Главная страница
Контакты

    Басты бет


Сабақ Күні Сыныбы Сабақтың тақырыбы: Ақпарат Сабақтың мақсаты

жүктеу 0.81 Mb.



жүктеу 0.81 Mb.
бет2/5
Дата05.04.2017
өлшемі0.81 Mb.

Сабақ Күні Сыныбы Сабақтың тақырыбы: Ақпарат Сабақтың мақсаты


1   2   3   4   5

Жаңа түсініктер:

Есептеуіш техниканың даму тарихы

Есептеуіш техника дамымай тұрып адамдар қол саусақтарын, тастарды, ағаш таяқшаларды пайдаланды.

Есепшоттың пайда болуы деректерге қарағанда Қытай немесе Египетте 2000-5000 жылдар шамасында балған.

Есепшот Ресей де 16-17 ғасырларда пайда болған

17 ғасырдың аяғында шотландиялық Джон Непер логорифм түсінігін енгізді.логорифм кестесін құрды.

1761 ж.Ағылшын Д.Робертсон логарифм сызғышын жасады. Мұндай идеяны Исаак Ньютон ұсынған.

Ғасыр - 100 жылға тең уақыт бірлігі. Грегориан күнтізбесіне сәйкес алғашқы ғасыр 1 жылдың қаңтардың 1 басталып желтосанның 31де аяқталған.
Шотландия ( ағылш. мен скотс. Scotland, кельт. Alba) - Ұлыбританиядағы тарихи аймақ. 17 ғасырдың ортасына дейін тәуелсіз мемлекет болды. Ұлыбритания аралының солтүстік бөлігінен және оған жанасып жатқан ұсақ аралдардан, сондай-ақ Гебрид, Оркней және Шотланд аралдарынан құралады.
Исаак Ньютон, ағылш. Sir Isaac Newton ( 4 қаңтар 1643 жыл - 31 наурыз 1727) - ағылшын физигі, математигі, астрономы, табиғи философы, алхимигі және теологы, Корольдік қоғамның мүшесі . Оның 1687 жылы жарық көрген Табиғи философияның математикалық бастамалары (латынша: «Philosophiæ Naturalis Principia Mathematica») деген кітабы ғылым тарихындағы ең ықпалды шығарма болып саналады.

1642 жылы француз математиці Блез Паскаль 19 жасында дүние жүзінде бірінші рет қосу машинасын жасады.

Блез Паскаль Блез Паскаль (фр. Blaise Pascal, Маусымның 19, 1623 жыл-Тамыздың 19, 1662 жыл) - XVII-ғасырда өмір сүрген француз математигі және физигі, пәлсапашы, әдебиетшісі. Математикалық анализ, ықтималдық теориясының, кескіндік геометрияның негізін салушылардың бірі, гидростатиканың негізгі заңының ауторы.

1694 ж неміс математиці Лейбниц Паскаль механикалық есептеу машинасын арифмометрі құрды.Есептеуіш техниканың XIX ғасырдан қарқындап дами бастады.

1833 жылы алғашқы есептеуіш автоматтың авторы Чарлз Бэббидж аналитикалық машинаның жобасын жасады.Он казіргі кезде компьютердің атасы деп атайды.

Дүние жүзі бойынша алғашқы 1846 жылы Бэйббидж машанасына бағдарлыма жасаушы Ада Лавлейс бірінші бағдарламалаушы деп аталынған.

Бағдарламалаушы (Программист) - есепке талдау жасайтын және оны бағдарламалау тілінде жазатын адам.

XIX ғасырдың соңында американдық Герман Халлериат есепші перфарциялық машинасын құрды.Холлериат 7 жыл бойы пайдаланылды. Холлериат есепші-перфорациялық машинаны жасайтын фирманың негізін қалады. 1944 американ математигі Говард айкен Горвард Марк-1 автоматты есептеуіш машинасын құрды.Бірінші электронды машиналар 1946 жылы Пенсильван университетінде ENIAC деп аталды, 1949 жылы EDSAC машинасы құрастырылды.
ЭЕМ буындары:

Бірінші буында – бірінші электрондық машиналар 1940-1955 жылдар

Екінші буынға 1955 жылдан бастап, жартылай өткізгіштер, транзисторлар пайда бола бастады.

Транзистор (ағылш. transfer - тасымалдау және resistor - кедергіш) - электр тербелістерін күшейтуге, оларды тудыруға және түрлендіруге арналып жартылай өткізгіш кристалл негізінде жасалған электрондық құрал.


Үшінші буынға – интегралдық негізінде құрылған ЭЕМ-дер. Қазіргі кездегі компьютерлер төртінші буынға жатады.

Төртінші буынға - ЭЕМ –лар қолданылуда.

Бесінші буындағы компьютерлер әлі шыққан жоқ. ЭЕМ-ді жасау ісі қолға алынуда.

Сабақты бекіту сұрақтары:

  1. бірінші электронды-есептеуіш машина қалай аталған? Ол қай жылы жасалды?

  2. Марк-1 машинасы қандай элементтерде жатады?

  3. Бұрынғы Кеңестер Одағында бірінші ЭЕМ қай жылдары жасалды? Оны кім жасады?

  4. ЭЕМ буындарын атаңдар. Олардың бір-біірнен йырмашылығы неде?

  5. Қазіргі дербес компьютерлер қай буынға жатады?

Электронды оқулықпен жұмыс. Тапсырмалар 1,2,3

Үйге тапсырма: Есептеуіш техникасының даму тарихы.

5 сабақ

Күні________ Сыныбы____________________

Сабақтын тақырыбы: Дербес компьютер. Компьютердің құрылысы.

Компью́тер (ағылш. computer - «есептегіш»), ЭЕМ (электрондық есептеуіш машина) - есептеулерді жүргізуге, және ақпаратты алдын ала белгіленген алгоритм бойынша қабылдау, қайта өңдеу, сақтау және нәтижесін шығару үшін арналған машина.
Баспа құрылғылары

Сабақтын мақсаты: Аппараттық құрылыстыру.

Білімділік: Оқушыларды ДК-мен, оның негізгі блоктарымен, және олардың

міндетімен таныстыру. ЭЕМ-нің мүмкіндіктерінкөрсету. Компьтердің

негізгі құрылғылары –процессормен, ЖЖҚ-мен таныстыру;

Тәрбиелік: Оқышылардың тәрбиелікке,ұқыптылыққа үйрету.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық –абстракциясын дамыту.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, инт.тақта, электронды оқул.

Сабақтың өту барысы:

1. Оқушыларды ұйымдастыру.

2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

3. Жаңа тақырыпты тексеру.

4. Тапсырмаларды орындау.

5. сабақты бекіту.

6. Үйге тапсырма беру.

Жаңа түсініктер:

Компьютер “сөзі” есептеуіш” дегенді білдіреді, яғни есептеуге арналған құрылғы.компьютер-деректерді бағдарламалап өңлдеуге арналған электрондар құрылғы.Қазіргі компьютерлер тек есептеп қана қоймай, цифрлық емес (мәтіндер,дыбыстар, графика және т.б.) ақпаратты өндейді, әр түрлі технологиялық процесттерді, деректер базасын және басқаларды басқарады.Бұл типті компьтерлерді дүние жүзінде жүздеген өндірушілер шығарады.Олар өзара өнімділігімен, жадының сыйымдылығымен және бірқатар функционал мүмкіндіктерімен ерекшеленеді.

Функционал - бір не бірнеше функцияға тәуелді болатын айнымалы шаманы білдіретін математикалық ұғым. Ол алғаш рет вариациялық есептеуде пайда болған. Берілген тұйық қисық сызықпен шектелген аудан, белгілі бір жол бойындағы күш өрісінің жұмысы, т.б.
ДК-сі. Бірақ.ДК-лердің барлық типтерінің ақпарат өндеу және адаммен қарым-қатынас жасауының негізгі принціптері бірдей. Дербес компьютер өнеркәсіп бұйымы ретінде өзара жалғастырушы кабельдермен байланыстырылған бірнеше блоклардан тұрады.

Блоктардың номенклатуруасы әр түрлі болуы мүмкін,бірақ кез келген компьютер жұмыс істеуі үшін, үш блоктан тұратын жинақ керек. Басқа құрылғылардың барлығы қосымша деп аталады.Оларға принтер, ыбыс колонкалары, құлаққап, микрофон, модем, сканер, маус, трекбол, терте жатады.

Принтер (ағылш. printer) - мәтін мен кескіндерді қағазға немесе басқа да басып шығарылатын арқауларға шығаруға арналған құрылғы, ЭЕМ-ның ақпарат басып шығаруға арналған перифериялық құрылғыларының бір түрі.
Компьютердің аталған негізгі жинағының басты элементі-жүйелік блок. ДК жүйелік блогы – компьютердің негізгі тораптары орналасқан тік төртбұрышты қорапша, онда: микропроцессоры мен жедел жады және т.б. аналық тақша, адаптерлер, қоректендіру блогы, иілгіш және қатқыл дискідегі жинақтауыштар, контролер ажыратпалар орналастырылған.

ДҚ (дербес компьютер деп аталуының – бір-ақ адам қолданады) қазіргі кезде көпшілік арасында кең тарай бастады. Кез-келген компьютерлер бірнеше құрылғыдан тұрады.



Монитор, жүйелік блок, пернетақта, мультимедиа колонкасы, модем, маус.
Микропроцессор - жүйелік тақтаның ең маңызды құраласы, ол деректерді тікелей өңдейді, атап айтқанда, бөлектелген деректермен арифметикалық және логикалық амалдарды орындайды. Микропроцессор - бір немесе бірнеше үлкен интегралды кестеде орындалған, берілісті өңдейтін бағдарламалық құрылғы; көліктердің автоматты басқару агрегатында қолданылады.
Мультимедиа (Multimedia) - компьютерде дыбысты, ақпаратты, тұрақты және қозғалыстағы бейнелерді біріктіріп көрсету үшін жинақталған компьютерлік технология. Ол ақпаратты кешенді түрде бейнелеуді - мәліметтерді мәтіндік, графикалық, бейне-, аудио- және мультипликациялық түрде шығаруды - жүзеге асырады.

Бұл құрылғылардың ең негізгісі Монитор, жүйелік блок, пернетақта.



Компьютердің барлық құрылғылары оның артындағы ажыратып қосқыштар арқылы ажыратылады. Компьютердің процессоры мен жедел жадысынан басқалары оның сыртқы құрылғылары болып табылады.Олар: монитор, пернетақта,принтер,маус,модем.Әрбір сыртқы құрылғы процессормен арнайы блоктар – адаптер немесе контролер арқылы жалғасады. Контролер немесе адаптердің міндеті – процессордан келіп түскен ақпаратты құрылғылардың жұмысын басқаратын сәйкес сигналдарға айналдыру.

Жүйелік блок-мұнда компьютердің негізгі құрылғылары орналасқан. Компьютерді қосып өшіру батырмасы, дискжетек, компакт-дискіні оқитын CD-ROM орналастырылған. Жүйелік блоктың ішінде аналық плата, процессор, CD-ROM, бейнетақташа, дыбыс тақташасы мен т.б. бар.

Процессор- компьютердің ең басты бөлігі.Ол компьютердің «миы». Ол бүкіл компьютердің жұмысын басқарады және бағдарламадағы барлық командаларды орындайды.
Команда (command, instruction) - 1) программалау тілдерінде - кез келген операцияны орындауды және оған керекті мәліметтерді (операндыны) бейнелейтін өрнек; компьютер атқаруға тиіс операция сипаты; 2) ақпаратты өңдеу процесіне байланысты атқару құрылғысында жүйенің белгілі бір операцияны орындауын талап ететін басқару сигналы; 3) программа орындау процесінің адымын анықтайтын ұйғарым.
Іс жүзінде компьютердің орындайтын жұмысының бәрін оның бас микросхемасына – микропроцессор атқарады. Қазіргі кезде ең көп тараған «пентиум» процессор. Сондықтан компьютер де пентиум деп аталады.Процесор жадпен жұмыс істейді.Жад микросхемасынан процесор өзіне қажетті ақпаратты алады.

Жедел жад-бұл компьютердің ішкі жады.Жедел жад немесе оперативті жадтайтын құрылғы (ОЖҚ) – ол қажет ақпараттарды өзіне жылдам жазуға және одан оқуға мүмкіндік береді.Бірақ онда ақпараттар уақытша сақталады, яғни компьютерді өшіргенше.Егер компьютерді өшірсе онда жедел жадтағы барлық ақпарат өшеді. Компьютердің ішкі жадысының екі түрі бар:тұрақты жадтайтын құрылғы ТЖҚ (ОЗУ) – ақпартты уақытша сақтайтын жад. Енгізу құрылғылары: пернетақта, маус,джойстик,өлшеу аспаптары, сканер.
Аспаптар (саймандар) панелі (Панель инструментов; toolbar) - 1) Windows жүйесінің әрекеттерді орындау батырмалары орналасқан басқару тақтасы; құрамында опцияның іске қосылғанын (қосылмағанын) көрсететін, әр түрлі әрекеттерді атқаратын көптеген жалаушалар мен қанатбелгілер болады.
Шығару құрылғысы – принтер, диспей, графопроектор.

Дисплей – компьютердің экранына ақпаратты шығаратын құрылғы. Дисплей: электрондық – сәулелі түтікшеден (ЭСТ) (электронная лучевая труба ЭЛТ), қоректендіру блогынан және сәулелі басқарушы электрондық блоктан тұрады. Монитор түрлі түсті монохромды болады.

Монитор-ақпаратты компьютер экранына шығару құрылғысы. Мониторды екі белгісі бойынша жіктеуге болады.

Бейнелеу түсі бойынша

Шығаратын ақпараты бойынша

Монохромдық (қара, ақ, градияциясы сұр)

Символдық, (тек мәтіндік ақпаратты бейнелейді)

Түрлі түсті

Графикалық (графиктерді, суреттерді шығаруға мүмкіндік береді)

Пернетақта (Клавиатура)

Пернетақта - компютерге ақпарат енгізетін құрылғы. Онда 101 немесе 105 перне болады .Таңбалық деректерді енгізу қызметін атқарады және негізгі енгізу құрылысы болып табылады.

Пернетақтаның әрекетерінің прициптері:

1.Пернені басқанда пернетақтаға орнатылған арнайы микросхема идентификациялайтын скан-код жіберіледі.

2. Скан-код микросхемаға түседі, ол өз кезегінде процессорға бекітілген нөмірі бар түзу береді.

3. Үзуді алып, процессор ағымдағы жұмысын кейінге қалдырып, түзуге нөмірі бойынша түзуге қызмет жасайтын бағдарламаныңадресін табады.

4. Үзуді өңдегеннен кейін процессор аяқталмаған іске қайта оралады.

5. Енгізілген (бірақ өңделмеген) символдар пернетақтаның буферіне түседі де, оған арналған бағдарлама оларды алып кеткенше сақталады.



Шартты түрде пернетақтаны 5-бөлікті бөлуге болады:

-басу пернетақтасы (алфавитті- цифрлық және таңбалық ернелер)

-функционал пернелер: F1-F12

-арнайы операциялар пернелері: Enter, Esc, Tab6, Ctrl, Alt, BackSpace

-меңзерді басқару және редакциялау пернетақтада.

-сандық пернетақта.



Функционалдық пернелер- Олар символдық пернелердің үстінде орналасқан. Олар компютердің күрделі операцияларын тез орындай. Әр түрлі программаларды әр түрлі қызмет атқарады.

Символдық пернелер – пернетақтаның негізгі бөлігі. Символ, цифр енгізуге болады.

Нұсқаушы немесе меңзерді экранда басқару пернесі. Меңзерді экранда жылжытуға арналған.
Жылжыту (Подкачка; paging, swapping) - виртуальдық жадтың беттерін немесе сегменттерін ауыстыру; осы сәтте жедел жадқа қажетті ақпаратты орналастыруды жасақтайтын жедел жад пен сыртқы жад арасындағы мәселелер тіркесін ауыстыру.


Цифрлық-қосыма NumLock пернетақта арқылы қосылып ажыратылады.

Enter - енгізу пернесі – белгілі бір әрекетті аяқтағанда басылады.

Бос орын – символдарды бір-бірінен ажыратады.

немесе Backspace пернесі алдыңғы символды өшіреді.



Shift - бұл кіші әріптерді алкен етуге және керісінше орындауға болады.

Caps Lock - алкен әріптер енгізіледі.

Delete - меңзердің оң жағында орналасқан символдарды өшіреді.

кейбір амалдарды орындау үшін пернелердің комбинациясын пайдаланады. Ctrl Alt



Тышқан. Қазіргі кездегі компьютерлер тағы да бір ақпараттарды енгізу құрылғысы – «Тышқан» манипуляторымен жабдықталған. Бұдан былай оны тек тышқан (маус) деп қана атайтын боламыз. Оның аты тышқан деп бекер аталмаған. Себебі ол-сұр түсті, тышқанның құйрығына ұқсайтын компьютерге жалғанған иілгіш сымы бар қорап. Ол алақанға ыңғайлы және кілемше бетінде еркін жылжитын арнайы құрылғы.

Джойстик. Джойстик деген компьютерлік ойындарда экрандағы жылжитын обьектілерді басқаруға арналған рычагты манипулятор.

Принтер. Ақпараттарды қағазға басып шығаратын құрылғы. Ол дисплейге не шығарылса, соның бәрін қағазға басып шығаруға мүмкіндік береді. Принтерге мәтіндік, кестелік, графикалық ақпараттарды шығаруға болады. Принтердің үш түрі бар: матрицалық, сия бүріккіш, лазерлік.

Матрицалық принтерлер – бұл қарапайым басу құрылғылары. Деректер қағазға инелердің бояйтын таспа арқылы соғуының нәтижесінде пайда болады.

Лазерлік принтерлер полиграфиялық баспадан кем емес баспа сапасын қамтамасыз етеді.
Манипулятор (французша manіpulateur; латынша manіpulus - уыс, manus - қол) - 1) кеңістіктегі нысанды (бұйым, дайындама, зат) өңдеуде, орнын өзгертуде, т.б. адам қолының қимылына ұқсас қозғалыс функцияларын атқаратын жұмыс органымен жабдықталған механизм.
Полиграфия (поли… және …графия)- мәтіндік және графикалық материалдарды басып шығаруға арналған техникалық құралдар жиынтығы; техника саласы. Полиграфияның негізі 1440 ж. неміс өнер тапқышы И.Гутенбергтің (1406 - 1468) кітап басуды ойлап табуынан бастап қаланды.
Олар минутына бет баспаға шығу жылдамдығымен өлшенеді. Сия бүріккіш принтерлер. Кескін бояудың тамшыларының қағазға түсуінің нәтижесінде айда болады. Сиябүріккіш принтерлер түрлі түсті баспадан кеңінен қолданылады

Сыртқы жад – сыртқы жад ретінде магнитті диск пайдаланылады. Дискілер қазіргі дербес компьютерлерде ақпарат тасушы болып табылады, олар ақпаратты тұрақты түрде сақтауға арналған. Магнитті дискілердің екі типі болады. Бірінші типке иілгіш, алмалы-салмалы дискілер немесе дискеттер жатады.

Компакт –дискілер. Компакт дискіні лазерлік дискі деп те атайды. Оның сыйымдылығы өте үлкен, олардағы ақпаратты тек оқуға болады.
Сыйымдылық (Емкость; capacity) - 1) компьютер жадына, сақтау құрылғыларына жазуға болатын мәліметтердің ең көп мөлшері (өлшем бірліктері: бит, байт, сөз немесе таңба). Биттермен, байттармен (Кб, Мб, Гб), символдармен немесе сөздермен өлшенеді; 2) байланыс арнасында - мәліметтер жеткізу (өткізу) мүмкіндігі (бір секундта өткізілетін мәліметтер көлемі); 3) машиналық сөздің немесе регистрдің ұзыңдығы.
CD-R компакт –дискілеріне басқа жаңа ақпараттар жазуға немесе ақпараттарды қайта жазуға болмайды. Ал CD-RW дискілеріне ақпаратты жазуға, қайта жазуға болады.

Флэшка - жинақтауыштар және жады карталары. Флэшка – ақпаратты сақтау үшін ең қолайлы контейнер болып табылады.
Контейнер - автомобиль, темір жол, теңіз, әуе көлігімен жүктерді тасымалдауға және бір көлік құралынан екінші көлік құралына механикаландырылған түсіріп-тиеу үшін икемдестірілген стандартты көп айналымды ыдыс (тара).
Оларға 32 Мбайт-8 Гбайт дейін ақпарат сақтауға болады. Салмағы жеңіл, қолайлы флэшкаларды USB –портқп қосады, секундына 1-10 Мбайт жылдамдықпен ақпарат жазуға болады.
Секунд - (лат. secunda dіvіsіo - екінші бөліну) (бастапқыда градустың, одан кейін сағаттың) - 1) уақыттың жүйелік бірлігі; СИ жүйесіндегі өлшем бірлігі. Белгіленуі - С; 1 с - Cs атомының (өлшемдер мен салмақтар бойынша 13-Бас конференцияның резолюциясы бойынша, 1967) аса жұқа екі деңгейінің арасынан өткен сәуле шығаруының 9 192 631 770 периодына тең.


Сканер - қағаздағы кескінді (жазуды , суретті) түсіріп, дисплей экранына шығаруға мүмкіндік беретін құрылғы. Оның көмегімен суретті, графикті, мәтіндерді сканерлеуге (түсіріп алуға) болады.

Тапсырмалар: Электронды оқулықпен жұмыс тапсырма №1,2,3

  1. Пернетақта тренажерімен жұмыс істеу.

Үйге тапсырма: Дербес компьютермен. Компьютермен танысу. Компьютердің құрылымы.

6 сабақ



Күні________ Сыныбы____________________

Сабақтың тақырыбы: Жұмыс істеудің бастамасы. Тышқанмен жұмыс істеу.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларды Windows ортасының ерекшеліктерімен, жұмыс үстелі түсінігімен таныстыру, есептер тақтасын, «Пуск» батырмасын және басты менюді жұмыста қолдануға үйрету және «Маус» монипуляторын меңгеру.

Дамытушылық: Оқушылардың компьютерде жұмыс істеуде қабілеттерін, логикалық – абстракциясын дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды тәрбиелікке, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа үйрету.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, инт.тақта, электронды оқулық

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру

  2. Өткен материалды қайталау сұрақтары

  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру

  4. Тапсырмаларды орындау

  5. Сабақты бекіту

  6. Үйге тапсырма беру

Өткен материалды қайталау сұрақтары:

  • Компьютердің құрамына кіретін негізгі құрылғыларды атаңдар

  • Монитор, жүйелік блок, пернетақта

  • Компьютер жадысының қандай түрлері бар

  • Тұрақты жад пен жедел жатың айырмашылықтарын айтыңдар

  • Ақпаратты енгізу – шығару құрылғыларын атаңдар

  • Жадтың сыртқы тасуыштарын сипаттаңдар

  • Мониторлардың түрлерін атаңдар

  • «Пиксель» деп нені айтады

  • Пернетақтаның қандай блоктары бар

  • Принтердің түрлерін атаңдар, оларға сипаттама беріңдер.

Жаңа түсініктер:

Windows – тың негізгі функциясы – осы орта үшін арнайы құрылған бағдарламалардың жұмысын басқару.

Windows – бұл компьютерлік технологияның жаңа деңгейі. Ол деректермен жұмыс жасаудың объектілі – бағдарланған әдістемеге негізделген. Microsoft Windows 98 ортасының ерекшеліктері:


  • пайдаланышының интерфейсін стандарттау;
    Стандарттау, үлгіқалыптау (ағылш. standardization) - есептеуіш техниканың аппараттық және программалық құралдарын ерекшелігі бойынша өндіру мен пайдалану тұрғысында қабылданған келісім; стандарттарды, нормалар мен ережелерді және т.б.


  • көлемі оңдаған Мбайт жедел жадты тиімді басқару;

  • жаңа сыртқы құрылғыларды қиындықсыз қосу мүмкіндігі;

  • бағдарламалардың функциясын интеграциялау, яғни басқа бағдарламалардың жасалған объектілерді нақты бағдарламада қолдану мүмкіндігі;

  • көп мәселелік, яғни бірнеше қолданбаны қатар орындау және бір бағдарламадан екіншіге оңай ауысу мүмкіндігі;

  • графикалық режімді басым қолдану;

  • жергілікті желі және Internet желісінде жұмыс істеуді қолдаудың құрамдас

Windows- графикалық операциялық жүйе, оның негізгі обьектілері терезе белгішелер түрінде бейнеленеді.

Windows- тің обьектілірі- терезе, жұмыс столы, шартбелгілер, жарлықта бумалар, тышқан, мәлімет алмастыру буфері.

Алмастыру - белгілі бір n элементті қандай да бір ретте (тәртіпте) қайталамай орналастыру. Берілген n элементтен барлығы әр түрлі n! = 1*2...n Алмастыруы жасалады. Алмастыруға байланысты көптеген есептер ауыстыру терминдері арқылы тұжырымдалады.

Windows ортасында жұмыс столының рөлін дисплей экраны орындайды. Он жұмыс істейтін программалардың терезелерді, құжаттардың жеке файлдары шарт белгіде түрінде орналасқан.

Шартбелгі бетіндегі қысқаша жазуы бар кішірейтілген графикалық бейне, дисплей экранындағы программаны, терезені, құжаттардың жеке файлдары командалық файл.

Қапшық экранда каталогтарды және программалық топтарды белгілеу үлгі қолданылады.Бума бұл обьектілер қоймасы.

Тышқан - тетігімен орындалатын ең негізгі операция экран бетімен сілтемені қозғалуы болып табылыды

Мәлімет алмастыру буфері - әр түрлі программалар немесе құжаттар арасында мәлімуттерді тасымалдап, олрдың фрагменттерін бір біріне ауыстырып отыру үшін қолданылатын жады бөлігі.

1   2   3   4   5


жүктеу 0.81 Mb.