Главная страница
Контакты

    Басты бет


Сабақ жоспары 6 сынып Пән мұғалімі: Убабаева Балнур Толеубаевна

жүктеу 1.17 Mb.



жүктеу 1.17 Mb.
бет8/9
Дата18.03.2017
өлшемі1.17 Mb.

Сабақ жоспары 6 сынып Пән мұғалімі: Убабаева Балнур Толеубаевна


1   2   3   4   5   6   7   8   9

Сызық қалыңдығын, кисть түрін немесе төртбұрыштың типін таңдау.

Мұны құралдар жиынының тура астыңғы жағында аймақта жасауға болады. Сызықтың қалыңдығын бірден бастап, бес нүктеге дейін салуағ болады және кистің, төртбұрыштың бірнеше түрлерін пайдалануға болады.

  1. Кескіннің түсін таңдау.

Сурет салатын түсті таңдау үшін, палитрадағы қажетті түстің төртбұрышына маус нұсқағышын орналастырып, сол жақ батырмасын шертіңдер.

  1. Фонның түсін таңдау.

Фон түсін атңдау үшін палитрадағы қажетті түске маустың оң жақ батырмасын шерту керек. Бұл саты фонды пайдаланып обьектілер жасайтын құралдармен жұмыс істегенде қажет.(тіктөртбұрыш, көпбұрыш, эллипс, дөңгеленген көпбұрыш)

  1. Ал енді сурет сала беруге болады.

Сурет салуға қажетті қандай да бір құралды таңдау үшін, келесі әрекеттерді орындау керек.

    1. Сурет салатын құралға маус нұсқағышын орнатып, оны шертіңдер.

    2. Палитрадан қажетті түсті таңдаңдар.

    3. Нұсқағышты сурет салатын орынға апарыңдар.

    4. Маус батырмасын басып тұрып нұсқағышты қажетті бағыта жылжытыңдар.

    5. Суретті салып болған соң маус батырмасын босатыңдар.


МЕНЮ

Меню алты пункттен тұрады. Оның әр пункті созылған бағыныңқа менюлерден тұрады.Меню арқылы, терезенің түрін, жұмыс аймағының өлшемін өзгертуге, суреттің бөлігін көбейтуге, суреттің белгіленген бөлігінің түсін өзгертуге, еңкеюін ауыстыруға, суретті сақтауға немесе қалпына келтіруге, масштабты өзгертуге, суреттің бір бөлігін кшіруге және оны алмастыру буферіне сақтауға болады.


Тапсырма: Компьютерде графикалық редакторды қосып, құралдармен танысу.

Сонымен Paint графикалық редакторы көмегімен біз қарапайым графиктік кескіндерден бастап, күрделі бейнелерді салып, радкциялай аламыз. Енді біз бүгінгі сабағымызда ары қарай осы редактордың құралдарымен жеке-жеке толық танысаывн боламыз. Сендер әрине компьютерлері барларың мұны білетін де боларсыңдар, бірақ кейбір әдіс-тәсілдерді білмеулерің мүмкін. Сондықтан біз білеміз демей мұқият сабақты тыңдап, араласып отырыңдар.

Біздің бірінші қарстыратын құралымыз

Түзу сызықты салу құралы.

Ол құралды пайдаланып түзу сызық салу мынадай әрекеттер тізбегінен тұрады. Яғни бұл құралды қолдану алгоритмі мынадай деп айтуға болады.



  1. Линия батырмасын шерту

  2. Сызықтың қалыңдығын таңдау

  3. Маус нұсқағышын сызық басталатын жерге орналсатыру.

  4. Маустың сол жақ батырмасын басып, оны жібермей сызықтың аяқталатын жеріне апару.

  5. Маустың батырмасын жіберу.

Келесі құрал Шаршылар мен тік бұрыштарды салу құралы.


Бұл құралды қолдану алгоритмін мына түрде айтуға болады.

  1. Прямоугольник батырмасын шерту

  2. Қажетті тік бұрыш типін таңдау. Мұнда тік бұрыштың 3 типі қолданылады. Жақтау сызықтары көрінетін іші боялмаған тік бұрыш тік бұрыш, жақтау сызықтары көрінетін іші оялған тік бұрыш, жақтау сызықтары көрінбейтін іші боялған тік бұрыш. Ескерту: Мұнда жақтаудың сызық түсі кескін түсімен, ал ішінің түсі фон түсімен салынады.

  3. Маус нұсқағышын тік бұрыш басталатын жерге орналсатыру.

  4. Маустың сол жақ батырмасын басып, оны жібермей тік бұрыштың аяқталатын жеріне апару.

  5. Маустың батырмасын жіберу.

Ал шаршы салу үшін тап осы алгоримтді қолданамыз, тек сурет салған кезде Shift батырмасын басулы күйде ұстап тұрамыз.

Дөңгеленген тік бұрыштарды салу.

Бұл құралды пайдалану алгоритмі тік бұрыштарды салу алгоритмімен бірдей. Мұнда да дөңгеленген квадрат салу үшін Shift пернесін басулы күйде ұстау керек.


Эллипстер мен шеңберлерді салу.

Элиипс дегеніміз горизонталь немесе вертикаль бағытта сығылған шеңберлер. Бұл құралды пайдалану алгоритмі тік бұрыштарды салу алгоритмімен бірдей. Мұнда да шеңбер салу үшін Shift пернесін басулы күйде ұстау керек.


Сонымен біз бүгінгі сабақта Paint графикалық редакторының кейбір құралдарын пайдалану алгоритмдерін қарастырдық. Тақырып бойынша мынадай сұрақтарға кімдер жауап береді. Қане кім сабақты жақсы түсінді екен.

  1. Түзу сызықты салу құралын пайдалану алгоритмі қалай?

  2. Шаршыны салу алгоритмін кім айтады?

  3. Тік бұрыштарды салу алгоритмін кім айтады?

  4. Дөңгеленген тік бұрыштарды салу алгоритмін кім айтады?

  5. Дөңгеленген квадратты қалай саламыз?

  6. Элипс деген не? Оны қалай саламыз?

  7. Шеңберді қалай саламыз?

Сабақты бекітуге арналған практикалық жұмыстар

Компьютермен жұмыс

Сонымен бірге мына суреттерді копьютерде салып қойып, оқушыларға салуға ұсынамын.






  1. Тік төртбұрыш, эллипс, сызық құралдарын қолданып, үй сал.

  2. Заливка құралымен үйді боя.

  3. Горизонт сыз. (экранды көлденеңінен екіге бөл.)

  4. Суреттің жоғары бөлігі - аспанды көгілдір түспен, ал төменгі бөлігі – шөпті жасыл түспен боя.

  5. Жоғары сол жақтағы бұрышқа күннің суретін сал.

  6. Бүріккіш көмегімен бұлттарды ақ түспен сал.

Үйге тапсырма :


Сабақ аяқталды.

Сау болыңыздар!



Күні: 3.12.13

Сыныбы: 6
Сабақтың тақырыбы: Суреттің үзінділерін ерекшелеу. Суреттің үзінділерімен жұмыс.

Бағдарламалық – ОЕТС, Windows ОЖ.

дидактикалық Оқулық.

қамсыздандыру: Жұмыс дәптері.

Сабақтың мақсаты: 1. Үзінділерді белгілеуге және олармен әр түрлі әрекеттер орындауға үйрету. Үзіндіні көшіруге, жылжытуға, көбейтуге, және жоюға үйрету. Графикалық редактормен жұмысқа үйрету.

2. Оқушылардың үзінді деген не және оны қалай белгілеу керек екенін, үзінділермен қандай операциялар жүргізуге болатынын білу қабілеттерін дамыту.

3. Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру.

Сабақтың типі: Практикум

Білім – білікке Оқушылар білуі тиіс:

қойылатын талаптар: - үзінді деген не және оны қалай белгілеу керек екен;

-үзінділермен қандай операциялар жүргізуге болатын.



Оқушылар үйренуі тиіс:

- үзінділерді әр түрлі тәсілдермен белгілеуді;

- үзіндіні көшіруді;

- үзіндіні жылжытуды;

- үзіндіні көбейтуді;

- үзіндіні жоюды.


Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі

II. Үй тапсырмасын тексеру

III. Жаңа сабақты түсіндіру

4.4.1. Тапсырма. Тапсырма-конспект.

Тақырыпты оқу кезінде мұғалімнің түсіндіруімен қатар орындалады.







Үзінді-бұл суреттің белгіленген бөлігі.

Үзінділерге қандай операциялар орындауға болады?



  1. Алмасу буферіне қиып алу

  2. Алмасу буферіне апару

  3. Басқа жерге апару

  4. Басқа жерге көшіру

  5. Сурет бойынша көбейту

  6. Пішіні мен өлшемін өзгерту

  7. Масштабын өзгерту, қисайту

  8. Төңкеру және бұру

  9. Түсін өзгерту

  10. Жою

ҮЗІНДІНІ КӨШІРУ МЕН ЖЫЛЖЫТУ
4.4.2. Тапсырма. Сұраққа жауап бер.

Тапсырманы тақырыпты түсіндіру кезінде де, бақылау кезінде де қолдануға болады.

Объектіні көшіру үшін,

қандай әрекеттер жасау керек?



Объектіні жылжыту үшін қандай әрекеттер жасау керек?

1. Объектіні белгілеу.

1. Объектіні белгілеу.

2. Правка Копировать
(Түзету Көшіру).

2. Правка Вырезать


(Түзету Қиып алу).




3. Правка Вставить
(Түзету Кірістіріп қою

3. Правка Копировать
(Түзету Кірістіріп қою)


4. Керекті жерге апару

4. Керекті жерге апару


4.4.3. Тапсырма. Қарақшы

Үзінділерді жылжытып отырып қарақшыны киіндір, содан кейін ауыстырып қайта киіндір.



Тапсырма үзіндіні жылжыту, апарып қою дағдысын қалыптастыруға арналған.

  1. Алғашқы нұсқасы салынады.

  2. Қарақшының киімінің үзінділері кезекпен қиылып алынады да, суреттің бос орнына орналастырылады (қарақшы киімсіз қалады).

  3. Үзіндінің киімдерін жылжыта отырып, екінші нұсқасын шығарады.


4.4.4. Тапсырма. Алмаларды санайық.

Үзіндіні көшіру дағдысы қалыптастырылады.

Тапсырма өзімізге таныс әзіл-жұмбақ түрінде және суретте әрекеттерді қандай ретпен орындау керек екенін толық түсіндіріле беріледі. Алманы салу алгоритмі бөлек бейнеленген. Жұмыс өрісінің бір бөлігін сызықпен бөліп, онда бірнеше қайтара көшірілетін бастапқы элементтерді орналастыру керек. Барлықь суреттерді жұмыс алаңына сыйғызу үшін оқушыға алдын – ала жұмыс өрісін есептеуді ұсыну керек.

Бұл мейлінше күрделі тапсырманы факультативтік сабақта орындау ұсынылады.
ҮЗІНДІНІ КӨБЕЙТУ
4.4.5. Тапсырма. Жұмбақты шешіп, суретін сал.

Тапсырма үзіндіні көбейту бағдарламаларын қалыптастыруға арналған. Оны компьютерде орындау алдында, огқушылармен қандай үзінді бір рет салу, ал қандай үзіндіні көбейту керек екенін анықтап алу керек. Бұл үзінділерді кестенің торларына салу дұрыс.
ҮЗІНДІНІ ЖОЮ
4.4.6. Тапсырма.

Тапсырма сәйкес параграфтың конспектісі ретінде немесе мұғалімнің түсіндіруі кезінде және оны меңгеруін тексреуі үшін қолданылуы мүмкін.
ҮЗІНДІНІ ҚАЛАЙ ЖОЯДЫ ?
1-тәсіл: Үзіндіні белгілеу және Правка Очистить выделение
(Түзету Белгілеуді тазалау) командасын орындау.
2-тәсіл Үзіндіні белгілеу және Правка Вырезать (Түзу Қиып алу) (алмасу буферіне) командасын орындау.
3-тәсіл Рисунок Очистить (Сурет Тазалау) (сурет түгел жойылады) командасын орындау.
IV. Жаңа тақырыпты бекіту

4.4.1-4.4.6 – тапсырмаларды орындау
V. Қорытындылау

1)Үйге тапсырма

Үзінділермен жүргізілетін әрекеттер. Үзінді жылжыту және көшіру. Үзінділерді көбейту.

Үзіндіні жою.

2)Оқушыларды бағалау

Күні: 7.12.13

Сынып: 6

Сабақтың тақырыбы: Графиктік ақпаратты өңдеу (бейнелерді масштабтау, трансформациялау), б баспаға дайындау. Баспадан шығару.

Бағдарламалық – ОЕТС, ОЖ Windows 98.

дидактикалық Оқулық.

қамсыздандыру: Жұмыс дәптер

Сабақтың мақсаты: 1. Графикалық редактормен жұмыс істеуге үйрету.

Болдырмау командасын пайдалануды үйрету, суреттерді сақтауға

үйрету. Суретке мәтін енгізуге, мәтін атрибуттарының тақтасын

пайдалануға үйрету.

2. Оқушылардың соңғы үш әрекеттерді болдырмау қалай жасалатынын, суретті сақтау командалары, олардың ерекшеліктерін, мәтіні бар сурет салу әрекеттерінің тізбегін білу қабілеттерін дамыту.

3. Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру.



Сабақтың типі: Практикум

Білім – білікке Оқушылар білуі тиіс

қойылатын талаптар: - соңғы үш әрекеттерді болдырмау қалай жасалатынын;

Оқушылар үйренуі тиіс:

  • Отменить командасын пайдалануды;

  • Сохранить командасын пайдалануды;

  • Сохранить как командасын пайдалануды;

  • суретке мәтін кірістіруді;

  • жазудың қарпін, түсін, өлшемін өзгерту.



Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі

II. Үй тапсырмасын тексеру

III. Жаңа сабақты түсіндіру

А деңгейі

Суретке «Құттықтаймын!» мәтінін орналастырыңдар. Суреттің масштабын өзгертіңдер. Түспен толтыру сайманын пайдаланып, әр әріпті өз түсіне қайта бояп шығыңдар


В деңгейі

  1. Көбелектің суретін салыңдар (95- сурет, 145 бет).

  2. Кескінді бірнеше рет көшіріңдер.

  3. Суреттің мөлшерін барлық мүмкін тәсілдермен өзгертіңдер.

  4. Әр өзгертуді жазып, белгілеңдер. Мысалы, «30 градусқа бұру» .

  5. Суретті сақтаңдар.



С деңгейі

«Жаңа жылдық орман»

  1. Шыршаның сурін салыңдар, Алдымен бір бөлігін:



  1. Оны көшіріңдер және бұрыңдар:



  1. Бірінші сол жағын, одан кейін оң жағын көшіріп, қөосыңдар.


және бояңдар:



  1. Файлды өз бумаларыңда «Шырша» деген атаумен сақтаңдар.

  2. Paint-тің тағы бір терезесін ашып, орманның суретін салыңдар.

  3. Шырша файлынан шыршаның суретін қайта-қайта көшіріп, оларды созып және бұрып әртүрлі шыршалардын орман жасаңдар.

  4. Суретке ағаштарды, бұтақтарды, гүлдерді, жеміс ағаштарын, жануарлар мен өендерді қосып салыңдар.
    Жануарлар (лат. Animalia) - тірі организмдер дүниесіндегі негізгі екі топтың бірі (екіншісі – өсімдіктер); жүруге және сезінуге бейім тіршілік иесі; негізінен, дайын органикалық қосылыстармен қоректенетін гетеротрофты организмдер.
    Жеміс ағаштары - жеміс өндіру мақсатымен қолдан өсірілетін және жабайы (көп жылдық) ағаштар, бұталар, лианалар. Жеміс ағаштары орталық діңгек пен бұтақтар жиынтығынан құралады. Кейбір жеміс ағаштарының екі және одан да көп діңгегі болады.


  5. Файлды өз бумаларыңда «Орман» деген атаумен сақтаңдар.



V. Қорытындылау

1)Үйге тапсырма: тест сұрақтарына жауап беру

2)Оқушыларды бағалау

Сабақ аяқталды.

Сау болыңыздар.


Күні: 10.12.13

Сынып: 6

Сабақтың тақырыбы:



Қарапайым мәтіндік редактор

Мақсаты

Мәтіндік редакторды іске қоса алады; мәтіндік процессор туралы түсінік қалыптасады; құжаттарды құра және сақтай алады.

Оқу нәтижелері

  • Мәтіндік редакторды іске қоса алады (барлығы);

  • Мәтіндік процессор туралы түсінік қалыптасады; (барлығы);

  • Құжаттарды құра және сақтай алады (кейбіреуі).

Сабақ түрі:

Жаңа білімді меңгерту.

Сабақтың әдісі:

ОЖТ(оқытудын жаңа тәсілдері): Топтық жұмыс, зерттеушілік әңгіме

СТО:Блум таксономиясы жоғары және төменгі деңгей сұрақтары

АКТ: интерактивті тақта,электрондық оқулық

ОБжК: (оқытуды басқару және көшбасшылық): таныстырылымды қорғау

ОҮБ: (формативті, сумативті)

Дарынды және талантты балаларды оқыту: Деңгейлік

тапсырмалар



Көрнекілігі

ДК, интерактивті тақта, ЭО, деңгейлік тапсырмалар, стикер, түрлі түсті қалам, постер.

Түйінді идеялар

Бірлескен топтық жұмыс оқушылардың ынтымақтастығын дамытудың қуатты құралы болып табылады.

Сабақ кезеңдері

Кіріспе

Уақыты: 5 мин

Қызығушылықты ояту.

Ұйымдастыру.

Оқушылармен амандасу, түгендеу

Тренинг: «Кездесу» ойыны

Жай әуенмен екі шеңбер болып қарама –қарсы айналады, әуен тоқтаған кезде бір-біріне қарап, баланың қасиетін айтады.

Смайлик арқылы сыныпты 3 топқа бөлу.




Тұсаукесер

Уақыты: 5 мин


Миға шабуыл.
Үй тапсырмасын сұрақ-жауап түрінде тексеру.


Негізгі бөлім

Уақыты:25 мин


Мағынаны тану.
1-топ: «Мәтіндік процессор туралы жалпы түсінік»

2-топ: «WORDPAD бағдарламасын іске қосу»

3-топ: «Құжаттарды құру және сақтау»

Формативті бағалау ( қол белгісі бойынша )

Деңгейлік тапсырмалар:

А деңгей

WordPad мәтіндік редакторын іске қосу әрекеттерін тізбек түрінде жазып көрсетіңдер.



стрелка вправо 17стрелка вправо 2стрелка вправо 3стрелка вправо 4
стрелка вправо 27
В-деңгей

WordPad редакторының мүмкіндіктері қандай?



прямая со стрелкой 12прямая со стрелкой 13прямая со стрелкой 10прямая со стрелкой 15прямая со стрелкой 16






С-деңгей

Терезенің негізгі элементтерін атап, олардың міндеттерін жазыңдар.


прямая со стрелкой 33прямая со стрелкой 34
5

прямая со стрелкой 35


прямая со стрелкой 36прямая со стрелкой 37
6

2

прямая со стрелкой 38



прямая со стрелкой 39
3

7

4

Сергіту сәті.


Беркіту тапсырмасы:

sin_kaz электрондық оқулығы №6 модуль(Word бағдарламасында жұмыс істеу)2;3;4;5 тапсырмаларды орындау.






Қорытынды

Уақыты: 6 мин


Рефлексия


Не үйрендім?

Не үйренгім келеді?








Үй тапсырмасы

Уақыты: 2 мин

Үйге: тақырыпты оқу және интернеттен қосымша мәліметтер алу.

7-сыныптың информатика оқулығынан WordPad мәтіндік редакторының батырмаларымен танысу және атқаратын міндеттерін жаттау (155-156 бет, 2012ж)




Бағалау

Уақыты: 2 мин

Формативті (қол белгісі арқылы) бағалаулар және сабаққа қатыстары бойынша жиынтық баға қойылады.




Дерекккөздер

Н.Ермеков, Н.Стифутина «Информатика-7» оқулығы, Алматы «Атамұра» 2012, 7-сыныпқа арналған электрондық оқулық, «Әдістемелік нұсқау», Дидактикалық материалдар (практикум), Интернет материалдары


Күні: 28.12.13

Сыныбы: 6
1   2   3   4   5   6   7   8   9


жүктеу 1.17 Mb.