Главная страница
Контакты

    Басты бет


Сабақ тақырыбы: «Компьютердің құрылымы»

жүктеу 60.34 Kb.



жүктеу 60.34 Kb.
Дата18.03.2017
өлшемі60.34 Kb.

Сабақ тақырыбы: «Компьютердің құрылымы»


Пән аты: информатика


Сабақ тақырыбы: «Компьютердің құрылымы»
Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Компьютер және оның құрылымына байланысты оқушылардың

алған білімдерін нығайту, тиянақтау бір жүйеге келтіріп, тексере отырып, қорытындылау;

Оқушы - белгілі бір іспен айналысатын адам. Бұл іс сабақ немесе адам қызығатын іс болуы мүмкін. Оқушы бір істі игерумен айналысады. Ол бұл істі жоғарғы деңгейге игергенге дейін оқушы деген атқа ие болады.
Компьютер (ағылш. computer - «есептегіш»), ЭЕМ (электрондық есептеуіш машина) - есептеулерді жүргізуге, және ақпаратты алдын ала белгіленген алгоритм бойынша қабылдау, қайта өңдеу, сақтау және нәтиже шығару үшін арналған машина.
Құрылым (лат. structura - түзіліс, орналасу, тәртіп) - объектінің тұтастығын, тепе-теңдігі мен негізгі қасиеттерінің сақталуын қамтамасыз ететін байланыстар мен қатынастар жиынтығы. Құрылым жүйе және элемент ұғымдарымен тығыз байланысты.

Дамытушылық: Оқушылар өз ойларын тиянақты жете айта біліп, сахнада өздерін сабырлы әрі тәртіпті ұстауды ескеріп, тыңдай білуге тәрбиелеу;

Тәрбиелік: Оқушылардың компьютер туралы толық ой қалыптастыру, оқушылардың тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, шығармашылыққа баулу, пәнге қызығушылығын арттыру.
Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап (ситуация туғызу, шешу жолын айту, нақты дәлелдер келтіру.)
Сабақтың типі: интеллектуалды - шоу

Сабақ барысы:



  1. Ұйымдастыру кезеңі:

1)Сәлемдесу.

2))атысатын оқушылар және жюри мүшелерімен таныстыру.


«ХХІ ғасыр көшбасшысы» деп аталатын ойын таңдай қақтырып, баршамызды тамсандандырып - ақ келеді. Өкілетті білім беру бағдарламасындағы интерактивті байланысты пайдалана отырып, информатика пәнінен «ХХІ ғасыр көшбасшысы» ойынын өткізуді жөн көрдім.

Интеллект (лат. іntellectus - таным, ұғыну, аңдау) - жеке тұлғаның ақыл-ой қабілеті. Ақыл-ой сезімі адамның таным әрекетімен байланысты.
Білім беру - тиісті оқу орны арқылы ғылыми мағлұмат беріп, адамның танымын, білімін, дағдысын, дүниеге көзқарасын жетілдіру процесі; қоғам мүшелерінің мәдениетін дамытудың негізгі шарты; мақсаты - қоғам мүшелерінің адамгершілік, интектуалды, мәдени дамуында және олардың денесінің дамуында, кәсіптік біліктілігінде жоғары деңгейге қол жеткізу болып табылатын тәрбие мен оқытудың үздіксіз процесі; жүйеге келтірілген білім, іскерлік дағды және ойлау тәсілдері көлемін меңгеру процесі мен нәтижесі. Білімділіктің басты өлшемі - білімнің жүйелілігі, ойлаудың жүйелілігі мен логикалылығы.

«Батылдық - балалық шақта шыңдалады» десек, баланы балы ететін тәрбие кұралының бірі – ойын екендігі белгілі. Алдымен ойына шығатын оқушыларды анықтап алу үшін сұрақтар таратылады. Кім де кім сол тест жауаптарын тез және дұрыс жауап берсе, сол оқушылар ойынға жолдама алады. (Слайдта жасалған тес сұрақтары)

Тест сұрақтары:



  1. MS Word терезесінің қатарларын ретімен орналастыр:

А) Жұмыс аумағы

Ә) Менюлер қатары

Б) Қалып күй қатары

В) Тақырып қатары

Жауабы: (В, Ә, А, Б)


  1. Папка құру үшін командалардың ретін ата

А) Папка

Ә) Файл


Б) Құру

В) Ат енгізу

Жауабы: (Ә, Б, А, В)


  1. Информацияның өлшем бірліктерін өсу ретімен жаз:

А) бит

Ә) Мб


Б) Кб

В) байт


Жауабы: (А, В, Б, Ә)

Жүргізуші:

Ойын – толқын, айналған қатты ағысқа,

Табылғандай таным да, жат дауыс та,

Біреу озып келеді қатарынан,

Біреу мініп жатқатда аптығыста.

Команда (command, instruction) - 1) программалау тілдерінде - кез келген операцияны орындауды және оған керекті мәліметтерді (операндыны) бейнелейтін өрнек; компьютер атқаруға тиіс операция сипаты; 2) ақпаратты өңдеу процесіне байланысты атқару құрылғысында жүйенің белгілі бір операцияны орындауын талап ететін басқару сигналы; 3) программа орындау процесінің адымын анықтайтын ұйғарым.
Толқын - ай мен күннің тартылыс күштерінен, желдің әсерінен, атмосфералық қысымның ауытқуларынан, су асты жер сілкіністері мен жанартау атқылауларынан немесе кеме қозғалыстарынан пайда болатын теңіздер мен мұхиттардағы сулы ортаның тербелмелі қозғалысы.


Ойын – толқын, жатқандай асып – тасып,

Біреу мығым, біреулер шалыс басып,

Бұл ойыннан өтеді тек ғұламалар,

Жеңсең де, жеңілсеңде қалма жасып.

Ғұлама (араб.: علماء‎ - ғұлама́, жекеше - араб.: عالم‎ - әлім-қаз. ғалым; қаз. «білгірлер», «даналар») – білімді, оқымысты ғалымдар-әлімдер, асқан ақыл-ой иелері. Ислам дінінің таралуына орай қазақ халқы Құран Кәрімнің аяттарын, шариғат пен хадис талаптарын жатқа білетін әрі мұсылманшылықтың этикалық-құқықтық қағидаларын жетік меңгерген адамдарды осылай атаған.

Сәлем бердік, құрметті ұстаздар, әділ қазылар мен оқушылар! Сіздермен бірлесе отырып, «ХХІ ғасыр көшбасшысы» атты ойынымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

Кезекті іріктеу кезеңінен өзінің білімділігімен, алғырлығымен, тапқырлығымен өткен оқушыларға береміз. Оқушылар өздерін таныстырып өтсін.


Жүргізуші:

Бақ пен бап сыналар бұл жарысқа қатысып отырған оқушыларға сәт сапар тілей отырып, шыңдарға биік қонғайсың демекпіз. Ал жас қырандар, «Бәйге» турын бастаймыз. Әр сұраққа 10 ұпай.


І. «Бәйге»

1. Адам мен компьютер арасындағы қарым – қатынас? (интерфейс)

2. Информациялық процестерді жүзеге асыратын құрылғы (компьютер)

3. Ақпаратты енгізуге арналған құрылғы (пернетақта)

4.

Ақпарат (лат. informatio - түсіндіру, мазмұндау) ұғымы күнделікті өмірден бастап техникалық салада пайдаланылатын көп мағыналы ұғым. Жалпы алғанда бұл ұғым шектеу, байланыс, бақылау, форма, инструкция, білiм, мағына, құрылым, бейнелеу, сезіну тағы басқа ұғымдармен тығыз байланысты.
Қағаздағы бейнені дисплейге түсіруші құрылғы (сканер)

5. Компьютердің миы, ең басты бөлігі (процессор)

6. Принтердің неше түрі бар (3 түрі)

7.

Принтер (ағылш. printer) - мәтін мен кескіндерді қағазға немесе басқа да басып шығарылатын арқауларға шығаруға арналған құрылғы, ЭЕМ-ның ақпарат басып шығаруға арналған перифериялық құрылғыларының бір түрі.
ЭЕМ – нің неше буыны бар? (5 буыны)

8. Ақпаратты шығару құрылғысы (принтер)

9.Компьтердің атасы кім? (Ч.Бэббидж)

10. Бэббидж машинасына алғашқы программа жазған кім? (Ада Лавлейс)
Жүргізуші:

«Ана тілім - арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте,

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте », - деп Қадыр Мырзалиев ағамыз айтқандай, жас өркендердің тіл білімін тамашалайық. Демек келесі турымыз Полиглот деп аталады.
ІІ. Полиглот

Жүргізуші:

Сендерге жұмбақталып сөз оқылады. Жасырын сөзді тауып, қазақ, орыс ағылшын тілінде айтқанда 20 ұпай, ал екі тілде айтса 10 ұпай беріледі.

Қадыр Ғинаятұлы Мырзалиев, Қадыр Мырза Әлі (5 қаңтар 1935 жыл, Жымпиты, Орал облысы - 24 қаңтар 2011 жыл, Алматы) - ақын, Қазақстанның халық жазушысы (1995), ҚР Әнұранының сөзін жазған авторлардың бірі.
Ағылшын тілі (ағылш. English, English language) - Үндіеуропа тілдері жанұясының батыс герман тобына жататын тіл. Ағылшын тілі ежелгі тіл болып есептеледі, ол қазіргі Ұлыбритания аумағын ежелде басып алған Англосаксондардың тілі, бірақ жауланған кельттердің тілдері де әсерін тигізген.



  1. Ақпараттың қайнар көзі(табиғат, природа, nature)

  2. «Ас – адамның арқауы», ал компьютердің асы (тоқ, ток, current)

  3. Баспаға шығару құрылғысы (принтер, принтер, Printer)

  4. Енгізу құрылғысы (пернетақта, клавиатура, Keyboard)

  5. Компьютердің миы (Жүйелі блок, системный блок, Sistem block)

  6. Компьютерді басқаруға арналған қосымша құрылғы (тышқан, мышь, mouse)

Жүргізуші:

Ұпай саны аз 1 оқушы ойыннан шығарылады. Енді келесі турға өтеміз.

Мәңгі бақи есте қалар

Ғажайып бір кеш болсын,

Білімдірек шәкірт озар,

Қиын сұрақ көп болсын, - дей отырып, келесі турымыз Ғажайып алаңға өтеміз.
ІІІ. Ғажайып алаң


20

20

20

30

30

30

40

40

40

20(сол жақта) - Оның корпустары өлшемдері және максималды өлшем бағыттары (вертикалды және горизонталды) бойынша ажыратылады. Онда әдетте бірнеше параллель және тізбектелген порттар болады. Олар mouse манипуляторы, модем, принтер және т.б. енгізу/шығару құрылғыларын жалғауға қолданылады. Бұл компьютердің қай құрылғысы жайында айтылып жатыр? (процессор)

20(ортада) - Ол әзірше ақпаратты енгізудің негізгі универсалды стандартты құрылғы болып отыр. Оның 101-ден кем емес клавиштері бар. Әріптер мен сандарға, тыныс белгілеріне және баспа тексттерінде кездесетін басқа да символдарға арналған 60 клавиштер және компьютерді басқару мен бағдарламаларды орындауға арналған 40 клавиштері бар.

Символ (грекше symbolon - танымдық белгі, таңба, рәміз, пернелеу) лингвистика, логика, математика ғылымдарында таңба ұғымын береді; өнерде, философияда нәрсенің, құбылыстың қасиетін, сыр-сипатын бейнелеп, астарлап білдіретін әмбебап эстетикалық категория.
Мүнда не жайында айтылып жатыр? (пернетақта)

20(оң жақта) - бейне сұрақ. Бұл белгілі бір құрылғыларды орнатуға арналған үлкен «разъемдар коллекциясы». Ол не? (аналық тақта)


30(сол жақта) - Оның өзінің орнықты стандарты жоқ. Басында VGA стандарты қолданылатын, ал қазір SVGA SuperVGA стандарты қолданылуда.

Сонымен қатар оның өзінің сипаттайтын бірнеше параметрлері бар:

- Түс режимі

- Рұқсат етілген қабілеттілік

- Айналдырудың максимал жиілігі (Refresh Rate)

- Оперативті жады көлемі

Мұнда қандай құрылғы жайлы айтылып тұр? (видеокарта)

30(ортада) – Ол – үлкен көлемді берілгендерді ұзақ әрі сенімді сақтауға арналған құрылғы және құрылысы да күрделі. Оның құрылысы механикалық және электрондық бөлшектерден тұрады. Механика – оқу/жазу магниттік головка (магнитно-резисторлі және индуктивті), шпиндель, бірнеше дисктер және соларды айналдыратын қозғалтқыш. Бұлар электронды плата жалғанған шартты герметикалық бокста орналасқан. Мүнда не жайында айтылып жатыр? (винчестер)

30(оң жақта) – Технологиялық стандартты ол зат үш слойдан тұрауы тиіс: оның рельефі преспен штампталған поликаpбонатты пластиктен төсеніш, аллюминиден (алтын, күміс, платина, палладий) оған себілген көрсетіп тұратын қабат және жазулар мен суреттер (нейтралды химиялық краскамен шелкографиялық әдіспен ) салынатын поликорбанаттың жұқа қорғағыш қабаты. Ол не? (диск)

40(сол жақта) - бейне сұрақ. Мұнда микрофон көмегімен дыбыстық толқындар электрондық сигналдарға ауысады.

Сигнал (лат. signum - белгі) - берілген хабарды тасымалдайтын(алып жүретін) физикалық процесс.
Ол не? (дыбыстық карта)



40(ортада) -– Ол Red Book стандартына негізделген және олардың кеңейтулері болатын ақпаратты цифрлы тасымалдағыштардың бірқатарының жалпы атауы болып табылады. Бұл не? (CD-ROM диск)

40(оң жақта) – Ол ақпаратты лазерлі дискіден оқуға арналған қиын электронды-оптика-механикалық құрылғы. Ол не? (CD-ROM дpайв)

Жүргізуші:

Ұпай саны аз 1 оқушы ойыннан шығарылады. Енді келесі турға өтеміз.

Айналайын алға ұмтыл Дарындар,

Айналайын жеңіс құшқан қырандар,

Бізден қиын жағдайларды сұраңдар,

Сұрап қоймай, шешу жолын табыңдар.

Келесі турымыз «Қиялдар әлемі» деп аталады. Мұнда ойыншыларға екі тақырып беріледі, тақырыпқа сәйкес қызықты әңгіме құрастыру керек.


IV.тур «Қиялдар әлемі»

А) Егер мен робот болсам...

Б) Егер мен компьютер болсам...

Ең жоғарғы ұпай саны 50 баллмен бағланады. Іске сәт!

Жүргізуші:

Ойынымыздың шешуші сәті төрешілерде. Жеңімпаздарды марапаттайық.

Осымен бұл қызықты тамамдасақ,

Бұл жайды айтамызба жаман болсақ,

Үйрендік білмегенді осы жолы,

Тағы да үйренеміз аман болсақ.


Бүгінгі көріп тамашалаған интеллектуалды шоу «ХХІ ғасыр көшбасшысы» ойыны өз мәресіне жетті. Зейін қойып тыңдағандарыңызға көп рахмет!

  • Қадыр Мырзалиев

  • жүктеу 60.34 Kb.