Главная страница
Контакты

    Басты бет


Пәні бойынша оқыту бағдарламасының титулдық парағы (syllabus)

жүктеу 0.97 Mb.



жүктеу 0.97 Mb.
бет3/7
Дата25.03.2017
өлшемі0.97 Mb.

Пәні бойынша оқыту бағдарламасының титулдық парағы (syllabus)


1   2   3   4   5   6   7

Аяқ қаңқасына жамбас белдеуі мен аяқ сүйектері жатады.

Жамбас пен сегізкөз тұтасып жамбас қуысын құрайды. Жамбастың өзі бір-бірімен тұтасып кеткен 3 сүйектен (мықын, шат, шоңданай) тұрады.



Әдебиеттер: [1-9]

Мультимедиялық құралдар тізімі:

  1. Тірек-қимыл жүйесі.

  2. Адам қаңқасы.

  3. Сүйектердің құрылысы мен құрамы.


3 Тақырып Ас қорыту жүйесі.

1. Ауыз қуысы.

Блок тақырыбы (Заголовок блока; block header) - блоктың басында орналасып, ол жайлы мәліметтер беретін және операциялық жүйеде қолданылатын арнайы жазба. Мысалы, блок тақырыбында оған кіретін логикалық жазбалар саны көрсетілуі мүмкін.
Жамбас белдеуі (лат. pelvis) - сегізкөзден және онымен қимылсыз біріккен екі жамбас сүйектерінен қүралған қағқаның маңызды бөлігі. Жамбас сүйектерінің алдыңғы жағы бір-бірімен қимылсыз біріккен. Жамбас сүйектерінің ойысында ортан жіліктің басы бекіген.
Ауыз қуысы Ауыз қуысы (лат. cavum oris) - ас (азық) корыту жүйесі бас бөлімінің аддыңғы бөлігі. Ауыз қуысының сүйектік негізін: тұмсық сүйек, жоғарғы жақ сүйек, тандай сүйек, төменгі жақ сүйек, тіл асты сүйек құрайды.
Сілекей бездері. Тістердің құрылысы және мамандалуы.
Сілекей (лат. saliva) - тұтқыр, түссіз сұйықтық. Үш түрлі сілекей (шықшыт, тіл асты, жақ асты) бездерден шығатын зат. Сілекейдің сутектік көрсеткіші - рН (6,8-7,0) аралығында, яғни бейтарап реакцияға жақын келеді.
Тіс (dentes) - адамның және омыртқалы жануарлардың ауыз қуысында (кейбір балықтардың жұтқыншағында) орналасқан сүйек. Тіс азықты ұстау, тістеп үзу, шайнап, ұсақтау қызметін атқарады. Тістің сауыты, мойыны, түбірі болады.
Тіл.

2. Жұтқыншақ. Өңеш.

3. Қарын құрылысы.

4. Ащ ішеі. Тоқ ішек.

5. Қарын асты безі. Бауыр.


Асқорыту мүшелері мен асқорыту бездері қосылып асқорыту жүйесін құрайды. Асқорыту жүйесінде тағам әр түрлі механикалық және химиялық өзгерістерге ұшырайды. Тағам құрамындағы нәруыздар, майлар, көмірсулар суда ерімейді. Сондықтан олар қан мен лимфаға өте алмайды. Асқорыту мүшелерінде тағамның шайналып ұсақталуы механикалық өңдеу делінеді. Асқорыту бездерінен бөлінген сөлдің әсерінен ыдырауы химиялық өзгерістерге жатады.

Асқорыту мүшелеріне ауыз қуысы, жұтқыншақ, өңеш, асқазан (қарын), аш ішек және тоқ ішек жатады.
Қарын, асқазан (лат. ventriculus - гр. gaster - қарын) - азық (ас) қорыту жүйесінің қапшық тәрізді кеңейген қуысты ағзасы. Бөлімдерінің санына қарай қарын - бірбөлімді және көпбөлімді қарындар болып бөлінеді.
Асқорыту мүшелерінің іші қуыс, түтікке ұқсас.

Асқорыту мүшелерінің қабырғасы негізінен үш қабаттан тұрады: сыртқы қабаты – дәнекер ұлпадан тұратын сірқабат. Ортаңғысы – бұлшықет қабаты, ішкі қабаты – эпителий ұлпасынан тұрады.



Ауыз қуысы. Ауыз қуысын кіреберіс (ұрт) және нағыз ауыз қуысы деп екі бөлімге бөледі. Ұрттың сыртын бұлшықеттер мен еріндер жауып тұрады. Оның ішкі жағында үстіңгі, астыңғы жақ сүйектері, қызылиек және тістер орналасқан. Нағыз ауыз қуысы алдыңғы жағынан жақ сүйектерімен, тістермен, ал артқы жағынан аңқамен (зев) көмкерілген.

Ауыз қуысының үстіңгі жағындағы қатты таңдай мен жұмсақ таңдай, оны мұрын қуысынан бөліп тұрады. Жұмсақ таңдайдың артқы бөлімі жіңішкеріп әрі ұзарып бөбешікпен (тілшік) аяқталады. Ауыз қуысына сілекей бездерінің өзектері ашылады. Тағам алдымен ауыз қуысында шайналып ұсақталады әрі сілекеймен араласып жұтылады. Тамақты жұту күрделі физиологиялық процесс (75-сурет).

Ауыз қуысында тіл орналасқан. Ол көлденең жолақты бұлшықет ұлпасынан тұрады. Тілдегі бұлшықет талшықтарының кейбір тобы – ұзына бойы, екінші тобы – көлденең, үшіншісі – тік бағытта жатады. Осыған байланысты тіл өте қозғалмалы мүше. Тілдің түбі, денесі және ұшы болады. Тіл кілегейлі (шырышты) қабықшамен қапталған. Тілдің кілегейлі қабықшасының үстіңгі бетінде түрлі пішінді көптеген дәм сезу емізікшелері бар. Тілдің ұшы – тәттіні, екі бүйірі – қышқыл мен тұзды, ал түбі – ащыны сезеді. Сондықтан тіл дәм сезу мүшесіне де жатады. Сонымен бірге тіл сөйлеуге және тамақты жұтуға да қатысады. Ауыз қуысы тікелей аңқа (зев) арқылы жұтқыншақпен байланысады.

Жұтқыншақ – түтік пішінді қуыс, бұлшықетті мүше, көлденең жолақты бұлшықет ұлпасынан тұрады. Жұтқыншақ мойын омыртқалардың алдыңғы жағында орналасқан. Ересек адамда оның ұзындығы, шамамен 11–13 см. Жұтқыншақтың төменгі бөлігі әрі өңешпен, әрі көмекеймен байланысады. Жұтылған тамақ жұтқыншақ арқылы өңешке түседі (75-сурет). Тыныс алғанда ауа жұтқыншақ арқылы көмекейге өтеді. Жұтқыншақ арқылы тамақ та, ауа да өтеді. Сондықтан ол әрі асқорыту, әрі тыныс алу мүшелер жүйесіне жатады.

Жұтқыншақ екі бүйіріндегі тесіктер арқылы ортаңғы құлақ қуысымен байланысқан. Жұтқыншақтың ауыз қуысына жалғасқан жерінде бозғылт-қызыл түсті бадамшалар (миндалина) орналасқан. Олар ірі лимфа түйіндерінен түзіліп, қорғаныштық қызмет атқарады.

Ортаңғы құлақ (среднее ухо); (auris media, лат. аuris-құлақ, лат. media - ортаңғы) - самай сүйегінің дабыл қуысында орналасқан құлақ бөлігі. Ортаңғы құлақты бір-бірімен буындар және бұлшықеттер арқылы қозғалмалы байланысқан есту сүйекшелері (балғаша, төс, жасымықша, үзеңгіше) мен дабыл жарғағы құрайды.
Қорғаныс Қорғаныс аймағы - инженерлік құрылыстармен жабдықталған жергілікті жер ауданы. Қорғаныс аймағы құрамалар (бірлестіктер) ұрыстық ретке (операцияға тізілу) жайылып, қорғаныс ұрысын (шайқасын) жүргізеді. Ұлы Отан соғысы жылдары мен соғыстан кейінгі кезенде қорғаныс аймағы тактикалык және оперативтік болып бөлінген.
Бадамшалардың іші лейкоциттерге толы болады.
Қанның ақ түйіршіктері немесе лейкоциттер (гр. λευκως - ақ және гр. κύτος - жасуша) – ядросы бар және белсенді амеба тәрізді қозғалатын түссіз қан жасушалар. Қанның 1 мм3 көлемінде 6-8 мың лейкоциттердің алуан түрлі (лимфоциттер, моноциттер, базофилдер, эозикофилдер және нейтрофилдер) болады.
Олар тағам немесе ауамен түскен микробтарды жояды. Егер бадамша қабынса, қызметі дереу бұзылады. Бадамшалар лимфа жүйесіне жатады.



Өңеш – ұзындығы 25 сантиметрдей іші қуыс бұлшықетті мүше. Оның жоғарғы бөлімі жұтқыншақпен, төменгі бөлімі асқазанмен жалғасады. Өңешті астарлап жатқан кілегейлі қабықшасы көп қабатты эпителиймен қапталған. Эпителийлердің ұзын қатпарлары тамақ өткен кезде өңешті кеңейтеді. Өңештің ортаңғы бұлшықетті қабықшасының көп бөлігі бірыңғай салалы бұлшықет ұлпасынан тұрады. Осы бұлшықеттердің толқын тәрізді оқтын-оқтын жиырылуы нәтижесінде тағам асқазанға түседі. Өңеш көкеттің ортасындағы тесіктен өтіп, құрсақ қуысындағы асқазанмен (қарынмен) жалғасады.

 

Асқазан (қарын) – құрсақ қуысының жоғары бөлімінің сол жағында көкеттің астында орналасқан асқорыту жолының кеңейген мүшесі (76-сурет). Асқазан іші қуыс қалың бұлшықетті мүше. Асқазан жоғарғы жағынан өңешпен төменгі жағынан аш ішектің басталар жері ұлтабармен жалғасады. Асқазанның ішкі жағын астарлап жатқан қатпарлы кілегейлі (шырышты) қабықшасы оның көлемін үлкейтеді. Асқазанның қабырғасындағы бірыңғай салалы бұлшықет талшықтары үш түрлі бағытта орналасқан.

Талшық - Солтүстік Қазақстан облысының қаласы, Ақжар ауданының орталығы. Темір жол станция Облыс орталығы – Петропавловск қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 320 км жерде, Шат өзенінің сол жағасында орналасқан.
Ішкі қабаты – қиғаш, ортаңғысы – сақина тәрізді, ал сыртқысы – ұзыннан орналасқан. Асқазанның қатпарлы кілегейлі (шырышты) қабықшасында өте көп ұсақ бездер бар. Бұл бездерден қарын сөлі бөлінеді. Асқазанның өңешпен және ұлтабармен (он екі елі ішек) байланысқан жерінде сақина тәрізді бұлшықеттер болады.



Аш ішек – асқазан мен тоқ ішекті жалғастыратын түтік пішінді бұлшықетті мүше. Оның ұзындығы ересек адамдарда 5,5–6 метрдей. Аш ішектің асқазаннан басталған 25–30 сантиметрдей бөлімі – ұлтабар (он екі елі ішек) деп аталады. Ұлтабарға бауырдан келетін өт қабының өзегі және ұйқы безінің де өзегі ашылады (77-сурет).
Ұлтабар- күйіс қайыратын малдардың қарнының бір бөлігі. Ол құрылысы мен қызметі жағынан күйіс қайырмайтын малдың қарнына ұқсас. Ұлтабардың кілегей қабығы құрамында ферменттер мен тұз қышқылы сөл түзетін арнаулы клетчаткалар болады.

Аш ішек ирелеңдеп орналасқан. Оның ішкі қабырғасында көптеген сақина пішінді қатпарлар бар. Сонымен бірге аш ішектің кілегейлі қабықшасында тұйық өскін түріндегі бүрлер өте көп. Мұндай бүрлер тек аш ішекке ғана тән. Бұл бүрлер ішектің ішкі сіңіру бетін ұлғайтады. Аш ішектің бұлшықет қабықшасындағы ішкі бұлшықет талшықтары сақина тәрізді, сыртқысы ұзына бойы орналасқан. Аш ішек қабырғасындағы бұлшықет талшықтары, оқтын-оқтын толқын тәрізді жиырылып-босаңсып тұрады. Осының нәтижесінде жеген тамақ ішектің ішімен алға қарай жылжып отырады.



Тоқ ішектің ұзындығы 1,5–2 метрдей (78-сурет), аш ішектен екі еседей жуан. Тоқ ішектің аш ішектен басталған жері – соқыр ішек деп аталады. Ол оң жақтағы мықын тұсында орналасқан. Соқыр ішектің төменгі шетінде ұзындығы 7–8 см-дей құрт пішінді тұйық өскін болады.
Соқырішек немесе Соқыр ішек (лат.: Caecum, Coecum немесе Cecum) - бұл аппендикстің, іштің оң жақ төменгі бөлігінде тоқ ішекке жанаса жалғаса біткен ұзындығы саусақтай қалташаның қабынуынан пайда болатын ауру.
Оны аппендикс (латынша «appendіx» – қосалқы) деп атайды. Ол лимфа жүйесіне жататын мүше.

Оның қабынуынан болатын ауру – соқырішек (аппендицит) деп аталады. Тоқ ішектің соңғы бөлімі – тік ішек. Тоқ ішектің сыртында май қабаты қалың болады, оның кілегейлі қабықшасында жарты ай пішінді ірі әрі жалпақ қатпарлар көптеп кездеседі. Тоқ ішекте су қайтадан денеге сіңіріледі де, нәжіс қалыптасады. Тоқ ішекте өте көп бактериялар (әсіресе ішек таяқшалары) болады, олар ағзаға пайдалы. Бұл бактериялар өсімдік жасунықтарын (клетчатка) ыдыратады, кейбір витаминдерді синтездейді.

Дәрумен - адам мен жануарлардың тіршілігіне, олардың ағзасындағы зат алмасудың бірқалыпты болуы үшін аз мөлшерде өте қажетті биологиялық активті органикалық қоспалар. Дәрумен (латынша vіta – тіршілік) туралы ілімнің негізін 1880 жылы орыс дәрігері Николай Лунин салды.
Бактериялар (гр. bakterion - «таяқша») - тек микроскопта ғана көрінетін аса ұсақ жасушалар және олар көптеген әр алуан аурулар туғызады бірақ көбінесе нейтралды қызметті атқарады.
Синтез (гр. ,synthesis құрастыру, тіркестіру) - Берілген қасиеттерін ескере отырып, бүтінді құру; Бүтіннің элементтері мен қасиеттерін талдай отырып, оның қасиеттерін анықтау; Тілдік құбылыстың құрамын өзара байланыста, тутас қалпында алып қарастыру.
Зиянды микробтардан қорғап, тамақтың дұрыс қорытылуын қамтамасыз етеді. Дәріні қалай болса солай пайдалану ішектегі пайдалы бактерияларға зиянды әсер етуі мүмкін. Сондықтан да дәрі-дәрмектерді (антибиотиктерді) тек дәрігердің кеңесі бойынша пайдалану керек.



Тістің құрылысы және гигиенасы Тістің құрылысы. Әрбір жеке тістің сауыты, мойны және түбірі болады. Тіс сауытының сырты жылтыр кіреукемен (эмаль) қапталған (79-сурет). Кіреуке адам денесіндегі ең қатты ұлпа. Оның бір шаршы миллиметр ауданы 400 килограмдай салмаққа төтеп береді. Кіреукенің бұл қасиеті, оның құрамындағы бейорганикалық заттарға тікелей байланысты. Тіс кіреукесінің 95% кальций фосфатының қосылысынан тұрады. Бұдан басқа оның құрамында фтор, мыс, мырыш, темір, кремний және т.б. заттар кездеседі. Тіс кіреукесінің қалыңдығы да түрліше болады. Тіс сауытының үстіңгі бұдырларында кіреуке едәуір қалың. Балалар тістерінің кіреукесінің құрамында минералдық заттар аз болғандықтан ол жұқа болады.
Миллиме́тр (милли… және метрден) - ұзындық өлшем бірлігі, метрдің 1/1000 бөлігіне тең. Белгілеу: қазақ «мм», халықаралық «mm».
Минералдық заттар - басқаша күлді элементтер деп аталады, себебі өнімді жандырған соң күл түрінде қалады. Күлді элементтер адам организмі үшін маңызды орын алады: ткань құрамына кіреді, зат алмасуға, ферменттерді, гормондарды, ас қорыту сөлін түзуге қатысады.
Тістің қызылиектен шығып тұрған бөлігі – тіс сауыты деп аталады. Тістің келесі бөлімі – мойны. Тіс мойны арқылы тіс ұяшықтарына цемент заты арқылы бекиді.  

Тістің үшінші бөлімі – түбірі. Тістің түбірі жақ сүйектеріндегі арнайы ұяшықтарда орналасқан. Күрек және сойдақ тістердің түбірі бір-бірден болса, азу тістердің түбірі екеу (кіші азу тістерде) немесе үшеу (үлкен азу тістерде). Тіс түбірінің ұшында кішкене тесік болады. Осы тесік арқылы тістің ішіне қантамырлары мен жүйкелер енеді. Тістің ішкі қуысы борпылдақ дәнекер ұлпасымен толтырылған. Тістің түбірлері дәнекер ұлпалы талшықтар арқылы тіс ұяшықтарына өте берік бекіген (79-сурет).

Тіске келетін қантамырлар оны қоректік заттармен қамтамасыз етеді. Тіс ауырғанда немесе тісті жұлғанда ауыратыны жүйкелердің сезімталдығына байланысты.

Тістің көп бөлігін дентин (латынша «dens» – тіс) заты құрайды. Дентин өте тығыз сүйек ұлпасынан түзілген. Оның құрамының 70% фосфаттардан, фтордан және кальций карбонаттарының қосылыстарынан тұрады.

Фосфаттар - минералдар класы - ортофосфорлы қышқыл (Н3РO4) тұздары.
Микробтардың әсерінен тістің дентин затының бұзылуынан болатын ауру тісжегі (кариес ) деп аталады (80, a-сурет).

Бүтін, әрі сау тістер адам денсаулығының басты кепілі. Ауырған тістерде ауру қоздырушы микробтар көптеп кездеседі. Тістің бүлінуі тіс кіреукесінің шытынауынан басталады. Тіс кіреукесінің шытынауы қатты заттарды (мысалы, жаңғақ) шағудан және т.б. жағдайлардан да болады. Кейде тым ыстық немесе өте салқын сусындарды бірінің артынан бірін ішу кіреукенің шытынауына әсер етеді.

Сусындар - ертеден сусындарды екі топқа бөлген: (алкогольсіз) салқындатқыш, сусынды қандырғыш немесе алкогольді. Ғылыми және аспаздық-тағамдық түрде құндылығы бірдей емес. Ең құндысы бауыр, ми, тіл, бүйрек, жүрек, сиыр желіні, сиыр етінің сүйекті құйрығы болып саналады.
Тіс кіреукесіндегі шытынаған жерлерге микробтар шоғырланып, тістің бүлінуі жалғаса береді. Ауру тістер адам ағзасындағы басқа мүшелерге (жүрекке, бүйрекке, буындарға және т.б.) де зардабын тигізеді. «Ауру ауыздан кіреді» деген сөзде терең мағына бар. «Тіс бүлінді дегенше, іш бүлінді. Іш бүлінді дегенше, іс бүлінді» деген сөздер тістің ауруының ішкі мүшелерге әсерін дәл көрсетіп тұр.

Ауыз қуысына түскен тағам алдымен тістердің көмегі арқылы шайналып ұсақталады да, сілекеймен араласады. Ауызда толық шайналған, әрі сілекеймен шыланған тағам ағзада жеңіл қорытылып, тез сіңеді. Көрнекті ақын Мұзафар Әлімбаевтың «апыл-ғұпыл ішкен ас, асқазанға түскен тас» деген нақылынан өздерің қорытынды шығарыңдар.

Мұзафар Әлімбаев (29 қазан, 1923 жыл, Павлодар облысы, Шарбақты ауданы, Маралды атырабы) - Қазақстанның халық жазушысы, мемлекеттік сыйлығының лауреаты, қазақ әдебиетінде соғыс сұрапылын бастан кешіп келген қаламгер шоғырының бірі.

Адамның да тістері басқа сүтқоректі жануарларға ұқсас жеке топтарға бөлінген. Тістер күрек, сойдақ, кіші және үлкен азу тістер деп бөлінеді (81-сурет).

Ересек адамдарда 28–32 тұрақты тіс болады. Олар үстіңгі және астыңғы жақ сүйектеріндегі арнайы тіс ұяшықтарында орналасқан. Әрбір жақ сүйектерінде 16 тіс бар. Тістердің пішіні де әр түрлі. Жақ сүйектерінің алдыңғы жағында орналасқан жалпақ тістерді күрек тістер деп атайды. Кейде оларды халық арасында маңдай тістер немесе қасқа тістер деп те атай береді. Жалпы күрек тістердің саны 8. Күрек тістердің екі шетіндегі пішіні үшкірлеу келген сойдақ тістер. Олардың саны 4. Адам күрек және сойдақ тістері арқылы тағамды жұлып алып жейді. Бұл тістерден кейін кіші азу тістер орналасқан. Олардың саны 8. Кіші азу тістерден кейін үлкен азу тістер бар. Олардың саны 12. Азу тістердің үстіңгі беті кедір-бұдырлы болады. Азу тістердің көмегімен тағамды ұсақтап шайнайды.

Сәби дүниеге тіссіз келеді. Сәбидің 6–9 айлығында алғаш рет күрек тістер шыға бастайды. Сәбиде 2 жасқа дейін барлығы 20 тіс шығады. Бұл тістер сүт тістер деп аталады. 6–7 жастан бастап сүт тістер түсіп, орнына тұрақты тістер шығады. «Баланың жетіде тісі түседі» деген нақыл соны аңғартады. Өйткені балалардың жақ сүйектерінің мөлшері мен пішіні ересек адамдардан өзгеше болады. Тұрақты тістердің бастапқы нышаны сүт тістердің түбірінің астында орналасқан. Олар бірте-бірте сүт тістерін ығыстыра бастайды да, сүт тістеріне қоректің келуіне кедергі жасайды. Қорек келмеген сүт тістер бірте-бірте түседі, оның орнына астыңғы жағынан тұрақты тістер шығады. 12–14 жаста толық тұрақты тістер шығып бітеді. Ең соңғы үлкен азу тістер 18–20 (одан да кешірек) жаста шығады. Оларды кеш шығатындықтан «ақыл тістер» деп атайды. Шын мәнінде олардың ақылға ешбір қатысы болмайды.

1   2   3   4   5   6   7

  • Әдебиеттер: [ 1-9] Мультимедиялық құралдар тізімі
  • 3 Тақырып
  • Сілекей
  • Асқорыту мүшелеріне
  • Тістің құрылысы және гигиенасы Тістің құрылысы.

  • жүктеу 0.97 Mb.