Главная страница
Контакты

    Басты бет


Сабақ Тақырыбы: Қазіргі компьютер архитектурасының даму тенденциясы

жүктеу 43.45 Kb.



жүктеу 43.45 Kb.
Дата14.04.2017
өлшемі43.45 Kb.

Сабақ Тақырыбы: Қазіргі компьютер архитектурасының даму тенденциясы



Темірастау орта мектебі

Бекітемін:__________

Оқу ісі орынбасары: Ж.Мұхтар

Ашық сабақ

Тақырыбы: Қазіргі компьютер архитектурасының даму тенденциясы

8-класс


("жаратылыстану және техникалық пәндер" бірлестігінде)

Өткізген: Мұхтарова Гүлшат Жарасқызы

информатика пәні мұғалімі

2012-2013 оқу жылы

Сабақтың тақырыбы: Қазіргі компьютер архитектурасының даму тенденциясы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушыларға қазіргі компьютерлердің архитектурасының даму тенденциясымен, компьютер саласындағы соңғы жетістіктермен таныстыру

Дамытушылық: оқушылардың таным шекарасын кеңейту, ойлау қабілеттерін, логикасын, өрісін дамыту

Тәрбиелік: оқушыларды қауіпсіздік ережесін сақтауға, бір біріне көмектесіп, жұптық, топтық жұмыстарды жасай білуге, ұйымшылдыққа тәрбиелеу

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақты өткізу әдіс тәсілдері: түсіндіру, сұрақ жауап, ойын элементтері, жеке, жұптық жұмыстар

Сабақтың пәнаралық байланысы: қоғамтану, ағылшын тілі, орыс тілі

Сабақта қолданылатын құрал жабдықтар: интерактивті тақта, компьютерлер

Сабақтың көрнекілігі: слайд шоу, буктемелер, плакаттар, фишкалар, карточкалар

Сабақтың барысы:


  1. Сабаққа дайындық кезеңі

  2. Қызығушылықты ояту кезеңі («Балық аулау» ойыны)

  3. Жаңа сабақты меңгерту кезеңі

  4. Қосымша ақпар (электронды оқулықпен жұмыс)

  5. Жаңа білімді бекіту кезеңі («Лото» ойыны)

  6. Сабақты қорытындылау

Сабаққа дайындық кезеңі : саламатсыңдар ма оқушылар?! Бүгін класта кім кезекші? Сабақта кім жоқ? Қане барлығымыз бері қарайық, сабаққа дайындықтарын қалай? Олай болса жақсы көңіл күймен сабағымызды бастайық. Біз оқу жылы басталғалы үш тарауды аяқтадық, олар «Ақпарат және информатика», «Сандар, санау жүйелері», «Компьютердің логикалық негіздері».
Логика (гр. λογική - «талдауға құрылған», λόγος - «сөз», «сөйлем», «ойлау», «ақыл») - ойлау, оның формалары мен заңдылықтары туралы ғылым. Логика дәлелдеу мен теріске шығарудың белгілі бір әдіс-тәсілдері қаралатын ғылым теориялар жиынтығын құрайды.
Бүгін жаңа тарау, жаңа тақырып бастаймыз «Қазіргі компьютер архитектурасының даму тенденциясы». Жаңа тақырыпты бастамас бұрын біз алдыңғы үш тараудан не үйрендік, компьютер туралы 7-класта не өттік,соны еске түсіру үшін «Балық аулау» ойынын ойнайық.

Қызығушылықты ояту кезеңі:

  • Компьютер дегеніміз не?

  • Ақпараттық процестерді зерттейтін ғылымды не деп атайды?

  • ДК­-дің негізгі үш компонентін ата? Қызметтері қандай?

  • ДК-ге тиесілі барлық құрылғыларды неше топқа топтаймыз?

  • ДК дің ішкі құрылғылары қайда орналасқан? Оларға нелер жатады?

  • ДК дің сыртқы құрылғыларына нелер жатады?

  • Мына құрылғыларды топтастыр (енгізу, шығару қызметтері бойынша): микрофон, принтер, сканер, колонка, монитор, пернетақта, тышқан, джойстик,интерактивті тақта, интерактивті тақта қаламы

  • Дербес компьютердің құрылғылары атқаратын қызметіне қарай неше топқа бөлінеді? Қандай?

  • Дербес компьютердің құрылғылары орналасуы бойынша неше топқа бөлінеді? Қандай?

  • Компьютердің қандай түрлерін білесің?

  • Ксерекс, сканер, принтер құрылғыларының қызметін білесің бе?

  • Монитордың анықтылығы неге байланысты?

Жаңа сабақты меңгерту кезеңі: Сонымен өткен мәліметтерді еске түсірдік. Білетініміз көп екен, ал бүгінгі сабаққа тағы да қосымша тың мәліметтер алатын болысыңдар.
Мәліметтер (данные; data) - автоматты құралдардың көмегімен, кей жағдайда адамның қатысуымен, өңдеуге I ыңғайлы түрде берілген мағлұмат. Мәліметтердің кірістік, шығыстық, басқару, проблемалық, сандық, мәтіндік, графикалық және т.б.
Ақпарат (лат. informatio - түсіндіру, мазмұндау) ұғымы күнделікті өмірден бастап техникалық салада пайдаланылатын көп мағыналы ұғым. Жалпы алғанда бұл ұғым шектеу, байланыс, бақылау, форма, инструкция, білiм, мағына, құрылым, бейнелеу, сезіну тағы басқа ұғымдармен тығыз байланысты.

Қазіргі компьютер архитектурасының даму тенденциясына келсек, компьютерді соңғы модельдерімен қоса мынадай төрт топқа бөлеміз:



  1. Дербес компьютерлер

  2. Тасымал компьютерлер

  3. Планшеттік компьютерлер

  4. Қалта компьютерлер

Міне әрқайсысының тобына жататында экранда бейнеленген. Енді ДК архитектурасына келсек:

Дербес компьютердің

негізгі құрылғыларына –

жүйелік блок, монитор, пернетақта

жатады.

Дербес компьютердің ішкі құрылғыларына

жүйелік блоктың ішіне орналасқан

құрылғылар жатады.

Сыртқы жадтайтын құрылғыларға –

флешка, CD-R, CD-RW, DVD-R, DVD-RW дискілері,

иілгіш дискеттер жатады.


Ақпаратты енгізу құрылғылары – пернетақта, графикалық планшеттер (диджитайзерлер) , сканерлер, манипуляторлар (джойстик, маус, трекбол, сәулелік қаламұш т.б.), сенсорлық экрандар.

Ақпаратты шығару құрылғылары- принтер (матрицалық, бүріккіш, лазерлік), монитор, колонка және графиксалғыштар (плоттерлер)

Байланыс және телекоммуникация құрылғылары- компьютерді байланыс арналарына, басқа ЭЕМ-дерге және есептеу желілеріне қосуға арналған.

Планшет (фр. planchette тақтайша) - топографиялық суретке , түсіруге арналған аспаптар жиынтығына кіретін тегіс төрт бұрышты ағаш тақта және тақтаны үш аяқты мосыға бекітуге арналған құрылғы; Далалық топографиялық суретке түсіру кезіндегі карта бетінің түпнұсқасы; Графикалық сызбалар мен олар бойынша есептеулер жүргізуге арналған тендес көрсеткішпен қосылатын сызық торлары бар географиялық карта (сызба қағазының парағы) бекітілген тақта. Бұлар артиллериялық атыс, гидрографикалық жұмыстар жүргізуде және басқа жағдайларда қолданылады; Әуедегі және теңіздегі жағдайларды суреттеуге, маневр жасау міндеттерін орындауға, нысананы көрсетіп беруге және т.б. арналған әскери-теңіз флоты (ӘТФ) және әуе шабуылына қарсы қорғаныс (ӘШҚҚ) авиацияларындағы басшылық пункттерінің жауынгерлік-ақпараттық постарындағы арнайы құрылғы. Координаттың тік бұрышты немесе полярлы жүйесінде орындалған ашық (мөлдір) негізді координаталық тор оның құрама бөлігі болып табылады. Бұл құрылғылар механикаландырылған немесе автоматтандырылған болуы мүмкін.
Манипулятор (французша manіpulateur; латынша manіpulus - уыс, manus - қол) - 1) кеңістіктегі нысанды (бұйым, дайындама, зат) өңдеуде, орнын өзгертуде, т.б. адам қолының қимылына ұқсас қозғалыс функцияларын атқаратын жұмыс органымен жабдықталған механизм.
Графика - (гр. graphein, тырнау, жазу, салу дегеннен) Жазуда қолданылатын таңбалардың (әріп және тыныс белгілерінін) жиынтығы. Жазу танбалары жүйесі мен тілдін фонетикалық жүйесінің ара қатынасын, байланысын білдіреді.
Телекоммуникация, телеқатысым (латынша тele – қатынасу, байланысу, грекше – қашық және ағылшаруашылығы communіcatіon – байланыс) – ғылым мен техниканың халықты ақпараттық қызметтің барлық түрімен қамтамасыз ететін саласы; қашықтықтан ақпарат алмасуды жүзеге асыратын технологиялар жиынтығы.
Желілік контроллер оны басқа ЭЕМ-дермен ақпарат алмасу, есептеу желісі құрамында жұмыс істеу үшін байланыс арналарына қосу қызметін атқарады. Ауқымды желілерге қосылу үшін модем қызмет атқарады.

Мультимедиа құралдары – бұл адамға әр түрлі, өзі үшін табиғи орталарды, дыбысты , бейнелерді, графиканы, мәтінді, анимацияны және т.б. Қолдана отырып, компьютермен қарым қатынас жасауға мүмкіндік беретін программалық және аппараттық құралдар кешені. Оларға ақпаратты сөздік енгізі және шығару құралдары, сканерлер, жоғары сапалы бейнелік және дыбыстық тақшалар, кескінді бейнемагнитафоннан немесе бейнекамерадан түсіріп, оны ДК-ге енгізетін бейнеқармау тақшасы жатады.

Қосымша ақпар (электронды оқулықпен жұмыс)

Жаңа білімді бекіту кезеңі: «Лото» ойыны

Сұрақтары:



  1. Тышқанның соңғы үлгілері қандай? Болашақта қандай болуы мүмкін?

  2. Монитордың қандай үлгілерін білесің? Соңғы үлгісі қандай?

  3. Принтерлердің негізгі түрлерін ата? Ең ұтымды принтерді ата?

  4. Трекбол деген не?

  5. Сыртқа жадының соңғы үлгілері қандай?

  6. Планшеттік ДК, тасымал компьютерлер, дербес компьютер, қалта компьютерлері туралы айтып бер?
    Қалта компьютері (орыс. Карманный персональный компьютер, коммуникатор, КПК, ағылш. Personal Digital Assistant, PDA - «жеке санды хатшы», және Handheld computer) - кең ауқымды мүмкіндіктері бар ықшам есептеу құрылғысы.
    Дербес компьютер (қысқаша ДК) - компьютердің қазіргі уақытта ең кең тараған түрі болып табылады. Дербес компьютер бір мезгілде бір адамның пайдалануына арналған. Дербес компьютерлердің негізгі екі санаты бар: стационарлық және тасымалы компьютерлер.


  7. CD-R ,CD-RW дискілерінің айырмашылықтары неде?

  8. Модемь деген не, қызметі қандай?

  9. Флеш жадының қауіпті әсері қандай?

  10. Тасымал қатқыл дискінің ерекшелігі неде?

(«Болашақтың компьютерлері» видеоролик көрсетіледі.)

Үйге тапсырма: Тақырыпты оқып, үлестірілмелі материалдағы тапсырманы орындау

(сабаққа белсене араласқан оқушыларғы алғыс парақшаларын беріп, бағалаймын)

Сабақ аяқталды, сау болыңдар!



жүктеу 43.45 Kb.