Главная страница
Контакты

    Басты бет


Сабақ №5 Күні Сыныбы: 5 Сабақтың тақырыбы: Компьютер әмбебап есептеуіш машина

жүктеу 105.04 Kb.



жүктеу 105.04 Kb.
бет2/2
Дата25.03.2017
өлшемі105.04 Kb.

Сабақ №5 Күні Сыныбы: 5 Сабақтың тақырыбы: Компьютер әмбебап есептеуіш машина


1   2

Үстел үсті компьютері – үйде немесе офисте ең жиі қолданылатын компьютер. Ол монитордан, жүйелік блоктан және пернетақтадан тұрады.
Алып жүретін компьютерді ноутбук деп те атайды. Кішкене мөлшерліноутбуктерді нетбуктер деп атайды. Дербес компьютерлердің ішіндегі мөлшері ең кішісі алақан (қалта) компьютері.
Қызықты ақпарат
Заманауи компьютерлердің қолданылу салалары
Компьютерді жұмыста қолдану
Көптеген адамдар күнде офиске бармай-ақ, компьютермен үйде жұмыс істегенді ұнатады.
Есепшілер, жазушылар, программистер, дизайнерлер, аниматорлар, суретшілер, музыканттар және де көптеген кәсіп иелері үйде жұмыс істей алады. Яғни, жұмыстары компьютерлік технологияларды пайдаланумен байланысты мамандардың бәрі үйде отырып компьютермен жұмыс істей алады.
Компьютер көмегімен сауда жасау
Көптеген тауарларды Интернет арқылы сатып алу өте қолайлы.
Музыка́нт-ойын құралы қандай болмасынға ойнайтын немесе кәсiби музыкамен шұғылданатын адам.
Маман - ұйымның инженерлік-техникалық, экономикалық және басқа да жұмыстарымен айналысатын қызметкері. Маман, әдетте, жоғары немесе арнаулы орта білімді болады. Атап айтқанда, агроном, бухгалтер, геолог, инженер, математик, механик, техник, физиолог, суретші, экономист, энергетик, мұғалім, дәрігер, т.б.
Жазушы (кейде литератор) - қоғамдық пайдалануға арналған, сөздерден құралған туынды жасайтын адам. Жазушы деп әдетте аталмыш іс негізгі кәсібі, немесе негізгі кәсіптерінің бірі саналатын адамды айтады.
Тауар - қоғамда айырбастау, сатып алу-сату жолымен бөлінетін, құны бар еңбек өнімі, яғни материалдық-заттық пішіндегі өндірістік-экономикалық қызметтің кез келген өнімі, қажеттілікті қанағаттандыратын және базарға жұрттың назарын аудару, сатып алу, пайдалану не тұтыну мақсатымен ұсынылатын нәрселер, яғни сатып алу-сату, сатушы мен сатып алушы арасындағы нарықтық қатынастар нысаны.
Қажет заттарды іздеу үшін дүкендерді аралауға уақыт жұмсаудың керегі жоқ.
Уақыт - өлшемдер жүйесінің оқиғаларды реттеу, олардың ұзақтығын және араларындағы интервалдарын сипаттауда, және нәрселердің қозғалысын сипаттауда пайдаланатын маңызды мүшесі. Уақыт мифология, философия және ғылымның әр салада пайдалану үшін қарама-қайшылысыз сипаттау, зерттеу нысаны болып, талай-талай ұлы ғалымдарды өмірге әкелген.
Барлық каталогтар интернет-дүкендердің сайттарында орналасқан. Сондай-ақ коммуналдық қызметтерді өтеу, телефонды пайдаланғандарың үшін шоттарды толықтыру, ақша аудару және т.б. компьютер көмегімен үйде отырып жүзеге асыруға болады.
Түйін
Компьютердің қазіргі уақыттағы негізгі функциясы – басқару.
Компьютердің түрлері: суперкомпьютерлер, үлкен компьютерлер, серверлер, дербес компьютерлер.
Компьютерлік желілердің орталық торабы болып табылатын үлкен компьютерлерді серверлер деп атайды.
Дербес компьютер – ол бір адам жеке қолдана алатын компьютер.
Дербес компьютерлер: үстел үсті, алып жүретін, алақан компьютерлері болып бөлінеді.
4. Компьютердегі тәжірибелік жұмыс
А деңгейі
Интернет желісінен суперкомпьютерлер туралы ақпаратты тауып, оқып-біліңдер.
В деңгейі
Мәтіндік редакторда берілген тақырыптың біріне хабарлама жазыңдар («Компьютер қолдану», «Компьютердің түрлері»).
Хабарлама (Донесение) - жоғары тұрған командирге (бастыққа, штабқа) белгілі бір мәліметтерді хабарлау мақсатына арналған жауынгерлік немесе қызметтік есеп-ақпарат құжаты. Соғыс жағдайында төмендегідей хабарламалар даярланады: жауынгерлік, барлау, байланыс бойынша, инженерлік және химиялық қамтамасыз ету, тыл бойынша және басқа.

С деңгейі
Өздеріңе белгілі программалардың бірінде «Компьютердің түрлері» сызбасын сызыңдар.
5. Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар

Компьютер деген не?


Компьютер қандай функцияларды орындайды?
Компьютер программасыз амалдар орындай ала ма?
Қандай компьютерлікпрограммаларды білесіңдер?
Компьютер қайда және қалай қолданылады?
Компьютердің қандай түрлері болады?
Компьютер неге дербес деп аталады?
Дербес компьютердің түрлерін атаңдар.
Ноутбуктер мен алақан компьютерлері не үшін пайдаланылады?
Компьютердің түрлерін атаңдар (ең кішкентайынан ең үлкеніне дейін).
Компьютерлік желінің жұмысын қолдайтын компьютер қалай аталады?
Үлкен компьютерге басқа атау беріңдер.
Ребусты шешіңдер:
Суперкомпьютерлер қайда қолданылады?
Өзіңді тексер!
1. Компьютердің қазіргі уақыттағы негізгі функциясы қандай?
А) Есептеу                  В) Басқару                      С) Ақпаратты іздеу                     Д) құжат құру
2. Жұмыс қабілеті мен басқаруды қамтамасыз ететін программа:
А) Интернет         В) Операциялық жүйе    С) Операциялық қабыршық         Д) Windows
3. Артығын көрсет:
А) суперкомпьютер    В) үлкен компьютер       С) дербес компьютер       Д) кіші компьютер
4. Суперкомпьютерлер қайда қолданылады?
А) үйде         В) офисте          С) өндірісте      Д) ірі ұйымдарда нақты есептер шығару үшін
5. Үлкен дерек қорларын өңдеу және сақтау үшін қолданылатын компьютер:
А) Үлкен компьютер             В) дербес компьютер      С) суперкомпьютер           Д) сервер
6. Ноутбук компьютерлердің қай түріне жатады?
Ноутбук (ағылш. notebook - блокнот) – дербес компьютердің құрамы, пернетақта, монитор,қалталы компьютер және қуат көзінің батареясының ықшамдалған түрдегі жиынтығы. Ноутбуктардың басты ерекшеліктері жеңіл салмақтылығыда және көлемінің ықшамдылығында.

А) суперкомпьютер           В) Үлкен компьютер       С) дербес компьютер            Д) сервер
7. Нетбук деген не?

  • А) шағын мөлшерлі ноутбук                               В) алақан компьютері

С)Интернетке қосылған дербес компьютер     Д) оқыту мақсатындағы компьютердің арнайы түрі

8. Сервер – ол:

А) компьютерлік желілердің орталық торабы болып табылатын компьютер

В) суперкомпьютер     С) Үлкен компьютер        Д) ақпарат сақтауға арналған компьютер



Тест жауаптары:

1

2

3

4

5

6

7

8

В

В

Д

Д

Д

С

А

А

 

6. Үйге тапсырма:

§5 сұрақтарына жауап беру



Сабақ №6

Күні____________________

Сыныбы: 5
Сабақтың тақырыбы: Компьютердің құрылымы

Сабақтың мақсаты: Аппараттық құрылғымен таныстыру.

Білімділік: Оқушыларды ДК-мен, оның негізгі блоктарымен, және олардың міндетімен

таныстыру. ЭЕМ-нің мүмкіндіктерін көрсету. Компьютердің негізгі құрылғылары - процессормен, ЖЖҚ-мен, ТЖҚ-мен таныстыру;



Тәрбиелілік: Оқушыларды тәрбиелілікке, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа үйрету. Дамыпгушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық-абстракциясын дамыту.
Оқушы - белгілі бір іспен айналысатын адам. Бұл іс сабақ немесе адам қызығатын іс болуы мүмкін. Оқушы бір істі игерумен айналысады. Ол бұл істі жоғарғы деңгейге игергенге дейін оқушы деген атқа ие болады.


Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар; компьютер, оқулық, жұмыс дәптері,

электронды оқулықтар 

Сабақтың өту барысы:

1. Оқушыларды ұйымдастыру .

2. Үйге берілген тапсырманы тексеру .

3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

4. Тапсырмаларды орындау

5. Сабақты бекіту.

6. Үйге тапсырма беру.

Өткен материалды қайталау сұрақтары:

• Бірінші электронды-есептеуіш машина қалай аталған? Ол қай жылы жасалды?.

• "Марк-1" машинасы қандай элементтерден жасалды?

•  Бұрынғы Кеңестер Одағында бірінші ЭЕМ қай жылдары жасалды? Оны кім

 жасады?

• ЭЕМ буындарын атаңдар. Олардың бір-бірінен айырмашылығы неде?

• Қазіргі дербес компьютерлер қай буынға жатады?

Жаңа түсініктер:

"Компьютер" сөзі "есептеуіш" дегенді білдіреді, яғни есептеуге арналған құрылғы. Компьютер — деректерді бағдарламалап өңдеуге арналған электрондық құрылғы. Қазіргі компьютерлер тек есептеп қана қоймай, цифрлық емес (мәтіндер, дыбыстар, графика және т.б.) акпаратты өндейді, әр түрлі технологиялық процестерді, деректер базасын және басқаларды басқарады. Информатика сабағында ІВМ РС типті ДК-лерді оқып үйренеді, олар осындай дербес компьютерлерді алғашкы шығарған американдық компанияның атымен аталған (ІВМ фирмасының ДК-лері). Бұл типті компьютерлерді дүние жүзінде жүздеген өндірушілер шығарады. Олар өзара өнімділігімен, жадының сыйымдылығымен және бірқатар функционал мүмкіндіктерімен ерекшеленеді. ДК-нің басқа типтері де бар. мысалы, Аррlе фирмасының Масіntosһ ДК-сі. Бірақ ДК-лердің барлық типтерінің ақпарат өндеу және адаммен қарым-катынас жасауының негізгі принциптері бірдей.

Функционал - бір не бірнеше функцияға тәуелді болатын айнымалы шаманы білдіретін математикалық ұғым. Ол алғаш рет вариациялық есептеуде пайда болған. Берілген тұйық қисық сызықпен шектелген аудан, белгілі бір жол бойындағы күш өрісінің жұмысы, т.б.
Қағида немесе принцип (лат. principim – принцип; негіз, алғы бастама) - белгілі білім жүйесінің түп-негізі, алғы бастамасы, абстрактылы түрдегі ең қысқа жалпылама мазмұны. Ғылыми танымда идея, теория, әдіс сияқты таным түрлерімен өзара байланыста тұжырымдалады.
Дербес компьютер өнеркәсіп бұйымы ретінде өзара жалғастырушы кабельдермен байланыстырылған бірнеше блоктардан (құрылғылардан) тұрады. Блоктардың номенклатурасы (тізімі) әр түрлі болуы мүмкін, бірақ кез келген компьютер жұмыс істеуі үшін, үш блоктан тұратын жинақ керек (компьютердің негізгі жинағы). Басқа құрылғылардың барлығы қосымша деп аталады. Оларға принтер, дыбыс колонкалары, құлақкалқа, микрофон, модем, сканер, мани-пуляторлар: "маус", трекбол, терте (джойстик) жатады. Компьютердің аталған негізгі жинағының басты элементі - жүйелік блок. ДК жүйелік блогы - компьютердің негізгі тораптары орналасқан тік төртбұрышты қорапша, онда: микропроцессор мен жедел жады және т.б. бар аналық тақша, адаптерлер, қоректендіру блогы, иілгіш және қаткыл дискідегі| жинактауыштар, контроллер, ажыратпалар орналастырылған.

ДК (дербес компьютер деп аталынуы - бір-ақ адам қолданады) қазіргі кезде көпшілік арасында кең тарай бастады. Кез-келген компьютерлер бірнеше құрылғыдан тұрады.

►► Монитор, жүйелік блок, пернетақта , мультимедиа колонкасы, модем, маус.

Микропроцессор - жүйелік тақтаның ең маңызды құраласы, ол деректерді тікелей өңдейді, атап айтқанда, бөлектелген деректермен арифметикалық және логикалық амалдарды орындайды. Микропроцессор - бір немесе бірнеше үлкен интегралды кестеде орындалған, берілісті өңдейтін бағдарламалық құрылғы; көліктердің автоматты басқару агрегатында қолданылады.
Мультимедиа (Multimedia) - компьютерде дыбысты, ақпаратты, тұрақты және қозғалыстағы бейнелерді біріктіріп көрсету үшін жинақталған компьютерлік технология. Ол ақпаратты кешенді түрде бейнелеуді - мәліметтерді мәтіндік, графикалық, бейне-, аудио- және мультипликациялық түрде шығаруды - жүзеге асырады.
 

Бұл   құрылғылардың   ең   негізгісі   Монитор,   жүйелік   блок,   пернетақта.

Компьютердің барлық құрылғылары оның артындағы ажыратып қосқыштар арқылы ажыратылады. Компьютердің процессоры мен жедел жадысынан басқалары оның сыртқы құрылғылары болып табылады. Олар: монитор, пернетақта, принтер, маус, модем. Әрбір сырткы кұрылғы процессормен арнайы блоктар - адаптер немесе контролер арқылы жалғасады. Контролер немес адаптердің міндеті - процессордан келіп түскен ақпаратты құрылғылардың жұмысын басқаратын сәйкес сигналдарға айналдыру.

Жүйелік блок - мұнда компьютердің негізгі құрылғылары орналасқан. Компьютерді қосып өшіру батырмасы, дискжетек, компакт-дискіні оқитын СD-RОМ орналастырылған. Жүйелік блоктың ішінде аналық тақша, процесор, СD-RОМ, бейнетақташа, дыбыс такташасы мен т.б. бар.

Процессор - компьютердің ең басты бөлігі. Ол компьютердің "миы". Ол бүкіл компьютердің жұмысын басқарады және бағдарламалардағы барлық командаларды орындайды.

Сигнал (лат. signum - белгі) - берілген хабарды тасымалдайтын(алып жүретін) физикалық процесс.
Команда (command, instruction) - 1) программалау тілдерінде - кез келген операцияны орындауды және оған керекті мәліметтерді (операндыны) бейнелейтін өрнек; компьютер атқаруға тиіс операция сипаты; 2) ақпаратты өңдеу процесіне байланысты атқару құрылғысында жүйенің белгілі бір операцияны орындауын талап ететін басқару сигналы; 3) программа орындау процесінің адымын анықтайтын ұйғарым.
Іс жүзінде компьютердің орындайтын жұмысының бәрін оның бас микросхемасы - микропроцессор атқарады. Қазіргі кезде ең көп тараған "пентиум" процессоры. Сондықтан компьютер де пентиум деп аталады. Процесор жадпен жұмыс істейді. Жад микросхемасынан процесор өзіне қажетті ақпаратты алады.

Жедел жад - бул компьютердіү ішкі жады. Жедел жад немесе оперативті жадтайтын кұрылғы (ОЖҚ) - ол қажет ақпараттарды өзіне жылдам жазуға және одан оқуға мүмкіндік береді. Бірақ онда ақпараттар уақытша сақталады, яғни компьютерді өшіргенше. Егер компьютерді өшірсе онда жедел жадтағы барлық ақпарат өшеді. Компьютердің ішкі жадысының екі түрі бар: тұрақты жадтайтын құрылғы ТЖҚ (ПЗУ) - бұл компьютердің ішкі жады, компьютерді іске қосқанда алдымен ТЖҚ-дан алынады. Жедел жадтайтын құрылғы ЖЖҚ (ОЗУ) - ақпаратты уақытша сақтайтын жад. Енгізу құрылғылары: пернетақта, маус, джойстик, өлшеу аспаптары, сканер.

Аспаптар (саймандар) панелі (Панель инструментов; toolbar) - 1) Windows жүйесінің әрекеттерді орындау батырмалары орналасқан басқару тақтасы; құрамында опцияның іске қосылғанын (қосылмағанын) көрсететін, әр түрлі әрекеттерді атқаратын көптеген жалаушалар мен қанатбелгілер болады.
Шығару құрылғысы - принтер, дисплей, графопроектор.

Дисплей - компьютердің экранына ақпаратты шығаратын құрылғы. Дисплей: электрондық-сәулелі түтікшеден (ЭСТ) (электронная лучевая трубка ЭЛТ), қоректендіру блогынан және сәулелі басқарушы электрондық блоктан тұрады. Монитор түрлі түсті, монохромды болады.



Тапсырмалар: Электрондық оқулықтағы тапсырмаларды орындау. Тренажермен жұмыс жасау

Сабақты бекіту сұрақтары:

• Компьютердің негізгі құрығыларын ата.

• Компьютер жадысының қандай түрлерін білесіңдер?

• Тұрақты жад пен жедел жадтың айырмашылығын атаңдар.

• Ақпаратты енгізу-шығару құрылғыларын ата.

• Жадтың сыртқы тасуыштарын сипатта.



• Монитордың ажырату қабілеті дегеніміз не?

Үйге тапсырма: 2.2 тақырыпты оқу, компьютер құрылғыларына байланысты сөзжұмбақ, ребус құрастыру
1   2

  • 4. Компьютердегі тәжірибелік жұмыс А деңгейі Интернет желісінен суперкомпьютерлер туралы ақпаратты тауып, оқып-біліңдер. В деңгейі
  • С деңгейі Өздеріңе белгілі программалардың бірінде «Компьютердің түрлері» сызбасын сызыңдар. 5. Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар
  • Сыныбы : 5 Сабақтың тақырыбы
  • Тәрбиелілік
  • Сабақтың түрі
  • Өткен материалды қайталау сұрақтары
  • Тапсырмалар

  • жүктеу 105.04 Kb.