Главная страница
Контакты

    Басты бет


ПОӘҚ 042-33 27/01-2014 Баспа №1. 03. 09. 2014

жүктеу 2.75 Mb.



жүктеу 2.75 Mb.
бет7/10
Дата08.04.2017
өлшемі2.75 Mb.

ПОӘҚ 042-33 27/01-2014 Баспа №1. 03. 09. 2014


1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Бастапқы ғылыми идеялар:


  1. Деңгейлеп оқыту әр оқушыға өз мүмкіндіктерін барынша пайдалана отырып білім алуына жағдай жасап, мүмкіндік береді.

  2. Деңгейлеп оқыту әр түрлі категориядағы балаларға бірдей зейін аударып, олармен саралай жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

  3. Деңгейлеп-саралап оқыту құрылымында білімді игерудің негізгі үш деңгейі қарастырылады: ең төменгі (минималды базалық), бағдарламалық, күрделеген деңгей.

Базалық деңгей мемлекеттік стандарт бойынша анықталған ең төменгі шек. Сондықтан оны әрбір оқушы меңгеруі тиіс. Бұл деңгей оқушыға өзінің қызығушылығы мен қабілетін ескере отырып, уақыты мен күшін дұрыс пайдалануына мүмкіндік береді.

  1. Оқушының жеке тәжірибесіне негізделген деңгейлеп оқыту технологиясы тиімді де нәтижелі болуы үшін:

    • жеке тұлға ерекшеліктеріне;

    • психикалық даму ерекшеліктеріне (есте сақтау қабілетінің ерекшелігіне, ойлану қабілеті, зейін ерекшклігіне, өзінің эмоциясын басқара білуіне);

    • пән бойынша білімді игеру деңгейіне (оқушының білімі мен іс-әрекет тәсіліне) назар аударып, көңіл бөлу керек.


Оқушы мен мұғалім іс-әрекетінің жүйесі


Кезеңдер

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

1

2

3

Дайындық

Оқушылардың оқу материалын базалық, бағдарламалық, күрделеген деңгейлер бойынша меңгеруін анықтау




Диагностикалық

Білімді меңгеру деңгейін анықтайтын тапсырмаларды дайындау. Оқушылардың білімді меңгеру деңгейін диагностикалау. Оқушылардан сауалнама алу, сынып жетекшілерімен, оқушылар және олардың ата-аналарымен әңгімелесу.

Диагностика нәтижелері мен өз қызығушылық-тары. Негізгі пәнді оқу деңгейі таңдалады. Оқушы өзіндік таңдау жасайды.

Оқушыларды топтарға бөлу

Оқушыларды топқа бөлуді ұйымдастыру: әр топ үшін оқу мазмұнын анықтау. Әр деңгейде оқытуға қойылатын нақты талаптарды дайындау. Дайындалған талаптарды оқушыларға ұсыну.

Белгілі топты оқушының өзі таңдауы. Топтардағы оқыту талаптарының жобасын талқылауға қатысу.

Оқушыларды топтарға бөлу

Оқушыларды топқа бөлуді ұйымдастыру: әр топ үшін оқу мазмұнын анықтау. Әр деңгейде оқытуға қойылатын нақты талаптарды дайындау. Дайындалған талаптарды оқушыларға ұсыну.

Белгілі топты оқушының өзі таңдауы. Топтардағы оқыту талаптарының жобасын талқылауға қатысу.

Деңгейлеп оқытуды жүзеге асыру кезеңі

Оқушылардың топтардағы жұмысын ұйымдастыру.

Таңдалған топта өзінің оқу іс-әрекетін ұйымдас-тыруы.

Деңгейлеп оқыту жағдайында білімді меңгер-ту нәти-желерін бағалау кезеңі

Атқарылған жұмыстар нәтижесі бойынша оқушыларды бағалау.

Жеткен нәтижелер бойынша өзара бағалау-ды және өзін-өзі бағалауды жүзеге асыру.

Шектеулер:


  1. Мектептің деңгейлеп оқытуды ұйымдастырудағы мүмкіндігі (оқу кабинеттерінің оқушылар топтарында бір пән бойынша параллель жұмыс жүргізетін мұғалімдердің жеткілікті блуы ).

  2. Әрбір топтар үшін талаптардың нақты болуы.

  3. Мұғалімнің бір деңгейдегі оқушылармен жұмыс жүргізуі барысында топтың даму динамикасын меңгеруі.

Деңгейлеп оқыту педагогикалық технологиясын оқу процесіне енгізуді пән бойынша күнтізбе жоспарын жаңаша құрудан бастайды. Ол үшін дэстүрлі оқытудағы екі бақылау жүмысының арасында өтетін оқу материалын Модуль деп қарастырып (ол тарау болуы мүмкін) оның құрылымы анықталады:

1-сабақ: §1

2-сабақ. §2

п- сабақ: §п

(«+1) -сабақ: (§1-§я) бойынша 3 деңгейлік қорытынды өздік жұмыс



(п+2) -сабақ: Өздік жұмыстан шыққан қателерді түзету сабағы

(п+3) -сабақ: Модуль бойынша Бақылау жұмысы

Модульдің дәстүрлі оқытудағы тараудан негізгіі айырмашылығы әр бақылау жұмысының алдында оған дайындық екі сабақ өтіледі. Бірніші (п+1) - сабақта оқушылардың модуль бойынша түсінбей қалған кемшіліктерін анықтап, оларды екінші (и+2) - сабақта жою мақсаты көзделген. Әр тоқсанның және жылдың соңында алынатын бақылау жүмыстарының да алдын-да осындай екі дайындық сабақтары өтеді.Бұл жағдайда: модульдік бақылау жұмыстарынан - тоқсандық, төрт тоқсандық бақылау жұмыстарынан жылдық бақылау жүмыстары құрылады. «Қосымша» сағаттарды үқсас материалдарды блокқа біріктіріп оқыту арқылы үнемдеуге болады. (п+1), (и+2) - сабақтарын біріктіріп бір 45 минутта өткізсе де болады.

Әр параграфтың мазмүнын (45 минут немесе 90 минутқа арналуы мүмкін) технологияның талабы бойынша меңгертуді ұйымдастыру үшін оның үш кезеңі анықталған.

Жаңаша оқытудың негізгі түрлері болып, оқытудың дербес және топтық түрлері табылады. Оқытудың бү_л түрлеріндегі ең басты- , сы - оқушыға деген сенім, оның өз ісіне жауап беру мүмкіндігіне сүйене отырып, өз беделі мен қадір-қасиет сезімін дамыту.

Оқытудың фронтальды түрі, көбінесе, бағыт беру, талқылау және түзету енгізуде ғана пайдаланылады.

Жаңа технологияның жаңа мақсаты бойынша «оқытуды ізгілендіру» қажет деп отырмыз ғой. Ол - оқыту құраладарына деген көзқарасты да өзгертуді талап етеді. Бүл өзгерістер бойынша оқу құралдары оқушылардың өздігімен танымдық іс-әрекетін жүргізе алатындай құралдар болуы керек. Бүрынғы дәстүрлі оқулықтар мұндай талапты қанағаттандыра алмайды, сондықтан оқушылардың өз бетімен білім алуына аса бейімделген жаңа тип-тегі оқулықтар қажет. Ол оқулықтардың қандай болу керек екендігі төменде айтылады. Осы жерде компьютерлік техниканың да функционалдық мүмкіндіктерінің мол екендігі төменде айтылады. Осы жерде компьютерлік техниканың да функционалдық мүмкіндіктерінің мол екендігін ескере кету қажет, себебі компью-терлік техника - оқушыға, ол ізденіс және зерттеу жүмыстарын жүргізе алатындай, оқытушы орта қүруына мүмкіндік береді. Бұл жерде оқу мазмұны мен жаңа мақсат талап ететін жаңа оқулықгардаоқу материалдарының мазмүлы жаңаша баяндалуы қажет.

Оқытудың басты мақсаты өздігімен білім алып дами алатын жеке түлғаны қаыптастыру болғандықган, оқулықтағы теориялық материалдардың берілу жолы осы мақсатты қанағаттандыра алатындай болып, оқушылардың өз бетімен білім ала алуына бейімдерін құрьшуы керек. Ол бойынша өнер тапқыщтық пен жаңалықтар ашуға жетелейтін баланың жаңа қасиеттерін ашуға болады екен. Технологияның тағы бір психологиялық негізі болып табылатын теория - Л.С. Выготскийдің «оқыту процесінде оқытушының ақыл-ойының дамуы «актуальды даму» аймағынан «жақын арадағы даму» аймағына ауысу» туралы теориясы. Бұл ауысу—тапсырмаларды қайталап орындауға ғана арналған бірінші деңгейден өнімді іс-әрекет арқылы жүзеге асады. Осындай төрт іс-әрекет деңгейлердің тапсырмаларын басынан бастап бірінен соң бірін орыңдау арқылы оқушы оқу материалының әр түрлі деңгейіне көтеріледі.

Ресей ғалымы В.П. Беспалько бұл деңгейлерді:

бірінші деңгей — «міндетті, оқушылық»,

скінші — алгоритмдік,

үшінші - эвристикалық және

төртінші - шығармашылық деңгейлердегі қабьщцау деп атайды.

Сондықтан да, оқушылардың білім,білік, дағдыларын жетілдіру үшін, деңгейлеп оқытудың жаңа технологиясы бойынша, дифференциалды және дербес деңгейлік принциптерінің талаптарына сәйкес өткізілетін әртүрлі сабақ түрлеріне арналған жаңа тұрпаттағы оқулықтар мен оқу құралдары қажет. Бұлар: әңгімелесуші-оқулықтар және оларға қосымша төрт деңгейдегі тапсырмалары берілген жұмыс дәптерлері.

Әңгімелесуші-оқулық бойынша (сабақтың 1,2-кезеңдерінде): оқушылар а) жаңа тақырыпты өз бетімен меңгеріп: анықтама, «рсжелерін өзі шығарады. Мұндағы тапсырмалар «сұрақ-жау-.іц» диалогы түрінде келтіріледі; б) жаңа меңгерген теориялық ііілімін үлгі ретінде қарапайым жаттығу-мысалдармен бекітеді. Бұл тапсырмалар оқушылардың өздігімен танымдық іс-әрекетін иімытуға бағытталады. Жұмыс дәптерлеріндегі (3-кезеңде): төрт деңгейлік тапсырмалар оқушьшардың жаңа тақырып бойынша алған теориялық білім-І дерін дамытып, тереңдетуге арналады. Оларды барлық оқушы бір-І дей бірінші деңгейден бастап орындауға көшеді де, әркім орывдап үлгерген тапсырмаларына сәйкес үпайларын жинайды.

Аталған екі оқу құралының да мазмұндары кейінгі кезде технология бойынша әр пәннен құрастырылып жүрген; оқушылардың арнайы оқу құралдарында, әзірге біртұтас беріліп жүр. Деңгейлік тапсырмаларға, мысалы, арнайы пәннен төмендегідей талаптар қойылады:

Бірінші деңгейдегі тапсырмаларға:

1. Жаттап алуға лайықталған болуы керек.

2. Алдыңғы сабақта жаңадан меңгерілген білімнің өзін өзгертпей қайталап, пысықтауына мүмкіндік беруі тиіс.

3. Тапсырмалар жаңа тақырып үшін типті және өмірмен байланысты болуы керек.

Жалпы техникалық пәндерде мүндай талаптар жаңа тақырыпты игеру соңында шығарған есептерге ұқсас тап-сырмалар қүру арқылы орындалады және олар оқушынын өзі шығарған ереже, анықтама, заңдарын бекітуге арналады. Мұндай тапсырмаларды қүрастырған кезде олардың танымдылығы мен қызықтылықжақтарына ерекше көңіл аударған жөн.

Екінші деңгейдегі тапсырмаларға:

1. Өтіп кеткен материалдарды реттеуге және жүйелеуге берілген тапсырмалар. Бұлар өзгертілген жағдайлардағы тапсырмалар, яғни бұрынғы тапсырмаларға үксасд бірак оларды орындау үшін алғашқы алған білімдеріні түрлендіріп пайдалану қажет болады.

Мүндай іс-әрекетке келтіретін тапсырмалар: мәтінмен беріл-ген кері есептер; кері байланыс функциясын атқаратын тексеру тапсырмалары, т.с.с.

2. Оқушылардың ойлау қабілетін жетілдіруге берілетін тап-сырмалар.

Оларда біздің ұлттық ерекшеліктеріміз ескеріліп, танымдық және үйретімділік маңызы болуы қажет болады. Бұлар: логикалық есептер, ребустар мен сөзжұмбақтар.

Үшінші эвристикалық деңгейдегі тапсырмалар түрлері мыналар:

- танымдық іздену (эвристикалық) түрдегі тапсырмаларды орындау барысында оқушылар жаңа тақырып бойынша меңгерген алғашқы қарапайым білімдерін (заңдылықтар шығару, анықтамалар, анықтамалар, формулаларды жаттау, т.с.с.) жетілдіріп, тереңдетумен қатар, ол тағы да жаңа білімді меңгеріп, өзі үшін жаңалық ашуы тиіс. Эврика! Мұндай жұмыс - анализ бен синтез және салы-стыру арқылы негізін анықтау, қорытындылау сияқты ой жұмыстарын қажет етеді. Мүндай есептерді шешу барысында оқушылар жаңа есептерге тап болады да, проблемалық жағдай туындайды. Оны шешу үшін оқушы жаңа әдістер іздеуі керек.

- әртүрлі әдіс, тәсілдермен шешілетін есептер қүрастыру және оны өздігімен шығару, өмірден алынған мәліметтер негізінде диаграмма, графиктер салу, жергілікті жағдайда өлшеу жұмыстарын жүргізу, көрнекі құралдар дайындауға берілетін тапсырмалар. Ой қорытуға арналған, дағды қалыптастыратын тапсырмалар.

Төртінші шығармашылық деңгей тапсырмалары:

Оқушылардың жинаған өмірлік тәжірибесі мен к.ілыптастырған үғым, түсініктерінің, қиялы мен белсенді ой і-цбегінің нәтижесінде жаңаша, бұған дейін болмаған, белгілі гир дәрежеде олардың жеке басының икемділігін байқататын чүиие жасап шығуына негізделген (теорема дәлелдеу, шңдылықтарды оқулыққа сүйенбей мүғалімнің көмегінсіз корытып шығару).

Сонымен, қорытып айтатын болсақ, бұлар 3 кезеңнің бірінші деңгейі үшін — 1,2 кезеңдерде игерілген теориялық материалды пысықтау мен қайталауға, ережелер мен анықтамаларды, формулаларды жаттауға арналған тапсырмалар және олар сынақ ирқылы бағаланады.

Жоғары деңгейлер үшін - алған білімдерін өз бетімен қорыту мен жүйелеуге, оларды тереңдетіп дамытуға және тәжірибеде қолдануға арналған тапсырмалар.

Технология бойынша жүргізілетін оқушылардың өз бетімен білім алу процесі «басқаруға ыңғайсыз» - делініп, сыналып жатады. Сондағы айтатындары: «оқушы осы кезеңде өз білгенін істейді, оның іс-әрекеті көбінесе, қате болады» дейді.

Мүмкін, дәстүрлі оқу процесінде оқушыларды дәстүрлі оқулықтар бойынша өздігімен оқытуға тырысып, өздік жүмыстарын жүргізген кезде солай болса, болған шығар.

Бірақ, оқытудың жаңа технологиясы жағдайында:

- оқушылардың өздігімен жүргізетін танымдық іс-әрекеті үшін тапсырмалар күрделілігі төрт деңгей бойынша қүрастырылып;

- оқыту-проблемалық принциптер бойынша жүргізіліп;

- барлық деңгейдегі тапсырмалар қызғылықты мазмұндалған болса, оқушыларда ынталану пайда болады.

Сондықтан да, жаңа технология бойынша сабақ беруші мүғалімдер, үзіліс кезінде де оқушылардың сабақтан бас алмайтындығын байқаған. Оларға өзара бәсекелесе отырып жұмбақ, сөзжұмбақ, ребус, математикалық басқатырғыштар сияқты әр деңгейдегі тапсырмаларды шешіп, өтіп жатқан тақырыптан барынша көп үпай алуға тырысқан, себебі, ертең жаңа тақырып басталады. Нәтижесінде «екіліктер» жойылуымен қатар, «үштік» алып жүрудің өзі де ұят саналатын болған.

Осы жерде, «үлгерімі кейіндеп қалып, өз құрбыларын, белгілі бір себептермен, қуып жете алмайтын оқушылармен қалайі жұмыс істеуіміз қажет?» - деген сүрақ туады. Бүл мәселенің да шешуі қарастырылған.

Мүндай жағдайда, барлық тапсырмаларды мезгіліндёі орындаған оқушылар үлгермеушілерге көмектеседі;

Сыныптың басқаоқушылары өздігімен жүмыс істеп жатқан кезде мүғалімнің де үлгерімі төмен оқушыларға дербес көмек көрсетуіне уақыты табылады. Ол сынып оқушыларының өздік жұмыс іс-әрекеттерін тек үйымдастырьш, басқару, жалпы бақылау жасау және балалардың өз-өзін бағалауын бақылау функциясын атқарады.

Бүл қалайша жүзеге асырылады? Бізге үйреншікті бақылау мсі і бағалауға қарағанда деңгейлеп оқыту барысындағы бақылау мси бағалаудың ерекшелігі неде?

Деңгейліктапсырмаларды енгізгендегі басты мақсат-сынып нқушыларын «қабілетті» және «қабілетсіз» деп жасанды түрді бірі үрлі топтарға бөлуді болдырмау. Осы арқылы деңгейлік және дербес оқыту принциптерімен қатар, барлық оқушыға қатысты, ізгілендіру принципі де сақталады.

Деңгейлеп оқыту барысында оқушының бірінші деңгейдегі ішісырмаларды дүрыс орындағаны «есепке» алынып отырылады.

Қандай оқушы болмасын, мысалы өзінің жақсы ііқиі ьшдығына қарамастан, жүмысын «оқушылық», «міндетті», І-ші деңгейдің, ол үшін жеңіл болса да, тапсырмаларын орындаудан бастайды.

Барлық оқушылар жұмысын бір мезгілде бастап; әрқайсысы оілім игерудегі өз қабілетіне қарай, өз билігіне жетедібүл нақты пән бойынша ең нашар үлгіретін оқушыға тірек білімін ғана тексеріп, үй тапсырмасын орындау барысында тек сүйікті пәні кшарғы шығармашылық деңгейге дейін көтерілуіне уақыт і исмдеуіне себеп болады. Нақтырақ айтсақ:

Әр оқушының, әр пәннен 100 % үлгеріміне қол жеткізудің кепілі болады және оқу пәнінің барлық тақырыбы бойынша ең юлмағанда міндетті бірінші деңгейді игеруін толық жүзеге ісырады. Бүл, өз кезегінде, мемлекеттік стандарттардың минималды талаптарының орындалуына кепілдік беріп, Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңының талаптарына сай ке-ісді, және дәстүрлі оқытудағы оқушылардың артық жүктеме і арту проблемасын шешеді.

«Есепке алу» (сынақ) жүйесін жүргізу нәтижесінде үлгерімі мнашар оқушылар да, кем дегенде, «оқушылық» деңгейге сәйкес оілімді толық меңгеріп алатынын өз тәжірибемізден байқадық. Себебі ол осы деңгейдің тапсырмаларын толық және дұрыс орындап, өткізбегенінше, келесі деңгейге көшпейді. «Міндет-11» деңгейді толық меңгергеннен кейін оқушы әрі қарай, ілгері ұмтылады; өзіне өзінің сенімі артады.

Олардың әрқайсысы 1 -деңгейлік тапсырмаларды орындауға міндетті және жоғары деңгейлік тапсырмаларды орындауға құқылы.

Осылайша әр оқушы, әсіресе өзіне ұнайтын пәндерден, бір деңгейден келесі деңгейге өз білімін біртіндеп толықтыра отырып, өз қабілетін де жетілдіреді. Бүл жағдайда жоғары деңгейлік тапсырмаларды орындау әр оқушының күнделікті мақсатына айналады. Басқа пәндерден 1-деңгейлік тапсырмаларды толық орындап отырса жеткілікті. Осы уақытқа дейін дайындалған жүмыс дәптерлерінде тапсырмалар үш деңгейде ғана берілген. Төртінші деңгей тапсырмаларын (карточкалар түрінде) бәйгеден озып келген жүйріктерінің жеке қабілетіне сай құрастыру мүмкіншілігін, сабақ беретін әр үстаздың өз үлесіне қалтырдық.

Әр деңгейдің барлықтапсырмаларын дұрыс орындағаныүшін оқушылар сол деңгейді игергеніне сәйкес ұпай алады: бірінші деңгей үшін - 5 үліай, екінші деңгей үшін - 10 ұпай, үшінші деңгей үшін - 15 ұпай.

Әр жаңа тақырып бойынша жасалған деңгейлік жұмыстардың үш деңгейге бөлінуі, үй жұмысын жақсы үйымдастыруға жәнЯ реттеуге мүмкіндік береді. Себебі, тақырыпты меңгерудегі төрв деңгейлік тапсырмалар үлгерімі өте жақсы оқушыға есептеліпИ соған сәйкес құрылғандықтан, бұл жұмыстарды толық, сабам үстінде орындап бітіруге, барлық оқушылардың мүмкіндігі жете бермейді. Сондықтан да, олар үйде өз бетімен немесе сабақтан тыс уақытта мүғалімнің көмегімен аяқтауға беріледі:

- бірінші деңгейдің тапсырмаларын орындап үлгерге оқушыларға қалауы бойынша екінші, үшінші деңгейлердің тапсырмалары;



- екінші деңгейдің тапсырмаларын орындаған оқушыларғЯ қалауы бойынша одан да жоғары деңгейлік тапсырмаларИ ды жалғастырып орындай беру;

- т.с.с. деңгейден деңгейге көтеріле беру тапсырылады.

Ең жоғары деңгейдің шығармашылықты қажет ететін тапсырмаларын, әрине, еңбекқор және нақты осы пән бойынша дарынды оқушы орындай алады.

Осылайша, сыныптан тыс уақытта оқушылардың сүйікті және өзінің қабілеті жететін пәндердің әр тақырыбы бойынша жоғарғы деңгейлік тапсырмаларды орындау арқылы көбірек ұпай жинап, көтеріңкі баға алуына мүмкіншілік туады да, дамыта оқыту принципі орындалады.

Нәтижесінде, оқушылардың табиғи қабілеттері мен дарындылық қасиеттерінің ашылуына және дәстүрлі оқытудағы келесі проблемалардың шешілуіне жақсы жағдай жасайды:

- әр оқушы барлық бойынша 100 % үлгеруіне кепілдік ала-ды, әр тақырыптың бір деңгейінің тапсырмалары міндетті түрде және дұрыс орындағаны үшін сынақ алуы арқылы жоғарыда аталғандай, артық жүктеме тарту проблемасы шешіледі;

- оқушының «екі алып қалу», «үлгермей қалу», «үрейінің жойылуы»;

- әр оқушыға үй тапсырмасын саралап беру проблемасы (төрт деңгейлік тапсырмалардың сыныпта орындап үлгермегендерін үйде жалғастыра орындау мүмкіншілігін алу арқылы, сыныпта жинаған ұпай санын толықтырады, сондықтан жаңа тақырып бойынша қорытынды ұпай саныөседі) шешіледі. Бұл жерде: әр тақырып бойынша оқушы тіпті бір емес, екі қайта бағаланып отырады да журналды «бағамен толтыру жоспары» артығымен орындалады. Оқушыны бағалаудағы әділетсіздік проблемасы шешіледі, (өте жеңіл тапсырмалармен қатар, күрделі тапсырмалардың жауаптары дұрыс болса болады, жоғары беріле беруі);

- оқушыға табиғи жолмен кәсіптік бағдар беру және оны қабілеті жететін саласының дарынын ашу проблемалары шешіледі.

Бұл оқушылар арасында, бір-бірінің үлгерім деңгейлерін биқылапотыраалатындықтарынан,өзаражарыстудырады. Бірақ, окушылардың өзара көмегіне және мұғалім тарапынан жасалы иіітын демеп жіберуге рұқсат етіледі. Сондықтан бақылау мен бағалау ішкі бақылау мен ішкі бағалау болып табылады. Сабақ ір оқушының дұрыс орындаған барлық тапсырмаларының майларын шығарумен аяқталады.

Сонымен:

- технологияның принциптері жағдайында, өздігінен даму бағдарын анықтап дамитын және өздігінен дұрыс шешім қабылдай алатын, өзі-өзі жетілдіріп өсіруші, өзін-өзі тәрбиелеуші тұлға қалыптастыруға болады.

- өздігінен оқытудың осындай мақсаттарын жүзеге асы-ру үшін, білім беру жүйесінің алдында тұрған басты мақсат - жаңа технологиясының талаптарына сай жаңа оқулықтар буынын жазу болып табылады. Мұндай оқулықтар мен дидактикалық қүралдардың бір ерекшелігі - олардың мазмұнын қысқа мерзім ішінде ешқандай беімдетусіз-ақ компьютерге енгізуге болады. Себебі, бұл құралдардың құрылымы электрондық оқулықтардың құрылымына ұқсас.

Әдебиеттер

Негізгі:


  1. Селевко Г.К. Современные образовательные технологии М.: 1997

  2. Айғожарова М.К. Деңгейлік саралау технологиясы. //Бастауыш мектеп №4, 2003ж.

  3. Таңатарова С.К. Деңгейлеп оқыту. //Бастауыш мектеп №3, 2004ж.

  4. Жәкенова Ж.Ж. Деңгейлеп оқыту технологиясы //Білімдегі жаңалықтар. №1, 2003.

Қосымша:

5. Селевко Г.К. Современные образовательные технологии: Учеб.М.: 1997

6. Ильина Т.А. Педагогическая технология //Буржуазная педагогика на современном этапе. Под ред. В.А.Мальковой, Б.Л.Вульдсона. М., 1984
7 дәріс тақырыбы: Жеке тұлғаға бағдарланған оқыту технологиялары Ойын технологияларының мүмкіндіктері

Жоспар:


  1. Ойын технологиясының даму тарихы

  2. Ойын бағдарламасыныњ негізін құрайтын тапсырмалар


1. “Қазақстан Республикасының жалпы орта білімінің мемлекеттік стандарты” туралы ережеде білім беру стандартының негізгі обьектісі – оның құрылымы, мазмұны, оқыту жүйесінің көлемі және оқушыларды даярлаудың дәрежесі деп көрсетілген. Білім стандартына қатысты түсінік барлық елдерде бірдей емес. Оқу орындарының ерекшеліктеріне, мақсаттарына қарай ғана емес, әр пәннің міндеттерін де айқындайтын стандарттық талаптар бар. Осы негізде қазір мектептерге де, лицейге де, гимназияға да қойылатын талаптар бірдей.

Мемлекет жалпы орта білім беру саласындағы саясаты: бастауыш, негізгі және толық орта білім берудің мемлекеттік стандарттарын талдап жасауды және оны өмірге енгізуді, білім алушылардың деңгейін бақылау ісін жетілдіруді, білім алудың әртүрлі нысандарын дамытуды, ақпараттық жаңа технология мен ұстаздардың шеберлігін арттыруға қажетті жабдықтар жасауды көздеуге тиіс. Бұл мақсатқа жеке дара қабілетінің сұранысына жауап бере аларлықтай білім беру бағдарламаларының әр алуандығы, білім беру ісі мен ғылымды кіріктіру, экономикалық реформа стратегиясы мен қоғамдық практиканың қажетіне сәйкес мамандарлың біліктілігін көтеру және оларды қайта даярлау ісін қамтамасыз етеіндей үздіксіз кәсіби білім беруге жағдай туғызу арқылы қол жеткізу керек.

Бүгінгі таңда ойын технологиялары мектептің оқу-тәрбие процесінде оқушылардың жалпы оқу интеллектуальдық біліктерін қалыптастыруда ерекше мәнге ие болады.

Тақырыптық-сынақ сабақтары бағдарламаның тірек тақырыбы бойынша (опорные темы) жүргізіледі. Оны жүргізу мақсаты алынған білім, іскерлік пен дағдыны бекіту, оқушыларға көмек көрсету және олардың білім, іскерлік пен дағдыларын бақылау.

Оқытушы келесідей дайындық жұмыстарын орындайды:



  • оқушылардың білім, іскерлік пен дағдыларына қойылатын талаптарды анықтайды;

  • тапсырманы орындау кезінде бағаланатын практикалық іскерлікті анықтау;

  • сабақтың әрбір этаптарына уақытты рационалды бөлу;

  • әрқайсысынан жеке сұрау үшін кемшіліктерді есепке ала отырып, тапсырмаларды құру.

Тақырыптық-сынақ жөнінде оқытушы ерте хабарлайды, сынақтың сұрақтарымен таныстырады.

Оң бағаға ие болған оқушылар сынақты тапсыруға қатыспайды. Сынақтың қорытындысы бойынша жалпы баға қойылады, ол оқушылардың нақты білімі мен іскерлігіне сәйкес келу керек.



Дидактикалық ойындар – имитациялық модельдеу бойынша оқытылатын жүйелер, құбылыстар, процестерде белсенді оқу әрекеті. Дидактикалық ойын – бұл ұжымды мақсатты бағытталған оқу әрекеті, мұндағы қатысушы мен команда негізгі мәселені шешумен бірігіп, өздерінің тәртіптерін ұтысқа бағдарлайды.

Ойынның құрылымдық элементтері мыналар болып саналады:



  • оқу әрекетінде өңделетін объект;

  • ойын процесі барысында оқушылар әрекетінің бірлігі;

  • ойын тәртібі;

  • өзгермелі жағдайда шешім қабылдау;

  • қабылданған шешімнің тиімділігі.

Дидактикалық ойын технологиясы – бұл проблемалық оқытудың нақты технологиясы. Дидактикалық ойындар оқу процесін жандандырады.

Ойындарды балаларды оқыту мен тәрбиелеу ісінде пайдалану проблемасын көптеген педагогтар мен психологтар қарастырған. Оқушының жеке түлғасын қалыптастыруда ойынның педагогикалық мүмкіндіктері туралы Я.А.Коменский, И.Г.Песталоцци, Р.Оуэн, Ф.Фребель, К.Д.Ушинский, П.Ф.Лесгафт, Л.Н.Толстой, Н.К.Крупская, А.С.Макаренко, В.А.Сухомолинский ерекше атап өткен. Ойын теориясы мен практикасын жасауға көрнекті психологтар Л.С.Выготский, А.Н.Леонтьев, Д.Б.Эльконин, П.П.Блонский және т.б. үлес қосты. Ойын теориясы мәселесіне неміс ағартушылары Ф.Шиллер, К.Гросс, В.Вундт және ағылшын әлеументтанушысы Г.Спенсер ерекше ден қойды.

Оқытудың құралы ретінде дидактикалық ойындарды пайдалану әдіскер ғалымдардың еңбектерінде де көп айтылды (М.И.Микитинская, Т.К.Жикалкина, т.б.).

Ұлттық ойындарды оқу-тәрбие процесінде пайдалану қажеттілігі мен олардың педагогикалық мүмкіндіктері мәселесі қазақстандық ѓальмдардың зерттеу еңбектерінде ашып көрсетілді (Е.Сағындықов, А.Айтпаева, т.б.).

Аталған ғылыми зерттеулер педагогика ғылымының қ±нды дүниелері болып есептеледі. Алайда, бұл еңбектерде бастауыш сынып окушыларының жалпы оқу интеллектуальдық біліктерін ойын технологиялары арқылы қалыптастыру мәселесі зерттеу арқауы болмаған.

Алдымен, «ойын теяюлогиялары» және «жалпы оқу интеллектуальдық біліктері» ұғымдарының мәнін ашып көрсетуді жөн көрдік.

«Технология» - латынның «техне»-өнер, шеберлік, қолөнер және «логос»-ғылым деген сөзінен шыққан. 60-70-жылдардан бастап педагогика ғылымында педагогикалық технология деп аталатын жаңа ұғым пайда болды. Оның мағынасын ғалымдар түрліше анықтайды:

- практикада іске асырылатын белгігі бір педагогикалық жүйенің жобасы (В.А.Беспалыо);



  • педагогикалық мақсатқа қол жеткізу жолындағы қолданылатын барлық қисынды ілім амалдары мен әдіснамалық құралдарының жүйелі жиьнтығы және жүмыс істеу реті (М.В.Кларин);

  • оқыту формаларының, әдістерінің, тәсілдерінің, амалдарының, тәрбие қүралдарының әлеуметтік жиыны мен бірлігін анықтайтын психологиялыќ педагогикалық нұскаулардың жиынтығы (Б.ТЛихачев);

  • балаға педагогтың шынайы өзара әрекетін қамтамасыз етеін қолданбалы ғылыми педагогикалық пән (Н.Е.Щуркова);

  • қойылған мақсатка сәйкес білімді, білікті, дағдыны және қатынасты қ±растыру, калыптастыру мен бақылау бойынша операциялардың жиыны (А.К.Колеченко);

  • педагогикалық технология - оқу-тәрбие процесінің шығармашылықпен терең ойластырылған көптеген факторлардың үйлесімділігін, оқыту мен тәрбиенің тиімділігін камтамасыз ететін жанды к±рамдас бөлігі (Ш.Т.Таубаева, Б.Т.Барсай), т.б.

Ойын мәнділігі нәтижесінде емес, процестің өзінде болып табылатын іс-әрекеттің бір түрі, өмірдің керемет ќұбылыстарының бірі, баланың барлыќ маңызды ақыл-ой қалыптастыруға бағытталған әсерімен дамитыны мойындалған. Бүл ойын арқылы баланың барлық қабілеттерінің дамуына, күрбыларымен дұрыс қарым-қатынас орнатуына жағдай жасалатынын дәлелдейді. Ойын технологиясын оқыту процесінде пайдалану баланың қалыпты дамуына єсер етіп, шығармашылық қабілетін, танымдық белсенділігін арттырады.

Сөйтіп, ойын технологиялары дегеніміз баланың қалыпты дамуына эсер етіп, оның шығармашылық қабілетін, танымдық белсенділігін арттыратын педагогикалық процесті үйымдастыру формаларының бірі болып табылады.

Жалпы оқу интеллектуальдық біліктері ақыл-ой әрекеті ретінде оқу іс-әрекетінің негізгі өзегін қ±райды, оны іштей ұйымдастырады, тереңдетеді, белсендіреді.

Оқу іс-әрекеті түрғысынан алып қарағанда, жалпы оқу интеллектуальдық біліктерінің маңызды, мәнді блоктарына мыналар жатады (Н.Я. Чутко):

1-ші блок - бақылау, тыңдау, оқу - іс-әрекетінің ақпараттық-бағдарлық қызметін қамтамасыз ететін және оқушыларға әртүрлі ақпарат көздерінен алынған білімді оқу міндеттеріне сәйкес қабылдауға көмектесетін біліктер;

2-ші блок - жіктеме, жинақтау -оқу іс-әрекетінің ұйымдастыру-орындау қызметімен байланысты және оқып-үйренілетін материалдың логикалық қайта өнделуін қамтамасыз ететін біліктер;

3-ші блок - өзін-өзі баќылау - оку іс-әрекетінің бақылау-түзету қызметін атқаратын және жүргізілетін оқу-таным әрекеттерінің барысы мен нәтижесін бақылауды қамтамасыз ететін біліктер.

Тәжірибе көрсетіп отырғандай, көптеген бастауыш сынып оқушылары жалпы оқу интеллектуальдық біліктерін жеткіліксіз меңгереді; бүл біліктердің қалыптаспағандығы олардыњ кейбіреулерінде орта және тіпті жоғары буынға өту барысында байқалып, оқу іс-әрекетінің өнімсіздігіне әкеліп соғады. Бүл интеллектуальдық біліктердің тек баланың жеке тәжірибесінде, белсенді іс-әрекетінде қалыптасатындығымен байланысты және бұл іс-әрекет пен тәжірибені игеру оқытатын ересектердің тікелей қатынасуымен тйымдастырылғанда ғана дамудың жоғары деңгейіне жетеді.

Жалпы оқу интеллектуальдық біліктерін қалыптастыруда ойын технологияларын пайдаланудың екі педагогикалық тиімділігі бар: біріншіден, ойын барысында балалардың орындайтын ақыл-ой єрекеттерінің сипаты мен ойын формасында қалыптасатын біліктер жиынтығы маңызды болып табылады; екіншіден, дидіктикалық ойындардың ережесі бар ойынның түрі ретінде құрылуының өзі ерекше мәнге ие болады. Ойында дайындық, үйымдастыру кезеңдерінің міндетті түрде болуы баланы табиғи және занды түрде іс-әрекетке баулиды. Мүндай іс-әрекет оқу іс-әрекетінің бір көрінісі сияқты, өйткені кез келген дидактикалық ойында міндетті түрде ойын міндеті, ойын әрекеті және ойын тәртібінің ережесі болатыны анық. Сондықтан ойын тешологиялары өз бетімен білім алу және саналы ойлау, сонымен бірге түтас алғанда оқу іс-әрекетін қалыптастыруға ықпал етеді.

2. Ойын бағдарламасының негізін мынадай тапсырмалар түрлері құрайды:


  1. Заттарды немесе олардың бейнеленуін қарап шығу; берілген негіздеме немесе өз бетінше табылған негіздеме бойынша түскен ақпаратгы топтастыру, жіктеу; қойылған танымдық міндеттерге сєйкес бµліп өрсетілген танымдық жағынан мәнді мәліметтердің жіктемесінің д±рыстығын тексеру.

  2. Хабарламаны тыњдау; түскен ақпаратты жіктеу, яғни берілген негіздеме немесе өз бетінше табылған негіздеме бойынша әдебиеттердегі мєліметтерді бөлу; танымдық жағынан мәнді мәліметтердің жіктемесінің д±рыстығын тексеру;

  3. Заттарды немесе олардың бейнеленуін қарап шығу; олардағы танымдыќ жағынан мәнді мәліметтерді жинақтау; меңгерілген білімнің жинақталуының д±рыстығын тексеру;

4. Хабарламаны тындау; олардағы танымдық жағынан мәнді мәлшеттерді жинақтау - оларды неғұрлым жинақталған түрде беру; жинақтаудың дұрыстығын тексеру;

5. Мәтінді оқу және ондағы басты, оқу-танымдық жағынан мәнді мәліметтерді жинақтау; жасалынған жинақтаудың дұрыстығын тексеру (Н.Я.Чутко).

Біз осы дидактикалық тапсырмалардың түрлеріне байланысты зерттеу барысында ойындарды мынадай түрлерге бөліп, оларды оқу-тәрбие процесінде пайдаландық:


  1. Оқушылардың топтастыру біліктерін дамытуға бағытталған ойындар;

  2. Оқушылардың талдау біліктерін дамытуға бағытталған ойындар;

  3. Окушылардың жіктеу және өзіндік бақылау біліктерін дамытуға бағытталған ойындар;

  4. Оқушыларда көру арқылы берілген ақпаратты талдау және жекеден жалпыны табу негізінде оны жинақтау туыстық-түр қатынастарын орнату біліктерінің кешенін қалыптастыруѓа баѓытталѓан ойындар;

  5. Оқушыларда заттардың, құбылыстардың белгілерін жинақтау біліктерін қалыптастыруға бағытталған ойындар;

  6. Окушыларда оқылған материалды жинақтау оны жинақтаудың дұрыстығын тексеру біліктерінің кешенін қалыптастыруға бағытталған ойындар.

Сонымен мектептің оқу-тәрбие процесінде ойын технологияларын тиімді пайдалану оқу іс-әрекетінің ақпараттық-бағдарлы, үйымдастыру-орындау және бақылау-түзету функцияларын іске асыруға, оқушылардың жалпы оқу интеллектуальдық біліктерін қалыптастыруға игі әсерін тигізеді.

Дамыта оқыту технологиясында ойын әдісі маңызды орыналады. Ойын - адамның өміртанымының алғашқы қадамы. Сондықтан ойын арқылы балалар өмірден көптеген мәліметтер алып, білімін жетілдіреді.

Ойын - бір қарағанда қарапайым құбылыс не әрекет іспетті. Ол міндетті түрде ұжымдық әрекет. Ойынның ережелері ойнаушылардың қисынды ой қабілетінің дамуы, бір-біріне деген сыйластық қажеттіліктерімен санасуы әр ойыншының жеке әрекеттерінен туындайды. Ойынның басты шарты жеңіске жету болса, әр ойыншы өз қарсыласының мұмкіндігімен санасып, бір-біріне деген сенімін арттырады.

Ойынның да өзіне тән мотивтері болады. Мысалы, мазмұндық, рөлдік ойындар баланың зейінін, есін, ойлауын, қиялын қалыптастыруға зор маңызы бар. Ойын әсері арқылы бала өз қасиетін қалай қанағаттандыра алатынын, қандай қабілеті бар екенін байқап көреді. Ал, ақыл-ой ойындарында белгілі бір ережелерді сақтап ойнайды. Ол ойындар баланың тапқырлығын, байқагыштығын. зейінділігін арттырумен қатар, ерік сезім түрлерін де дамытады.

Ойын тұрлері әте көп. Соның ішінде бастауыш сыныптарда пайдаланатын: ойын-сабақ, ойын-жаттығу, сергіту ойындары, дидактикалық мақсаттағы ойындар, сөздік ойындар, логикалық ойын есептер, ұлттық ойындар, т.б. Бұндай ойындар оқушыны жан-жақты дамытып, білімді толық игеруіне көмектеседі.

Оқу үрдісінде - кеңінен қолданылатын ойынның тағы бір түрі ол - дамытушы ойындар. Дамытушы ойындардың маңыздылығы оқушылардың ынта-ықыласын есепке ала отырып, оқуды қызықты етіп, білім, білік, дағдыны қалыптастыру. Дамытушы; ойындарға қойылатын бірінші талап - оқушының танымдық әрекетін, қызығушылығын дамыту.

Бұл талаптар төмендегідей сұраныстарға жауап береді:

а) балаларға езінің қабілетін көрсете білуге мүмкіндік беру;

ә) баланы басқалармен жарыса білуге қалыптастыру;

6} білік пен дағдыны қалыптастыру үшін білімді өзі ізденуге қамтамасыз ету:

в) ойын барысында балаға жаңа білім, білік, дағдылардың қайнар көзіне жету;

г) баланың ойын барысында жеткен жеңісі оның жаңа алған білім, білік, дағдыларымен сәйкес келетіндігі.

Осы көрсетілген сұраныстардың ішінде балалардың танымдық әрекеттерін дамытуда әсіресе кейінгі 3 бөлімнің маңызы зор.

Дамытушы ойындардың ішінде оқушылардың өздері қолдан жасап, қурастырып ойнайтын ойыншықтардың ориы ерекше. Өйткені, өздері ойын барысында жаңа білім алып, олардың елестету, есте сақтау, ойлау, сөйлеу тілімен олардың турлі қабілеттері: конструкциялық, музыкалык, ұйымдастырушылық т.б. қасиеттері дамиды.

Сабақты бірыңғай әдістермен жүргізе беру оқушыларды жалықтырары сөзсіз - Егер арасында ойын араласып келіп отырса. оқушылар сабак мазмұнына аса назар аударып, тез қабылдап, ұғып алады.

С.А.Шмаковтың анықтауы бойынша ойын төрт түрлі қырымен сипатталады:

- еркін дамытушы іс-әрекет, ол әрекет белгілі бір нәтиже ушін емес, баланың қанағаттануына байланысты.

- әрекеттің эмоционалды жағынан көтеріңкі болуы, яғни жарыстық орын алуы - ойынның мазмунын сипаттайтын қағидалар 3.

Жоғарыда аталған белгілерге байланысты ойынның бастауыш сынып оқушыларының білімін берік меңгеруіне тигізетін әсерін анықтау үшін біздер мына сұрақтарға жауап іздедік. Бастауыш сынып оқушыларының оқу әрекеті уйымдастыруда ойынның қурылымы қандай болмақ? Оқушылардың белсенділігін арттыру үшін ойынды қалай пайдалану керек? Ойынды бастауыш сынып оқушыларының жас жөне психологиялық ерекшеліктеріне сәйкес қалай қолдану қажет? Сол сияқты тағы басқа сурақтарға жауап іздеу барысында біздер әртұрлі бастапқыларға талдау жасауды мақсат көздедік.

Ұлы Абайдың "Ойын ойнап ән салмай, өсер бала бола ма?" деген пікірінен бала өмірінде ойынның маңыздылығын керуге болады. Бастауыш сынып оқушыларының психикасының дамуына ойын әрекеті шешуші рөл атқаратындығы туралы белгілі ғалымдар өз еңбектерінде айтып кеткек Ж.Аймауытұлы, М.Жұмабаев. Ш.Құдайбердіулы, С.Торайғыров т. б.

Ал ертедегі ұлы ойшылдар Ж.Ж.Руссо мен И.Г.Песталоцци 8 ойын арқылы балаларды болашақ өмірге бейімдеу керек деп түсіндірмек Ойынның теориясы мен маңыздылығы туралы К.Д.Ушинский 9, тәрбиеде және оқыту барысында ойынның алатын орны туралы В.А.Сухомлинский, С.П.Шацкий өз пікірлерін білдірген.

Педагогикалық үрдісті жетілдіру ойынның алар орны жөнінде қазақстандық ғалым Н.Құлжанова да зерттеген. Ойын бала үшін еліктеу, инстинкт күнделікті негізгі іс-әрекет және өмірі деп дәлелденген. Н.Құлжанованың айтуы бойынша ойынды әдептілік, тәрбиелік мақсатқа пайдалану - болашақ өміріне түзу жол салу, үлкендерге еліктеу және өмірдің талаптарына сай бейімдеу деп түсіндірген

Сонымен бірге бастауыш сынып оқушыларының назарын аударатын ойын түрлерінің бірі - спорттық ойындар. Бұл ойын түрі берілген тапсырманы орындаумен қатар баланың денсаулығын нығайтып, т.б. көптеген қасиеттерін дамытады.

Оқушылардың негізгі әрекеті - оқу, қарым-қатынас, ойын және еңбек болса, булардың әрқайсысы негізгі функцияларды атқарып, баланы дамытады. Оқу - білім алу мен білік, дағдыны қалыптастырса, қарым-қатынас - бұл балалардың бірін-бірі дұрыс қабылдап, сонымен қатар жаңалық алмасуын арттырады. Ойын - пәндік әрекеттерді жетілдіріп, бірлесіп жұмыс жасай білуге дағдыландырады. Ал еңбек - қолдың қозғалысын жақсартып, практикалық кеңестік және көрнекі ойлауын жетілдіреді. Балалардың бундай әрекеттерге белсене қатысуы олардың психикалық дамуын арттырады деп түсіндірген.

Я.А.Коменский "Ұлы дидактика" деген еңбегінде 6 жастан 12 жасқа дейінгі жас кезеңін өнерлі және қамқорлық тәрбие мектебі деп атайды. Бұл кезеңцерде балаларды нақты, түсінікті ана тілінде білім беру керек. Сонымен қатар білім балалардың есінде қалатындай болуы тиіс. Бұл кезеңде балалар қиындықты сезінбейді, сол себептен оларға оқу әрекеті жеңіл болып көрінеді. Осыған орай бастауыш сынып оқушыларының оқу әрекетін жеңілдетудің бірден-бір құралы ретінде "ойынды" айтуға болады.

Бастауыш сынып оқушылары еліктегіш, жаңаны жаны сұйгіш келеді. Сондықтан муғалім сабақ барысында ойын тұрлерін пайдаланып отырса, оқушылардың сабаққа деген ынтасы артып, алған білімдерін өмірде қолдана білу мен ізденімпаздық дағдылары жетіле тұседі.

Ойын түрлерін сабақта тиімді пайдалана білу мұғалімнің меңгертіп отырған білімін аса зор ықыласпен тыңцап, білімді берік меңгеруіне көмектеседі. Әйткені бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне байланысты олар ойынға өте ынталы келеді. Ойын барысында балалар тез серігіп, тапсырманы жылдам, дәл орындауға тырысады.

Төменгі сынып оқушыларына ойын түрлерін қолдану, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, сабаққа белсенді түрде қатысып, түсінбегенін түсінуге мүмкіндік туғызады.

Ойын түрлерін мұғалім сыныптан сыныпқа өткен сайын дидактикалық "деректіден дерексізге, жеңілден ауырға, жақыннан алысқа" деген принципті негізге ала отырып, бірте-бірте күрделендіре жүргізуіне болады. Мүмкіншілігіне қарай, өр тақырыл бойына ойын түрлерін қолданып сабақ жүргізу, мұғалімнің шеберлігін шыңдап, сабақтың сапасын арттырары сөзсіз.

Мысалы,КВН типті сабақтар

Кейінгі кезде КВН түріндегі сабақтарды өткізу барлығына танымал болды. Оны қолдану саласы – оған тақырып пен тарауларды қайталау тән.

Жарыс бес сайыс – этаптарынан тұрады.



І кезең– бой жазу (разминка). Тапсырма: өткен тақырып бойынша әңгіме құрастыру; бір оқушы бастайды, ал екіншісі жалғастырады т.с.с.

ІІ кезең – «Үй жұмысын тексеру» сайысы. Тақырыптағы барлық негізгісі бейнеленген бағаға ойнау керек.

ІІІ кезең – тапсырманы шешуде жауапты таңдау.

IV кезең – «Ойлан тап» сайысы (конкурс «Угадай»). Топтағы бір оқушы кластан шығады, ал ол оқушы келгенде басқалары іс-қимыл, ишарамен айту арқылы қолданбалы өнердегі қандай түсінікті жасырғандарын түсіндіру керек (мысалы: «Ою», «Жіп пен ине», «Кескіш» т.с.с.).

V кезең – «Артистер» мен «суретшілер» сайысы. «Суретшілер» тобы сыртқа шығады. Түсіндіруші экспериментті көрсетеді және оны түсіндіреді. «Суретшіні» шақырып, «артист» ол үшін пантомимикалық әрекет арқылы көрсетеді, ал «суретші» оның жауабын шешіп, оның суретін салу керек.

Соңғы кезең – қорытындыны шығару.

Ойынның негізгі мақсаты - баланы қызықтыра отырып білімді берік меңгерту болса, мұғалімнің міндеті - сол ойын тұрлерін пайдалана отырып, оқушыларды өздігімен жұмыс істей білуге, ой белсенділігі мен тіл байлығын арттыра түсуге түрлі дағды мен шеберлікті меңгертуге қол жеткізу 14.

Оқу үрдісінде ойын түрлерін пайдалану - бағдарламада анықталған білім, білік, және дағдыларды қалыптастыру, тиянақтау, бекіту немесе тексеру болып табылады. Сондай-ақ мұғалім ойын түрлерін балалардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне сәйкес түрлендіое отырып, жаңа тақырыпты өткенде, өтілген материалды қайталағанда, білімді тиянақтау жөне тексеру кезінде, яғни сабақтың кез келген сәтінде оқыту әдісінің құралы ретінде пайдалануға болады.

Қорыта келгенде, оқу урдісінде "ойын" түрлерін пайдалану, біріншіден, оқушылардың білімін берік меңгерту қуралы болса, екіншідең балалардың сабаққа деген қызығушылығын, белсенділігін арттырып, білім сапасын кетеру болып табылады.


Әдебиеттер:

Негізгі:

  1. Сарбасова Қ.А., Мүхаметжанова А.О. Инновациялык педагогикалық технологиялар арқылы бастауыш сынып мүғалімдерінің даярлығын жетілдіру // «Бастауыш сынып мүғалімдерін кәсіби даярлаудың проблемалары және келешегі»

2.Новые методы и средства обучения: Сб научных трудов. М., 1993.
Қосымша:

1. Дидактика средней школы/Под.ред. М.Н. Скаткина. М., 1982.

2. Кириллова Г.Д. Методы обучения в современной школе. М., 1985.
8 дәріс тақырыбы:Оқытуда компьютерлік технология
Жоспар:

1.Оку процесіндегі ақпараттық және коммуникативтік технологиялар

2 Бағдарламалық құралдардың білім берудегі дидактикалық мүмкіндіктері

3. Компьютерлік технология түсінігі, мақсаты

4. Компьютер функциялары

5. Оқытушылар мен оқушыларға қойылатын талаптар


1. Практикада оқытудың ақпараттық технологиялары арнайы техникалық ақпараттық құралдарды (ЭЕМ, аудио, видео кинофильмдер) қолданатын барлық технологияларды айтады.

Өркениетті қоғамның дамуы информатизация (ацпараттандыру) процесімен тығыз байланысты болып келеді. Бұл процестің басты ерекшелігі - қоғамдық өндіріс саласында-гы үстемдік етуші қызметтің саласына информациялық жэне коммуникациялық технология күралдарының негізінде жүзеге асырылатын хабарларды жинау, өндеу, олардың қорын жасау, сақтау жэне оларды тарату жатады. Қазіргі қоғамды хабарлар легімен жан-жақты қамтамасыз етудің ең басты бағыттарының бірі - білім беру саласын эдістемелермен жэне информациялық, коммуникатавтік технологияны жасау мен оны тиімді пайдалана білудің тәжірибесімен қамтамасыз ету процесі болып саналады. Оның басты мақсаты:

- білім беру жүйесін басқару механизмдерін мәліметтердің автоматтандырылған банкілерді қолданудың негізінде жетілдіру;

- қоғамның информатизацияландырылуының қазіргі жағдайында білім берудің жеке адамды жан-жақты қалыптастыру мақсаттарына сай келетін әдістемелері мен тәсілдерді жэне үйымдастырушылық формаларды және т.б. жетілдіріп отыру;

- оқушылардың интеллектуалдық дамуларына, өз беттерімен білім ала білу қабілеттерін қалыптастыруға жэне олардың оқу-информациялық, тэжірибелік-ғылыми қызметтерін жүзеге асыра білулеріне бағытталған білім берудің эдістемелік жүйесін жасау;

- оқушьшардың білім дэрежесін аз уақыттың ішінде жүйелі түрде бақылап, бағалауға мүмкіндік беретін компьютерлік жүйе бойынша естілетін жэне болжайтын әдістемелер жасау.



Оку процесіндегі ақпараттық және коммуникативтік технологиялар құралдарының мүмкіншіліктері барған сайын арта түсуде. Информациялық және коммуникациялық технологиялар қүралдары деп микропроцессерлік және есептеу техникасының негізінде қызмет атқаратын және сонымен қатар хабарларды таратудың жаңа қүралдары мен жүйелері, хабарларды жинақтау мен олардың қорын жасау, сақтау мен өндеу, оларды жан-жақты таратуды, одан қалды компьютерлік жүйелердің хабарлар қорына енуді қамтамасыз ете алатын бағдарламалық, бағдарламалық-аппараттық және техникалық құралдар мен құрылымдарды атаймыз. Информациялық және коммуникациялық технологияға (ИКТ) жататындар: ӘЕМ, жеке меншіктегі компьютерлер; терминальдық қүралдардың комплек-тілері, жергілікті есептеу жүйелері, текстік және графикалық хабарлардың қүрылымдары, көлемі үлкен архивтік хабарларды сақтау құралдары, аудиовизуальдық хабарларды бақылайтын құралдар мен құрылымдар (Мультимедиа технологиясы мен «Виртуалдық шындық» жүйесі негізінде); машиналық графика жүйелері, бағдарламалық комплекстер (бағдарламалаудың тілдері, трансляторлар, операциялық жүйелер, қолданбалы бағдарламалардың пакеттері және т.б.); жергілікті жерлермен (мысалы, бір немесе бірнеше ұйымдар шеңберінде) қатар әлемдік деңгейде (дүниежүзілік хабарлар толкынында) хабарлар алмасуын қамтамасыз ететін қазіргі кездегі байланыс құралдары.

Білім беруді информатизациялау процесіне тән нәрсе - ол педагогика ғылымы дамуының бүкіл тарихында түңғыш рет информациялық және коммуникациялық технологияның негізінде қолданыс табатын оқу құралдарының мүлде жаңа түрлерінің пайда болуы болып табылады. Ал бұл технологиялар педагогика тарихында бұрын-соңды болып көрмеген білім беру процесінің интенсификациясына даңғыл жол ашып берді: жедел түрде жүзеге асырылатын кері байланыстар; оқу хабарларын компьютерлер арқылы беру; көлемі үлкен болып келетін хабарларды архивте сақтау; есептеу, информациялық-ізденіс қызметімен қатар оқу тәжірибесінің нәтижелерін автоматтандыру; оқу қызметін басқару мен басқару нәтижелерін бақылауды автоматтандыру.

Информациялық және коммуникациялық технологиялардың жоғарыда аталып өткен мүмкіндіктерін пайдалану білім берудің төмендегідей жаңатүрл ерін кеңінен пайдал ануға мүмкіншіліктер тудырады:

- интерактивтік (өте белсенді) сүхбат (диалог) — ол қолданушының компьютермен қарым-қатынасы арқылы жүзеге асырылады. Бүл арада сүхбат текстік бүйрықтар мен жауаптар арқылы қарқынды түрде жүзеге асып от-ырады (мысалы, сүрақтарды «керекті» сөздерді қолдану еркін түрде бере беруге болады);

- нақты объектілерді басқару;

- экранда көрініс тапқан түрлі объектілердің, күбылыстардың, процестердің үлгілерін басқару;

- оку процесінің нәтижелеріне автоматтық бақылау (өзіндік бақылау) жасау және бақылаудың нәтижелері бойынша тестілеу, түзетулер енгізу.

Жоғарыда атап өтілген білім беру цызметінің түрлері, бі-ріншіден, оқушылардың ой өрісін кеңейтуге бағытталған әдістемелерді жасауға мүмкіндік береді; екіншіден, оқушыларға әстетикалық тәрбие беруді жоғары дәрежеге көтеруге; үшіншіден, қазіргі адамдар үшін өте қажетті тиімді шешімдер қабылдай білу немесе қиын жағдайлардан шығудың жолдарын таба білу сияқты коммуникативтік қабілеттерді қалыптастырып, дамытуға мүмкіндік береді.

Жоғарыда сипатталған информациялық және коммуни-кациялық технологиялардың негізінде қалыптасқан білім беру цүралдарынъщ жаңа түрлерінің мүмкіншіліктері және олардың бүгінгі тандағы педагогика ғылымы саласында жүзеге асырылуының түрлі жолдары бар. Атап айтқанда:

- білім беретін бағдарламалық қүралдар, ал олардың әдістемелік қызметі төмендегідей болып келеді: игерілген білім мөлшерінен хабардар ету, оқушылардың білім алу немесе тәжірибелік қызмет тәжірибелері мен өзіндік қабілеттерін қалыптастыру және кері байланыстар арқылы айқындалған оқу материалдарын игерудің қажетті дәрежесін қамтамасыз ете білу;

- оқу материалдарын игерудің дәрежесін бақылауға (өзін-өзі бақылауға) арналған бағдарламалар;

- оқушылардың хабарларды белгілі бір жүйеге келтіру қабілеті мен тәжірибесін қалыптастыруға арналған ақпараттық-ізденістік бағдарламалар жүйесі мен ақпараттық-анықтамалық бағдарламалы құралдар;

- оның басты құрылымдық және функционалдық сипаттамаларын оқып-білу нақтылығының белгілі бір аспектісін қамтитын имитациялық бағдарламалық құралдар (жүйелер);

- объектінің, құбылыстардың, процестің немесе белгілі бір жағдайдың (нақты және «виртуалды») үлгілерін жасауға арналған моделдік бағдарламалық құралдар;

- оқу материалдарын көрнекілік жағынан беруді қамтамасыз ететін көрсетілетін (демонстрациялық) оку қүралдары;

- түрлі оку жағдайларына (мысалы, окушылардың дүрыс шешім қабылдай білу немесе іс-әрекеттің тиімді страте-гиясын таңдай білу; қабілеттерін қалыптастыру максатында) арналған ойын түріндегі бағдарламалық күралдар,

- демалыс кезінде қолданыс табатын бағдарламалык қүралдар.

2. Бағдарламалық қүралдардың білім берудегі дидакгикалық мүмкіндіктері

Бағдарламалық құралдар мазмұнының ғылымилығы - сол бағдарлама құралдарының тікелей көмегі арқылы шқгы ғылыми мәліметтер алуды көздейтіндігімен сипаттайды. Мұндай жағдайда үлгілер жасау мүмкіндігі, зерттелетін объектілерді, қүбылыстарды, процестерді (нақтыларымен бірге «виртуальдылықтарды» да) имитациялау - зерттелегін процестердің заңдылықгарын өз беттерімен аша білуі көрсететін ғылыми жұмыстардың өтуін қамтамасыз етуге дәнекер бола алады.

Түсініктілік жағдайында берілген бағдарламалық оку ма-гериалдары, оқу процесін ұйымдастырудың формалары мен әдістері оқушылардың дайындық дәрежесіне де, одан калды жас ерекшеліктеріне де сәйкес келуі қажет.

Бейімделушілік болса мүмкіндігінше оқушылардын әркайсысымен жеке жұмыс істей білуді, үсынылған оку материалын қабылдаудағы оқушылардың өзіндік қабілеттерін үнемі гскеріп отыруды қажет етеді.

Оқудың жүйелілігі мен реттілігі бағдарламалық құралдарды қолдана отырып, ойдағыдай білім алу мен белгілі бір тәжірибеге ие болу барысында реттілік пен сабактастық алгоритмін игеру мақсатында оқушылардың үғымдар, фактілер жүйесі мен білім алу тәсілдерін логикалық байланыста игере білуді көздейді.

Оқудың зерделілігі және оқушы қызметінің белсенділілігі мен өзіндік сипаты білім берудің нақты мақсаттары мен міндет-терін дұрыс түсіне білу жағдайына сәйкес келетін білім алуға байланысты хабарлар алуды өзіндік әрекеттер бағдарламалары құралдарымен қамтамасыз етуді көздейді. Окушы қымзетінің жандануы бұл арада әкранда көрініс тапқан жағдайды өз бе-тімен баскара білуімен тығыз байланысты болып келеді: оқу қызметінің режимін тандау; өзіндік шешім қабылдау керек болған жағдайдағы іс-әрекеттердің варианттылығы.

Оқу нәтижелерін игерудің нактылығы бағдарламалық қүралдардың көмегіне сүйене отырып, окушылардың оқу материалының мазмүнын, ішкі логикасы мен қүрылымын саналы түрде игеруді мақсат етеді. Ал бүл мақсат өзін-өзі бақылау, өзін-өзі түзету және бақылауды кері байланыстар негізінде қамтамасыз ету арқылы жүзеге асады.

Оқушының интелектуальдық потенциалын дамыту оның ой-санасының дамуын жан-жақты қамтамасыз етуді көздейді: күрделі жағдайлар туындаган кездерде тиімді дүрыс шешімдер немесе варианттық шешімдер кабылдай білу қабілетін қалыптастыру; оқушының хабарларды өндей білу қабілетін қалыптастыру.

Бағдарламалық құралдармен жұмыс істеуде суггестивтік (ағылшын сөзінен алынған, ұсыныс жасау, кеңес беру деген мағынаны білдіреді) кері байланыспен қамтамасыз ету мүмкіндігі - бағдарламаның оқушының әрекетіне беретін жауабын қамтамасыз етуді көздейді. Атап айтқанда: бағдарлама бойынша жасалынатын жұмыстың логикалық жағынан аяқталған әрбір кезеңіндегі оқу процесінің нәтижелері бойынша белгілі болған қателіктерді болжауды бақылау кезіндегі байланыстарды жүзеге асырады және ұсынылған гипотеза мен жорамалды құптауға немесе оны жоққа шығаруға байланысты бұдан әрі не әрекет жасауға болатындығы жайында бағдарламалық кеңес алуға мүмкіндік туады.

Бағдарламалық құралдардың мазмұны мен оны дайындауға деген әргономикалық талаптар одан әрі күшейе түседі. Мұндай кезде төмендегі жағдайлар басты назарда болуы шарт:

- оқушылардың жас мөлшерлерімен қатар олардың өзіндік ерек-шеліктерін, жүйкелер қызметін ұйымдастырудың әр түрлерін, ойлаудың әр түрлерін, интелектуальдық және эмоциональдық (сезімдік) қабілетті қалыптастырудың заңдылықгарын үнемі ескеріп отыру; оқушылардың бағдарламалық құралдармен жұмыс істеу кездерінде жағымды стимулдің, оқудың мотивациялық дәрежесінің; артуын қадағалап отыру;

- хабарларды және т.б. бейнелеуге талаптар қоя білуі.



Білім беру саласында жаңа информациялық технологиялардың кұралдарын пайдаланудың тиімді бағыттарын ескеру.

Бүгінгі таңда эксперттік оқу жүйелерін (ӘОЖ) кеңінен қолданыла бастауына байланысты ә діскерлердің (методистердің) алдында зор мүмкіндіктер туындауда. Әксперттік жүйелерді шартты түрде екі топқа бөледі: бірінші тобында ықтимал пайымдауларға негізделген пікірлер қолданыс табады; ал екіншісінде - логикалық пайымдауларга негізделген пікірлер басты назарда болады. Біздің ойымызша, әксперттік оқу жүйелерін жүзеге асыруға себепкер болатын әксперттік жүйенің екінші тобының мүкіншіліктерін дер кезінде пайдалана білген дүрыс болады, өйткені мүндағы пайымдаулардың барлығы да қатаң логикаға негізделген. Білім алудың басты құралдарының бірі ретінде танылған әксперттік оку жүйелері қойылған талапқа сай белгілі бір оқу мақсаттарын шешу барысында айтылған пікірлерден хабардар етіп отырады, яғни жүйені пайдаланушы мен жүйенің арасындағы диалогты калыптастырады. Әкспертгік оқу жүйелері үш шағын жүйелердің (подсистема) жиынтығы ретінде көрініс табады: қатынастардың шағын жүйесі (енгізу машинасы + білім алу үлгісі); түсініктемелердің шағын жүйесі (интерфейс); түрлі білім салаларын (білімдер базасы) игерудің шағын жүйесі. Әксперттік оқу жүйелері, біріншіден, оқылатын пәннің мақсатгарын жүзеге асырудың стратегиясы мен тактикасын сүхбаттық жағдай шеңберінде шешуді қамтамасыз етсе, екіншіден окушылардың білім дәрежесін, тәжірибесін және қабілеттерін оқу мен бақылаудың дұрыстығын бағалау нәтижелері арқылы, ал үшіншіден басқару жүйесін автоматтандыруды тұтастай сол жүйенің тікелей көмегі аркасында қамтамасыз ете алады. Оқушыны өз бетімен жүмыс істей білуге баули отырып, әксперттік оқу жүйелері танымдық қызмет процестерінің дамуына колайлы жағдайлар туғызады, окудың мотивациясын өзіндік қызметтің варианттылығы есебінен одан әрі күшейтеді және өзін-өзі бақылау мен өзін-өзі түзетудің мүмкіншіліктерін арттырады.



Электрондық оқулық және оның құрылымы

Орта бiлiм беру жүйесiн ақпараттандырудың мемлекеттiк бағдарламасының негiзгi бағыттарының бiрi – оқыту процесiн ақпараттандыру. Аталған бағытты жүзеге асыру үшiн жаңа буын оқулықтарын электрондық вариантқа аудару қажет.

Электрондық оқулықтың мазмұны оқушының интеллектiлiк ойлау қабiлетiн дамытуға бағытталуы қажет және оның мына қасиеттердi қанағаттандыруы жеткiлiктi: жинақтылық, жүйелiлiк, эстетикалық көркемдiлiгi, жылдамдылығы және т.б.

Электрондық оқулықтар ара қашықтықтан оқыту формасына негiзделiп жасақталады және оны жүзеге асыру үшiн қолданылады.

Осы уақытқа дейiн бақылаушы, жаттықтырушы, модельдеушi, дидактикалық ойындар сияқты қолданбалы программалар қолданылып келдi. Бұл программалар оқушының өздiгiнен оқып-үйренуiне және өзiндiк жұмыс жасау қабiлетiн дамытуға мүмкiндiк бередi.

Электрондық оқулықты құрастырған кезде оның мәтiндiк ақпараттан гөрi графиктiк ақпарат көбiрек қамтылуы керек, себебi ол оқушының ақпаратты тез, әрi көрнекi түрде қабылдауына жағдай жасайды.


1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

  • Оқушы мен мұғалім іс-әрекетінің жүйесі
  • Деңгейлеп оқыту педагогикалық технологиясын
  • Әдебиеттер Негізгі
  • 7 дәріс тақырыбы: Жеке тұлғаға бағдарланған оқыту технологиялары Ойын технологияларының мүмкіндіктері Жоспар
  • Тақырыптық-сынақ сабақтары
  • Әдебиеттер: Негізгі
  • 8 дәріс тақырыбы:Оқытуда компьютерлік технология
  • Оку процесіндегі ақпараттық және коммуникативтік технологиялар
  • 2. Бағдарламалық қүралдардың білім берудегі дидакгикалық мүмкіндіктері
  • Білім беру саласында жаңа информациялық технологиялардың кұралдарын пайдаланудың тиімді бағыттарын ескеру.

  • жүктеу 2.75 Mb.