Главная страница
Контакты

    Басты бет


Сабақ №: 1 сағ. саны.: 1 Тақырып: Есептеу i ш техника кабинет i ндег

жүктеу 1.01 Mb.



жүктеу 1.01 Mb.
бет8/8
Дата14.04.2017
өлшемі1.01 Mb.

Сабақ №: 1 сағ. саны.: 1 Тақырып: Есептеу i ш техника кабинет i ндег


1   2   3   4   5   6   7   8
§ 6.2, бет. 183-186

Калькулятор программасы.

Пән Информатика сынып 7_ Күні . .

сабақ №: 31 сағ.саны.: 1

Тақырып: Фонограф көмегімен ЭЕМ-ге әуендер мен сөздерді жазу және тыңдау. Әмбебап лазерлік ойнатқыштардың көмегімен музыкалық шығармаларды тыңдау.

Мақсат: Оқушыларды мультимедиа программаларының жұмысымен таныстыру.
Мультимедиа (Multimedia) - компьютерде дыбысты, ақпаратты, тұрақты және қозғалыстағы бейнелерді біріктіріп көрсету үшін жинақталған компьютерлік технология. Ол ақпаратты кешенді түрде бейнелеуді - мәліметтерді мәтіндік, графикалық, бейне-, аудио- және мультипликациялық түрде шығаруды - жүзеге асырады.
Әуен мен сөздерді жазып және оларды тыңдауды үйрету.


Міндеттер:

Білімділік – Оқушыларды Фонограф программасымен танытыру.

Дамытушылық –Оқушылардың компьютермен жұмыс жасау қабілеттерімен дағдыларын дамыту. Мультимедиалық құралдарды пайдалану деңгейін дамыту.

Тәрбиелік – Оқушылардың пәнге деген дұрыс қатынасын тәрбиелеу .

Сабақ түрі: лекция сабақ

Сабақ типі: аралас сабақ

Әдіс-тәсілдер: түсіндірмелі – иллюстративті, көрнекілік, сұрақ -жауап

Құрал-жабдықтар компьютер

Пайдаланылған әдебиеттер: 1) Н.Т. Ермеков, Н.Ф.Стифутина Информатика 7 сынып, оқулық;

2)Н.Т.Ермеков, С.Б.Пилипенко,Информатика, Әдістемелік нұсқау, 7 сынып.

3) Н.Т.Ермеков, С.Б.Пилипенко,Информатика, Дидактикалық материалдар, 7 сынып.
Сабақ барысы


  1. Ұйымдастыру кезеңі (2 мин):

а)оқушылар тізімі;

ә)кабинет жағдайы;

б)сабақ барысымен таныстыру.

  1. Үй тапсырмасын тексеру.(3-5мин)

  1. Калькулятор бағдарламасын қалай іске қосамыз?

  2. Калькулятор түрлері және олардың айырмашылығы?

  3. Қарапайым есесптеулер жүргізу жолдары?

  4. Инженерлік калькулятормен жұмыс жасау жолдары?

сабаққа дайындығын тексеру;2)оқушыларды түгендеу.

3)Жаңа тақырыпқа кіріспе (3-5 мин)

4)Жаңа тақырыпты түсіндіру(3-5 мин)

Мультимедиа – бұл бір уақытта мәтіндік, графикалық, дыбыс, бейне, әуен және анимация қолданатын компьютердің аппараттық және программалық жабдықтамасы. Мульти деген – көп, медиа – бұқаралық ақпарат құралдарының жалпы атауы. Көптеген компьютерлік ойындар мультимедиа негізінде құрастырылған. Мульитмедианы қолдану үшін компьютерде қосымша аппараттық құралдар болуы қажет: дыбыс картасы және CD-ROM, микрофон, колонкалар, наушниктер.

Лазерлік ойнатқыш программасы CD-ROM – ды пайдаланып музыкалық компакт-дискіні ойнатуға мүмкіндік береді. Іске қосу үшін:

Пуск – Программы – Стандартные – Мультимедиа – Лазерный проигрыватель

Лазерлік ойнатқыш программасы жұмысын тотқанша ойнайтын режимін қоюға болады.

Лазерлік ойнатқыштың арнайы батырмалары бар, олардың көмегімен бір әнннен екінші әнге көшуге, ойнатуды тоқтатуға, уақытша үзуге, сондай-ақ компакт-дискіні алып қоюға да болады.

Лазерлік ойнатқыш, Әмбебап ойнатқыш және Фонограф программаларымен жұмыс істеген кезде басқаларға кедергі келтірмеу үшін дауыстың қаттылығын реттеу керек. Ол үшін тапсырмалар тақтасында Громкость түрінде бейнеленгенбелгішені шертеміз. Сонда дауыс қаттылығын реттеуші шығады. Онда тышқан нұсқағышымен сәйкесінше түзетулер жүргізуге болады.

Әмбебап ойнатқыш мультимедиа файлын іске қоса алады, яғни, лазерлік ойнатқыш дыбыс компакт-дискілерімен не жаса са, ол да дыбыс және бейнеақпарат көздерімен соны жасайды.
Бейнеақпарат (Видеоинформация) - түрлі-түсті кескіндер түрінде берілетін ақпарат (фотографиялар, суреттер және т.б.).


Фонограф программасы кішігірім дыбыстық файлдарды өздеріңнің программаларың мен құжаттарыңда қолдану үшін дискіге жазуға мүмкіндік береді. Дыбыстық файлдарды электрондық пошта, жергілікті желі арқылы жіберуге болады. Сергіту жаттығуы. (2 мин)

5) Жаңа тақырыпты бекіту (10-15 мин)

Тапсырма.

Дыбыстық файл құру жолын көрсетіңіз.

1

Өз дауысыңды жаз




2

Файлда сақта



3

WordPad құжатына қой




1 Фонограф программасын ашу



Файл – Сохранить

1 Фонограф – ты қос

2 Микрофон қосып, Запись

батырмасын басып, сөйле






2 Файл –ды аш

3 Сөйлеп болған соң, Стоп бас




3 Правка- Копировать командасын орында

  1. Тыңдап болған соң, Переход в начало

батырмасын бас




4 WordPad программасын аш

5 Воспроизведение батырмасын бас




5 Правка – Вставить командасын орында


Тапсырмалар мен сұрақтар:

  1. Әмбебап ойнатық программасы не үшін қолданылады?

  2. Фонограф көмегімен дыбыс жазу реті қандай?

  3. Дыбыс қаттылығын қалай реттейміз?

  4. Мультимедиа дегеніміз не?


6. Сабақты қорытындылау

Оқушыларға мультимедиа программалары туралы жалпы мағлұмат беру.
7) Үйге тапсырма § 7.1, бет. 196-201

Лазерлік ойнатқыш программасы. Дауыс қаттылығын реттеу. Әмбебап ойнатқыш программасы. Фонограф программасы.


Пән Информатика сынып 7_ Күні . .

сабақ №: 32 сағ.саны.: 1

Тақырып: Компьютердің көмегімен хабарларды жеткізу және қабылдау. Жергілікті желі. Электрондық пошта.

Мақсат: Оқушыларды жергілікті желі және электрондық пошта ұғымдарымен таныстыру. Электрондық хабарламаларды қабылдау және жеткізу туралы білімдерін қалыптастыру.

Міндеттер:

Білімділік – Оқушылады жергілікті желі және электронды пошта ұғымдарымен таныстыру.

Дамытушылық –Оқушылардың компьютермен жұмыс жасау қабілеттерімен дағдыларын дамыту. Желілік құралдарды пайдалану деңгейін дамыту.

Тәрбиелік – Оқушылардың пәнге деген дұрыс қатынасын тәрбиелеу .

Сабақ түрі: лекция сабақ

Сабақ типі: аралас сабақ

Әдіс-тәсілдер: түсіндірмелі – иллюстративті, көрнекілік, сұрақ -жауап

Құрал-жабдықтар компьютер

Пайдаланылған әдебиеттер: 1) Н.Т. Ермеков, Н.Ф.Стифутина Информатика 7 сынып, оқулық;

2)Н.Т.Ермеков, С.Б.Пилипенко,Информатика, Әдістемелік нұсқау, 7 сынып.

3) Н.Т.Ермеков, С.Б.Пилипенко,Информатика, Дидактикалық материалдар, 7 сынып.
Сабақ барысы


  1. Ұйымдастыру кезеңі (2 мин):

а)оқушылар тізімі;

ә)кабинет жағдайы;

б)сабақ барысымен таныстыру.

  1. Үй тапсырмасын тексеру.(3-5мин)

  1. Әмбебап ойнатық программасы не үшін қолданылады?

  2. Фонограф көмегімен дыбыс жазу реті қандай?

  3. Дыбыс қаттылығын қалай реттейміз?

  4. Мультимедиа дегеніміз не?

3)Жаңа тақырыпқа кіріспе (3-5 мин)

4)Жаңа тақырыпты түсіндіру(3-5 мин)

Компьютерлік желі – бұл әр түрлі ресурстарды, мысалы,программаларды, құжаттарды және құрылғыларды бірігіп пайдалану үшін бір-бірімен жалғастырылған компьютерлер тобы.

Бір-бірімен жақын аралықта орналасқан компьютерлер тобын жергілікті желі деп атайды.

Қандай да бір желілік қорды пайдалану үшін:

    1. Сетевое окружение қапшығын ашыңдар да, онда қажетті қоры бар компьютерді таңдаңдар.

    2. Компьютердегі қорды ашу керек

    3. Егер қорға қатынау шектелмеген болса, онда бұл дискімен немесе қапшықпен жергілікті қор сияқты жұмыс істеуге болады.

    4. Егер қорға қатынау парольмен шектелген болса, пайда болған диалогтық терезеде парольді енгізіп, ОК батырмасын басу керек.

Электрондық пошта кәдімгі поштаны еске салады: өздерің жіберетін немесе алатын хабарлардың барлығы желілік серверде орнатылған басты бір «пошта бөлімі» арқылы өтеді.
Сервер (ағылш. server) - файлдар, қалталар және компьютерлердің деректері сияқты деректерге ортақ қатынасуды, сондай-ақ желі пайдаланушыларына электрондық пошта қызметтерін қамтамасыз ететін компьютер.


Компьютер желілерінің көмегімен тек бір қала аумағында ғана емес, дүние жүзі деңгейінде де ақпаратты жіберуге және алуға болады. Ақпарат хат, есесп беру, құжат, баяндама, электрондық кесте және т.б. болуы мүмкін.

Мұндай желі арқылы хабар алмасу жүйесін электрондық пошта деп атайды.

Желі абоненті өзі қосылған тораптың пошталық серверінде тіркеледі және бұл сервер оған жеке пошта жәшігін тағайындайды, яғни пошта серверінде оған сыртқы жадтың бөлімі арналады. Әрбір пошта жәшігіне өз аты беріледі. Бұл жәшікке жіберуші абоненттен алушы абоненттің атына жіберілген хаттар мен пошта келіп түседі.

Сергіту жаттығуы. (2 мин)

5) Жаңа тақырыпты бекіту (10-15 мин)

Тапсырма.

Электрондық поштаның кәдімгі поштамен ұқсастығымен айырмашылығын жаз.
Абонент (фр. abonner - жазылу) - абонементті пайдаланатын тұлға (адамдар тобы, мекеме, ұйым). Байланыс Абоненттің телефон, телеграф станциялары және радиоторап қызметін, есептеу техникасының абоненті - есептеу жүйесі қызметін пайдалануға құқығы бар.
Ұқсастық, аналогия - құқықтық реттеуді талап ететін, алайда тікелей заңмен немесе заңнан туындайтын актімен көзделмеген құқықтық реттеуді қажет ететін қоғамдық қарым-қатынастарға ұқсас қарым-қатынастарды реттейтін құқықтық нормаларды қолдану (заң ұқсастығы), ал ондай нормалар болмаған жағдайда құқықтың немесе құқықтық институттың тиісті саласын құқықтық реттеудің жалпы ережелері мен қағидатттарын қолдану (құқық ұқсастығы).


Ұқсастығы

айырмашылығы






Тапсырмалар мен сұрақтар:

  1. Жергілікті желі дегеніміз не?

  2. Электрондық пошта не үшін қажет?

  3. Хабарлар құру жолы?

  4. Желілік қорды пайдалану реті?


6.Сабақты қорытындылау

Оқушыларға жергілікті желі және электрондық пошта жайлы жалпы мағлұмат беру.
7) Үйге тапсырма § 8.1, бет. 206-220

Компьютерлік желілер.Электрондық пошта дегеніміз не. Хабарлама құру.
Хабарлама (Донесение) - жоғары тұрған командирге (бастыққа, штабқа) белгілі бір мәліметтерді хабарлау мақсатына арналған жауынгерлік немесе қызметтік есеп-ақпарат құжаты. Соғыс жағдайында төмендегідей хабарламалар даярланады: жауынгерлік, барлау, байланыс бойынша, инженерлік және химиялық қамтамасыз ету, тыл бойынша және басқа.


Пән Информатика сынып 7_ Күні . .

сабақ №: 33 сағ.саны.: 1

Тақырып: Компакт – дискіден программаларды қондыру және жіберу.

Мақсат: Оқушыларды компакт – дискіден программаларды орнату және іске қосу туралы білімдерін қалыптастыру және компакт-дискіден программаларды орнатуды үйрету.

Міндеттер:

Білімділік – Оқушыларды компакт-дискілермен жұмыс жасаға үйрету.

Дамытушылық –Оқушылардың компьютермен жұмыс жасау қабілеттерімен дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік – Оқушылардың пәнге деген дұрыс қатынасын тәрбиелеу .

Сабақ түрі: лекция сабақ

Сабақ типі: аралас сабақ

Әдіс-тәсілдер: түсіндірмелі – иллюстративті, көрнекілік, сұрақ -жауап

Құрал-жабдықтар компьютер

Пайдаланылған әдебиеттер: 1) Н.Т. Ермеков, Н.Ф.Стифутина Информатика 7 сынып, оқулық;

2)Н.Т.Ермеков, С.Б.Пилипенко,Информатика, Әдістемелік нұсқау, 7 сынып.

3) Н.Т.Ермеков, С.Б.Пилипенко,Информатика, Дидактикалық материалдар, 7 сынып.
Сабақ барысы


  1. Ұйымдастыру кезеңі (2 мин):

а)оқушылар тізімі;

ә)кабинет жағдайы;

б)сабақ барысымен таныстыру.

  1. Үй тапсырмасын тексеру.(3-5мин)

  1. Жергілікті желі дегеніміз не?

  2. Электрондық пошта не үшін қажет?

  3. Хабарлар құру жолы?

  1. Желілік қорды пайдалану реті?

3)Жаңа тақырыпқа кіріспе (3-5 мин)

4)Жаңа тақырыпты түсіндіру(3-5 мин)

Кейінгі кезде компьютерлік программалар компакт-дискілерде таратылады. Бұл қолданбалы программалар, операциялық жүйелер, ойындар және т.б. болуы мүмкін. Сондықтан компакт-дискідегі программаны компьютерге дұрыс орната білудің үлкен мәні бар.

Компакт-дискідегі программаны орнатуды қандай да бір ойынның мысалында қарастырайық.

Кейінгі дискілердің көбі автоматты түрде іске қосылады, яғни сендер CD-ROM ға қойсаңдар болды, әрі қарай іске қосу автоматтты түрде жүреді. Онда пайда болған безендірілген бастамасы бар терезеде Install батырмасын таңдау керек немесе егер мұндай батырма жоқ болса, Setup батырмасын шертіңдер. Орысша нұсқада бұл батырмалардың кез келгенінің орнында Установить батырмасы болады. Егер тіпті бұл батырмалар да болмакса, онда ОК және Cancel екі батырмасы, орысша нұсқада ОК және Отмена батырмалары болады. Бұл жағдайда ОК батырмасын шертіңдер.

Орнату кезінде онда мынадай батырмалардың үйлесімінің бірі бар: Yes, No, Agree, No; Да, Нет, Согласен, Не согласен және т.б. лицензиялық келісім терезесі жиі пайда болады. Бұл жағдайда әрқашан мақұлдап, Yes, Agree; Да, Согласен деп жауап беру қажет.

Содан соң орнату барысында тек ОК, Next батырмасын басу керек.

Сондай-ақ соңғы кездерде Орнату базасы бар ойындар жинағы кең таралды. Олардың соңғылары автоматты қосқышпен жабдықталған.

Егер автоматты түрде қосылмаса, онда базаның файлын дискіден өз беттеріңмен іздеуге тура келеді.

Сергіту жаттығуы. (2 мин)
5) Жаңа тақырыпты бекіту (10-15 мин)

Тапсырмалар мен сұрақтар:

  1. CD диаметрі қандай?

  2. CD –де не сақталады?

  3. CD –ге қанша рет ақпарат жазуға болады?

  4. CD –де қандай көлемде ақпарат орналасады?

  5. Компакт-дискіден программа қалай орнатамыз?


6.Сабақты қорытындылау

Оқушыларға жергілікті желі және электрондық пошта жайлы жалпы мағлұмат беру.
7) Үйге тапсырма § 7.2, бет. 201-205

Компакт-дискідегі программаларды орнату және іске қосу.
1   2   3   4   5   6   7   8


жүктеу 1.01 Mb.