Главная страница
Контакты

    Басты бет


Сабақ 8-сынып Тақырыбы: Компьютердің қосымша құрылғыларын орнату

жүктеу 50.18 Kb.



жүктеу 50.18 Kb.
Дата14.04.2017
өлшемі50.18 Kb.

Сабақ 8-сынып Тақырыбы: Компьютердің қосымша құрылғыларын орнату



Мақпал негізгі мектебі

c:\program files (x86)\microsoft office\media\cagcat10\j0196400.wmfc:\program files (x86)\microsoft office\media\cagcat10\j0205582.wmf

ИНФОРМАТИКА ПӘНІ БОЙЫНША

Ашық сабақ

8-сынып

Тақырыбы: Компьютердің қосымша құрылғыларын орнату.

Драйверлер

Өткізген: Тайшикова Жадыра Алпысбайқызы

Информатика пәні мұғалімі

Мақпал ауылы

2016-2017 оқу жылы

Сабақтың тақырыбы: Компьютердің қосымша құрылғыларын орнату. Драйверлер

Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Қосымша құрылғылар, оларды орнату, драйверлер туралы жалпы мәлімет беру, компьютердің қосымша құрылғылары туралы білімдерін қалыптастыру.

Драйвер - (ағылш. drіver - жүргізуші) - компьютердің сыртқы құрылғылармен өзара әрекеттесуін басқаратын бағдарлама. Драйверлер компьютерді басқаратын операциялық жүйелердің (MS DOS, Wіndows, Unіcs, т.б.)

Мәліметтер (данные; data) - автоматты құралдардың көмегімен, кей жағдайда адамның қатысуымен, өңдеуге I ыңғайлы түрде берілген мағлұмат. Мәліметтердің кірістік, шығыстық, басқару, проблемалық, сандық, мәтіндік, графикалық және т.б.


Тәрбиелігі: Жауапкершілікке баулу, дәлдікке үйрету.
Дамытушылығы: Оқушының әрбір сабаққа ынтасы мен қабілетін біріктіріп, есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру

Сабақтың түрі: практикалық сабақ


Сабақтың типі:
Әдістері: Практикум, баяндау арқылы түсіндіру.

Көрнекіліктер: Компьютер, интерактивті тақта, презентация


Пәнаралық байланыс: ағылшын тілі, орыс тілі

Сабақтың барысы


І.

Жауапкершілік - адам бойындағы белгілі бір істі , өзіне тапсырылған міндетті орындап, жүзеге асыруынан байқалатын адамгершілік қасиет; тұлғаның қоғамда немесе ұжымда қабылданған әлеуметтік, өнегелі және кұқықтық нормалар мен ережелеріне, борыш сезіміне сәйкес өз қызметін бақылау қабілеттілігі.

Есте сақтау - жадында түту. Ес үрдістерінің бірі, жаңадан түсіп жатқан ақпаратты жадыға енгізуді белгілейді. Есте сақтау динамикасын психодиагностикалау әдістемесі - адамның есте сақтауының динамикалық сипаттарын анықтауға көмектесетін психодиагностикалық әдістемелер, көбіне бұл әдістемелер адам қаншалықты тез есте сақтайтынын және ақпаратты өндеуін анықтайды.

Ағылшын тілі Ағылшын тілі (ағылш. English, English language) - Үндіеуропа тілдері жанұясының батыс герман тобына жататын тіл. Ағылшын тілі ежелгі тіл болып есептеледі, ол қазіргі Ұлыбритания аумағын ежелде басып алған Англосаксондардың тілі, бірақ жауланған кельттердің тілдері де әсерін тигізген.

Ұйымдастыру кезеңі
А) Оқушыларды сабаққа дайындау, түгендеу
Ә) Ұқыпты, ынталы болуға үйрету

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру


Дербес компьютер құрамына қандай құрылғылар кіреді?
Процессор дегеніміз не?
Процессордың негізгі компоненттерін атаңыз?
Қазіргі компьютерлердің жұмыс істеу жылдамдығы қандай?
Мониторлардың қандай типтері бар?
Тасымал компьютерлер дегеніміз не?
Қалта компьютерлер жайлы не білесіздер?
Планшеттік дербес компьютерлер қандай болады?

Дербес компьютер Дербес компьютер (қысқаша ДК) - компьютердің қазіргі уақытта ең кең тараған түрі болып табылады. Дербес компьютер бір мезгілде бір адамның пайдалануына арналған. Дербес компьютерлердің негізгі екі санаты бар: стационарлық және тасымалы компьютерлер.

ІІІ. Жаңа сабақ

Біз 7 –сыныпта дербес компьютерлердің құрылымдарын және олардың атқаратын міндеттерімен таныстық. Енді ДК-дің жұмыс істеу принципін толығырақ қарастырайық. Біз осыған дейін компьютер дегеніміз – ақпараттарды жинау, өңдеу және беру үшін қолданылатын әмбебап электрондық машина деп айттық.

Қағида немесе принцип (лат. principim – принцип; негіз, алғы бастама) - белгілі білім жүйесінің түп-негізі, алғы бастамасы, абстрактылы түрдегі ең қысқа жалпылама мазмұны. Ғылыми танымда идея, теория, әдіс сияқты таным түрлерімен өзара байланыста тұжырымдалады.

Ақпарат Ақпарат (лат. informatio - түсіндіру, мазмұндау) ұғымы күнделікті өмірден бастап техникалық салада пайдаланылатын көп мағыналы ұғым. Жалпы алғанда бұл ұғым шектеу, байланыс, бақылау, форма, инструкция, білiм, мағына, құрылым, бейнелеу, сезіну тағы басқа ұғымдармен тығыз байланысты.

Олардың ішінде жеке жұмысқа арналған дербес компьютерлер кең тараған.
Дербес компьютер – кез келген жұмыс орнына орнатуға болатын машина.
ДК-дің минимум тізіміне мыналар жатады:
Жүйелік блок;
Монитор
Пернетақта

Қосымша құрылғылар-компьютердің жүйелік блогына қосымша жалғанатын құрылғылар.


Дыбыс колонкалары-дыбыстық ақпаратты шығару құрылғысы.

Сканер - қағаздағы кескінді (жазуды, суретті) түсіріп, дисплей экранына шығаруға мүмкіндік беретін құрылғы.

Принтер – компьютерге қосылған басып шығару құрылғысы.

Жылдамдығы және басып шығару сапасымен ерекшеленетін принтердің үш түрі кеңінен тараған: матрицалық, бүріккіш және лазерлік.

Принтер (ағылш. printer) - мәтін мен кескіндерді қағазға немесе басқа да басып шығарылатын арқауларға шығаруға арналған құрылғы, ЭЕМ-ның ақпарат басып шығаруға арналған перифериялық құрылғыларының бір түрі.

Олардың ішіндегі ең қарапайымы және арзаны – матрицалық, ең жылдамы және сапалысы –лазерлік, ал бүріккіш принтерлер арзан принтерлердің ішіндегі ең сапалысы.

Модем дегеніміз - компьютерді интернетпен қосып тұратын құрылғы.
Жұмыс жасауы принціпі - модем модулятор және демодуляторлардан тұрады, компьютерден шыққан ақпарат модем ішінде модуляциядан өтіп келесі модемге жетеді, ол жерде қайта демодуляция орындалады

Компакт –дискілер. Компакт дискіні лазерлік дискі деп те атайды. Оның сыйымдылығы өте үлкен, олардағы ақпаратты тек оқуға болады.

Сыйымдылық (Емкость; capacity) - 1) компьютер жадына, сақтау құрылғыларына жазуға болатын мәліметтердің ең көп мөлшері (өлшем бірліктері: бит, байт, сөз немесе таңба). Биттермен, байттармен (Кб, Мб, Гб), символдармен немесе сөздермен өлшенеді; 2) байланыс арнасында - мәліметтер жеткізу (өткізу) мүмкіндігі (бір секундта өткізілетін мәліметтер көлемі); 3) машиналық сөздің немесе регистрдің ұзыңдығы.

CD-R компакт –дискілеріне басқа жаңа ақпараттар жазуға немесе ақпараттарды қайта жазуға болмайды. Ал CD-RW дискілеріне ақпаратты жазуға, қайта жазуға болады.

Флэшка - жинақтауыштар және жады карталары. Флэшка – ақпаратты сақтау үшін ең қолайлы контейнер болып табылады.

Контейнер - автомобиль, темір жол, теңіз, әуе көлігімен жүктерді тасымалдауға және бір көлік құралынан екінші көлік құралына механикаландырылған түсіріп-тиеу үшін икемдестірілген стандартты көп айналымды ыдыс (тара).

Оларға 32 Мбайт-8 Гбайт дейін ақпарат сақтауға болады. Салмағы жеңіл, қолайлы флэшкаларды USB –портқа қосады, секундына 1-10 Мбайт жылдамдықпен ақпарат жазуға болады.

Секунд - (лат. secunda dіvіsіo - екінші бөліну) (бастапқыда градустың, одан кейін сағаттың) - 1) уақыттың жүйелік бірлігі; СИ жүйесіндегі өлшем бірлігі. Белгіленуі - С; 1 с - Cs атомының (өлшемдер мен салмақтар бойынша 13-Бас конференцияның резолюциясы бойынша, 1967) аса жұқа екі деңгейінің арасынан өткен сәуле шығаруының 9 192 631 770 периодына тең.

Ол қазіргі за манғы компьютерлердің әрқайсысында болатын арнаулы USB - порт арқылы қосылады
Дискета – ақпаратты тасымалдаушы, оларда программалар мен мәліметтерді компьютерден тыс сақтауға болады.
Драйвер- компьютер құрамына кіретін әртүрлі құрылғыларды басқаруға арналған арнайы программалар. Әрбір құрылғыға өзінің драйвері сәйкес келеді. мысалы, принтер драйвері, сканер драйвері, жүйелік картаның драйвері.
Компьютерге қосылған әр құрылғы драйвер көмегімен жұмыс жасайтын көрінеді. Мәселен, шина, юзби сияқты құрылғылардың драйвері Windows операциялық жүйесінде бірге жүруі мүмкін, бірәқ бізге көбіне дыбыс картасы, видеокарта, чипсет құрылғысының драйверін өзіміз орнатуға тура келеді. Драйвер болмаған жағдайда, дыбыс шықпай, монитордағы терезені жылжытқанда қалқып жылжуы, желелік сымды қосқанда желіге қосылмай қою сияқты проблемалар орын алатын көрінеді.

Жағдай - адам әрекетінің , жан-жануарлар тіршілігінің, табиғат пен қоғамдағы өзгерістің, оқиғаның, т.б. айналадағы ортаның ықпалына тәуелділігін білдіретін философиялық ұғым. Табиғаттағы, қоғамдағы белгілі бір өзгерісті тудырушы алғышарт есебінде де қарастырылады.


Драйвер іздеудің жолдары әрине көп те шығар, бірақ практикада кездескен бірнеше жолын осында қарастыра өтсек:
1. Аналық тақшаның (мат. плата) қорабында бірге келетін драйвер дискісі көмегімен орнатуға болады. Кей жағдайда, дыбыс картасы мен видео карта аналықтақшаға орнатылған болып келеді. Тиісінше, олардың драйверін бір дисктен алып орната салуға болады. Бұндай орнатылып қойған құрылғылар әлсіз болып келетн көрінеді, мәселен видео карта жады 16-128 мб шамасы болуы мүмкін. Тек, әр компьютердің өз дискісінің драйверлерін ғана орнату керек.
2. Құрылығын ІД арқылы іздеп орнату. Ол үшін: «Мой компьютер» үстіне тышқанның оң жағын шертіп, «Управление» ашу керек, кейін «Диспетчер устройств». Тізімдегі кез-келген құрылғының үстіне тышқанның оң жағын басып, «Свойства» кейін «Сведение» деген жерінде құрылғы ІД жазылып тұрады.

Сол ақпаратты көшіріп (ctrl c) алып, интернеттегі іздеу жүйесі арқылы драйверді алуға болады.

Интернет (оқылуы [интэрнэ́т]; ағылш. Internet - International Network) - компьютерлік серверлердің бүкіләлемдік желісі.

Оның жеңілдетілген түрін ұсынатын жақсы ресурс та бар: www.drp.su


Сонымен қатар, driver.ru сайты да жақсы сайт, әсіресе принтер драйверлерінің көбін осы сайттан алуға болады, ондағы тиісті ОЖ қатысты драйверді алуға болатын мүмкіндігі бар.
Осы құрылғылардың ішінде мысалы, сканерді орнатуға тоқталайық. Сканер - қағаз бетіндегі барлық ақпаратты компьютерге түсіру үшін қолданылатын құрылғы. Айта кететін нәрсе, сканер ақпаратты тек сурет күйінде түсіреді. Яғни, jpg, bmp, png секілді форматтарда.
Сканерді қолданбас бұрын оны кей жағдайларда алдымен драйверлерді орнатып алу қажет болуы мүмкін. Сондықтан іске кіріспес бұрын, қораптағы қолданушыларға арналған кітапшаны байыппен оқып шығыңыз. Драйверді орнату қажеттілігі болса, сканер комплектінде болатын дискті қосып драйверді орнатып алыңыз. Ондай қажеттілік болмаса, құрылғыны сенімді түрде компьтеріңізге жалғай беруіңізге болады. Әдетте, бұл үшін USB шнур қолданылады.
Компьютерде орнатылған барлық бағдарламалар Басқару панелінде Бағдарламаларды орнату және өшіру категориясында көрініп тұрады.

Тапсырма
Веб-камераны компьютерге қосып, орнату


ІҮ. Практикалық жұмыс.
Компьютерде орнатылған электронды оқулықтағы тапсырмаларды орындау.
1-тапсырма. Қомпьютердің құрамына кіретін құрылғыларды
2-тапсырма. Анықтамаға сәйкес келетін құрылғыны көрсетіңіз
3-тапсырма. Компьютерді қосу
4-тапсырма. Компьютерді өшіру
9-тапсырма. Ақпаратты тасымалдауыштарды өз орналастыру
Ү. Сабақты бекіту: Тест тапсырмалары
1. Компьютердің жүйелік блогына қосымша жалғанатын құрылғылар:
А) негізгі құрылғылар
Б) қосымша құрылғылар
В) екі жауап та дұрыс
2. Компьютерге қосылған басып шығару құрылғысы
А) принтер
Б) сканер
В) модем
3. Қағаздағы кескінді (жазуды, суретті) түсіріп, дисплей экранына шығаруға мүмкіндік беретін құрылғы.
А) принтер
Б) модем
В) сканер
4. Драйвер дегеніміз не?
А) компьютер құрамына кіретін әртүрлі құрылғыларды басқаруға арналған арнайы программалар
Б) өздігінен көбеюге қабілетті арнайы программалар
В) мәліметтер типі
5. Флешка, дискета, компакт дискілер қандай құрылғылар:
А) ақпаратты тасымалдаушы құрылғылар
Б) негізгі құрылғылар
В) басып шығару құрылғысы
6. Интернетке қосылу үшін қандай құрылғы қажет?
А) принтер
Б) сканер
В) модем
7. Жылдамдығы және басып шығару сапасымен ерекшеленетін принтердің кең тараған түрлері:
А) матрицалық, бүріккіш және лазерлік
Б) планшеттік, сенсорлық
В) антивирустық, операциялық
8. Компьютердің негізгі құрылғылары:
А) сканер, модем, монитор
Б) монитор, пернетақта, жүйелік блок
В) принтер, монитор, жүйелік блок
9. Пернетақтаның жұмысын жеңілдететін құрылғы
А) монитор
Б) тышқан (тінтуір)
В) принтер
10. Дыбыс шығаратын құрылғы
А) колонка Б) модем В) микрофон
ҮІ. Бағалау: Оқушыларды біліміне сай бағалау.

ҮІІ. Үйге тапсырма: Компьютердің қосымша құрылғыларын орнату. Драйверлер

  • ИНФОРМАТИКА ПӘНІ БОЙЫНША Ашық сабақ 8-сынып Тақырыбы: Компьютердің қосымша құрылғыларын орнату. Драйверлер
  • Драйверлер
  • Тәрбиелігі: Жауапкершілікке

  • жүктеу 50.18 Kb.