды орындауда компьютер көмегімен мүмкіндігін көрсету, өз бетімен компьютерді қолдануды және белгілі бір үлгідегі жаттығулар жиынтығын игеруде арнаулы қолданбалы пакеттерді пайдалануды үйрету болып табылды.

Тәжірибе барысында оқушылардың сөйлеу дағдысын дамыту әдістемесі бойынша оқушылардың ойлану дәрежесіне, материалды қабылдауға байланысты әрбір оқушы үшін жеке-жеке компьютерлік технологияны ұсынып, дербес жұмыс жасауға мүмкіндік бердім. Әр сабағымда сөз әрекетінің төрт түрі де қолданылды: тыңдау, сөйлеу, оқу, жазу. Сабақ барысында snapshot, conversation, grammar focus, listening, role play, pronunciation, word power, writing, reading жаттығулары қолданылды.

c:\users\нургул\4\sam_0891.jpg

Оқушылардың сөйлеу дағдысын дамыту жаттығуларына диолог және монолог жатады. Осы жаттығуларды орындау нәтижесінде оқушылардың тыңдап-түсіну қабілеті әрекетін дамыту арқылы сөйлеу дағдысын жетілдіріп, одан әрі байланыстырып сөйлеуін дамытуына ықпал тигенін байқадым. Монолог барысында оқушылар мәтін мазмұнын ауызша, алдын ала дайындап, баяндады. Бұл жұмыс оқушылардың жоспар жасап түсінігін айтып сөйлеу дағдысын дамытуда кең орын алды.

Ақпараттық коммуникациялық технология оқушының жетілген тұлға ретінде дамуы үшін маңызы зор. Ал осы компьютерлік технологияны үйретуші, өзінің шығармашылық еңбегінде жүйелі қолданушы, насихаттаушы ол – мұғалім. Жаңаша ойлай білсең ғана ұстазсың. Сол себептенде компьютерлік технологияны енгізуші таратушы тұлғаға үлкен талаптар қойылып отыр.

Қоғам талабына сай ағылшын тілін оқытуда қойылып жүрген ортақ міндет тілді коммуникативті бағытта оқытып, сөйлеу дағдыларын дамыту. Ондағы мақсат оқушыларды қарапайым болса да, өз ойларын еркін жеткізумен ғана шектелмей, өзара тіл табысып, пікір алысуға үйрету, себебі жалпыға білім беретін орта мектепте берілетін бүкіл білімнің негізгі мақсаты оқушының ағылшын тілінде сөйлеу қабілетін жетілдіру .

Ағылшын тілін меңгеру оқушылардың өмір қажеттілігінен туындап отыр. Біздің ойымызша, ағылшын тілі сабақтарында жоғарыда көрсетілген әдіс тәсілдерді , компьютерді қолдану оқушылардың ағылшын тілі сабақтарында шығармашылық, актерлік, логикалық ойлау қабілеттерімен қоса белсенділігін жетілдіріп, қызығушылығын арттырып, оқушылардың сөйлеу дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді.

Логика (гр. λογική - «талдауға құрылған», λόγος - «сөз», «сөйлем», «ойлау», «ақыл») - ойлау, оның формалары мен заңдылықтары туралы ғылым. Логика дәлелдеу мен теріске шығарудың белгілі бір әдіс-тәсілдері қаралатын ғылым теориялар жиынтығын құрайды.

Сондықтан сабақты бір сарынды өткізбей, түрлендіріп, тартымды өткізу, оқулықпен шектеліп қоймай, қосымша материалды да пайланану әр ұстаздың шеберлігіне байланысты болмақ. Оқытудың өзі өнер және ғылым болып табылатындықтан мұғалім өзінің кәсіби іс-әрекетінің аясында біліктілік деңгейін үзбей шыңдап, ғылыми әдістемелік деңгейін көтеріп, ағылшын тілінен өткізетін сабақтарында компьютерлік технологияларды, қазіргі заманда өміршеңдігі дәлелденген әдіс тәсілдерді қолданса ғана XXI ғасырға сай білімді және дарынды азаматтарды тәрбиелей алады.

Біліктілік, квалификация - адамның белгілі бір білім жүйесін тәжірибеде пайдалана алу қабілеті. Адамның өзі таңдаған қызметінде өз білімін көтеріп, нені, қалай және не үшін үйренетінін алдын-ала айқындап, білікті маман болуға бағытталуы.

Азамат [арабша азамат: 1. ұлылық, мәртебелілік; 2. тәкаппарлық; 3. кереметтілік; 4. ұлы мәртебелілік (сұлтандар титулы)] - 1. ел азаматы; 2. кәмелеттілік; 3. дара тұлға. Азамат ұғымын мемл. деңгейде қарастырғанда, ол қоғамның тең құқықты мүшесі мәніне ие болады.

Өз тәжірибемде Ақпараттық-коммуникативтік технологияны қолдану, оны тиімді қолдана білу жолдарын үйренуге білімді ары қарай шыңдау үстінде жұмыс істеу деген мақсат.

Сабақта ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдаланудың тиімділігі:

• оқушының өз бетімен жұмысы;

• аз уақытта көп білім алып, уақытты үнемдеу;

• білім-білік дағдыларын тест тапсырмалары арқылы тексеру;

• шығармашылық жұмыстар жасау ;

• қашықтықтан білім алу мүмкіндігінің туындауы;

• қажетті ақпаратты жедел түрде алу мүмкіндігі;

экономикалық тиімділігі;

Экономика (гр. Οικονομία - үй шаруашылығын жүргізу өнері) - материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастар.

• іс-әрекет, қимылды қажет ететін пәндер мен тапсырмаларды оқып үйрену;

• қарапайым көзбен көріп, қолмен ұстап сезіну немесе құлақ пен есту мүмкіндіктері болмайтын табиғаттың таңғажайып процестерімен әр түрлі тәжірибе нәтижелерін көріп, сезіну мүмкіндігі;

Бізді қоршаған орта: жан-жануарлар мен өсімдіктер, Жер мен Ай, Күн мен алыстағы жұлдыздар - осылардың барлығы да табиғат деген ауқымды ұғымды білдіреді.

• оқушының ой-өрісін дүниетанымын кеңейтуге де ықпалы зор.

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жеке тұлғаның құзыреттілігін дамыту құралы:

Қазіргі білім беру ісінің басты шарттарының бірі болып оқушының өзіне керекті мәліметті өзі іздеп табуына үйретіп, олардың өз оқу траекторияларын өзінің таңдай білуі есептеледі. Біздің ойымызша, ақпараттық-білім беру ортасын жобалаудағы басты мақсат оқушының өздігінен оқуға талаптандыру, яғни ізденімпаздыққа үйрету болып саналады.

Ақпараттық технологияларды пайдаланудың артықшылықтары мынадай:

1. Олар оқытудағы тақырып шеңберіндегі немесе белгілі бір уақыт аралығында айтылуға тиіс мәліметтер көлемін ұлғайтады.

Мәліметтер (данные; data) - автоматты құралдардың көмегімен, кей жағдайда адамның қатысуымен, өңдеуге I ыңғайлы түрде берілген мағлұмат. Мәліметтердің кірістік, шығыстық, басқару, проблемалық, сандық, мәтіндік, графикалық және т.б.

2. Білімге бір – бірінен үлкен ара қашықтықта орналасқан әр түрлі оқу орнында отырып қол жеткізуге болады.

3. Оқытудың жүйесінің көп денгейлі жетілдіруі олардың таралымдалуы мен оқу сапасын арттырады.

4. Оқушы өз бетінше немесе өзге оқушылармен топтасып бірге жұмыс істеуге мүмкіндік алады.

5. Оқушының танымдық іс-әрекеттері күшейіп, өзіндік жұмыстарды тез орындау мүмкіндіктері артады.

Қорыта айтқанда, қай пәнді оқытуда болмасын оқушылардың танымдық, шығармашылық қабілеттерін жетілдіре отыра оқыту олардың сабаққа деген қызығушылығын оятып, ойлау және сөйлеу қабілетін, ынта жігерін арттыра түседі. Өз ана тілін қадір тұтып, ағылшын тілді еркін меңгерген, ертеңгі ел тұтқасын ұстайтын, тәуелсіз мемлекеттің ойшыл ұрпағын тәрбиелеу еліміздің білікті ұстаздарының қарызы мен парызы деп есептейміз.

Дәлелдемелер:

c:\users\нургул\4\sam_0887.jpg c:\users\нургул\4\sam_0889.jpg

Жаңаша оқыту – заман талабы”

Оқытуда ақпараттық технологияның мүмкіндіктерін пайдаланып сабақтың сапасын арттырып, тақырыптың мазмұнын игеруде өз бетінше білім алып, оқушылардың сыни түрғыдан ойлауын және шығармашылық қабілеттерін дамуына жағдай туғыздым.

Тиімділігі

Оқытушы уақыттын үнемдеуі;

Әр оқушы өздігінен жұмыс жасауы;

Мотивациясы төмен оқушылардың қызығушылығының артуы.



Келешектегі жоспарым:

Акт-ны тақырыптың ауқымдылығына қарай пайдалану.

Оқушыларға өздерінің шығармашылық жұмыстарын желіге жариялауды

ұйымдастыру;

Оқушыларға ізденіс жұмыстар ұсынып, жарнамалық роликтер түсіруге

дағдыландыру;

Жарнама, реклама (франц. reclame, лат. reclamo - жар саламын) - тауарлардың, қызмет көрсетудің тұтынушылық қасиеті туралы ақпарат беру және оған деген сұранысты көбейту мақсатында таратылатын хабарлама; белгілі бір адамдар, ұйымдар, әдебиет пен өнер шығармалары туралы хабар таратып, оларды әйгілеу.



Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық, 2012жыл

  2. Дәріс материалдары



  • Тізбектелген сабақтар
  • Сабақтың параметрі АКТ-ны қолданатын сабақ Дәстүрлі сабақ
  • Жаңаша оқыту – заман талабы”
  • Тиімділігі

  • жүктеу 117.21 Kb.