Главная страница
Контакты

    Басты бет


Практикум Шеберлік-класс : «Студенттің үлгі жеке тұлғасы»

жүктеу 246.09 Kb.



жүктеу 246.09 Kb.
бет1/3
Дата03.06.2020
өлшемі246.09 Kb.

Практикум Шеберлік-класс : «Студенттің үлгі жеке тұлғасы»


  1   2   3


Педагогикалық семинар-практикум

Шеберлік-класс: «Студенттің үлгі жеке тұлғасы»

Шеберлік-класының міндеттері:

  • Жеке әдістемелік ізденістерін ұйымдастыру, кәсіби өсу мен өзін бекітуге мүмкіндіктерін тұғызуға құзыреттіліктерін көтеру;

  • Жас маманның жеке және іскерлік сапаларын қалыптастыру;

  • Дәстүрден тыс әдістер мен тәсілдерді қолдану арқылы жас мамандардың іс-әрекетін белсендету;

  • Өзіндік іс-әрекетінің рефлексиясы мен анализін жасауға, өзіндік ақыл-ой іс-әрекетін ұйымдастыруға ;

  • Оқытушыларының іс-әрекетінің жеке стилін қалыптастыру.

Өту типі: саяхат

Қолданылатын технологиялар: АКТ, ойын, ұжымдық ынтымақтастық технологиясы

Әдістері: әңгімелесі, түсіндірмелі-иллюстративті, жартылай-ізденіс, репродуктивті, педагогикалық іс-әрекетінің анализі мен синтезі

Оқыту құралдары: проектор, компьютер, видео материал, презентация, үлестірмелі карточкалар, әртүрлі бет қимылы мен отырғандары бейнеленген адамдардың суреттері (1-9 суреттер), түрлі түсті қағаз, ермексаз, қайшы, түрлі түсті қарандаштар.

Шеберлік класының жоспары

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Алғы сөз. Релаксация «Күнді өзінде оята біл»

ІІІ. Саяхат маршруттары:

1. «Дыбыстық хат » аялдамасы - «Қимылдың тілі» жаттығуы

2. «Әдістемелік» аялдамасы - Тренинг «Ұжымының жүрегі»

3. «Сурет салу жобасы» аялдамасы

4. «Жапсыру жобасы» аялдамасы

5. «Мүсіндеу жобасы» аялдамасы

6. «Ойын-сауықты ұйымдастыру» – әуенді сергіту сәті аялдамасы

ІV. Рефлексия.

V. Қорытынды.

Шеберлік класс барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқытушы қатысушыларға орындарына ыңғайлы отыруға ұсынады. Үстел үстіне жұмыс жасауға арналған құралдар: түрлі-түсті қағаздар, ермексаз, қайшы, түрлі-түсті қарындаштар қойылады. Көрмеге көңіл аударылады.



ІІ. Алғы сөз: Құрметті қатысушылар, бүгін біз сіздермен қызықты саяхатқа барамыз. Жолда бізді әртүрлі қиыншылықтар күту мүмкін, бірақ олардың барлығын біз бірігіп жеңеміз деп сенемін.

Ал саяхатымызды «Күнді өзінде оята біл» атты релаксациясымен бастағым келеді. (жайлы әуен ойналады),

Релаксация мақсаты:Іс-әрекетке дене мен психиканы дайындау;

Ішкі әлеміне зейінін аудару; Қажет емес физикалық және жүйке жүйесінің ауырлығынан арылу, немесе кері әсер; Жинақталуға мүмкіндік алу.



Табиғатта күн бар.

Ол жарқырайды, барлығын жақсы көреді және жылуын береді.

Күнді өзіміздің бойымызда оятып көрейік.

Көзімізді жұмамыз, жүрегіңізде кішкентай жұлдызды елестетіп көріңіз.

Ойымызда жүрегімізге деген махабат пен сүйіспеншілікті беретін күн сәулесін жіберіп көрейік

Кішкентай жұлдыздың үлкейгенін сезінейік.

Ойымызда бейбітшілік күн сәулесін жүрегімізге жіберіп көрейік.

Жұлдызшамыз одан сайын ұлғайды.

Ақ-көңіл күн сәулесін жіберейік.

Жұлдызшамыз одан сайын ұлғайды.

Мен жұлдызшама қарай

  • денсаулық

  • шаттық

  • жылу

  • жарық

  • нәзіктік

  • беретін күн сәулелерін жіберемін.

Енді біздің жұлдызымыз аспандағы күндей үлкейіп, барлығымызға жылуын береді.

Қолдарыңызды екі жаққа жайып, көзіңізді ашыңыз.

  1. «Әдістемелік» аялдамасы

Қазір біз тренинг «Ұжымының жүрегі" деген өткіземіз: 

Педагог. Сіз, білесіз бе, әр ұжымының жүрегі болады. Менің сіздерге ұсынысым, бір-бірімізге көтеріңкі көңіл күй сылайық.

Ол үшін сіздерге таратылған кішкентай жүректерге өзіңіздің аты-жөнінізді және жылы лебізіңізді жазып берсеңіз.

Ал мен сіздерге біздің ұжымымыздың үлкен жүрегін алып келдім. Сіздердің жазған кішкентай жүрекшелеріңізді үлкен жүрегімізге орналастырайық.

Шарамыздың аяғында әрқайсысыңыз естелікке жылы лебіз жазылған жүрікшені алып кетеміз.



2. «Дыбыстық хат» аялдамасы. «Қимылдың тілі» жаттығуы.

Жүргізуші: Психологиялық жағынан біз саяхатқа баруға дайынбыз. Біздің екінші аялдамамыз «Дыбыстық хат» деп аталады.



















Жүргізуші: Мен бүгін ғажайып хат алғам. Ашып қарайық.

«Қимылдың тілі»

Мақсаты: сабақтағы оқушының қимылын, отырысы мен бет қимылын дұрыс түсіне білуге үйрету.

Оқу құралдары:  әртүрлі бет қимылы мен отырғандары бейнеленген адамдардың суреттері (1- 9 суреттер).

Жүргізуші: АҚШ психологы А. Пиз өзінің «Қимылдың тілі» атты кітабында былай деп жазған:

«Телефон айлакерлер үшін жаратылған, өйткені сөйлесіп тұрған адамның бет қимылын, тұрған тұрысын көрмейміз, ол шын, әлде өтірік айтып тұрғаның біле алмаймыз».


Ал, сіз қимылдың тілін білесіз бе? Мен сізге бірнеше суреттерді ұсынамын. Сіздер оларға қарап, не көріп тұрғандарыңызды айтасыз:

Тақтаға №1 және №2 суреттер ілінеді



№1 Сөйлесіп отырған адамға көзқарасы теріс. Адамның қолы мен аяғы

«құлып» формасында. Ол өзінің өмірде қажетті мүшелерін құтқаруға дайын.

№2 Адам жай ғана тоңып отыр. Бұл отырған отырысты біз кейде басқаша

қабылдаймыз. Ең бірінші оқушымыз қандай жағдайда екенін

анықтауымыз қажет, ал сосын белгілі қорытынды жасауға болады.



Келесі №3 сурет жапсырылады.


  1   2   3

  • Өту типі
  • Оқыту құралдары
  • Шеберлік класының жоспары І. Ұйымдастыру кезеңі. ІІ. Алғы сөз. Релаксация
  • ІІ. Алғы сөз
  • 2. «Дыбыстық хат» аялдамасы.
  • Жүргізуші

  • жүктеу 246.09 Kb.