Главная страница
Контакты

    Басты бет


Пәні бойынша оқу әдістемелік кешен

жүктеу 364.69 Kb.



жүктеу 364.69 Kb.
бет3/3
Дата18.03.2017
өлшемі364.69 Kb.

Пәні бойынша оқу әдістемелік кешен


1   2   3
(негізгі ұғымдар мен түсініктер)

АВТОМАТТАНДЫРУ (Автоматизация) - адамды материалдар, энергия және ақпарат қабылдау, жеткізу, сақтау, өңдсу және пайдалану процестеріне тікелей араласудан толық немесе жартылай босату үшін техникалык, программалык жәнс басқа құралдар мен әдістер кешенін пайдалану процесі.
Ақпарат Ақпарат (лат. informatio - түсіндіру, мазмұндау) ұғымы күнделікті өмірден бастап техникалық салада пайдаланылатын көп мағыналы ұғым. Жалпы алғанда бұл ұғым шектеу, байланыс, бақылау, форма, инструкция, білiм, мағына, құрылым, бейнелеу, сезіну тағы басқа ұғымдармен тығыз байланысты.

АҒЫТУ (Отключение) - 1) құрылғының ажыратылған қалып-күйге ауысып қызметінің токтатылуы; 2) есептеу желілерінде - сеанстың аякталуы.

АҚПАРАТТЫҚ ЖАСАҚТАМА (Информационное обеспечение) -автоматтандырылған жүйеде пайдаланылатын акпаратты топтастыру мен кодтау жүйелерінің, құжаттаудың үйлестірілген жүйелері мен акпарат жиымдарының біртұтас жиынтығы.

АППАРАТТЫҚ ПРОГРАММАЛЫҚ ЖАСАҚТАМА (Аппаратно-программное обеспечение) -компьютердің тұрақты жадының үлкен интегралдык схемасында іске асырылған микропроцессорлық программалық жасақтама.

АУЫСТЫРЫП-ҚОСҚЫШ (Переключатель) - 1) есепті шешу алгоритмдерінің баламалы тармактарын таңдауға автоматты түрде немесе программаның тапсырмасы бойынша қосылған, кейде іске косылмаған калпында алынған схема элементі.

БАЗА (Ваsе) -- 1) негізгі, тіректі мәліметтер немесе элементтер; 2) санау жүйесінің негізі; 3) база регистріне жүктелетін әрі салыстырмалы адрестердің (ығысулардың) саналу басы ретінде пайдаланылатын жад адресі.

БАЙТ (Вуtе) - 1) ақпарат мөлшерінін бірлігі немесе 8 битке (екілік цифр) тең компьютерегі жад.

БАСПА (ПРИНТЕР) (Печать (принтер)) - мәліметтерді баспа құрылғысына шығару. Ақпаратты басу аркылы қағазға

шығарып беретін кұрылғы.

БЕЙНЕАДАПТЕР (Видеоадаптер) - монитордағы бейнені басқару үшін бас тақшаға орнатылған немесе кеңейтуге арналған қосқыштарға жалғанатын схемалык такша.

БЕЙНЕКАРТА (Видеокарта) - бейнекамера, бейнемагнитафон немесе кез-келген басқа композитті сигнал көзінен алынатын бейнемәліметтерді дисплей экранына шығаруға мүмкіндік беретін, компьютерлік графикамен және бейнемәліметтермен жұмыс істеуге арналған құрылғы.

ВИНЧЕСТЕР, ВИНЧЕСТЕРЛІК ДИСК (Винчестерский диск, винчестер) -қатгы магниттік дискідегі десте;

Винчестер, винчестерлік диск (Винчестерский диск, винчестер; Winchester disk) - қатты магниттік дискідегі десте; бастиектер мен жетектер бөлігі және дискілер дестесі бірігіп біртұтас (ауа кірмейтіндей етіліп) жабылған модуль құрайтын сақтау құрылғысы.
Бейнекамера - теледидарлық бейнежазуға арналған, құралымы кассеталық бейнемагнитофонмен біріктірілген, шағын әрі тасымалдауға ыңғайлы электрондық аспап. Бейнекамерада бейне және дыбыс сигналдарын жазу үшін ені 12,7 немесе 8 мм-лік магниттік таспа қолданылады.
Сигнал (лат. signum - белгі) - берілген хабарды тасымалдайтын(алып жүретін) физикалық процесс.
Магнит (грек. magnetіs, Magnetіs lіthos - Магнесия тасы; Магнесия - Кіші Азиядағы көне қала) - магниттелушілік қасиеті бар, яғни магнит өрісін туғызатын дене.
бастиектер мен жетектер бөлігі және дискілер дестесі бірігіп біртұтас (ауа кірмейтіндей етіліп) жабылған модуль кұрайтын сактау құрылғысы. Дербес компьютердің сыртқы жады болып табылады. Атау В-ді жасаған Винчестер каласындағы ІВМ фнрмасы филиалының шарт белгісінен туындайды.

ГИГАБАЙТ - компьютердің жад сыйымдылығын өлшеу бірлігі.

ДЕРБЕС БАСҚАРУ (Автономное управление) - дербес режимдегі шалғай құрылғы жұмысы.

ЕНГІЗУ ҚҰРЫЛҒЫСЫ (Устройство ввода)- 1) есептеу машинасына бастапқы мәліметтер мен есеп шешетін программаларды енгізуге арналған кұрылғы; 2) ақпаратты адамға да, компьютерге де түсінікті етіп түрлендіру мен өңдеуге

колайлы құрылғы; 3) мәліметтерді, программаларды, сигналдарды процессорға беретін кез

келген қүрылғы.

ЕСЕПТЕУ ТЕХНИКАСЫ (Вычислительная техника) - адамзат іс-әрекетінің әр түрлі саласындағы күрделі ақпараттың үлкен ағындары мен массивтерін івтомаггандырылған түрде өңдеуге, жеткізуге және сакгауға арналған техникалық құралдар

мен программалық жасақтама жинағы.

ЖАД (памятъ) - 1) компьюгерде ақпаратты сақтау тәсілін анықтайтын жалпы термин; 2) компьютердің әр турлі мәлімет сақтайтын бөлігі; мәліметгерді қабылдау, сақтау және беруге арналған компьютер қүрылғысы; 3) ақпаратты сактауға және қолданбалы программаларды жүктемелеуге арналған аймақ; 4) ақпаратты түрақты немесе уақытша сақтайтын орын.

ЖАДТЫҢ ШАПШАҢДЫЛЫҒЫ (Быстродействие памяти) - акпарат үлесін шығарып оқуға немесе жазуға кажетті уақыт.

ЖЕДЕЛ ЖАД (Оперативная память) - компьютердегі ішкі жад бөлігі.

ЖЕЛІ (КОМПЬЮТЕРНАЯ СЕТЬ) -мәліметтрді

компыотерлер арасында жеткізетін бір-бірімен телеқатынас құру құралдары

ЖҮЙЕЛІК БЛОК (Системный блок) - дербес компьютердің негізгі электрондық құрылғылары мен коректендіру блогы орналасқан блок.

ЖҮЙЕЛІК ПРОГРАММАЛЫҚ ЖАСАҚТАМА (Системное программное обеспечение) - компьюгерді пайдалану мен техникалық қызмет стуге, есептеу жұмыстарын ұйымдастыру мен қолданбалы программалар әзіряеуді автоштпшдыруга арналған программалық жасақтама. Операциялық жүйе және программалау жүйесі жүйелік программалық жасақтаманың негізгі бөліктері болып табылады.

ЖҮКТЕУ (Загрузка)- мәліметгерді процессор операцияларында тікелей пайдалану мақсатымен оларды дискілерден (мәлімет тасуыштан) негізгі жедел жадқа немесе негізгі жадтан регистрлерге жіберу.

КОД - 1) кодтауға пайдаланылатын символдар жинағы;

Символ (грекше symbolon - танымдық белгі, таңба, рәміз, пернелеу) лингвистика, логика, математика ғылымдарында таңба ұғымын береді; өнерде, философияда нәрсенің, құбылыстың қасиетін, сыр-сипатын бейнелеп, астарлап білдіретін әмбебап эстетикалық категория.
2) акпаратты ұсыну үшін пайдаланылатын шартты белгілеулер жинағы; символдардың және оларды түсіндірудің бір мәнді ережелерінің жүйесі.

ҚАТҚЬІЛ ДИСК (Жесткий диск) - есептеу машинасында тұракты орналасқан днскі.

ҚОРЕКТЕНДІРУ БЛОГЫ (Блок питания) - кернеуі, жиілігі, куаты белгілі элсктр энергиясымен компьютерді немесе басқадай аппаратураны жасактайтын кұрылғы.

ҚҰРЫЛҒЫ (Устройство) - 1) жүйе аппаратурасының белгілі бір міндетін атқаратын элементі; 2) белгілі бір қызметтік міндеті бар кұрылымдық аякталған техникалық жүйе; құрылымдық және қызметтік тұтастыкта болатын бөлшектердің, тораптардын,

элементтердің жиынтығы.

Ереже - дәстүрлі халық құқығының қайнар көзі, нормативтік-құқықтық қағидалар. Ежелгі дәуірде және орта ғасырларда жөн-жосық, ата-баба жолы деп аталған. Ережелер сырт пішімі жағынан мақал-мәтелге, қанатты сөзге ұқсас болғанымен, нақтылығымен, дәйектілігімен ерекшеленеді.
Құрылым (лат. structura - түзіліс, орналасу, тәртіп) - объектінің тұтастығын, тепе-теңдігі мен негізгі қасиеттерінің сақталуын қамтамасыз ететін байланыстар мен қатынастар жиынтығы. Құрылым жүйе және элемент ұғымдарымен тығыз байланысты.

ЛОГИКАЛЫҚ ДИСК (Логический элемент) - 1) қатқыл дискінің кеңейтілтін бөлігінің ішкі бөлігі; 2) латын әріптерімен жазылған аттары арқылы, мыс., А:, В:, С: және т.б.

Әріп-дыбыстың графикалық таңбасы. Әріп дыбысты белгілегенімен, әріп пен дыбыстың арасында табиғи байланыс жоқ. Әріп - шартты таңба. Әліпбиде қанша әріп болуы тілдегі дыбыстың санына байланысты. Бірақ дыбыс пен әріп саны бірдей бола бермейді.
, олармен қатынас құрып, мәліметтер жазу/оку үшін пайдалануға болатын тәуелсі • магниттік диск. Бір физикалық (бүтін) диск бірнеше логикалық дискілерден (тәуслсп бөліктерден) тұруы мүмкін.
Физика (көне грекше: φύσις - табиғат) - зат әлемді және оның қозғалысын зерттейтін ғылым. Бұл жөнінде физика күш, энергия, масса, оқтама т.б. сияқты тұжырымдамалармен шұғылданады.

МАГНИТТІК ДИСК (Магнитный диск) - жалпақ дөңгелек хабақша немесе диск түрінде жасалып, мәліметтер сақтау үшін беті магнитгік кабықшамен қапталған металл немесс шыны пластина. Олардың иілгіш және катгы етіп жасалған түрлері бар.

МЕНІҢ КОМПЬЮТЕРІМ (Мой компьютер) - Windows оргасының жүйеге қызмет ету программасы немесе жүйелік қаптамасы деп те айтылады. Ол дискілердегі (магниттік, лазерлік) мәліметпен жұмыс істеуді және компьютер құрылғыларын тағайындау, орнату

істерін жүзеге асырады.

МӘЗІР - Интерактивті жүйелерде - дисплей экранында бейнеленетін командалар тізімі.

МОДЕМ - стандартты телефон желісі арқылы колшьютердің мәліметтерді жөнелтуді және кабылдауды іске асыруына мүмкіндік беретін электрондық құрылғы.

МУЛЬТИМЕДИА - компьютерде дыбысты, ақпаратты, тұрақты және қозғалыстағы бейнелерді біріктірш көрсету үшін жинақталған компьютерлік технология.

Компьютерлік технология (Компьютерная технология; computer technology) - компьютерлік өңдеу базасындагы ақпараттық технология.
Ол ақпаратты кешенді түрде бейнелеуді - мәліметтерді мәтіндік, графикалык, бейне, аудио жәнс

мультипликашилық түрде пшғаруды жүзеге асырады.

NЕТ - бас әріппен басталған Net сөзі Желі деген ұғымды білдіреді, яғни Интернет желісі деп түсінген жөн.

Интернет (оқылуы [интэрнэ́т]; ағылш. Internet - International Network) - компьютерлік серверлердің бүкіләлемдік желісі.

ӨЛШЕМДІЛІК, ӨЛШЕМ (Размерностъ) - жиым элементгерін анықтайтын индекстер саны. Жиым индексі мәндерінің өзгеру ауқымы.

ПЕРНЕТАҚТА (Клавиатура) - компыотерге маліметтер мен командаларды енгізуге арналған құрылғы.

Команда (command, instruction) - 1) программалау тілдерінде - кез келген операцияны орындауды және оған керекті мәліметтерді (операндыны) бейнелейтін өрнек; компьютер атқаруға тиіс операция сипаты; 2) ақпаратты өңдеу процесіне байланысты атқару құрылғысында жүйенің белгілі бір операцияны орындауын талап ететін басқару сигналы; 3) программа орындау процесінің адымын анықтайтын ұйғарым.

ПРИНТЕР - баспа құрылғысы.

ПРОВАЙДЕР ИНТЕРНЕТ (Іпіегпеі Зепгісе Ргомійег (18Р)) - Интернетте қызмет көрсету провайдері. Желімен байланысқысы келетін компьютерлерді олардың талабы бойьшша Интернетке тікелей қосуды, олардың серверлермен қатынас құруын жүэеге асыратын заңды тұлға.

САҚТАУЫШ ҚҰРЫЛҒЫ (Запомнвающее устройство) - мәліметтер жадының қызметін орындайтъш курылгы; акпаратш жазуға, сактауға және жанғыртуға арналған құрылғы; мәліметтерді келешекте кайта жанғыртылатын етіп жазыл алуға арналған кұрылғы.

САНАУЫШ (Счетчик) - 1) компьютерде кіріс нүктесіне біртіндеп келіп түсіп жатқан импульстердің санын анықтайтын кұрылғы; 2) программалауда і:=і 1 түріндегі теліну операторының жалпы атауы.

СКАНЕР - компьютердің жадына бейнені енгізу кұрылғысы; кұжаттан шағылған сәулені қабылдап, олардан цифрлы сигналдар кұрастыратын, суретгерді, мәтінді, фотографияны оптикалық түрде оки алатын құрылғы.

СТРИМЕР - тізбекгі катынас кұру кұрылғысы; каткыл дискідегі мәліметтерді резервке сақтап коюға арналған көлемді мәліметтер жинақтайтын магниттік таспадағы компьютерлік магнитофон.

Магнитофондар мен (магнит және көне грекше: φωνή - дыбыс сөздерінен) қабылданған дыбыс әлсіз ауыспалы электр тогына айналады да, магнитофон құралында бірнеше рет өңдеуден, коррекциядан өтеді. Алдымен микросхемадағы немесе транзистордағы күшейткішке түседі.

ТАСПА (Лента) - магнитгік таспа түріндегі ақпарат тасуыш.

ТОҚТАТУ (Остановка;) - компьютердің жадтан командаларды автоматгық тандау

мен олардың орындалуы тоқтатылатын калып-күйге өтуі.

ТОРАП (ТҮЙІН) (Узел) - негізгі желілік кызметті (желіге қызмет ету, хабарларды жеткізу және т.б.) орындайтын желідегі компьютер.

ҮЙЛЕСІМДІЛІК (Совместимость) -1) жүйе құрылғысының басқа құрылғымен немесе жүйемен үйлесімді түрдегі байланыса отырып, қызметті бірлесіп орындау қасиеті; 2) қолдаанбалы программаның компьютердің ескі модельдерінде жұмыс атқару қасиеті; 3) әр түрлі құрылғылардың құрылымы бойынша үйлесімді қызмет атқару қасиеті.

ФУНКЦИОНАЛ ПЕРНЕ (Функциональная клавиша) - программаланатын фуикциялы пернелер тобына кіретін перне.

Функционал - бір не бірнеше функцияға тәуелді болатын айнымалы шаманы білдіретін математикалық ұғым. Ол алғаш рет вариациялық есептеуде пайда болған. Берілген тұйық қисық сызықпен шектелген аудан, белгілі бір жол бойындағы күш өрісінің жұмысы, т.б.

ЦИФРЛЫҚ АНАЛОГТЫҚ ТҮРЛЕНДІРПШ (Цифро-аналоговый преобрачователь) - дискрет шамаларды аналогтық шамаларға түрлендіруге арналған құрылғы.

ШАҒЫН (ЭЛЕКТРОНДЫҚ) БАСПАЛЫҚ ЖҮЙЕ (Настольная (электронная) издательская система) - баспалық басылым макетін дайындау мен беттеуге арналған, құрамында дербес компьютер, лазерлік принтер, сканер және арнайы программалар дестесі бар аппараттық программалық кешен.

ШАПШАҢДЫЛЫҚ (Быстродействие) - белгілі бір уакыт аралығында орындалатын әрекеттердің саны арқылы есентеу жүйесінің өнімділігін сипаттайтын параметр.

ШЫҒАРУ ҚҰРЫЛҒЫСЫ (Устройство вывода) -мәліметтерді компьютерден шығаруға арналған кұрылғы.

ЫҚШАМ КОМПЬЮТЕР (Портативный компьютер) - жасалу құрылымы көлікпен немесе тұтынушының өзі алып жүруге қолайлы шағын компьютер.

ЭЕМ (ЭВМ) - әр түрлі электрондық кұрылғылармен жабдықталган цифрлы есептеуіш машина.

ЭЕМ ЖЕЛІСІ (Сеть ЭВМ) - желінің есептеу ресурстарын пайдаланушылардың қатынас құруы үшін мәліметтерді жеткізу жүйесімен байланысқан

электрондық есептегіш машиналар мен абоненттік пунктер жиынтығы.

Есептегіш, электр есептегіш - тұтынылған электр энергиясын есептеуге арналған өлшеуіш құрал. Тұрмыста жиілігі I 50 Гц, бір фазалы 220 В немесе 127 В айнымалы кернеуге арналған есептегіш пайдаланылады. Электр энергиясы киловатт-сағатпен өлшенеді.
Ресурс (Resource) - процеске немесе пайдаланушыға бөлінетін есептеуіш жүйенің логикалық немесе физикалық бөлігі: орталық процессор уақыты, жедел немесе сыртқы жад аймағы, логикалық немесе физикалық сыртқы құрылғы.

7. Зертханалық жұмыс жоспары

Зертханалық жұмыс жоспарланбаған



8. Оқыту әдістемесі:

Оқыту негізінен дәріс, өзіндік жұмыстар түрінде жүргізіледі. Оқу материалының мазмұны дәрісте беріліп, теориялық білім түсініледі. Мұғалім басшылығымен өткізілетін өзіндік жұмыста оқу материалының қосымша сұрақтары талданып, теория практикамен ұштасып, пәндік дағды қалыптастырылады. Студенттің үй жұмысында бұрын алған білімдерін жинақтап, қорытынды жасауға немесе меңгерген білімін қолдануға арналған тапсырмалар беріледі. Студенттердің білімін тексеру практикалық жұмыс, өзіндік жұмыс тапсырмаларын орындауы, тестілеу түрінде ұйымдастырылады.



9. Зертханалық жұмыс орындау бойынша әдістемелік нұсқау

Зертханалық жұмыс жоспарланбаған



10.Өзіндік жұмыс тапсырмалары жоғарыда көрсетілген.

  1. «Компьютер архитектурасы» пәнінен әдебиеттермен, оқу материалдарын іздеу жоспарын құру, танысу.

  2. Процессор архитектурасы. Адрестеу әдістері. Берілгендер форматы. Процессорлардың жұмыс істеуінің салыстырылуы және сәйкестігі.

  3. Жад элементтері, олардың қолданылуы, мүмкіндіктері және жұмыс жасау принципі.

  4. Иілгіш магниттік дисктегі жады. Стриммерлер.

  5. Жүйелік дискі дайындау.

  6. Винчестер. Винчестерді форматтау және бөлу.

  7. Операциялық жүйе орнату. Бақылау жұмысы.

  8. Перифериялық құралдар.Дискіні дефрагментациялау.

  9. Ақпаратты енгізуге арналған қосымша құрылғылар. Оларды жалғау.

  10. Енгізу-шығару құрылғыларының драйверін ортнату. Диагностикалық программа арқылы құрылғылар жұмысын тексеру.
    Диагностика (техникалық) - техникалық ақауларды іздестіруге жөне анықтауға арналған теория, әдістер және жабдықтар туралы ілім.


  11. Принтерлердің салыстырмалы сипаттамалары. Принтер драйверін ортнату.

  12. Жүйелік магистральдардың негізгі стандарттары (шиналар).

  13. Сервер және жұмыс станцияларының архитектурасы. Жергілікті желідегі байланыс программасын қолдану.

  14. Антивирустық программа базасының жаңартылуы. Бақылау жұмысы.

  15. Программаларды орнату.

11.Сараман жұмыстары бойынша әдістемелік нұсқау

Жоспар бойынша қарастырылмаған.



12. Білім тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар

13.Мультимедиалық программалар

1. Медешова А.Б. Бастауыш сыныптағы информатика негіздері. ЭОӘК, Орал. БҚМУ КТО.2004.-200Мб.

2. Медешова А., Казиханов Е. Компьютер архитектурасы. Орал. БҚМУ ІТ орталығы.2007.

3. Дипломдық жұмыс жобалары:

Рысова З «Компьютерлік ақпаратты қорғау»

Казиханов Е. Компьютер архитектурасы.




  1. Арнаулы кабинеттер тізімі

Компьютерлік сыныптар: 306. 308, 309, 310, 311 -№9 ғимарат.

Интернет-класс: 209 -№4 ғимарат.



Интерактивті тақтамен жабдықталған сынып: 205-№4 ғимарат.

Электрондық оқу залы: 102- №4 ғимарат.
1   2   3

  • 7. Зертханалық жұмыс жоспары
  • 9. Зертханалық жұмыс орындау бойынша әдістемелік нұсқау
  • 11.Сараман жұмыстары бойынша әдістемелік нұсқау
  • Арнаулы кабинеттер тізімі

  • жүктеу 364.69 Kb.