Главная страница
Контакты

    Басты бет


Сабақ Тақырыбы: «Арман-жарқын болашақ бейнесі»

жүктеу 495.76 Kb.



жүктеу 495.76 Kb.
бет1/5
Дата27.02.2020
өлшемі495.76 Kb.

Сабақ Тақырыбы: «Арман-жарқын болашақ бейнесі»


  1   2   3   4   5

Кулагино орта мектебі



«Тәуелсіздік-ұлт тұғыры» тақырыбындағы тарих және өзін-өзі тану, бейнелеу, технология пәндер бірлестігінің 10 күндігінде өткізілген
Ашық сабақ
Тақырыбы:«Арман-жарқын болашақ бейнесі»

Сыныбы: 11

Пәні: өзін-өзі тану

Өткізген мұғалім: өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі: Н.Абуова

2016-2017 оқу жылы

«Бекітемін»

Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары: Г. Жалмукашева.

Мектеп: Кулагино орта мектебі.

Мерзiмі:13.12.2016 ж.

14 Сабақ. Тақырып:«Арман-жарқын болашақ бейнесі»

Құндылық: Дұрыс әрекет. Қасиеттер: сүйіспеншілік, ынтымақтастық, шыдамдылық

Мұғалiм: Н.Абуова Сынып: 11Оқушылар саны: 14


Сабақтың мақсаты:

«Арман» туралы түсініктерін кеңейту,арманның мәні,жету жолы туралы өзіндік пікір қалыптастыру мақсатында дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу



Сабақтың міндеттері:

- арман туралы,оның әлеуметтік,қоғамдық сипаты,арманға жету жолдары туралы ұғымдар қалыптастыру;

- Жеке бастың ісін қоғамдық ортақ тілекпен ұштастыра білуге үйрету,өзіне деген сезімін арттыру,өмірге құштарлыққа баулу;

- оқушыларды талдау,сараптау дағдыларын дамыта отырып,тұщымды ойдан лаззат табуға бағыттау,сезімін жетілдіру.



Ресурстар:

Оқулық, үнтаспа, қосымша материалдар,

компьютер


Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.

Мақал-мәтелдерді құрастыру арқылы сыныпты екі топқа бөлемін.

І. Ақылы жоқтың — арманы жоқ.

ІІ. Арманы жоқ жас — 


Қанатсыз қарлығаш.

а) Оқушылардың сабаққа қатысуларын және оқу құралдарын тексеру.

ә) 5Т-ны ескетүсіру.(тәртіп, талап, тыныштық, тазалық, татулық)

І.Тыныштық сәті. Баяу музыка қойылады.

Арқаларыңды тік ұстап отырыңыздар. Көздеріңізді жұмып, терең дем алыңыздар. Ескеріңіздер: әр ауа жұтқан сайын босаңсып, байсалды бо лыңыз. Қазір біз орманға серуенге бара жатырмыз. Елестетіңіздерші, сіздер сынып есігіне жақындап, есікті ашып, далаға шықтыңыздар. Таза ауамен демалып жатырсыз. Желдің шашыңызға тиіп жатқанын сезесіз және күннің көзі сіздің бетіңізді жылытқанын сезіп жатырсыз. Орманға қарай жүріңіз. Сақ болыңыз, келе жатқан жәндіктерді басып кетпеңіз! Бір минутқа тоқтап, айналаңызға қараңыз! Табиғаттың сұлу лығын сезініңіз! Кез-келген гүлге жақындап, еңкейіп, назар салып қара ңыз. Оны иіскеңіз және хош иісін сезініңіз. Айналаңызға назар салып, әрі қарай жүре беріңіз. Гүлдер мен ағаштардың жұпар иісін жұтып, құстардың сайрағанына, жәндіктердің дауысына, бәріне мән беріп жүріңіз. Орманның ішінде жүрген сайын ағаштардың биіктеп бара жатқанына назар салыңыз. Күннің шуағына назар салыңыз, жапырақ тардың желге қозғалғандағы үнін тыңдаңыз. Орманда біз өзімізді қауіпсіз және бақытты сезінеміз. Сіздер алаңқайға шықтыңыздар, мұнда бірнеше минут демаламыз. Қай ағаштың түбінде отырып демал ғыңыз келеді, таңдаңыз. Ағашқа жақындап, оны құшағыңызға алыңыз. Оның ішіндегі күш-қуатын сезініңіз. Енді оның астына отырып, діңіне арқаңызды тіреңіз. Көзіңізді жұмып, терең демалып, айналадағы тыныштыққа назар аударыңыз. (Осы кезде мұғалім бір-екі минут үзіліс жасайды). Біздің жанымыз тыныш, біз өзімізді бақытты сезі неміз. Табиғат қандай сұлу! Біз табиғатты қорғау керек екенін түсіне міз. Ешбір тірі нәрсеге жамандық жасауға болмайды. Естеріңізге сақта ңыздар. Бұл енді сіздің ағашыңыз. Оған кез келген уақытта келе ала сыз. Ал енді мектепке қайтуға дайындалыңыз. Тағы да бір рет айна лаңызға қараңыз. Асықпай, келген жолыңызбен жүріңіз, жәндіктерді ба сып кетпеңіз. Міне, біз мектептің есігіне де жеттік. Айналаңызға тағы бір рет қарап, таза ауамен терең демалыңыз, есікті ашып, орныңызға отырыңыз. Жаныңыздың тыныштығын сақтаңыз. Күлімдеп, көзіңізді ашыңыз!






  1   2   3   4   5

  • Арман-жарқын болашақ бейнесі» Сыныбы: 11 Пәні: өзін-өзі тану Өткізген мұғалім: өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі: Н.Абуова
  • Сабақтың мақсаты
  • Сабақтың міндеттері
  • Ресурстар
  • І.Тыныштық сәті.

  • жүктеу 495.76 Kb.