Главная страница
Контакты

    Басты бет


Сабақ жоспары 6 сынып Пән мұғалімі: Убабаева Балнур Толеубаевна

жүктеу 1.17 Mb.



жүктеу 1.17 Mb.
бет7/9
Дата18.03.2017
өлшемі1.17 Mb.

Сабақ жоспары 6 сынып Пән мұғалімі: Убабаева Балнур Толеубаевна


1   2   3   4   5   6   7   8   9

Тапсырма№5.

Өзеннің жағасында қасқыр, ешкі, капуста және қайықпен тасушы бар екен. Тасушы қасқыр, ешкі, капуста үшеуін, қасқырды ешкімен, ешкіні капустамен жеке қалдырмай отырып өзеннің келесі жағасына көшіруі керек. Мұны қалай жасауға болады.”



6
,,

м

,

,

м
- тапсырма.
Ребусты шешіңдер.


ГО






VI. Үй жұмысы

2 мин



Күнделіктеріне үй тапсырмасын жазып алады.

VII. Оқушыларды бағалау.

3 мин.

Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды бағалау, бағаларын күнделіктеріне қою. Сабақ аяқталды! Сау болындар!

Күнделіктеріне бағаны қойдырады.


Күні:19.11.13

Сыныбы: 6

Сабақтың тақырыбы: Қарапайым графикалық редакторы.

Бағдарламалық – ОЕТС, ОЖ Windows 98.

дидактикалық Суретті файлдар.Оқулық.

қамсыздандыру: Жұмыс дәптер

Сабақтың мақсаты: 1. Графикалық редактормен жұмыс істеуге үйрету. Графикалық ақпаратты жасау туралы түсінік беру.

2. Оқушылардың графикалық редакторды не үшін қолданылатынын,

редактор терезесінде тақталарды қалай баптау керек екенін, сурет

салуды және оларды редакциялай білу қабілеттерін дамыту.

3. Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру.

Сабақтың типі: Практикум элементтері бар, көрсете - түсіндіру

Білім – білікке Оқушылар білуі тиіс

қойылатын талаптар: - графикалық редактор не екенін;


  • графикалық редакторды не үшін қолданылатынын;

  • Paint редакторының терезесі неден тұратынын;

  • редактор терезесінде тақталарды қалай баптау керек екенін.

Оқушылар үйренуі тиіс:

  • графикалық редакторды іске қосуды;

  • сурет салуды және оларды редакциялауды.



Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі

II. Үй тапсырмасын тексеру

III. Жаңа сабақты түсіндіру
ДК-нің мәтіндік те, графикалық та ақпаратты өңдеу мүмкіндігі бар. Мұндай ақпаратты өңдеудің қарапайым құралы стандартты Windows 98 операциялық жүйесі болып табылады. Paint графикалық редакторы дегеніміз не? Бұл редактор растрлық бейнелермен (көптеген бөлек түрлі түсті нүктелерден – пиксельдерден тұратын) жұмыс істеуге арналған, сондықтан әрбір суретке қатаң анықталған орын беріледі (өлшем). Сонымен бірге бекітілген түстер саны қолданылады. Графикалық редактор графикалық бейнелерді жасауға және редакциялауға арналған.
Редактор:

  1. Құрал-саймандар мен бояуларды қолдана отырып, сурет салуға;

  2. Суреттерді бөлек бөліктерден құрастыруға;

  3. Суретке мәтінді енгізу және қалыптастыруға;

  4. Бар графикалық объектілерді түзетуге;

  5. Схемаларды сызуға және т.б. мүмкіндік береді.

Paint бағдарламасын іске қосу.

Paint-ты Пуск Программы Стандартные Графический редактор Paint арқылы жүктеуге болады.

Редакторды жүктегеннен кейін экранда әдеттегідей, тақырып жолынан, меню мен жұмыс үстелінен тұратын терезе пайда болады. Менюді пайдалана отырып, терезеде құрал-саймандар тақтасын, палитраны және қалып-күй жолын жарықтандыруға болады. Егер жұмыс ортасының өлшемі терезе өлшемінен үлкен болып берілсе, онда жұмыс ортасының төменгі және оң жақтарында айналдыру жолақтары пайда болады. Қалып күй жолында меңзердің пикселдердегі координаталарын байқауға болады.


4.1.1.Тапсырма. Paint графикалық редакторын іске қосу әрекетінің тізбегін ретімен жаз.

Ұғынып істеу схемада келтірілген блоктарға бағдарламаны іске дқосу үшін орындайтын әрекеттерді және бұл әрекеттердің нәтижесін жазу керек. Содан кейін қолданбаны іске қосу әрекеттерінің тізбегін қысқа және қолайлы түрде жазу керек.


ПУСК батырмасында




Программы командасын таңдау


Стандартные командасын таңдау


Paint командасын таңдау

Пуск Программы Стандартные Paint


4.1.2.Тапсырма. Paint графикалық редакторының элементтерін көрсет.

Тапсырма графикалық редактордың терезесін оқулық пен компьютердің көмегімен оқып үйрену кезінде орындалады. Оқушыларға терезенің элементтерінің әрқайсысының арналуы туралы айту керек. Оларды кестенің сәйкес бағандарына жазу керек.


  1. Терезенің тақырыбы

  2. Меню жолы

  3. Құрал-саймандар жиыны

  4. Жұмыс аймағы

  5. Палитра

  6. Қалып-күй жолы


СУРЕТ САЛУ КЕЗЕҢДЕРІ

Құрал-саймандар тақтасы жұмыс аймағының сол жағында орналасады және онда мынандай құрал-саймандар бар:



  • суреттің ерікті аймағын белгілеу;

  • суреттің тік төртбұрышты үзіндісін белгілеу;

  • суреттің белгілі бір бөліктерін өшіруге арналған өшіргіш;

  • тұйық контурды құю;

  • суреттен түс таңдау;

  • экрандағы бейненің өлшемін өзгертуге арналған масштаб;

  • жіңішке сызықтарды сызуға арналған қарындаш;

  • ерікті сызықтарды сызуға арналған кисть (қылқалам);

  • түрлі түсті нүктелерді салуға ранлған бүріккіш;

  • мәтінді енгізу мен қалыптастыруға арналған жазу (әріптердің пішіні мәтін атрибуттарының тақтасының көмегімен өзгертіледі, ол меню арқылы шақырылады);

  • түзу сызықтарды салуға арналған сызық;

  • қисық сызықтарды салуға арналған қисық (алдымен түзу сызық саламыз, содан кейін екі рет сызық қисықтығын береміз, бұл маустың сол жақ батырмасын басып жылжыту арқылы орындалады);

  • тікбұрыш, көпбұрыш эәне эллипс – қажет фигураны салуға мүмкіндік беретін құрал-саймандар, фигура дұрыс салынуы үшін (шаршы, шеңбер) маусты жылжытқанда Shift пернесін басып ұстау керек.

  • салынған кескінді болдырмау үшін Ctrl Z пернесін басу керек.


Палитра

Палитра жұмыс аумағынан төмен орналасқан және түстер жиынынан басқа (түрлі түсті шаршылар), негізгі және фонның түстерін көрсететін түс индикаторы бар. Түстер маус батырмасын қажетті түсте басу арқылы таңдалынады. Оң жақ батырмамен – фонның, ал сол жақ батырмамен негізгі түсті таңдаймыз.

Өшіргіш кескінді фон түсімен өшіреді. Тікбұрыш, көпбұрыш және эллипс таңдалған режимге байланысты, фон түсімен боялуы мүмкін. Палитраны өзгерту үшін, оған маустың оң жақ батырмасымен екі рет шерту керек.
4.1.3. Тапсырма. Кестені толтыр.

Мұнда Палитраның көмегімен түс таңдау тәсіліне ерекше көңіл бөлінеді, сонымен қатар оқушыларға кестедегі сұрақтарға жауап беру керек.


Палитраның міндеті қандай?

Үнсіз келісім бойынша қандай түстер орнатылады?

Бейнелеу және фон түсін таңдау үшін.

Кескіннің қара түсі мен фонның ақ түсі

Кескіннің түсін қалай таңдауға болады?

Фонның түсін қалай таңдауға болады?

Таңдалған түс бойынша маустың сол жақ батырмасын шерту

Таңдалған түс бойынша маустың оң жақ батырмасын шерту


4.1.4. Тапсырма. Paint графикалық редакторында қандай құралдарды таңдауға болады?

Тапсырма мұғалімнің түсіндірумен немес оқулықтың параграфын конспектілеуимен қатар орындалады.
Сурет салу тәсілдері

Маустың сол жақ батырмасын басу арқылы құрал таңдаймыз. Егер қажет болса, сызықтар қалыңдығын, түсін, оның конфигурациясмын немесе қажет режимді, мысалы, эллипсті таңдаймыз.

Маустың сол жақ батырмасын басып отырып, сурет саламыз.

Мәтінді енгізгенде алдымен жазу, қаруп, оның өлшемі және басқа атрибуттары орналасатын жерді белгілейміз.


4.1.5. Тапсырма. Сурет салу кезеңдерінің дұрыс тізбегін көрсет.

Тапсырманы тақырыпты түсіндіру кезінде және меңгеруін бақылау үшін қолдануға болады. Суреттер түрінде көмек сөз беріледі.

  1. Құрал таңдау.

  2. Сызықтың қалыңдығын, қылқалам түрін немесе тікбұрыш типін орнату.

  3. Кескін түсін таңдау.

  4. Фон түсін таңдау.

  5. Сурет салу.


Меню.

Меню алты пунктен тұрады, оларды маустың басу арқылы да, Alt «подчеркнутая буква меню» батырмасымен де таңдауға болады. Менюдің әр пункті созылған бағыныңқы менюден тұрады. Меню арқылы терезенің түрін, жұмыс аймағының өлшемін өзгертуге, суреттің бөлігін көбейтуге, суреттің белгіленген бөлігінің түсін өзгертуге, еңкеюін ауыстыруға, суретті сақтау немесе қалпына келтіруге, суреттің экранға беру режимін өзгертуге (масштаб), суреттің бір бөлігін көшіруге және оны алмасу буферіне сақтауға (ақпаратты уақытша сақтауға арналған жадтың арнайы аймағы) болады.


IV. Жаңа тақырыпты бекіту
V. Қорытындылау

1)Үйге тапсырма

Paint графикалық редакторы. Негізгі түсініктер. Арналуы. Іске қосу. Жұмыс өрісі.

Құрал-саймандар тақтасы. Палитра. Сурет салу кезеңдері.

2)Оқушыларды бағалау


Күні:23.11.13

Сыныбы: 6

Сабақтың тақырыбы: Суретті ашу, сақтау.

Сабақ мақсаты: а) Графикалық редактормен таныстыру.
Б) Графикалық редактормен жұмыс істеуге үйрету.
В) Оқушыларды шығармашылыққа тәрбиелеу.

Сабақ көрнекілігі: Paint графикалық редакторының құралдары

Сабақ түрі: Дәстүрлі

Сабақ әдісі: Практика элементтері бар түсіндңрмелі баяндау сабағы

Сабақ типі: Жаңа білімді меңгерту сабағы.

Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі

Үй тапсырмасын тексеру

Жаңа сабақ түсіндіру

Жаңа сабақты бекітуге сұрақтар қою, практикалық тапсырма беру.

Үйге тапсырма

Сабақты қорытындылау

Үй тапсырмасы Paint графикалық редакторы құралдары. Тік сызықтарды салу. Шаршыларды, тікбұрыштарды және дөңгеленген тікбұрыштарды салу. Эллипс пен шеңбер салу.

Үй тапсырмасы бойынша қайталау сұрақтарын қойып жіберелік. Кане кім айтады?


  1. Түзу сызықты салу құралын пайдалану алгоритмі қалай?

  2. Шаршыны салу алгоритмін кім айтады?

  3. Тік бұрыштарды салу алгоритмін кім айтады?

  4. Дөңгеленген тік бұрыштарды салу алгоритмін кім айтады?

  5. Дөңгеленген квадратты қалай саламыз?

  6. Эллипс деген не? Оны қалай саламыз?

  7. Шеңберді қалай саламыз?

Жаңа сабақ Paint графикалық редакторының құралдары. Қисық сызықтарды салу. Көпбұрыштарды салу. Құю құралын қолдану. Сабақ соңында тақырыпты бекітуге практикалық жұмыс орындалады.


Болдырмау командасы.

Егер бір жұмыстарың ойдағыдай болмай жатса, оған бола қиналып қажеті жоқ. Соңғы үш әрекетті әрқашан да болдырмауға болады. Ол үшін Правка-Отменить командасын пайдаланыңдар.Ал Правка-Отменить командасын орындау соңғы әрекетті орындатпайды. Ал оның алдындағы әрекетті болдырмау үшін осы команданы тағы да бір рет қайталау қажет.


Қайталау командасы.

Егер сендер бір әрекетті қателесіп болдырмай алып тастаған болсаңдар, немесе алдыңғы әрекетті қайталау қажет болса, онда оны Правка-Повторить командасын орындап, орындаудан алып тастаған әрекеттерді қайталауға болады.Оны да үш рет қайталауға болады.



Суретті қалай сақтауға болады.

Салған суреттерді келесіде қолдану үшін оны дискідегі файлда ат беріп сақтау керек.

Графиктік редакторда құжатты бірінші рет сақтағанда Файл-Сохранить как.. командасын қолданады. Сонда экранда Сохранение терезесі пайда болады. Имя файла өрісіне файлға ат беріп, Сохранить батырмасын басады. Қайталап сақтағанда Файл-Сохранить командасын орындайды. Бұл кезде сурет сол алғашық атымен сол файлда сақталады.
Мәтіні бар суреттерді салу.

Салған суреттеріңе мәтін қосуға болады. Ол үшін:



  1. Надпись құралын таңдаңдар.

  2. Мауспен мәтін жазылатын төрт бұрышты жақтау салыңдар.Сонда жақтау ішінде кірістіру меңзері пайда болады.

  3. Пернетақтадан қажет мәтінді енгізіңдер.

  4. Егер шрифт өлшемін өзгерту керек болса, немесе оларды курсив, қарайтылған жасағыларың келсе, онда бұл үшін Шрифты құрал-саймандар тақтасы қолданылады.

  5. Мәтінді енгізіп, өзгертіп болғасын мәтін жақтауының сыртында шертіңдер.

Егер бұл тақта экранда жоқ болса, онда Вид-Панель атрибутов текста командасын орындау арқылы құрал-саймандар тақтасын шығаруға болады.
Суреттерді қалай ашады.

Дискідегі сақтаулы суретті ашу үшін Файл-Открыть командасын орындайды. Экранда диалог терезесі ашылады, онда меңзерді қажетті файлдың атына орнластырып, оны екі рет шертіңдер.

Егер сендер редактормен жұмыс барысында жаңадан құжат жасау керек болса, Файл-Создать командасын орындаңдар.


  1. Қисық сызықты салу реті.

Сызық батырмасын шерту

Сызықтың қажетті қалыңдығын таңдау.

Түзу сызықтты салу әрекеттерін орындау керек.

Маустың сол жақ батырмасын сызықтың бүгетін жерінің жанына басыңдар да, оны иіліс жаққа апарыңдар.

Осы әрекеттерді екінші иіліс үшін де қайталаңдар.

Егер қисық көңілдегідей иілмесе, онда екінші иілісті аяқтамай тұрып, оны жоюға болады. Ол үшін маустың екі батырмасын қатар басу керек.




  1. Көпбұрышттарды салу.

Көпбұрыш батырмасында мауспен шерту

Көпбұрыш типін таңдау.

Бірінші сызықты салу

Екінші сызықты салу және т.с.с.




  1. Құю құралын пайдалану.

Құю батырмасында маусты шерту

Түс палитрасынан түс таңдау

Бояғыларың келетін тұйық контурдың ішінде мауспен шертіңдер


  1. Бүріккіш құралын пайдалану

Бүріккіш батырмасын мауспен шертіңдер

Түс палитрасында түс таңдаңдар

Бүріккіш дағының өлшемін таңдаңдар

Бояуды қажетті жерге бүркіңдер.




  1. Қылқаламмен сурет салу

Қылқаламды шертіп, пішінін, түсін, өлшемін таңдап қылқаламмен сурет сала беруге болады.



  1. Өшіргіш құралын пайдалану

Өшіргіш құралын басып, оның өлшемін таңдап, өшіретін сызықтың үстінде маустың сол жақ батырмасын басулы күйде ұстап, жүргізсе сызық өшеді.

Жаңа тақырып бойынша бекіту сұрақтар.



  1. Қисық сызық салу құралын пайдалану реті қандай?

  2. Көпбұрыштарды салу құралын пайдалану реті қандай?

  3. Құю құралын пайдалану реті қандай?

  4. Бүріккіш құралын пайдалану реті қандай?

  5. Қылқалам құралын пайдалану реті қандай?

  6. Өшіргіш құралын пайдалану реті қандай?

Үзіндіні бейнелеу немесе бұру.

Отразить/Повернуть командасының көмегімен бөлініп алынған үзіндіні тік (вертикаль) немесе көлденең (горизонталь) осьтеріне қатысты 90, 180, 270 градусқа бұруға болады.

Бұл операцияларды қандай да бір суретпен жүргізу үшін мына әрекеттер орындалады:



  1. Қажетті үзінді белгіленіп алынады.

  2. Рисунок-Отразить/Повернуть командасын орындайды. Экранға Отразить/Повернуть командасының диалогтік терезесі шығады.

  3. Суретті кері бұру үшін Отразить слева направо опциясына белгі қойып ОК –ді шертеді. Сонда сурет горизонталь оське қатысты кері бұрылады.

  4. Отразить сверху вниз опциясына белгі қойып, ОК-ді шертсеңдер сурет төңкеріліп түседі.

  5. Повернуть на угол опциясына маусты шертіп, 90 градусты тасңдасаңдар, сурет 90 градусқа бұрылады.


Үзіндіні еңкейту мен созу.

Растянуть/Наклонить командасы арқылы үзіндіні созуға және горизонталь немесе вертикаль осьтеріне қатысты еңкейтуге болады.

Ол үшін:


  1. Қажетті үзінді белгіленіп алынады.

  2. Рисунок-Растянуть/Налонить командасын орындайды. Экранға Растянуть/Наклонить командасының диалогтік терезесі шығады.

  3. Бұл терезеден қажетті әрекетті таңдаңдар.По горизонтали немесе по вертикали өрісіне, пернетақтадан қажетті градус санын енгізіп, ОК-ді басыңдар. Енгізілген градус бойынша еңкею орындалады.


Суретті қарап шығу режимі

Кейбір кездерде салынған суреттің ұсақ бөліктерін салу қиындық тудырады. Бұл жағдайларда суреттің бөлшектерін жақынырақ көру үшін сурет масштабын үлкейту немесе оны толық көру үшін кішірейту керек.

Суреттің бейнелеу масштабын өзгерту үшін Вид-Масштаб командасын орындаңдар. Бұл кезде пайда болған бағынышты менюден Крупный, Выбрать командаларының бірін таңдаңдар немесе Масштаб батырмасында шертіңдер.

Кәдімгі масштабты қалпына келтіру үшін Вид-Масштаб-Обычный командасын орындаңдар.



Салынған суреттерді түсқағаз ретінде пайдалану.

Ол үшін:


Салынған суретті сақтау керек.

Сосын Файл-Заполнить рабочий стол немесе В центр рабочего стола командасын орындайды.


Түстер палитрасын өзгерту.

Графикалық редактордың түстер палитрасын өзгерту үшін немесе оған жоқ түстерді қосу үшін төмендегілерді орындау керек.



  1. Графиктік редакторды іске қосады.

  2. Палитраның аустырылатын түсінде шертеді де, Палитра-Изменить палитру командасын орындайды немесе палитраның ауысатын түсінде маусты екі рет шертеді.

  3. Изменение палитры терезесінде Определить цвет батырмасын шертеді.

  4. Изменение палитры диалог терезесінде түстер спектрі ашылады. Түстер спектрінде меңзерлерді жылжытып отырып, Цвет/Заливка жақтауында пайда болған қай түсті болсын таңдап, Добавить в набор батырмасын шертеді.

  5. Бұдан кейін таңдалған түс Дополнительные цвета бөлімінің бірінші бос ұяшығында пайда болады.

  6. ОК батырмасын шертеді. Палитрада таңдалған түс пайда болады.


Суреті қағазға басып шығару.

Суретті қағазға басып шығару үшін Файл-Печать командасын орындайды. Баспа терезесі пайда болады. Қандай парақтар шығарылуы керек екенін көрсетіп, қанша дана керек екенін көрсетіп, ОК батырмасын шертеді.

Ал баспаға берместен бұрын суреттің бетте қалай орналасқанын көру үшін Файл-Предварительный просмотр командасын орындайды.

Сергіту сәті.

Тақырыпты бекітуге практикалық жұмыс. Аталған құралдарды қолданып мына суретті салып шығу. Сурет мұғалімнің компьютерінің мониторында бейнеленіп тұрады. Жұмыстың мазмұны оқушыларға үлестіріледі.


Компьютермен жұмыс.
Айтылған сабақ бойынша оқушыларға мынадай практикалық жұмыстар беріледі.

1-тапсырма.


  1. Алма ағашының ортаңғы үлкен бұтағын салып ал.

  2. Алма ағашының оң жақ бір бұтағын салып ал.

  3. Осы бұтақты көшіріп, ағаштың оң жағына төрт бұтақ орналастыр. Үстіңгі бұтақтар кішірейе береді.

  4. Тап осылай ағаштың сол жақ бұтақтарын сал.

  5. Бір алма салып алып, оны көшіру арқылы ағашты алмамен толтыр.

  6. Сонда суретте көрсетілген алма ағашы шығуы керек.




2-тапсырма.

Берілген суретті салып шық.

Үйге тапсырма :
Сабақ аяқталды.

Сау болыңыздар!



Күні:26.11.13

Сыныбы: 6

Сабақтың тақырыбы: Графикалық редактордың сурет салу құралдары.
Сабақ мақсаты: а) Графикалық редактормен таныстыру.
Б) Графикалық редактормен жұмыс істеуге үйрету.
В) Оқушыларды шығармашылыққа тәрбиелеу.
Сабақ көрнекілігі: Paint графиктік редакторы терезесі.

Сабақ түрі: Дәстүрлі

Сабақ әдісі: Түсіндірмелі баяндау

Сабақ типі: Жаңа білімді меңгерту сабағы.

Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі

Үй тапсырмасын тексеру

Жаңа сабақ түсіндіру

Жаңа сабақты бекітуге сұрақтар беру, тапсырмалар орындату.

Үйге тапсырма

Сабақты қорытындылау



Сурет салу кезеңдері.


  1. Құрал таңдап алу.

Paint графиктік редакорында 16 құрал пайдаланылады. Оладың міндеттерін білу үшін маус нұсқағышын құралдың үстіне орналастыру керек. Сонда ішіне олардың міндеттері жазылаған кішкене төртбұрыш шығады.

Құрал кескіні

Міндеті

Құрал кескіні

Міндеті



Ерікті аймақты белгілеу құралы, бұл қисық пішінді үзіндіні таңдауа қызметін атқарады.



Бүріккіш, пульверизатор эффектісіне жетуге мүмкіндік береді.



Белгілеу құралы, суреттің тік төртбұрышты үзіндісін таңдау қызметін атқарады



Жазу, бұл сурет ішіне мәтін орналастырады.



Өшіргіш/түрлі-түсті өшіргіш, бұл суретің белгілі бір бөліктерін өшіруге арналған



Сызық, түзу сызықтар салуға арналған.



Құю (Заливка) құралы, бұл тұйық контурдың ішін кескін немесе фон түсімен бояйды.



Қисық, тегістелген сызықтар салуға арналған.



Түс таңдау құралы, бұл кескіннің немесе фон түсін суреттің кез келген нүктесінің түсіне өзгертеді.



Тік төртбұрыш, тік төртбұрыштар салуға арналған.



Масштаб құралы, бұл суреттің жеке үзінділерін үлкейтуге мүмкіндік береді.



Көпбұрыш, ерікті пішінді тұйық көпбұрыштар салады.



Карандаш, бұл кез келген сызықты әр түрлі қалыңдықта сызуға арналған.



Эллипс, шеңбер және эллипс салуға арналған.



Кисть, ерікті сызықтарды салуға арналған. Кистінің қажетті түсрін таңдап алуға болады.



Бұрыштары дөңгеленген тік төртбұрыш, бұрыштары дөңгеленген квадраттар мен тік төртбұрыштар салуға мүмкіндік береді.



1   2   3   4   5   6   7   8   9


жүктеу 1.17 Mb.