Главная страница
Контакты

    Басты бет


Сабақ жоспары 6 сынып Пән мұғалімі: Убабаева Балнур Толеубаевна

жүктеу 1.17 Mb.



жүктеу 1.17 Mb.
бет5/9
Дата18.03.2017
өлшемі1.17 Mb.

Сабақ жоспары 6 сынып Пән мұғалімі: Убабаева Балнур Толеубаевна


1   2   3   4   5   6   7   8   9

Сабақ барысы

  1. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды сабақ тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.

  1. Өтілгенді пысықтау

  • Компьютермен жұмысты аяқтау әрекеттерін ата?

  • WINDOWS' 98 ОЖ- қандай жүйе, оның негізгі объектілері қандай түрмен

  • бейнеленеді?

  • Маустың көмегімен WINDOWS 98- дің объектілерімен қандай әрекеттер орындауға болады?

  • Маустың батырмаларына сипаттама бер?

  • Жұмыс орнының негізгі объектілерін ата, объект деген не, WINDOWSтың обьектілерін ата?

  • Файл, қатқыл диск объектісінің қасиеттеріне сипаттама бер?
    Қатқыл диск (немесе винчестер; ағылш. Hard Disk Drive, HDD) - дерек жазуға және сақтауға арналған құрылғы.

    Қашпықтың қызметі қандай?

  • Іске қосудың қызметі қандай? Бас меню, бағыныңқы меню дегенді көрсет?
    Командалар деген не? Ұзын, қысқа команда деген не?

  • Мауспен жұмыс істеу қалай орындалады? Маус деген не? Шерту, оң жақ
    батырмасын шерту, екі рет шерту, мауспен алып беру, оң жақ батырмамен алып
    беру деген не?

  • Динамикалық, контекстік меню деген не?

  1. Жаңа ұғымдармен алғашқы таныстыру кезеңі

Операциялық жүйе - бұл компьютердің іске қосқан кезде жүктелетін және барлық құрылғылардың жұмысын басқаратын арнайы программа.

Операциялық жүйе екі негізгі қызметті орындайды:



  1. барлық қолданбалы және жүйелік программалардың жұмыстарын қолдап, олардың бір – бірімен және аппараттық жабдықтармен байланыстарын қамтамасыз ету;

  2. әрбір адамға ЭЕМ –ді жалпы басқару мүмкіндігін беру.

Операциялық жүйелерді жіктеу.

Дербес компьютерге арналған операциялық жүйелер бірнеше параметрлері бойынша ерекшеленеді. Атап айтқанда, ОЖ-лер:



  • Бір міндетті және көп міндетті қатар атқаратын;

  • Бір адам пайдаланатын және бірнеше адам пайдаланатын;

Бұдан басқа операциялық жүйенің командалық немсее графикалық (немесе екеуі бір міндетті) көп терезелі интерфесі болы мүмкін.

Бір міндетті операциялық жүйелер қай кезде де адамның компьютерде тек бір ғана іспен шұғылдануынағ яғни тек бір ғана мәселені шешуіне мүмкіндік береді.

Көпміндетті жүйелер бірнеше программаны қатар іске қосуға мүмкіндік береді.

Бір адам ғана пайдаланатын операциялық жүйелер компьютерде тек бір ғана адамның жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.

Бірнеше адам пайдаланатын жүйеде әр бір пайдаланушы өз ақпаратына пароль енгізіп, тек өзінің ғана аша алатын ақпаратына шыға алады.

Әрбір ОЖ үш міндетті бөліктен тұрады:

І. Ядро – командалық интерпретатор, программалық тілден «темір» тіліне аударатын аудармашы, машина кодасының тілі.

ІІ.Драйвер- компьютер құрамына кіретін әртүрлі құрылғыларды басқаруға сәйкес келеді, мысалы, принтер драйвері, сканер драйвері, жүйелік картаның драйвері.

ІІІ. Интерфейс - пайдаланушы компьютермен байланысып, қарым-қатынаста болатын ыңғайлы қабық.

ОЖ негізгі мақсаты – программалардың бір – бірімен және сыртқы құрылғылары мен әрекеттігін қамтамасыз ету, ЭЕМ –нің жадын бөлу, жұмыс кезінде туындайтын әртүрлі оқиғаларды анықтау, жұмыс нәтижелерін қағзға, экранға шығару жолдарын ұйымдастыру, мәліметтерді сыртқы ортадан алу және беру т.б. ОЖ –нің негізгі ядросы машина іске қосылған сәттен бастап ЭЕМ –нің жадында болады. Машинаны жалпы басқару үшін ОЖ –нің командалық тілі пайдаланады, оның көмегімен адам дискіні белгілеу, мәліметтерді көшіру, кез келген әртүрлі әрекеттерді орындайды.

Microsoft корпорациясының ОЖ даярлау жолындағы келесі елеуліқадамы болып ондағы графикалық интерфейс қондырма программа күінде емес, сол жүйенің ажырамас бөлігі болатын операциялық жүйені даярлау болып саналады . Осылайша Windows 95, Windows 98, және Windows NT операциялық жүйелері пайда болды. Қазіргі операциялық жүйелердің адамға беретін жеңілдіктері MS DOS  жүйесінің мүмкіндіктеріне қарағанда өте жоғары, ал графиктік интерфейс солардың тек бір қыры ғана.

Бұдан былай Windows жүйесі деген сөзді Windows 3.1х (кез-келген сан) және Windows 95 операциялық жүйелері деп ұққан жөн.

Компьютердің жалпы құрылымында операциялық жүенің орналасуын келесі 1-суретте көрсетелік. Астында екі немесе оданда көп деңгейден тұратын аппаратты қамсыздандыру орналасқан. Ең төменгі деңгейде интегралды микро схемалардан,электронда-сәулелі трубкалардан, қоректену көздеріне тұратын   физикалық жабдығы бар.  Жоғарыда микроархитектуралық дейгей орналасқан. Осы деңгейде орталық процессордың ішкі регистрлеры, арифметика-логикалық жабдықтар орналасқан.

1-сурет. Компьютерлік жүйе аппаратты қамсыздандыру, жүйелік программалардан, және қосымшалардан тұрады.




Банктік жүйе

Авиабилеттердің сұранысы

Web-браузер

Компилыторлар

Редакторлар

Командалардың интерпритаторлары

Операциялық жүе

Машиналық тіл

Микроархитектура

Физические устройства


Терезе (Окно) — жақтаулармен шектелген экрандағы төртбұрышты аймақ. Әрбір терезенің оны басқаруға арналған элементтері мен жұмыс аймағы болады. Жұмыс аймағында объектілер, ақпарат және басқару элементтері орналасады. WINDOWS жүйесінде жұмыс істеу барысында бірнеше терезені бір мезгілде ашуға және терезелер арасында Есеп тақтасындағы батырмалардың көмегімен ауыса отырып олардың әрқайсысында кезекпен жұмыс істеуге болады (1 сурет).

Барлық терезелердің түрін төмендегі төрт топқа бөлуге болады:



  1. Қапшық (папка) терезелері;

  2. Қолданбалар терезелері;

  3. Диалог (сұхбат) терезелері;

  4. Анықтама терезелері.

Қапшық (папка) терезелерінде, оны басқару элементтерінен басқа WINDOWS-тың басқа объектілерінің де белгішелері бар. Белгілі бір объектінің белгішесін мауспен екі рет шерту, оны ашады.

Белгілі бір қолданбаны іске қосатын болсақ, онда экранда сол қолданбаның терезесі пайда болады. Қолданба терезелері қолданбаға жүктелген құжаттың мазмұнын көрсету міндетін атқарады, сондай-ақ онда терезені басқару элементтері де бар. Белгілі бір қолданбаны іске қосқанда, экранда осы қолданбаның терезесі пайда болады.



Қолданба (приложение) — бұл да бағдарлама, ол WINDOWS жүйесінің баскаруымен жұмыс істегендіктен, қолданба деп аталады.

Диалог терезелері (Диалоговые окна) — қосымша ақпараттарды енгізуте арналған арнайы терезе. Олар WINDOWS-ты және оның қолданбаларын басқару мен баптау үшін қажет, оларда басқару элементтері бар. Өздеріне таныс сағат (Часы) терезесі мұның мысалы бола алады .

Аньқтама терезелері (Окна справок) WINDOWS және оның қолданбаларының жұмысы бойынша анықтама ақпараттарын шығару қызметін атқарады.

Менің компьютерім терезесінің негізгі элементтерімен танысайық.

Шекара Терезе төрт жағынан қоршалған жақтаулардан тұрады. Оны терезенің шекаралары деп атайды. Терезенің жақтаулары арқылы онын өлшемін өзгертуге болады. Маус нұсқағышын терезе жақтауына апарып қос бағдаршаға айналған кезде қалауымызша өзгертеміз.

Тақырып жолы. Терезенің жоғары терезесінің астында орналасқан. Терезенің аты орналасқан немесе басқару қатары деп те атайды. Себебі бұл қатар арқылы терезені басқарамыз. Жималаймыз, Жабамыз, Қалпына келтіреміз. Осы қатарда жүйелік меню белгішесі орналасқан. Оған маус нұсқағышын бассақ , терезені басқару тізімі шығады. Ол арқылы терезенің өлшемін өзгертуге болады.

Терезенің жабу түрлері х белгісі арқылы немесе АLТ Ғ4



Меню жолы. Меню жолына АLТ Ғ1О арқылы кіреді. Маус нұсқағышын да

пайдаланады.



Құрал-саймандар қатары. Құрал саймандар қатарын Вид менюіндегі Панели инструментов командасы арқылы шығарады.

Жұмыс аймагы, Терезенің ішкі аймағы, онда негізгі объектілер орналасқан. Ол объектілердің түрлерін келесі түрде көрсетуге болады. Терезе: крупные значки, мелкие значки, список, таблица түрінде беріледі. Шиыру жолақтары. Тік және көлденең шиыру жолақтарын терезенің ені мен биіктігіне оның мазмұны толық көрінбесе осы жолақтарды пайдаланамыз. Ол сырғытпалардан тұрады.

  1. Жаңа ұғымдарды бекіту кезеңі

  • Оқулықтағы бақылау сұрақтарына жауап беру.

  • «Менің компьютерім» терезесінің биіктігін, енін өзгертіңдер, экран бойымен

  • жылжытыңдар.

  • Экранда бірнеше терезе ашыңдар, оларды қатар орналастырыңдар, жималаңдар

  • Жұмыс үстелінің суретін және уақытты өзгертіңдер

  1. Жаңа ұғымдарды қолдану кезеңі

  • Оқулықтағы «Өзінді тексер» сұрақтарына жауап беру.

  • Оқулықта берілген тәжірибелік тапсырмаларды орындау.

VI.Бақылау кезеңі

  • Терезе дегеніміз не?

  • Терезенің қандай түрлері бар?

  • Терезе элементтерін және олардың атқаратын қызметін айтыңдар

  • Терезенің жоғарғы оң жақ бұрышындағы 3 белгінің қызметі қандай? Үйге  тапсырма:


Күні:12.10.13

Сыныбы: 6

І. Сабақтың тақырыбы: Бумалар мен белгішелерді құру. Атын өзгерту. Практикалық жұмыс№1

ІІ. Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға файлдар мен бумаларды құру мен іздеу жолын үйрету.

Дамытушылық: Дамыта оқыту негізінде оқушылардың оқу іс-әрекетін белсендіру.

Тәрбиелік: Оқушылардың өз бетінше компьютермен жұмыс істеуге үйрету, еңбекке баулу.

III. Сабақтың түрі: жаңа сабақ

IV. Сабақтың көрнекілігі: кеспе қағаздар

V. Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру бөлімі:

А) Сәлемдесу;

Б)Оқушыларды түгендеу;

В) Оқушы құралдарын тексеру.

2. Үй тапсырмасын тексеру

3. Жаңа сабақ

Компьютермен жұмыс істегенде көптеген файлдар құруға тура келеді. Егер ол файлдарды тек бір қапшыққа орналастыра берсе онда бара бара ол қапшықтан қажетті файлды тауып алу қиындай түседі. Сондай файлдарды өзіміз жасаған жеке қапшықтарға орналастырған жөн мысалы: барлық суреттерді сурет қапшығына ал ойындарды ойын қапшығына т.с.с. орналастырады. Қапшық құрудың мынадай жолы бар:



  • Менің компьютерім қапшығын ашыңдар;

  • С дискісінің қапшығын ашыңдар;

  • Тышқанның нұсқағышын меню жолындағы файл командасына орналастырыңдар;

  • Пайда болған созылған менюдің құру командасын шертіңдер, басыңқы меню пайда болады;

  • Басыңқы менюдегі қапшық командасында тышқанды шертіңдер;

Сонда жаңа қапшық белгішесі пайда болады. Обьектінің атын өзгертудің бірнеше әдістері бар:


  • Тышқанның сол жақ батырмасын шертіп обьектіні белгілеңдер де қапшық терезесінің менюдегі Файл Переименовать командасын орыңдаңдар. Обьектінің ескі атының төңірегінде төртбұрышты жақтау пайда болады, оған пернетақтадан жаңа ат іздеп ENTERпернесін басыңдар;

  • Обьектіні белгілеп, Ғ2 пернесін басыңдар да жаңа ат еңгізіңдер немесе ағымдағы атты түзетіңдер. Обьектінің атын өзгерту барысында қателік жіберсеңдер ESCпернесін басып, жаңа атты еңгізуді орындатпауға болады; WINDOWS обьектілермен жұмыс істегенде оларды көшіру немесе бір орыннан екінші орынға жылжыту қажет болады. Обьектілерді көшіргенде обьект бұрынғы орнында қалады, ал жаңа орынға көшірмесі түседі. Қанша көшірме қажет болса, сонша алуға болады. Обьектіні жылжытқанда, ол жаңа орынға орналастырылады да, бұрынғы орында қалмайды. Обьектілерді жылжытумен көшірудің бірнеше жолдары бар: Тышқанның оң жақ батырмасының көмегімен. Обьектіні қапшықтың терезесінде жылжыту немесе көшіру үшін тышқан нұсқағышын обьектінің үстіне орналастырып оның оң жақ батырмасын басып тұрып жаңа орынға жылжытады да батырманы босатады. Одан кейін экранда динамикалық меню пайда пайда болады, онда келесі: егер көшіру қажет болса КОПИРОВАТЬ; жылжыту қажет болса ПЕРЕМЕСТИТЬ; ал таңбаша жасау қажет болса СОЗДАТЬ ЯРЛЫК командаларының бірін таңдауға болады. Бір қарағанда қажетті емес және аса маңызды емес болып көрінетін обьектілерді жою өте қауіпті қадам. Обьектіні ойланбай жою программаның дұрыс жұмыс істеуіне немесе тіпті жүйенің бұзылып қалуына әкеледі. Жою операциясы тек оқытушының бақылауымен ғана жүргізілуі керек. Обьектіні немесе обьектілер тобын жоюдың бірнеше жолы бар:

  • Обьектіні белгілеп DEL пернесін басыңдар;

  • Белгіленген обьектіде тышқанның оң жақ батырмасымен шертіп динамикалық менюден УДАЛИТЬ командасын таңдаңдар;

  • Обьектіні немесе обьектілер тобын белгілеп қапшық терезесі менюіндегі ФАЙЛУДАЛИТЬ командасын орындаңдар;

  • Обьектіні немесе обьектілер тобын таңдап, Жұмыс

үстеліндегі СЕБЕТ белгішесіне апарыңдар;

Жоғарыда айтылған әдістердің қайсысын пайдалансаңдар да экранда « Өшіру керек пе қажет пе?» деген сұрау терезесі шығады. Егер сендер ИӘ батырмасын шертсеңдер онда өшірілетін обьектілер автоматты түрде себепке салынады. Кейін оны корзинадан алып, қайта қалпына келтіруге болады. Егер сендер ЖОҚ батырмасын шертсеңдер, онда обьект жойылмайды, бұрынғы орнында қалады. Жоюды қапшық терзесіндегі менюдің Правка Отменить удаление командасын орындап іске асыруға болады.



Сабақты бекіту:кеспе қағаз оқушыларға үлестіріп беру;

Үй тапсырмасы: оқу, мазмұндау

Бағалау

Күні:16.10.13

Сыныбы: 6

Сабақтың тақырыбы: Объектілерді іздеу. Объектілерді көшірмелеу, орнын ауыстыру және жою. Практикалық жұмыс№4

Сабақтыц мақсаты:

Білімділік: Оқушыларды обьектілерді жылжыту мен көшіру ережелерімен және

обьектілердің атын өзгерту, оларды жою, қалпына келтіру ережелерімен


таныстыру;

Тәрбиелілік: Оқушыларды тәрбиелілікке, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа үйрету. Дамытушылык: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық-абстракцкясын дамыту. Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, оқулық, жұмыс дәптері

Сабақтың өту барысы:

  1. Оқушыларды ұйымдастыру

  2. Үйге берілген тапсырманы тексеру

  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру

  4. Компьютермен жұмыс

  5. Сабақты бекіту

  6. Үйге тапсырма беру

Жаңа түсініктер:

Қапшықтарды, файлдар мен таңбашаларды жылжыту мен көшіру

WINDOWS объектілерімен жұмыс істегенде, оларды көшіру немесе бір орыннан екшші орынға жылжыту қажет болады..

Объекгілерді көшіргенде, объект бұрынғы орнында калады, ал көшірмесі жаңа орынға орналастырылады. Қанша көшірме қажет болса, сонша алуға болады. Объектіні жылжытқанда, ол жаңа орынға орналастырылады да, бұрынғы орнынан жоқ болып кетеді.

Объектілерді жылжыту мен көшірудің бірнеше жолы бар. Соларды қарастырайык:



1. Тышқанның оң жақ батырмасының көмегімен.

Объектіні капшықтың терезесінде жылжыту немесе көшіру үшін, тышқан нұсқағышын объектінің үстіне орналастырып, оның оң жақ батырмасын басып тұрып, жаңа орынға жылжьггады да, батырманы босатады. Бұдан кейін экранда динамикалық меню пайда болады, онда келесі: егер көшіру қажет болса, Копироватъ, жылкыту қажет болса, Переместитъ, ал таңбаша жасау қажет болса, Создатъ ярлык командаларының бірін таңдауға боладь.



2.Тышқанның сол жақ батырмасының көмегімен.

Тышқанның сол жақ батырмасымен объектіні жылжытқанда, Сtrl немесе Shift пернелерін колдануға болады.



  1. Жылжьпу кезінде Ctrl пернесі басулы тұрса, онда тандалған объектілер файлдың типіне және оның тағайындалған орнына карамастан көшіріледі.

  2. Shift пернесі басулы болса, WINDOWS объектіні жылжытады.

Объектілерді жабық қапшыққа көшіру және жылжыту

Объектілерді басқа қапшықтарға бұл қапшықтарды апшай-ақ көшіруге немесе жылжытуга (ауыстыруға) болады. Ол үшін жабық қапшыққа орналастыратын файл белгішесін тышқанмен іліп алып, оны файлды орналастыратын қапшық белгішесіне тасымалдап, маустың батырмасын босату керек.



Меню командалары арқылы объектілерді көшіру және жылжьпу

Объектілерді жылжытуда "апарып қою" әдісі үнемі қолайлы бола бермейді. Сондықтан Правка менюінің Көшіру (Копироватъ), Қию (Вырезать) және Кірістіру (Вставить) деп аталатын командаларын пайдалануға болады. Бүл командаларды пайдаланғанда, ақпарат алдымен алмасу буферіне орналастырылады. Алмасу буферін пайдалану негізі WINDOWS-тің барлық жүйелері мен қолданбалары үшін бірдей.



Алмасу буфері — жылжытылатын немесе көшірілетін ақпараттарды уақытша сақтауға арналған жадтың арнайы бөлігі. Алмасу буферіндегі ақпарат оған жаңа ақпарат бөлігі келіп түскенше сақталады, ал содан кейін алдыңғы ақпарат жойылады.

Алмасу буферінің кемегімен деректерді әр түрлі құжаттар мен қолданбалардың арасында алмастырып отыруға болады. Алмасу буферін пайдалану үшін, алдымен деректерді оған орналастырып (сақтап) қояды да, содан кейін одан алып қажетті құжатқа кірістіреді. Бұл процедураны қиып алып кірістіру немесе көшіріп алып кірістіру процедурасы деп атайды.



Көшіру деп алғашқы құжаттағы белгіленген ақпараттың Алмасу буферіне осы деректердің көшірмесі түрінде орналастырылуын айтады.

Қиып алу деп алғашқы құжаттағы белгіленген акпараттың берілген құжаттан алынып, алмасу буферіне орналастырылуын айтады.

Кірістіру деп қазіргі кезде алмасу буферінде бар ақпараттарды құжаттың қажетті жеріне кірістіруді айтады.

Алмасу буферіндегі ақпараттар компьютерді өшіргенше немесе онда басқа ақпараттар жіберілгенше сақталады. Алмасу буферіндегі ақпараттарды осы құжатқа, сондай-ақ WINDOWS-тың басқа да қолданбаларына кірістіру үшін бірнеше рет қолдануға болады.



Копировать, Вырезатъ және Вставить командаларын пернетактаның көмегімен объектілерді көшіру үшін Сtrl С, қиып алу үшін Сtrl Х, қажетті орынға кірістіру үшін Сtrl У пернелерін басын шақыруға болады.

Қапшықтардың, файлдардың немесе таңбашалардың аттарын өзгерту

Объектілердің аттарын өзгертудің бірнеше әдістері бар:

1. Объектіні белгілеп тышқанньщ оң батьфмасын басу, қосымша менюден Переименоватькомандасын орындау

2. Белгіленген объектінің қапшық терезесінің менюіндегі Файл - Переименовать


командасын орындау

  1. Объектіні белгілеп оның атында тышқанның батырмасын шерту, жаңа ат жазу

  2. Объектіні белгілеп Ғ2 пернесін басу, жаңа ат жазу

Қапшықгарды, файлдар мен таңбашаларды жою

Объектіні немесе объектілер тобын жоюдың бірнеше жолы бар:



  1. Объектіні белгілеп, Delete пернесін басу

  2. Белгіленген объектіде тышқанның оң батырмасын басып, қосымша менюден Удалить командасын орындау

  3. Объектіні немесе объектілер тобын белгілеп, қапшықтьщ терезесінін менюівдегі Файл -Удалить командасын орындау

4. Объектіні немесе объектілер тобын белгілеп, тышқанның сол батырмасын басып тұру арқылы Себет (Корзина) белгішесіне апару

Өшірілген объектілер Себетте (Корзинада) оны жойғанша не.месе қалпына келтіргенше сақталады. Себеттегі объектіні қалпына келтіру үшін, оны белгілеп Файл -Востановить командасын орындау керек немесе тышқанның оң батырмасын шертіп қосымша менюден Востановить командасын орындаймыз.



Себетті тазалау

  1. Себетті ашу, файлдарды белгілеп Delete пернесін басу

  2. Себет белгішесінде тышқанның оң батырмасын шертіп, қосымша менюден Очистить
    корзину командасын орындау

Тапсырма:

1 – тапсырма.

  1. Жұмыс столында өз есіміңізбен аталатын жаңа қапшық құрыңыз.

  2. Осы буманың ішіне Менің құжаттарым (Мои документы) қапшығынан бірнеше объектілерді әр түрлі әдістермен көшіріңіз

  3. Жаңа қапшықтың атын өзгертіңіз

  4. Қапшықты өшіріңіз және Себеттен қайта қалпына келтіріңіз

  5. Қапшықты қайта өшіріп Себетті тазалаңыз

Сабақты бекіту сүрақтары:

  • Объектілерді көшіру мен жылжыту дегеніміз не?

  • Объектілерді көшірудің қандай жолдары бар?

  • Объектілерді жылжыту әрекеті қалай орындалады?

  • Алмасу буфері дегеніміз не?

  • Объектілерді жоюдың қандай жолдары бар?

Үйге тапсырма: тақырыпты оқу.

Күні:19.10.13

Сыныбы: 6

Сабақтың тақырыбы: Акпаратты жазу және санау. Акпарат тасымалдаушылар.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларды компьютердің сыртқы жады және компакт-дискілер, туралы түсінігін қалыптастыру. Осы құрылғылардың жұмыс істеу принциптерімен таныстыру.

Дамытушылық:Жалпы ақпараттық құралдармен жұмыс жасау қабілеттерін қалыптастыру, пәнге деген қызығушылық әрекетін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды тәрбиелікке, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа үйрету.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, инт.тақта, электронды оқулық

Сабақтың әдісі: Электрондық оқулық, интерактивті тақтамен жұмыс



Сабақтың жүру барысы

І. Ұйымдастыру.

Оқушыларды түгендеу.

2. Сабақтың мақсатымен таныстыру

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру (Жын тапсырмасы).

III.Жаңа тақырыпты түсіндіру

IV.Компьютермен жұмыс

V.Техникалық диктант

VI.Электрондық оқулықпен жұмыс

VII.Сабақты бекіту. Тест жұмысы.

VIII Бағалау. “Бейнеттүбі-зейнет

.IXҮйге тапсырма беру



ІІІ. Жаңа сабақтың мазмұнын түсіндіру.“Ырыс алды ынтымак”

Оқушылар біздер компьютер тарауын окып жатырмыз.Комьютердің негізгі боліктерін өттик жане сырткы боліктерине токталамыз. Мысалы. Сырткы жадка .флешка, СД-Rom компак дискі десек . Бугінгі отетинмиз Акпаратты жазу және санау. Акпарат тасымалдаушылар..

Бұлкомпьютердіөшіргенненкейіндеенгізілгенақпараттысақтайтынжад.Компьютержадыныңекітүрібар. Ішкіжаджәнесыртқыжад. Компьютердіңсыртқыжадынакомпактдиск, дискетжәнефлешдисктержатады. Олардыкомпьютердің USB-порты, CD-ROM жәнедискжетекарқылықосуғамүмкіндікбереді. Бұлақпараттасымалдаушылардепатайды.

Қатқылдиск—біркомпьютерденекіншікомпьютергеқосуғаболмайды. Олкомпьютерішіндеорналастырыладыжәнесыйымдылығыүлкенболады. Бірқатқылдискігебірнешежүздегендискеттердегіақпараттарсыйыпкетеді. Оныкөпжағдайларда«винчестер»дептеатайды.Иілгіш, алынбалы-салынбалыдискеттер. Оныңдиаметрі–3,5 дюйм, немесе1,44 Мбайт

Компакт-дисклер.

Компакт-диск–бұлметалменқапталғаноптикалықдиск. Оныңсалмағынебәрі 15 гр. жәнедиаметрі– 12 см.оғаншамамен640мбақпаратжазуғаболады. Дискініңжұмысбетінзақымданудансақтайтынарнайықабығыжоқ. Компакт-дискілерарнайыорауыштасақталады.


1   2   3   4   5   6   7   8   9


жүктеу 1.17 Mb.