Главная страница
Контакты

    Басты бет


Пәні бойынша оқыту бағдарламасының титулдық парағы (syllabus)

жүктеу 0.97 Mb.



жүктеу 0.97 Mb.
бет4/7
Дата25.03.2017
өлшемі0.97 Mb.

Пәні бойынша оқыту бағдарламасының титулдық парағы (syllabus)


1   2   3   4   5   6   7

Тіс гигиенасы. Тісті сау қалпында сақтау үшін әрбір тамақтанғаннан кейін ауызды шайып, тісті тазалау қажет. Күн сайын тісті таңертең және кешке мұқият тазалап жуу керек. Тісті тазалауда белгілі ережені есте ұстау шарт. Алдымен бөлме температурасындағыдай сумен ауызды бірнеше рет шаю; содан соң арнайы тіс щеткасымен тазалау; алдыңғы жағын үйкелей бермей алдыңғы, артқы бүйір тұстарын да мұқият тазалау. Тіс щеткасын тістердің арасымен жоғарыдан төменге, төменнен жоғарыға қарай ысқылау; тістердің ауыз қуысына қараған ішкі беттерін де тазалау қажет (80, ә-сурет).

 Әрбір адамның жеке басының арнайы тіс щеткасы болуы тиіс. Тіс щетканы пайдаланғаннан кейін жақсылап тазартып жуып, сабындап қою керек. Келесі пайдаланарда сабынын жуып тазартып алу қажет.

 

Қазақ халқының көрнекті ғалымы, әрі алғашқы кәсіби дәрігері Халел Досмұхамедұлы да тістің тазалығына зор мән берген.

Халел Досмұхамедов (24.04.1883-1939) - Алаш қозғалысының қайраткері, дәрігер, ұстаз, ғалым. Мамандығы дәрігер бола тұрса да, қоғам өмірінің сан салалы мәселелеріне араласқан көп қырлы дарын: саяси және қоғам қайраткері, тарихшы, табиғаттанушы, тілтанушы, әдебиетші, ауыз әдебиетінің сирек үлгілерін жинап, насихаттаушы, шебер аудармашы.
«Аузыңды таза ұстасаң, тіс ауруының көбінен құтыласың. Тамақ жеген сайын тісіңді мәсуекпен (тіс тазалағышпен) жақсылап тазала. Ішкен-жеген сайын және ертеңінде, кешінде аузыңды тазалап шайып отыр». Ғалымның бұл даналық сөздері әрбір адамның есінде жүрер ережеге айналуы шарт.



Тісті тазалаудың басты құралы – тіс щеткасы (80, ә-сурет). Ондағы қылшықтардың орташа ұзындығы 25–30 мм, ені 8–12 мм болуы шарт. Жаңа тіс щеткасын пайдаланудан бұрын сабынмен, әрі ыстық сумен жуу керек. Тіс щеткасын әрбір 2–3 айда жаңартып отыру қажет. Тіс пасталарын да дұрыс таңдай білу керек. Мектеп оқушыларына «Ну, погоди», «Буратино», «Карлсон», «Детская», «Мятная», «Апельсиновая», «Олимп» және т.б. пасталар ұсынылады. Тістің кіреукесінің беріктігін сақтау үшін құрамында фторы бар пасталар қолданылады. Ондай пасталарға «Чебурашка», «Фтородент», «Флюродент», «Сигнал», «Пепсодент», «Колгейт» жатады.

Тістің бүтіндігін сақтау үлгісін жапон халқының қазіргі кездегі игілікті істерінен айқын көруге болады.

Жапония (жап. 日本) (“Күншығыс елі”) - Шығыс Азия жағалауларына жақын маңдағы Тынық мұхит аралдарында орналасқан мемлекет. Ел 6852 аралдардан тұрады. Ең үлкендері: Хоккайдо, Хонсю, Сикоку, Кюсю. Жер аумағы 372,2 мың км2.
Соңғы жылдары Жапонияда «тістің саулығы – ұлттың саулығы» деген ұзақ мерзімді «8020» атты шара қолға алынды. Бұл шара әрбір жапондыққа жақсы таныс. Оның мәні 80 жасқа дейін әр адамда 20 бүтін тіс болуы шарт: ол үшін алдымен тіс щеткасын таңдай білуге ерекше мән береді. Тісті және ауыз қуысын мұқият тазалау – ұзақ өмір сүрудің басты кепілі. Олай болса бұл салада да өзге халықтардың да өнегелі істерінен үлгі алудың ешбір сөгеттігі бола қоймас.


Асқорыту бездері. Асқорыту ферменттері. Сілекей бездері Асқорыту бездері. Асқорыту бездеріне үш жұп сілекей бездері, бауыр және ұйқы безі жатады.
Ұйқы безі (лат. pancreas - үйқы безі) - сыртқы және ішкі секреция безі. Сыртқы секреция безі ретінде ол ас қорыту ферменттеріне бай үйқы безі сөлін бөледі. Сонымен қатар, үйқы безі аралшықтарының жасушалары инсулин гормонын қанға бөледі.

Асқорыту бездерінен бөлінетін сұйықтықты сөл (секрет) деп атайды. Асқорыту бездері сыртқы секреция бездеріне жатады. Олар өздерінен бөлетін сөлді арнайы өзектері арқылы асқорыту мүшелеріне бөледі. Әрбір асқорыту безінің бөлетін сөлінің өз атаулары бар. Мысалы, бауырдан бөлінетін сөл – өт, сілекей бездерінен бөлінетін сөл – сілекей және т. б. (қосымша 211-бет).

Асқорыту бездерінің қызметін фистула әдісі арқылы зерттеуде көрнекті орыс ғалымы И.П. Павловтың еңбегі зор. Ғалымның бұл саладағы еңбегіне физиология ғылымындағы іргелі жаңалық ретінде Нобель сыйлығы берілген.

Нобель сыйлықтары (шведше:Nobelpriset, ағылш. Nobel Prize) - жыл сайын әйгілі ғылыми зерттеу, революциялық жаңалықтар немесе мәдениет не қоғам дамуына зор үлес қосатын жұмыстар үшін берілетін халықаралық сыйлықтардың ішіндегі ең танымалдарының бірі.
Қазіргі кезде асқорыту мүшелерінің ішкі кілегейлі қабығындағы өзгерістерді зерттеуде эндоскопия әдісі қолданылады. Онда жарықты арнайы оптикалық құралдар арқылы асқорыту мүшелерінің ішкі құрылысын көруге және суретке түсіріп алуға болады.

Асқорыту бездерінен бөлінетін сөлдің құрамында күрделі органикалық заттарды қарапайым заттарға дейін ыдырататын ерекше заттар болады. Оларды ферменттер деп атайды.



Асқорыту ферменттері. Ферменттер химиялық құрамы жөнінен нәруызтектес органикалық заттарға жатады.
Ферменттер - барлық тірі организмдер құрамына кіретін арнайы ақуыздар. Химиялық реакцияларды жеделдетеді. Реакция түрлеріне сай ферменттер 6 топқа бөлінеді: оксидоредуктазалар, трансферазалар, гидролазалар, лиазалар, изомеразалар, лигазалар.
Ферменттер тірі жасушалардың барлығында кездеседі. Олар жасушада жүретін реакциялардың белсенділігін арттырады. Сондықтан да ферменттерді кейде биологиялық өршіткі – катализаторлар деп те атайды. Ферменттердің белсенді әсер етуіне қолайлы температура 37, 38°С.

Ферменттердің өздеріне тән қасиеттері бар. Біріншіден, әрбір фермент белгілі бір органикалық затты ғана ыдырата алады. Екіншіден, әрбір фермент белгілі бір химиялық ортада белсенді әсер етеді. Мысалы, қарын сөлінің құрамындағы ферменті қышқылды, ұйқы безінің сөліндегі ферменті – сілтілі ортада әсер етеді.

Көптеген ұсақ және ірі үш жұп сілекей бездерінің өзектері ауыз қуысына ашылады. Сілекей бездерінің ең ірісі – жұп шықшыт безі.

Шықшыт безі (околоушная железа); (glandulae parotis, лат. glandula - без, parotis - құлақ түбі) - ауыз қуысына сілекей бөлетін күрделі көпіршікше-түтікше без. Шықшыт безі құлақ маңында орналасады. Ол көптеген бөліктерден тұрады.
Ол құлақ қалқанының астында орналасқан. Оның өзегі ұртқа ашылады, салмағы 20–30 г. Астыңғы жақасты сілекей бездерінің салмағы 14–15 г. Оның өзегі тілдің астына ашылады. Сілекей бездерінің ең кішісі – тіласты бездері. Оның салмағы 5 г, өзегі тілдің астына ашылады. Тағамның құрамына байланысты сілекей бездерінен тәулігіне шамамен 1,5–2 литрге дейін сілекей бөлінеді (82-сурет).

Сілекей – тұтқыр, түссіз сұйықтық. Оның құрамында 99–99,5% су, 0,5–1% органикалық және бейорганикалық заттар болады. Бейорганикалық заттардың мөлшері органикалық заттарға қарағанда 2–3 есе аз. Сілекейдің реакциясы әлсіз сілтілі. Сілекейдің құрамында көмірсуларды ыдырататын фермент – амилаза болады. Сілекейдің құрамында бактерияларды жоятын лизоцим болады.

Сілекейдің бөлінуі рефлекторлық жолмен реттеледі.

Рефлектор (латынша reflecto - кейін айналдырамын, шағылыстыру) - жарық сәулелерінің шағылу құбылысына негізделген телескоп. Рефлекторда аспан шырақтарының (Күн, жұлдыз, т.б.) кескіні ойыс айна арқылы алынып, телескоп окуляры арқылы бақыланады, суретке түсіріледі не спектрограф, фотометр, т.б.
Сілекей бөліну орталығы сопақша мида орналасқан. Тамақ ауызға түскенде ондағы жүйке талшықтарының ұштары (рецепторлар) тітіркенеді де, сілекей бөлінеді. Бұл сілекей бөлінудің шартсыз рефлексіне жатады. Ал сілекейдің тамақтың иісіне, көрінісіне, тамақ туралы айтылған сөздерге байланысты бөлінуі – шартты рефлекске жатады.

Шықшыт сілекей бездері қабынған кезде ісініп, жақпен тұтасып айқын байқалады. Ондай ауру паротит (свинка) деп аталады.

Қарын және ішек сөлі. Бауыр мен ұйқы безінің құрылысы және қызметі Қарын сөлі – қарынның ішкі кілегейлі қабығындағы ұсақ бездерден бөлінеді. Ересек адамда тәулігіне шамамен 2 литрдей қарын сөлі бөлінеді. Бөлінетін қарын сөлінің мөлшері тағамның құрамына, қою-сұйықтығына байланысты. Асқазанның кілегейлі қабығындағы безді жасушалар құрылысына және атқаратын қызметіне байланысты 3 топқа бөлінеді. Бездердің бір тобынан – ферменттер, екіншісінен – тұз қышқылы, үшіншісінен – кілегейлі зат – муцин бөлінеді.

Қарын сөлі түссіз, әрі қышқылды ортада белсенді әсер етеді. Қарын сөлінің құрамы: 97–98% су, 1% органикалық заттар (ферменттер), 0,5% минералдық тұздар, 0,7% тұз қышқылы.

Асқазанның бұлшықеттерінің үнемі жиырылып босаңсуының арқасында тағам қарын сөлімен әбден араласады. Қарын сөлімен араласқан тағамды жентек (химус) деп атайды.

Тамақ ауыз қуысына түскен кезде-ақ қарын сөлі шартсыз рефлекс арқылы көп бөліне бастайды.

Шартсыз рефлекс - тұрақты, сондықтан ол үйреншікті (адекватты) тітіркендіргішке (тамақ, жарық, жылылық және т.б.) мидағы белгілі рецепторлық алаң арқылы жауап беріп отырады. Шартсыз рефлекс көбінесе туғаннан қалыптасса, ал кейбірі өте кеш пайда болады (мысалы жыныс рефлекстері. И.П.
Мұны И.П. Павлов тәбет сөлі деп атаған. Қарын сөлінің бөлінуі рефлекстік және гуморальдық жолмен реттеледі. Қарын сөлінің құрамын, реттелуін И.П. Павлов өңешті кесіп және қарынға фистула қою және «бөлініп алынған қарынша» әдістері арқылы зерттеді. Қарын сөлінің құрамындағы фермент – пепсиннің әсерінен нәруыздар ыдырайды. Қарын сөлінің құрамындағы тұз қышқылы ферменттердің белсенділігін арттырады және микробтарды, бактерияларды залалсыздандырады.

Асқазанда тамақтың қорытылуына ішімдік пен темекі тарту зиянды әсер етеді. Ішімдік асқазанның кілегейлі қабығындағы бездердің қалыпты қызметін бұзады. Ішімдікті үзбей пайдаланатын адамдарда асқазанның созылмалы қабынуы (хронический гастрит) байқалады.

Созылмалы - бұл бірден жазылып кете коймайтын, емдік шараларды қолданып үнемі сақталып жүруді қажет ететін ауруларға қолданылатын термин.
Темекі құрамындағы никотин уы сілекей арқылы асқазанға түсіп кілегейлі қабығының қабынуын туғызады. Кейде никотин әсерінен асқазандағы ұсақ қантамырлар зақымданып, ойық жаралар (язва желудка) пайда болады. Темекіні көп тартатын адамдардың 90%-ға жуығы асқазанның ойық жара ауруына шалдығады.

Ішек сөлі – аш ішектің ішкі кілегейлі қабығындағы көптеген ұсақ бездерден бөлінеді. Аш ішекте астың ары қарай қорытылуы өттің және ішек сөлінің әсерінен жүреді. Ішек сөлінің түсі күңгірттеу сұйықтық. Ересек адамда тәулігіне шамамен 2 литрдей ішек сөлі бөлінеді, оның реакциясы да сілтілі. Ішек сөлінің әсерінен асқазаннан тамақпен бірге келген қышқылды орта жойылады. Ішекке асқазаннан түскен тағамның әсерінен ішек сөлі үздіксіз бөлініп тұрады. Ішек сөлінің құрамында су, органикалық, бейорганикалық заттар және 20-дан астам ферменттер болады. Олар түрлі тағамдарды ыдыратып, денеге сіңуіне жағдай жасайды. Ішек сөлінің бөлінуі рефлекстік және гуморальдық жолдармен реттеледі.

Бауыр – адам ағзасындағы ең үлкен асқорыту безі. Бауыр жасушалары шоғырланып, өте ұсақ бөлшектер құрайды (83-сурет). Ол құрсақ қуысының жоғары бөлімінің оң жағында көкеттің астында орналасқан. Бауырдың салмағы ересек адамда 1,5–1,7 килограмдай, қоңырқай түсті безді мүше. Бауырдың оң жақ бөлігі үлкен, сол жақ бөлігі кішкене. Оның астыңғы бетінде алмұрт пішінді өт қабы орналасқан. Ересек адамның өт қабында 30–50 мл өт болады.

Бауырдың негізі эпителий ұлпасынан тұрады. Бауыр жасушаларына өте көп мөлшерде қан келеді. Бауырға артерия қанымен бірге, аш ішек, тоқ ішек, асқазан, ұйқы безі, көкбауырдан жиналған вена қаны да келеді.

Вена (лат. vena - көктамыр) - қанды организмнен жүрекке алып келетін ірі тамыр.
Вена қаны бауырдың вена қақпасын құрайды. Вена қанының құрамындағы денеге сіңген тағамдық өнімдер бауырда қайта өңделеді. Өңделген заттардың біраз бөлігі қайтадан қанға өтіп, ұлпаларға, мүшелерге энергия және құрылыс материалы түрінде таралады. Қалған бөлігі бауыр жасушаларында гликоген күйінде қор заты болып жиналады.

Бауыр жасушалары ішімдікке, есірткіге және темекі уына өте сезімтал. Ішімдікті үнемі, әрі ұзақ уақыт пайдаланатын адамдардың бауыр жасушалары тығыздалып, дәнекер ұлпаға айналады. Ол бауырдың өте қауіпті ауруы – бауырдың беріштенуіне (цирроз) соқтыруы мүмкін. Бауырда вирустардың әсерінен болатын жұқпалы бауырдың қабынуы (гепатит) ауруы да кездеседі. Бұл ауруды ауызекі тілде сары ауру (болезнь Боткина) деп атайды.

Ауызекі тіл , ауызекі сөйлеу - адамдардың тіл арқылы қарым-қатынас жасауының бір түрі. Ауызекі тілдің басты ерекшелігі - сөйлеудің алдын ала дайындықсыз, тікелей қарым-қатынас жасау барысында жүзеге асатындығы.
Бауырда паразитті таспақұрт – эхинококктың әсерінен де ауру болуы мүмкін. Оның жұмыртқалары лас судан, таза жуылмаған көкөністерден, не жануарлардан жұғады да, қанмен бауырға келеді.
Паразитизм (гр. parasіtos – арамтамақ) - белгілі бір организмнің (паразиттің) екінші бір организмді (иені) тіршілік ортасы ретінде пайдаланып, сонда өсіп дамуы, қоректенуі.
Жұмыртқа(ovum) - аналық жыныс жасушасы; одан ұрықтану нәтижесінде немесе партеногенез жолымен жаңа организм дамиды. Жануарлар Жұмыртқасының (жұмыртқа жасушасының) құрамында тұқымның дамуына қажетті нәрлі (кенеулі) заттар болады.
Одан эхинококкоз ауруы пайда болады.

Бауырдың басты қызметі – өт бөлу. Ересек адамдарда тәулігіне 0,5–1 л өт бөлінеді. Бауырдан бөлінген өт алдымен өт қалтасына (қабына), одан өт қабының өзегі арқылы ұлтабарға түседі. Бауыр жасушаларынан өт үнемі бөлініп тұрады. Өт ұлтабарға адам тамақтанған кезде ғана өтеді. Өттің бөлінуі гуморальдық және рефлекторлық жолмен реттеледі.

Өттің құрамының 95–98% су, қалғаны өт пигменттері, өт қышқылдары, холестерин, минералдық тұздар.

Холестерин (холестерол) (көне грекше: χολή - «өт» және көне грекше: στερεός - «қатты») -- стериндер тобына жататын органикалық зат, химиялық формуласы - C27H46O (10R,13R)-10,13-диметил-17-(6-метилгептан-2-ил)-2,3,4,7,8,9,11,12,14,15,16,17-додекагидро-1H-циклопента[a]фенантрен-3-ол.
Пигменттер (лат. pіgmentum - бояу), биологияда - ағза ұлпасы құрамында болатын боялған заттар. Пигменттердің түсі күн спектрінің әр түрлі сәулесін сіңіретін хромофор тобына байланысты анықталады. Пигменттердің ағза тіршілігінде, әсіресе фотобиология процесінде маңызы зор.
Өт түсінің сары-қоңырқай, кейде жасыл болуы құрамындағы пигментті заттарға (билирубин, биливердин) байланысты. Өт пигменттері тіршілігін жойған эритроциттердің гемоглобинінен түзіледі. Өттің, зәрдің және нәжістің түстерінің сарғыш түсті болуы да өт пигменттеріне байланысты. Өт әлсіз сілтілі ортада белсенді қызмет атқарады.

Өттің негізгі қызметінің бірі – майлы тағамдарды қорытуға әсер етеді. Майлы етті тағамды пайдаланған кезде өт көп бөлініп, қанның құрамында холестериннің мөлшері артады. Ол ұзақ уақыт ұсақ түйіршіктер (кристалдар) түрінде жиналып, өт қалтасында, өт өзегінде «тастың» пайда болуына әсер етеді. Өт майлар мен майда еритін витаминдердің денеге сіңуіне септігін тигізеді. Ішек сөлінің және ұйқы безі сөлінің ферменттерінің белсенділігін арттырады. Өт ішекте сілтілі ортаның қалыптасуына жағдай жасайды. Өт ішектің қабырғасындағы бірыңғай салалы бұлшықеттердің жиырылуын тездетеді. Қанмен бірге келген микробтарды зиянсыздандырады. Бауырдың ағзада атқаратын қызметі сан алуан. Ол зат алмасудың қалыпты жүруін қамтамасыз етеді. Бауыр қандағы қанттың қалыпты деңгейін сақтайды. Бауырда қанттың артық мөлшері қор ретінде (гликоген) жиналады. А витамині, фибриноген, протромбин нәруыздары түзіледі. Тіршілігін жойған эритроциттер бауырда өттің түзілуіне қатысады. Ішектен бірге түскен зиянды және улы заттар бауырда зиянсызданады.

Бауыр ауруын емдеуде қазақстандық ғалымдар академик, халық қаћарманы Мұхтар Әлиев пен профессор Жақсылық Досқалиевтың еңбегі зор. Олар ұрықтың (түсіктің) бауыр жасушаларын алып, бауыры ауыратын науқастардың бауырына салды. Бұл медицинада дүниежүзілік мәні зор жаңалық болды.

Медицина (лат. medicina: medicus - дәрігерлік, емдік) - адамдардың денсаулығын сақтау мен нығайту, сырқаттарды емдеу мен аурудың алдын алу, денсаулық және жұмысқа қабілеттілік жағдайында, адамзат қоғамында ұзақ өмір сүруге жетуді көздейтін тәжірибелік іс-әрекеттің және ғылыми білімдердің жүйесі.

 Ұйқы безі – бауырдан кейінгі кіші асқорыту безі. Ол әрі сыртқы, әрі ішкі секреция бездерінің қызметін атқарады. Ұйқы безі қарынның астыңғы жағында орналасқан пішіні таспа тәрізді. Салмағы 60–80 г. Ұйқы безінің де өзегі ұлтабарға ашылады. Одан бөлінетін сөл нәруыздарды, майларды және көмірсуларды ыдыратады.

Оның сыртқы бөлігі ғана сөл бөледі. Ұйқы безінен панкреатин (латынша «рankreas» – ұйқы безі) сөлі ересек адамдарда тәулігіне 1,5–2 л бөлінеді.

Ұйқы безінің ішкі бөлігінен инсулин, глюкагон гормондары бөлінеді де, көмірсулардың және майлардың алмасуын реттейді.

Инсулин (лат. insulinum insula - арал) - эндокринді эпителиоциттерден құралған ұйқы безі аралшықтарының бета-жасушалары (В- инсулоциттері) бөліп, қанға шығаратын гормон. В- инсулоциттер ұйқы безі аралшықтарының орталықтарында орналасады.
Гормондар (гр. hormao - қоздырамын, қозғаймын) - эндокринді бездер немесе эндокриндік қызметке қабілетті жекеленген жасушалар бөлетін тым белсенді органикалық биологиялық заттар. Аталмыш бездер мен жасушалардың шығару өзектері болмағандықтан, олар өздері бөлетін гормондарын организмнің ішкі сұйық ортасына (ұлпа сұйығы, қан, лимфа) бөліп шығарады.

Қорыта айтқанда, ас асқорыту мүшелерінде ұсақталып, асқорыту бездерінен бөлінетін сөлдердің әсерінен қорытылады. Қорытылған заттар қан мен лимфа арқылы денеміздегі барлық жасушаларға, ұлпаларға таралады. Қорытылмай қалған қалдық заттар сыртқа шығарылады.

 Асқорыту мүшелерінде астың қорытылуы мен сіңуі Ауыз қуысында астың өзгеруі. Ауыз қуысына түскен тағам шайналып ұсақталып, сілекеймен шыланады. Сілекей тағамның бөлшектерін жібітіп, оңай жұтылатын түйіртпектерге айналдырады. Сілекейдің құрамындағы ферменті тек сілтілі ортада көмірсуларға әсер етіп, тағам химиялық өзгерістерге ұшырайды. Ауыз қуысындағы тағам тіл мен жұтқыншақтың бұлшықеттерінің жиырылуы арқылы жұтылады. Тамақ жұтылған соң алдымен жұтқыншаққа, одан өңеш арқылы асқазанға өтеді. Жұту кезінде көмекей қақпағы жабылады. Тамақ жеп, не ішіп отырған кезде адам сөйлейтін болса, тамақ түйірлері көмекейге түсуі мүмкін. Тамақ түйірлері көмекейге түссе, адам шашалады, кейде тұншығады. Сондықтан да, тамақ ішіп отырғанда сөйлеуге болмайтынын естеріңнен шығармаңдар!

Асқазанда астың қорытылуы. Ересек адамдардың асқазанының сыйымдылығы 1,5–2 литр.

Сыйымдылық (Емкость; capacity) - 1) компьютер жадына, сақтау құрылғыларына жазуға болатын мәліметтердің ең көп мөлшері (өлшем бірліктері: бит, байт, сөз немесе таңба). Биттермен, байттармен (Кб, Мб, Гб), символдармен немесе сөздермен өлшенеді; 2) байланыс арнасында - мәліметтер жеткізу (өткізу) мүмкіндігі (бір секундта өткізілетін мәліметтер көлемі); 3) машиналық сөздің немесе регистрдің ұзыңдығы.
Асқазанның пішіні мен мөлшері астың түсуіне байланысты үнемі өзгеріп тұрады. Ұсақ бездерден бөлінетін қарын сөлінің құрамында су, тұз қышқылы, ферменттер және т.б. заттар болады.

Асқазанда тағам 3–6 сағаттай уақыт қорытылады да, жартылай қоймалжың сұйық жентекке айналады. Жартылай сұйық жентек белгілі бір мөлшерде оқтын-оқтын аш ішекке өтіп тұрады.



Ішекте астың қорытылуы және сіңуі. Асқазанда жартылай қорытылған ас алдымен ұлтабарға түседі. Ұлтабарға бауырдан келетін өт қабының және ұйқы безінің өзегі ашылады. Бауырдан келетін өттің әсерінен майлы тағамдар ыдырай бастайды. Ұлтабарда негізінен барлық тағамдық заттар қорытылады. Нәруыздар – амин қышқылдарына, крахмал – қантқа, майлар – май қышқылдары мен глицеринге дейін ыдырайды. Ұлтабардан ас белгілі мөлшерде оқтын-оқтын аш ішектің келесі бөліміне өтеді. Мұнда тағамдық заттар ішек сөлінің әсерінен толық қорытылып, еріген қосылыстарға айналады.

Астың сіңуі. Аш ішектің ішкі кілегейлі қабықшасында өте ұсақ тұйық өскіндер – бүрлер болатыны сендерге таныс. Бүрлердің сырты бір қабатты эпителий жасушаларынан түзіледі. Бүрлердің ішкі жағын көптеген қан және лимфа тамырлары торлап жатады. Бүрлер ішектің ішкі кілегейлі қабықшасында өте көп болады. Бүрлер арқылы әбден қорытылған амин қышқылдары мен қант (глюкоза) қанға өтеді. Глицерин мен май қышқылдары лимфа тамырларына өтеді де, тері астындағы шел қабатқа жиналады. Амин қышқылдары мен қант бауырға барып, қайта өзгерістерге ұшырап, бүкіл денеге таралады. Бұл арада, сендер, қоректік заттардың қанға тек еріген күйінде ғана өтетінін есте сақтаңдар!

Тоқ ішекте астың қорытылуы. Астың қорытылуы мен сіңуі негізінен аш ішекте аяқталады. Тоқ ішектің бездерінен бөлінетін сөлде ас қорытатын ферменттер өте аз болады. Оның есесіне тоқ ішекте бактериялар көп. Бактериялардың ферменттері күрделі көмірсу – жасунықты (клетчатканы) ыдыратуға қабілетті. Бактериялар «К» және «В12» витаминдерін синтездейді. Асқорыту мүшелерінің басқа бөлімдеріне қарағанда тоқ ішекке түскен ас қалдықтары ұзағырақ сақталады. Ас қалдықтары тоқ ішектің суды қарқынды сіңіруінің нәтижесінде біртіндеп тығыз зат – нәжіске айналады. Тік ішектің төменгі бөлігінде екі сақина тәрізді бұлшықеттер бар. Осы бұлшықеттердің көмегімен нәжіс сыртқа шығарылады.

Әдебиет: [1-9]

Мультимедиялық құралдар тізімі:

  1. Ащ ишектегі астың қорытылуы.

  2. Асқорыту жүйесінің құрылысы.

  3. Ас қорыту жүйесі бойынша саяхат.


Тақырып 4. Тыныс алу жүйесі

  1. Мұрын қуысы. Көмей.

  2. Кеңірдек және бронхлар. Өкпенің анатомиялық құрылысы.

  3. Ацинус ұғымы. Альвеолалар.

Тынысалу деп мүшелер мен қоршаған ортаның арасындағы газ алмасуды айтады. Жер бетіндегі тіршілік ететін тірі ағзалардың барлығы тынысалу кезінде оттекті қабылдап, көмірқышқыл газын бөледі.
Газ(фр. gas, гр. chaos – бей-берекет) - заттың атомдары мен молекулалары бір-бірімен әлсіз байланысқандықтан, кез келген бағытта еркін қозғалатын және өзіне берілген көлемге толық жайылып орналасатын агрегаттық күйі.
Ағзаның әрбір жасушасының жұмысы (бұлшықеттердің жиырылуы, тердің, сілекейдің бөлінуі, қозудың берілуі) энергияны жұмсаумен байланысты. Тынысалу тірі ағзаларға тән қасиет.

Энергия органикалық заттардың тотығуы мен ыдырауынан босап шығады. Тотығуға оттек жұмсалады. Ағзада оттектің қоры болмайды. Ағза тыныс алғанда оттекті қабылдайды, ыдырау өнімдері (көмірқышқыл газы мен су буы) ағзадан сыртқа шығарылады. Тынысалу мүшелері, қанайналым жүйесі, ағза мен қоршаған орта арасында газ алмасуды қамтамасыз етеді. Органикалық заттардан энергия босау үшін оттек қажет. Тірі ағза үздіксіз тыныс алады. Адам оттексіз 1 минут та тіршілік ете алмайды.



Тынысалу мүшелерінің құрылысы. Тынысалу жүйесіне – мұрын қуысы (кеңсірік), жұтқыншақ, көмекей (көмей), кеңірдек, бронхылар, өкпелер жатады (67-сурет). Өкпелерден басқасын ауа өтетін жолдар деп атайды.

 Мұрын қуысының (кеңсіріктің) құрылысы. Ауа танау тесіктері арқылы кеңсірікке барады. Кеңсірікті сүйекті-шеміршекті перде оң және сол жақ жартыға бөліп тұрады. Кеңсіріктің қабырғаларын эпителий ұлпасынан түзілген кірпікшелері мен түктері бар кілегейлі қабықша қаптайды. Онда көптеген ұсақ бездер болады. Безді жасушалардан бөлінген шырыш шаң мен тозаңдарды ұстап қалады. Әрі ауа ылғалданады. Кілегейлі қабықша қантамырларына бай. Мұрын қуысындағы ұсақ көптеген қантамырлардың әсерінен ауа біршама жылынып ары қарай өтеді. Қан жасушалары – лейкоциттер мұрын қуысына енген микробтарды жояды.


1   2   3   4   5   6   7

  • Асқорыту бездері. Асқорыту ферменттері. Сілекей бездері Асқорыту бездері.
  • Асқорыту мүшелерінде астың қорытылуы мен сіңуі Ауыз қуысында астың өзгеруі.
  • Асқазанда астың қорытылуы.
  • Ішекте астың қорытылуы және сіңуі.
  • Тоқ ішекте астың қорытылуы.
  • Әдебиет : [ 1-9] Мультимедиялық құралдар тізімі
  • Тынысалу мүшелерінің құрылысы.
  • Мұрын қуысының (кеңсіріктің) құрылысы.

  • жүктеу 0.97 Mb.