Главная страница
Контакты

    Басты бет


Сабақ №: 1 сағ. саны.: 1 Тақырып: Есептеу i ш техника кабинет i ндег

жүктеу 1.01 Mb.



жүктеу 1.01 Mb.
бет2/8
Дата14.04.2017
өлшемі1.01 Mb.

Сабақ №: 1 сағ. саны.: 1 Тақырып: Есептеу i ш техника кабинет i ндег


1   2   3   4   5   6   7   8
§ 1.1, бет. 5-8,

Адам ақпаратпен не істейді? Адам ақпаратты қалай қабылдайды.

Пән Информатика сынып 7_ Күні . .

сабақ №: 3 сағ.саны.: 1

Тақырып: Ақпаратты кодтау.
Кодтау (кодирование; coding; кодировать; encode) - мәліметтерді олардың алдын ала тағайындадған кодтық комбинацияларымен бейнелеу немесе мәліметтер элементін (символдар жиынын) олардың кодтық комбинацияларымен сәйкес келтіру; программалау процесі; 2) ақпараттың 8 биттік (байттық) кодтауын 7 биттік кодтауға түрлендіру.
Ақпараттың өлшем бірліктері.


Мақсат: 1)Оқушылардың ақпаратты кодтау туралы білімін қалыптастыру;

2) Оқушыларды ақпараттың өлшем бірліктерімен таныстыру.

Міндеттер:

Білімділік – Оқушыларды ақпарат өлшем бірліктерімен және ақпаратты кодтаумен таныстыру.

Дамытушылық – Оқушылардың ақпараттық білімін дамыту. Компьютермен жұмыс жасау қабілеттерімен дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік – Оқушылардың пәнге деген дұрыс қатынасын тәрбиелеу. Еңбекке деген сезімдерін тәрбиелеу.

Сабақ түрі: лекция сабақ

Сабақ типі: аралас

Әдіс-тәсілдер: түсіндірмелі – иллюстративті, көрнекілік, сұрақ -жауап

Құрал-жабдықтар компьютер - 7, , ActivBoard,

Пайдаланылған әдебиеттер: 1) Н.Т. Ермеков, Н.Ф.Стифутина Информатика 7 сынып, оқулық;

2)Н.Т.Ермеков, С.Б.Пилипенко,Информатика, Әдістемелік нұсқау, 7 сынып.

3) Н.Т.Ермеков, С.Б.Пилипенко,Информатика, Дидактикалық материалдар, 7 сынып.
Сабақ барысы


  1. Ұйымдастыру кезеңі (2 мин):

а) оқушылар тізімі;

ә) кабинет жағдайы;

б) сабақ барысымен таныстыру.

  1. Үй тапсырмасын тексеру.(3-5 мин)

  1. Ақпарат деген сөзге қандай мағына бересіңдер?

  2. Адам ақпараттың қандай түрлерін қабылдай алады?

  3. Адам ақапаратты қалай сақтайды?

  4. Адамның ақпаратты өңдеуіне мысал келтіріңдер?

  1. Жаңа тақырыпқа кіріспе(3-5 мин)

  2. Жаңа тақырыпты түсіндіру(3-5 мин)

Ақпаратты белгілі бір алфавит арқылы ұсынуды кодтау деп атайды.

Бір ғана ақпаратты әр түрлі әдістермен (жолдармен) ұсынуға болады. Бір белгі тобынан екінші белгі тобына көшіру ережесін код деп атайды. Мысалы, мектепте оқитын оқушылар санын: тоғыз жүз алпыс жеті, 96710, 17078, 3С716, 11110001112,сияқ-ты жазуға болады, яғни қазақ тілі алфавиті де ондық , сегіздік , он алтылық және екілік санау кодында жазылады.
Сан - мөлшерді сипаттайтын, санауда пайдаланылатын абстракт нәрсе.
Мұнда оқушылардың саны туралы ақпараттың өзі өзгермейді, тек оның жазылу түрі ғана әр түрлі.


Ақпаратты сақтау, қабылдау , ұсыну және өңдеу әдістері іс жүзінде ақпараттың ұсынылу (кодталу) түріне байланысты болады.

Ақпараттың кодталуы (кейде оны шифрлау деп те атайды) оның кері кодталу (декодталу- декодирование) процесімен тікелей байланысты.

Кодтауға қолданылған алфавиттің әріптері неғұрлым аз болса,кері кодтау құрылғысы соғұрлым қарапайым болады.
Әріп-дыбыстың графикалық таңбасы. Әріп дыбысты белгілегенімен, әріп пен дыбыстың арасында табиғи байланыс жоқ. Әріп - шартты таңба. Әліпбиде қанша әріп болуы тілдегі дыбыстың санына байланысты. Бірақ дыбыс пен әріп саны бірдей бола бермейді.
Техникада ақпаратты кодтау үшін, Морзе әліппесін – екілік алфавиттің телеграфтық кодының таңбаларын теруді қолданудың маңызы зор.


Мысалы, XIX ғасырда ойлап табылған естелік телеграфтың көмегімен ақпарат жібергенде, жолдаушы түйіспені (контакт) ажыратып және қосып отыратын.
Естелік– әдеби шығарма, мемуар жанрының бір түрі. Естелік - өмірде шынайы болған ірі тұлғалар мен ел тарихында өткен елеулі оқиғалар жайында көзбен көріп, куәгер болған адамдардың сол өткенді еске түсіріп, өз атынан баяндап беруі.
Жал-ғасу жерін қосқанда (ұштастырғанда), қабылдаушының қағазында ұзындығы түйісу уақытының ұзақтығына байланысты сызық сызылатын , сонда сәйкес нүктелер мен сызықшалар шығатын.Мұндай хабарларды жіберу үшін, Морзе әліппесі пайдаланыл-ған .


Екілік алфавит 0және 1 таңбаларымен ұсынылады, оларды жай екілік таңбалар деп те атайды. Ағылшын тіліндегі екілік таңбаны Binary digit сөзінен қысқартып, бит деп атайды.
Ұзындық (Длина) - егер тетік сызбада бірақ көрінісімен кескінделген болса, оның үзындығының сандық мәнінің алдына "L" деген таңба қойылады. Ұзындығы 200 мм бұрыштықтың сызбасы көрсетілген. Ұзындықтың Бірліктердің халықаралық жүйесіндегі бірлігі - метр.
Ағылшындар (ағылш. English) - германды халық ұлты, Ұлыбританияның негізгі халқы. Саны 48,5 млн. Ұлыбританияда - 44,7 млн., Австралияда - 940 мың, ОАР-да 230 мың, Канадада - 100 мың, АҚШ-та - 650 мың, Үндістанда - 200 мың адам т.б.
Ағылшын тілі (ағылш. English, English language) - Үндіеуропа тілдері жанұясының батыс герман тобына жататын тіл. Ағылшын тілі ежелгі тіл болып есептеледі, ол қазіргі Ұлыбритания аумағын ежелде басып алған Англосаксондардың тілі, бірақ жауланған кельттердің тілдері де әсерін тигізген.
Бұдан кейін біз екілік белгінің бірін (0немесе1) бит деп атайды. Ақпаратты осы екі таңбаның көмегімен кодтау оларды сақтау мен жеткізу құрыл-ғыларының конструкциясын мейілінше жеңілдетеді. Екілік сандар алфавитінің қа-рапайымдылығы оның есптеуіш техникасында кең тарауына себеп болды. Ақпарат-ты екілік кодпен көрсету үшін , құрылғы екі күйді айыра білуі (тануы) керек, мыса-лы, 1 –құрылғыда ток барын , ал 0жоғын, немесе 1-жоғары кернеу, 0төмен кернеу екенін білдіреді.Екілік алфавит физикалық жүзеге асырудың қарапайымдылығынан басқа сенімділік пен үнемділік қасиеттеріне де ие.


Егер екілік алфавит өте маңызды болса ,онда оның көмегімен таңбалы ақпаратты қалай ұсынуға болады? 0 және 1 белгілері төрт символды ғана таңбалауға мүмкін-дік береді, олар; 00, 01, 10, 11, бұл -өте аз. Тек орыс тілінің сөздерін кодтау үшін , тыныс белгілері мен цифрларды санамағанда ,33 символ қажет.
Кернеу бөлгіш - шығыс кернеуді (кіріс кернеумен салыстырғанда) төмендететін электрлік схема.
Символ (грекше symbolon - танымдық белгі, таңба, рәміз, пернелеу) лингвистика, логика, математика ғылымдарында таңба ұғымын береді; өнерде, философияда нәрсенің, құбылыстың қасиетін, сыр-сипатын бейнелеп, астарлап білдіретін әмбебап эстетикалық категория.
Сенімділік - компьютердегі белгілі бір қызмет атқаратын блоктың берілген уақыт кезеңі ішінде нақты жағдайда талап етілген жұмысты орындау қабілеті. Құрылғының тоқтаусыз жұмыс істеу мүмкіндігі, оның орташа тоқтамай жұмыс істеу уақыты, істен шыққан жағдайда қайта қалпына келтірудің орташа уақыты сенімділік көрсеткіштеріне жатады.
Орыс тілі (өз атауы Русский язык) - орыс халқының ана тілі. Үнді-еуропа тілдерінің шығыс-славян тілдері тобына жатады. Орыс тілін зерттейтін ғылым русистика деп аталады.
Кез келген мәтіндік ақпаратты кодтау үшін , кемінде 200-ден астам символ қажет. Сондықтан символ-дарды кодтау үшін , 8 биттен, яғни 8 екілік таңбалардан тұратын тіркестерді (8нөл-дер мен бірлерден) қолдану қабылданған. 8 биттен тұратын кодты байт деп атайды. 8нөл мен бірлердің ,яғни 1 байттың көмегімен 256 символды кодтау болады;0000000, 00000001, 00000010, ...,11111111.


Енді орыс алфавитінің әріптерін ғана кодтап қоймай, ағылшын, қазақ әріптерін де, цифрларды да, тіпті арнайы графикалық (псевдографикалық) таңбаларды да т.б.
Графика - (гр. graphein, тырнау, жазу, салу дегеннен) Жазуда қолданылатын таңбалардың (әріп және тыныс белгілерінін) жиынтығы. Жазу танбалары жүйесі мен тілдін фонетикалық жүйесінің ара қатынасын, байланысын білдіреді.
кодтайды. Символдардың кодталу комбинацияларының (тіркестерінің) жиынтығын кодтау кестесі деп атайды.


Сергіту жаттығулары (2 мин)

5) Жаңа тақырыпты бекіту (10-15 мин)

Тапсырмалар мен сұрақтар:

  1. Кодтау мен кері кодтау деген не?

  2. Бит, байт деген не?

  3. Техникалық жүйелерде неге екілік алфавитті пайдалануды таңдайды?

6)Сабақты қорытындылау

Оқушыларға ақпарат өлшем бірлігі және ақпаратты кодтау туралы жалпы мағлұмат беру.

7)Үйге тапсырма § 1.2, бет. 9-13,

Ақпаратты кодтау. ASCII коды.


Пән Информатика сынып 7_ Күні

сабақ №: 4 сағ.саны.: 1

Тақырып: Ақпаратты жеткізудің, өңдеудің және сақтаудың техникалық құрылғылары.

Мақсат: Оқушыларды ақпаратты жеткізудің, өңдеудің және сақтаудың техникалық құрылғыларымен таныстыру.

Міндеттер:

Білімділік – Оқушылардың ақпаратты жеткізу, өңдеу және сақтаудың техникалық құралдары туралы білімдерін қалыптастыру.

Дамытушылық – Күнделікті қабылданатын ақпаратты жүйеге келтіруге үйрету; ақпаратты классификациялауды үйрету. Оқушылардың компьютермен жұмыс жасау қабілетін дамыту.

Тәрбиелік – Оқушылардың пәнге деген дұрыс қатынасын тәрбиелеу. Еңбекке деген сезімдерін тәрбиелеу.

Сабақ түрі: лекция сабақ

Сабақ типі: аралас

Әдіс-тәсілдер: түсіндірмелі – иллюстративті, көрнекілік, сұрақ -жауап

Құрал-жабдықтар компьютер

Пайдаланылған әдебиеттер: 1) Н.Т. Ермеков, Н.Ф.Стифутина Информатика 7 сынып, оқулық;

2)Н.Т.Ермеков, С.Б.Пилипенко,Информатика, Әдістемелік нұсқау, 7 сынып.

3) Н.Т.Ермеков, С.Б.Пилипенко,Информатика, Дидактикалық материалдар, 7 сынып.
Сабақ барысы


  1. Ұйымдастыру кезеңі (2 мин):

а) оқушылар тізімі;

ә) кабинет жағдайы;

б) сабақ барысымен таныстыру.

  1. Үй тапсырмасын тексеру.(3-5 мин)

  1. Кодтау мен кері кодтау деген не?

  2. Бит, байт деген не?

  3. Техникалық жүйелерде неге екілік алфавитті пайдалануды таңдайды?

3) Жаңа тақырыпқа кіріспе(3-5 мин)

  1. Жаңа тақырыпты түсіндіру(3-5 мин)

Адам өзін қоршаған ортадан қарым-қатынас жасау және өз бетімен іздеу нәти-жесінде алған барлық ақпаратты өзінің бар білімімен үнемі салыстырып,оны рет-тейді әрі талдайды.
Барлық - Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданындағы ауыл, Коробиха ауылдық округі құрамында.


Сонымен адам ақпаратты сақтай алады,өңдейді және(шығарып бере) жеткізе алады. Бұл жағдайда адам қандай да бір әрекеттер жасайды, оларды ақпараттық процесс дейді. Ақпараттық процесті оның өзі жасай алады немесе әр түрлі құралдар мен құрылғыларды пайдалана отырып ұйымдастыра алады. Оларға қағаз,магниттік таспа, дискі, калькулятор, компьютер т.б. жатады.

Адам ақпаратты сақтай, жеткізе, өңдей алады.

Біз кітап, газет-журналдар оқығанда ақпаратты есте сақтап жинаймыз да, біраз уақыттан кейін басқа біреуге жеткізе аламыз. Адам миы ақпаратты тек қабылдап қана қоймай сақтай да алады. Бірақ көп уақытта мида сақтай алмайды. Сондықтан ақпаратты сақтау үшін: қағаз, папирус, түрлі таспалар, дискілер қолданылады.

  • Адам ақпаратты жеткізе алады. Ақпарат алмасу үшін жолдаушы,
    қабылдаушы болады. Хабар жеткізуші құралдарды ақпаратты жеткізу арнасы
    деп аталады. Олар телевизор, радио, газет, компьютерлік желі т.б.
    Папирус (лат. Cyperus papyrus) – қияқөлеңдер тұқымдасының құйық туысына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік. Сабағының биіктігі 5 м-ге дейін, үш қырлы, жуан, түп жағы қабыршақ жапырақты келеді, вегетативті өркендерінің жапырағы- жіңішке, қандауыр тәрізді тақташық.
    ДИСК (Disk) - шығарып оку-жазу бастиегіне қатысты айналдырылатын диск формасындағы мәліметтер. тасуышы; ақпаратты сақтау және қайта шығару қасиеті бар жұқа материалмен қапталған дөңгелек пластинка түрінде жасалған мәлімет тасуыш құрылғы.
    Компьютерлік желі (ағылш. сomputer network) - барлық құрылғылардың бір бірімен өзара әрекеттесуіне мүмкіндік беретін байланыс желілері арқылы қосылған компьютерлердің және басып шығарғыштар мен мәтіналғылар сияқты басқа құрылғылардың тобы.


  • Адам ақпаратты өңдей алады. Ақпаратты өңдеу деп- ақпарат алуды, оның
    мазмұнын өзгертпей, ұсыну түрін өзгертуді, алынған ақпаратты бір ретке
    келтіруді және жаңа ақпарат іздеп толықтыруды айтады.


  • Адам ақпаратты сақтай, жеткізе, өңдей алады. Бұл процесті ақпараттық
    процестер деп атайды.


Адам ақпаратты сезу, көру арқылы қабылдайды. Адам радиодан, теледидардан, газет-журналдан ақпараттарды сезім мүшелері арқылы қабылдайды. Адам қабылдайтын ақпарат таңбалы, бейнелі болып бөлінеді.

Бейнелік ақпарат деп-табиғат көріністерін, кескіндерді, дәм, иіс, сезу мүшелері: арқылы қабылданған ақпараттарды айтады.
Кескін (изображение; display image pict (picture) - 1) ақпаратты бейнелеу, мәліметтерді көзге көрінетіндей ұсыну; көзбен көру бетіне бір уақытта шығаруға болатын шығу мен сегменттер примитивтерінің жиынтығы; 2) apple фирмасының macintosh компьютерлеріне арналған мәліметтердің көлемін кішірейтіп тығыздауға мүмкіндік беретін, қозғалмайтын мультимедиа-кескіндерге арналған пішім.


Таңбалы ақпаратқа сөйлеу, жазу түрінде алынған ақпараттар жатады. Ауызекі тіл де таңбалы ақпаратқа жатады себебі әр түрлі таңбалардан тұрады, бірақ олар дыбыстық таңбалар-феномендер деп аталады. Таңба түрінде қатынасуды қатынас тілі деп атайды. Табиғи қатынас тіліне: қазақ, орыс, ағылшын тілдері жатады. Жасанды тілдерге математика, физика, компьютермен қатынасу тілдері жатады. Әр тілдің өз алфабиті бар. Сандарды көрсететін алфавиттер: екілік, сегіздік, ондық, оналтылық болады.

Сергіту жаттығулары (2 мин)

5) Жаңа тақырыпты бекіту (10-15 мин)

  1. Ақпарат деген сөзге қандай мағына бересіңдер?

  2. Адам ақпараттың қандай түрлерін қабылдай алады?

  3. Адам ақапаратты қалай сақтайды?

  4. Адамның ақпаратты өңдеуіне мысал келтіріңдер?

6)Сабақты қорытындылау

Оқушыларға ақпарат және оны сақтау, жеткізу және ұсыну құрылғылары туралы жалпы мағлұмат беру.

7)Үйге тапсырма § 1.1, бет. 5-8,

Адам ақпаратпен не істейді? Адам ақпаратты қалай қабылдайды.

Пән Информатика сынып 7_ Күні . .

Тақырып: Компьютер - әмбебап ақпараттық машина. Информатика дегеніміз не? Компьютер ақпартты өңдеу құралы.

Мақсат: 1)Оқушылардың компьютер жайлы білімін қалыптастыру; 2) Оқушылардың информатика ғылымы жайлы білімін қалыптастыру.

Міндеттер:

Білімділік – Оқушыларды компьютер есептеуіш құрылғысымен таныстыру.

Дамытушылық – Оқушылардың ақпараттық білімін дамыту. Компьютермен жұмыс жасау қабілеттерімен дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік – Оқушылардың пәнге деген дұрыс қатынасын тәрбиелеу. Еңбекке деген сезімдерін тәрбиелеу.

Сабақ түрі: лекция сабақ

Сабақ типі: аралас

Әдіс-тәсілдер: түсіндірмелі – иллюстративті, көрнекілік, сұрақ -жауап

Құрал-жабдықтар компьютер

Пайдаланылған әдебиеттер: 1) Н.Т. Ермеков, Н.Ф.Стифутина Информатика 7 сынып, оқулық;

2)Н.Т.Ермеков, С.Б.Пилипенко,Информатика, Әдістемелік нұсқау, 7 сынып.

3) Н.Т.Ермеков, С.Б.Пилипенко,Информатика, Дидактикалық материалдар, 7 сынып.
Сабақ барысы

  1. Ұйымдастыру кезеңі (2 мин):

а) оқушылар тізімі;

ә) кабинет жағдайы;

б) сабақ барысымен таныстыру.

  1. Үй тапсырмасын тексеру.(3-5мин)

Тест алу

  1. Жаңа тақырыпқа кіріспе (3-5 мин)

  2. Жаңа тақырыпты түсіндіру(3-5 мин)

Ақпарат өзімен-өзі болмайды.Ол іздестірудің ,жинаудың, сақтаудың, жеткізу мен өң-деудің және пайдаланудың барысында, басқаша айтқанда, ақпараттық процестерде айқындалады.

Ақпараттық процестерді зерттейтін ғылым информатика деп аталады.

Ақпараттық процестерді жүзеге асыратын негізгі құрал-компьютер. Ақпаратты автоматты түрде өңдеуге арналған аппараттық және бағдарламалық құралдар кешенін компьютер деп атайды.

Ақпаратты автоматты түрде өңдеу-адамның қатысуынсыз өңдеу, бұл кезде компью-тер алдын ала берілген бағдарлама бойынша ақпаратты өңдеуді алғашқы мәліметтерді енгізуден бастап нәтиже алғанға дейін жүргізеді

Кірістік мәліметтердің түрі мынадай болуы мүмкін ;


Мәтіндік ақпарат :

Оқулықтағы мәтін, дәптердегі шығарма,ауа райын болжау,радио арқылы хабар т.б.


Сандық ақпарат;

көбейту кестесі, арифметикалық мысал, хокей ойынындағы есеп т.б.

Графикалық ақпарат :

Суреттер,схемалар, сызбалар, фотосуреттер т.б

Музыкалық (дыбыстық) ақпарат :

дыбыстар, музыка, сөз.


Бейне ақпарат

түрлі түсті графика, дыбыс, фильмдер, екі және үш өлшемді жылжымалы объектілер.


Компьютердің аппараттық құралдары:

  • кодтауға және мәліметтер мен бағдарламаларды компьютердің жадына екілік көрсеті-луде ұсынуда арналған енгізу құрылғыларынан;

  • ішкі және сыртқы болып бөлінетін, деректерді, бағдарламаларды, аралық есеп-теулердің нәтижелерін сақтауға арналған компьютер жадынан;

  • мәліметтерді өңдеудің және өңдеу процесін басқарудың негізгі құрылғысы- процессордан;

  • өңдеу нәтижелерін кері кодтауда және оларды адамға қолайлы түрде шығарып беруге арналған шығару құрылғыларынан;

  • бұл барлық құрылғылар арасында ақпарат жеткізу қызметін атқаратын ақпарат-тық кеңарнадан тұрады.

Мәліметтерді бағдарламалармен өңдейді. Бағдарлама-нұсқаулар тізбегі, оларды орындау барысында компьютер белгілі әрекеттер жасайды немесе мәліметтерді өңдеу мәселесін шешеді.

Бағдарламалық құралдар- әр түрлі мақсатттарға арналған бағдарламалар жиынты-ғы. Компьютердің бағдарламалық құралдарын бағдарламалық жасақтама деп те атайды.
Бағдарламалық өнім (ағыл. Software; soft - жұмсақ және ware - өнім;орыс. Программное обеспечение - бағдарламалық жасақтама,) - компьютердің жұмыс істеуіне арналған компьютер бағдарламалары жиынтығы, яғни бағдарламалық жасақтама.


Олар:

  • жүйелік деп аталатын, компьютердің барлық құрылғылары мен мәліметтерді өң-деуді

  • қолданбалы деп аталатын, мәліметтерді өңдеуге арналған;

  • бағдарламалау жүйелері деп аталатын, басқа бағдарламаларды өңдеу қызметін атқаратын бағдарламалардан тұрады.

Мәтіндік, графикалық, дыбыстық , сандық, ибейнелік мәліметтерді өңдеуге ар-налған, редакторлар мен бағдарламалар бар.

Сергіту жаттығулары (2 мин)

5) Жаңа тақырыпты бекіту (10-15 мин)

Сұрақтар мен тапсырмалар:

  1. Компьютер дегеніміз не?

  2. Информатика ғылымы нені зерттейді?

  3. Мәліметтер дегеніміз не?

  4. Компьютерде мәліметтердің қандай түрлері өңделеді?

6)Сабақты қорытындылау

Оқушыларға компьютер құрылғысы туралы жалпы мағлұмат беру.

7) Үйге тапсырма
1   2   3   4   5   6   7   8


жүктеу 1.01 Mb.