Главная страница
Контакты

    Басты бет


Сабақ жоспары 6 сынып Пән мұғалімі: Убабаева Балнур Толеубаевна

жүктеу 1.17 Mb.



жүктеу 1.17 Mb.
бет3/9
Дата18.03.2017
өлшемі1.17 Mb.

Сабақ жоспары 6 сынып Пән мұғалімі: Убабаева Балнур Толеубаевна


1   2   3   4   5   6   7   8   9

Жүйелік блок мыналардан тұрады:

Микропроцессор;

Оперативті (жедел)есте сақтау құрылғысы;

Тұрақты есте сақтау құрылғысы;

Қоректену блогы мен мәлімет

енгізу- шығару порттары.



Ал, шеткері құрылғылар құрамы:

Мәлімет енгізу құрылғылары;




Тапсырмалар: Қатені табу
Маған бейнелерді компьютерге енгізу керек болса, алдымен сканерді іске қосамын. Бейнелерді көшіріп алып, оларды сақтап қоямын. Сонан кейін компьютердің жүйелік блогын іске қосып, сканерден өткізілген мәліметтерді түзетемін. Соңынан мониторды қосып, не шыққанын көріп шығамын. Мен осылай компьютердің аппараттық құрылғылары мен электр энергиясын үнемдеп жұмсаймын.
3 қате бар:

1. Алдымен монитор мен жүйелік блокты іске қосу қажет.


2. Жүйелік блок іске қосылмай, сканердегі мәлімет енгізілмейді.
3. Монитор қосылмай, мәлімет түзетілмейді және оны сақтау да қиын.

Тапсырма №2
1. Компьютердің пернетақтасы мен баспа машинкасының ұқсастығы көп.
2. Маус мәтіндік мәліметті компьютер жадына қолмен термей енгізу үшін қажет.
3. Жүйелік блок компьютердің ақыл – ойы тәріздес.
4. Монитор – компьютердің ақпаратты көрінетіндей етіп бейнелейтін құрылғы.

Үйге тапсырма: Компьютердің құрылымы.
Бағалау.

«Тексерілді»:

Оқу ісінің меңгерушісі:

«___________» ________20 ж

Күні: 25.09.13

Сынып: 6

Сабақтың тақырыбы:  Пернетақта. Практикалық жұмыс №2

Сабақтың  мақсаты: Пернетақтаның жұмысымен таныстыру арқылы, оқушылардың компьютерді қолдана білу қабілеттерін арттыру.

Сабақ міндеттері:

   Білімділік: Пернетақтаның функционалды пернелері жөнінде мағлумат беру.

 ДамытушылықОқушылардың ойлау қабілетін, логикасын, мәдениеттілігін дамыту.

 Тәрбиелік: Әр оқушыны іскерлікке, нақтылыққа тәрбиелеу.



Сабақтың түрі:    аралас сабақ

Оқыту  әдістері:   сөздік, көрнекі, практикалық

Сабақтың құрал-жабдықтары:  компьютерлер, пернетақта тренажері, SIN.kz бағдарламасы, тест сұрақтары т.б.б.

Оқыту формалары:   жеке, топтық және ұжымдық.

Сабақтың барысы:    

  1. Ұйымдастыру кезеңі

  2. Өтілгенді пысықтау

  3. Жаңа ұғымдармен алғашқы таныстыру кезеңі

  4. Жаңа ұғымдарды бекіту кезеңі

  5. Жаңа ұғымдарды қолдану кезеңі

  6. Бақылау кезеңі

Сабақ барысы

  1. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды сабақ тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.

  1. Өтілгенді пысықтау

  • Компьютердің негізгі құрығыларын ата.

  • Компьютер жадысының қандай түрлерін білесіңдер?

  • Тұрақты жад пен жедел жадтың айырмашылығын атаңдар.

  • Ақпаратты енгізу-шығару құрылғыларын ата.

  • Жадтың сыртқы тасуыштарын сипатта.

  • Монитордың ажырату қабілеті дегеніміз не?

  1. Жаңа ұғымдармен алғашқы таныстыру кезеңі

Пернетақта   (Клавиатура)           

     Пернетақта  - компютерге ақпарат енгізетін құрылғы.Онда  101 немесе  102  перне  болады .Таңбалық деректерді енгізу қызметін атқарады және негізгі енгізу құрылысы болып  табылады.



Пернетақтаның әрекетерінің прициптері:

1.Пернені басқанда  пернетақтаға  орнатылған арнайы микросхема идентификациялайтын скан-код жіберіледі.

2. Скан-код  микросхемаға  түседі, ол өз кезегінде процессорға бекітілген нөмірі бар түзу береді.

3. Үзуді алып, процессор ағымдағы жұмысын кейінге қалдырып, түзуге нөмірі бойынша түзуге қызмет жасайтын бағдарламаныңадресін табады.

4. Үзуді өңдегеннен кейін процессор аяқталмаған іске қайта оралады.

5.  Енгізілген (бірақ  өңделмеген) символдар пернетақтаның буферіне түседі де, оған арналған бағдарлама оларды алып кеткенше сақталады.



Шартты түрде пернетақтаны 5-бөлікті бөлуге болады:

 -басу пернетақтасы (алфавитті- цифрлық және таңбалық   ернелер)

 -функционал пернелер: F1-F12

 -арнайы операциялар пернелері: Enter, Esc, Tab6, Ctrl, Alt,  BackSpace

 -меңзерді басқару және редакциялау  пернетақтада.

 -сандық пернетақта.

  Функционалдық  пернелер-   Олар символдық пернелердің үстінде орналасқан. Олар  компютердің  күрделі операцияларын тез орындай. Әр түрлі программаларды әр түрлі  қызмет  атқарады.

       Символдық  пернелер – пернетақтаның  негізгі  бөлігі. Символ, цифр енгізуге болады.

       Нұсқаушы  немесе  меңзерді  экранда басқару пернесі. Меңзерді экранда жылжытуға арналған.

       Цифрлық-қосыма   NumLock  пернетата арқылы қосылып ажыратылады.



Enter - енгізу  пернесі – белгілі бір әрекетті аяқтағанда басылады.

Бос орын – символдарды бір-бірінен ажыратады.

←  немесе Backspace   пернесі  алдыңғы  символды өшіреді.



Shift  - бұл кіші әріптерді алкен етуге және керісінше орындауға болады.

Caps Lock  - алкен әріптер енгізіледі.

Delete - меңзердің оң жағында орналасқан символдарды өшіреді.

кейбір амалдарды орындау үшін пернелердің  комбинациясын пайдаланады.  Ctrl Alt 



  1. Жаңа ұғымдарды бекіту кезеңі

  • Оқулықтағы бақылау сұрақтарына жауап беру.

  • Sin.kz бағдарламасындағы тәжірибелік тапсырмаларды орындау.

  1. Жаңа ұғымдарды қолдану кезеңі

  • Оқулықтағы «Өзінді тексер» сұрақтарына жауап беру.

  • Пернетақта тренажерімен жұмыс істеу.

VI.Бақылау кезеңі

  • Компьютердің сыртқы  құрылғыларын ата?

  • Енгізу-шығару құрылғыларын айтыңыз

  • Пернетақтаның блоктарын айт.

  • Негізгі пернелердің қызметі қандай?


«Тексерілді»:

Оқу ісінің меңгерушісі:

«___________» ________20 ж

Күні: 26.09.14

Сынып: 6

Сабақтың тақырыбы: Есептеуіш техникасының даму тарихы. Электронды-есептеуіш машиналардың кезеңдері.

Бағдарламалық – Оқулық.

дидактикалық Жұмыс дәптері.

қамсыздандыру:

Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларды ЕТ-нің даму тарихымен оны құрылуының принциптерімен таныстыру. ЭЕМ-нің қоғам өміріндегі рөлін түсіндіру. ЭЕМ-ді қолдану аумақтары туралы ой-өрісін кеңейту.

2. Оқушылардың ЕТ дамуының негізгі кезеңдерін, ақпарат түрлерін,

ЭЕМ буындары мен олардың элементтік базасын, ЭЕМ-ді қолдану

аумақтарын білу қабілеттерін дамыту.

3. Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру.

Сабақтың типі: Пікірлесіп - түсіндіру

Білім – білікке Оқушылар білуі тиіс:

қойылатын талаптар: - ЕТ дамуының негізгі кезеңдерін;


Оқушылар үйрені тиіс:

  • әр түрлі буындағы ЭЕМ мысалдарын келтіруді;

  • ЭЕМ элементтік базасы бойынша қандай да бір машина қай буынға жататынын анықтауды;

  • ЭЕМ-ді қоғам өміріне қолдану мысалдарын келтіруді.


Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі

II. Үй тапсырмасын тексеру

III. Жаңа сабақты түсіндіру
Көпшілік мақұлдаған топтастыруды қолданып, ЕТ дамуын келесі кезеңдерге бөлуге болады:

  1. Қол – б.э. дейінгі елуінші мыңжылдықтан бастап;

  2. Механикалық – XVII ғасырдың ортасынан бастап;

  3. Электромеханикалық – XIX ғасырдың 90-шы жылдарынан бастап;

  4. Электрондық – XX ғасырдың 40-шы жылдарынан бастап.

Сонымен, ЕТ дамуының бұл төрт кезеңдерінің өзін жақсы қырынан көрсеткен құралдары күні бүгінге дейін қолданылады.

ЕТ-нің қол түрінің даму кезеңі есептеу үшін адам денесінің мүшелерін, бірінші кезекте саусақтарын және есептеу нәтижелерін белгілеу үшін, әр түрлі заттарды, мысалы, есептеу таяқшаларын, түйіншектерді, белгілер қоюды қолдануға негізделген.



Қол түрінің даму кезеңі:

  1. Ондық пен он екілік санау жүйесіндегі саусақ есебі (қолдағы төрт саусақ, әрқайсысында үш буын сүйектері – барлығы төрт саусақ, әрқайсысында үш буын сүйектері – барлығы он екі).

  2. Колумбқа дейінгі Америка халықтарының түйіншек санауы.
    Америка (ис. América, порт. América, фр. Amérique, кеч. Amirika, айм. Amërika, нидер. Amerika) - Америка-батыс жарты шардағы екі құрлықтан тұратын дүние бөлігі. Атлант және Тынық мұхиттары аралығында. Оның құрамына Солтүстік Америка мен Оңтүстік Америка құрлықтары, дүние жүзіндегі ең үлкен арал-Гренландия және тағыда басқа жағалауға жақын аралдар кіреді.


  3. Заттарды топтастыру және бір жерден басқа жерге санап қою көмегімен санау.

  4. Есепшотпен санау (абак – алғашқы жетілдірілген санау құралы), 15-ші ғасырда пайда болды. Есепшотты көбейту кестесімен біріктіру жолымен жетілдіруге соңғы талаптану 1921 жылға жатады.

  5. 17-ғасырдың басында ДЖ.Непердің логарифм және логарифм кестесін ойлап табуы және есептеу таяқшаларымен ДЖ.Непердің есептеу тақтасын ендіру.

Мехиникалық құралдардың даму кезеңі:

  1. Механикалық есептеу принциптерін қолданатын есептеу құрылғылары мен аспаптарын жасау. 1623 жыл – 6 разрядты сандар мен арифметикалық амалдар орындауға арналған Шиккардтың алғашқы машинасы. Ол көбейтетін, қосатын, сандарды жазатын тәуелсіз құрылғылардан тұратын.

  2. 1642 жылы Блез Паскаль ойлап тапқан он разрядты сандармен арифметикалық амалдарды механикалық түрде орындайтын машина.
    Арифметика (грек. arіthmētіkē, arіthmos – сан) - сандар (бүтін және бөлшек) және оларға қолданылатын амалдар туралы ғылым (грекше arіthmetіke, arіthmos – сан).
    Блез Паскаль (фр. Blaise Pascal, Маусымның 19, 1623 жыл-Тамыздың 19, 1662 жыл) - XVII-ғасырда өмір сүрген француз математигі және физигі, пәлсапашы, әдебиетшісі. Математикалық анализ, ықтималдық теориясының, кескіндік геометрияның негізін салушылардың бірі, гидростатиканың негізгі заңының ауторы.


  3. 1673 ж. Г.И.Лейбниц алғашқы арифмометрді құрастырды. Арифмометрлер кең тарады және бірнеше рет жетілдірілді. Оған мысал: Томас арифмометрі (томас-машина), Болле машинасы, Орднер арифмометрі т.б. арифмометр пайда болуымен байланысты есепші мамандығы пайда болды. 1969ж. ССРО-да арифмометрді шығару ең жоғары деңгейге жетті (300 мың арифмометр). 20-ғасырдың 70-ші жылдары арифмометрді элементтік базасы интегралдық схемаға негізделген калькулятор ығыстырды.

  4. 19-ғасырдың бірінші жартысында Чарльз Бэббидж әмбебап есептеуіш (аналитикалық) машина құрастыруға талаптанды. Бұл машина перфокартада жазылған бағдарламаны қолдануы керек еді. Бэббидж бағдарламалық басқару принципін қолданып, кез-келген алгоритмді шешуге арналған аналитикалық машинаны құрудың негізгі идеясын зерттеп дайындады.
    Алгоритм, алгорифм (ағылшынша: algorіthm, algorіsmus - Әл-Хорезмидің атынан шыққан) - бастапқы берілген мәліметтермен бір мәнде анықталатын нәтиже алу үшін қай амалды (жұмысты) қандай ретпен орындау қажеттігін белгілейтін есептерді (мәселелерді) шешу (математикалық есеп-қисаптар орындау, техникалық объектілерді жобалау, ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізу т.б.)
    Бұл жаккардтың тоқыма станогы сияқты, нағыз механикалық машина болуы тиісі еді. Бірақ сол кездегі техниканың дамуы жеткілікті дәрежеде болмауы бұл жобаның іске асуына мүмкіндік жасамады.

Электр механикалық құралдардың даму кезеңі:

  1. 1887ж., Г.Холлерит, У.Бэббидж бен Г.Джоккардтың идеяларын қолданып, алғашқы есептеуіш-аналитикалық кешенін құрды. Бұл құрал АҚШ-та (1890), Ресейде (1897), Канадада (1897) халық санағын жүргізуде, АҚШ-тың темір жолдарының есептерін өңдеуде және ірі сауда фирмаларында қолданылды.

  2. 1941ж., Коннард Цузе бағдарламалық басқаруы мен жадтайтын құрылғысы бар алдыңғыларға ұқсас машина жасап шығарды.

  3. 1944ж. Айкен IBM фирмасының кәсіпорнында Бэббидж жұмыстарының көмегімен электромеханикалық реледегі «МАРК-1» аналитикалық машинасын құрастырды. Бұл машинаның есептеу жылдамдығы электр жетегі бар арифмометрден 100 есе тез болды. Бұл машинаның бірнеше жетілдірілген түрлері шығарылды.

  4. 1957ж. – ССРО-да (PBM-1) релелік есептеуіш машина жасады. Бұл релелік ЕТ-нің ең ірі және соңғы жобасы болды. Осы кезеңде механикаландырылған санау кәсіпорны болып табылатын есептеуіш-машина стансалары құрыла бастады.

Электрондық құралдардың даму кезеңі:

  1. 1943-45ж. АҚШ-та Моучли мен Эккерт басқарған топ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ШАМДАРДЫҢ негізіндегі ең алғашқы ENIAC ЭЕМ-ін құрастырды. Бұл әр түрлі мәселелерді шешетін әмбебап машина еді. Бұл ЭЕМ «МАРК-1» машинасынан өнімділігі бойынша 1000 есе артық және одан екі есе үлкен (салмағы 30т) болды. ENIAC машинасында 18000 электрондық шамдар, 150 реле 70000 резисторлар, 10000 конденсатор болды.
    Механикаландыру (Механизация) - қолмен істелетін жұмыстарды машиналармен, механизмдермен ауыстыру.
    Шам - жарық күші бірлігінің ескірген атауы. Бірліктердің халықаралық жүйесінде (СИ жүйесі) бұл бірліктің орнына кандела алынады.
    Резистор (ағыл. resіstor, лат. resіsto - қарсыласамын) - электр тізбегінің әртүрлі тармақтарындағы ток күшін, не кернеуді шектеу немесе реттеу үшін қолданылатын радиотех. немесе электртех. бұйым. Радиоэлектрондық құрылғылардағы барлық бөлшектердің жартысынан астамы (80%-ға дейін) Резисторлар болады.
    Ол 140 квт қуат пайдаланды. Бірақ оның жад құрылғысы жоқ, және бағдарламаларды беру үшін сымдарды нақты бір түрде жалғастырып отыру керек болды.

  2. 1945ж. Джон фон Нейман цифрлық есептеуіш машинаның жалпы принциптерін ойлап тапты, ол қазіргі кезге дейін ДК-де қолданылады. Осы принциптер бойынша компьютерде мыналар болуы керек:

  • арифметикалы-логикалық құрылғы, арифметикалық және логикалық операцияларды орындайды;

  • жадтайтын құрылғы немесе бағдарламалар мен деректерді сақтайтын жад;

  • басқару құрылғысы, ол бағдарламаларды орындау процесін ұйымдастырады;

  • ақпарат енгізу-шығару сыртқы құрылғысы.

Алдымен белгілі бір сыртқы құрылғының көмегімен компьютердің жадына бағдарлама енгізіледі. Басқару құрылғысы жадтан бағдарламаның бірінші командасын тауып оқиды және оның орындалуын ұйымдастырады. Бірінші команданы орындағаннан кейін, басқару құрылғысы келесі командаларды оқиды және т.с.

ЭЕМ-нің бірінші буыны (1949-1958ж.)



  1. 1949ж. Морис Уилкс (Англия) алғашқы EDVAC компьютерін жасады. Бұл жадында сақталған бағдарламалары бар әмбебап ЭЕМ цифрлық электрондық есептеуіш әмбебап машиналарының алғашқы буындарына жол салды.

  2. XX-ғасырдың 40-50 жылдары ЭЕМ өте үлкен және қарапайым болды. Элементтік база ретінде электрондық шамдар мен реле қолданылды: жедел (оперативтік) жад триггерлерде, кейін ферриттік жүрекшелерде; шапшаңдығы – секундына 5-30 мың арифметикалық амалдар болды. Мұндай ЭЕМ-дер үшін бағраламалар машиналық кодтарда жүргізіледі, кейінірек автокодтар мен ассемблер пайда болды. Бұл ЭЕМ ғылыми-техникалық есептеулер жүргізу үшін қолданылды. Осы типті машиналарға EDSAC, ENIAC, UNIVAC, БЭСМ, Урал жатады.

ЭЕМ-нің екінші буыны (1955-1963).

  1. 1948ж. – транзистор ойлап табылды және 50-ші жылдардың екінші жартысында транзисторлы ЭЕМ-дер пайда болды.
    Ассемблерлеу тілі (орыс. Язык ассемблирования; ағылш. assembly language) - адрестер мен операцияларға символдық атау қою мумкіндігі бар, нақты бір компьютердің командалар жиынымен тығыз байланысқан бағдарламалау тілі; әдетте, ассемблер коды машиналық бір кодқа ауыстырылады.
    Транзистор (ағылш. transfer - тасымалдау және resistor - кедергіш) - электр тербелістерін күшейтуге, оларды тудыруға және түрлендіруге арналып жартылай өткізгіш кристалл негізінде жасалған электрондық құрал.


  2. 1959ж., - АҚШ-та екінші буынның RCA-501 ЭЕМ-і құрылды

  3. 1960ж., - IBM 7090 LARC

  4. 1961ж., - Stretsh

  5. 1962ж., - ATLAS

  6. Ал ССРО-да 2-ші буынның ЭЕМ-дері: РАЗДАН, НАИРИ, МИР, МИНСК, Урал-11, М-220, БЭСМ-4, М-4000 сияқты машиналар шығарылды.

2-ші буынның ЭЕМ-і транзисторлы (жартылай өткізгіштер) элементтік базасымен, өте кішкене ферриттік жүрекшелері бар жедел жадымен 512 Кбайт көлемімен секундына 3000000 амал өнімділігімен сипатталады. Олар функционал операциялар (бөлінген уақыт режимі) мен мульти-бағдарламалар режимін біріктіруді, яғни орталық процессор мен енгізу-шығару арналарының қатар жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Өлшемі бойынша ЭЕМ-дер кіші, орта, үлкен және арнайы түрлерге бөлінеді.

ЭЕМ-нің жетілдіруімен қатар бағдарламалық жабдықтамалар дамыды, алгоритмдік бағдарламалау тілдері, АБЖ, диспетчерлер пайда болды.

ЭЕМ үшінші буыны (1964-1976ж.).


  1. 1958ж. – Джек Килби бірнеше транзисторды бір пластинаға қалай орналастыру керек екенін ойлап тапты.

  2. 1959ж. – Роберт Нойд ең алғашқы ЭЕМ-і деп IBM/360 модельдерінің сериясын (1964ж. АҚШ) санауға болады.

  3. ЭЕМ-нің үшінші буынына РДР-8 (бірінші мини-компьютер, ол 1965ж. Құрылды және құны 20 мың $ болды) РДР-11, В-3500, EC-ЭЕМ сериясы жатқызуға болады. ЭЕМ-нің үшінші буыны интегралдық схемалы (ИС) және жартылай үлкен схемала (YC) жартылай өткізгіш интегралдық схемадағы жедел жад құрылғысымен, 16Мб көлемімен, секундына 30 млн. Операция өнімділікпен сипатталады. Өлшемі бойынша ЭЕМ үлкен, орташа, мини және микро болып бірнеше түрге бөлінеді. Бұл буынның типтік модельдері – EC-ЭЕМ, СМ-ЭЕМ, IBM/360, РДР, VAX.

ЭЕМ-нің үшінші буынына тән ерекшелік – бұл операциялық жүйесінің болуы, мульти-бағдарламалау мен ресурстарды (шалғай құрылғыларды), ЭЕМ-нің өзінің аппараттық бөлігін немесе тікелей операциялық жүйені басқару мүмкіндігінің пайда болуы.
Ресурстар (французша ressourse - құрал-жабдық, мүмкіндік), босалқы қорлар - табыс, ақшалай және басқа қаражат, құндылықтар мен олардың көздері.
ЭЕМ-дегі бағдарламалық жабдықтама ОЖ, ҚБӨ, ДББЖ, АБЖ, жоғары дәрежелі алгоритмік тілдердің (ПЛ-1, АЛГОЛ; КОБОЛ...) пайда болуымен күрделіленеді.

ЭЕМ-нің төртінші буыны (1977 – қазіргі кез):



  1. Төртінші буынның ЭЕМ-дерінің ең алғашқы танымал сериясы IBM/370.

  2. Төртінші буынның ЕТ-нің конструктивті-технологиялық негізі үлкен интегралды схема (YИС) және өте үлкен интегралды схема (ӨҮИС), олар 70-80 жылдары құрылған, шапшаң жадтайтын құрылғылар болды. ЭЕМ ЯВА-ны тиімді пайдалануға, қиыншылықтары бар программистер үшін бағдарламалау процесін жеңілдетуге есептеліп шығарылады. Төртінші буынның машиналарының паркін микро-ЭЕМ-ге, ДК-ге, мини-ЭЕМ-ге, жалпыға арналған ЭЕМ-ге, арнайы ЭЕМ-ге, арнайы-IBM-ге және супер-ЭЕМ-ге бөлуге болады. Төртінші буын машиналарының жедел жады – жартылай өткізгіш АҮИС-те, көлемі 16Мб және одан жоғары. Бұл буынның машиналарына IBM/370, SX-2, IBMPC/XT/AT, PC/2, Cray типтерін жатқызуға болады.

Дербес компьютерлер:

  1. Бүгінгі күні кең тараған ДК-ЦЭВМ. Олардың пайда болуы алғашқы РДР-8 мини-ЭЕМ-ге барып тіреледі.

  2. 1970ж. – INTAL фирмасы жадтың интегралдық схемасын және тамызда үлкен ЭЕМ-нің орталық процессорына барабар интегралдық схеманы (INTEL-4004 микропроцессоры) сата бастады.

  3. 1975ж. – Intel-8080 микропроцессоры бар Альтаир-8800 ең алғашқы ДК пайда болды.

  4. 1981ж. – IBM фирмасы IBMPC дербес компьютерлерін шығара бастады.

  5. 1983ж. – қатқыл дискісі бар IBM PC XT компьютерлері шығарылды.

  6. 1985ж. – IBM PC AT дербес компьютерлерінің шығарылуы басталды.


2.1.1.Тапсырма. Кестені толтыр. Кестені үшке бөл:

1. Механикалық санауыш құрылғылар;

2. Есептеуші автоматтар;

3. Электрондық-есептеуіш машиналар.



Тапсырма тақырыптың конспекті болып табылады.

Ол мұғалімнің түсіндіруімен немесе оқулықтағы параграфты оқумен қатар орындалады. Оқушылар кестеге жазатын жауаптар курсивпен белгіленген.




НЕ?

ҚАЙДА?

ҚАШАН?

1

Қол саусақтары, тастар, белгілеулер, түйіншектер

Барлық жерде

Көне заманда

2

Абак

Ежелгі Қытай немесе ежелгі Египетте

2000-5000 жыл бұрын

3

Паскаль машинасы

Франция

Блез Паскаль



1642ж.

4

Арифмометр

Германия

Лейбниц


1694ж.

5

Логарифмдік сызғыш

Англия

Робертсон



1761ж.

6

Аналитикалық машина

Англия

Чарльз Бэббидж



1833ж.

7

Бэббидждің машинасына арналған алғашқы бағдарлама

Англия

Ада Лавлейс



1846ж.

8

Есепші-перфорациялық машина

Герман Холлерит

Америка


19 ғасырдың аяғы

9

«Марк-1» электр-механикалық санауыш машинасы

Америка

Говард Айкен



1944ж.

10

ENIAC

АҚШ

Моучли, Эккерт



1946ж.

11

EDSAC – Нейманның архитектурасымен жасалған ЭЕМ

АҚШ

1949ж.

12

МЭСМ

ССРО

1947-1948жж.

13

БЭСМ

С.А.Лебедев

ССРО


1952-1953жж.

14

М-220, БЭСМ-3, БЭСМ-4, Урал-11, Урал-14, Урал-16, Минск-22, Минск-32

ССРО

60-ж.

Бақылау сұрағы: «Марк-1» машинасы қандай элементтерде жасалған?



Жауабы: Релелі және механикалық элементтерде.
1   2   3   4   5   6   7   8   9

  • Ал, шеткері құрылғылар құрамы
  • Үйге тапсырма
  • Сабақ міндеттері
  • Тәрбиелік
  • Сабақтың құрал-жабдықтары
  • Сабақ барысы Ұйымдастыру кезеңі
  • Жаңа ұғымдармен алғашқы таныстыру кезеңі Пернетақта (Клавиатура)
  • Пернетақтаның әрекетерінің прициптері
  • Шартты түрде пернетақтаны 5-бөлікті бөлуге болады
  • Символдық пернелер
  • Цифрлық-қосыма
  • Delete
  • Жаңа ұғымдарды бекіту кезеңі
  • Жаңа ұғымдарды қолдану кезеңі Оқулықтағы «Өзінді тексер» сұрақтарына жауап беру. Пернетақта тренажерімен жұмыс істеу.
  • «Тексерілді»: Оқу ісінің меңгерушісі: «___________» ________20 ж Күні: 26.09.14 Сынып: 6
  • Сабақтың типі
  • Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі II. Үй тапсырмасын тексеру III. Жаңа сабақты түсіндіру

  • жүктеу 1.17 Mb.