Главная страница
Контакты

    Басты бет


Сабақ жоспары 6 сынып Пән мұғалімі: Убабаева Балнур Толеубаевна

жүктеу 1.17 Mb.



жүктеу 1.17 Mb.
бет9/9
Дата18.03.2017
өлшемі1.17 Mb.

Сабақ жоспары 6 сынып Пән мұғалімі: Убабаева Балнур Толеубаевна


1   2   3   4   5   6   7   8   9

Сабақтың тақырыбы: Нөмірленген және маркерленген тізімдер, бағандар.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушыларға беттерді бағандарға бөлуді, бетке жиек қоюды, мәтінді

маркерленген және нөмірленген тізімдермен жазуды, беттерді

бояуды, жақтаулармен жазуды үйрету

Дамытушылық:оқушыларды MS Word бағдарламасымен жұмыс жасауға дағдылан-

дыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту



Тәрбиелік:оқушыларды ұқыптылыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу

Сабақтың түрі:саяхат сабақ

Сабақтың көрнекілігі: ДК, бейнепроектор, үлестірмелі карточкалар, жауап парағы,

презентация



Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі:

ІІ. «Білгенге маржан» аялдамасы (үй тапсырмасын тексеру)

ІІІ. «Білімді мыңды жығар» аялдамасы(жаңа сабақ)

IV. «Өзіңді тексер» аялдамасы(жаңа сабақты бекіту)

V. «Ойнайық та, ойлайық» аялдамасы (сергіту сәті)

VІ. Сабақты қорындылау

І. Ұйымдастыру бөлімі:

Оқушылармен амандасу, оларды түгендеу



ІІ. «Білгенге маржан» аялдамасы (үй тапсырмасын тексеру)
Сәйкестендіру тесті:


1. MS Word редакторын іске қосу жолы

А. Мәтінді курсивпен жазады

2. Құжатты сақтау командасы

В. Файл – Создать (Құру)

3. Мәтінді пішімдеу деген не?

С. Пуск – Все программы – Microsoft Office – Microsoft Word

4. Жаңа құжат құру командасы

D. пернесі

5. Мәтінді редакциялау деген не?

E. Файл – Сохранить как.. (Сақтау)

6. MS Word-та абзац қай пернені басумен аяқталады?

F. Мәтіннің пішімін оның параметрлері арқылы қою

7. - батырмасының қызметі қандай?

G. Өңдеу, енгізу, өшіру, орын ауыстыру, құжаттың мазмұнын түзету

Оқушыларға жауап парақтарын тарату, оқушылар тесттің жауаптарын бір-біріне беру арқылы өздері тексереді.

Жауабы:


1 – С

2 – Е


3 – Ғ

4 – В


5 – G

6 – D


7 –А

ІІІ. «Білімді мыңды жығар» аялдамасы(жаңа сабақ)

Нөмірленген және маркерленген тізімдер,

бағандар, беттердің параметрлері. Жиек

Бірнеше бөлімдерден, тараулардан тұратын құжаттарды көркемдеу барысында тізімдерді таңбалау және нөмірлеу қажеттігі туады.

Маркерлер мен нөмірлерді Главная менюіндегі Маркерлер, Нөмірлер, Көпдеңгейлі батырмасын немесе құжаттың жанама менюіндегі Маркерлер, Нөмірлер командасын таңдағанда ашылған сұхбат терезесінің көмегімен қоюға болады.

Көпдеңгейлі астарлы беті құрылымы күрделірек құжатпен жұмыс жасағанда пайдаланылады. Нөмірленген астарлы бетінде нөмірлеу форматын таңдау және өзгерту мүмкіндігі бар.

Мәтінді бағандарға бөлу – сөздік, өлеңдер жазғанда қолдануға болады. Мәтінді бағаналарға бөлу үшін алдын ала тұтас құжатты немесе оның кез келген бөлігін белгілеп аламыз. Разметка страницы (Бетбелгі) режиміне көшеміз. Саймандар тақтасында орналасқан

Бағаналар батырмасын шертеміз де, ашылған сұхбат терезеден қажетті баған санын көрсетеміз. Бағаналар сұхбат терезесінде мәтіндегі бағандар санын, енін, олардың бір-бірінен ара қашықтық мәнін бере аламыз. Егер бағандар арасынан сызықпен бөлгіміз келсе, Разделитель (Бөлгіш) жалаушасын көтереміз.

Разметка страницы (Бетбелгі) режимінде Ориентация (Бағдарлау) батырмасын шерту арқылы қағаз бетінің кітаптық немесе альбомдық түрін таңдауға болады.

Мәтіннің беттерін және абзацтарын рәсімдеу кезінде өрнектеу, түсін өзгерту т.б. түрлі әдістер қолданылады. Бұл жағдайда абзацты белгілеп, Разметка страницы – Границы страниц командасын таңдау керек. Экранда Границы и заливка (Шекаралар және құю) сұхбат терезесі ашылады. Граница (Шекера) астарлы бетінде мәтінді жиек, көлеңке, көлемді, басқа жиектемелердің бірін және сызықтың түрін, түсін, енін таңдай отырып, оның үлгісінен көріп, қажет емес шекараны үлгіде немесе сәйкес батырмада шерту арқылы іске қосып, немесе қайта алып тастау әрекеттерін орындап болған соң, ОК батырмасын шертеміз. Страница (Бет) астарлы бетінде дәл осы әрекеттерді орындауға және бір немесе бірнеше бетті Рисунок (Сурет) батырмасын шерткенде шығатын тізімнен таңдап алынған суретпен жиек қойып қоршау мүмкіндігі бар. Заливка (Бояу) астарлы бетінде мәтіннің белгіленген аймағына бояу параметрлерін бергеннен кейін ОК батырмасын шерткенде, таңдаған түске боялады.



IV. «Өзіңді тексер» аялдамасы(жаңа сабақты бекіту)

1-тапсырма Үлестірмелі карточкалармен жұмыс


Адам баласы үшін ақпараттың аса маңызды қасиеттеріне мыналар жатады:

  • Ақпараттың сенімділігі;

  • Ақпараттың толықтылығы;

  • Ақпараттың құндылығы;

  • Ақпарттың дер кезінде берілуі;

  • Ақпараттың түсініктілігі;

  • Ақпараттың қолжетімділігі;

  • Ақпараттың қысқалығы;

  • Ақпараттың нақтылығы;

2-тапсырма





3-тапсырма

Электрондық оқулықпен жұмыс



V. «Ойнайық та, ойлайық» аялдамасы (сергіту сәті)

Экраннан бірдей екі сурет көрсетіледі. Оқушылар екі суреттің бір-бірінен 10 айырмашылығын табулары керек.




VІ. Сабақты қорындылау

Үйге тапсырма беру

Оқушыларды бағалау

Сабақтың тақырыбы: Практикум. Аралас құжаттар құру.

Мақсаттары:

- оқушылардың мәтіндік және графикалық ақпаратты өңдеу тақырыбы бойынша алған білімдерін пысықтай отырып, «Алтын сақа» ойынын ұйымдастыру және пәнге деген қызығушылықтарынарттыру;

- білімдерін, ой-өрістерін дамыту және халқымыздың салт-дәстүрін құрметтеуге баулу;

- білімді, қоғамшыл, арманшыл ұрпақ тәрбиелеу.



Сабақта қолданылатын материалдар: асықтар, түрлі-түсті конвертер, қоржын, презентация.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.

- Құрметті оқушылар. Бүгінгі сабақта «Алтын сақа» ойынын ойнап, практикумның тапсырмаларын орындаймыз. Қазақстанның болашағы сіздерсіз – жауапты да жігерлі, білімді, ата-бабамыздың салт-дәстүрін сақтайтын ұрпақ.Еліміздің патриоты болу үшін білімдеріңді кеңейту мақсатында «Алтын сақа» ойынын ойнайық.

Ойыншыларды анықтау үшін 10 сұрақ беріледі. Кім толық және көп ұпай жинайды сол оқушылар ойынға қатысады. (Немесе сыныпты төрт топқа бөлуге болады).

І кезең. «Табалдырық» .

1. Суретті мәтінге қосу тәсілдерін атаңдар.

2. Абзацты пішімдеу негізгі параметрлері қандай?

3. Сызғыш не үшін керек?

4. Палитра дегеніміз не?

5. Суреттің фрагментін қалай бұрамыз?

6. Пиксель дегеніміз не?

7. Қандай графикалық редакторларды білесіңдер?

8. Мәтіндермен жұмыс істеуге арналған қандай программаларды білесіңдер?

9.Мәтін элементтерін атаңдар.

10. Мәтін бойынша жылжу пернелерін атап беріңдер.

ІІ кезең. «Әудемжер» . 4 конвертте бір-бір сұрақ жасырылған. Ойыншылар асық иіріп, өз кезектерін анықтайды: алшы -1,тәйке-2, шік -3,бүқ -4.

- Ойынға қатысушылары анықталды. Олар асық түрлерін таңдайды. (қызыл,көк,жасыл,ақ)

- Осы түстер туралы не білесіңдер?

- Асық ойындарын атаңдар. (Қосымша мәлімет мұғалім береді, презентация слайдтарын көрсету).

Сұрақтар:

1.Мәтіндік редакторында түзеудің қандай түрлерін білесіңдер?

2. Табуляция не үшін керек?

3. Тізімнің қандай түрлерін білесіңдер?

4. Мәтіндік және графикалық редакторлар өзара ақпаратпен қалай алмаса алады?

ІІІ кезең. «Беласар».

-Бұл кезеңде сіздер 22-наурыз мерекесіне ашықхат әзірлейсіздер. Мәтіндік редакторда құттықтау немесе өлең жолдарын теру және оған Paintа салынған графикалық бейне қою керек.

1. Анаға арналған ашықхат.

2. Мұғалімге ашықхат.

3. Әжеге ашықхат.

4. Құрбы қызға арналған ашықхат.

Қосымша сұрақтар: Наурыз мейрамында қандай асық ойындары ойнатылады?

Асық ойынын бір түрін оқушыларға көрсетіңдер.



IV кезең. «Жерұйық».

- Оқушылар үйде дайындап әкелген жұмыстарын қорғайды. Ребус, кроссворд.



V кезең. «Алтын көмбе».

- Бұл кезеңде оқушылардың білімдерін тексеру үшін тест өткіземіз.



ІІ. Сабақты қорытындылау. Жеңімпаздарды анықтау. Бағалау. Марапаттау.

ІІІ. Үй тапсырмасы §25, 26.

IV. Рефлексия.

Күні: 11.04.14ж

Пәні: Информатика

Сыныбы: 6 «а»

Сабақтың тақырыбы: Презентацияларды құру. Безендіру шаблондары

Сабақтың мақсаты Оқушыларға презентация құру жолдары мен безендіру шаблондарын қолдануды үйрету

Оқытудағы күтілетін нәтиже Оқушылар презентация құрып, әртүрлі суреттер мен фигуралар қойып жұмыс жасайды.

Сілтеме Информатика 10сынып, интернет ақпарат көздері

Сабақтың өтілетін уақыты 45 минут


Бөлімі

Уақыты

Тапсырма түрі

Әдіс –тәсілдері




2

Оқушылармен сәлемдесіп, топқа бөлу

Топқа бөлу

Білу

5

Жаңа тақырыпқа қажет болатын өткен материалды қайталау.

Презентация дегеніміз не?

Слайд дегеніміз не?

MC power Point іске қосу жолдары?

Меню жолы элементтерін ата?

Слайдта орналастырылатын объектілерді ата?


Ақпараттық диктант беріледі.

Сұрақ-жауап

Түсіну

7

Топпен жұмыс (мәтінмен жұмыс). Берілген мәтін бойынша өзіндік түсінік қалыптастыру. Оқу, топпен ой бөлісу

Миға шабуыл

Қолдану

8

«Менің сыныбым» тақырыбында безендіру шаблондарын қолдана отырып презентация құру

Жеке жұмыс

Сергіту сәті

2







Талдау

10

« Безендіру шаблондары» тақырыбында сыни тұрғыдан ойлау арқылы постермен жұмыс жасау

Миға шабуыл

Жинақтау

7

Белсенді тақтада көрсетілген тапсырмаларды орындау

Жаңа презентацияны үш түрлі әдіспен жасауға болады:

1. Мастер автосодержания көмегімен

2. Ұсынылған қалыптар негізінде

Бос презентацияларды пайдаланып, яғни құжатты басынан бастап дасау

Слайдты жасау этаптары:

1. Вид презентация

2. Стиль презентации

3. Слайд көркемдеуі

Презентация үлгітүрі

1. Презентациялар үлгітүрі

2. Көркемдеу үлгітүрі



Сұрақ-жауап

Бағалау

2

Оқушылар бағалау критерийлері арқылы өз-өздерін бағалайды

Формативті бағалау

Үйге тапсырма

2

Кестелерді, суреттерді, бейнені және дыбысты кірістіру.



1   2   3   4   5   6   7   8   9

  • Дамытушылық
  • Сабақтың түрі
  • І. Ұйымдастыру бөлімі: ІІ. «Білгенге маржан» аялдамасы (үй тапсырмасын тексеру) ІІІ. «Білімді мыңды жығар» аялдамасы(жаңа сабақ)
  • І. Ұйымдастыру бөлімі
  • ІІІ. «Білімді мыңды жығар» аялдамасы(жаңа сабақ) Нөмірленген және маркерленген тізімдер, бағандар, беттердің параметрлері. Жиек
  • IV. «Өзіңді тексер» аялдамасы(жаңа сабақты бекіту) 1-тапсырма
  • Ақпараттың құндылығы; Ақпарттың дер кезінде берілуі; Ақпараттың түсініктілігі; Ақпараттың қолжетімділігі;
  • 3-тапсырма
  • VІ. Сабақты қорындылау
  • Сабақта қолданылатын материалдар
  • IV кезең. «Жерұйық».
  • ІІ. Сабақты қорытындылау

  • жүктеу 1.17 Mb.