Главная страница
Контакты

    Басты бет


Сабақ жоспары «Бекітемін» Оқу ісінің меңгерушісі

жүктеу 2.39 Mb.



жүктеу 2.39 Mb.
бет15/16
Дата05.04.2017
өлшемі2.39 Mb.

Сабақ жоспары «Бекітемін» Оқу ісінің меңгерушісі


1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16

Сабақтың көрнекілігі: түсаукесер, тапсырма карточкалары.

Сабақтың әдістері: түсіндіру, сөйлеу, сүрак-жауап, көрнекілік қолдану, тэжірибелік әдіс. Сабақтың типі: тэжірибелік элементі бар жаңа тақырыпты түсіндіру сабағы.

Өтілетін орны: информатика сыныбы.

Сабақтың барысы

  1. ¥йымдастыру кезеңі

Оқушыларды ұйымдастырып, түгендеу.

  1. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі

Үйге берілген тапсырманың орындалуын тексеру

  1. Жаңа тақырыпты түсіндіру кезеңі

Теория

Факсимильдік (фототелеграфтық) байланыс қазір кең қолданылады. Факстың ең құнды жері ол аппарат арқылы тек қана мэтінді құжаттарды ғана емес, кестелі кұ- жаттарды да тез арада екінші адамга немесе екінші мекемеге жеткізуге болады. Факс арқылы мэтіннің, кестенің, кескіннің, қол қойылған кез келген құжаттың дэл сол күйінде қайталанған нүсқасы екінші мекемеге жеткізіледі. Сондықтан да дэл қазір факсты алмастыратын байланыс түрі аз. Қазіргі кезде еліміздің көптеген мемлекеттік, жеке кәсіпорындары мен мекемелерінің офистері жаңа заманның кабылдау - хабар- лау аппараты - факспен жабдықталған. Факстың жеткізу жылдамдығы өте жогары, себебі факс арқылы жіберілген кез келген құжат санаулы минуттардан кейін-ақ адрес иесінің қолына тиеді. Факс арқылы жіберілетін қүжат А4 кейде А5 формалы бланкіге толтырылады. Фотография, сызба, кесте, т.б. үлкен көлемді қүжаттар алдын ала кішірейтілуі керек.

Факс арқылы жіберілетін ісқағаздардың қүрылымы:



жіберушінің толық мекенжайы үсақ қаріптермен бланкінің сол жақтагы бұрышына жоғарылау жазылады.

  • жіберуші мекеменің аты бланкінің оң жагына жогарылау жазылады.

  • бланкінің ортасына «факс арқылы» деп үлкен қаріптермен жазылады.

  • алушының аты-жөні сол жаққа, барыс септігінде жазылады. Мысалы, кімге: Самиров Сабыр Самырүлына.

  • жіберушінің аты-жөні оң жаққа шығыс септік түлгасында жазылады.
    Септік орыс. падеж - сөйлемдегі сөздерді бір-бірімен байланыстырып, олардың арасындағы синтаксистік қатынастарды көрсетіп, өзі жалғанған сөзге заттық ұғымға қатысты грамматикалық мағына үстейтін қосымша.
    Мысалы, кімнен: Досымбеков Досжан Едігеүлынан.

  • одан төмен сол жаққа факс нөмірі жазылады. Мысалы, факс: 13-01.

  • оң жақ шетке, қүжат көлемінің неше беттен тұратыны жазылады. Мысалы, көлемі: 7 (жеті) бет.

факс нөмірінің төменгі жагына мэлімет немесе ақпарат жіберілген аппарат нөмірі жазылады. Мысалы: 8 - 727243-50-66.

  • оң жаққа, кұжат көлемі жөніндегі мәліметтің төменгі жағына дата, қажет жағдайда жіберілген сағаты көрсетіледі.

  • сол жақ шетке, аппарат нөмірінен төмен, факс аркылы жіберілетін хабардың такырыбы жазылады. Мысалы: 1 жартыжылдық есеп.

  • оң жаққа, кажет болған жағдайда датамен төмен құжаттың көшірмесін алушы адамның аты-жөні жазылады. Мысалы, көшірмесі: Аяпов Эли Әбиолдаұлына.

Осыдан кейін бланк көлденең жіңішке сызықпен сызылады да, сызықтан кейін «Тез

қаралуға тиіс», «Құпия», «Қажетті белгілер соғу үшін» сияқты қосымша ескертулер жазылады. Бұдан кейін де көлденең жіңішке сызық сызылып, негізгі мэтін жазылады. Мекемеге факс арқылы жіберілген цұжаттар арнайы журналга тіркеледі.

Бұйрық. Бұйрық - мекемедегі, үйымдағы, кэсіпорындағы кадрларға байланыс мэселелерді ірікгеу жэне орналастьфу, азаматгарды жұмысқа қабылдау және босату, баска жұмысқа ауы- стыру мэселелерін шешуге бағытгалған ресми кұжаттардың бір түрі. Бұйрықтың азаматтардың өтініші, арызы, мінездемесі, жеке іс-парағы сиякты кұжаттарға кагысы бар. Өйткені бұлардың барлығы да еңбек кітапшасында тіркеледі. Ал еңбек кітапшасы азаматтардың еңбек ету, демалу, білім алу, зейнетакымен камтамасыз ету кұқыктары туралы мэліметгер жинактайды. Бұйрық белгілі бір ұйым, мекеме басшыларына сол ұйым мекемелердің алдында іүрған негізгі жэне нақгы мэселелерді тікелей жэне басқару негізінде шешуіне мүмкіндік беретін кұкыктык акт. Бұйрық ретіне қарай жеке адамға да, мекеменің жалпы іс-әрекетіне де қатысты болады. Жа- зылу кұрылысы: қағаздың сол жақ бұрышына іскағазының аты, күні, нөмірі, жазылған жері, бұйрықтың такырыбы жазылады. Одан эрі мазмұны, соңына бұйрық берушінің кызметі, аты- жөні жазыльш кол қойылады, мер басылады. Мазмұны екі бөлімнен: дэлелдеме жэне бұйрық бөлімінен тұрады. Екі бөлімнің аралығын «Бұйырамын» сөзі байланыстырады.

Аньщтама. Анықтама - белгілі бір деректі дэлелдейтін, растайтын, сипаттайтын кұжат. Ол көп жағдайда жеке адамға байланысты нақты ақпаратты растау үшін беріледі. Мысалы, тегі, туған күні, туған жері, қызмет орны, жалақысы, отбасы жағдайы, оқу ор- ны туралы мэлімметтер. Берілетін анықтамалар нөмірленеді. Анықтама мазмұны қысқа болады. Ең алдымен жолдың ортасынан «Анықтама» деген сөз, сосын азат жолдан анықтама мәтіні жазылады. Онда анықтама кімге, не үшін берілгені жэне қай мекемеге берілгені көрсетіледі. Соңында мекеме басшыларының қолы қойылып, мекеме мөрі басылады жэне жарамдылық мерзімі жазылады.

ісқагаздары қолданылуына қарай төмендегідей қызмет атқарадьі:

  • жеке тұлғалар арасындағы қатынасты реттеуші; жеке адам мен қоғам арасындағы қатынасты реттеуші;

  • эртүрлі мекеме, ұйымдардың өзара байланысын реттеуші;

  • мекеме, ұйым жұмысын ұйымдастыру тэртібін негіздеуші; жеке адам мен когам өміріне қатысты оқиғаларды айғақтаушы; мемлекеттік басқару ісін жүйелеуші;

  • тарихи құбылыстарды зерттеудің кайнар көзі;

  • мекеме мен ұйымның атқарған істерінің көрсеткіші;

  • мемлекеттік тілдің жүзеге асуының нақты көрсеткіші. ісқагаздарыныц сипаттары:

  • саяси (мемлекетішілік, мемлекетаралық, халықаралық қатынастарда);

  • элеуметтік (қоғамдық-элеуметтік қатынастарда);

  • ұйымдастырушылық (басқару қызметі жүйесінде);

құқықтық (заңдық жэне жеке тұлғалар арасындағы қатынастарда);

тарихи (эр дэуірдің, қоғамдық сатының өзіндік ерекшеліктеріне сай катынастарда).

  • ресмилік (міндетті түрде заңдық тұрғыда тіркелуінде). ісқагаздарын құжаттау үдерісініц элементтері: құжаттарды дайындау;

  • құжаттарды жолдау, тіркеу;

сырттан келген құжаттарды қабылдау, тіркеу;

  • құжаттарды қолдануға дайындау; құжаттардың жұзеге асырылуын бақылау; құжаттарды мұрағат қорына дайындау.

ісқагаздарын қазақ тілінде жүргізудің жолға қойылуы арнайы ұйымдар мен ресми құжаттар екі кезең арқылы XX ғасырдың 20-жылдарынан бастап жұзеге асырылады.

  1. кезең:

Қазақ АССР Халық комиссарлар комитетінің 1921 жылы 2 ақпанда жарық көрген.
Ақпан - қазіргі Григориан күнтізбесіндегі 2-ші келетін феурал айына сай қазақша атауы.


  • «Республиканың мемлекеттік мекемелерінде қазақ жэне орыс тілдерін қолдану тура- лы» декреті;

  • Қазақ АССР ОАК-тің 1923 жылғы қарашадағы «Қазақ тілінде ісқагаздарын жүргізуді ендіру туралы» декреті;

  • Қазақ АССР ОАК Президиумының «Қазақ тілінде ісқагаздарын енгізу жөніндегі орталық комиссия туралы ережені бекіту туралы» қаулысы;

Қазақ АССР Еңбек Халық Комиссариатының 1924 жылғы 21 шілдедегі «Қазақ тілінде іс жүргізуді енгізуге байланысты қызметкерлерді жұмыстан босату жэне оларды қазақ тілінде сөйлеп, жаза алатын қызметкерлермен алмастырудың тэртібі жөніндегі» қаулысы;

  1. кезең:

1989 жылғы Қазақ ССР-інің Тіл туралы Заңы;

  • 1990 жылғы «Қазақ тілін жэне Қазақ ССР-індегі басқа да ұлт тілдерін дамытудың 2000 жылға дейінгі кезеңдерге арналған мемлекеттік бағдарламасы»;

  • 1993, 1995 жылдардағы ҚР Конституциясы;
    Конституция, Ата Заң ( латынның лат. constitutio - яғни «құрылым» сөзінен шыққан) - Мемлекеттің негізгі заңы, елдегі барлық басқа заңдарға қатысты жоғары заңды күшке ие заң немесе заңдар тобы.


1989 жылы құрылған Халықаралык «Қазақ тілі» қоғамы;

1993 жылы Қазақстан Үкіметі жанынан құрылған Тіл комитеті;

  1. Бекіту кезеңі

  2. Қорытынды кезең

  1. Бүгінгі сабақта не үйрендік? Не білдік?

  2. ісқағаздарының негізгі қызметі қандай?

  1. Үйге тапсырма

Хаттама, бұйрық іс құжатын дайындаңдар.

  1. Бағалау кезеңі

Сабақтағы белсенділіктеріне, тақырыпты меңгеру, тапсырманы орындау деңгейлеріне байланысты оқушыларға бағалар қойылады.

САБАҚ ЖОСПАРЫ «Бекітемін»

Оқу ісінің меңгерушісі «___________» ________2014 ж ___________________

Пән аты: Информатика

Класы: 10 «Б»

Қоғамдық - гуманитарлық бағыт

Сабақтың тақырыбы: Анимациялық роликтер мен баннерлер жасау

Сабақтың мақсаты:


  • Анимациялық роликтерді, баннерлерді жасауды үйрету.

  • Жаңа тақырыпты оқыта отырып, эртүрлі программаларда жұмыс істеу дағдысын дамы- ту. Ойлау қабілеттерін дамыту.

  • Шығармашылық қызығушылықтарын арттыру. Әдемілікке, ұкьгптылықка баулу.

Сабақтың көрнекілігі: түсаукесер, тапсырма карточкалары.

Сабақтың әдістері: түсіндіру, сұрак-жауап, көрнекілік қолдану.

Сабақтың типі: тэжірибелік элементі бар жаңа тақырыпты түсіндіру сабағы.

Өтілетін орны: информатика сыныбы.

Оқушылар білуі тиіс: Flash MX-те жұмыс істеуді.

Оқушылар меңгеруі тиіс: анимациялық роликтерді, баннерлерді жасауды.

Сабақтың барысы



  1. ¥йымдастыру кезеңі

Оқушыларды ұйымдастырып, түгендеу.

  1. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі

Үйге берілген тапсырманың орындалуын тексеру

  1. Жаңа тақырыпты түсіндіру кезеңі

Теория

Соңғы кездері оқушылардың да эртүрлі тақырыпта ролик жасауға деген қызығушылықтары артып жүрген болар. Оның бір себебі, жақын достары не туыстарына қүттықтау үшін қағаз ашық хат емес бейнелі, эсерлі құттықтау үсынғылары немесе қап болып үйіліп қалған фотосуреттерден бір эдемі бейне фильм жасағылары келетіндігінде де болар. Эрине, жиналған фото, аудио, видео материалдардан омірдің кез келген сэтіне арнап эдемі ролик жасауға болады.

Біздің өміріміздегі көптеген салаларда анимация роликтері маңызды орын алады. Теледидардағы жарнамалар, архитектуралық нысандарды жобалау тіпті жай ғана туған күніңмен қүттықтауға арналған анимация роликтері күнделікті кездесетін оқиға бол- ды.
Теледидар - телехабар бағдарламаларындағы бейне мен дыбыстық сүйемелдеудің радио сигналдарын күшейту мен түрлендіруге арналған теле, радиоқабылдағыш теледидар түрлі түсті, ақаласықара кескінді, стационарлы және тасымалды болып ажыратылады.
Анимациялық роликтер жай бейнебаянға қарағанда анағұрлым тиімді жэне эсерлі екенін білеміз. Анимациялық роликтің сапасы қаншалықты жоғары болса, ондағы бей- нелер соншалықты шынайырақ болады. Ал анимациялық роликті сыйлық ретінде жа- сайтын болсақ, бұл шешімнің жаңалылығы жэне ерекшелігі, өйткені мұндай анимация ролигі арқылы откенге коз жүгіртіп қана қоймай, болашаққа да ой сала аламыз. Анимациялық роликтердің корсетілімі 5, 10, 15, 20, 30 секундпен шектеледі. Осы өте қысқа уақытта көрсетілетін роликтің негізгі идеясы көрермендерге түсінікті болу ке- рек. Анимацияланған роликті жасау үшін эрине, сендер оны жасайтын технологияны да, яғни, 2D, 3D немесе флеш технологиясы ма, осыны анықтай алуларың керек. Ал біз Macromedia Flash программасымен таныс болғандықтан, анимациялық роликті дэл осы программада жасап кореміз.


Сонымен біздің мақсатымыз алғашқы роликті жасау. Тақырыбы: «Тауарға жарнама» (41-сурет).

Эрине, роликті Flash MX-те жасайтын болғандықтан ол анимациялық түрде көрсетіледі. Керекті материалдар: қажетті суреттер (42-сурет).

  1. Flash-ті ашамыз.

  2. Жаңа бет қүрамыз.

  3. Анимацияны кадрлық анимация негізінде жасаймыз, яғни, эр нысанды жеке-жеке кадрмен экелеміз. Ал мэтінді программаның озінен теріп жазамыз. Кадрлар ауысуын 5 fpc деп өзгертеміз.

  4. Нысанға қажетті анимация қоямыз.


c:\docume~1\admin\locals~1\temp\finereader11\media\image15.jpeg

42-сурет. Роликке керек суреттер
Роликті сақтаймыз. Қажетімізге қарай экспорттаймыз.

Баннерді клиенттерді тарту үшін немесе позитивті имиджді қалыптастыру үшін қолданады. Ғаламтордағы алғашқы баннер 1994 жылы шықты. Содан бері баннердің әртүрлі түрлері пайда болды. Баннер функционалдық қызметіне қарай статикалық, динамикалық жэне белсенді болып бөлінеді.

Сайт иесі өз сайтының жеке баннерін жасауы арқылы өз сайтының келбетін көрсетеді. Сонымен қатар баннерді тек жарнама ретінде ғана емес, сонымен қатар сілтеме ретінде де пайдаланады, яғни сол баннерге тінтуірмен шерткен кезде ғаламтор қолданушысы сендердің сайттарыңа келіп түседі. Баннерді дайындауда қолданылатын стандартты өлшемдері:


  • 468x60 пиксель баннері;

  • 120x60, 150x60, 140х 60 - пиксель баннері;

  • 120x240 пиксель баннері - баннердің тік нұсқасы;

  • 100x100 пиксель баннері - бұл ғаламтор жарнамаларын- да кеңінен қолданылады;

Ескере кететін жайт, ол баннердің өлшемі 15 Кб-тан аспауы тиіс, бірақ бұл өлшемді flash форматындағы баннерге қолдану күрделірек тиеді.

  1. Бекіту кезеңі

  1. Математика, Физика, Қазақ тілі пэндеріне арналған анимациялық ролик жасаңдар.

  2. «Ас - адамның арқауы» тақырыбына анимациялық ролик жасаңдар.

  3. «Алтын үя мектебім» тақырыбында анимациялы баннер жасаңдар.

  4. «Кеңсе тауарлары» тақырыбында жарнамалық анимациялық баннер жасаңдар.

  1. Қорытынды кезең

  1. Бүгінгі сабақтан не үйрендік?

  2. Баннер дегеніміз не?

  3. Ролик деген не?

  4. Анимациялық ролик пен баннер жасауда қандай технологиялар қолданылады?

  1. Үйге тапсырма

  1. Такырыпты оқып келу.

  2. Өз шығармашылықтарыңмен бір ролик жасап келу.

  1. Бағалау кезеңі

Сабақтағы белсенділіктеріне, тақырыпты меңгеру, тапсырманы орындау деңгейлеріне байланысты оқушыларға бағалар қойылады

САБАҚ ЖОСПАРЫ «Бекітемін»

Оқу ісінің меңгерушісі «___________» ________2014 ж ___________________

Пән аты: Информатика

Класы: 10 «Б»

Қоғамдық - гуманитарлық бағыт

Сабақтың тақырыбы: Тақырыптық web-сайт құру. Сайт қурылымын визуалды HTML редакторы арқылы жасау

Сабақтың мақсаты:


  • Тақырыптық сайт қүруды, тақырыптық сайт құрылымын жобалауды, сайтқа әртүрлі баннер, роликтерді орналастыруды үйрету.

  • Жаңа тақырыпты оқыта отырып, ойлау қабілеттерін дамыту.

  • Шығармашылық қабілеттерін арттыру. Әдемілікке, мәдениеттілікке тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: түсаукесер, тапсырма карточкалары.

Сабақтың әдістері: түсіндіру, сүрақ-жауап, көрнекілік қолдану, тэжірибелік.

Сабақтың типі: тэжірибелік элементі бар жаңа тақырыпты түсіндіру сабағы.

Өтілетін орны: информатика сыныбы.

Оқушылар білуі тиіс: HTML редакторында жүмыс істеуді.

Оқушылар меңгеруі тиіс: тақырыптық сайт күруды, тақырыптық сайт қүрылымын жо- балауды, сайтқа эртүрлі баннер, роликтерді орналастыруды.

Сабақтың барысы

  1. ¥йымдастыру кезеңі

  2. Оқушыларды ұйымдастырып, түгендеу.

  3. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі

Үйге берілген тапсырманың орындалуын тексеру

  1. Жаңа тақырыпты түсіндіру кезеңі

Теория

Тақырыптық сайт дегеніміз - қандай да бір арнаулы аудиторияға жэне сол саладағы қызметке кеңінен, мақсатты түрде бағытталып жасалған сайт. Сайт тақырыптары: спорт, сұлулық элемі, кафе немесе басқадай да болуы мүмкін. Тақырыптық сайттар біртипті ақпараттан да түруы мүмкін, сондықтан да ондай сайтқа ерекше дизайн беру керек. Тақырыптық сайттарды жасауда қолданушыларға тек қана ақпарат үсынып қой- май, сонымен қатар қандай да бір қызмет түрін жарнамалайтын жарнама бөлімдері де қамтылады.

Тақырыптық сайт негізгі беттен, функңионалдық блоктар мен бөлімдерден тұрады. Негізгі блоктарды атап көрсететін болсақ:



  1. Басқы бет. Бүл бетте компания қызметінің негізгі бағыттары туралы ақпарат беріледі.

  2. Сайт туралы. Мұнда қолданушылар үшін компанияның ресурстары туралы ақпарат беріледі.

  3. Галерея. ¥йымның фотосуреттерін жариялайтын бөлімі.

  4. Макала бөлімі. Сайт иесінің көзқарасына қарай кез келген макала түрлері жарияланады.

  5. Қонақ кітабы. Сайт қолданушыларының немесе компания өнімдеріне пікір қалдыруға болатын бөлім.

  6. Сайт картасы. Сайттың барлық бөлімдері көрсетілетін бет.

  7. Вакансия. Компания вакансияларын жариялайтын бет.

  8. Кері байланыс. Сайт иесіне хат жіберуге болатын форма.

  9. Жаңалықтар. Компания жаңалықтарын жариялайтын бөлім.
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16

  • Сабақтың типі
  • Факсимильдік
  • САБАҚ ЖОСПАРЫ «Бекітемін» Оқу ісінің меңгерушісі «___________» ________2014 ж ___________________ Пән аты: Информатика
  • Сабақтың көрнекілігі
  • Оқушылар білуі тиіс
  • 42-сурет. Роликке керек суреттер Роликті сақтаймыз. Қажетімізге қарай экспорттаймыз.
  • Теория

  • жүктеу 2.39 Mb.