Главная страница
Контакты

    Басты бет


Пәні бойынша оқыту бағдарламасының титулдық парағы (syllabus)

жүктеу 0.97 Mb.



жүктеу 0.97 Mb.
бет5/7
Дата25.03.2017
өлшемі0.97 Mb.

Пәні бойынша оқыту бағдарламасының титулдық парағы (syllabus)


1   2   3   4   5   6   7

Кеңсіріктегі ауаны кілегейлі қабықшадан бөлінген заттар ылғалдандырады; капилляр қантамырлары ауаны жылытады;
Қылтамыр (капилляр); (vasa capillaria; лат. vas, vasis - тамыр, capillus - қыл) - ең жіңішке және тым жұқа қабырғалы тамыр. Қылтамыр қан және лимфа қылтамырлары (капиллярлары) болып бөлінеді. Қан қылтамыры қан мен ұлпалар арасындағы зат алмасуды іс жүзіне асырады.
лейкоциттер микробтарды жояды.

 Кеңсіріктің жоғарғы жағында түрлі иістерді қабылдайтын иіс сезу жүйкелерінің ұштары орналасады. Мұрын қуысы ішкі танау тесігі арқылы жұтқыншақпен жалғасады. Жұтқыншақта асқорыту және тынысалу жүйелерінің жолы түйіседі. Тамақ жұтқыншақтан өңешке, ауа жұтқыншақ арқылы көмекейге өтеді. Жұтқыншақ әрі асқорыту, әрі тынысалу мүшелер жүйесіне жатады. (Асқорыту мүшелерін естеріңе түсіріңдер).



Көмекей (көмей) – мойынның алдыңғы жағында орналасқан іші қуыс шеміршекті мүше. Оның ішкі бетін кілегейлі қабықша астарлап жатады. Қабырғасы 3 сыңар, 3 жұп шеміршектерден түзілген.
Сыңар Сөз мағынасы - екеудің бірі - егіздің серігі; «жалғыз» дегенмен бірдей екені әркімге аян. «Айырылған сыңарынан коңыр қозым! Қайдасың қалқатайым? Күн мен айдың, Айтсаңшы, кездескенше көбін-азын» (М. Әлімбаев, Өшпес от.)
Ірі шеміршектеріне: төменгі бөлігіндегі сақина тәрізді, алдыңғы жағы мен бүйіріндегі қалқанша тәрізді, үстіңгі жағындағы көмекей қақпақшасы жатады. Көмекейдің артқы жағында 3 жұп майда шеміршектер болады. Шеміршектер бір-бірімен жартылай қозғалмалы байланысқан. Шеміршектерге бұлшықеттер бекінеді. Шеміршектердің арасында – 2 дыбыс сіңірлері болады, олар да шеміршекке бекінеді. Дыбыс сіңірлері бір-біріне қатарлас жатқан иілгіш, серпімді талшықтардан түзілген. Дыбыс сіңірлерінің арасындағы кеңістікті дыбыс саңылауы дейді.

Адам дем шығарғанда дыбыс саңылауы тарылып дыбыс шығады. Дыбыстың шығуы адам сөйлегенде ауа ағынының дыбыс сіңірлерін тербелтуіне байланысты. Дыбыс сіңірлері неғұрлым ұзын болса, оның тербелісінен жуан дыбыс шығады. Ер адамдардың көмекейі үлкен, дыбыс сіңірлері ұзын, дауыстары жуан. Мойынның алдыңғы жағындағы ең ірі қалқанша шеміршегінің үлкен үшкір түйіні – бидайық (кадык) деп аталады. Ол жұтынғанда, сөйлегенде жоғары, төмен қозғалады. Сонымен көмекей дыбыс шығару мүшесінің де қызметін атқарады. «Көмекейі бүлкілдеген әнші екен», «күміс көмей» деген ұғымдар соны білдіреді. Ер адамда көмекейінің орташа ұзындығы 44 мм. Әйелдердің көмекейі кішілеу, дыбыс сіңірлері қысқа болғандықтан, дауысы жіңішке болады, оның орташа ұзындығы 36 мм. Ауыз қуысында дыбыс шығаруға тіл, ерін, жақ сүйектері қатысады.

Әдетте барлық адамның дауысы бірдей емес. Дыбыстың құбылып, түрліше болып шығуы: көмекейдің пішіні мен мөлшеріне, дыбыс саңылауына, мұрын, ауыз қуыстарына, тіл, ерін, тістеріне байланысты. Көмекей – ауаны өткізуге, дыбыс шығаруға көмектеседі. Көмекейдің төменгі бөлімі кеңірдекке жалғасады.

Кеңірдек – көмекейдің жалғасы, іші қуыс түтік пішінді шеміршекті мүше. Ол өңештің алдыңғы жағында орналасады, ұзындығы шамамен 9–12 см, диаметрі 15–18 мм.

Диаметр (гр. diametr - поперечник) - тұйық фигуралардың диаметрі, оның ең үлкен хордасы, яғни шеңбердің орталығы арқылы өтетін хорда. Кейінірек диаметр ұғымы метрикалық кеңістіктегі нысандарға да қолданылатын болды.
Кеңірдектің алдыңғы қабырғасы бір-бірімен сіңірлер арқылы өзара байланысқан жартылай шеміршекті сақиналардан тұрады. Жартылай сақиналы шеміршектер кеңірдектің бір-біріне қабысып қалмай ауаның еркін өтуін қамтамасыз етеді. Кеңірдектің өңешпен жанасқан артқы жағы жұмсақ, тығыз талшықты дәнекер ұлпасынан түзілген. Кеңірдектің бұл жағы өңештен тамақ өтуіне ешбір кедергі жасамайды.

Кеңірдек 5-інші арқа омыртқасының тұсынан оң және сол жақ өкпеге баратын 2 бронхыға тармақталады. Бронхы (грекше «bronchus» – тыныс алқымы) кеңірдектің жалғасы. Ішкі беті кілегейлі қабықшамен қапталған. Бронхылар өкпеде өте көп тармақтарға бөлінген. Ең жіңішке тармақтары бронхиолдар (грекше «bronchіolі» – кішірею) деп аталады. Бронхиолдардың ұштары шоғырланып, іші ауаға толы өкпе көпіршіктерімен (альвеолалармен) аяқталады. Альвеоланың (латынша «alveolus» – ұяшық, көпіршік, қуыс) диаметрі 0,2–0,3 мм, қабырғалары бір қабат эпителий жасушаларынан тұрады. Өкпе көпіршіктерінің сыртын тұтас капилляр қантамырлары торлап жатады. Капиллярлар мен өкпе көпіршіктері қабырғаларының арасында газ алмасады. Көпіршіктердің ішіндегі ауа құрамынан оттегі қанға өтеді. Капиллярлардағы қанның құрамындағы көмірқышқыл газы өкпе көпіршігіне өтеді.



Өкпенің құрылысы мен қызметі Өкпе – кеуде (көкірек) қуысының қабырғасына жанаса орналасқан серпінді, борпылдақ (губчатый) мүше (68-сурет). Өкпеде қантамырлары көп болғандықтан, түсі қызғылт. Адамда 2 өкпе (оң жақ және сол жақ өкпе) болады. Оң жақ өкпені сайшалар (борозды) 3 бөлікке, сол жақ өкпені 2 бөлікке бөледі. Өкпенің сыртынан сайшалар сызығы анық білінеді. Екі өкпенің бір-біріне қараған ішкі бетінде өкпе қақпасы орналасқан. Ол арқылы өкпе артерия қантамырлары, бронхылар, жүйкелер өкпеге енеді, өкпе вена қантамырлары шығады.
Артерия, қызылтамыр, күретамыр (arteria; көне грекше: ar - ауа; көне грекше: terein - ішіндегі) - қанды жүректен алып шығып, дене мүшелеріне тарататын тасымалдаушы ірі қан тамыры; оттегімен байытылған қанды жүректен ішкі мүшелерге тасымалдайтын қан тамырлары.
Өкпе толып жатқан өкпе көпіршіктері мен жиі тарамдалған ұсақ бронхиолалардан түзілген. Бұлар өкпенің ішінде болады. Екі өкпенің арасындағы кеңістікте жүрек сол жаққа таман орналасқандықтан, сол жақ өкпе сәл кішілеу болады.
Кеңістік - философия, математика және физика секілді салаларды пайдаланылатын күрделі ұғым. Күнделікті өмірде іс-қимыл алаңы, барлық нәрселерді қамтитын ортақ ыдыс, әлдебір жүйе жай-жапсары сезініп түсініледі.
Әр өкпенің сыртын дәнекер ұлпасынан түзілген қабықша – өкпе плеврасы (грекше «pleura» – бүйірі, маңы) қаптайды. Кеуде қуысының ішкі қабырғасы да плеврамен қапталған. Плевра қабаттарының арасында плевра қуысы болады, онда ауа болмайды. Плевра қуысында үйкелісті азайтатын сұйықтық болады.

Өкпе көпіршіктері серпімді болғандықтан тыныс алғанда созылады. Оның қабырғаларын орталық жүйке жүйесімен байланыстыратын жүйке талшықтары торлайды. Өкпе көпіршіктері орталық жүйке жүйесімен тығыз байланысты. Өкпе көпіршіктері мен капилляр қантамырларының қабырғасы өте жұқа болғандықтан, олардың арасында газдар еркін алмасады.



Тынысалу қозғалыстары. Тынысалу қозғалыстары – тынысалу және тыныс шығару арқылы жүзеге асады. Жаңа туған нәрестенің тынысалу қозғалыстары минутына 60 рет, ересек адамдарда 16–18 рет (69, ә-сурет).

Демді ішке алғанда қабырғалар сәл көтеріліп, көкет тегістеледі. Кеуде қуысы кеңейеді (70-сурет). Көкет – диафрагма кеуде қуысын құрсақ қуысынан бөліп тұратын күмбез тәрізді бұлшықетті перде.

Құрсақ қуысы (cavum abdomіnus) - омыртқалыларда бүйрек пен бауыр, сүтқоректілерде өкпеден басқа ішкі органдар орналасқан целомның бір бөлімі. Төменгі сатыдағы омыртқалыларда құрсақ қуысы мен кеуде қуысы арасында арналар болады.
(Бұлшықеттерді естеріңе түсіріңдер.)

Тыныс алғанда көкеттің тегістелуі бұлшықет талшықтарының жиырылуынан болады. Тыныс алғанда кеуде қуысының көлемі үлкейеді. Кеуде қуысының қозғалысына сай өкпенің де көлемі үлкейіп, ауаға толады. Сыртқы қабырғааралық бұлшықеттердің жиырылуынан қабырғалар көтеріледі. Тынысалуға көкет пен қабырғааралық бұлшықеттерден басқа кеңірдек пен бронхылардың шеміршек арасындағы бұлшықеттер де қатысады.

Тыныс шығарғанда кеуде қуысы мен өкпенің көлемі кішірейеді. Көкет күмбезденіп қайта қалпына келеді. Өкпе көпіршіктеріндегі қысым артып, ауа өкпеден ауа жолдары арқылы сыртқа шығарылады. Тынысалуға қатысатын бұлшықеттер босаңсып, көкет күмбезденіп көтеріледі. Жиі тыныс шығарғанда ішкі қабырғааралық және құрсақтың бұлшықеттері қосылып жиырылады. Тыныс алуға қабырғааралық еттер белсенді қатысса – «көкіректі» тыныс алу типі дейді. Бұл көбіне әйел адамдарда байқалады. Көкет белсенді қатысса – «құрсақты» тыныс алу типі дейді, бұл ер адамдарда болады (70-сурет).



Өкпедегі және ұлпалардағы газ алмасу. Өкпедегі газ алмасу – тыныс алғанда атмосфералық ауаның құрамында 79% – азот, 21% – оттек, 0,03% – көмірқышқыл газы және т. б. болады. Тыныс шығарғанда оттектің мөлшері азайып (16%), көмірқышқыл газы (4%) көбейеді (69, а-сурет). Тыныс алу мен тыныс шығару кезінде азоттың мөлшері өзгермейді. Тыныс алу актысы кезінде өкпе көпіршіктерінен оттек қанға, көмірқышқыл газы өкпеге өтеді.

Оттекті тасушы – гемоглобин. Өкпеде қан көмірқышқыл газынан тазарып, оттекке қанығады. Оттекке қаныққан қан үлкен қанайналым шеңберімен ағзаның барлық ұлпаларына таралады.



Ұлпалардағы газ алмасу. Ұлпа жасушаларындағы оттектен артерия қанындағы оттектің мөлшері көп болады. Оттек капиллярлардың қабырғаларынан жасушаларға өтеді де, олардың тіршілік әрекеттеріне жұмсалады. Артерия қанымен жасушалардың газ алмасуы диффузия жолымен жүреді. Түзілген көмірқышқыл газы ұлпа жасушаларынан қанға өтіп, артерия қаны вена қанына айналады.
Артерия қаны - өкпе тамырларында отгегке қаныққан, түсі алқызыл қан. Артерия қаны - ағза мүшелеріне үлкен қан айналым шеңберінің артериялары және өкпеден жүрекке кіші қан айналым шеңберінің өкпе веналары арқылы жеткізіледі.
Ұлпаларда қан оттекті беріп, көмірқышқыл газына қанығады.

Өкпедегі және ұлпалардағы газ алмасу үш кезеңнен тұрады. Біріншісі – сыртқы (өкпелік), екіншісі – газдардың қан арқылы тасымалдануы, үшіншісі – ішкі (ұлпалық) газ алмасу деп аталады.



Өкпенің тіршілік сыйымдылығы. Тыныс алудың жүйкелік және гуморальдық реттелуі.

 

Өкпенің тіршілік сыйымдылығы деп адам терең дем алып, терең дем шығарғандағы ауаның ең көп мөлшерін айтады. Әйелдердің өкпесінің тіршілік сыйымдылығы орташа есеппен алғанда 3000–3500 мл, ер адамдарда 3500–4800 мл болады. Дене еңбегімен шыныққан адамдарда өкпенің тіршілік сыйымдылығы 6000–7500 мл дейін барады.

Өкпенің тіршілік сыйымдылығы (ӨТС) 3 құрамды бөліктен тұрады. Адам тыныштық қалыпта әрбір демалғанда және әрбір дем шығарғанда шамамен 500 мл ауаны жұтады, әрі шығарады. Бұл ауа мөлшері тыныстық сыйымдылық деп аталады (71-сурет).

Адам қалыпты дем алып, артынша терең дем алғанда тағы да қосымша 1500 мл ауаны жұтады. Бұл жұтылған ауа мөлшерін тыныс алудың қосымша сыйымдылығы дейді.

Адам қалыпты дем шығарып, артынша терең дем шығарғанда тағы да қосымша 1500 мл ауаны шығарады. Бұл ауа мөлшері тыныс шығарудың қосымша сыйымдылығы деп аталады.

 

Өкпенің тіршілік сыйымдылығы → тыныстық сыйымдылық (500 мл) тыныс алудың қосымша сыйымдылығы (1500 мл) тыныс шығарудың қосымша сыйымдылығы (1500 мл). ӨТС=500 мл 1500 мл 1500 мл=3500 мл

 

Қаншама терең дем шығарғанмен де өкпеде 1200 мл ауа қалып қояды. Оны қалдық ауа сыйымдылығы деп атайды. Сондықтан да өкпе еш уақытта қабысып қалмайды.



Өкпенің тіршілік сыйымдылығын өлшейтін (анықтайтын) арнайы құралды спирометр дейді.
Спирометр - өкпе көлемін және өкпедегі өмір сыйымдылығын (тіршілікті) өлшеу үшін қолданылатын құрал.
Неғұрлым өкпенің тіршілік сыйымдылығының көлемі көбірек болса, соғұрлым адамның денсаулығы күшті болады.

Тыныс алудың жүйкелік және гуморальдық реттелуі. Тыныс алу мен тыныс шығарудың алмасуы орталық жүйке жүйесінің қызметіне байланысты. Сопақша мида тынысалу, тыныс шығару орталығы орналасады. Тыныс шығарғанда өкпенің сығылуы өкпе көпіршіктеріндегі жүйке ұштарын тітіркендіріп, қозу пайда болады. Қозу сезгіш жүйке талшықтары арқылы тыныс алу орталығының тыныс алу бөліміне беріледі. Бұл бөлімнің импульстері жұлынға, одан қозғалтқыш жүйке талшықтары арқылы сыртқы қабырғааралық бұлшықеттер мен көкетке беріледі. Бұлшықеттер жиырылып, кеуде қуысын кеңейтеді, тыныс алады. Тыныс алу мен тыныс шығаруды реттейтін орталық – жүйке жүйесі. Мұны жүйкелік реттелу дейді. Тынысалу орталығы жөтелу, түшкіру сияқты қорғаныш рефлекстерін тудырады.

Гуморальдық реттелу. Қанның химиялық құрамы өзгергенде (көмірқышқыл газының артуы, қан қышқылдығының жоғарылауы және т. б.) тынысалу орталығының жұмысы гуморальды реттеледі. Қанда көмірқышқыл газы концентрациясының артуы мидағы тынысалу орталығын қоздырып, тынысалу жиілейді. Адреналин мен тироксин гормондары да тыныс алуды жиілетеді.
Адреналин (лат. adrenalinum; лат. ad - маңында, қасында; лат. ren - бүйрек) - бүйрекүсті безінің бозғылт затын құрайтын хромаффинді жасушалар тобының адреноциттері (адренонефроциттер) бөлетін гормон; бүйрек үсті бездерінің қабатында болатын ми тәрізді заттан түзілетін гормон.
Тынысалуға арналған қорытынды. Тынысалу дегеніміз - ағза мен қоршаған орта арасындағы газ алмасу үдерісі. Құнарлы заттардан энергия алу үшін оттегі қажет. Сондықтан тыныс алу үнемі жүзеге асып тұруы тиіс.


Жасанды тыныс алу жолдары. Адам суға кеткенде, ток соққанда, газбен уланғанда есінен танып қалуы мүмкін. 5–7 минут ішінде жүрек пен өкпенің жұмысын қалпына келтіру керек. Жедел жасанды тыныс алдырып, жүрекке массаж жасау қажет (72-сурет). Жасанды тыныс алдыру жолдары: а) аурудың басын шалқайта қатты заттың үстіне жатқызу; ә) түймелерін ағытып, кеудесін жалаңаштау; б) мұрны мен аузын дәкемен жауып, минутына 16 рет ауа үрлеу; в) суға кеткенде етпетінен жатқызып, өкпесін судан тазартып құстыру; г) жүрегі тоқтап қалса кеудесін қос қолдап ырғақты басу; д) әрбір 5–6 рет басқаннан соң аузына ауа үрлеу; е) тамыр соғуын ұдайы тексеріп (қадағалау) тұру.

Әдебиет: [1-9]

Мультимедиялық құралдар тізімі:

1. Тыныс алу жүйесінің құрылысы


Тақырып 5. Жыныс және зәр шығару жүйесі.

  1. Бүйрек құрылысы.Фильтрациялық аппарат.

  2. Несепағар. Қуық. Мочеиспускательный канал.

Ыдырау өнімдерін шығарудың маңызы. Ағза енді қайта пайдаланбайтын зат алмасудың соңғы өнімдерін ыдырау өнімдері дейміз. Ағзаға сырттан келген бөгде заттар да (улы заттар және т.б.) ыдырау өнімдері болып саналады. Осы заттардың барлығы ыдырау өнімдерін шығару мүшелерінің көмегімен ағзадан сыртқа шығарылады. Ыдырау өнімдерін шығару - ағзаның ішкі ортасының тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Қалдық (қажетсіз) заттардың дер кезінде ағзадан шығарылмауы адам үшін өте қауіпті.

Ыдырау өнімдерін шығаруға қатысатын мүшелерге - бүйрек, өкпе, тері, тер бездері, ішек жатады.



Зәршығару жуйесіне: 2 бүйрек, 2 несепағар, бір куық және бір зәршығару өзегі жатады.

Ыдырау өнімдерін шығарудың негізгі мүшесі - бүйрек. Ағзадан зат алмасу соңғы өнімдерінің 75%-ы бүйрек арқылы шығарады. Бүйрек құрсақ қуысында 1-2- бел омыртқаның екі жағында орналасқан. Ол үрмебұршақ пішінді қызғылт-қоңыр түсті. Оң жақтағы бүйрек сол жақтағы бүйректен сәл төменірек орналасады. Өйткені оң жақ бүйрекке үстіндегі бауырдың салмағы түседі. Бүйректің сыртқы жиегі дөңес, ішкі жиегі ойыс. Ойыс жағы омыртқа жотасына қарай бағытталған. Ойыс жағында бүйрек артерия тамырлары, бүйрек вена тамырлары, жүйке талшықтары мен несепағар жолдары болады.

Бағыттау (орыс. наведение) - күштерге (сүңгуір қайықтарға, авиациялык ұшу аппараттарына) немесе қаруға (ракеталарға) козғалыс параметрлері (бағыт, жылдамдық, биіктік жөне т.б.) арқылы берілетін басқару тәсілі.
Зәрағар немесе Несепағар (лат. ureter) - бүйрек түбегінен басталып, құрсақ қуысының бел аумағы арқылы жамбас қуысындағы қуыққа дейін созылған түтікше мүше (несепағар деп те аталады). Ол құрсақ қуысындағы қысқа қатпарға ілініп, оның бүйір қабырғасында орналасады.
Бүйректің бұл жері бүйрек қақпасы деп аталады.

Әрбір бүйректің салмағы шамамен 150 г. Бүйректің сыртын қалың май қабаты қаптайды. Бүйрек қоңырқай түсті сырты қыртысты және іші бозғылт түсті милы заттан түзілген. Бүйректің ойыс жағында шағын қуысы болады, оны бүйректің астаушасы дейді. Бүйректің құрылысы өте күрделі. Бүйректің құрылымдық және қызметтік бірлігі - нефрон (гр. nefron -бүйрек) деп аталады. Әрбір бүйректе 1 миллионнан астам нефрон болады. Нефронның өзі екі бөлімнен тұрады. Сыртынан қоршап жатқан бөлімі — бүйрек денешігі деп аталады, ол қыртысты затта орналасқан. Екінші бөлімі — нефрон өзекшелер, олар бүйректің иір-иір болып шумақталып, боз затқа орналасады. Нефрон өзекшелері иректеліп әрі өзара қосылып жинағыш түтікшелерді құрайды. Олар тікелей пирамидалармен байланысқан.

Бүйректе артерия қантамырлары 2 рет қылтамырлар шумағын құрайды. Адам денесіндегі басқа мүшелерде ұсақ қантамырлар бір-ақ рет қылтамырлар шумағын құрайды.

Ағзадағы қан әрбір 5 минут сайын бүйрек арқылы өтеді. Қан ағзаның жасушаларынан жиналған зиянды заттарды бүйрекке әкеледі. Керексіз заттардан қанды тазартатын - бүйрек.


  1. Бүйректің ең негізгі қызметі - сүзгіштік. Қанмен келген улы заттар, тұздар, артық су бүйректе бөгеліп сүзіліп калады. Сүзіліп тазарған қан вена қантамырларымен жүрекке карай ағады.

  2. Қан мен басқа да сұйықтықтың құрамын реттейді.

  3. Бүйректе зәр (несеп) түзіледі.

  4. Ағзаның ішкі ортасы құрамының тұрақтылығын сақтайды.

  5. Су мен тұздың мөлшерін реттейді.

  6. Қандағы тұз концентрациясы мен жасушалардан ағып өтетін сұйықтықтардың осмостық қысымын реттейді. Дене сұйықтығындағы тұздың концентрациясы жасуша ішіндегі концентрациясынан артық болса, су жасушадан шығып, жасуша бүрісіп калады.

Қуық - жамбас шоңқимасының (малый таз) қуысындағы тік ішектің алдыңғы жағында орналасқан бұлшықетті мүше. Қуықта зәр уақытша жиналады. Ол ересек адамда кабырғасы қалың бұлшықеттен түзілген. Несепағардың да, қуықтың да кабырғасындағы бұлшықет талшықтары бірыңғай салалы бұлшықет ұлпасынан тұрады. Қуықтың бұлшықеті жиырылғанда жиналған зәр зәр-шығару өзегі арқылы сыртқа шығарылады. Ересек адамда қуықтың сыйымдылығы шамамен 500 мл. Қуық бос тұрғанда ішкі сілемейлі кабығы қатпарлы болады. Зәрге (несепке) толғанда қатпарлары жазылып тегістеледі. Қуықтың қабырғасындағы бұлшықет талшықтары үш түрлі бағытта орналаскан.

Зәршығару өзегінің құрылысы ер адамдар мен әйел адамдарда бірдей емес. Әйелдердің зәршығару өзегінің ұзындығы 3-3,5 см. Зәршығару өзегінің сыртқа ашылатын тесігі қынаптың алдыңғы тұсында қатарласа орналасады. Зәршығару өзегінің ішкі сілемейлі қабығы ұзын қатпарлы болады. Үрпі жолы зәршығару тесігімен аяқталады.

Ер адамның зәршығару өзегінің пішіні түтікше тәрізді, ұзындығы шамамен 18 см. Ол қуықтан басталып, жыныс мүшесінің ұшына дейін созылып жатады. Ер адамдардың зәршығару өзегі 2 түрлі қызмет атқарады: зәр және жыныс жасушалары (спермалар) сыртқа шығарылады.



Әдебиет: [1-9]

Мультимедиялық құралдар тізімі:

  1. Функции выделения. Органы выделения.

  2. Мочевыделительная система

  3. Половая система.


Тақырып 6. Эндокриндік жүйе.

  1. Гипоталамус. Гипофиз. Эпифиз.

  2. Тимус. Қалқанша, қалқанша серік бездері.

  3. Қарын асты безінің аралшық аппараты.

  4. Бүйрек үсті.

 Ішкі секреция бездері немесе эндокриндік аппарат (грекше «endon» – ішкі, «crіno» – бөлемін) биологиялық белсенді (активті) заттар бөлетін мүшелерге жатады. Ішкі секреция бездерінің жасушаларын ұсақ қантамырлар мен лимфа капиллярлары торлайды. Бұл бездерде бөлінетін сұйықтықты шығаратын өзек болмағандықтан сұйықтық бірден қанға өтеді. Сондықтан мұндай бездерді ішкі секреция бездері деп атайды (8-сурет).

Ішкі секреция бездеріне жататындар: гипофиз, қалқанша без, қалқанша маңы безі, айырша без (тимус), эпифиз, бүйрекүсті бездері және т.б. Ұйқы безі мен жыныс бездері аралас бездер. Олар әрі ішкі, әрі сыртқы секрециялық қызмет атқарады. Бұл бездерден бөлінетін заттар қанға да және басқа мүшелерге де өтеді. Ішкі секреция бездерінен бөлінетін сұйықтықты гормондар дейді.

 Гормондар (грекше «hormae» – қоздырамын, қозғалысқа келтіремін) – ішкі секреция бездерінен бөлінетін және ұлпалар мен мүшелерге әсер ететін биологиялық белсенді заттар. Гормондардың барлығы органикалық заттар, себебі, олардың біреуі нәруыздан, екіншісі аминқышқылдарынан, үшіншісі майтектес заттардан құралған. Гормондар ішкі секреция бездерінен бөлініп, қан, лимфа, ұлпа сұйықтығы арқылы басқа мүшелерге жеткізіледі. Ішкі секреция бездерінің қызметін реттейтін орталық – аралық мидағы гипоталамус (грекше «hyро» – асты, төменгі жағы, «talamos» – бөлме). Оны көру төмпешік асты бөлімі деп те атайды. Гипоталамус пен гипофиздің қызметі бір-бірімен тығыз байланысып, гипоталамус-гипофиздік жүйені құрайды.

Гипоталамус (гр. 'hypo'- төмен, астында, қалыптан төмен; thalamos - камера, бөлім) - көру төмпегінің (таламустың) төменгі жағында, көру жүйкелерінің қиылысы мен үлкен ми аяқшаларының аралығында орналасқан аралық мидың бөлігі.
Олардан бөлінетін гормондар нейрогормондар деп аталады. Олар қан құрамының тұрақтылығын және зат алмасудың қажетті деңгейін қамтамасыз етеді. Осы арқылы қызметінің әрі рефлекстік, әрі гуморальдық реттелуі жүзеге асады (қосымша 210-бет).

Қызметі: 1. Гормондар денедегі зат алмасу қарқындылығын өзгертеді; 2. Ағзаның тіршілік ету ортасына бейімделушілігін арттырады; 3. Өсу мен көбеюді реттейді; 4. Ағзадағы физиологиялық процестерді үдетеді (күшейтеді) немесе бәсеңдетеді.

Гипофиз (грекше «hypophysіs» – өсінді) аралық мидың астыңғы жағына жіңішке өсінді арқылы бекінеді.
Аралық ми (көне грекше: diencephalon, көне грекше: dia - аралық; көне грекше: enkephalon - ми) - пішіні сақина тәрізді үшінші ми қарыншасынын (қуысының) қабырғасын құрайтын ми діңгегінің алдыңғы бөлігі.
Пішіні үрмебұршақ тәрізді, ересек адамдарда салмағы 0,5–0,6 г жетеді. Гипофиз – безді және жүйке ұлпаларынан тұрады. Гипофиз алдыңғы, ортаңғы және артқы бөліктерден тұрады. Бұл безден бөлінетін 25 түрлі гормонның 7-еуі жеке бөлініп алынып, толық зерттелген.

Қызметі: 1) гипофиздің алдыңғы бөлігі құрамы нәруыздан тұратын өсу гормонын (соматотропин) бөледі. Өсу гормоны дененің, әсіресе ұзын сүйектерінің өсуіне әсер етеді; 2) нәруыздың, майдың, көмірсудың алмасуын реттейді; 3) жыныс бездерінің жұмысын қалпына келтіреді; 4) сүт безінен сүттің бөлінуін қамтамасыз етеді;   5) бүйрекүсті безі қыртысының өсуіне, одан бірнеше гормондар бөлінуіне, қалқанша бездің дамуына әсер етеді;
Қалқанша без (glandula thyroidea, лат. glandula - без, гр. thyreos -қалқан) - шеткі ішкі секреция безі. Қалқанша без сырты дәнекер ұлпалық қапшықпен қапталған. Қапшықтан қалқанша без ішіне таралатын дәнекер ұлпалы перделіктер без паренхимасын бөлікшелерге бөледі.
6) қандағы темірдің тұрақтылығын сақтайды. 

Гипофиздің ортаңғы бөлігі пигментті жасушалардың мөлшері мен санын ұлғайтады. Тері пигменті – меланиннің түзілуін күшейтеді. 

Гипофиздің артқы бөлігінен 2 түрлі гормон бөлінеді. Бұл гормондардың біреуі жатыр бұлшықетінің жиырылуын күшейтеді. Екіншісі ұсақ артерия қантамырларының жиырылуын арттырып, артерия қысымын жоғарылатады. Ағзадан зәрдің бөлінуін азайтады. 

Гипофиз безінің қызметі бұзылуынан болатын ауытқулар. Гипофизден бөлінетін гормондар химиялық құрылысы жағынан тек нәруыздан тұрады. Шамадан тыс көп бөлінген гормон жасушалардың қарқынды көбеюін тездетеді (9-сурет). Нәтижесінде нәруыз түзілуі күшейіп, азоттың денеден шығарылуы азаяды. Өсу гормоны артық бөлінсе, адамның сүйегі ұзынынан өсіп, бойы 2 м-ден асады. 

Алыптылық әсіресе жас кезде сүйектің ұзынынан қарқынды өсуі кезінде байқалады. Аяқ-қол сүйектері ұзарып, маңдайы мен бет сүйектері алға шығыңқы болып, тілі аузына сыймайтын ауруға ұшырайды. Мұндай ауруды акромегалия (грекше «akros» – аяқ-қол сүйектері, «mega» – үлкен) деп атайды (10-сурет). Дыбыс сіңірлері жуандап, даусы «гүжілдеп» жағымсыз шығады. Бұл ауруды тек рентген сәулесімен емдейді.

Рентген сәулесі - гамма- және ультракүлгін сәулелер арасындағы диапазонды қамтитын электрмагниттік толқындар. Толқын ұз. 2 ангстремнен кіші Рентген сәулесі шартты түрде қатаң, 2 ангстремнен үлкен Рентген сәулесі жұмсақ Рентген сәулесі деп аталады.
 

Гипофиздің гормондары аз бөлінсе, адамның бойы өспей қалады. Ер адамның бойының биіктігі 130 см, әйелдерде 100–120 см-ден аспайды. Терінің дәнекер ұлпасының нәруыз синтезі бұзылып, тері құрғап, бетке көп әжім түседі.



Ергежейлілік (грекше «nanos» – тым аласа бойлылық) – гипофиз, бүйрекүсті бездері, қалқанша бездердің зақымдануынан пайда болады. Себебі бұл бездердің жұмысын орталық жүйке жүйесі реттейді. Ергежейліліктің 2 түрі бар: біріншісі – дене бітімінің сәйкестілігі (пропорционалды), екіншісінің дене бітімінің сәйкессіздігі (мүшелерінің пропорциясының сақталмауы).

Дене бітімінің сәйкестілігіне қарамай ергежейлі болуын – гипофизді ергежейлілік дейді. Гипофиздің алдыңғы бөлігінің қызметінің бұзылуынан – алдыңғы бөлігі зақымданады. Мұндай адамдардың дене бітімі, мінез-құлығы дұрыс дамығанымен денесі бала сияқты өспей қалады. Жыныс бездері толық жетіліп-дамымайды. Семіріп, беттерін әжім басады.

Дене бітімінің сәйкессіздігі қалқанша бездің зақымдануынан болады. Бұдан басқа қаңқасының сүйектенуі, терісінің тым құрғақ болуы, зат алмасуының бәсеңдеуі, психикасының толық дамымауына да себеп болады. 

Гипофиздің жұмысын реттеу үшін (бойы нашар өсетін балалар) өсу гормонын жасанды түрде ағзаға жіберсе, 6 айда 5–6 см өседі. Аласа бойлы адамдардың бойлары 38 см-ден 1 метрге дейін өскені анықталған.

Гипофиздің артқы бөлігі зақымданса, бүйректің жұмысы бұзылады. Денеден тәулігіне өте көп мөлшерде зәр бөлінеді.

Ескерту: спортпен шұғылданып, денесі әбден шыныққан, бойлары 2 м жететін адамдар бар. Бұларда гипофиз гормоны қалыпты мөлшерде бөлінген. Тек шынығудың арқасында сүйектері жақсы дамыған.
Аралас бездер. Ұйқы безі. Жыныс бездері.

Гуморальдық және жүйкелік-гуморальдық реттелу


 Аралас бездер сөл де, гормон да бөледі. Сөлді арнайы өзектері арқылы басқа жерде орналасқан мүшелерге, ал гормондарды тікелей қанға бөледі. Сондықтан бұл бездер әрі сыртқы, әрі ішкі секреция бездеріне жатады. Аралас бездерге ұйқы безі мен жыныс бездері кіреді.

Ұйқы безінің құрылысы: ұйқы безі бозғылдау қызғылт түсті, ұзындығы 15–22 см, құрсақ қуысының оң жағында қарынның астына таман орналасады. Ұйқы безінің сыртқы секрециялық (экзокриндік) қызметі: өзінен бөлінетін ұйқы безінің сөлі өзекшесі арқылы тікелей ұлтабарға құйылады. Ішкі секрециялық (эндокриндік) қызметі: ұйқы безінің әр жерінде топтанып орналасқан ерекше жасушалар жиынтығына байланысты.
Жиынтық - геологияда: жарылымдармен шектеле отырып, бірқалыпты қатпарланған қат-қабаттар тобының немесе қатпарлардың бір бағытта ғана еңістенген осьтік жазықтықтарының бірлестігі.
Мұндай топтанып орналасқан жасушалар ұйқы безінің жалпы салмағының 2–10%-ын құрайды. Жасушалар тобы әсіресе ұйқы безінің төменгі ұшында көбірек орналасқан. Адамның ұйқы безінде мұндай жасушалар тобының саны 1 800 000-ға жетеді, ешқандай өзегі болмайды. Жасушалар тобының диаметрі 100 мкм-ден 500 мкм-ге дейін, пішіндері домалақ, сопақша және т.б. Сәби және жас кезде ағзаның өсуіне әсер ететін инсулин гормоны көбірек бөлінеді. Қартайғанда глюкагон гормоны көбірек бөлінеді. Ұйқы безінің экзокриндік қызметі асқорыту ферментін бөлу болса, эндокриндік қызметі инсулин, глюкагон гормондарын бөлумен байланысты.

Қызметі: инсулин (латынша «іnsula» – аралша, топ) – қарапайым нәруыз, қандағы глюкозаны реттейтін гормон.
Глюкоза (жүзім қанты) - Денеге тез және жеңіл сіңетін қанттың қарапайым түрі. Ол жемісжидектерде және балда болады, денедегі суды қалпына келтіруге пайдалануға арналған ақ ұнтақ түрінде сатылады. Глюкоза - моносахарид тобындағы көмірсутек.
Инсулин гормонын Канада ғалымдары 1921 жылы жасанды жолмен бөліп алған. Инсулин жасушалардың жарғақшасы арқылы глюкозаның өтуін жылдамдатады және оның біраз бөлігін гликогенге айналдырады. Гликоген бауырда, бұлшықеттерде қор ретінде жиналады.
Гликоген - глюкоза қалдықтарынан құралған, адам мен жануарлар организмі мүшелері мен ұлпаларында қорға жиналатын күрделі көмірсу (полисахарид). Гликоген негізінен бұлшықет талшықтары мен бауыр жасушалары (гепатоциттер) цитоплазмасында дән (түйіршік) түрінде жинақталады.
Дені сау адамның қанында глюкозаның мөлшері 4,6–6,7 миллимоль/л. Глюкоза – ағза үшін энергетикалық және пластикалық материал. Май мен нәруыз алмасуына да әсер етеді. Нәруыз түзілу кезінде жасуша жарғақшасынан аминқышқылдарының тасымалдануын күшейтеді. Инсулин зат алмасудың көптеген реакциясына қатысады.

Инсулин гормоны жетіспегенде (аз бөлінгенде) ағзада болатын ауытқулар: денеде инсулин гормоны жетіспесе, адам қант ауруына (сусамыр) шалдығады. Қант ауруы (сахарный диабет) көмірсу алмасуының бұзылуынан болады. Қанда глюкозаның концентрациясы 10 миллимоль/л дейін жоғарылайды. Бұл аурумен ауырған адамның бауырында гликоген қоры азайып, қанда глюкоза мен май қышқылы көбейеді. Жасушада аминқышқылы реакциясы бұзылып, нәруыздың түзілуі нашарлайды. Қанда глюкозаның мөлшері 0,1%-дан – 0,4% -ға дейін көбейеді, зәрдің құрамында глюкоза пайда болады.

Қанда глюкоза мөлшері артқандықтан, ол зәрмен бірге сыртқа шығарылады. Қантты бөліп шығару үшін қосымша су мөлшері қажет. Аурудың белгісі: адам шөлдей береді; тамақты да жиі қабылдайды; тез арықтайды. Бұл ауру суды көп қажет ететіндіктен «сусамыр» дейді. Қант диабеті ауруын емдеу үшін құрамында көмірсулары бар тағамдарды өте аз пайдалану;

Диабет (лат. diabetes mellitus) - бұл қанда қант мөлшерінің көбейіп кетуінен пайда болатын дерт. Бұл аурумен жас та, кемел жастағылар да, кәрі де ауырады. Әсіресе жасөспірім кездегі диабет ауруы өте қиын, мұндай жаста диабетпен ауырғандарға арнаулы дәрі (инсулин) қолдану ұсынылады.
диета сақтау; денеге инсулин гормонын жіберу; «толбутамид», «надизан» және т.б. дәрілерді ішу қажет. Ұйқы безінен бөлінетін екінші гормон – глюкагон. Бұл гормонның қызметі инсулин гормонына керісінше. Егер қанда глюкоза жетіспесе, глюкагон гликогеннің глюкозаға айналуына әсер етеді. Қанда глюкозаның мөлшері көбейеді.



Жыныс бездерінің сыртқы секрециялық белгісі: ер адамдардың жыныс бездерінде жыныс жасушаларысперматозоидтар, әйелдерде жұмыртқажасушасы түзіледі.
Гамета (грек, gametos - жыныс клеткалары, грек, gamete - әйел, gametes - еркек) - аталық (сперматозоид) және аналық (овоцит) жыныс жасушалары.
Ішкі секрециялық белгісі: жыныс бездерінде түзілген жыныс гормондары бірден қанға бөлінеді. Ер адамдардан бөлінетін жыныс гормондары – андрогендер (грекше «andros» – еркек) оның негізгісі – тестостерон. Әйелдердің жыныс гормондары экстрогендер деп аталады.

Қызметі: ер адамдардың жыныс гормоны еркектерге тән белгілердің дамуына әсер етеді (дауыстың жуандауы, сақал-мұрттың шығуы, бұлшықеттерінің даму ерекшеліктері және т. б.). Андрогендер – бауыр, бүйрек, бұлшықеттегі нәруыздың түзілуін күшейтеді. Орталық жүйке жүйесіне әсер етеді. Әйелдердің жыныс гормоны әйелдерге тән жыныс белгілерінің дамуын реттейді ( жіңішке дауыс, бетке сақал-мұрттың шықпауы; сүт бездері мен жатырдың дамуы, қанқа сүйектерінің ерекшеліктері және т. б.). Жыныс гормондары жетіспесе, сүйектің өсуі баяулап, денесі өспейді, тек аяқ-қолдары тым ұзарып кетеді.

Адам денесінде ішкі секрециялық бездерден басқа сыртқы секрециялық бездер де болады. Оларға жататындар: тер, жас, сілекей, сүт бездері мен бауыр және т. б. бездер. Бұл бездердің без жасушаларында түзілген өнімдері арнайы өзекшелер арқылы сыртқа шығарылады (тер, сілекей, сүт, өт және т. б.).



Ішкі секреция бездерінің бір-біріне әсері. Гуморальдық және жүйкелік-гуморальдық реттелу. Ішкі секреция бездері жұмысының бір-бірімен өзара күрделі байланысы негізінен мына факторлармен аңықталады: 1) әрбір мүшенің жұмысына әр түрлі бездерден бөлінетін бірнеше гормондар бір мезгілде әсер етеді;
Фактор, экологияда - 1) процестердің қозғаушы күші немесе оларға ықпалы бар жағдай, қайсыбір процестегі, құбылыстағы мәнді жағдай; 2) факторлық талдауда зерттелетін айнымалы шамалар арасындағы корреляция өрнегінің көрінісі.
2) бір бездің гормоны басқа бездің жұмысына әсерін тигізеді. Мысалы, гипофиздің алдыңғы бөлігінің гормоны бүйрекүсті бездерінің қыртыс қабатының дамуына әсер етеді. Инсулиннің бөлінуіне, қалқанша без бен жыныс бездерінің қызметіне әсерін тигізеді. Ішкі секреция бездерінен гормондардың бөлінуін орталық жүйке жүйесі реттейді. Өйткені, орталық жүйке жүйесінде бездердің жұмысымен байланысты орталықтар аралық мида бар. Жүйке арқылы реттелу өте тез жүреді және ол жүйке жүйесінің тікелей бақылауында болады. Гормондар арқылы реттелу жүйке арқылы реттелуден баяуырақ жүреді. Ағзада мүшелер қызметінің гормондар арқылы реттелуін гуморальдық реттелу дейді. Гуморальдық (латынша «humor» – сұйықтық) реттелу ағзаның ішкі ортасы (қан, лимфа, ұлпа сұйықтығы) мен жасушалардан, ұлпалардан бөлінетін биологиялық белсенді заттар арқылы жүзеге асады. Гуморальдық реттелуде гормондар негізгі рөл атқарады. Жүйкелік-гуморальдық реттелуде гуморальдық реттелу жүйкелік реттелуге бағынышты. Жүйкелер мен гипофиздің байланысының арқасында, жүйкелік-гуморальдық реттеу жүзеге асады. Екінші жағынан гормондар да жүйке жүйесінің жұмысына әсер етеді. Бұл екі жүйенің өзара бірлесуі бұзылса, барлық мүшелер жұмысы да бұзылады. Жүйкелік реттелу мен гуморальдық реттелу арқылы ағза үнемі өзгеріп тұратын орта жағдайларына бейімделеді.
1   2   3   4   5   6   7

  • Көмекей
  • Кеңірдек
  • Бронхы
  • Өкпенің құрылысы мен қызметі Өкпе
  • Өкпедегі және ұлпалардағы газ алмасу. Өкпедегі газ алмасу
  • Ұлпалардағы газ алмасу .
  • Өкпенің тіршілік сыйымдылығы. Тыныс алудың жүйкелік және гуморальдық реттелуі. Өкпенің тіршілік сыйымдылығы
  • Өкпенің тіршілік сыйымдылығы → тыныстық сыйымдылық (500 мл) тыныс алудың қосымша сыйымдылығы (1500 мл) тыныс шығарудың қосымша сыйымдылығы (1500 мл). ӨТС=500 мл 1500 мл 1500 мл=3500 мл
  • Тыныс алудың жүйкелік және гуморальдық реттелуі.
  • Адреналин
  • Жасанды тыныс алу жолдары.
  • Әдебиет : [ 1-9] Мультимедиялық құралдар тізімі
  • Ішкі секреция бездері немесе эндокриндік аппарат
  • Гипофиз
  • Гипофиз безінің қызметі бұзылуынан болатын ауытқулар.
  • Өсу гормоны
  • Жыныс бездерінің
  • Ішкі секреция бездерінің бір-біріне әсері. Гуморальдық және жүйкелік-гуморальдық реттелу.

  • жүктеу 0.97 Mb.