Главная страница
Контакты

    Басты бет


Сабақ жоспары 6 сынып Пән мұғалімі: Убабаева Балнур Толеубаевна

жүктеу 1.17 Mb.



жүктеу 1.17 Mb.
бет4/9
Дата18.03.2017
өлшемі1.17 Mb.

Сабақ жоспары 6 сынып Пән мұғалімі: Убабаева Балнур Толеубаевна


1   2   3   4   5   6   7   8   9

2.1.2.Тапсырма. Кестені толтыр.

Тапсырма тақырыптың конспекті болып табылады. Ол мұғалімнің түсіндіруімен немесе оқулықтағы параграфты оқумен қатар орындалады.


ЭЕМ

БУЫНДАРЫ

ЭЛЕМЕНТТІК

БАЗАСЫ

ЭЕМ-нің НЕГІЗГІ СИПАТТАМАЛАРЫ

I буыны

1940-1955



Электрондық шамдар

Жылдамдығы төмен, абажадай, енгізу үшін перфокарталар қолданылған бағдарламалар машина командаларының тілінде құрылған, санау жылдамдығы секундына 20000 операция

II буыны

1955-


Жартылай өткізгіштер, транзисторлар

Өлшемі кішірек, электроэнергиясын азырақ жұмсайды, жылдамдығы – секундына бірнеше мыңдаған операция, жоғ,ары деңгейлі бағдарламалау тілдері дами бастады

III буыны

Интегралдық схемалар

Үлкен жад, жылдамдығы секундына бірнеше миллиондаған операцияға дейін, магнитті дискілер пайда болды. Мультибағдарламалық режим.

IV буыны

Микропроцессорлар

Үлкен жад, жоғары жылдамдық, өлшемі шағын, жоғарғы деңгейлі бағдарламалау тілдері

V буын

құру талаптары






Жасанды интелект.

Қарым-қатынас тілі табиғи тілге жақын.


Бақылау сұрағы: Қазіргі заманғы дербес компьютерлер қай буынға жатады?



Жауабы: IV буынға.

2.1.3.Тапсырма(Ү). Сөзжұмбақ.

Көлденеңінен:

5. Бағдарламамен басқарылатын аналитикалық-машинаның авторы.

7. Қосатын машинаны ойлап тапқан адам.

8. Лейбництің механикалық санау машинасы.

10. ЭЕМ-нің II буынының элементтік базасы.

Тігінен:

1. Біздің елдегі бірінші ЭЕМ.

2. Бірінші электрондық компьютер.

3. Гректердің ежелгі санау құралы.

Гректер (гр. Έλληνες - эллиндер, эллинес деп оқылады) - Үндіеуропа тілдер әулетінің грек тобына жататын ежелгі халық. Грекия мен Кипрдың негізгі халқы.

4. Санау – перфорациялық машинасын жарыққа шығарушы.

6. Компьютер ойындарындағы дисплей экранында жылжымалы объектілерді басқаратын құрылғы.



9. ЭЕМ-нің I буынының элементтік базасы.






































3





































4










А







6



















1







Х

5

Б

Э

Б

Б

И

Д

Ж
















М







О










А







Ж



















Э







Л










К

9




О










7

П

А

С

К

А

Л

Ь










Ш




Й



















М







Е













А




С
















2




8

А

Р

И

Ф

М

О

М

Е

Т

Р













Э










И



















И







10

Т

Р

А

Н

З

И

С

Т

О

Р













К



















И

















































А

















































К






































Ұсынылатын тақырыптар:

  1. Жобалауды автоматтандыру – жобалау-конструкторлық істің жаңа кезеңі.

  2. Ауыл шаруашылығында компьтер не үшін керек.

  3. Транспорт пен құрылысты ақпараттандыру.

  4. Компьютер – «басқарушы».

  5. Компьютер сауда ісінде.

  6. Нақты эксперимент орнына – есептеуіш.

  7. ЭЕМ гуманитарлық ғылымдарда.

  8. Компьютерді медицинада қолдану.

  9. Жасанды интелект дегеніміз не?

  10. ЭЕМ мектепке келді.

  11. Компьютерлік қылмыс. Компьютер қылмысқа қарсы.

  12. Компьютерді мәдениет пен демалыс саласында қолдану.



IV. Жаңа тақырыпты бекіту

2.1.1, 2.1.2– тапсырмаларды орындау
V. Қорытындылау

1)Үйге тапсырма

Есептеуіш техникасының даму тарихы. ЭЕМ-нің қоғам өміріндегі рөлі: мектепте, үйде,

медицинада, бизнесте, өнерде, ғылымда, ЭЕМ-ді қолдану аумақтары

2.1.3 - тапсырма

2)Оқушыларды бағалау

Күні: 5.10.13

Сынып: 6

Сабақтың тақырыбы:  Программалық қамтамасыз етудің жалпы сипаттамасы және жіктелуі.

Сабақтың  мақсаты: Бағдарлама және бағдарламалық жабдықтама түсініктерімен  таныстыру.

Сабақ міндеттері:

Білімділік: Бағдарлама түрлері мен міндеттері жөнінде мағлумат беру.

 ДамытушылықОқушылардың есте сақтау және зейіндік кабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.

 Тәрбиелік: Жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:    аралас сабақ

Оқыту  әдістері:   сөздік, көрнекі, практикалық

Сабақтың құрал-жабдықтары:  компьютерлер, SIN.kz бағдарламасы, тест сұрақтары т.б.б.

Оқыту формалары:   жеке, топтық және ұжымдық.

Сабақтың барысы:    


  1. Ұйымдастыру кезеңі

  2. Өтілгенді пысықтау

  3. Жаңа ұғымдармен алғашқы таныстыру кезеңі

  4. Жаңа ұғымдарды бекіту кезеңі

  5. Жаңа ұғымдарды қолдану кезеңі

  6. Бақылау кезеңі

Сабақ барысы

  1. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды сабақ тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.

  1. Өтілгенді пысықтау

  • Компьютердің сыртқы  құрылғыларын ата?

  • Енгізу-шығару құрылғыларын айтыңыз

  • Пернетақтаның блоктарын айт.

  • Негізгі пернелердің қызметі қандай?

  1. Жаңа ұғымдармен алғашқы таныстыру кезеңі

Бағдарламалық құралдар - әр түрлі мақсаттарға арналған бағдарламалар жиынтығы. Компьютердің бағдарламалық құралдарын бағдарламалық жасақтама деп те атайды. Олар:

►► Жүйелік деп аталатын, к-ң барлық кұрылғылары мен мәліметтерді өңдеуді жасақтау қорларының жұмыстарын басқаратын;

►► Қолданбалы деп аталатын, мәліметтерді өңдеуге арналған;

►► Бағдарламалау жүйелері деп аталатын, басқа бағдарламаларды өңдеу қызметін атқаратын бағдарламалардан тұрады.



БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ЖАСАҚТАМАЛАР

Компьютердің бағдарламалық жасақтамалары жүйелік, қолданбалы бағдарламалардан және бағдарламалау жүйелерінен тұрады.

Жүйелік бағдарламалардың ішінде операциялық жүйе (ОЖ) (операционная система -ОС) негізгі болып табылады.

ОЖ — компьютердің барлық мәліметтерді өндеу жұмысын ұйымдастыратын бағдарламалар жүйесі. Ол компьютердің барлық құрылғыларын басқарады, компьютер құрылғыларының арасында және компьютер мен адам арасында мәліметтер алмасуын жүзеге асырады. Сонымен қатар ОЖ - әмбебап жүйе, оны әр түрлі типтегі компьютерлерге, компьютерге қосылған қосымша құрылғыларға сәйкестендіріп баптауға болады. компьютерді дербес түрде баптауға мүмкіндік береді.

ОЖ-лер өте көп, бірақ біздің арнайы қарастыратынымыз — үйде және мектептерде түрған компьютерлердің операциялық жүйелері. Бұдан аз-ақ уақыт бұрын мүндай компьютерлерде ОЖ МS DОS тұратын. Қазіргі кезде кең тараған жүйелер: WINDOWS 95, WINDOWS 98, WINDOWS NT.

Бұл операциялық жүйелердің және көптеген өте маңызды қолданбалы бағдарламалардың, бағдардамалау жүйелерінің негізгі әзірлеушісі (жасаушысы) — американың Місrosoft фир-масы.

Компьютерде жұмые істеу - негізінде оның ОЖ-мен жұмыс істеу. Сондықтан компьютер мен адамның қатынасу тәсілі қаншалықты қарапайым, түсінікті және "жақын достықта" екендігі өте маңызды.

Адам мен компьютер арасындағы қарым-қатынас тәсілін интерфейс деп те атайды. Дербес компьютерлерде қатынасудың - интерфейстің - командалық және терезелік екі тәсілі болады.

Командалық интерфейсте адам компьютермен ОЖ-нің командаларының, жиынтығының кемегімен қатынас кұралады, олар өте көп және жазылу түрлері де әр түрлі. Командалық интерфейсі бар ОЖ-ға ОЖ МS DОS жатады, ол компьютерлерде соңғы жылдарға дейін негізгі болын келді. Компьютерде дұрыс жұмыс істеу үшін, ОЖ МS DОS нұсқауларының қалың томдарын оқып үйрену қажет болды.

Терезелік интерфейстің жөні басқа, ол WINDOWS типті ОЖ -де жүзеге асырылған. Мұнда компьютермен қатынасу көбіне тек маус құрылғысы арқылы жасалады. Компьютермен жұмыс істеу үшін, экранда графикалық бейнелер түрінде керсетілген әрекеттерді маустың көмегімен таңдау жеткілікті. Экранда графикалық формаларды таңдау, жедел көмек жасау (оперативті көмек сөз), анықтама жүйесі адамның компьютермен катынас кұруды сезу дөрежесінде түсінікті етеді.

Оның үстіне ОЖ WINDOWS бір мезгілде бірнеше мәселелерді. ал МS DОS тек бір мәселені ғана шешуге мүмкіндік береді.

Әрине. WINDOWS типті ОЖ-лер тек белгілі жағдай жасалғанда, яғни процессордың жұмысынын жылдамдығы арттырылғанда, компьютердің жедел және тұрақты жадының көлемі үлкейтілгенде ғана МS DОS -тың орнын басты.

Қолданбалы бағдарламалық жасақтама мәліметтерді өңдеудің нақты мәселесін шешуге арналған.

Бағдарламалық өнім (ағыл. Software; soft - жұмсақ және ware - өнім;орыс. Программное обеспечение - бағдарламалық жасақтама,) - компьютердің жұмыс істеуіне арналған компьютер бағдарламалары жиынтығы, яғни бағдарламалық жасақтама.
Олардың көмегімен құжатгар құруға, графикалық объектілер даярлауға, әр түрлі есептеулер жүргізуге және өздеріңнің демалыстарыңды ұйымдастыруға т.б. жасауға болады.

Қолданбалы бағдарламаларды арнайы және әмбебап бағдарламалар деп екі топқа бөледі.

Арнайы (мамандандырылған) бағдарламаларға бір мамандықтағы адамдар пайдаланатын бағдарламалар жатады, мысалы, бухгалтерлік бағдарламалар, проект жасаушылар, дәрігерлер пайдаланатын т.б. бағдарламалар.

Әмбебап бағдарламаларға мәтіндік және графикалык редакторлар, электрондық кестелер, электронды пошта бағдарламалары, яғни адамдардың көбі пайдаланатын бағдарламалар жатады. Бірімен-бірі байланысты бірнеше қолданбалы бағдарламаларды біріктіретін бағдарламалар да бар, оларды интегралданған бағдарламалар дестесі деп атайды. Мысалы, мәтіндік редактор, электрондық кесте, мәліметтер базасын басқару жүйесі.

Жүйелік бағдарламалық жасақтамаларға драйверлер де жатады.

Драйвер - (ағылш. drіver - жүргізуші) - компьютердің сыртқы құрылғылармен өзара әрекеттесуін басқаратын бағдарлама. Драйверлер компьютерді басқаратын операциялық жүйелердің (MS DOS, Wіndows, Unіcs, т.б.)
Бұл компьютерге қосылатын құрылғылармен бірге жабдықталатын бағдарламалар, оларда осы құрылғылар жөнінде барлық ақпарат болады. Операциялық жүйе қосылатын құрылғылармен олардың драйвері арқылы қатынасады. Мысалы, ОЖ винчестерге белгілі бір мәліметтерді оқып алуға команда береді. Ал винчестердің драйвері моторды қосуға, бастиекті жадтың белгілі жеріне әкелуге және оқып шығуға команда береді. ОЖ-нің драйвер арқылы жұмыс істеуі қосылатын құрылғыларды ұдайы ауыстырып және жаңалап отыруға мүмкіндік береді.

Төртінші тараудан бастап сендерді кейбір қолданбалы: WordPad, Калькулятор, Раіnt бағдарламаларымен таныстырамыз. Олар WINDOWS-тың құрамына кіреді, сондықтан оларды оның қолданбалары деп атайды. Осыған байланысты WINDOWS'98-ді біріктірілген жүйе деп атайды, себебі бұған операциялық жүйе бөлігінен басқа да қолданбалы бағдарламалар кіреді.

Бағдарламалау жүйелерінің құрамына бағдарламалау тілдері және арнайы бағдарламалар кіреді, олардың көмегімен құрылған бағдарламалар компьютердің жадына енгізіледі, түзетіледі, тестіленеді және орындалады.

Жүйелік бағдарламаларды көбінесе бағдарлама құрушылар (бағдарламалаушылар) пайдаланады.

Бағдарламалау тілдері өте көп. Мысалы, Паскаль, Бейсик, СИ, Фортран, Кобол, Пролог, Ассемблер, ПЛ-1 тағы басқалар. Осы тілдерде бағдарламалаушылар бағдарламалар жазады және арнайы жүйемен, бағдарламалардың көмегімен оларды өндейді, тексереді және қолдануға дайын түрге келтіреді.

Ақпарат компьютердің ішкі және сыртқы жадында сақталады. Компьютердің ішкі жады негізгі болып табылады. Оны көп жағдайда оперативті жад деп атайды. Компьютердің сыртқы жады ақпаратты көп мерзімге сақтауға арналған, ол иілгіш және қатқыл дискілерде, магаитті таспаларда, оптикалық және магнитті-оптикалық дискілерде орналастырылады.



  1. Жаңа ұғымдарды бекіту кезеңі

  • Оқулықтағы бақылау сұрақтарына жауап беру.

  • Sin.kz бағдарламасындағы тәжірибелік тапсырмаларды орындау.

  1. Жаңа ұғымдарды қолдану кезеңі

  • Оқулықтағы «Өзінді тексер» сұрақтарына жауап беру.

  • Оқулықта берілген тәжірибелік тапсырмаларды орындау.

VI.Бақылау кезеңі

  • Компьютердің бағдарламалық жасақтамасына нелер кіреді?

  • ОЖ-нің негізгі функцияларын (міндеттерін) атаңдар.

  • Интерфейс деген не? Қандай интерфейстерді білесіңдер?

  • Қолданбалы бағдарламалардың міндеттері қандай?

  • Олардың классификациясын түсіндіріңдер

  • Бағдарламалау жүйелері не үшін қолданылады?

  • Драйвердің рөлі қандай?

Үйге  тапсырма: «Информатика - 5 сынып» Е.А. Вьюшкова, Н.В. Параскун, §8, 59-67 беттер

Күні: 8.10.13

Сынып: 6

Сабақтың тақырыбы:  Операциялық жүйені басқарудың негізгі тәсілдері және объектілері.

Сабақтың  мақсаты Операциялық жүйені басқарудың негізгі тәсілдері және объектілері жөнінде мағлумат беру.

Сабақ міндеттері:

   Білімділік: Терезенің элементтеріне түсінік беру. Оқушыларды терезелермен және терезе элементтерімен таныстыру.

 ДамытушылықОқушылардың ойлау қабілетін, логикасын, мәдениеттілігін дамыту.

 Тәрбиелік: Әр оқушыны іскерлікке, нақтылыққа тәрбиелеу.



Сабақтың түрі:    аралас сабақ

Оқыту  әдістері:   сөздік, көрнекі, практикалық

Сабақтың құрал-жабдықтары:  компьютерлер, SIN.kz бағдарламасы, тест сұрақтары т.б.б.

Оқыту формалары:   жеке, топтық және ұжымдық.

Сабақтың барысы:    

  1. Ұйымдастыру кезеңі

  2. Өтілгенді пысықтау

  3. Жаңа ұғымдармен алғашқы таныстыру кезеңі

  4. Жаңа ұғымдарды бекіту кезеңі

  5. Жаңа ұғымдарды қолдану кезеңі

  6. Бақылау кезеңі
1   2   3   4   5   6   7   8   9

  • 2.1.3.Тапсырма(Ү).
  • Тігінен
  • IV. Жаңа тақырыпты бекіту 2.1.1, 2.1.2
  • 2.1.3 - тапсырма 2)Оқушыларды бағалау Күні: 5.10.13 Сынып: 6 Сабақтың тақырыбы
  • Сабақтың мақсаты
  • Дамытушылық
  • Сабақтың түрі
  • Оқыту формалары
  • Сабақ барысы Ұйымдастыру кезеңі
  • Жаңа ұғымдармен алғашқы таныстыру кезеңі
  • БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ЖАСАҚТАМАЛАР
  • Жаңа ұғымдарды бекіту кезеңі
  • Жаңа ұғымдарды қолдану кезеңі
  • Үйге тапсырма

  • жүктеу 1.17 Mb.